Еларна қолфон нұсқасына ену

Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-10-161489390735 %65 %
2019-10-171587416432 %68 %
2019-10-1832196032 %68 %



Түрі: Ел-арна газеті, бұл арадан барлық мақалаларын оқисыз

Жолданған уақыты: 05:38 - 2015/07/11

Қосымша қайнары:http://www.elarna.net/oku_kk.php?tur=11&id=918
Тоте жазу нұсқасы:http://www.elarna.net/oku.php?tur=11&id=918

توتە جازۋ نۇسقاسى:http://www.elarna.net/oku.php?tur=11&id=918

Мақала жолдаушы: Jolawshy
Мақала апторы: Жұмаш Көкбөрі (Кенебәй)
Аптордың мекен-жайі: Қазақстан Алматы қаласы

: PDF Download - Жұктеұ - Скачать - ءتۇسىرۋ


Жұмаш КЕНЕБАЙ КӨКБӨРІ


АЯГӨЗДЕГІ «АҚ ШКОЛ» ХИКАЯСЫ
(жаңа дастан)



1. Атәмекен келбеті



Бұл өңірде бұйрат-бұйрат төбе көп,
Сай-салалар тоғай өскен жебелеп.
Өткен ғасыр – 20-шы жылдары,
Тамылжыған тамыз айы керемет!..

Бұл өңірдің көркі бөлек таңдағы,
Жатыр әне, өзен тасып арналы.
Терісінде – Ақшатаудың ақ жалы,
Батысында – Қалғұтының аңғары.

Құлдыраңдап құлын-тайлар ойында,
Бүгін думан Қалғұтының бойында.
Қаратоғай - ит тұмсығы өтпейтін,
Тұнып тұрған қарақат пен мойылға...

Айқара ашық - ақбоз үйлер түңлігі,
Ауыл жұрты ерте тұрған бұл күні.
Зеңгір көкте шарбы бұлттар бөлғәнмен
Аспан ашық, күйдіріп тұр күн нұры.
Қойшы-қолаң - мал өргізіп, қайырған,
Текеметтер - үй сыртына жайылған.
Бырт-бырт үзіп, бетеге мен бедені -
Үйір-үйір, қалың жылқы жайылған.
Маңқ-маңқ етер төбет үріп тасадан,
Бұзаулар тұр секіре алмай қашадан.
Балалар мен ит-тазылар асыр сап,
Ауыл ішін абыр-сабыр жасаған.
Алтындайын алтын күздің кезі еді,
Сай-саланы қоңыр самал кезеді.
Ақбоз үйлер – жағадағы аққудай
Тұнып аққан Қалғұтының өзені.
ШаҺарында мәуелеген бау-бағы,
Суға толы Аягөздің аңғары,
Күн шығыстан - жоталары ағарып,
Асқақтайды Тарбағатай таулары.
Соқпақ, жолдар - шартарапқа тартады,
Төсте жортқан киігі мен арқары,
Түстігінде – Сандықтас пен Ақжайлау,
Терісінде – Шыңғыс тау мен Хан тауы.
Самал тербеп, ақ селеулі даланы,
Жас жылқышы шырқап әнге салады.
Ағали мен Игіліктің өзені -
Желтүмсіқті орай ағып барады.
Көкпеңбек боп Көксәләнің аумағы,
Осы жерде мұндағы елдің бар малы.
Кереметтей мамыра-жәй сәт еді.
Жүзеге асқан қазағымның арманы...
Суға сүңгір құндыз біткен бағалы,
Көкте бүркіт қанаттарын қағады.
Қарағанды және Егінді-бұлақтар
Көз жасындай тамып, тамып ағады.
Қарағандар күміс теңге тағады,
Әппақ қандай, ақ бөкеннің тамағы.
Көлбең қағып, Қоңыртау мен Өкпеті
Терісәйріқ - теріс бағып, ағады.
Жарылқардай барша қазақ қауымын,
Күн сүйеді қазағымның ауылын.
Қойнауында: қызыл түлкі, ор түлкі
Оқшау тұрған Делбегетәй тауының.
Аптап ыстық, күнге қатты күйесің,
Шал барады жетелеген биесін...
Жәкей менен Санабайдың қыстауы
Айтжұман мен Жәлелдейін иесін...
Жатсын тыныш түз бөрісі салмай лаң,
Бүлдіргеннің дәмі кетпес таңдайдан.
Жалғызсудың жалғыз талы самалға
Жапырағын тосатындай сарғайған.
Жаз-думәнмен өте шыққан өмірі,
Алаңдаулы қыз бен жігіт көңілі...
Бұйрат-бұйрат төбелерден тұратын
Гүл жайнаған Ақшатаудың өңірі.
Сап-сары алтын –алтын күздің кезі еді,
Құрғыр жүрек бір өзгеріс сезеді.
Ең биігі – Битан тауы қалқайған
Ағып жатыр Аягөздің өзені.
Әнші ғажап, бейне күміс көмейлі,
Қауқылдасқан, тыңдаған жұрт мерейлі.
Жапан түзден «Қозы-Көрпеш» мазары
Таңсық жақтан ғашықтарын жебейді...
...Бұл өңірде - таң да ерекше атады,
Бұл өңірде – күн де ерекше батады,
Өтетіндей тастай суы шекеден
Бастау, бұлақ – қайнап, шығып жатады...
Көз ұшында қарақұйрық барады,
Сұм аңшыға жеткізбесе жарады.
Су бойының қымыздығы - хош иісті
Бал қымыздай танауыңды жарады.
Өрлей өскен анау мөлдір тұманы,
Қара, қызыл... қарақаттар тұнады.
Шақ-шақ етіп суырлардың айғыры
Анадайдан айбат шегіп тұрады.
Бұл өлкенің қазағының бағы бар,
Не іздесе де, бәрі мұннан табылар...
Қалың тоғай, белуәрдән көк шалғын,
Шілік, терек, ақ қайыңы тағы бар.
Сай-қолатта алуан түрлі аңы бар,,
Әр ауылда жер қайысқан малы бар.
Жұдырықтай ешкішегі – ешкідей
Әлде қайдан үздік-үздік маңырар.
Талып жетер арынды өзен шуылы,
Қандай тәтті жас сәбидің уілі...
Тоғай іші, саңырау құр – құрылдап,
Естіледі шегірткенің шырылы...
Сәті келсе, жастық шақ па, іркілер,
Шаттық ойнап, жанарларға нұр түнер.
Ұшырасқан жас жігіт пен сұлу қыз,
Қылтың-сылтың, сыңғыр-сыңғыр күлкілер...
2. «Алаш» арыстары - Қалғұтыда
...Ұлтымыздың бетке шығар қаймағы,
Қызық-думан Қалғұтының аймағы,
Керемет бір кез еді ғой ол жылы
Бұзылмаған қазағымның қаймағы.
Өкініштен өксік кетпей көмейден,
Түзге шығып, тыныстары кеңейген,
Түн жамыла жолға шыққан кілең ер –
«Қызыл» келіп, ойран болған Семейден...
Бағыттары – қалың қонған ел еді,
Осындағы ағайынға сенеді...
Қалғұтыны алған тіке маңдайға
Салт аттылар - желе жортып келеді.
Артқа тастап, көне Семей шаҺарын,
Таңдап алған олар осы сапарын.
Серіктері: Ахаң, Жақаң, Жүсіпбек,
Жолбастаушы – абыз қажы Шәкәрім.
Қонған бөлек қалың қазақ ауылы,
Жетпеген жақ «қызылдардың» дауылы...
Барар бағыт – Қалғұтыда отырған
Тұрған ауыл - Кенебәйдің Садығы.
Сәкеңді ме, олар жақсы біледі,
Өздеріне дос-жар санап жүр еді.
Демеу болған сарбазына «Алаштың»
Садық бастан жүрек жұтқан ұл еді.
Көкейіне көп арманын тоқыған,
Осы Садық- адам еді оқыған.
Бала жастан Кенебәйдің Садығы
Қуат алған Қалғұтының отынан.
Құда-жекжәт, алыс-беріс тәләймен,,
Тату тұрған Тобықтыдай мәңәймен.
Текті ұлы еді - Наймандағы Сыбанның
Құда болған Қүнәнбәймен, Абәймен.
Аман шыққан небір шайқас, тұзақтан,
Тез сезетін жат дүбірін ұзақтан.
Дала аруы – Күңкедейін әпкесін
Бұл Сыбандар - Құнанбайға ұзатқан.
Бұл Қалғұты – Жәңгөбектің елі еді,
Егін егіп, жер емшегін емеді.
Сол Күңкеден: Қүдәйберді, Шәкәрім -
Садықтарға - жиен болып келеді.
Ашық адам көкірегі, сарайы,
Тек тектілер - оқығандар маңайы.
Бұл Садықты қүрметтеген ерекше
Алыс-жәқін,күң, құлдары, маңайы.
Қыста – мәлмен, өсіретін жаз – егін,
Еңбегімен асыраған таза елін.
Көкжәл бөрі соғып алған бір өзі
Елге тірек – Айсамандай әже бұл.
Таза еңбекпен байлық, ырыс ағылған,
Адам емес сара жолдан жаңылған.
Туған дейді Айсаманнан төрт бала
Бұл өңірге - «Төрт бөрі» боп танылған.
Қаратоғай – қалың жыныс, орман-ды,
Тың өңірге Садық соқа қолданды.
Жәңгөбектің Сейтенінен тараған
Төрт Бөрінің бірі - Садық болған-ды.
Жауларына ашқан талай майданды,
Бұл күндері өзі де ерге айналды.
Көкбөрідей - батыр еді, арлы еді,
Көкбөрідей – азулы еді айбарлы.
Біздің Сәкең – білімді еді оқыған,
Саңлаулы еді оқығанын тоқыған
Текті ұл еді түз тағысы - қырандай
Алған жемін бір-ақ рет шоқыған...
Садық жаққа жақсы-жайсаң ағылған,
Жиі келер құдалар да сағынған.
Ана жылы «Алаш» ұлы Семейде
Ту тіккенде - Садық соннан табылған.
Ол қазағын жан-тәнімен сүйеді,
Күйер болса – ол үлтімен күйеді.
Мүлт кетпестен құралайды көзге атқан
Садық мерген қөшеметке ие еді.
Білген адам алмақтың да салмағын,
Түсінген жан - Азаттықтың бар мәнін.
Ана жылы ақтар шауып жатқанда
Осы Садық – қадап атқан жауларын.
Ол жасынан бес қаруын қолға алды,
Дөңбекшумен талай түндер толғанды.
Ойран салып, «ақтан» кейін «қызылдар»
Шапқан кезде Садық қорған болған-ды.
Жаман иттей қонақтарын талаған
Қалың орыс - шиебөрі, қамаған.
Бұл Садықты – «ақ» та, сосын «қызыл» да
Сергеөпөльге талай рет қамаған.
Орта бойлы, тығыршықтай денелі,
Ағайынға асып туған беделі,
Талай рет Аягөздің түрмесін
Бұзып шыққан - осы Садық ер еді.
Ол қырағы – жауды алыстан шолатын,
Түзде жортып, түнде тауда қонатын,
Осы Садық – қан қақсатқан орысты
Аягөздің қаҺарманы болатын.
Нағыз мерген - құтылдырмас қашқанды,
«Ақ шкөл»-деп жаңа мектеп ашқан-ды,
Осы Садық – Қалғұтыға мектеп сап,
Ұрпағына үлгі-өнеге шәшқән-ды.
Неше түрлі жырлар арнап шәшуғә,
Жүйрік әтпен қарш-қарш жерді басуда.
Міне, «Алаштың» серкелері марқасқа
Келе жатыр - «Ақ шкөлді» ашуға.
Қуып шығып сол Аягөз «ақтарды»,
«Қызылдарды» гүмпілдетіп атқан-ды.
Садық жақтан - Аягөздің халқы да
Осы кезде хабар алып жатқан-ды.
Басы талай бәйгеге де тігілген,
Ол азамат – ақиқатқа жүгінген,
Аягөзге аты шыққан Садықтың
Ерлігімен және білік, біліммен.
Жауларына ол намысын бермеген,
Қас дұшпанын жексен еткен жерменен.
«Садық – батыр», «Садық – мерген» десе жұрт,
Енді Садық - мектеп ашып ерлеген.
Былайғы жұрт ақ-қарасын біледі,
Садық ерін мақтан етіп жүреді.
Аягөзді мекен еткен ежелден
Осы Садық – Жәңгөбектің Ту еді.
Жерде өскен ой-шұқырлы, қырқалы,
Осы Садық жұрттан бөлек тұр тағы.
Қәрәкерей Қабанбайдың және де
Ақтәмберді, Дулаттардың ұрпағы.
Біздің Садық – бас имеген орысқа,
Біздің Садық – қорған болған қонысқа.
Оған туыс – Ақтайлақтай абыз да,
Оған туыс – Серікбәйдәй абыз да.
Ыстық келер – бұл Аягөз жазы да,
Қиын сәтте кімге жүрер базына...
Оған туыс – Әріп ақын әқтәңгер,
Оған туыс – сол Серікбәй қажы да.
Туған жердің тас емшегін емеді,
Бойда барын туған жұртқа береді.
Ақтайлақ пен Әріп ақын шыққан жер
Садықтың да өрісі бір елі еді.
Садық –дәйім жақын жүрді халыққа
Ол шығарды қараңғы елді жарыққа.
Жақын еді Абай өзі сыйлаған
Қуандықтай ақын қыз да – Садыққа...
Ұрпағына Айды аспаннан әперген,
Сол жайларды естіген ем әкемнен.
Осы Садық - мектеп ашып ең алғаш
Ақшатауға зор жаңалық әкелген.
Құлақ түрді ол төл ұлтының зарына,
Кілең ерді сайлап алған жанына.
Бұл Садықтың жары – Бишан ару-ды
Барлық сәтте демеу болған жарына.
Деген шағы – бойда қайрат бұлқынып,
Жауға шапқан - «Қаптағайлап!», жұлқынып...
Ал бұардың Айтжұман-ды – тұңғышы
Әлі жап-жас – бір құлаған, бір тұрып...
***
...Ұлт ұлдарын Алла, Құдай сақтасын!
Артқа тастап Ақшатаудың ақ тасын,
Сиыр түсте серкелері «Алаштың»
Қалғұтыға тіреген-ді ат басын.
Қонақтарға ұмыттырып шаршауды,
Сәттер туған: сағынышты, аңсаулы...
Сал жігіттер, қыз-келіншек, ауылдың
Үлкендері қонақтарын қарсы алды.
Өтіп жатты асыл сәттер арман-ды,
Сөз бастаған ақсақалдар аңғарлы.
Ахаң, Жақаң, Жүсіпбек пен Шәкәрім -
Ақ отауда төрден орын алған-ды.
Тектілерді көріп халық таң қалған,
Көпшілік те шөлін басып, жан қалған.
Алтын күздің алтын сары қымызы
Төрге қарай қонақтарға жалғанған.
Жас келіншек шай құяды майысып,
Тек қәбәқпен бұйрық-рай алысып,
Баданадай бауырсақтар шәшілғән
Дастарқанның үсті тұрды қайысып.
Не жоқ дейсіз, дастарқанда бәрі бар,
Томырылған қазы-қарта тағы бар.
Қант-шекер, өрік-мейіз, сары май,
Жент қосқан сары алтындай тары бар.
Жарасымды сәттер еді әй, қандай,
Аруларға көз түседі ай маңдай.
Бел босатып, терлеп-тепшіп ішетін
Қымыздан соң қызыл-күрең шай қандай!
Түс мезгілі, ойнар дала сағымы,
Деген уақыт – бейне «бие сауымы» -
Қымыз-шайдан алып ішкен молынан
Басылғандай қонақтардың сарығы.
Бұл ғажап сәт, ұмытылған мұң-қайғы,
Аспан ашық, болып тұрды күн жайлы.
Бүгін Садық – қөнәқтәрмен мерейлі,
Сирек сөйлеп, келгендерді тыңдайды.
Қандай ғажап, Ахаң, Жақаң сөздері,
Қандай мұңлы, ұлылардың көздері...
Тіпті, ерекше ұстаулары өздерін
Қарапайым мамыра-жай кездегі.
Кілең төрде текті туған баталы ұл,
Бір ақсақал саумалайды сақалын...
Садық жаққа көзін қысып, күлімдеп,
Жиендігін жасап жатыр Шәкәрім...
Жәңгөбекті - бүгін Құдай оңдады,
Жақсы халық – жақсыларын қолдады.
Қалың ойда «Алаш» ұлы Жүсіпбек
Мазалауда мүмкін өлең жолдары...
Қонақжайлы жұрт пейілі ұнады,
Барлығы да дастарқаннан тұрады.
Мектеп үйі - асқақтап тұр ақ шаңқан,
Шөлін басқан жұрт далаға шығады.
Осы жақта бар назары қауымның,
(Сол ькүндерді мен де бүгін сағындым...)
Ақ шаңқан үй - қиып салған ағаштан
Ортасында асқақтайды ауылдың.
Мұндай жиын болмаған-ды талайдан,
Аттты-жаяу ағылуда маңайдан.
Бір шетінде – Қаратоғай сыңсыған,
Бір шетінде – Қарашоқы қарайған.
Ақсақалдар маң-маң, маң-маң басады,
Бүгін көңіл шалқып, есіп тасады.
Көк қозының бұйрасындай бұп-бұйра
Аршалы сай қош иісін шәшәді...
Орта көңіл асып-тасып толмақшы,
Бұл ауылға бүгін Қыдыр қонбақшы.
Осы өңірдің мектеп үйі алғашқы
Соның қәзір ашылуы болмақшы...
Төрге озған құтты қонақ бар мұнда,
Шошаяды салт аттылар әр қырда.
Алда – Садық, Мұсағи мен Мұсабай,
Қалың қауым – мектеп үйі алдында.
Бүкіл өңір шаттық тойға бөленді,
Еңсерілді солай қарай ел енді.
Қайыс белбеу, сұр кителі жарасқан
Шоқша сақал Садық сөйлей жөнелді:
-Армысыңдар, Найман ата баласы,
Армысыңдар, қазағымның «Алашы»!
Ұлдары тұр ұлтымыздың бетке ұстар
Айналайын, қалың елім, қарашы!
Ахаң, Жақаң, Жүсіпбек пен Шәкәрім,
Бізге арнаған осы жолғы сапарын.
Желкілдеген тұлымдары ұл-қыздың
Бұл мектепте көбейтейік қатарын.
Нағыз білім қүдіретін білейік,
Қай кезде де тату-тәтті жүрейік.
Ауыр жол тұр халқымыздың алдында
Бүгін кімбіз, кеше және кім едік?..
Өмір деген – төрт есептің амалы,
Білім алса – сонда ұрпағың саналы.
Қашан дағы ел бірлігін сақтайық,
Ел басына күн туса да қаралы...
Жас үрпәқпен бірге күйіп, жанайық,
Ұлт көшімен болашаққа барайық.
Небір жайсаң әрдәгері «Алаштың»
Келген күнді жақсылыққа балайық!
...Ойлы Садық жан-жағына қарады,
Бұйра шәшін сәусәғімен тарады.
-Ал, халайық, бата-сөзін алғашқы
Байтұрсынның Ахіметі алады.
Дегенді айтып, қонақтарға қарады,
От шәшқәндәй алаулап тұр жанары.
Қәдірлісін сыйлай білген ағайын
Ұйып қалған: үлкен, кіші, балалы...
Қәсиетті «Алашымның» атағы,
Озып алға Байтұрсынның Ахаңы,
Қоңыр үнмен кенет сөйлей жөнелді
Ағытылып, дуалы сөз - баталы:
-Уа, халқым! Сусындаған ілімге,
Қиындықты Білім жеңер түбінде,
-Байтұрсынның Ахіметі сөйлеп тұр,
Бір керемет қүдірет бар үнінде:
-Бәрін тастап, көрген қорлық, азаптың,
Бәрін тастап, қағажу мен мазақтың,
Аттан, елім, ұлы жорық – Білімге,
Сәті келді күні туар Қазақтың!
Тек білімде – болашағы ұлтымның,
Ілім үшін ұлтым, алға ұмтылғыл!
Міне, ашылды Қалғұтының мектебі,
Орны ерекше ұмытылмас бұл күннің!
Бүгін халқым, ұлы күні ұлыстың
Ашылатын сәті және тыныстың.
Кенебәйдің Садығына рәхмет,
Бастаушысы болған мынау ұлы істің!
Бұл мектепте талай ұрпақ өседі,
Озып шығар талай ұрпақ көшелі.
Естеуімше, бұл мектепті өздерің:
«Ақ шкөл» деп қойып алған деседі.
Қашан дағы қәсиетті «Ақ» сөзі,
«Ақ» дегенің – басқа қонған «Бақ» сөзі.
Тек, білімде – болашағы Қазақтың
Жақсылықтар – жәқсіліқпен жақсы өзі!
Орыстар да өсіп-өнген ел еді,
Олар көптен білім нәрін емеді.
«Шкөл» - деген орыс сөзі, қазақша:
«Мектеп» деген мағынаны береді.
Жас жеткіншек, туды сенің заманың,
Нұрға толсын, жабырқаған жамалың!
Құтты болсын, аппақ ардай - Ақ Мектеп,
Құтты болсын, жас ұрпағым, қадамың!
Ал, жас ұрпақ, мен беремін Батамды,
Ұлт болайық, озық елдер қатарлы!
Ерекше сүй, өз ұлтыңды – Қазақты,
Қәдір тұтқын, анаң менен атаңды!
Әр қашан да тек Біліммен – толыңдар,
Таптатпастан ұлт намысын қорыңдар!
Жүретіндей ұлы көштің басында
«Алашыңның» әрдәгері болыңдар!
Лайым мынау сапарларың ақ болсын!
Білім болып, бастарыңа Бақ қонсын!
Айналайын, жеткіншегі ұлтымның,
Алған мақсат, міндет, мүдде нақ болсын! Әумиін!..
Дүр сілкінтіп, ұйқыдағы ғасырды,
Жұрт дүркіреп барып, қайта басылды...
Ақ жаулықты әжелердің қөлімен
Өрік, мейіз, құрт, ірімшік шәшілді!
-О халайық, жақсы-жайсаң, Ақ сарбас!
-Тек білімді, топас бізді басқармас!
-О, Ақ сарбас, ақ сарбас!
-Білім болмай, ұлт ертеңі жақсармас!
Бойда қайрат – асып, тасып бұлқынды,
Ұмытатын жан болмайды бұл күнді!
Бұдан кейін сөз алады Міржәқіп:
-Оян, Қазақ! Оянатын күн туды!..
-Оян, ұлтым! Дүр сілкінші, Қырандай!
Бақытты сәт туа бермес мынандай!
Қүрметтеңдер, жауға аттанар ұрандай!
Ардақтаңдар, «Алаш» сөзін Құрандай!
Армәнімен үндесіңдер «Алаштың»,
Жау жоқ деме, абайлап көр, жар астын...
Бар қазақты бастар жолдың алғашқы
Біреуінен қайран халқым, жаңа астың!
Білім ғана бізді асудан асырар,
Сенен халқым, ештеңем жоқ жасырар!
Әлі талай жаулар бізді басынар,
Жауды көріп ұлтым қатты ашынар!
Топас малғұн – бәйліғімен масайды,
Қәнішерлер - жылы-жұмсақ асайды.
Қызыл орыс - қан-қақсатып ұлтымды,
Қызыл орыс – талай сойқан жасайды.
«Солай екен»-деп, күдерді үзбейік!
«Біз бірінші!», «Қай майданда Біз!»-дейік!
Қандай қиын күн туса да қазағым,
Тығырықтан шығар жолды іздейік!!!
Жас жеткіншек, бір белестен жаңа астың,
Ішіне кір, осы жолда таластың!
Өскіндері Қазағымның жас өркен -
Туы дәйім биік болсын «Алаштың!»
-Жалғасын тап, бұл жаңалық елдегі,
Саған ұрпақ, бар білігім мендегі! –
Теңдесі жоқ абыз, қажы Шәкәрім
Алла жолын, «Алаш» жолын сөйледі:
-Жаса! Жаса! Жас өркені «Алаштың»!
Сен тұлпарсың, талай рет таң астың!
Мынау аппақ мектебіңе кірген соң
Ұстәзіңмен қандай ғажап жарастың!
Сен білімсіз - аяздарда тоңғансың,
Күйіп, пісіп, сен ыстықта болғансың;
Ұмытпаңдар, Алла жолы – Хақ жолы,
Жаратушым, жолдарыңды оңғарсын!
Ұлт серкесі ұлтын ерен сүйген-ді,
Ұлт ұлдары – үлтпен жанып, күйген-ді...
Қалғұтының қалың халқы тым-тырыс,
Сөз кезегі Жүсіпбекке тиген-ді:
-Уа, халқым! Қалың елім, Қазағым!
Тек білімге ауған екен назарың,
Қол бұлғап тұр, алда жарқын Болашақ,
Ұмыт болсын, көрген барлық азабың!
Көркейеміз тек Білімнің күшімен,
Жақсы шығар бұл балғындар ішінен.
Бізбен үндес Кенебәйдің Садығын
Құттықтаймыз, бұл тамаша ісімен!
Жас жеткіншек, қандай әйбәт жарасқан,
Шеттерінен тұлпарлардай таң асқан.
Оған серік – Мұсағи мен Мұсабай,
Білім орны - «Ақ шкөлді» қаласқан.
Осыларға шексіз алғыс әмән да,
Білім керек – саған және маған да,
Қайран халқым, тек амандық тілейміз,
Дүрбелеңді мынау ауыр заман да.
Гүр-гүр етіп жолбарыстай жаралы,
Деп, Жүсекең жан-жағына қарады,
Асқақ тұрып, кенеп алып тамағын
Бір керемет әнге сосын салады:
«-Арғы атам – Ер Түрік,
Біз – Қазақ еліміз.
Самал тау, шалқар көл,
Сары Арқа жеріміз...»
Қүдірет күш – күңіренді ән ғылып,
Өмір жайлы сыр шертеді мәңгілік.
Қалғұтының сай-саласы осы сәт
«Алаш маршын» қайталайды жаңғырып...
Жаңғырығып, Тарбағатай таулары,
Жаңғырығып, Аягөздің аңғары,
Жаңғырығып, «Қозы-Көрпеш» мазары,
Жәңғіріғіп,бүкіл Қазақ Арманы,
Жаңғырығып,Шыңғыс тау мен Хан тауы,
Қүдіретті ән дүр сілкінтті Арқаны,
Қалғұтыдан бастау алған бұл ұран
Болашаққа, заманаға тартады,
Жаңғырығып, Ақшатаудың асқары,
Жаңғырығып,Қалғұтының аспаны,
«Алаш маршы» қуат беріп бұларға
Ұлт еңсесін бір көтеріп тастады.
Қүдіретті «Марш» тербейді бұл маңды,,
Ұлт сілкінер сондай күн де туған-ды.
Осы жолы Кенебәйдің Садығы
Қуаныштан толқып, жылап тұрған-ды...
Иықтағы жүктер түсіп батпандай,
Қазағымның таңы жаңа атқандай,
Көз алдында мынау ұлы тұлғалар
Бір сәт еді шыңға айналып жатқандай!
Ұзақ жылдар күткен еді бұл күнді,
Жанартаудай қайрат-жігер сілкінді!
Садық толқып, қүдіретті әуеннен
Бойға күші сыймағандай бұлқынды...
Күй де бөлек - бұл керемет шақтағы,
Қазағыма қонған еді Бақ тағы...
Осы «Мәршпен» жас жеткіншек, балалар
«Ақ шкөлдің» босағасын аттады...
Ұлт көгінен таң атқандай арайлы,
Күн сәулесі шуақ шәшіп, тарайды...
Садық атам – Кенебәйдің баласы
Өзі салған мектебіне қарайды.
Керемет сәт, туар жалғыз ғасырда,
Күн күркіреп, жарқылдайды жасын да.
Мұсағи мен Мұсабай тұр қасқайып,
Арқаланған Садық атам қасында.
Ұлы жорық - «Ақ шкөлдән» бас алған,
Ұлт аттанған қалың жауға жасанған.
Ахаң, Жақаң, Жүсіпбек пен Шәкәрім,
Қатты толқып, көздеріне жас алған...
Қайтқан жандай жеңіспенен майданнан,
Жарық-жұрық етіп, алмас қылыш қайралған!
Қалғұтының бүкіл халқы осы сәт
Ұліләрмен – ұлыларға айналған.
Кілең тұлпар - көз ұшында барады,
Шоқ жұлдыздар - көктен жерге ағады...
Қуаныштан тұрған еді теңселіп,
Осы сәтте барша Аягөз алабы...
Осы сәтте Тарбағатай таулары
Ұлыларын жоқтап неге зарлады?
Ортасынан қақ бөлінген сияқты
Асқақтаған Қазағымның Арманы...
Мектепке ауған ұлылардың назары,
Ұмытылып, өткен күндер азабы...
Сан мың жылдан хабар беріп тұрғандай
«Қозы-Көрпеш – Баян сұлу» Мазары...
3.«Ақ шкөл» және Әруақтар
...Содан бері қаншама айлар, жыл өтті,
Кездер өтті, қансыратқан жүректі...
«Ақ» пен «қызыл», аштық, қырғын... ұласып,
Ұлтымызды қырып-жойып, жүдетті.
Жегі құрттай мүжіп, жеген ішімді,
Жасытты ғой жігерімді, күшімді,
Сол «Ақ шкөл» - Садық атам салдырған
Ұлттың небір тұлғаларын ұшырды...
Бәрі де өткен: анам және әкем де,
Сол күндерді тағдыр қайта әкел ме?!
Садық атам – «қызыл жендет» қолынан
Қашып жүріп, оққа ұшқан-ды жат елде.
Біздің әлет: «ақ», «қызылды» жек көрді,
Біздің әулет: азап, мехнәт көп көрді,
Біздер үшін өткен күннен – көп белгі...
Бишән әжем – ол да өмірден өткен-ді...
Бұл Қалғұты – көрмегенді көреді,
Қайран Қазақ – жаны сірі ел еді...
Садық атам серіктері: Мұсағи,
Мұсабай да жау қолынан өледі.
Тайған емес «алаштықтар» жолынан,
Ұлтқа арнады бар күштерін молынан.
Бізге жиен – Шәкәрімдей қажы да
Ажал құшқан Қарасартов қолынан.
Қожайыны сүйектері жегендер,
Ал бүгінде ұры-қары - «кемеңгер».
Қазақ Елі билігінен кеткен жоқ,
Әлі күнге «қарасартов» дегендер...
Жасқа толды - талай ару құшағы,
Талай боздақ - топырақты құшады.
Әлихан мен Ахаң, Жақаң, Жүсіпбек -
Ұлт жолында олар да оққа ұшады.
Оны ойласам, көзіме жас келеді,
Бабаларым – шеттерінен ер еді...
Айтжұмандай – әкем, Қайныш – анам да
Талай босып, қуғын-сүргін көреді...
Қыр соңында жүрмін әлі елестің,
Өмірімді текке өткен демеспін.
Нағашы атам – Жұматайұлы Ақімет
Қас дұшпаны болған ол да Кеңестің.
Сол кісі еді ұлы тұлға мен көрген,
Сол атамды асқар шыңға теңгергем...
Ол ұсталып, менің екі жасымда
Аягөзде бір жыл бойы тергелген...
Біздің әулет арылмады сорынан,
Сан адасты тура жүрген жолынан.
Бір жылдан соң ол атақты «КАРЛАГ»-та
Өлтірілген «қызыл жендет» қолынан.
Онда жаспын, шерім қалың менің де,
Өгей болдық бөтендердің елінде.
Онда дағы қан тілеген қызылдар,
Не көрмедік, ана Қытай жерінде...
Жатырқамай кең құшағын ашты Елім,
Бір жұтатын ауасына аш та едім...
Атәмекен – Аягөзге келгенде
Ес білетін мен он екі жаста едім.
Аягөзден – Ақшатауға келгеміз,
Қалғұтыны, «Ақ шкөлді» көргеміз.
Ата-анамның жылағаны-ай, сол жолғы,
Көз жасына біздер де ерік бергеміз....
Әлі есімде мамыра-жай көктемде,
Тамаша шақ, көк қаулаған көк белге.
Қалғұтыға, «Ақ шкөлғә» арада
Біз келгеміз тура 30 жыл өткенде.
Сол қалпында атам жүрген жол мұнда,
Тітіркендім, ыстық күнде тоңдым ба?..
Шәкірттерін тәрбиелеп 30 жыл
Тұрған аман сол «Ақ шкөл» орнында.
Кенебәйдің қыстауын да көз көрген,
Құл-құтанның көздерінен без көргем...
Жаман-жәутік кілең құлдар басқарған
Бірәқ, халқы танымастай өзгерген...
«Ақ шкөлдің» - есігіне жанастым,
Бойым түзеп, шатырына таластым.
Отыз жылдай бұрын ашқан мектепті
Бұл арада ізі де жоқ «Алаштың».
Сол қалпында - желкілдеген құрақ та,
Сол қалпында - сылдырлаған бұлақ та,
Ахаң, Жақаң, Жүсіпбек пен Шәкәрім
Дауыстары талып жетті құлаққа.
Еңсе басқан қиын еді шақ қандай,
Ауыр қайғы жүрегіме батқандай.
Бес қаруы, жетіәтәрі қолында
Садық атам атын ерттеп жатқандай...
Көзім шалды Кенебәйдәй атаны,
Айсамандай - әжем де тіл қатады...
Бишан апам – Қалғұтыдан су алып,
Ақбоз үйге кіріп бара жатады...
Қиқулаған «қызылдары», «ақтары»,
Құлап түскен бастан тайып, Бақ тағы...
Тербеледі алтыбақан үстінде
Күңке әпкем де Қаратоғай жақтағы...
Оянғандай адам едім түсінен,
Дұға оқиды әкем, әне, ішінен...
Күмбірлеген естіледі күлкілер
Аппақ шаңқан «Ақ шкөлдің» ішінен...
Қандай өкпе, арта аласың заманға,
Қандай өкпе, арта аласың «жаманға»?
Онда менің Төлеуғәйшә әпкем бар,
Ортада еді - Жұмағазы ағам да...
Мұндай күйде кім қарғайды Құдайды,
Әке – Айтжұман іштен тынып, шыдайды...
Қайныш анам – ақ жаулығы желбіреп,
Көздің жасын тия алмастан жылайды.
Қандай қиын, өткен күндер ол арман,
Жер де, Ел де - түгі қалмай тоналған.
Жермен-жексен - Кенебәйдің қыстауы,
Жермен-жексен - «Ақ шкөл да» жоғалған...
Арманым жоқ: ұтылайын, ұтайын,
Туды оңынан талай рет құт - Айым.
Ұлы атамның жолын қуған өзім де
Көрдім талай - бұл биліктің құқайын...
Мен ешкімге таптатпадым Арымды,
Қүрметтедім: бала-шаға, жарымды...
Ұлы жолдан әлі бірәқ қайтқам жоқ,
Арнағанмын осы жолға барымды.
Кілең құлдар – ел байлығын бұлаған,
Соны көріп, талай рет жылағам.
Атам салған сол «Ақ шкөл» бүгінде
Жермен-жексен, түгі қалмай құлаған...
«Кеңес» деген жалған билік орнаған,
Кілең текті – құл-құтаннан сорлаған.
Кілең тексіз, шәш ал десе – бас алған,
Құл-құтандар - онда ұлтымды қорлаған.
Келеді ұлтым - әлі күнге сөрләумен,
Жылынатын баспана жоқ, төңғәнмен.
Құл-құтандар – әлі дағы билікте,
Қазақстан – Тәуелсіз Ел бөлғәнмен.
Шүлдірлеген кілең тексіз қыртады,
Намысымды сонда кімдер жыртады?
Тектілерді - атып-асқан кешегі
Жауыздардың - билікте отыр ұрпағы.
Онда мен де жайбарақат жүргемін,
Мәз-майраммын, күлмес жерде – күлгемін...
Қарлы боран - Желтөқсән да әйгілі
Садық атам болып, атқа мінгемін.
Бұл шайқаста талай тұрып, құлағам,
Жалғыз кінәм – ұлт теңдігін сұрағам.
Ахаң, Жақаң, Жүсіпбек пен Шәкәрім
Болып онда ұлтым үшін жылағам.
Күле ме өзі – жетесіздер «тарқылдап»,
Масайрайды әулекілер «қарқылдап»,
Қолдаған-ау, ұлы атамның әруәғі-
«Азат» болып, атқа қонғам жарқылдап.
Ата жолын қуған мен де ұл едім,
Азаттықтың – жолы ауырын білемін.
«Азат» болып, ол жылдары есейдім,
«Азат» болып, азаттықты тіледім.
Сол күрескер ата жолын жалғадым,
Сол атамдай – қиын жолды таңдадым.
Сол Азаттық – аяқ-асты келгенде
Қуаныштан есеңгіреп қалғамын.
Түскен солай ұлтым күні аярға,
Оның барлық іс-қимылы аян да...
Биліктегі кілең «қызыл» басшылар –
Заман еді-ау, даяр болған – маярға.
Биліктегі – сол баяғы - құл болған,
Биліктегі сол баяғы – күң болған...
Солай менің Азаттығым аңсаған
Аяқ асты таптатылып, құм болған...
Сарай салған өздеріне моладан,
Қапрпып асап: алтын, күміс, қоладан...
Содан бері өтсе дағы 20 жыл –
Құл-құтандар – байлығымды тонаған.
Талай билік ауысады, кетеді,
Баяғыша жылдар жылжып өтеді.
Қазақ елі – әлі күнге сорлаған
Тілсіз, дінсіз - «шалақазақ» мекені.
Жатқа кеткен - барлық байлық, кеніміз,
Жатқа кеткен - қәсиетті жеріміз.
Бір сұмдығы, «Ақ шкөлді» құлатқан
Тәуелсіздік алған жылы Өзіміз.
Мұны қалай түсінуге болады?
Бұдан кейін бақыт қалай қонады?
Жаңа ғана бүрін жарған ұлтымның
Өскіндері – өспей жатып, солады...
Шыққыр көзім – тағы нені көреді,
Көр соқырлар – барып тұрған көр еді.
Бөзтәев пен Қарғажанов, Лкекрөв
«Ақ шкөлдің» болған еді түлегі.
Көз сүзетін мол байлыққа тамсана,
Тексіздерді – тірі өлікке тән сана,
Бұл – бер жағы, мен білетін жандардан,
Білім алған белгісіздер – қанша ма?
Тексіздерді көрдегі аруақ қарғайды,
Ондайларға: қу жаны мен мал қайғы.
Бүгінгілер – Кенебәйдің Садығын
Ешқашан да естеріне алмайды.
Дәрменсізбін, кімнен көмек сұраймын?
Ағыл-тегіл көзім жасын бұлаймын.
Қөлмен ашқан ұлылары «Алаштың»
«Ақ шкөлдің» орнын жоқтап, жылаймын...
Ащы шындық, не айтасың білгенге,
Көретінім – ісіп-кепкен құр кеуде.
Бұл Қалғұты – қыз ұзатқан Күңкедей,
Жөнелтіпті - «Ақ шкөлін» мүрдемге.
Болған талай: «қызыл шындық», «ақ шындық»,
Қайран ұлтты: қырып-жойдық, аш қылдық.
Құнанбайға - берсек ару Күңкені,
«Ақ шкөлді» - сонда кімге тапсырдық?
Өз ұлтымды жан-тәніммен сүйем де,
Осыны ойлап, күңіреніп, күйем де...
Бауыры еді Садық атам - Күңкенің
Әже болған Шәкәрімдей жиенге.
Аягөзге, Ақшатауға келгенде,
Қаңыраған Қалғұтыны көргенде,
«Ақ шкөлдің» өзін қойып, орны жоқ,
Бүгіндері мен бір жанмын шерменде.
Ақшатаудан ерте кеткем жыраққа,
Арман қуып, жетем дедім Мұратқа.
Келмепті ғой, осы жағы басыма,
«Ақ шкөлді» жоғалтам деп бірәқ та?
Бәрі кеткен: атам, әжем, ата-анам,
Мұны көріп, қалай үнсіз жата алам?
Бір қызығы, біздің халық неліктен
Түсініксіз, «Ақ шкөл» деп атаған?
«Ағы» - қазақ, ал орысша – «шкөлі»,
Ат қойғанға біздің қазақ күшті еді.
Осы жірмен бүгін әзер жеткіздім,
Көп сақтаған шемен-шерді іштегі.
Ақ ниетпен - «Ақ шкөлді» жырладым,
Соққан желден ұлттың зарын тыңдадым.
Қайран халқым, сен, аман бол, қашан да,
Қәжет болса, мен болайын құрбаның.
Әппақ, Әппақ! Әппақ, ӘппақІ - «Ақ шкөл»,
Сені қалай ұмытады намысты ел?
Ол жақтағы Әруақтарға не айтам,
Мені өзіне шақырады алыс бел?
Қайран халқым, сен қашан да бол, аман!
Келер ұрпақ, «АЛАШТАРДАЙ» - бол, Адам!
Атам салған «Ақ шкөлдің» орнына
Уақыт болса, әлі талай оралам...
Біздің әулет - жоғалған жоқ, бар сана,
Бұл мағұлым - бізді білген баршаға.
Бейсен, Сәрсен, Жеңіс, Сөвет, Кенже бар,
Ата-анамнан інілерім қаншама?
Тұяқ жоқ қой, жаза басып жаңылмас,
Жеткілікті ағайындар ауылдас.
Бекжән – інім, Ләззәт – бір тал қарындас,
Біз қамалмыз - жауыңа оңай алынбас.
«Ақ шкөлдің» бос орнына қараймын,
Өткен күнді сәнәмменен санаймын.
Шолпан – жарым, бізден туған ұл-қызым:
Болатқазы, Еркебүлән, Арайлым.
Мен жырладым – ата-бабам қақында,
Қыстау жер бар Кенебәйдің атында.
Ең үлкені немеремнің - Толғанай,
Одан кейін: Томирис пен Атилла.
Тағы да бар – жаңа туған немерем,
Деп ойлаймын: «бақытты едім, не деген!»
Бір тал қызым – Арайлымнан тараған
Маған жиен: Руслан, Зеремен.
Не түрлерін көзбен көрген сәулеттің,
Дәмін татқан байлық пенен дәулеттің,
Бір заманда - қанды қырғын көргенмен,
Бұл уақытта - өсіп-өнген әулетпін!
Ата-баба жолын қуған Ұл едім,
Әр қашан да Ұлт тілегі – Тілегім.
Адал өтем «Алашымның» сертіне,
Тоқтағанша жұдырықтай жүрегім.
Мендегі Арман – Қазағымның Арманы,
Қәзәғіммен - тіршіліктің бар мәні
Түптің-түбі - Ел болады Қазағым,.
Мен сенемін, Болашаққа алдағы!
Шиебөрі – көрде жатып ұлиды,
Соны көріп, құрғыр көңіл суиды.
Қазағымды - қорлап келген ұзақ жыл
Құл-құтандар - жер бетінен құриды.
Ел болған соң күпті көңіл жайланар,
Шаңыраққа Бөрі-Байрақ байланар.
Қара шаңырақ - Көк Түрікке бұйырған
Болашақта Ақ Ордаға айналар.
Тағы қанша жылдар жылжып өтеді,
Құл-құтандар сахнадан кетеді.
Ел болады сән-салтанат жарасқан
Қазақ жері – көп Түріктің мекені.
Бірлік – дейді - тіршіліктің бар мәнін,
Ел болады әспеттеген ардағын.
Сондай күнді көріп өлсем, арман жоқ,
Осы ағайын, міне, менің Арманым!
Өтті өмірім – әләңдәумен жолыма,
Солай болдым бақытым мен сорыма.
Арманымды ақ қағазға түсірген
Қалам алдым тым кешірек қолыма...
Бала болдым – айыра алмас оңымды,
Жігіт болдым – бағаламас солымды,
Ештен - кешті жақсы көрген ұлт едік,
«Мезгілінен кеш сермедім қолымды».
Анау жақтан естілгендей асқақ үн,
Үстімдегі ауыр жүкті тастадым.
«Солай ғой...»-деп, өкінгеннен не пайда,
Ал соңыма қалар осы Дастаным:
Кейінгілер – мүмкін мені бағалар,
Көре алмаған - мүмкін мені табалар,
Арманым жоқ, бір кәдеге жарасам,
Жүректерге үміт отын жаға алар.
Сөкпе, ағайын, шаршады деп несіне,
Бұл Дастаным – Тәңірімнен несібе.
«Осындай бір ақын өткен екен...»-деп,
Кейінгі ұрпақ алар мүмкін есіне?..
Бұл –ақиқат, бермек бар да, алмақ бар,
Ұлылардың айтқанында салмақ бар.
Дер кезінде қолға алмадым бұл істі,
Кешір мені, ұлы Баба, Әруақтар?..
Жұмаш КЕНЕБАЙ КӨКБӨРІ,
10.07.2015 жылы интернетке қойылды.
қосымша жүктелген суреттері:

كەلۋ قاينارى: http://www.elarna.net/oku_kk.php?tur=11&id=918

Пікірлер:


Жазған лебізіңіз 300 еріптен аспасын!
tomendegi katekshege 99 dep jazingiz.
98 + 1 = ? sozsiz sifermen tolteringiz, aytpese pikir jaza almaymiz.

Көрші сілтемелер