Еларна қолфон нұсқасына ену

Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com




Түрі: Ел-арна газеті, бұл арадан барлық мақалаларын оқисыз

Жолданған уақыты: 06:57 - 2015/06/17

Қосымша қайнары:http://www.elarna.net/oku_kk.php?tur=11&id=853
Тоте жазу нұсқасы:http://www.elarna.net/oku.php?tur=11&id=853

توتە جازۋ نۇسقاسى:http://www.elarna.net/oku.php?tur=11&id=853

Мақала жолдаушы: Ерік
Мақала апторы: Шайтқазы зеинелқәзі ұлы, іле гәзеті
Аптордың мекен-жайі: Ұрымжы

«өркениет ــ қалалық мәдениет (страбон) , өркениет ــ тағылық пен жабайылықтан кеиінгі тарихи-мәдениі саты (л.мөргән) »[1] ؛ « қай бір ұлтты өркениетке жатқызу үшін оларда міндетті түрде қалалардың пайда болуы, жазбаша мәдениеттің дамуы, көлөнер мен сауданың өркендеуі, азаматтық қоғам мен мемілекеттің орнауы қәжет[2]. «халыққа баруға тиістілер кімдер ? халықтың зялылары, ойшылдары, сол халықтың таңдаулы адамдары. олар жоғары білім мен тәрбие алғандар, ...халыққа баратындар ــ міне осылар. зялылар да не бар ? зыялылар да өркениет бар, халққта мәдениет бар. олай болса зялылар халыққа мына екі мәқсәтпен баруы мүмкін: бірінші, халықтан ұлттық мәдениет тәрбиесін алу үшін, екінші, халыққа өркениет алып бару үшін»[3]. таңжарық осы екі шарттың да қәжетінен шыққан қазақтың өркениетті зялысы. ол өз ұлтының ұлттық мәдениет мүрәжәйінән меилінше сусындап, басқалардың өркениетін белсенділікпен қабылдап толық әзірлікпен халыққа барған ойшыл.
1. таңжарықтың өрениетке бару жолы
қазақтың көшпелі қоғамдық тұрмысын түбірінен өзгертіп, өркениетті ұлтқа айналдыру идеясін бірінші болып ортаға қойған адам ұлытымыздың ұлы ойшылы абай құнанбай ұлы болды. біз оның бұл туралы уәкілдік сипаттыбыр ақылясозын ғана алып талдау жасалық, ол :«қазақтың бірінің біріне қәскүнем болмағының, бірінің тілеуін бірі тілеспеитүғінінің, рас сөзі аз болатындығының, қізіметке таласқыш болатындығының, өздерінің жалқау болатындығының себебі не ? һамма ғаламға белгілі, дәнішпәндәр әлде қашан байқаған: әрбір жалқау кісі ــ қорқақ, қайратсыз тартады؛ әрбір қайратсыз ـــ қорқақ мақтаншақ келеді؛ әрбір мақтаншақ ـــ қорқақ, ақылсыз надан келеді؛ әрбір ақылсыз ـــ надан, арсыз келеді؛ әрбір арсыз жалқаудан сұрамсақ, өзі тойымсыз, өнерсіз, ешкімге достығы жоқ жандар шығады. бұның бәрі төрт аяқты малды көбеитеміннен басқа ойының жоқтығынан؛ өзге егін егіп, сауда, өнер, ғылым секілді нәрселерге салынса бұлай болмас еді. ол мал көбеисе малшыларға бақтырмақ, өздері етке, қымызға тойып, сұлуды жәйләп, үйрікті байлап отырмақ».[4]
абай осы ақылясында қазақтың мешеу, ұнамсыз қоғамдық психикәсін бес жаққа жинақтайды, олар: «быр-біріне қәскүнем болу», «бырының тілеуін бірі тілемеу», «рас сөзі аз болу», «қізіметке таласқыш болу», «өзі жалқау болу». осы бес түрлі етнөпсихикәнің (ұлттық мінез-құлық) әрқәйссі жеке-жеке ұқсамаған ұнамсыз қоғамдық мәселенің туылуына себеп болады. бұл туралы абайдың тұтас төвершестуәліқ еңбегінің кез келген жерінен тұсының жасауға болады. абай осы үшінші сөзінде аталған бес түрлі ұнамсыз етнөпсихикәнің ішінен тек «жалқаулыықты» ғана талдап алып, сол «жалқаулықтың» тудыратын қоғамдық кінәрәттәрі туралы талдау жасайды. айталық, ол: жалқаулықтан ــ қорқақ, қайратсыздық келіп шығады؛ қайратсыздықтан ــ қорқақ, мақтаншақтық келіп шығарады, мақтаншақтықтан ــ ақылсыздық келіп шығады, ақылсыздық ــ надандықтың белгісі, надан адам ـــ арсыз болады, арсыз адам ـــ сұрамсақ, тойымсыз, өнерсіз, ешкімге достығы жоқ жан болып шығады. осының барлығының түп себебі ــ жалқаулық, ал «жалқаулықтың» түп себебі ــ «торт аяқты малды көбеитеміннен басқа ойының жоқтығы,... мал көбеисе малшыларға бақтырмақ, өздері етке, қымызға тойып, сұлуды жәйләп, жүйрікті байлап отырмақ». ақын осында себеп-салдарлық байланысты қарастыратын лөгикәліқ әдіс бойынша талдау жасап, бір себептен көп салдарды келтіріп шығарған. осы көп салдардың тұп себебін: «торт аяқты малды көбеитеміннен басқа ойының жоқтығы» деп, көшпелі, меше қоғамдық тұрмыс тәсілінен қарастырған. десе дегендеи, төрт түлік малдың соңына еру ــ мал жәйілісінә еру деген сөз, мал жәйілісінә еріп барып төлдеген жерде сүтін ішіп, семірген жерде етін жеп, терісін кіиіп жүре беру малға сүйенген жалқаулықтың түп қазығы. бұл жұмыс іздеу емес, жұмыссыздық іздеу. жұмыссыз адам тәбиғи түрде жұмыс істеуді білмеиді, жұмыс істеуді блмеитін адамда өнер болмайды, өнерсіз адам үркек, қорқақ келеді, қорқақ адам өзін мықты көрсету үшін мақтаншақ болады, мақтаншақтықтың өзі ـــ ақылсыздық һам надандық болады؛ ақылсыз-надан адам тәбиғи түрде арсыз болады, арсыз адам сұрамсақ, тойымсыз, тиымсыз келеді, бар жұмысы қыдырып қымыз ішіп сөз қуады, көрген білгенін өсек қып айтып отырады. осылардың барлығы көшпенді шаруашылық барысында қалыптасып қалған етнөпсихикә. сондықтан абай: «өзге егін егіп, сауда, өнер, ғылым секілді нәрселерге салынса бұлай болмас еді»ــ деп, бұл ұнамсыз етнөпсихикәнің себебін көшпелі қоғамдық тіршілік тәсілінен іздестіріп, өркениетті қоғам құруды армандайды.
19-ғасырдан бастап абай құнаннай ұлы бас болып, әқімет байтұрсұнов, ыбырай алтынсарыин, мағжан жұмабайов, меиіржәқіп дулатов, сұлтанмахмұт тұрайғыров, әсет найманбайов, таңжарық жолды ұлы қатарлы қазақтың ұлтжанды зялылары қазақтың мешеу қоғамдық санасын өзгертіп, өркениетті ұлт қатарына жеткізу жолында бастарын бай тігіп күрес жүргізді. бұлардың әр қайссы әр түрлі жолдар арқылы қазақты өркендетудің жолдарын қарастырды. олардың көбі ұлттық құқық мәселелері, оқу-ағарту, қоғамдық және отбасындық ахылақ, азаматтық қоғам, озық ұлттардың өркениетін қабылдау, өнер-былым үйрену, сауда жолын игеру, жалпы қоғамдық мәдениетті жақ***у қатарлы жақтарда ізденіп қыруар игі жұмыстар істеді. осылардың ішінде абай құнанбай ұлы мен таңжарық жолды ұлы екеуі қазақты өркениетке көшіру үшін әлдімен олардың мешеу өндіріс тәсілін түбірінен өзгерту керек деп қарады.
таңжарықтың «оқып көр гәзетімдәі», «көрмеген көрген күннен жақсы болсын», «быздың қазақ не ғып жатыр», «жастарға», «шын тілек», «ой толғау», «кеңес» қатарлы шығармалары абай құнанбай ұлының идеясімен барып тіл табысып, қазақ ұлттың дәстүрлі көшпелі қоғамдық тіршілік тәсілін түбірінен өзгетіп, өркениетке көшуді мақсат етіп жазылған туындыларр:
ол жарты ғасыр бұрын айтып кеткен абай сөзін әлі күнге құлаққа ілмеи келе жатқан қазаққа қатаң айтады :
қалың ел, қазақ енді аш көзіңді,
оқып көр гәзетіңді ـــ өз сөзіңді.
әділет, шындық жолын үйретеді,
ашады ашты шайдай аң-сезімді.
айнадай жарқыратып көрсетеді,
мін бар ма? қолыңа алып көр озыңды.
ақылды ауызша айтқан алмаушы едің,
сөзіне айтқан құлақ салмаушы едің.
қымызға шекең қызып алғаннан соң
пайдасыз бос мылжыңна танбаушы едің.

балаңды оқыт десе қашушы едің,
дау-жаңжал, шатақ жаққа басушы едің.
топ құру, мөрге талас бар өнерің,
малыңды бет-албаты шәшуші едің.
бұқадай күжіреиіп бір-біріңе,
өкіріп көк жәйләудә жатушы едің.

ол заман келмеске енді кетті деимін,
көз ашар заманымыз жетті деимін.
қалың ел, қазақ енді аш көзіңді,
надандық тұғырыңа жетті деимін.
демеңдер қашан айтты осы айтқаным,
ызасы надандықтың батты деимін.
оқып көр гәзетімді тағы менің,
жалынып қайта-қайта өтінемін!
тәкең айтқан сөз тыңдамайтын, қымыз ішіп қыдырып, бос мілжіңмен көк жәйләудә күжіреиетін, қізіметке таласқыш, топ құрып бір-бірімен жәукөз боп жүретін қазақ мінезін қәзірде кезіктіресіз. абай айтқан: «етіңнен өткен, сүйегіңе жеткен, атадан мирас қалған, анаңның сүтімен емген надандық» (он төртінші сөз) жәйләғән қазаққа, енді тәкең: « қалың ел, қазақ енді аш көзіңді, надандық тұғырыңа жетті деимін»,ــ деп, батырып айтады. тұтас ұлт бітіміне бұлай сын айту ــ өзінде ұлт рухының жауһары бар адамның ғана батылы барады. албаты адамның бұлай айтуын ұлт мүшелері кешірмеяі. ситатқа алынған абай сөзі мен таңжарықтың сөзіндегі ортақтық ــ қазақтың қанына, тұғырына сыңып кеткен надандық. қанға сыңып кеткен әдет ـــ етнөпсихикә формасында беинеленеді. етнөпсихикә қоғамдық сана кәтегөрясінә жатады, ол ұлттың жалпы қоғамдық сананың төменгі қабаты болып, бір ұлттың мәтерялдіқ өндірісімен іштеи байланысып қалыптасқан, сол ұлыттың қоғамдық болмысы жағынан белгіленген тұтас қоғамдық санасының бастау көзі. м: қазақтың малжандылық, меимәнқөстіқ, қымыз құмарлық, етқүмәрліғі؛ кең дала, жасыл жәйләу, отар-қыстау, көгәрәй көктеу, қоңыр салқын сары күзді жақсы көруі؛ қазақи әдет-салт, ойын-сауық, киім-кешегін жақсы көруі ــ бәрі ортақ ұлттық етнөпсихикә көлеміне жатады. ал оның ұнамсыз жағына да дәл сондай ұйрылып тұратын жағы болады. бұл туралы бір мисал алсақ жеткілікті, мисалы, ұрлықтың түрі көп болсада қазақтың ұрылары көбінесе мал ұрлауды жақсы көреді. абай мен таңжарық шығармаларында қазақтың ұнамсыз етнөпсихикәсінә тән көрсеткіштерден ұрлық, өтірік, өсек, мақтан көп айтылатыны да содан. өркениетті ұлттарда мұндай ұнамсыз қылықтар болған күннің өзінде өркениет өресіне байланысты байқалады. ақын «көрмеген көрген күннен жақсы болсын» деген өлеңінде:
бөктерлеп тау жағалап жұрсың көшіп,
ұрлық пен өсек, өтірік, мақтан десе,
құлағың мұны ұғарға қандай те---.
‹пәлемді сүйтемін› деп күжігенде,
кетесің темір тұрды қөлмен шешіп,

ұқпасаң ұғар күнің келді қазақ,
көрдің бе өзің сынды елді қазақ.
таста да надандықты кел қатарға,
ел болып есіңді жи енді қазақ.
ــ деп жазады. тәкең қазақтың көшпенді тұрмыс тәсілінің жақсы жағынада баға берген, «кеңес» деген өлеңінде:
ойнаған өр киіктеи қайран қазақ,
салқын су, тұнық ауа, таза ағында,
жоқ емес кеибір жақсы қылықтары,
жүрседе басқалардың мазағында,
жаз жәйләу, бағылан еті, сары қымыз,
қызықты қізбен жігіт базары да
бірәқ, оның уақты абай дәуірінен бастап өте бастаған еді, таңжарық дәуіріне келгенде шегіне жетті, қазыр пайда беруден мүлде қалды. тау сағалап көшіп-қонып жүрген шаруашылық тәсілінің рухани жақтағы теріс беті, ұнамсыз жағы ـــ жалқаулық, қізіметке таласқыштық, бір-біріне қастық сайлау, ұрлық, өсек, өтірік, мақтаншақтық, арызшылдық, бос сөзге құлақ түргіштік сяқты толып жатқан ұнамсыз психикәліқ кемелсіздік. бұл баз-баяғысындай өмір сүріп отыр. үйткені, рухани құбылыстың өзгерісі мәтерялдіқ болмыс өзгерісінен кеиін қалып отырады. сондықтан бұл заңдылықты әлдімен зялылар ұғынып, өзін заман ауқымына сәйкестіріп, ұлттың рухани болмысына бұрылыс жасауға құлшыну керек. ақын «быздың қазақ не ғып жәтір»деген өлеңінде:
бұл өмір бір күн өтсе отып жатыр,
талпынған талабына жетіп жатыр.
байқасам қаладағы ел алға кеткен,
қырдағы біздің қазақ не ғып жаты?

сөз ұғып неге қазақ серпілмеиді,
шығып ап тау басына желпінбеиді.
өнер білім жағынан қабары жоқ,
жаңғырса тастан дауысы селкілдеиді.

қазақ жұр ебелектеи көшіп-қонып,
қуаттар бір ісі жоқ тұрған оңып,
өзеннің өрім талын кесіп алып,
отырар тесіп-көктеп уық жонып.
керпіштен жанға рахат үй салғызбай,
отырар киіз үйде қыстай тоңып.
жазды күн қымыз ішіп еліргенмен,
өкпесі суық түссе қалар солып.
жасайды ең ұстасы астау шелек,
ағашты ыңғырулап ішін ойып.

білгендер машинаны мықтап бұрап,
венттері күннен күнге бекіп жатыр.
ет сыздап денесіне бөрткен шықса,
ем қылып, дәрі тауып, шетіп жатыр.
ақылсыз, айласы жоқ, аңқау елдің,
ісі ақсап алға баспай шекіп жатыр.
қазақтың қолдан келген бар өнері,
мал сатып, шәй-тұз алып кетіп жатыр.
өлеңнің өзін қайталай тұсындырып отырудың қәжеті жоқ. абай да қазақтың бұл жақтағы жетерсіздігін жеріне жеткізе айтқан болатын. бірәқ, абайдың айтқаны өз дәуірінің реәлінә үйлес келетін өркениет идеясі еді. абайдан соң жарты ғасыр өткенде дүниелік қоғамдық өркениеттің дамуы мен қазақтың қара салпаң көне тіршілік тәсілі арасында тағы да баз-баяғысындай қайшылық өмір сүріп жатты. тпты кеибір жақтары барған сайын ұлғайып кетті. бұл реәлдіқті байқаған екінші ұлтжанды кемеңгер ақын таңжарық жолды ұлы болды деп кесетіп айтуға болады. осы түйіннен алғанда, таңжарық абайды өз ізімен қайталап отырған жоқ. қайта абай идеясін күн сайын жаңарып отырған қоғамдық өркениетпен бірлестіріп, жаңа тәсіл арқылы өріс ашып жаңалық қосып, абай айта алмаған жаңа мәзмүндәрмен абайдң өркениет арманын кемелдендірді. мисалы, басқалар венттерін күннен күнге бекітіп, машиналы өндіріске өтіп кетті؛ дауалау-денсәуліқ сақтау техникәсі дамып жатыр؛ біздің қазақтың күні бүгінге деиінгі бар өнері көшпенді тіршілік тәсіліне байланысты қалыптасқан «тесіп-көктеп уық жону», ең ұста дегені «астау, шелек жасау»؛ кірпештен жанға жәйлі үй салып алуды білмеиді, жазды күн қымыз ішіп еліргенмен, киіз үйде қыстай тоңып, өкпесі суықтан солып отырады ــ деиді. міне бұл таңжарық дәуіріндегі дамыған жаңа қоғамдық өркениеттен алшақ жатқан қазақтың қара салпаңы.
тағысы болып алдың таудың қазақ,
жәямен дәмін татып жалдың қазақ.
құзғындай құзар шатқа ұя салған,
әр сайға бірден қора салдың қазақ.
үстіп-ақ жабайы боп өтемісің,
ішінде қарағай мен талдың қазақ?
заманы електір мен келді атомның,
бұл кезде жүгірмесең қалдың қазақ.

жер жүзі бет алғанда өнер жаққа,
сен жүрсің мойын созып өлер жаққа.
бықсыған сай-сайдағы жанған отың,
ол дағы беиім боп тұр сөнер жаққа.
адамзат өркениет тарихында ерекше зор бетбүріс әкелумен ерекшеленген 20-ғасыр қазақ халқының рухани әлеміне де елеулі өзгеріс ала келсе болар еді.бірәқ, бұл бетбүрісті елімізде «үрсәــөліп, жықса ــ жатып, мінсе ــ желген» қарапайым тау қазағы сезіну былай тұрсын, оның оқыған зялылары ішінде таңжарықтан өзге сезіне алғаны жоқ. таңжарық бұл дәуірді «електір мен атом заманы»ــ деп қортындылады.
қылады қазақ тәубә қар жауғанда,
айрылар тәубәсінән қой сауғанда.
құдайын тіпті ұмытып кетеді екен,
жәйләудә қымыз ішіп, есі ауғанда.

елдің де естісі бар, есері бар,
өзгеден өнеге алып өсері бар.
ежелден «айт» деп қойып тыңдамайтын,
қазақтың жүген ауыз кеселі бар.
тыңдаушы құй тыңдасын, тыңдамасын,
өзіндік айтушының есебі бар.
бұл қазақтың ұзын-сонар көшпенді тұрмыс барысында қалыптастырған тіитік қоғамдық (ұлттық) психикә белгілері. шынында бұрынғы көшпенді қазақ сезімдік тұй---ке сүйеніп тіршілік етіп келген. қар жауғанда құрқыныш билеиді, көктемде қой сауғанда онысын ұмытады, жәйләудә қымыз ішкенде мүлде ұмытып кетеді. бұл сезімдік тұй--- төңерегінде шыр айналу болып табылады. әнтек ақылға салып ойлауға шамасы жетпеиді. ақын «ой толғау» деген өлеңнде:
біздің жұрыт айтпай білмес, ашпай көрмес,
сезбеиді айтқан сөзді пернеменен.
шынында байқамаса ұға алмайды,
ұқпаса қатты ұңылып зердеменен.
қақсаған қазақ үшін толып жатыр,
ешкімге жұғымы жоқ жел недеген,
неткен ел ойы сұйық, қырпуы жоқ,
иілмеи қатып қалған бел недеген.
айтқаны абай аға тағы барـау:
сөзіңді ұқпағанға берме деген.
абай мен таңжарықтың ұлт тану туралы ой сабақтастығы осылай бір жерден шығады. әр екеуі де таным заңы тұрғысынан ұлтқа баға береді. әрқәндәй зат құблыс пен мәннің бірлігі, осыған орай адамның танымы да сезімдік таным мен ақылдық танымның бірлігінен тұрады. сезімдік таным сәйкесті түрде заттың сыртқы құбылыс-көрінісін ғана тікелеи беинелеиді. ақылдық таным заттың мәнін, ішкі байланыстарын беинелеиді. таңжарық біздің жұрт заттың сыртқы көрініс-құблысын ғана сезіне алады, «перделеп аятқан сөзді ұқпайды, ұқпаса ұғып алайын деп ізденбеиді»ـ деиді. абай: «мал да да бар жан мен тән, ақыл-сезім болмаса, тіршіліктің несі сән, тереңге бет қоймаса»-деп жазады. ол жиырма төртінші қара сөзінде: «быздың қазақтың достығы, дұшпандығы, мақтаны, мықтылығы, мал іздеуі, өнер іздеуі, жұрт тануы ешбір халыққа ұқсамайды. бірімізді біріміз аңдып, ұрлап, кірпік қақтырмай отырмыз. үш мылионнан халқы артық дүниеде бір қала да бар ,дүниенің бас-аяғын үш айналып көрген кісі де толып жатыр. үстіп, жер жүзіндегі жұрттың қоры болып, бірімізді біріміз аңдып өтеміз бе? жоқ, қазақ ортасында да ұрлық, өтірік, өсек, қастық қалып, өнерді, малды түзден, бөтен жақтан түзу жөлмен іздеп, өрістерлік күн болар ма екен»ـ деп жазады. таңжарық:
быздың жұрт ақыл сөзді алған емес,
бүгінгі естігені ертең ұмыт,
миына бір орнығып қалған емес.
өтірік, мақтан, өсек, айла-қулық,
жолында тағы шаршап, талған емес.
жан салып жалған десе, арын сатып,
шын сөзге мойын салып нанған емес.
жүгініп сойыл-шоқпар, қара күшке,
алысып-жұлысудан танған емес,
түртпектеп,бірін-быры шұқылаған,
осылғыр «ойыны» бір қанған емес.
әуеден сол себепті нұр төгілсе,
қазаққа бір тамшысы тамған емес.
ел болып ережеге енеиін деп,
қатарға қалпын бұзып барған емес.
ел болып, еркін алып, берекелі,
қараса бір ауызға арман емес.
ұлттардай басқа, түрлі өнеркәсіп,
завотты ойына алып салған емес.

келгенде өзді-өзіне қандай мықты,
атанып батыр, балуан даңқы шықты.
істемеи ол қара күш бұл заманда,
құр қалып, қарға көрсе қойдай ықты.
ــ деиді. осы өлеңінде таңжарық қазақтың тіршілік тәсілі мен таным тұй---теріне, қоғамдық мөрәл құрылысы мен ұлттық мінез құлықтарына кеңінен толғаныс жасай отырып, абайдан бастап қазақты құтқаруға кіріскен ұлтжанды әрдәгерлердің құлшыныстарға шағын қортынды жасайды :
әбәкең әлде қашан айтып өткен,
кәнеки мына ақылын қайсысы ұқты:
быр қазақ айтқан сөзін ұқпаған соң,
жағын жар, тілін кез қып кеткен ‹қош› деп,
әқімет атын бұзып болды маса,
сөз жазды қос қыртысты беті таса,
жазылды меиржәқіптән ‹оян қазақ›,
ескерді оны қашан ноян қазақ?
таралды шәкерімнен ‹қазақ айна›,
қай қазақ оны оқып алды пайда.
әсет те талай сөзді әнмен салған,
ән салып талай жерге өзі барған,
алтынсариын ‹оқы›, деп әйтқәнімен,
оқуды тастап қазақ айранды алған,
бертінде сұлтанмақмұт не деп еді,
ар ұждан, намыс деген қайда
соларды біле тұра кім қозғалды,
мінеки осы емес пе іштегі арман.
мен дағы ‹шын телек› деп қойдым жазып,
сол болды қарастырып тапқан айлам.
сол сөздер ешкім ұқпай қараң қалды,
қазақта сөз ұқпайтын сараң қалды.
алданып шынға сенбеи адасқан ел,
қақтығып тәумен тасқа арандалды.
енді кім біздің сөзді алар деисің,
айтқаннан басқа амал жоқ бар арманды.
көріп отырғанымыздай, абайдан соң қазақ туралы ең көп бас қатырған адам таңжарық болды. ол қазақ айтқан сөзді ұқпасада айта беруді дұрыс жол деп таңдайды: «мен дағы ‹шын телек› деп қойдым жазып, сол болды қарастырып тапқан айлам» ــ деиді. демек, таңжарық ұлтжанды кемеңгер ақын. оның өн бойына ұлттық рухтың жауһары ұялаған. оның ұлтты сындауы өз ұлтын меилінше сүйгендігінің белгісі. өзін тани білген адам ғана өзін сүйе біледі, таңжарық өз ұлтының ұнамсыз жақтарын сөге де білді, оның абзал қәсиеттерін көре де білді :
елімді сөкпеиінші бұдан артық,
үйректеи жүзуші едім, қаздай қалқып,
күндерді ойлап кетсем елде жүрген,
еріксіз егілемін естен танып.
жарамас кешке деиін елді сөккен,
орынсыз білгіштеніп, мінін айтып.

егерде бәрі білмес болса тақыр,
таңжарық саған келген қайдан ақыл.
еліңнің кемістігін сөге бермеи,
онан да бостандыққа ұран шақыр.

сүрініп аз болмады жығылғаның,
жөн еді соны біліп ұғынғаның.
бірігіп бірлік қылсаң бәрің тееіс,
кетеді маңдайдағы сорың қалың

бірі мен сол қазақтың жүрген азып,
құрғақтан су таба алмай құдық қазып.
түзеліп енді қазақ ел болар деп,
үмітпен асқар таудай кетем жазып.
абай: «осы мен өзім ــ қазақпын. қазақты жақсы көрем бе, жек көрем бе? егер жақсы көрсем қылықтарын қостасам керек еді.... жек көрсем ـــ сөйлеспесем, мәжілістес, сырлас, кеңестес болмасам керек еді. тойына бармай, ‹не қылды, не болды, демеи› жату керек еді, ол мүмкін болмаса, бұлардың ортасынан көшіп кету керек еді. бұларды жөндеимін деуге, жөнделер, үйренер деген үмітім жоқ»ــ деиді. абай ұлтын сүйгенімен үмітсізденеді, ал тәкең: «түзеліп енді қазақ ел бөләр»деп, « шын тілегін» жазып, асқар таудай үметпен қарайды.

2.«шын тілек»ــ ұлт өркениетінің биік белесі

«шын тілек» дастаны таңжарықтың 1942-жылы үрімжі түрмесінде отырып жазған еңбегі. түрмеге түсуден бұрын ақынның өмірге көзқәрәсі жалынды-жігерлі, үміткерлік сезімге толы болатын. ол кезде ақын ешқәндәй тілсім күштің жәрдемінсіз-ақ адам өз құлшынысы арқылы көздеген мақсатына жете алады деп қарайтын. «шын тілек» дастанын ақын түрмеге түсіп екі жыл өткеннен кеиін жазғандықтан дастанынан автордың тәңірге жалбарынған зар-күйін аңғарамыз. үйткені , адамзат таным тарихындағы тілсім дүниеге сенім арту тәбиғәт пен қоғамның басымынан пайда болатын рухани құблыс. ақын «шын тілекті» жазғанда гөміндәңнің азапты түрмесінде жатты, сырттағы дүниеден қабарсыз, өз қолынан келер іс жоқ, сондықтан, өз ұлтын көркеитудеи асқақ арманын «шын тілек» деген әтпен тәңірден жалбарына тілеиді. ақынның бұл асқақ арманы қазақ ұлтының ортақ өркениет арманы шошырлы түрде беинеленген:
жұн қағаз гәзет болды дастарқаным,
сескеніп бұл тұрмыстан бастартамын.
зұлжалл тілегімді қабыл алып,
атырар күнің бар ма жастар таңын?
бұл келтірілген шумақ ( «таңжарық шығармалары» екі томдық толық жинағында) жарық көрген «шын тілек «дастанның басталған жері. осы шумақтың тағы бір айтылымын келтіре кетеиін. мен кішкене кезімде ауыл адамдарынан бұл шумақты былай айтатынын жаттап алған деім:
жұн қағаз гәзет болды дастарқаным,
сескеніп сұм тұрмыстан бастартқаным.
зұлжалл тілегімді қабыл қылар,
атырар күнің бар ма батқан таңның?
байқасаңыз, кеиінгі шумақ көкеиге қонымды сяқты, үйткені ақынның бұрынғы кешірмесі мен дастанның тұтас тұлғасының мазмұнынан алғанда «жастар таңын» деген сөзден гөрі «батқан таңның» деген сөз сиымды көрінеді. ақын бұл жерде «жастар таңын» ғана аңсап отырған жоқ, қайта шың шысайдың «алты ұранның » ортаға қөйілуіменбір мезгіл жарық етіп атқан таңдай болған қоғам райы, қайтадан қара түнек қаптап батқан күндеи болды, енді сол батқан күн қайта атар ма, немесе батқан таң қайта атар ма ?деп тәңірден тіленіп отыр :
қамығып қанға толған жүректерім,
қәйғімен қажып қалған білектерім.
түбін бер ақырғы істің тұрақты ел қыл,
қортынды шын мәқсәтпен тілектерім.

еи, алла, дәрігәйіңә тұттым жұзды,
қыс пен жаз сен жараттың көктем, күзді.
қайдасың қысылғанда жалғыз ием,
еске алмай тастап қойдың қалай бізді.
мүхәммет рәсүлллә досың қайда?
үмбетін қара қарға қойдай тізді .
арыстан қәзіреті шерің қайда?
«жәрдем» деп қиналғандар көзін сүзді.
аныққа шын шыға алмай жалған шығып,
қаптады соқыр тұман басқан ызды.
тәкең бұл жерде тұтас ұлт тағдырына бас қатырып отыр. атап айтиқанда, алладан тілегені көшпенді қазақ елін көшіп-қонбайтын тұрақты ел қылу, бай, қүдіретті, гүлденген, өркениетті ұлттар қатарына жеткізу. дастанда ақынның бұл тілегі мазмұнға бөлініп, өте кемелді әрі жан-жақтылы баяндалады. отырақтану, кәсіптену, ғылым-былым үйрену, оқу-ағартуды дамыту؛ өнер тану, сауда тану؛ мәдениет тану, отбасылық әдеп тану, қоғамдық мөрәл тану, ел басқару, әділдік, теңдік, меиірімділік, қайырымдылық сяқты толып жатқан мазмұндарға бөлінеді. ол түрмеге түсуден бұрын халықтың мәдениет жақтағы кенжелігі мен тұрмысының төмендігін өмір сүріп отырған мешеу қоғамдық түзіммен байланыстырып қарайтын. сол себепті шіріктескен қоғамдық түзімді аударып тастап, билікті халық үшін жүргізетін өкмет құру деитін төңкөрістік сенімге ие болды. оның бұл идеясі түрмеге түсуден бұрын жазған «арманым менің» , »өлкелік өкіметке» деген өлеңдерінен беинеленеді. ал қазыр ол саясиға араласа алмайды, өкіметке ұсыныс беру ұқығы жоқ еді. тек «шын тілек» деген әтпен алла-тағалаға жалбарынып айту фөрмәсімен кеиінгі ұрпаққа тапсырып кетуден басқа амалы да жоқ еді.
ақын «шын тілегін» алладан тілеп отырғандықтан, ісіләм шариғаттарында айтылатын алла-тағаланың ұлы қүдіретіне, сипаттарына, амалдарына және оның ең сүйікті елшісі мүхәммет саллаллаһу уаллайтсалам және оның ең жақын, ең сүйікті үмбеттерінің қәсиеттеріне бас ұрып отырып тілеиді. «құдай ــ бір, құран ــ рас, пайғамбарــ хах», аллаһ-тағала тумаған, туылмаған, теңдесі жоқ, мәңгілік бар жалғыз аллаһ؛ аллаһдан басқа ешбір таңыр жоқ, көктегі және жердегі нәрселердің барлығы оған тән, барлығын аллаһ жаратқан, барлығы оған бағынады, ол бір шешімге келіп «бол» деп бұйырып «болдырады». аллаһ нені қаласа соны жаратады деп мадақтай отырып жалбарынады. бұл мадақ құран кәрім мен хәдіистерде айтылатын алллаһ-тағаланың сипатына үйлеседі. одан соң, алла-тағаланың «ең сүйікті елшісі мүхәммед аллайтсалам» және оның адал үмбеттері шері арыстан қәзіреті әлі айдар, мүхәммет қанапя ұлы, қадиша, патима, қәсеиін, құсайын, зеинелқәбден, имам мағзам, әбубәкір қатарлы пайғамбардың соңынан ерген «екі дүниенің сүйіктілерінен» жәрдем сұрайды. өнімен қоса, мүхәммет пайғамбардың алла-тәғәләмен болған қатынасы ــ «елші», «екі әлемнің саруары», «дос болған жәлғізбенен кіиелі» деп ұлықтанады. одан соң: «жалғыздың достығының күйеуі едің» (мүхәммет қанапя ұлы) ؛ «екеуінің екі жақтың тиегі едің» ( қадиша мен патима) ؛ «көк шүңгет, шалқар көлдің жіиегі едің» (қәсеиін, құсайын) ؛ «жұрағат пайғамбардың сүйегі едің» (зеинелқәбден) ؛ «тұбыры, ысылам діннің тірегі едің» ( имам мағзам) ؛ «ардақты шаһар жардың біреуі едің» (әбеубәкір ــ мүхәмет пайғамбардан кеиінгітүрт қалипаның біреуі) ـ деп, әйгілі сегіз дін тұлғаларының атын атап, олардың «жалғыз иемен» болған жанама қатынасыын, мүхәммет саллаллаһу уәһәләйтсәләммен болған тіке қатынасын және қәсиет қүдіреттерін айта отырып, қолдаңыздар! деп қол жаяды:
пазылың, рахмың мол ием едің,
қалайша қысылғанда сүйемедің
бір рет назарыңды салып қойсаң,
от болып осыншама күйерме едім
«құдай ــбыр, құран ــ рас, пайғамбарــ хах» ,
дегендер шыбын жаннан күдер үзді,
бұл күндеөзі залым, сөзі шикі,
«өрнімен жоқ» дегендер мүлдем өзді.
«пендеме шын тілесе беремін » деп,
құранда айтқаныңды кімдер бұзды.
біреуі жоғарғының келмеген соң,
айтпасқа шыдай алмай қаным қызды.
ــ деп, аллаһ-тағалаға күпір сөз айтқанына қысылғандай болады .бұл жердегі маңызды мәселе, ақынның дін танушы ғұлама тұрғысынан байқалатындығы. құран кәрімде: «барлық мадақ әлемдердің иесі аллаһқа тән, барлық мақтау көктер мен жерді жаратқан және қараңғылықтар мен жарықты жасаған аллаһқа тән» деген сүрелер кездеседі, сондықтан да ақын аллаһ-тағаланың қүдіретін:
еи, алла, осы әлемді сен жараттың,
халықты неше түрлі тең жараттың.
«пендеме тар-таршылық болмасын» деп
осынша дүниені кең жараттың.
жаңбыр, қар, бүлтбенен күн жауғызып,
соғатын өрлеп, құлдап жел жараттың.
көк аспан таусылмайтын су менен тұз,
ағаш, көмір, алтын, мыс ــ кен жараттың.
тұпсыз даря, шың, заңғар, құжырқай тас,
сай-сала, дөңес, жыра, бел жараттың.
меңіреу, сусыз, түпсіз, ақ қайран қып,
қу дала, құлазыған шөл жараттың.
адам, хаян, аң, құс жоқ иен түзге,
молдыр–тұнық, көкпеңбек көл жараттың.
ұшқан құс, жүгірген аң, құрт-құмырсқа,
бәріне ылайықты жем жараттың.
таз, керең, ақсақ, соқыр, маңқа, пұшық,
оларға шыпа болар ем жараттың.
он екі мүше беріп адамзатқа,
алатын бір те---тен дем жараттың.
көз, мұрын, құлақ, ауыз, аяқ пен қол,
қызыл жүз, қара қас пен мең жараттың.
әр бір тап, әр бір түрлі дінге бөліп,
ұқсатпай бір біріне ел жараттың.
олардың пайдасы үшін әлеміңді,
есепсіз, енсіз қылып кең жараттың.
ـــ деп, ұлықтайды. байқасаңыз ақын бұл жерде әлемдегі заттар мен құбылыстарды бір тарының қауызына сиғызып жинақтап отыр. бұл жинақтауды енгелістің ғылми жинәқтәумен салыстырып көрелік. енгіліс: «табиғат дялектікәсі» деген шығармасында19 -ғасырсағы ғылым дамып жеткен өреге жүгіне отырып, тұтас дүниенің төмен дәрежеден жоғары дәрежеге, қарапайымдылықтан күрделілікке қарай дамуының тәртібі бойынша, әлемдегі әр алуан заттар мен құблстарды мехәникәліқ, физикәліқ, химялық, биөлөгяліқ және қоғамдық қатарлы бес жақты қәстетке жинақтайды. яғыни, әлемдегі алуан түрлі, қым-қуыт заттар мен құблстарды осы бес түрлі салаға тәуелдеиді. бұл енгілістің дүниенің қозғалыс формаларын аса жоғары дәрежеде жинақтаған ең үздік жетістіктерінің бірі. ғылымда бұл «дүниенің бес түрлі қозғалыс формасы» деп қысқартылып айтылады. тұтас дүние дегеніміз осы. бұдан сырт дүниені көз алдыға келтіре алмаймыз. таңжарықтың кереметі, ол: « еи, алла, осы әлемді сен жараттың » деп желдірте жөнелгенде, осы бес түрлі әлемге саятын заттар мен құблстарды атап өтеді. ол әлдімен : «пендеме тар-таршылық болмасын деп, осынша дүниені кең жараттың» ــ деп, дүниенің кеңістік жағынан шексіз-шетсіз екендігін көлемдеп алады. одан соң, осы шексіз-шетсіз әлемге қамтылған бес қозғалыс формаларына тән заттарды бір-бірлеп атап өтеді, мисалы, мехәникәліқ және физикәліқ қозғалыс формаларына тән заттардан: бұлт, жауын, жел؛ сай-сала, доң-дөңес, жыра-жылға, бел-белес؛ көк аспан, тұпсыз даря, шың-құз, заңғар тау, қу дала, құлазыған шөл, ақ қайран, иен түз қатарлыларды؛ химялық қозғалыс формаларына тән заттардан: жаңбыр, қар, су, тұз, көмір, алтын, мыс, кен, құжырқай тас, мөлдір –тұнық көкпеңбек көл, шыпа болар ем-дом қатарлыларды؛ биөлөгяліқ қозғалыс формаларына тән заттардан: адам, ағаш, ұшқан құс, жүгірген аң, құрт-құмырсқа, қызыл жүз, қара қас, мең, көз, мұрын, құлақ, ауыз, аяқ-қол қатарлыларды؛ қоғамдық қозғалыс формаларына тән заттардан: таз, керең, ақсақ, соқыр, маңқа, пұшық, әр бір тап, әр бір түрлі дін, ұқсамаған ел қатарлыларды аятды. осылардың барлығын сен жараттың деи келіп, ең соңында:
қалайша осылардан оспадар қып,
қазақты әр өнерден кем жараттың ?
ـــ деп , қазақтың кенже қалуын таңырдың теңсіздігінен көреді. осындай ұлғаусар мазмұнды ақын небәрі жеті шумақ өлеңге сиғызады. байқасаңыз, тәкеңнің назарындағы дүние ــ тұтас әлем, тәкеңнің назарындағы дүние жалпылық байланстағы ғылым, ол әрі өз орнын тауып қиысып жататын пөезя. дәл осы жердегі жеті шумақ өлең енгілс жинақтаған әлемнің бес қозғалыс формасына тән заттардың пөезя фөрмәсімен обыразды түрде тұсындырылуы. ғаламды тарының қауызына сиғызу деген міне осы. егер тәкең ғылым таныған елдің ақыны болса әлде қашан-ақ дүниедегі ұлы ақындар қатарынан орын тауып, адамзаттың ақыны болып шыға келер еді. біз қәзірге деиін оны жүңгө қазақ әдебиетінің биігінен аттатып шығара алмай отырмыз. себебі оның тілін түсінгенімізбен ділін, жырын түсінеенімізбен сырын түсіне алмай отырмыз, яғыни өз түсінігіміз көлемінде ғана тұсындырып келеміз. меніңше, таңжарық жолды ұлы дүние қазақ әдебиетің заңғар тұлғасы болып қалмастан, жалпы адамзатқа тән кемеңгер ақын.
байқасаңыз,«шын тілек» дастанының ішкі тілінде ритөрікті сұрау жатыр. дастанның тұтас құрлымы аллаһ-тағала мен тұтас дүние арасындағы қатынасқа және аллаһ-тағаланың адал елшісі мүхәммет пайғамбар мен оның «соңынан ерген адал үмбеттері» ының арман-тілегі арасындағы қатынасқа құрылған. түрмеде отырған ақын « шын тілегін » тек осы жөлмен баяндаудың ғана орайын тапқан. бірәқ, дастанның басынан ақырына деиін бір түрлі жауабы өзінен шығып отыратын ритөрікті сұрау беинесі байқалып отырады:
еи, алла, мүхәмметпен дос емесп ең!?
ол күнде мұндай емес бос емесп ең!?
жалынса кім қысылса жәрдем қылғыш,
сондағы күшті құдай сен емес пе ең!?

әмірің қалай десең жетуші еді,
қабары ел ішіне жетуші еді.
өрттен,өқтән,судән,зіндәннән да,
құтқарып оңай алып кетуші еді.

пері келсе қаһарын төндіретін,
жүрексіз қып оларды көндіретін,
адамзатқа залалды селдер келсе,
кереметің қорғатып жіберетін.
аллаһ-тағаланың әділдікті жақтайтын қүдірет күші, пайғамбарлар, әулие-әнбиелер, пері-періштелер мен батырлардың әмір жарлықты бұлжытпай атқаратын кереметі мен өмір сүріп отырған болмыстағы қарама-қарсылық әшкереленіп, таңырдың бар жоқтығынан шұбаланады:
патшаның патшасы, зордың зоры,
барлығының қожасы сен емесе ең!?

айтқаным бір керемет көрмегн соң,
қабылдап бір тілекті бермеген соң.
таба алмай із-тозыңды,жон-жәйіңді,
еткен іс ретіне келмеген соң.
тұтас қоғамда өмір сүріп отырған « майлы қара күйедеи жұғып жататын» жалған жала, қя бассаң құтқызбайтын қабынған қастандық, «әр бұтаның түбінде бірден қорқау», берекесіздік, шын жеңіліп, жалған жеңіп жатқан, « жылт еткен жаңалық жоқ, ақ пен қара шатасқан» , өсек, өтірік, ұрлық, қулық, сұмдық, зұлымдық қабынған؛ бетбәқ, әділетсіз, надан қоғам. сондықтан :
жүрген көп сені жоқ деп үміт үзіп,
талқандап тауды жарып тасты бұзып,
жоқ дегеннің жолы ашық,жолы түзу,
бар дегендер патпаққа жатыр батып.
ــ деп, елдің құдайсыздану себебін айтады: «үш патшалық хисасыында: « қайғыдан қабырғасы қайысқан адамның ғана арманы асқақ болады» деген ұлағатты сөз бар. таңжарық ұлт мұратын ұстанған, ұлт үшін қабырғасы қайысқан ұлтжанды азамат. сондықтан онда ұлттың ортақ мүддесін беинелеитін асқақ арман болды. тарихта өткен әрдәгерлердің өмір құны олардың асқақ әрмәнімен құндылыққа ие болып отырған. олардың асқақ арманы мен қоғамның саяси бетәлісі бірдеи болғанда ғана жүзеге асу мүмкіндігіне ие болған. керісінше болғанда арман күйінде қала берген. таңжарықтың асқақ арманы мен ол жасаған қоғамның саяси бетәлісі мүлде қарама-қарсы болды, сондықтан ол болашақта жүзеге асатын мүмкіндік ретінде қала берді. арман-мұратты қандай жөлмен беинелеу ــтасыл ғана. таңжарық өзінің асқақ арманын тәңірге жалбарынып айту тәсілін таңдаған, бұл бір жазу істілі.іс жүзінде ақын ұлытты көркеиту арманын тәңірге айтқан болып ұлттың өзіне айтып жатыр:
надан елің білмеген әуере-сарсаң,
иен кетер болды ғой қайырмасаң.
ақ, қара, адал, арам, кетті бір боп,
арасын ажыратып айырмасаң.
қазақ жүр аңдай жосып тау басында,
быр жерге тянақтап қайырмасаң,
мәңгілік құй қараңғы қалар ма екен,
дам-тұзын ғылым-өнер татырмасаң
тәңірге сүйемеи тікелеи айтқанда» : қазақ, сен әуере сарсаңға түсіп жүрген надан елсің, қайырусыз, иен кеттің! ақ, қара, адал, арамды ажырата алмайсың,быр жерге тянақтап отырмай, тау басында аңдай жосып жүрсің, бүйтер болсаң ғылым-өнердің дамын татпай мәңгілік қараңғы қаласың » деп тұтас ұлтты айыптап отыр. енгілес» : бүкілдеи дінмен тәрбиеленген бұқараның сенімі жүнінен алғанда күшті, қозғалыс туғызу үшін бұқараның төл мүддесін оларға дінни жәмілғімен көрсету қәжет болды«[5 ] ـ деиді. таңжарық дәл осы жолды таңдап отыр. абай құнанбай ұлы ғылым, рахым, ғадалат үш сипат аллаһ –тағалаға мәнсүп деп қарайды» : бұл айтылмыш үш сипатының иелерінің алды ــ пайғамбарлар, онан соң ــ әулиелер, онан соң ـــ хәкімдер, онан соң ـــ кәміл мұсылмандар » [6]деп, алла-тағаланың соңынан ергендерді төрт топқа бөледі. абай осы түрт топтағы адамдар ішінде хәкімдерді жоғары бағалайды. ол хәкімдер мен қалған үш топтағы адамдардың аллаһ-тағаланың үш сипатының соңынан ерудегі бетәлісін қарама-қарсы қояды: « пайғамбарлар мен әулиелер ғылымды, рахымды, ғадалатты болудың әқиреттік пайдасын ғана күзетті, ғашықтығы сол хәлге жетті, дүниедегі тиерлік пайдасын ұмытты؛ хәкімдер дүниеде тиетін пайдасын сөйледі,... адаспай тура ізденген хәкімдер болмаса дүние ойран болар еді » (бұл да сонда) деиді. таңжарықтың «шын тілегі» ғылым, рахым, ғадалаттың осы дүниедегі тіиерлік пайдасын күзетіп жазылған арман дастаны. ол пайғамбар да, әулие де, әдеттегі кәміл мұсылман да емес؛ ол тұп-тура ــ « адаспай тура ізденген ــ хәкім ». тәңірден қазаққа осы дүниенің бақытын тіленіп отыр:
танымай, кім дос, кім қас, жау қасында,
айта алмай аузындағы таубасында .
егін салып баға алмай жөндеп малын,
тері-терсек қыла алмай саудасында.

кім құлағын жымитса содан қорқып,
қиратып қазан менен қауғасын да .
тыныштық осы жұртқа бер тілегім,
қымыз ішіп биесін саумасын ба!?
көңілге сабыр тауфиық берсең өзің,
бенде ғой жақсылыққа аумасын ба!?
әлемге жетіп жатқан жақсылығың,
бір тамшы қазаққа да жаумасын ба!?
ел қылып, ерік беріп, қос қатарға,
жал бітіп жасаң шөпке аунасын да.
ــ деиді. тәкең шығармаларының басылымындағы кеи ағаттықтарды орайы келгенде айта кетуге тура келеді .ақын «шын тілегінде» тәңірден қазақты « бір жерге тянақтап қайыр», «тұрақты ел қыл» ,« егін салып, жөндеп малын бағып, саудасын істесін »؛ «ортадан орын беріп орнықты ел қыл, жүргізбе тәумен тасқа бұрынғыдай » деп тіленеді. осындай отырақтасқан ел қайтып « қымыз ішіп біиесін сауады ?». жоғарыдағы басылымда : « қымыз ішіп биесін саумасын ба!?» деп басылған. бұл және қымыз ішіп біиесін саусын деген ұғым беріп, ақын өйімен қайшылықты қатынаста болып қалған. әсілі : « қымыз ішіп биесін саумасын да !?» деп, ритөрікті сұрау тәсілімен айтып отыр. яғыни қымыз ішіп біиесін саумай –ақ қойсын, таудан түссін, отырақтансын, тұрақты ел болсын деп отыр.
түркя сөтсялөгі зя зя көкәлөв » :халыққа баруға тиістілер кімдер ? халықтың зялылары, ойшылдары, сол халықтың таңдаулы адамдары... зялылар да не бар ? зыялылар да өркениет бар, халққта мәдениет бар. олай болса зялылар халыққа мына екі мәқсәтпен баруы мүмкін: бірінші, халықтан ұлттық мәдениет тәрбиесін алу үшін, екінші, халыққа өркениет алып бару үшін« [7] деиді. таңжарық осы екі шарттың да қәжетінен шыққан кемеңгер ақын . ол өз ұлтының ұлттық мәдениетінен меилінше сусындап, басқалардың өркениетін белсенділікпен қабылдап толық әзірлікпен халыққа барған зялы . әлдімен халықтан ғұрып-әдетті, мөрәлді, құқықты, ақыл-ойды, естетикәні, тілді белсене үйренді. бір ұлтқа тән мұндай ортақ қәсиет ـــ мәдениет делінеді, ал ұқсамаған қоғамдар арасындағы ортақ қәсиет ــ өркениет делінеді. қарапайым халық кеиінгісін сезіне алмайды. өркениет әдіс арқылы жасалған және еліктеу жөлімен бір ұлттан басқа ұлтқа ауысқан ұғымдар мен техникәнің жиынтығы. ұлттық мәдениет болса, әрі әдіс арқылы жасалынбайтын, әрі еліктеу жөлімен басқа ұлттан алынбайтын сезімдер. өнер иесі болатын адам әлдімен өз ұлтының халықтық мәдениет мүрәжәйінән меилінше игіліктене алғанда ғана, нағыз өнерпәз бола алады. сонда ғана басқалардан өркениет қабылдап оны өз ұлтына жалпыластыру мүмкіндігіне ие болады. таңжарық шығармаларын оқысаңыз ол әрі өз ұлтның мәдениет дәстүріінің инскілөпедясі іспетті. бұл оның халыққа барып мәдениет игергендігінің нәтижесі. әрі онда сол кездің және болашақтың дәуір рухы жинақталған. бұл ــ өркениет мәселесі. мисалы оның «шын тілекте» тәңірден жалбарына тіленіп отырғаны:
халық қыл қатардағы інсәп беріп,
жүрмесін жабайы боп қоңыз теріп.
басын мықты мойынын қатқылдау қыл,
әр жетекке кетбесін бекер еріп.
ــ жалғыз ием назарыңды салып, ақыл бер қазаққа! табанды мінез бер؛ екі сөзді, екі жүзді , екі мінезді қылма ! айтқаны өтірік болмасын, қылған қасамында тұрсын؛ ақыл сөз құлағына кіретін болсын؛ елдің ішін есепсіз бүлдіргенді, ақ мойынды қараға идіргенді, өз бетінен шайтанға сүйдіргенді, шындықты өтірікке жалдағанды, көлгірсіп алжуазды алдағанды, жазықсызды жылатып зарлатқандардың көзін құрт, ــ деиді؛ әлділерге інсәп беріп залымды тос, момынның, ғарыптадың көзін аш, еріксіз ел жұртынан айрылғандарды үйірге қос؛ қу сұмдарға ар-ұят бер, біреуге сырттан шұңқыр қазбайтұғын болсын؛ зар илеген әлсіздерге әл бітір, халық қамын ойлайтындар тізгін ұстасын, халыққа өзін-өзі билеитін күн туғыз, жұрт билеитін бастық әділетшіл, турашыл болсын :
тыңда, алла, зар тілегім, қайғымды бұл,
ақ пен қара арасын айырымды қыл,
ата-ананы балаға меиірімді қыл,
балаларын оларға қайырымды қыл.

жақын қыл бір-біріне адамзатты,
ер-әйелді жақын қыл махаббатты.
жұрттың ішін тазалап, береке орнат,
болса кішінің үлкен шешсін.
мұңлы ғашықтардың басын қос махабатты.

ағаның артық сөзін іні кешісін,
жетім-жесір, мұң- мұқтаж, шерлі барма,
болса соған қарасып қамын жесін.

бай жарлысы жәйләуғә бірдеи көшсін,
берекелі халық боп, өркені өссін,
өсек, мақтан, өтірік, ұрлық, зорлық ,
ел ішінен осылар мүлдем өшсін.
ақсақалды шалдарға ауырлық, ынтымақтылық, бауырмалдылық бер؛ кемпірлерді келінге қадырлы қыл, жастарды жәйдәрі, сабырлы қыл؛ қайын-жеңге, қайнаға ــ келіндерді, бір-біріне тату-татты қылып, отбасын берекелі қыл؛ жас әйелді пәк мінезді қыл, үлкен сөзін кішіге қонымды қыл, кемпір сөзін келінге ұғымды қыл؛ қыз баланы әдепті, ұятты қыл, келін баланы бойын кірсіз ұстайтын еңбекшіл, мәдениетті қыл؛ ұл баланы талапты, жатқызбас қыл, өсек, өтірік айтатын шатқызбас қыл؛ қыз баланы теңіне тегін бергізіп, қалың малға ***қызбас қыл:
әзезіл, арамдықты өсірмес қыл,
қымыз ішіп қылжақтап есірмес қыл؛
бас аяғын тұйықтап біздің елді,
орнықты қып тау-тасқа көшірмес қыл.
отбасында тату қыл кемпір шалды,
үйді олар күзетсін жастар малды.
үй ішін, ел арасын тынышты қыл,
ынтымақ деген осы ырыс алды.
ынтымақ болса ісім жоқ өзгесімен,
қой, жылқы, тиын, терсек, теңгесімен.
ағайынның айырма берекесін,
бөйжеткенді тату қыл жеңгесімен.
абысынның арасын өсексіз қыл,
кіші сөзін үлкенге кесексіз қыл,
арадан алалықты мүлдем жойып,
ағайын татулығын есепсіз қыл,
бастық сөзін жұртына алымды қыл,
бұқараны бастыққа салымды қыл,
жұрттың шалыс қәтесін ұлық тисын,
рас сөзге бұқара жанын қисын.
өкіметке жәрдем қып, жауды тосып,
отан қорғау жолында жанын қисын.

алалық сап ажыратпа жігімізді,
дұспандардан алып бер кегімізді.
залым кім, ақ ниет кім, ар сатқыш кім?
ажырат бендем десең тегі бізді.
бас қоссын бытыранды қазақ елі,
алынсын перделенген көздің шелі,
айдалып сұры бұлт қара тұман,
ызғарлы қыбыланың сары желі.
зар-зұлмат түннен шығып, аунап көкке,
жол түсіп, көтеріліп, босап белі.
»жабайы ұлт» деп ұялмай ат қоятын,
қош болып рәқімет ـــ берген сыиы.
«көне змандардағы қоғам мына үш жағдайдың бірімен анықталатын: жабайылық, көшпенділік, өркениеттілік. бүгін ‹жабайылық›созы ғылым әлемінен бір жола аластатылды» [8] ‹ жабайылық› әлде қашан адамзат қоғамынан әләстәлғәнімен, ‹көшпенділік› күні кешегі таңжарық дәуіріне деиін қазақ қауымының бірден-быр тіршілік тәсілі болып қалмастан, тіпті қәзіргі өркениетті дәуірге деиін жалғасып келеді. көшпенділікті өркениетті қөғәммен салыстырғанда айтып тауысқысыз кемшіліктері болды. кезінде кемеңгер ойшыл абай қазақтың көшпенді түрмісімен байланысқан жетерсіздігін жеріне жеткізе сындаған болатын.
19-ғасырдың орта шенінде қазақ даласына әйдәумен келіп ұзақ жыл қазақ халқының әдет-ғұрпын, салт-дастұры мен фөліклөрін зерттеп еврөпәғә таныстырушылардың бірі ф.стеклөвә : «барлық моңғылдар сяқты қазақтар да өте епті әрі айлалы келеіді, сөйте тұра олардың сәби сыяқты аңғал, жер қозғалса қозғалмайтын жәйбәсәр болатынын қәйтесің » 『9』 ـ деп жазды. «қазақтар бізге ел болып, бізбен қарым-қатынас жасағаннан бері толассыз тарту тартып, қүрмет көрсетіп келеді. байқасақ, тегі мұсылман халық екен. тұрақты үй мекені жоқ далада жәйілім қуып, көшіп- қонып жүрген ел. оларға қоныстанған жеріне қарай өтөктәр белгіліп, басшы тағайындап берілген болатын. оған бойсынбай өз бетімен кетіп, ұрлық- қәрліқпен шұғылданып жүр» ( бұл да сол кітәп 129-бет) ــ деп жазылған. өзіміздің таңжарық :
құдай кім? өкімет кім? танымадық,
өсек, өтірік, ұрлықтан арылмадық.
қулық, сұмдық, пәйдәкөс, зۉалымдықты,
пендеге ұнамсыз деп айырмадық.

бос сәндәлмен өткіздік жаз бен қысты,
айырмай дос пен дұспан, сырт пен ішті,
тілегімді қабыл қыл бір құдайым,
шыдай алмай айтпасқа ішім пысты.

қол жәйдім, қыбылаға тұттым жүзді,
пендең сенен басқадан үміт үзді.
шарт тізерлеп, жүгініп, мойын салып,
тілекті бер, ــ деп құлың көзін сүзді.

міне осы шын тілегім, еткен зарым,
ел қайда сақтамаса ұят, арын.
жұрт қамын ойлайтындар аз болып жүр,
жетеді неменеге жалғыз жарым !?
құдай кім, өкмет кім, онда ісім жоқ,
халқым сен шын тіленіп,тәбінәрім!!!
ــ деп,тіленеді.
демек, таңжарықтың «шын тілегі» ــ тұтас ұлттың ортақ өркениет арманы. оның құдайдан тілеген шын тілегінің мазмұнын жинақтасақ, қәзіргі дәріптеліп отырған сөтсялистік өзекті құн жүйесінің мәзмүнімен бірдеи шығады. яғыни сөтсялистік өзекті құн жүйесі ــ қүдіретті, демөкірәтялі, өркениетті, жарасымды, еркін, тепе-тең, әділетті, зәңмен басқарылатын, отаншыл, кәсіпті сүйетін, бір-біріне сенімді, берекелі қоғам құру. міне бұл әрі қәзіргі жұңхуа ұлтының арманы. сондықтан таңжарықтың «шын тілегі» жүңгө арманының бір құрамдас бөлегі.
ـــــــــــــــــــــــــــــــــ
[1] [2] («қазақ өркениеті», еренғәйіп сәліп ұлы омаров, ұлттар баспасы12-бет, 2008-жыл»)
[3]«абай ақылялары» үшінші сөз , ұлттар баспады,2008жыл
[4] ( түрікшілдіктің негіздері » зя көкәліп, алматы « «мереи» 2000 жылғы басылым -бет 32 36
[5] «мәрксизімнің кіләсикәліқ шығармаларынан таңдамалылар», қазақса басылым, 92 -бет
[6]« абай ақылялары»,ұлттар баспады, 2008жыл,
[7][8] («түрікшілдіктің негіздері», зя көкәліп, алматы «мереи», 2000-«жылғы басылым, 32 - 36-бет)
『9』 «әлем», 1-сан, 1990-жыл, алматы,145-бет
-273-беттер, жазушы, алматы, 2009-жыл
қосымша жүктелген суреттері:

كەلۋ قاينارى: http://www.elarna.net/oku_kk.php?tur=11&id=853

Пікірлер:


Жазған лебізіңіз 300 еріптен аспасын!
tomendegi katekshege 99 dep jazingiz.
98 + 1 = ? sozsiz sifermen tolteringiz, aytpese pikir jaza almaymiz.

Көрші сілтемелер