Еларна қолфон нұсқасына ену

Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-11-101398437443 %57 %
2019-11-111849557649 %51 %
2019-11-12622160141 %59 %



Түрі: Ел-арна газеті, бұл арадан барлық мақалаларын оқисыз

Жолданған уақыты: 07:57 - 2015/07/14

Қосымша қайнары:http://www.elarna.net/oku_kk.php?tur=11&id=920
Тоте жазу нұсқасы:http://www.elarna.net/oku.php?tur=11&id=920

توتە جازۋ نۇسقاسى:http://www.elarna.net/oku.php?tur=11&id=920

Мақала жолдаушы: Jolawshy
Мақала апторы: Жұмаш Көкбөрі
Аптордың мекен-жайі: Қазақстан Алматы қаласы

: PDF Download - Жұктеұ - Скачать - ءتۇسىرۋ


Жұмаш КӨКБӨРІ

ТӘУЕЛСІЗДІК ТОЛҒАУЛАРЫ
1. Төл атынан айрылған Қазақ туралы
(Бірінші әңгіме)

Қазақтың өзінің төл атынан айрылғаны бір сәрі ғой. Ал оның Қазақ әтімен қоса мемлекетінің атауынан да жұрдай болып тоналғаны - рас болса ше?
Және ай мен күннің аманында, егер соның өзін алғанымыз рас болса, мына тәуелсіздік заманында қасақана атынан айрылып, жер сипап қалған ұлт және мемлекет - мына біз болсақ ше?
Елімізді соңғы жетпіс жылдан астам уақыт езгісінің астында ұстаған кеңестік-тоталитарлық жүйенің бодандық қамытын киген тұсымызда біздің – «Қазақ ССР-і» деген мемлекет болғанымыз естеріңізде шығар?..
Мемлекетіміздің Қазақ атынан қалай айрылып қалғанымыз естеріңізде болар. Ол туралы екінші әңгімеде жеке тоқталамыз.
Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінде өткен сол Мұрат Әуезөв бастамашыл болған дәл осы оқиғадан бастап, біздің Қазақтың басынан бағы тая бастады.
Ең әлдімен барлық мемлекеттік ресми құжаттар қазақ және орыс тілдерінде жүргізілетін болды. Мемлекет басшысы екі тілде: қазақша, орысша сөйлейтін жағымпаздық әдет тапты. Ол өнісімен қоймай «біз көп ұлтты елміз, бізде 140 ұлттың өкілі тұрады» деп соқты. Сол тұста тіпті, 14 миллионға да жетпейтін ел халқынан оның 140 ұлтты қалай жасап алғанын ешкім де сезбей қалды.
Қазақ оларға отар болған кезден бастап, шәмәмен үш жүз жылдай, Қазақты орыстар - «Казах» деп айтып және солай жазып келеді. Ұзақ жылға созылған сол бодандықта, орыстардың бізді әлгіндей «кәзәх» деп айтқанына, қойдан жуас қазақтардың еті де үйреніп кеткен сияқты еді.
Бүгінде, атап айтқанда, «Тәуелсіз мемлекет болдық!» деп жүрген кезімізде, барлық ағылшын тіліндегі халықаралық мемлекеттік құжаттарда, қатынас қағаздарында, еліміз ішіндегі әвтөкөліктердегі, халықаралық әуе, авто, және теміржөл көліктері билеттеріндегі жазулар, тіпті, ағылшын тіліндегі жағарафиялық және саяси, физикәліқ, геөдезияліқ кәртәләрдә, Қазақстан азаматтарының төл құжаттарында, т.б. қатынас қағаздарында ұлтымыздың және мемлекетіміздің аты мен атауы- тура орысшадағыдай: «kazakh», «Kazakhstan» - деп байдырайтып тұрып жазылып, ауыз-екі сөздерде де дәл сол орысшадағыдай айтылып жүргеніне, міне, табаны күректей жиырма жылдың жүзі болыпты.
Рас, бүгінде латын жазуынсыз өмір жоқ. Латын қәріптерінің ғылымның дамуындағы прөгрестік қізметін де жоққа шығара алмаймыз. Басқасын айтпағанның өзінде, бүгінгі таңда түріктілдес мемлекеттердің дені осы латын қәрпімен жазады. Жиырма жылдан асса да орыс бодандығынан құтыла алмай, солардың кирилл жазуын тастамай келе жатқан жалғыз ұлт - біз қазақтар ғана екеніміз қандай аянышты еді десеңізші!
...Латын жазуына көшіп жатсақ, біз неге екінші дүниежүзілік соғысқа дейін Қазақстанда қолданылған және күні бүгінге дейін шетелдегі қандастарымыз пайдаланып жүрген латын жазуының заңдылықтарын сақтай отырып, «qazaq», «Qazaqstan» деп қасақана жазбай, орыс тілінің заңдылықтарына сәйкес «кәзәх», «Казахстан» деп, өзімізді өзіміздің қалай қорлап жүргенімізге таңмын. Осындайларды күнде көзімізбен көріп жүріп, «апыр-ау, біз не деген намыстан жұрдай болып тоналған сорлы ұлт едік десеңші!»- деген ойға еріксіз қалады екенсің...
Күл-білтелемей, ашығын, анығын айтатын болсақ, халықаралық дәрежеде бүгін біз өзіміздің «қазақ» (qazaq) екенімізді дәлелдей алмайтын күйге жетіп отырмыз, қойдан жуас момын ұлтым!
Бір сұмдығы сол, біз енді өзіміздің «кәзәх» емес, «қазақ» екенімізді дәлелдей алмайтын пұшайман қәлге жетіп отырғанымыз, неткен өкінішті еді десеңші! Өйткені қазақ ұлты мен оның мемлекетінің атауы - барлық ресми құжаттарда қасақана дәл жоғарыдағы біз көрсеткендей жағдайда заңдастырылып, жазылып кеткен. Сенбесеңіз, жалғыз ғана қалтаңыздағы төлқүжәтіңіздің сыртындағы ағылшын тіліндегі жазуға және ішіндегі «ұлтыңызға» қараңызшы?..
Бұл сөзімізге дәлел, алғашқы желтөқсәндәғі Президент күнінде Елбасы біздің түптің-түбінде «қазақ» емес, «қазақстандық ұлт» болатынымызды тағы да ернінің емеурінімен сездіргені өтірік пе?..
Қәзір заманауи жаңа технөлөгиянің қарыштап алға дамып , ғаламтордың (интернеттің) біз қолданатын күнделікті тіршілік көзіне айналғалы қашан! Ғаламтор демекші, осы ғаламтордағы барлық байланыстардың негізінен латын қәрпімен жүргізілетіні тағы да белгілі.
Ғаламтордағы Қазақстан билігі жүзеге асырып отырған қазақ тілінің бүгінгі қәлі тіпті мүшкіл дер едім. Қазақтың: ә, ө, і, ү, ұ, қ, ғ, ң... сияқты өзінің төл әріптері күнделікті қолданыстағы латын қәріптерінен мүлдем алынып тасталып және түтәсімен аласталған.
Қазақстандағы ғаламторлардағы латын қәрпімен жазылған: Kazakh, Kazakhstan, mail.ru, kz, т.б. атаулардан аяқ алып жүру мүмкін емес. Әр қайсымыз күнделікті пайдаланатын электрөнді пошталарымыздағы mail.ru – біздің қожайындарымыздан ешқәндәй сыр бүкпейтіндігімізді, күні бүгінге дейін орыстардың құлы екенімізді айғақтаса, ал, kz - qazaq-тың әдейі орысшаланған нұсқасы. Еліміздегі сайттардың барлығы осылайша «пәленше.qz» емес, әдейі орысшаланып, «пәленше. Kz» болып таңбаланып жүргені - басқалардан гөрі біздің қазақ оқығандарын неге шындап ойлантпайтынына таңым бар. Қазақстандағы барлық мемлекеттік құпия атаулы орыстардың алдында ашық жатыр...
Көшелердегі, жол жиектеріндегі , маңдайшалардағы, телеәрнәләрдәғі, спөрттіқжәне жарнамалық киім-кешектердегі, радиотолқындарындағы, дүкендердегі, дәмхәнәләрдәғі, мемлекеттік және жекеменшік мекемелердегі, т.б. бүкіл жарнама атаулыларда бір де бір қазақтың төл қәрпі жазылмайды. Бәрі орысша, не ағылшынша, қытайша, шүршітше болып кете береді...
Күні бүгінге дейін бір ғана мемлекеттік туымыздың нақты түсі анықталмай келеді. Қараңызшы, ілініп тұрған мемлекет байрақтарына: бірінің түсі жасыл, бірі көгілдір, бірі сарғыш, осылайша кете береді...
Тап бір «Қазақ» әтімен аталатын бұл мемлекетте қазақ деген ұлт аты, көтімен жоқ сияқты. Біз қазақтар бүгінде АҚШ-тағы резервәцияләрғә күштеп қуылған үндіс қандастарымыздың ауыр тағдырын басымыздан кешіп отырғандай болып елестейді маған. Егер біздегі қазаққа деген саясат осылай жалғаса берсе, қазақтың түптің-түбі сол үндістердің кебін киері де және даусыз...
Бір ауыз қазақша сөйлемейтін Қазақстанның қәзіргі астанасы - Астана қаласы тұрғындарын айтпаған күннің өзінде, қәсиетті де киелі Арқа төсіндегі сол жаңа қаладағы барша сәулет, құрлыс өнерінен қазақтың иісі де шықпайтыны өтірік емес. Керісінше, орыстың, қытайдың, будданың, еврейдің, христиан әлемінің сәулет өнерінен аяқ алып жүре алмайсыз. Оған дәлел, ана еврейдің елтәңбәсінә ұқсас Пирамида, ана Сыпыртқы, Мәскеудегі Ломоносов университетіне ұқсас тұрғын үй кешені, т.б. айтуға болады. Бүкіл қала иуда дінін насихаттап тұрған сияқты әсер етеді.
Иә, айтпақшы, алда-жалда біз латын қәрпіне көшіп жатсақ, сонда өзіміздің және мемлекетіміздің атын латынша – qazaq, Qazaqstan-деп емес, орысшадағыдай – Kazakh, Kazakhstan - деп жазып, масқарамыз шығары тағы да даусыз. Шалақазақтардың ол орысшылдықтарын тыңдамай, өзімізше - Qazaq, Qazaqstan ,Qz, QU -деп, жаза қалған күннің өзінде, ана биліктегі тексіздер көсемін арқаланып, орындарынан өре түрегеліп, бөрінің көтіндей шулай жөнеліп:
-Кәлбиттер, оттамаңдар, халықаралық құжаттарда біз - кәзәх, Казахстан (Kazakh, Kazakhstan) болып жазылып кеткенбіз. Оны енді ешқәшән да өзгерттірмейміз. Өйткені біз, ұлы көшбәсшіміз Елбасымыз айтқандай, түбі қазақ емес, кәзәх, яғни, «қазақстандық» ұлт бөләміз.Және де біз өмірбәқи солай болып қала береміз. Кім де кім қарсы шықса, заңды бұзған болып саналады!-деп, қоқан-лоққы көрсетулері әбден мүмкін. Мүмкін ғана емес, олардың бұл ұсыныстары ащы да болса, ақиқатқа айналғалы тұр.
Тәуелсіздікті алған жиырма төрт жылдың ішінде біз тек қана өлшеусіз жер асты және жер үсті байлықтарымыздан ғана айырылып қойғамыз жоқ, аса қәстерлі бүкіл ұлттық құндылықтарымыздан, тілімізден, дінімізден айрылдық деп жүрсек, ол да бізге аз екен.
Міне, Қазақ деген атымыздан, Қазақстан (халықаралық құжаттарда – qazaq, Qazaqstan емес, қасақана орысшаланып – Kazakh, Kazakhstan) - деген мемлекетіміздің атауынан, баяғыда-ақ айрылып қалыппыз ғой.
Біздің ұлтымыздың және рас болса, тәуелсіз мемлекетіміздің латынша атауларының халықаралық деңгейде қасақана орысша бұрмалануларының артында - «Кедендік одақ», «Еуразиялық одақ» дегендерге мемлекет басшысының арқасында «өз еркімен» бас иген қазақ елінің қайтадан орыс боданына айналып бара жатуының айқын да анық белгісі тұр дер едім.
Сөнімен, «тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні, қасақана төл атынан тоналған Қазақ ұлтының, атауынан айрылған Қазақстан мемлекетінің болашағы бұлдыр деп ашына ашық айта аламын.
Біздің не «бар», не «жоқ» деген екі тарам жол айрығының түйісер жерінде, ең соңғы таңдаудың алдында тұрғанымыз тағы да жалған емес!
Бізде енді бұрылатындай басқадай үшінші жол жоқ! Ойлан, оян, Қазақ!

Жұмаш КӨКБӨРі,
ақын
كەلۋ قاينارى: http://www.elarna.net/oku_kk.php?tur=11&id=920

Пікірлер:


Жазған лебізіңіз 300 еріптен аспасын!
tomendegi katekshege 99 dep jazingiz.
98 + 1 = ? sozsiz sifermen tolteringiz, aytpese pikir jaza almaymiz.

Көрші сілтемелер