Еларна қолфон нұсқасына ену

Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com




Түрі: Ел-арна газеті, бұл арадан барлық мақалаларын оқисыз

Жолданған уақыты: 08:48 - 2015/06/17

Қосымша қайнары:http://www.elarna.net/oku_kk.php?tur=11&id=876
Тоте жазу нұсқасы:http://www.elarna.net/oku.php?tur=11&id=876

توتە جازۋ نۇسقاسى:http://www.elarna.net/oku.php?tur=11&id=876

Мақала жолдаушы: Ерік
Мақала апторы: Шайтқазы зеинелқәзі ұлы, іле гәзеті
Аптордың мекен-жайі: Құлжа қаласы

«өркениет ــ қалалық мәдениет (страбон) , өркениет ــ тағылық пен жабайылықтан кеиінгі тарихи-мәдениі саты (л.мөргән) »[1] ؛ « қай бір ұлтты өркениетке жатқызу үшін оларда міндетті түрде қалалардың пайда болуы, жазбаша мәдениеттің дамуы, көлөнер мен сауданың өркендеуі, азаматтық қоғам мен мемілекеттің орнауы қәжет[2]. « халыққа баруға тиістілер кімдер ? халықтың зялылары, ойшылдары, сол халықтың таңдаулы адамдары. олар жоғары білім мен тәрбие алғандар, ...халыққа баратындар ــ міне осылар. зялылар да не бар ? зыялылар да өркениет бар, халққта мәдениет бар. олай болса зялылар халыққа мына екі мәқсәтпен баруы мүмкін: бірінші, халықтан ұлттық мәдениет тәрбиесін алу үшін, екінші, халыққа өркениет алып бару үшін»[3]. таңжарық осы екі шарттың да қәжетінен шыққан қазақтың өркениетті зялысы. ол өз ұлтының ұлттық мәдениет мүрәжәйінән меилінше сусындап, басқалардың өркениетін белсенділікпен қабылдап толық әзірлікпен халыққа барған ойшыл.
қазақтың көшпелі қоғамдық тұрмысын түбірінен өзгертіп, өркениетті ұлтқа айналдыру идеясін бірінші болып ортаға қойған адам ұлытымыздың ұлы ойшылы абай құнанбай ұлы болды. біз оның бұл туралы уәкілдік сипаттыбыр ақылясозын ғана алып талдау жасалық, ол :«қазақтың бірінің біріне қәскүнем болмағының, бірінің тілеуін бірі тілеспеитүғінінің, рас сөзі аз болатындығының, қізіметке таласқыш болатындығының, өздерінің жалқау болатындығының себебі не ? һамма ғаламға белгілі, дәнішпәндәр әлде қашан байқаған: әрбір жалқау кісі ــ қорқақ, қайратсыз тартады؛ әрбір қайратсыз ـــ қорқақ мақтаншақ келеді؛ әрбір мақтаншақ ـــ қорқақ, ақылсыз надан келеді؛ әрбір ақылсыз ـــ надан, арсыз келеді؛ әрбір арсыз жалқаудан сұрамсақ, өзі тойымсыз, өнерсіз, ешкімге достығы жоқ жандар шығады. бұның бәрі төрт аяқты малды көбеитеміннен басқа ойының жоқтығынан؛ өзге егін егіп, сауда, өнер, ғылым секілді нәрселерге салынса бұлай болмас еді. ол мал көбеисе малшыларға бақтырмақ, өздері етке, қымызға тойып, сұлуды жәйләп, үйрікті байлап отырмақ».[4]
абай осы ақылясында қазақтың мешеу, ұнамсыз қоғамдық психикәсін бес жаққа жинақтайды, олар: «быр-біріне қәскүнем болу», «бырының тілеуін бірі тілемеу», «рас сөзі аз болу», «қізіметке таласқыш болу», «өзі жалқау болу». осы бес түрлі етнөпсихикәнің (ұлттық мінез-құлық) әрқәйссі жеке-жеке ұқсамаған ұнамсыз қоғамдық мәселенің туылуына себеп болады. бұл туралы абайдың тұтас төвершестуәліқ еңбегінің кез келген жерінен тұсының жасауға болады. абай осы үшінші сөзінде аталған бес түрлі ұнамсыз етнөпсихикәнің ішінен тек «жалқаулыықты» ғана талдап алып, сол «жалқаулықтың» тудыратын қоғамдық кінәрәттәрі туралы талдау жасайды. айталық, ол: жалқаулықтан ــ қорқақ, қайратсыздық келіп шығады؛ қайратсыздықтан ــ қорқақ, мақтаншақтық келіп шығарады, мақтаншақтықтан ــ ақылсыздық келіп шығады, ақылсыздық ــ надандықтың белгісі, надан адам ـــ арсыз болады, арсыз адам ـــ сұрамсақ, тойымсыз, өнерсіз, ешкімге достығы жоқ жан болып шығады. осының барлығының түп себебі ــ жалқаулық, ал «жалқаулықтың» түп себебі ــ «торт аяқты малды көбеитеміннен басқа ойының жоқтығы,... мал көбеисе малшыларға бақтырмақ, өздері етке, қымызға тойып, сұлуды жәйләп, жүйрікті байлап отырмақ». ақын осында себеп-салдарлық байланысты қарастыратын лөгикәліқ әдіс бойынша талдау жасап, бір себептен көп салдарды келтіріп шығарған. осы көп салдардың тұп себебін: «торт аяқты малды көбеитеміннен басқа ойының жоқтығы» деп, көшпелі, меше қоғамдық тұрмыс тәсілінен қарастырған. десе дегендеи, төрт түлік малдың соңына еру ــ мал жәйілісінә еру деген сөз, мал жәйілісінә еріп барып төлдеген жерде сүтін ішіп, семірген жерде етін жеп, терісін кіиіп жүре беру малға сүйенген жалқаулықтың түп қазығы. бұл жұмыс іздеу емес, жұмыссыздық іздеу. жұмыссыз адам тәбиғи түрде жұмыс істеуді білмеиді, жұмыс істеуді блмеитін адамда өнер болмайды, өнерсіз адам үркек, қорқақ келеді, қорқақ адам өзін мықты көрсету үшін мақтаншақ болады, мақтаншақтықтың өзі ـــ ақылсыздық һам надандық болады؛ ақылсыз-надан адам тәбиғи түрде арсыз болады, арсыз адам сұрамсақ, тойымсыз, тиымсыз келеді, бар жұмысы қыдырып қымыз ішіп сөз қуады, көрген білгенін өсек қып айтып отырады. осылардың барлығы көшпенді шаруашылық барысында қалыптасып қалған етнөпсихикә. сондықтан абай: «өзге егін егіп, сауда, өнер, ғылым секілді нәрселерге салынса бұлай болмас еді»ــ деп, бұл ұнамсыз етнөпсихикәнің себебін көшпелі қоғамдық тіршілік тәсілінен іздестіріп, өркениетті қоғам құруды армандайды.
   19-ғасырдан бастап абай құнаннай ұлы бас болып, әқімет байтұрсұнов, ыбырай алтынсарыин, мағжан жұмабайов, меиіржәқіп дулатов, сұлтанмахмұт тұрайғыров, әсет найманбайов, таңжарық жолды ұлы қатарлы қазақтың ұлтжанды зялылары қазақтың мешеу қоғамдық санасын өзгертіп, өркениетті ұлт қатарына жеткізу жолында бастарын бай тігіп күрес жүргізді. бұлардың әр қайссы әр түрлі жолдар арқылы қазақты өркендетудің жолдарын қарастырды. олардың көбі ұлттық құқық мәселелері, оқу-ағарту, қоғамдық және отбасындық ахылақ, азаматтық қоғам, озық ұлттардың өркениетін қабылдау, өнер-былым үйрену, сауда жолын игеру, жалпы қоғамдық мәдениетті жақсарту қатарлы жақтарда ізденіп қыруар игі жұмыстар істеді. осылардың ішінде абай құнанбай ұлы мен таңжарық жолды ұлы екеуі қазақты өркениетке көшіру үшін әлдімен олардың мешеу өндіріс тәсілін түбірінен өзгерту керек деп қарады.
таңжарықтың «оқып көр гәзетімдәі», «көрмеген көрген күннен жақсы болсын», «быздың қазақ не ғып жатыр», «жастарға», «шын тілек», «ой толғау», «кеңес» қатарлы шығармалары абай құнанбай ұлының идеясімен барып тіл табысып, қазақ ұлттың дәстүрлі көшпелі қоғамдық тіршілік тәсілін түбірінен өзгетіп, өркениетке көшуді мақсат етіп жазылған туындыларр:
ол жарты ғасыр бұрын айтып кеткен абай сөзін әлі күнге құлаққа ілмеи келе жатқан қазаққа қатаң айтады :
қалың ел, қазақ енді аш көзіңді,
оқып көр гәзетіңді ـــ өз сөзіңді.
әділет, шындық жолын үйретеді,
ашады ашты шайдай аң-сезімді.
айнадай жарқыратып көрсетеді,
мін бар ма? қолыңа алып көр озыңды.
ақылды ауызша айтқан алмаушы едің,
сөзіне айтқан құлақ салмаушы едің.
қымызға шекең қызып алғаннан соң
пайдасыз бос мылжыңна танбаушы едің.

балаңды оқыт десе қашушы едің,
дау-жаңжал, шатақ жаққа басушы едің.
топ құру, мөрге талас бар өнерің,
малыңды бет-албаты шәшуші едің.
бұқадай күжіреиіп бір-біріңе,
өкіріп көк жәйләудә жатушы едің.

ол заман келмеске енді кетті деимін,
көз ашар заманымыз жетті деимін.
қалың ел, қазақ енді аш көзіңді,
надандық тұғырыңа жетті деимін.
демеңдер қашан айтты осы айтқаным,
ызасы надандықтың батты деимін.
оқып көр гәзетімді тағы менің,
жалынып қайта-қайта өтінемін!
   тәкең айтқан сөз тыңдамайтын, қымыз ішіп қыдырып, бос мілжіңмен көк жәйләудә күжіреиетін, қізіметке таласқыш, топ құрып бір-бірімен жәукөз боп жүретін қазақ мінезін қәзірде кезіктіресіз. абай айтқан: «етіңнен өткен, сүйегіңе жеткен, атадан мирас қалған, анаңның сүтімен емген надандық» (он төртінші сөз) жәйләғән қазаққа, енді тәкең: « қалың ел, қазақ енді аш көзіңді, надандық тұғырыңа жетті деимін»,ــ деп, батырып айтады. тұтас ұлт бітіміне бұлай сын айту ــ өзінде ұлт рухының жауһары бар адамның ғана батылы барады. албаты адамның бұлай айтуын ұлт мүшелері кешірмеяі. ситатқа алынған абай сөзі мен таңжарықтың сөзіндегі ортақтық ــ қазақтың қанына, тұғырына сыңып кеткен надандық. қанға сыңып кеткен әдет ـــ етнөпсихикә формасында беинеленеді. етнөпсихикә қоғамдық сана кәтегөрясінә жатады, ол ұлттың жалпы қоғамдық сананың төменгі қабаты болып, бір ұлттың мәтерялдіқ өндірісімен іштеи байланысып қалыптасқан, сол ұлыттың қоғамдық болмысы жағынан белгіленген тұтас қоғамдық санасының бастау көзі. м: қазақтың малжандылық, меимәнқөстіқ, қымыз құмарлық, етқүмәрліғі؛ кең дала, жасыл жәйләу, отар-қыстау, көгәрәй көктеу, қоңыр салқын сары күзді жақсы көруі؛ қазақи әдет-салт, ойын-сауық, киім-кешегін жақсы көруі ــ бәрі ортақ ұлттық етнөпсихикә көлеміне жатады. ал оның ұнамсыз жағына да дәл сондай ұйрылып тұратын жағы болады. бұл туралы бір мисал алсақ жеткілікті, мисалы, ұрлықтың түрі көп болсада қазақтың ұрылары көбінесе мал ұрлауды жақсы көреді. абай мен таңжарық шығармаларында қазақтың ұнамсыз етнөпсихикәсінә тән көрсеткіштерден ұрлық, өтірік, өсек, мақтан көп айтылатыны да содан. өркениетті ұлттарда мұндай ұнамсыз қылықтар болған күннің өзінде өркениет өресіне байланысты байқалады. ақын «көрмеген көрген күннен жақсы болсын» деген өлеңінде:
бөктерлеп тау жағалап жұрсың көшіп,
ұрлық пен өсек, өтірік, мақтан десе,
құлағың мұны ұғарға қандай тесік.
‹пәлемді сүйтемін› деп күжігенде,
кетесің темір тұрды қөлмен шешіп,

ұқпасаң ұғар күнің келді қазақ,
көрдің бе өзің сынды елді қазақ.
таста да надандықты кел қатарға,
ел болып есіңді жи енді қазақ.
ــ деп жазады. тәкең қазақтың көшпенді тұрмыс тәсілінің жақсы жағынада баға берген, «кеңес» деген өлеңінде:
ойнаған өр киіктеи қайран қазақ,
салқын су, тұнық ауа, таза ағында,
жоқ емес кеибір жақсы қылықтары,
жүрседе басқалардың мазағында,
жаз жәйләу, бағылан еті, сары қымыз,
қызықты қізбен жігіт базары да
бірәқ, оның уақты абай дәуірінен бастап өте бастаған еді, таңжарық дәуіріне келгенде шегіне жетті, қазыр пайда беруден мүлде қалды. тау сағалап көшіп-қонып жүрген шаруашылық тәсілінің рухани жақтағы теріс беті, ұнамсыз жағы ـــ жалқаулық, қізіметке таласқыштық, бір-біріне қастық сайлау, ұрлық, өсек, өтірік, мақтаншақтық, арызшылдық, бос сөзге құлақ түргіштік сяқты толып жатқан ұнамсыз психикәліқ кемелсіздік. бұл баз-баяғысындай өмір сүріп отыр. үйткені, рухани құбылыстың өзгерісі мәтерялдіқ болмыс өзгерісінен кеиін қалып отырады. сондықтан бұл заңдылықты әлдімен зялылар ұғынып, өзін заман ауқымына сәйкестіріп, ұлттың рухани болмысына бұрылыс жасауға құлшыну керек. ақын «быздың қазақ не ғып жәтір»деген өлеңінде:
бұл өмір бір күн өтсе отып жатыр,
талпынған талабына жетіп жатыр.
байқасам қаладағы ел алға кеткен,
қырдағы біздің қазақ не ғып жаты?
   
    сөз ұғып неге қазақ серпілмеиді,
    шығып ап тау басына желпінбеиді.
    өнер білім жағынан қабары жоқ,
    жаңғырса тастан дауысы селкілдеиді.
   
    қазақ жұр ебелектеи көшіп-қонып,
қуаттар бір ісі жоқ тұрған оңып,
    өзеннің өрім талын кесіп алып,
    отырар тесіп-көктеп уық жонып.
    керпіштен жанға рахат үй салғызбай,
    отырар киіз үйде қыстай тоңып.
    жазды күн қымыз ішіп еліргенмен,
    өкпесі суық түссе қалар солып.
    жасайды ең ұстасы астау шелек,
    ағашты ыңғырулап ішін ойып.
   
    білгендер машинаны мықтап бұрап,
    венттері күннен күнге бекіп жатыр.
    ет сыздап денесіне бөрткен шықса,
    ем қылып, дәрі тауып, шетіп жатыр.
    ақылсыз, айласы жоқ, аңқау елдің,
    ісі ақсап алға баспай шекіп жатыр.
    қазақтың қолдан келген бар өнері,
    мал сатып, шәй-тұз алып кетіп жатыр.
өлеңнің өзін қайталай тұсындырып отырудың қәжеті жоқ. абай да қазақтың бұл жақтағы жетерсіздігін жеріне жеткізе айтқан болатын. бірәқ, абайдың айтқаны өз дәуірінің реәлінә үйлес келетін өркениет идеясі еді. абайдан соң жарты ғасыр өткенде дүниелік қоғамдық өркениеттің дамуы мен қазақтың қара салпаң көне тіршілік тәсілі арасында тағы да баз-баяғысындай қайшылық өмір сүріп жатты. тпты кеибір жақтары барған сайын ұлғайып кетті. бұл реәлдіқті байқаған екінші ұлтжанды кемеңгер ақын таңжарық жолды ұлы болды деп кесетіп айтуға болады. осы түйіннен алғанда, таңжарық абайды өз ізімен қайталап отырған жоқ. қайта абай идеясін күн сайын жаңарып отырған қоғамдық өркениетпен бірлестіріп, жаңа тәсіл арқылы өріс ашып жаңалық қосып, абай айта алмаған жаңа мәзмүндәрмен абайдң өркениет арманын кемелдендірді. мисалы, басқалар венттерін күннен күнге бекітіп, машиналы өндіріске өтіп кетті؛ дауалау-денсәуліқ сақтау техникәсі дамып жатыр؛ біздің қазақтың күні бүгінге деиінгі бар өнері көшпенді тіршілік тәсіліне байланысты қалыптасқан «тесіп-көктеп уық жону», ең ұста дегені «астау, шелек жасау»؛ кірпештен жанға жәйлі үй салып алуды білмеиді, жазды күн қымыз ішіп еліргенмен, киіз үйде қыстай тоңып, өкпесі суықтан солып отырады ــ деиді. міне бұл таңжарық дәуіріндегі дамыған жаңа қоғамдық өркениеттен алшақ жатқан қазақтың қара салпаңы.
    тағысы болып алдың таудың қазақ,
    жәямен дәмін татып жалдың қазақ.
    құзғындай құзар шатқа ұя салған,
    әр сайға бірден қора салдың қазақ.
    үстіп-ақ жабайы боп өтемісің,
    ішінде қарағай мен талдың қазақ?
    заманы електір мен келді атомның,
    бұл кезде жүгірмесең қалдың қазақ.
   
    жер жүзі бет алғанда өнер жаққа,
    сен жүрсің мойын созып өлер жаққа.
    бықсыған сай-сайдағы жанған отың,
    ол дағы беиім боп тұр сөнер жаққа.
   адамзат өркениет тарихында ерекше зор бетбүріс әкелумен ерекшеленген 20-ғасыр қазақ халқының рухани әлеміне де елеулі өзгеріс ала келсе болар еді.бірәқ, бұл бетбүрісті елімізде «үрсәــөліп, жықса ــ жатып, мінсе ــ желген» қарапайым тау қазағы сезіну былай тұрсын, оның оқыған зялылары ішінде таңжарықтан өзге сезіне алғаны жоқ. таңжарық бұл дәуірді «електір мен атом заманы»ــ деп қортындылады.
    қылады қазақ тәубә қар жауғанда,
    айрылар тәубәсінән қой сауғанда.
    құдайын тіпті ұмытып кетеді екен,
    жәйләудә қымыз ішіп, есі ауғанда.
   
    елдің де естісі бар, есері бар,
    өзгеден өнеге алып өсері бар.
    ежелден «айт» деп қойып тыңдамайтын,
    қазақтың жүген ауыз кеселі бар.
    тыңдаушы құй тыңдасын, тыңдамасын,
    өзіндік айтушының есебі бар.
бұл қазақтың ұзын-сонар көшпенді тұрмыс барысында қалыптастырған тіитік қоғамдық (ұлттық) психикә белгілері. шынында бұрынғы көшпенді қазақ сезімдік түйсікке сүйеніп тіршілік етіп келген. қар жауғанда құрқыныш билеиді, көктемде қой сауғанда онысын ұмытады, жәйләудә қымыз ішкенде мүлде ұмытып кетеді. бұл сезімдік түйсік төңерегінде шыр айналу болып табылады. әнтек ақылға салып ойлауға шамасы жетпеиді. ақын «ой толғау» деген өлеңнде:
біздің жұрыт айтпай білмес, ашпай көрмес,
    сезбеиді айтқан сөзді пернеменен.
    шынында байқамаса ұға алмайды,
    ұқпаса қатты ұңылып зердеменен.
    қақсаған қазақ үшін толып жатыр,
    ешкімге жұғымы жоқ жел недеген,
    неткен ел ойы сұйық, қырпуы жоқ,
    иілмеи қатып қалған бел недеген.
    айтқаны абай аға тағы барـау:
    сөзіңді ұқпағанға берме деген.
   абай мен таңжарықтың ұлт тану туралы ой сабақтастығы осылай бір жерден шығады. әр екеуі де таным заңы тұрғысынан ұлтқа баға береді. әрқәндәй зат құблыс пен мәннің бірлігі, осыған орай адамның танымы да сезімдік таным мен ақылдық танымның бірлігінен тұрады. сезімдік таным сәйкесті түрде заттың сыртқы құбылыс-көрінісін ғана тікелеи беинелеиді. ақылдық таным заттың мәнін, ішкі байланыстарын беинелеиді. таңжарық біздің жұрт заттың сыртқы көрініс-құблысын ғана сезіне алады, «перделеп аятқан сөзді ұқпайды, ұқпаса ұғып алайын деп ізденбеиді»ـ деиді. абай: «мал да да бар жан мен тән, ақыл-сезім болмаса, тіршіліктің несі сән, тереңге бет қоймаса»-деп жазады. ол жиырма төртінші қара сөзінде: «быздың қазақтың достығы, дұшпандығы, мақтаны, мықтылығы, мал іздеуі, өнер іздеуі, жұрт тануы ешбір халыққа ұқсамайды. бірімізді біріміз аңдып, ұрлап, кірпік қақтырмай отырмыз. үш мылионнан халқы артық дүниеде бір қала да бар ,дүниенің бас-аяғын үш айналып көрген кісі де толып жатыр. үстіп, жер жүзіндегі жұрттың қоры болып, бірімізді біріміз аңдып өтеміз бе? жоқ, қазақ ортасында да ұрлық, өтірік, өсек, қастық қалып, өнерді, малды түзден, бөтен жақтан түзу жөлмен іздеп, өрістерлік күн болар ма екен»ـ деп жазады. таңжарық:
    біздің жұрт ақыл сөзді алған емес,
    бүгінгі естігені ертең ұмыт,
    миына бір орнығып қалған емес.
    өтірік, мақтан, өсек, айла-қулық,
    жолында тағы шаршап, талған емес.
    жан салып жалған десе, арын сатып,
    шын сөзге мойын салып нанған емес.
    жүгініп сойыл-шоқпар, қара күшке,
    алысып-жұлысудан танған емес,
    түртпектеп,бірін-быры шұқылаған,
    осылғыр «ойыны» бір қанған емес.
    әуеден сол себепті нұр төгілсе,
    қазаққа бір тамшысы тамған емес.
    ел болып ережеге енеиін деп,
    қатарға қалпын бұзып барған емес.
    ел болып, еркін алып, берекелі,
    қараса бір ауызға арман емес.
   ұлттардай басқа, түрлі өнеркәсіп,
   завотты ойына алып салған емес.
   
   келгенде өзді-өзіне қандай мықты,
   атанып батыр, балуан даңқы шықты.
   істемеи ол қара күш бұл заманда,
   құр қалып, қарға көрсе қойдай ықты.
   ــ деиді. осы өлеңінде таңжарық қазақтың тіршілік тәсілі мен таным түйсіктеріне, қоғамдық мөрәл құрылысы мен ұлттық мінез құлықтарына кеңінен толғаныс жасай отырып, абайдан бастап қазақты құтқаруға кіріскен ұлтжанды әрдәгерлердің құлшыныстарға шағын қортынды жасайды :
    әбәкең әлде қашан айтып өткен,
    кәнеки мына ақылын қайсысы ұқты:
   быр қазақ айтқан сөзін ұқпаған соң,
жағын жар, тілін кез қып кеткен ‹қош› деп,
әқімет атын бұзып болды маса,
сөз жазды қос қыртысты беті таса,
жазылды меиржәқіптән ‹оян қазақ›,
ескерді оны қашан ноян қазақ?
таралды шәкерімнен ‹қазақ айна›,
қай қазақ оны оқып алды пайда.
әсет те талай сөзді әнмен салған,
ән салып талай жерге өзі барған,
алтынсариын ‹оқы›, деп әйтқәнімен,
оқуды тастап қазақ айранды алған,
бертінде сұлтанмақмұт не деп еді,
ар ұждан, намыс деген қайда
соларды біле тұра кім қозғалды,
мінеки осы емес пе іштегі арман.
мен дағы ‹шын телек› деп қойдым жазып,
сол болды қарастырып тапқан айлам.
   сол сөздер ешкім ұқпай қараң қалды,
   қазақта сөз ұқпайтын сараң қалды.
   алданып шынға сенбеи адасқан ел,
   қақтығып тәумен тасқа арандалды.
   енді кім біздің сөзді алар деисің,
   айтқаннан басқа амал жоқ бар арманды.
көріп отырғанымыздай, абайдан соң қазақ туралы ең көп бас қатырған адам таңжарық болды. ол қазақ айтқан сөзді ұқпасада айта беруді дұрыс жол деп таңдайды: «мен дағы ‹шын телек› деп қойдым жазып, сол болды қарастырып тапқан айлам» ــ деиді. демек, таңжарық ұлтжанды кемеңгер ақын. оның өн бойына ұлттық рухтың жауһары ұялаған. оның ұлтты сындауы өз ұлтын меилінше сүйгендігінің белгісі. өзін тани білген адам ғана өзін сүйе біледі, таңжарық өз ұлтының ұнамсыз жақтарын сөге де білді, оның абзал қәсиеттерін көре де білді :
    елімді сөкпеиінші бұдан артық,
    үйректеи жүзуші едім, қаздай қалқып,
    күндерді ойлап кетсем елде жүрген,
    еріксіз егілемін естен танып.
    жарамас кешке деиін елді сөккен,
    орынсыз білгіштеніп, мінін айтып.
   
    егерде бәрі білмес болса тақыр,
    таңжарық саған келген қайдан ақыл.
    еліңнің кемістігін сөге бермеи,
    онан да бостандыққа ұран шақыр.
   
    сүрініп аз болмады жығылғаның,
    жөн еді соны біліп ұғынғаның.
    бірігіп бірлік қылсаң бәрің тееіс,
    кетеді маңдайдағы сорың қалың
   
    бірі мен сол қазақтың жүрген азып,
    құрғақтан су таба алмай құдық қазып.
    түзеліп енді қазақ ел болар деп,
    үмітпен асқар таудай кетем жазып.
   абай: «осы мен өзім ــ қазақпын. қазақты жақсы көрем бе, жек көрем бе? егер жақсы көрсем қылықтарын қостасам керек еді.... жек көрсем ـــ сөйлеспесем, мәжілістес, сырлас, кеңестес болмасам керек еді. тойына бармай, ‹не қылды, не болды, демеи› жату керек еді, ол мүмкін болмаса, бұлардың ортасынан көшіп кету керек еді. бұларды жөндеимін деуге, жөнделер, үйренер деген үмітім жоқ»ــ деиді. абай ұлтын сүйгенімен үмітсізденеді, ал тәкең: «түзеліп енді қазақ ел бөләр»деп, « шын тілегін» жазып, асқар таудай үметпен қарайды.
   ــــــــــــــــ
[1] [2] («қазақ өркениеті», еренғәйіп сәліп ұлы омаров, ұлттар баспасы12-бет, 2008-жыл»)
[3]«абай ақылялары» үшінші сөз , ұлттар баспады,2008жыл
[4] ( түрікшілдіктің негіздері » зя көкәліп, алматы « «мереи» 2000 жылғы басылым -бет 32 36
қосымша жүктелген суреттері:

كەلۋ قاينارى: http://www.elarna.net/oku_kk.php?tur=11&id=876

Пікірлер:


Жазған лебізіңіз 300 еріптен аспасын!
tomendegi katekshege 99 dep jazingiz.
98 + 1 = ? sozsiz sifermen tolteringiz, aytpese pikir jaza almaymiz.

Көрші сілтемелер