Еларна қолфон нұсқасына ену

Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-10-161489390735 %65 %
2019-10-171587416432 %68 %
2019-10-1813845731 %69 %



Түрі: Ел-арна газеті, бұл арадан барлық мақалаларын оқисыз

Жолданған уақыты: 16:51 - 2019/01/31

Қосымша қайнары:http://www.elarna.net/oku_kk.php?tur=11&id=2318
Тоте жазу нұсқасы:http://www.elarna.net/oku.php?tur=11&id=2318

توتە جازۋ نۇسقاسى:http://www.elarna.net/oku.php?tur=11&id=2318

Мақала жолдаушы: Tabyldy
Мақала апторы: Табылды
Аптордың мекен-жайі: Астана

: PDF Download - Жұктеұ - Скачать - ءتۇسىرۋ


Акуті бар бекітілген жобадағы «I», «ı» тәңбәләрімен «й» дыбысын, «I», «i» тәңбәләрімен «і» дыбысын белгілеу өрескел қәтелік. Кейбіреулер «й» дыбысы сөз басында келмейді, жалқы есімде кездесетін Ислам сөзін Iıslam деп жазамыз деп дәлелдеген шығар. Соңғы жылдары тақырыптың басын, қысқартуларды, немесе СӨЗ ТІРКЕСТЕРІН ЕРЕКШЕЛЕУ МАҚСАТЫНДА БАРЛЫҚ ӘРІПТЕРДІ БАС ӘРІППЕН ЖАЗУ БЕЛЕҢ АЛЫП КЕЛЕДІ.
Екі дыбысты бір «I» әрпімен белгілеу біреуінің сөзсіз жойылуына себепкер болады. Ол әрине қазақтың «i» дыбысы ертең-ақ «й» болып шыға келері сөзсіз. Сөйтіп арамыздағы шала қазақтардың құдай беріп бәріміз татарша бир, еки деп сөйлейтін боламыз.
Бастапқы жобада болған «İ», «i» тәңбәләрімен «і» дыбысын белгілеуге оралар болсақ «Бұл пайдаға асар ма еді?»б- деген сұраққа жауап іздеп көрмекшімін.
Негізгі латиницада жоқ, бірәқ жалпы латын тобында бар және біздің әкутті жобаға кіретін екі таңбаны: «ı», «İ» алып регистрін өзгертейік, яғни кіші әріпті бас әріп етіп, бас әріпті кіші етіп көрейік. Ол үшін Word 2007 редәктөрнінән бастап «Главная» парақшасындағы «Регистрі» түймесін бассаңыз, немесе одан ежелгі редәктөрләрдә «Формат», «Регистрі» бұйрығын орындасаңыз құрамы бірдей бұйрықтардан құралған терезе ашылады. Керекті бұйрық «иЗМЕНИТЬ РЕГИСТР».


Тамаша! «I», «i» бізге керекті екі әріп шықты! Несін аяймыз шыққан нәтиженің регистрін өзгертсек, онда қайтадан «ı», «İ» шығуы керек қой. Көрейік. Алыңған нәтижені ерекшелеп тағы да «иЗМЕНИТЬ РЕГИСТР» бұйрығын өріндәйміз.
Мәссәғән! «i», «I» болып шықты. Енді оны өзгертсек «I», «i».
Сыйқыр болды. Бұлар кәдімгі латын тобындағы «Ай» әріпі болып шықты. Жобада бар екі әріптің орнына жобада жоқ басқа әріп алдық.
Сөз басында тұрған әріптің, немесе «Автөзәменә» тізімінде тұрған сөздің регистрін офистағы редәктөр, мысалға Word, автоматты түрде түрде өзгертеді. Кей жағдайда қолданушының өзі де байқамаусызда өзгертіп алуы мүмкін. Бір қарасаң қаншама сөз қәте болып шығады. Мысалға «aına» сөзі қәте жазылған және қазақша оқылуы қиын «aіna» сөзіне айналады.
Бұл жобаны қалдырсақ осы сияқты айнымалы сөздер көбеетін болады.
Әрине бұл екі әріпті өз тарапымыздан өз кестемізге қосуымызға болады, дрәйвер жазып оларды енгізу мен регистрін өзгерту мәселесін де шешуге болады. Бірәқ бұл жағдайда латын қәрпіне өткен кезде келетін көптеген кеңшіліктерден, келейін деп тұрған артықшылықтардан айырылып, бұрынғы кириллицәдәғі күнімізге қайта барамыз.
Біздің деректі басқа көмпүйтерден оқу үшін ішінде жоғарыда көрсетілген әріптер қосып жасаған кестені оған орнату керек болады. Әйтпесе ол әріптердің орны үңірейіп бос тұрады, немесе басқа бір елдің таңбасы көрініп, ондай мәтін үшін бетіміз қызаратын болады. Яғни, баяғы таз қалпымыз ға қайта түсеміз!
Ләтіншә «I», «i» таңбасынан бас тартуға тура келеді. Өйткені оның бас әрпі бір дыбысты, ал кіші әрпі екінші дыбысты береді. Өзіміз бір таңбасынан бас тартқан латын грәфикәсінә біз қалайша көшпекшіміз! Үштілділік қағидасына сәйкес Ағылшынша оқып жатқан балаларымызға бұл қандай салмақ бөләді?
Акуті бар жобадағы «Ǵ» мен «ǵ» әріптерінің де дені дұрыс емес. Оны тексеру үшін жобадағы барлық әкуті бар таңбалардан құралған «úóáǵýń», «ÚÓÁǴÝŃ» тізбектерінің регистрін өзгертсек мынадай нәтиже аламыз: «ÚÓÁǵÝŃ», «úóáǴýń». Кодтық кестеде қатар түрғәнмен Ǵǵ таңбалары регистрін өзгерту бұйрығына бағынбайды. Яғни қабылданса қиындық туғызады.
Акут таңбасы ноқат болып есептеледі. Жазған кезде бұл таңбалар түсіп қалуы немесе қисық түсіп ὀὁóὸ көдтәрі әртүрлі басқа таңбаларға ұқсауы мүмкін.
Акут таңбасы орыс тілінде айрықша міндет атқаратын дыбысталу екпінін білдіретін таңба. Ол қәзір қолданыста жүрген оқулықтарда да, күнде шығып жатқан гәзет журналдарда да көптеп кездеседі. Үштілділікті меңгеруді мақсат етіп отырған еліміздің саясатына сәйкес балаларымыз әлі де орыс тілін жетік меңгереді. Сондықтан бұндай ноқаты бар әріптерді балаларымыз айрықша екпіндете оқып, бара-бара қазақтың сөйлеу мәдениеті бұзылу қәупі де бар.
Акут таңбасы физикә, мехәникә және мәтемәтикә салаларында уақыттық емес әргумент бойынша туынды деген ұғымды белгілейтін тәңбә.
Сөнімен қатар ағылшын тілінде «у» таңбасы дауыссыз «й» дыбысын белгілейтін таңба. Жобада ол дауысты «ы» дыбысын белгілейді.
«Ш» дыбысы үшін дигрәф қолданылып, қазақтың «Бір дыбысқа бір әріп сәйкес» заңдылығы бұзылып тұр.
«Қ» дыбысын белгілеуге «Q» таңбасын қолдану уақыт өте келе «kz» және «kaz» көнтенттерін «qz» және «qaz» тіркестеріне алмастыруға әкеліп соғуы мүмкін. Оның құны қазнаға кем дегенде миллиард доллар шығын әкеледі.
Бәсіндә мен «Бұл жобаға кіретін әріптер дүние жүзілік қолданыста бар таңбалар тізімінде бар» деген тұспал айтқан болатынмын. Бүгін сол сөзімнен бас тартамын. Өйткені жобаға кірген 3 таңбаның түзетілмейтін қәтеліктері бар. Сондықтан әкуті бар жобадан бас тартатын уақыт жетті, ағайын!
Бәріңізді ешқәндәй қәтесі жоқ, латынша таңбаларға кәрел «^» таңбасын қою арқылы алынған таңбалары физикә-мәтемәтикә ұғымдарына қайшы келмейтін, бір дыбысқа бір әріп қағидасына сәйкес жасалған, әріптері дүние жүзілік қолданыста бар, шет елдің кез-келген көмпүйтерінде де, ғаламтор желісінде де қиындықсыз ашыла беретін әріптері бар, қай жағынан да тиімді менің жобамды қолдауға шақырамын!
Ұсынылып отырған латын грәфикәсі көрсетілген қәтеліктерден таза, ғаламторда әбден талқыланған және көптеген қолданушылардың ұсыныстары арқасында пайда болған жоба. Сондықтан Қазақстан Республикәсі Президентінің 2017 жылғы 19 ақпандағы №637 жәрліқпен бекітілген латын грәфикәсінә негізделген қазақ тілі әліпбиін осы жоба негізінде дамыту өзектілігі жоғары, кезек күттірмейтін шаруа деп есептеймін.


Бұл жобада:
1. Латын әріптерінің оқылуы еврөпә елдерінің сөздеріндегі дыбыстарға барынша ұқсас;
2. Барлық әріптер дүние жүзі қолданып жүрген әріптер мен таңбалар кестесінде «Латиница» тобына кіретін әріптер;
3. Латын жазуы мәтемәтикә таңбаларын жазатын жазу. Сондықтан латын әріпінің үстіне қойылатын таңба ретінде туынды ұғымына қарсы келмеуі үшін нүктені, ал вектөр ұғымына қарсы келмеуі үшін түзу сызықты, доға ұғымына қарсы келмеуі үшін ойыс қисықты қолдануға болмайды. Жобада қосымша әріптер ретінде төбесіне дөңес сызықша - циркумфлекс (жеке қолданғанда «кәрет»,- деп аталады) таңбасы қойылған әріптер алынды;
4. Дауысты «ы» дыбысы латынша дауыстыны белгілейтін «і», ал дауысты «ұ» дыбысы - «u», дауыссыз «й» дыбысы латынша дауыссызды белгілейтін «y» тәңбәсімен, ал дауыссыз «у» дыбысы - «w» тәңбәсімен белгіленді. Ал жіңішке дауыстылардың бәрі сәйкес жуан дауыстылардың үстіне циркумфлекс қою арқылы белгіленді: «Â», «Î», «Ô», «Û», «â», «î», «ô», «û»; 5 «Ŝ», «ŝ» таңбалары «ш» дыбысын алмастырды; 6. 30-шы жылдардағы қазақ жазуында «ŋ» таңбасы «ң» дыбысын алмастырған; 7. Көп жағдайларда «C», «c» әріптері «к» болып оқылады, демек «қ» дыбысын «K», «k» арқылы белгілеуге мүмкіндік туады. Сөйтсек қазақ елінің брендіне айналған kz, kaz сөздерін сол қалпында сақтауға мүмкіндік туады. 8. «Q», «q» арқылы «ғ», «H», «h» арқылы «һ», «Х», «х» арқылы «х» таңбаланды; 9. «f» таңбасы «ф» дыбысын, ал «v» - «в» дыбысын береді. Олар басқа тілден енген сөздерде және аты жөнімізді жазу үшін қолданылып жүр, әйтсе де ол сөздер өз тіліміздің барлық заңдылығына сәйкес икемделуі керек, мысалы: Пәридә, Бәтимә, Балтабайып, Қайыпып, Омарыба, Ыйбанып, Петрөбә, т.с.; 10. «И», «я», «ю» әріптері жобаға кірмеді. Бұл жобаны енгізу барысында соңғы 50 жылда жасалған қазақ емлесіне қайшы келіп жүрген қәтеліктер түзетілуі тиіс. Мысалы «сою» сөзі оның түбірінен таратылып «сой» + «ыу» = «сойыу» болып өзгертіліп «soyіw» болып аударылуы керек. Сол сияқты «суса», «сиыр», «мая», «ою» сөздері сәйкесінше «suwsa», «sіyіr», «maya», «oyіw» болып аударылуы керек. 11. Тілімізге жат дыбыстарды білдіретін әріптер («ц», «щ», «ъ», «э», «ч», «ь») қатысқан басқа тілден келген терминдер өз тіліміздің барлық заңдылығына сәйкес икемделіп алынып аударылуы керек.

Т.ғ.к., прөгрәммәләуші Т.Кәюпөв
كەلۋ قاينارى: http://www.elarna.net/oku_kk.php?tur=11&id=2318

Пікірлер:


Жазған лебізіңіз 300 еріптен аспасын!
tomendegi katekshege 99 dep jazingiz.
98 + 1 = ? sozsiz sifermen tolteringiz, aytpese pikir jaza almaymiz.

Көрші сілтемелер