Еларна қолфон нұсқасына ену

Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-08-16532315249 %51 %
2019-08-17559439538 %62 %
2019-08-18392204343 %57 %



Түрі: Ел-арна газеті, бұл арадан барлық мақалаларын оқисыз

Жолданған уақыты: 10:10 - 2016/12/08

Қосымша қайнары:http://www.elarna.net/oku_kk.php?tur=11&id=1682
Тоте жазу нұсқасы:http://www.elarna.net/oku.php?tur=11&id=1682

توتە جازۋ نۇسقاسى:http://www.elarna.net/oku.php?tur=11&id=1682

Мақала жолдаушы: Жұмаш Кенебәй
Мақала апторы: Жұмаш кенебәй
Аптордың мекен-жайі: Алматы

: PDF Download - Жұктеұ - Скачать - ءتۇسىرۋ


08.12.2016 жыл,
Бейсенбі:

Жұмаш Көкбөрі



МЕНІҢШЕ, ОЛ ТАҢ АТАДЫ!..



Қайырлы таң, Қазақ Елі!
Қайырлы таң, бауырлар!
Аман ба екен, қауым бар!
Аман ба екен ауыл бар?..



Сұрамай, қалай шыдайын,
Өзімді солай сынайын...
Ағарып атар әр таңнан
Қазақ жайын сұрайын!



Орта да көңіл толса екен,
Қабаққа шаттық қонса екен?
Ұлтымның тіктер еңсесін,
Бір жақсылық болса екен!



Бояуын ашып қырқаның,
Көктеп те шықсын гүл тамыр!
Тексіздерден бір құтылған,
Ағарып атсын, бір таңым!


Меніңше, ол таң атады!
Қараудың күні батады!
Қазағым бір күн осылай
Бақыттың дәмін татады!



Ұрылар тұтас сорлайды,
Тексіздер тұтас сорлайды!
Осынау Ұлы Даламда,
Әділет заман орнайды!



Тәңірден медет сұрайық!
Ол күнге Ұлтым, ылайық!
Сол күнге халқым, қәзірден
Сақадай сай боп тұрайық!..




Жұмаш Көкбөрі,
08.12.2016 жыл.


АҚ ТІЛЕКПЕН КҮН КЕШКЕН...




Оңнан туар айының
Сәтін жірмен берсем деп,
Бұл Қазақтың жайының
Оңалғанын көрсем деп,



Жүрек, неге бұлқындың,
Жылаған кім кемсеңдеп?..
Қуанышын Ұлтымның
Өз көзіммен көрсем деп,


Ұмытылып азап күн,
Мен барымды берсем деп,
Ырысының Қазақтың
Оралғанын көрсем деп,



Астында Ұлтым бір тудың,
Күлімдеген күн болсын!
Ұлы Тойын Ұлтымның
Бірге тойлар күн болсын!



Әр тілекшім, досым бай,
Тек Ұлтіммен жылындым!
Ақ тілекпен осындай,
Өмір кешкен бір ұлмын...




Жұмаш Кенебәй,
19.12.2016 жыл.


«Сөйтіп, 65 жасқа келгенде ұлды болдым...» (Көпен Әмірбек) !
немесе
«ЗАМАНЫ БІР ЖАНДАРДЫҢ ДОСТЫҚ ӘЗІЛІ» десе де болғандай...


Qazaquni.kz сайтында жарияланған қуанышты хабардың авторы белгілі сықақшы, менің замандасым Көпен Әмірбектің жас иістен: «Сөйтіп, 65 жасқа келгенде ұлды болдым...»-деп ( ұлының бауы берік болсын айта отырып дегендей...) жалпақ әлемге жар салғандай болғаны, басқаны қайдам, маған бір түрлі сияқты көрінгені рас...


Оның үстіне, «Сексенбәй», «Тоқсанбай» деп балаларына ат қойып жүрген біздің арғы ұлы бабаларымыздың қасында біздің Көпен әлі бесіктен белі шықпаған дегендей, «жас жігіт» көрінеді емес пе?


Бір жағынан менің бұл жазғандарымды былайғы тілекшіл қалың жұртшылықтың «заманы бір жандардың достық әзілі» деп те қабылдағандары жөн шығар...


Жұмаш Көкбөрі,
08.12.2016 ыл.


Жұмаш Кенебәй



АЙДАЙ АҚИҚАТ!


Жалпы, ақыл-есі дұрыс, ойлау қәбілетінде титімдей де кінәрәт жоқ кез келген адам – шексіз өзімшіл болып келеді. Ол ең бірінші, «менікі дұрыс» деп санайды, екінші, онысын адамнан жәсірғәнімен құдайдан жасыра алмайтынын, сол сәтінде-ақ ол жадынан шығарып жібереді. Қандай жанның да көбіне «ақылы» артынан кіріп жатады.
Ал, туған ұлтына, халқына қалтқысыз қізмет ету – тағы да кез келген қатардағы пенденің маңдайына жазыла бермейтіні - айдай ақиқат!..



Жұмаш Кенебәй,
08.12.2016 жыл.


КӨЗБОЯУШЫЛЫҚ – ЖАҚСЫ ЕМЕС!..


Көңілдеріне келсе де айтайын, фөнөгрәммәмен өтірік ән салған болатын барлық әнші атаулыны - өз басым мойындамаймын және олардың бұл қылығын ұлтымызды алдап мазақ ету деп санаймын.

Ондай «өтірік» әншілерге мемлекеттік деңгейде және пәрләмент қабылдаған заң арқылы қатаң тыйым салатын уақыт жетті!

Қазақтың халық көмпөзитөрләрінің, кейінгі аса дарынды көмпөзитөрләріміздің халық сүйетін әрі аса жоғары бағалайтын баға жетпес әндері мен шығармаларын домбырада, басқа да шертпе аспаптарында айтатын әрі орындайтын қазақ әншілерін – нағыз ұлт әншілері қатарына жатқызамын. Бұл әншілерде ешқәндәй көзбөяушіліқ, жұртты алдау деген болмайды.


Жұмаш Кенебәй,
08.12.2016 жыл.
كەلۋ قاينارى: http://www.elarna.net/oku_kk.php?tur=11&id=1682

Пікірлер:


Жазған лебізіңіз 300 еріптен аспасын!
tomendegi katekshege 99 dep jazingiz.
98 + 1 = ? sozsiz sifermen tolteringiz, aytpese pikir jaza almaymiz.

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар


ҚР Президенті қазақстан 5 min
Иран мұнай кемесі енді 11 min
«Ливерпуль» өзінің 5 жы 21 min
Осы араны басып көріңіз 1 sagt
Ақтоты Райымқұлова қаза 1 sagt
Осы араны басып көріңіз 1 sagt
Ирақ қорғаныс министрлі 1 sagt
Қызылордада ғасырдан ас 1 sagt
Досжан Хазірет жайлы не 1 sagt
Өскеменде триатлоннан Қ 1 sagt
Шинжяң хабарлары 1 sagt
Шинжяң хабарлары халық 1 sagt
Мамандар: а қ ш-ның жүң 1 sagt
Осы араны басып көріңіз 1 sagt
Қазақ күресі: Азия чемп 1 sagt
Осы араны басып көріңіз 1 sagt
Африкада арыстандар аза 1 sagt
Қазақ күресі: Азия чемп 1 sagt
Даккада өрттен 50 мыңда 2 sagt
Еліміздің бірнеше өңірі 2 sagt
Пәкістәндәғі ٴбыр мешіт 2 sagt
Осы араны басып көріңіз 2 sagt
Елордада ауа райына бай 2 sagt
Шинжяң хабарлары екі ес 2 sagt
Африкада арыстандар күр 2 sagt
Еліміздің бірнеше өңірі 2 sagt
Путин қысылтаяң жағдайд 2 sagt
Қазақстандық оқушы АҚШ 2 sagt
Сайрамда саяхаттау-әғәж 2 sagt
Ауғанстанда жол жиегінд 3 sagt