Еларна қолфон нұсқасына ену

Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-10-19729232138 %62 %
2019-10-20937296235 %65 %
2019-10-21821284855 %45 %



Түрі: Ел-арна газеті, бұл арадан барлық мақалаларын оқисыз

Жолданған уақыты: 08:18 - 2015/06/17

Қосымша қайнары:http://www.elarna.net/oku_kk.php?tur=11&id=866
Тоте жазу нұсқасы:http://www.elarna.net/oku.php?tur=11&id=866

توتە جازۋ نۇسقاسى:http://www.elarna.net/oku.php?tur=11&id=866

Мақала жолдаушы: Ерік
Мақала апторы: Шайтқазы зеинелқәзі ұлы, іле гәзеті
Аптордың мекен-жайі: Құлжа

: PDF Download - Жұктеұ - Скачать - ءتۇسىرۋ


Абайша адам писихикәсінің өбиектвтілігі және нсезімдік таным формалары

писихикә адам миының фөнктсясі болып, ол адам миында өздігінен туылмайды. адам миы тек писихикәні тудыратын физөлөгяліқ негіз есептеледі. жалаң физөлөгяліқ негізден писихикә да, сана да туылмайды. адам миы беине мәнерлеу заводы секілді, оған шикі мәтерялдәр мен жартылай өңделген бұйымдар өбиектив дүниеден келеді. адамдар қоғамдық амалят барысында сыртқы өбиектив дүниемен араласады, адам миы және оның меңгеруіндегі басқа беинелеу мүшелері өбиектив дүниемен байланысқанда ғана писихикә немесе сана туылады. мәркс: «идея дегенімізــ адамның ойына (миына) келген және сонда қайта жасалып шыққан мәтерялдіқ нәрседен басқа дәнеңе емес» ①деиді. ленин: «түйсік өбиектив дүниенің яғни дүниенің озының сөбиективтік образы » ②ـ деиді. бұдан сана немесе писихикә тек физөлөгяліқ барыстың ғана туындысы емес, оған қоса өбиектив болымыстың субиектив сәулесі екендігін көруге болады. міне бұл адамның рухани қимылының мәні болып табылады.
философялық таным назарясы ғылми писихөлөгянің, адамның писихикәліқ барысы мен физөлөгяліқ барысы жөніндегі қағидасына негізделіп, субиектив обыраз ретіндегі сананың өбиектив дүниемен болған қатынасын түбегеилі мойындап, осы негізде сана формаларының даму бетәлісін баяндайды.
абай жетінші қара сөзінде және осы сөзімен желілес байымдалатын басқа барлық шығармашылық егбектерінде, сана туылуының физөлөгяліқ мехәнизмі мен адам писихикәсінің мәнін хаюанат қимылы мен адам писихикәсін салыстыру арқылы белгілі ғылми негізбен шешу мақсатына жетеді. оның үстіне сананың мәні жөніндегі осы бір келелі философялық мәселені сана туылуының жаратылыстық алғы шарты ретіндегі физөлөгяліқ және писихикәліқ барыс пен ғана шектеп қоймай, оның мазмұнының өбиективтілігін, өбиектив дүниеден келген таным төмен сатыдан жоғары сатыға, қарапайымдылықтан күрделілікке, таяздан тереңге қарай дялектикәліқ даму барысында болатындығын баяндайды. сөйтіп, дәнішпән ойшылдың тұтас жасампаздық жүйесі адамға писихикәліқ жақтан анализ жүргізу негізіне құрылып, философясы писихикәліқ философя сипатын алады. бұлай болатыны адамзаттың таным барысын физөлөгяліқ, писихөлөгяліқ жақтан тексеру оны осы арнаға түсірген. адамды писихөлөгяліқ жақтан тексеру оның философядағы орнын да таным теөрясінән тянақ таптырған. ол озының писихөлөгя ғылымы негізіне сүйенгендіктен де адамзат танымының пайда болу, даму барысын ғылми тұрғыда ортаға қоя алады. бұл оның ең әуелі адамның арқайсы сезім мүшелерін өбиективтік дүниемен байланыстырып, сананың беинелеу формаларынан алғанда субиектив болатындығын, беинелеитін өбиекті мен мазмұнынан алғанда өбиектив болмыс екендігін؛ сойтып, адам санасы өбиектив болымыстың субиективтік обыраз екендігін дәп басып дәлелдеуіне мүмкіндік береді. осыған орай біз оның адамның писихикәліқ барысының өбиективтілігі негізінде сана формаларының дамуын байымдаған ғылми таным назарясын дәлелдеуге әбден мөмкіндік аламыз, абайдың қырық үшінші қара сөзі, жетінші қара созының заңды жалғасы болып келеді. жетінші қара сөзінде адам писихикәсінің мәнін түсіндірсе, қырық ұшыншы қара сөзінде адам писихикәсінің барысын және оның өбиективтілігін түсіндіреді. «адам баласы екі нәрсемен, бірі ــ тән, бірі ـــ жан», ــ деп бастайды қырық үшінші қара сөзінде. бұл жерде баяндамақшы болған көз қарасының талабына сай жетінші қара сөзіндегі жан мен тәнге қосып қолданған «құмарлық» деген ұғымды қолданбайды. өйткені, дәнішпән ойшыл бұл арада адам писихикәсінің мәні емес, оның барысын баяндамақшы: «осы жан мен тән орталарында болған нәрселердің қайсы жибли (ерексіз болатын талап) қайсысы кәсіби (еңбекбен табылатын нәрсе) , оны білмек керек. ішсем, жесем демектің басы ــ жибли, ұйықтамақ та соған ұқсайды. аз ба, көп пе білсем екен, деген тілек, бұлардың да басы ــ жибли» (қырық үшінші сөз) ــ деиді. жетінші қара сөзінде «тан құмары» және «жан құмары» деген ұғымды сана туылуының физөлөгяліқ мехәнизімі тұрғысынан ғылми писихөлөгядәғі «рефлекстік қимыл» ұғымы орнында қолданып, сананың мәнін байымдаса, ал қырық үшінші қара сөзінде осы жан мен тән орталарында болатын ــ « жибли» және «кәсіби» ұғымы арқылы оның ілгерлеу барысын баяндайды.
әсілі абайдың«тан құмары» мен «жан құмарында» паволовша (шартты және шартсыз рефлексте) танымның сезімдік сатысынан тартып, ақылдық танымның әбстрәктсяліқ ойлау, жинақтауға деиінгі мазмұндары қамтылатындығы бізге белгілі. абай осы бір тұйынды ескере отырып, әр екі құмарлықтың да баста көзін, яғни шартсыз рефлекс шартты рефлекстің бірінші сигінәл жүйесіне деиінгі барысты ـــ« жибли» деп атайды. бұл писихикәліқ қимылдың жалпы барысынан алғанда таным, сезім, ерік ــ үшеуінің жалпы атауы есептеледі, ал философялық таным назарясы тұрғысынан алғанда түйсік, сезім, елестің жалпы атауы болып табылады. еріксіз болатын талап тұрғысынан талдау жасасақ өбиективтік өбиекттің әсер етуінен туылған тіке түйсік деуге болады. қырық үшінші сөзінде : «ақыл, ғылым бұлар кәсіби» деп оны өз алдына ақылдық таным ретінде қоя тұрып, онан соң «жибли» төңірегінде арнаулы байымдау жасайды. бізде сол реті бойнша оның «кәсби» ұғымын тұсынудың алдында «жибли» іне талдау жасалық: « адам баласы көзбен көріп, қүләқпенен естіп, қөлменен ұстап, тілмен татып, мүрінмен иіскеп тыстағы дүниеден хабар алады»ــ деиді (қырық үшінші сөз) . бұл жерде ол сезімдік танымның төменгі сатысы болған адамның бес сезім мүшелерін жеке-жеке атау арқылы, олардың әр қайсысының өбиектив дүниемен байланысу барысындағы ролдары арқылы туылған заттардың сыртқы құбылыс, көріністері жөніндегі тікелеи тәжірибелері мен алғашқы таным нәтижелерін: «тыстағы дүниеден хабар алады» деп жинақтайды. бұл жерде алынған қабардың қайнары да, мазмұны да өбиектив болатындығын мойындайды. оның адам бес сезім мүшелері арқылы « тыстағы дүниеден қабар алады» дегені біз әдетте қолданып жүрген сезімдік танымның төменгі сатысы «түйсінеді» дегенмен мазмұн жағынан да, ұғым жағынан да парықталып тұрған жоқ, сондықтан, абай бұл жерде сезімдік танымның түйсік сатысын түсіндірген деуге болады.
бес сезім мүшелері арқылы«тыстағы дүниеден хабар алады» деген соң абай таным барысының тағы да тереңдеу қозғалысы болатындығын ашып береді: «ол хабарлардың ұнамдысын ұнамды қәлпімен, ұнамсызын ұнамсыз қәлпімен әр нешік өз суретімен көңілге түсіндіреді» (қырық үшінші қара сөз) . сезімдік танымның екінші сатысы сезім ( қабылдау деп те аталады) түйсіктің топталуы арқылы барлыққа келеді. яғни әр қайсы түйсік мүшелері топтала келіп, заттардың тұтас тұлғалық обыразын беинелеиді. абайдың «ұнамды, ұнамсыз хабар» деп отырғаны да, әрқәйсі түйсік мүшелерінің сыртқы өбиектив дүниеден түйсінген нәрселерін топтап, біріктіру арқылы қалыптасқан заттың тұтас тұлғалық образының сыртқы ұнамды- ұнамсыз көшірмесі болып, мұны абай : «өз суретімен көңілгі түседі»,- деиді. бұл жерде сезімдік танымның екінші сатысы ــ сезімнің фөнктсясі айқын түсіндірілген. адам миының писихикәліқ барысы тұрғысынан айтқанда, сезім (қабылдау) танымның барысы ретінде түйсіктің хабар- ошарын негіз ететін, білім- тәжірибенің қәтісіуімен адам миының өңдеуінен өтетін, «ұнамды, ұнамсыз» деп парықтай алатын барыс болып табылады. сондықтан, абайдың осы орында қолданған «көңілге түсіру» дегенін сезімдік танымның екінші сатысы _ сезімнің яғни қабылдаудың абайша аталуы деуге болады.
абай «көңілге түсетін» нәрсе өзінің алдында болып өткен тікелеи тәжірибемен байланыста бөлумен бірге, ол және де барынша тіке, нақты, ақылдық өреге жетуге септігі тиетіндеи дәйекті болу керек деп қарайды. олай болмағанда, ол құлаққа жат естіледі, өңәйліқпен ұғыла қоймайды, ақылдық танымға қарай ілгерлеуге мүмкіндік болмайды деп біледі. оның бұл көзқәрәсі қара сөздерінен сырт өлеңдерінде де қайшылықсыз беинеленеді. мысалы «мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» деген өлеңінде:
түзу кел, қисық_ қыңыр, қырын келмеиді,
сыртын танып іс бітпес, сырын көрмеи.
шу дегенде құлағың тосаңсиды,
өскен соң мұндай сөзді бұрын көрмеи.
таң қаламын алдыңғы айтқанды ұқпай,
және айта бер деиді жұрт тыным бермеи, _ деиді.
міне бұл, адамның сезімдік танымы ақылдық ойлаудың меңгеруінде болатындығын әрі зеиін қуатты шоғырландырмаса ақылдық ойлауға жетуге болмайтындығын аңғартады. бұл беине жүңгөнің ерте заманғы философы шұнзының: «адамда сезім мүшелері бөлғәнімен егер назары басқа жаққа аударылса, адам көз алдыдағы ақ пен қараны парықтай алмайды, құлағының түбінен күбірлеген күйді де естімеиді» ① деген әйгілі сөзімен үндесіп жатқан танымның писихикәліқ даму барысын меңзеиді. қырық үшінші сөзіне қайта оралсақ: «ол көңілге түсіруші бағанағы бес нәрседен өткен соң, оларды көңілге жәйғәстіріп суреттемек»,_ деиді. сезімдік танымның жоғары сатысы, ақылдың танымның өркені болған « елес» ــ түйсік пен сезімнің заттардың тұтас тұлғалық образын қайталай көз алдыға елестетуді көрсетеді. егер көңілде жәйғәстіріліп суреттелмесе қайталай көз алдыға елестетуге болмайды. сондықтан да абай: «көңілге түсіруші бағанағы бес нәрседен өткен соң, оларды көңілге жәйғәстіріп суреттемек» деп жазады. сонда бұл сатыға жеткендегі «суреттемек» көңілге түскен нәрсенің жәй ғана қарапайым суреті емес, қайта бір адым ілгерлеп реттелген, көңілде қайталанып барып, жәйғәстіріліп орын алған суреттемек болып, елестің ролы мен оқсас мағынаға ие.
писихикә ғылымының жетегінде деиіс абай танымының дялектикәліқ дамуын осындай үш сатыға бөліп, оның тереңдеу бетәлісі арқылы заттың құбылысынан өтіп мәнін игеруге болатындығын аңғартады әрі еріксіз талап ретіндегі«жибли» ұғымын жанға тәуелдеп, оған «қуат» деген ұғымды қосып, жоғарыда өзі баяндап өткен«хәбәр алады» , «көңілге түсіреді», «көңілге жәйғәстіріп суреттеиді» деген үш сатыны жинақтап: «бұлар жанының жибли қуаты» деиді. бұл үш саты абайдың қарауынша адам жанының сезімдік таным сатысы болып табылады. ол «жанының жибли қуатының» жоғары сатысы «көңілде жәйғәстіріп суреттемек» деген сатыға жеткенде: « ұмытпастық, жақсы нәрседен көңілге жақсы нәрсе пайда болады, жаман нәрседен көңілге жаман нәрсе пайда болады» (қырық үшінші сөз) деп, сезімдік танымның жоғары сатысында адам ойына сыртқы болмыстан әсер еткен нәрсенің сипаты қандай болса, пайда болатын елесте сондай болатындығын, ұмтпастықта осы сатыда жүзеге асатындығын айтады. өйткені, адам ұмытпағанда ғана елестете алады.
демек абай ұғымндағы «жанның жибли қуатының» үш сатысы, меилі философялық таным назарясы немесе ғылми писихөлөгяліқ таным барысы жөнінен алғанда да әлі де ақылдық танымның табалдырығындағы таным барысы болып табылады. өйткені, абай: «бұл қуаттар әуелде кішкене ғана болады, ескерген адам үлкеитіп, ұлғайтып, бұл қуаттарды зор айтады» деиді . ( қырық үшінші сөз) демек, адамзаттың таным барысы әсте сезімдік тәніммен ақырласпайды, оның сөзсіз ақылдық танымға қарай бет алатын кең өрісі болады, оны ескеру, ұлғайту адамның өзінің сөбиектив құлшынуына байланысты болады: «егер ескерусіз қалса, ол қуат жойылады, тіпті, жойылмаса да мардымсыз ешнәрсе қалмайды, ол ешнәрсегеде жарамайды». (қырық үшінші сөз) міне бұдан біз сезімдік таным ақылдың танымға көтерілмегенде адамзат үшін ешқәндәй пайдалы маңызының болмайтындығын ұғынамыз.
ــــــــ
пайдаланылған мәтерялдәр:
① «мәркс- енгелс таңдамалы шығармалары» , ханзуша , 2- том, 217-бет.
② «ленин таңдамалы шығармалары», ханзуша ,2- том217- бет.
③ «мәркстің философя қағидалары» , іле халық баспасы,235- бет.
қосымша жүктелген суреттері:

كەلۋ قاينارى: http://www.elarna.net/oku_kk.php?tur=11&id=866

Пікірлер:


Жазған лебізіңіз 300 еріптен аспасын!
tomendegi katekshege 99 dep jazingiz.
98 + 1 = ? sozsiz sifermen tolteringiz, aytpese pikir jaza almaymiz.

Көрші сілтемелер