Түрі: Ел-арна газеті, бұл арадан барлық мақалаларын оқисыз
Жолданған уақыты: 08:30 - 2013/04/02
Қосымша қайнары:http://www.elarna.net/oku_kk.php?tur=11&id=21
Тоте жазу нұсқасы:http://www.elarna.net/oku.php?tur=11&id=21توتە جازۋ نۇسقاسى:http://www.elarna.net/oku.php?tur=11&id=21

Мақала жолдаушы: Едисөн
Мақала апторы: Дүйсенәлі шәмек
Аптордың мекен-жайі: Нылқы ауданы
: PDF Download - Жұктеұ - Скачать - ءتۇسىرۋ
Бұл қаланың таңы мұңлы атады
желтөқсәннің желі сұйып бетімді ,
қай жақтарға бұрсам деимін көшімді .
маған құшақ ашпайды -ғой бұл қала ,
өгеи әке секілді .
аспаны да , жұлдызы да тым нарау ,
маған тиіттеи қуанышын қимады -ау .
мәхәмбеттен қалған сарқыт бұл ақын ,
бір қаланың құшағына симады -ау .
айтар созым көп қой менің ертеңге ,
оны кімге дәт қыламын кемсеңдеп ...
адамдығым жетелесе бұйдалап ,
сараңдығын істетеді кеи пенде .
бұл қаланың таңы мұңлы атады ,
бұл қаланың кеші мұңлы батады .
масылдарын құшағына сымырып ,
ақындарын сыртқа теуіп жатады .
қайғысызы қара суға семірген ,
көкірегін «шайтан» рух кемірген .
« бұл қаланы қарғыс атқан тегіннен ,»
ақиқаты жер астына көмілген .
ақиқатты аңсаушы едім үйткені ,
осы ме еді бұл жанымның күткені .
тілін ашып мазақтайды жолықса ,
қайыршыдан қарыны тоқ иіттері .
көп бөлғәнмен көзді арбаған сұлулар ,
зәндемі олар тар көшеге тығылған .
мұнда ешкім дәрпітемес шындықты ,
адамдары құлақтарын жымырған .
панасызға пана болған бақ іші ,
қара тұны құмарланған қан ішіп ...
жүрегімнен мүлдем өшкен бұл қала ,
естілмеиді азанның да дауысы .
аспаны да , жұлдызы да тым нарау ,
маған тиіттеи қуанышын қимады -ау .
мағжандардан қалған сарқыт бұл ақын ,
бір қаланың құшағына симады -ау .
үркітпеші
сезесің бе сезесің бе сырғалым ,
озың жәйлі қәсіретім тым қалың .
сенің мұңлы тағдырыңның мақамын ,
сары жапырақ сыбдырынан тыңдадым .
хош айтысып кеткеніммен жылыстап ,
өткен күнді жүрек қалай ұмытпақ .
сен болған соң жетер бәрі , бұл өмір
маған бақыт бермеседе уыстап .
сен жәйіндә сырын айытты күрең күз ,
күрең күзде сен де мен де жүдеуміз .
о тәйір -ай мынау шәркез тірлікте ,
қайтып енді сүркеи ғұмыр сүрерміз ??
пенделердің бәрі жалғыз о баста -ақ ,
қәйтем оны саған айтып сараптап .
сен деп соққан мынау ғазиз жүрегім ,
гүл кеудеңе ұя сапты қонақтап .
нендеи ем бар көңілдегі іркітке ,
білмедім-ғой түсініспеи жүрдік пе ??
жүрегімді қонақтаған кеудеңе
өтінемін үркітпеші , үркітпе .
алматыны аңсау
о , алматы
сағынамын көрмесемде
дубайды тырнағыңа теңдесем бе ??
көшеңдегі сергелдеңің болсам меилі
ақын деген маған атақ бермесеңде
сенде өссем ұлылыққа төселер ме ем ??
қыялым құс боп ұшып кете берген .
түсімде ылғи аяңдап бара жаратам
мұқағали , қадыр жүрген көшелермен .
о , алматы
әкем де шешем де сен ,
кешірме онда қыз қуып секеңдесем .
мендік жүрек келсімін бере алмайды ,
басқа қала сеннен сұлу екен десе .
сені алматы сағынам көрмесемде ,
ізгілікке іңкәрміз мен де сен де .
еркіндіктің гүлзәрі-саған барып ,
қәсіретін жүректің емдетем бе ??
ескі жырын бабамның оқып алып ,
намысымды қәйрәумен отырамын .
жүрегімнің мекені о , алматы
маған қымбат бір уыс топырағың .
жүректегі қуаныш та мұң да сен
гүл көктем де , сары жапырақ күз де сен ,
қара бояу қымтап алған тұн де сен .
сараң тағдыр сараңдығын қылмаса ,
саған бұлай жыр әрнәумен жүрмес ем .
жәйдәрлі жаз , қаһары мол қыс та сен ,
ақ қанатты перштелі құс та сен .
сен қоштасып кетпегенде мен бәлкім ,
махаббаттың мәңгүртігін ұқпас ем .
көгімде күн, түнімдегі ай да сен ,
баяу атқан шұғылалы таң да сен .
сен ғашық қып мені жаулап алмасаң ,
ғашықтыққа ат ызымды салмас ем .
көкеидегі әнім де сен жырда сен ,
жүректегі қуаныш та мұң да сен .
сенің көзің өртемесе жанымды ,
ақындықтың ауыр жолын қумас ем .
жолдар екі айырық немесе айманға
айман қыз ,
сергелдеңге аямастан салған қыз
сен екеуміз мәңгілікке ,
хош айтысқан жандармыз.
тағдырда да есебінен жаңылып,
біздер қалдық сан ұрып.
абайсызда адастырып кетті ғой ,
жолдар екі айырық.
келбетіне көзім тоймай даланың,
жаутаң-жаутаң жанарым.
айырық жол адастырған аққуым ,
сені қайдан табамын?.
кеудемдегі сағынышым симаған,
мазамды алып қыинаған.
не өзіңнен әкелмеді бір хабар ,
туған жерге қайта оралған тырналар .
дұрыс осы ғашықтықтың тілі жоқ ,
бірәқ таза сезімдерге ұры көп .
сен екеуміз кеттік пе әлде білмеимін ,
екі арманының құлақ кесті құлы боп.
жапырағын жоғалтқан соң мұнар күз,
бізде оған мұң қосысып жылармыз .
екі айырық жолдар қосылған шақта
сен екеуміз қосылатын шығармыз.
айман қыз
كەلۋ قاينارى: http://www.elarna.net/oku_kk.php?tur=11&id=21