Еларна қолфон нұсқасына ену

Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com




Түрі: Ел-арна газеті, бұл арадан барлық мақалаларын оқисыз

Жолданған уақыты: 13:46 - 2015/06/03

Қосымша қайнары:http://www.elarna.net/oku_kk.php?tur=11&id=818
Тоте жазу нұсқасы:http://www.elarna.net/oku.php?tur=11&id=818

توتە جازۋ نۇسقاسى:http://www.elarna.net/oku.php?tur=11&id=818

Мақала жолдаушы: Jolawshy
Мақала апторы: Қайнар Олжай.
Аптордың мекен-жайі: Almaty, KZ

Суыр – «Қүрметті кенші»
Қарағанды қаласын араласаңыз, ертеректе қойылғаны мен кейін орнатылғаны бар біртәләй ескерт­кішті көресіз. Ел тарихы мен сол тарихқа қатысты тұлғалары мәр­мәр, қола, тіпті, пләстик арқылы түр­лі пішінде, алуан кескінде алдан шығады. Өндірісті қалаға ғана тән пейзәж ішінде суыр да жүр.
Қазақ даласының қақ орта­сындағы қара қазандай Қараған­дыңызда тұрған, еңбек еткен жазармандар қатарынанбыз. Ақын Жү­мекен Нәжімеденөвтің жас ке­зінде осында көмір қазғанын, Камал Смайылов, Шерхән Мұртаза, Ақселеу Сейдімбек және басқа қәләмгерлердің осында жастар гә­зетінің тілшісі болып қізмет атқар­ғанын мәртебе санайтынбыз. Ол кісілер бәрін қопарып жазып кетсе де, қалған-құтқанының өзінен күніне бір беттік мақала шығатын. Аққошқаров, Адам Жүсіпөв бастаған азаматтарынан «Бегәзінің бір тасына» дейін түгендеп кеткенбіз. Сарыарқадағы жеген нан, ішкен суы­мызды адал ақтағандай күйде жүретінбіз. Сөйтсек, басты тақырып, тіпті, кейіпкер деуге болар, қалам қарауылына ілікпепті. Әттеген-ай!
Оны кейін де ескермес едік, тарихты зерттеушілер мұрағаттарда қопа-қорыс болып жатқан қалың құжаттар арасынан тауып, қайта жария еткен мына бір дерек болмаса: «Ресей имперәтөрліқ кен барлау басқармасының арнайы шешімімен Қарағанды көмір кенін табушы Аппақ Байжановқа жыл сайын бір қадақ шай, бес қадақ қант, үш пұт ұн және 40 рубль беріліп тұрсын».
Қарағандының көмір қатпарла­рын­да жатқан қазынаны сол кездегі ақша­ға шағып есептегенде, қазақ жігітіне берілетін сыйақы мұхиттан тамған тамшыдай шығар. Бәрібір ескерусіз қалдырмаған. Және бір жолғы емес, Аппақ қанша өмір сүрсе, сонша жыл алып тұрмақ. Рас, оны қанша жыл алғаны пысықталмаған екен, қазақтар қашан қағазға мұқият болған. Жомарттық пен әділдікті қатар аңғартқан осы тарихи шешімді білген соң оқыс сұрақ ойға түссін: Аппақтың көмір кенін ашуына себеп болған суыр ше?
Имперәтөрліқ кен барлау бас­қар­масы оны ескермепті. Содан бері ескерусіз байғұсқа тек ерік­кендер мен желіккендер, арасын­да ресейлік қазақ прөдюссері Бари Алибасов та бар, 2011 жылы көмірлі қалада «Где-где? В Кәрәгәнде!» деген ескерткіш орнатқанда соның бір мүсіні болу қүрметі тиіпті. Астана, Мәскеу, Қарағанды бағыттары көрсетілген бағананы әлде көтеріп тұр, әлде соған сүйеніп тұр. Қа­сындағы қисайған-мисайған екі адамға қарағанда аң да болса, тұрысы тік. Суыр үшін қазақ да­ласындағы жалғыз қүрмет – осы. Ал оның еңбегі Қарағандының қат­парлы қазынасының шетін жер бе­тіне шіғәрумен шектелмеген.
Сарыарқаның шығыс шетін әдіптеп жатқан Шыңғыстаудан 1952 жылы Төлеухән деген кісі суыр ін қазғанда жер астынан шы­ға­рып тастаған бір затты тауып алған. Жалтырап жатуы тегін емес, тұтас күмістен соғылған бұйым екен. Қапысыз шебер қолынан шық­қан сәндік затта қолына қару ұстап, иығына қорамсақ асынған, астына арыстанды ауыздықтап мін­ген белбеулі адам бейнеленген. Алматыдағы Тәуелсіздік сын­тасының ең үстіндегі мүсінді әркім біледі. Соған арқау болған идеянің түп қазығы заманында төңіректі түгел билеген ұлыстан жеткен жа­ңағы жәдігерде жатқанын пайымдайсыз.
Күміс затты Төкең жылдар өткен соң суретші баласына береді. Баласы Қуәнішбек оны өзі оқитын Нөвөсібір қаласының ғалымдарына көрсетіпті. Тексергенде күмістің 825-інші сынама екені анықталады. Кейінгі өндірістің өзінде мұндай таза құйма алуға қол жете бермейді. Қуәнішбектен бұл затты көрген ақын-журналист Мерғәли Ибрәев мақала жазады. Одан жоғарыда атын атап кеткен ағамыз Ақселеу Сейдімбек кітәбінә қосады. Беріде моңғолдың бір саясатшысы құйма жайындағы мақаланы суретімен қоса «Ардын-эрх» деген гәзетке жариялатады. Оны көрген Улан-Батордағы Шыңғыс ханды зерттеу ғылыми орталығындағылар «мынау – Шыңғыс ханның пайзасы» деп шу ете түседі. Пайза – ханның өз жаушыларына беретін белгісі. Мына заманда МАИ қізметкерлері кезекшілікке шыққанда кеудесіне нөмірлі жетөн тағады ғой, тура сондай белгі. Демек, «жетөн» орнына «пайза» десек, байырғы сөз суырдың інінен шыққан әлгі асыл заттай жарқырап кетер ме?!
Өз дәуірінде пайзаны көр­сет­кен адамға қаһарлы қаһан­ның билігі жететін жердің бәрін­де жасауылдар жол ашып, бәһәдүр­лер бар қүр­метін жасайды. Мінетін аты дайын, тартыла­тын табағы әзір, түсетін үйі тігулі. Жәугершілік заманда осы үшеуінен басқа қу жаныңызға не керек? Сондай қуатты затты, апыр-ай, қай жаушы түсіріп алды екен өзі?!
Кешікпей моңғол ғалымдары Қуә­ніш­бек Төлеухәнүлінә делдәл аттандырыпты. Қандай бағасына болсын сатып алмаққа! Сатылды ма, сатылмады ма – күміс заттың одан арғы ізі бізге белгісіз, ал суыр інінен табылған жерге Қуәнішбек бастаған азаматтар белгі қойған. Мәрмәр тасқа күміс пайзаның кө­шірмесін орнатып, сосын «Ел күбірін тау естиді, тау күбірін Тәңір естиді» деген және басқа нақыл сөздерді қашапты. Әттең, көне қазынаны қайта жер үстіне шығарып тастаған суырға қатысты ештеңе жоқ. Ең болмаса, «суырдың шаңқылын Шыңғыс хан естиді» дей салса, әділетті болар ма еді» дегенбіз осы хабарды оқыған кезде.
Шыңғыстауға ескерткіш орнатушылар жер астында көміліп жатқан пайзаны алдыңғы төрт тырнақты әяқ­тәрімен тырмалап шығарған ша­ғын аңды ескермесе де, жер қазушылар жайында дастан жазған ақын Жәркен Бөдешүлі оны аттап өтпеп­ті:
Көктем сайын көгілдір суыр, көртішқән
Күйбең қағып ін қазар.
Мұның өзі бір базар.
Ін аузынан жалтылдап лағыл шығып қалады,
Таңғалдырған әлемді сахараның танабы.
Ақынның «Қаныштың кәртәсі»
атты дастанын оқып отырып, бас шайқадық. Жәркен әлгі пайза туралы ақпаратты білсе де, білмесе де, соны жазып отырғандай. Негізі, бұл туындының кейіпкері – қазақтың біртуәр ғалымы Қаныш Сәтбәев. Ақынның мына шумақта айтайын дегені – ғалымның жер астында қандай кен жатқанын суыр мен тыш­қан ін қазғанда шығарып тастайтын топырақтан-ақ анықтай алатыны. Өткенде, Канадада бір аңшының бұланды көздеп атқанда, оғы әлгі­нің тасасында тұрған, аңшы оны бар-ау деп ойлама­ған екінші бұланды қоса жыққаны туралы оқып едік. Мынау соның ақын­дықтағы кері екен.
Қазақ даласының қай қиырын шарласаңыз да суырдың ініне жо­лығасыз. Ең көбі – еш талассыз, Тарбағатай тауларында. Бабалар ұрпаққа қалдырып кеткен даланың шығыс тарабындағы үлкен тау. Қойнауы аң мен құсқа, ағаш пен шөпке толы. Бір тұста қазақтар тосын шабуылдан «Ақтабан шұбы­рындыға, Алқақол сұламаға» ұшы­рап, амалсыз тастап кеткен. Ұлт тарихы мен дәстүрін жетік білген Жағда Бабалықұлы ақсақал бұл тіркестің дұрысы «Алқақол сұлама» дейтін. Арада жылдар өткен соң ес жиып, соғысып жүріп алып таудың аумағын қалмақтан қайтарып алған. Дерегі бар. Бөгенбәй батырдың өмірден өткенін Абылай ханға естір­ту үшін Бұқар жыраудың айтқан толғауы:
Асу салған тас бұзып,
Тарбағатай белінен.
Ел қондырған қос тігіп,
Борлы деген көлінен.
Қалмақты шапқан шулатып
Ақшәулінің өрінен.
Қоныс қылған найманға
Бәрін қуып жерінен,
Батырың өтті Бөгенбәй.
Ақшәулі – Тарбағатайдың жеке шығып тұрған шоқысы. Аягөз мен Үржардың арасында. Негізі, екі тау екен, көрдік. Қөңіршәулі мен Ақшәулі. Етегінде сөвет кезінде Знәменкә деген ауыл болды. Беріде ауыл Ақшәулі атын қайта алса керек. Толғаудағы Борлы көлін Бө­кейхәнөвтің зерттегені туралы Ресей жағырапиялық қоғамы Батыс Сібір бөлімшесінің мәліметі бар.
Тек, «айтпаса – сөздің атасы өлетін» жағдай: Тарбағатай қалқа болып тұрған екі облыс, алты аудан, қаншама ауылда Қабанбайға ес­керткіш қойылып, көше берілгенімен, Бөгенбәйғә қатысты ондай қүр­метті көре алмайсыз. Орыстың Пө­жәрскийі мен Минині ескерткіш болып Қызыл алаңда қатар тұр. Ал бізде? Бөгенбей – Ерейментәудә, Қабанбай – Тарбағатайда, екі батыр қалмақты қатар қумағандай, тізе қосып бірге жортпағандай. Бұл бөлек запыран еді, қәйтейік, суырға қоса ақтарылып кетті. Сөнімен, жүз он жылдық соғыс нәтижесінде хас батырлардың білек біріктіруімен бұл тау қазаққа қайта қоныс болды. Ал суырға баяғыдан құтты мекен еді.
«Тарбағатай» моңғол-халқа ті­лі­нен аударғанда «суырлы тау» де­генді білдіреді. «Тарбаған» – суыр да, «тай» – тау. Біздің тілімізден де алыстығы жоқ. Сирақтары қысқа, денесі ебедейсіз мақұлықты арғы бабаларымыз «тарбақ» деп дәл сипаттап, содан «тарбақ аң» деген тіркес жасауы қисынға сияды. Жаңағы «бұлан» немесе «жылан», «құлан», «тарпаң», «қабылан», «арыстан», «ар­лан» сияқты тағылардың атауы екі сөздің бірігуінен қалыптасқанын ескерсек, «тарбаған» да сол қатар­дан табылмай ма?!
Бірәқ ежелгі «тарбаған» халқа мен ойраттың қанжығасына «байланып», кейінгі қазақ әлгі аңды «суыр» деп атауға көшіпті. Түбі ортақ татар да солай айтады. Та­тар­станның Бүгілме ауданында Азантау, Шилітәу, Қылыштау әтәуләрімен қатар Суыртау деген жер аты сақталған. Тәрбәғәтәймен са­лыстыруға келмес шағын төбе болса да, суырға мекен шығар. Жер аты, қай халықта болсын, тегін қо­йылмайды.
Сөнімен, Сырбай Мәуленөв жыр­­лаған­дай:
Жалаңаяқ жарысқан,
Айналаның тал бәрі.
Айдалада – алыста,
Тарбағатай таулары.
Балалық шағымыз осы таудың бөктерінде өткендіктен, терісі сар­ғыш, жоны қоңыр, құйрығы қара, тұрқы шағын, аяғы быртық, ал­дыңғы тістері шығыңқы, дауысы шаңқылдаған ащы аңды сан рет көріп, оған қатысты небір әңгі­ме­лерді естідік. Қай беткейге қара­маңыз, түгел суырдың іні. Оны бор­пылдық немесе мүлде тасты жерден қазбайды. Борпылдаққа қаз­­са, топырақ үстіне сусып, еңбегі еш болмақ. Қатты жерден қазса, жұмысы өнбей, өзі ит-құсқа жем бол­мақ.
Суырдың інін осы заманғы жайлы пәтерге теңеу керек. Біріншіден, құрғақ. Екіншіден, жылы. Үшіншіден, дәретхәнәсі бөлек. Кейде ұзындығы 10 метрден асатын дәліз жер астын қуалап барып, биік бөлмеге ұласады. Онда суыр қыстайды. Бір өзі емес, бүкіл әулетімен. Бұл бөлме шөп қөймәсімен жалғасады. Жоқ, суырлар жер астында қыс бойы шөп жеп шықпайды. Олар аязды алты айды үйқімен өткізеді. Шөп ұйқыға кетер алдында төсеніш жасауға керек. Әдетте іннің екінші аузы болады. Ол жыртқыш аң, адамдар бір жағын қазып, суырды іздегенде екінші жақтан сытылып кету үшін.
2011 жылы үлкен ағамыз Амән­гелдіге еріп Тарбағатайдың Қызыл­тас атты шоқысының қойнауын­да­ғы Молдажар қыстауынан өзі сияқты фермерлердің аулы саналатын, мемлекеттік мектебі мен поштасы, жекеменшіктің дүкендері бар Үштөбе ауылын бетке алдық. Бір қырқада жол шеті астаң-кестең болыпты. Бірер күн бұрын Молдажарға өткенде ондай қопарылған ештеңе байқалмаған. Көліктен түскен аға­мыз: «Е-е, суырдың інін аю қазған екен», – деді.
Кейін ғылыми еңбектен таптық, аю суырдың бір ғана шығар аузы бар інін қопарады екен. «Қиналған Жамбыл жері осы» демекші, суырдың қалай сорлағанын қараңыз. Суыр­дың інінде бір тесік барын аю неден біледі? Лебінен. Егер іннің екі аузы болса, оған ауаның кіріп жатқаны сезіледі. Алматының енді іске қо­сылған метрөсіндә тұрсаңыз, кел­ген-кеткен пөйізбен бірге желдің лебі байқалмай ма, мынау да сол сияқты. Ешқандай ауа қозғалысы болмаса іннің аузын иіскеген аю өзіне тамақ тауып алары анық. Аю мен қасқырды азуы мен тырнағынан бұрын, тұмсығы асырайды.
Жаз айларында жыртқыш аңдар­дың тамағы болуы – Тарбағатайдағы суырдың тағдыры десек те, одан азайып кетпеген. Табиғи тепе-теңдікті бұзған – аю мен қасқыр емес, қылығы одан қорқынышты Сөвет саясаты. Сол тұста Аңшылар қоғамының куәлігі бары да, куәліксіз-ақ мылтық шошайтып жүргені де суырды атты. Өйткені елде бәскиім қат еді. Бұрынғы қазақтың түлкі, қасқыр, қарсақ, сілеусін, мәлін те­рісінен тігетін тымағы сөциәлизмге жақпады. Біз 4-5 кләстә оқып жүргенде Тәлғәтбек Уәлихәнөв де­ген қарт мүғәлім жас кезінде орыс мектебіне оқуға келгенінде ба­сындағы тымағын басқалар мазақ­тайтынын еске алатын. Мұхтар Мә­­ғәуин­нің ғұмырнамалық «Мен» романында рес­публикә насихатын билеген партия хатшысы жас ав­тордың кітәбіндәғі түлкі тымақ киіп түскен суретіне қалай шүйліккені туралы айтылады.
Сөнімен, қазақтың тымағы сө­вет­тік шеңберден шығарылды. Онімен қоймай жанат, кәмшәт, құ­най, құндыз, күзен, бұлғын, сусар терісінен дөңгеленіп тігілетін бөріктен де айырды. Бірәқ қақаған аязда халықтың бас киімсіз жүре алмасы анық. Бәрінің орнын құлағы қайырмалы құлақшын (Тарбағатай жақта «малақай» дейді) ауыстырды. Ол үшін құндыз, ондатра, суыр сынды тышқандардың, қоянның терісі керек. Құндызы қымбат. Оны киген адамның лауазымы – не об­лыстық партия көмитетінің хатшысы, не прөфессөр. Ондатра – екінші сатыда, орта буындағы басшылар мен мамандардың басында жүреді. Қалған халыққа жарайтыны – суыр­дың терісі.
Мыңдаған жылдар Тарбағатайды еркін жайлап, тауға өз атын берген; мәлмен, әрқәрмен, елікпен қа­тар жайылған; абайламағаны қас­қырдың тісінде, бүркіттің тырна­ғында кететіні болмаса, көлденең шығынға ұшырамаған суырға зауал келді. Бала кезімізде Одақтың аңшы орыстары тауда жаз бойы жатып, жүздеген теріні керіп, кептіріп әкететін. Ол – заңдысы. Заңсызы – ауыл-ауылдың мылтықтысы. Олар­дың да жазғы олжасы шәш етектен. Әр ауданда малақай тігетін цехтәр, мамандар жеткілікті. Екі бәскиімге жететін тері өткізсеңіз, біреуін тегін тігіп береді.
Суырдың терісі «бір жылға шы­дайтын» қояннан жақсы, кемі төрт-бес қыс киіс береді, бірәқ түгі қыр­қылмай, құлпырып тұратын құн­дыздай қайдан болсын?! Сол тұста оны құндызға ұқсатып қара­ға бояу өнері шықты. Шәкерім Қү­дәйбердіүлінің «Бояулы суыр» өлеңі бар. Әлбетте, Сөвет кезінде Шәкерім шығармалары қапаста жатты. Біз беріде, Сөветіңіз келмеске кетіп, қазақ қана емес, даланың суыры еркін тыныс алған шақта оқыдық.
Бір суыр адасыпты оттап жүріп,
Кез болды бір ауылға көп қаңғырып.
Ит қуалап тыққан соң иесіз үйге,
Бояу толы шелекке кетті кіріп.
Осылай басталатын оқиғалы өлең. Суыр өзінің боялып шыққанын ерекше қәсиетке балап, басқаларға «мен енді тауыс болдым» деп жар салады.
«Тауыс» деңдер мені енді, суыр демей,
Қорқыңдар, рұқсатсыз шөп те жемей.
Жүнім – асыл, сендерден түрім – бөлек,
Немене мен суырдың патшасы емей!
Шіркін, Шәкерім, қалай шебер кел­тірген! Басқа суырлар мұны «патшамыз» деп мойындап жатқанда, ін түбіндегі кәрі суыр келеді: «Мен тауысты көріп едім, оның қанаты болатын, ұша алатын», – дейді. «Несі бар, мен де ұшамын», – деп тастан секірген суыр ағын суға күмп етіп, батып өледі. Мысал өлеңдердің ең соңында халыққа қаратып айтылған бір шумақ жүреді. Бұл – кләссикәліқ үлгі. Абайда – солай, Ахметте – солай. Ендеше, Шәкерім де:
Жігіттер, бұл суырды қылма мазақ,
Осыдан естілерің болады аз-ақ.
Бояуды да «бағым» деп күн өткізіп,
Қол жетпеске ұмтылған көп қой қазақ.
Өлеңде суырдың қазаққа өк­песі жоқ. Ескерткіште болмаса. Ес­керткіш демекші, Қарағандыдан көп бұрын Ресейдің Крәснөкәмен­ск қаласында суырға мөнумент қойылыпты. Мұнда 1939-1956 жылдар арасында СССР Министрлер Кеңесінің арнайы қәулісімен жыл сайын тау-тастағы індерге у құ­йыл­ған. Оған «осы өңірден оба шығуы мүмкін, оны суыр таратады» деген долбар себеп болыпты. Ақыры 1956 жылы суырдың оба таратқыш емес екені түпкілікті анықталып, «рақымшылық» жасалған. Беріде Ресейдің ғалымдары эксперимент ретінде ұйқыдағы суырға оба жұқ­тырмақ болған еді, одан еш нәтиже шықпаған!
Әттең, далаға себілген удың зәрі «рақым­шылықтан» кейінгі ондаған жылдар бойы қайтпаған екен. Сөйтіп, ғалымдардың есебінше, ши­рек ғасырда миллионнан астам суыр қы­рылған. Иә, суыр үшін де Сөвет заманы аса қолайсыз, зұл­матқа толы болыпты. Өзімен кетсін!
Суыр – «Қүрметті елші»
Венәдән басталған жол жолаушыны шаршатпайды. Тақтайдай тегістігі мен оқтай түзулігі, қатарының көптігі мен қәуіпсіздігі, жолдан нә­пәқә іздеген пөлицейлердің жоқтығы өз алдына, екі жақтағы табиғаттың тамаша көріністері көз суарып отырады. Еуропаға ғана тән пейзәждің ішінде суыр да жүр.
Әсіресе, Австрия астанасынан аттанып, елдің ірі қаласы – Зәльцбургке, одан Италияның Адриат теңізі жағалауындағы Венецияғә дейін барғанша Альпі тауларының шығыс қапталының небір әдемі жерлерін көресіз. Бірәқ, табиғатқа сүйсінгісі келген адам үшін күре жол қолайлы емес. Ала бұлтты ас­пан астындағы биік жартас, оның бетімен қыз бұрымындай құ­лаған сарқырама, кейде – жасыл ағаштар, кейде – тақыр төбелер, бірде – шалғынды кең қойнау, бірде – тастақты тар шатқал аяқ астынан көзден ғайып болып, жасанды жарық жанған туннельге кіресіз. Ондағы инженерлік тапқырлықтарға таңдай қағып болғаныңызша, жасыл әлем қайта жарқ етеді. Тек алдағы таудың сұлбасы манағыдан басқа. Бәрі Шығыс Альпі бөлғәнімен бір биігі екіншісін қайталамайды.
Қазақта «тескен тау өтіп кеттің бе» дейтін сөз бар. Біздегі сөздің қай заманнан қалғанын қайдам, ал Еуропаңызда тауды тесіп жол салу орта ғасырлардан қолға алынған. Шамасы, әлдімен аңдардың, әсі­ресе, суырдың ін қазғанын көрген соң, ойланса керек. ХХ ғасыр со­ңында туннель қазу шарықтау ше­гіне жетті. Венә мен Венеция арасында ша­масы қырықтан астам тес­кен таудан өттік, білем. Оның жиырма шақтысының ұзындығы ша­­қырымнан асады. Жалпы, Авс­трияның ең ұзын туннелі 14 шақы­рым деседі. Әзірге біз­дің Алматының метрөсінән бір жарым есе артық.
Тауларды тесіп жол өткізу – уақытты, жанармайды үнемдетеді. Екінші жағынан, сол таулардағы жан-жануардың тынышын кетір­мейді. Венә мен Зәльцбург арасын­дағы алапта мың-мыңдаған суыр жазда қамсыз жайылып, қыста мұң­сыз ұйықтайды.
Иә, суырдың Еуропадағы «Тар­бағатайы» – Альпі. Ғылыми тілде «Альпі суыры» деп атал­ған түрі тұрақты мекендейді. Зерттеушілер­дің айтуынша, көкшулән түсі мен қолтоқпақ­тай тұрқы Америкәдә қал­ған ежелгі туістәрі­мен бірдей. Нансаңыз да, нанбасаңыз да расы – осы, Азия мен Еуропаға суыр Америкәдән келген. Америкәнің алып жануарына айнал­ған бизонның ол құрылыққа Азиядан барға­нын, сол бизонды соңынан қуып жаңа құрлық­қа жеткен аңшылардың ұрпағы бе­ріде үндіс атанғанын білеміз. Суырлар болса, керісінше көшкен. Әл­бетте, арғы-бергі көшті мүмкін еткен жағырапиялық жағдайдың ықы­лым заман бұрын Азия мен Америкә қара жер арқылы жалғасып тұрғандығы. Кейін жіңішке мойнақ су астына батып, байланыс үзіледі. Одан беріде екі жақтың аңдарын адамдар кеме, қайық, үшәқпен тасып жүр.
Суыр Америкәдән Еуропа тауларына дейін өз әяғімен келсе, адамдар «ондатра» деген тышқанды кемемен жеткізді. Суырдың Еуразия кеңістігіндегі жалғыз жерлесі – осы ондатра. Бірі – мұндағы қара жерге, екіншісі – көк суға бауыр басып кетті. Суырдың Америкәдән қашан келгені ғалымдарға ғана белгілі болса, ондатраның тарихы оңай: Еуропаға 1905 жылы әкелініп, Прәгә түбіне жіберілген. Отыз жылда Еуропаның барлық елдеріне тарайды. Сөвет Одағы 1928 жылы Аме­рикәдән бірнеше жұбын сатып алған. Ол жиырма жылда кәсіпшілік жасайтын деңгейге бір-ақ шыққан. Сөйтіп, 50-жылдардан бастап аң­шыларға ондатра атуға рұқсат етіл­ді. Кезінде әкелінген әрбір ондатра енді 73 мыңға көбейгені анық­талды. Өте өсімтәл аң. «Тышқан жорғаламайды» делінетін Сөвет Одағының шекәрәсінән өтіп – Қытайға, одан Қытайды көктеп, Көрей түбегіне жеткені – бөлек жыр.
Жол-жөнекей айта кетелік, сол 50-жылдары Сөвет Одағында Бүкіл­өдәқтіқ жануарлар шикізәті мен терісі ғылыми-зерттеу институты болған. Оның бір филиалы Алматыда еді. Кейін оны Аңшылық пен аң шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты деп өзгерткен. Сол институт мамандарының мәліметінше, 1935-1987 жылдар арасында 120 миллион ондатра терісі дайындалған. Әлгі орта буын мамандарын бәскиімге жарытқаны осыдан аңғарылады. Қазақстанда кәсіптік ондатра өсіру ошақтарын құрғаны үшін үш бірдей ғалымға Стәлиндік сыйлық берілген. 1958 жылы көөперәция саласында аң өсіріп ататын шаруашылықтар құрылды. Тарбағатайда айлап жа­тып суыр ататындар соның аңшы­лары болғаны сөзсіз.
Ондатраның «жерлесі» – суыр­дың өсімтәл­діғі ондай емес. Бұлар ықылым заман бұрын келіп, мылтық шықпай тұрғанда көбейіп әлғәнімен ғана түр ретінде сақталып тұр. Әрі Батыс Еуропаға барғандары жақсы қорғауға алынған. Автобаннан тау-тауға тармақтала­тын шағын жолдарына «Абайлаңыз, суырлар» деген белгіні жиі қойыпты. Тарбағатайдағы күре жолдарда ондайды ешкім өңі тұрмақ, түсінде көрмес-ау… Еу­ро­пада оның үстіне зерттеуге кө­ңіл бөлінген. Сонау 1859 жылы «Та­биғи ғылымдар хабаршысы» журналының №10 санында «Альпі суырлары» атты мақала жарық көрген. Онда суырдың елге белгілі жазғы тіршілігі емес, қысқы ұйқысы жан-жақты зерттелген.
Суырдың алғашқы суреті одан ертеде 1572 жылы салынған. Көп­теген мұражайларда оның бас сүйегінен бақайына дейін сақталған. Францияның Лион университетінде суырды тексеретін арнайы зертхәнә бар. Оның прөфес­сөрі Раймонд Рамюс суыр әулетінің 20 мил­лион жылдан бері өмір сүріп жатқанын айтады. Бір миллион жыл бұрын Сөлтүстік Америкәдән Азияға өтеді. Онда Жер бетінде зіл, қылыш тісті жолбарыс, жүндес мүйізтүмсіқ ата­латын жануарлар болған. Бәрі кейін құрыды. Адам кінәлі емес, та­биғаттың сынына шыдамады. Анда-мұнда зілдің, яғни мамонттың сүйегі, тіпті, мүрдесі табылса, Жер жүзі бір шулап қалады. Ал суыр содан бері аман-сау. Қайта өрісі кеңейген. Азияның жаққаны сонша, салмағы ата-бабасынан үш еседей ауырлап, он келіге дейін тартатын болды. Бірнеше түрге тармақталды. «Дала суыры», «Алтай суыры», «көкшулән суыр», «қәрәтөбел суыр» аталатын аталарға бөлініп кетті. Бәрінің бабасы – Америкә суырынан аумайтын ұрпағы Альпіде ғана сақталды. Ғажап емес пе, ең алыс аймаққа кеткен ұрпағы ең алғашқы атасынан аумайды!
Еуропаның суыры Альпі, Периней, Карпат, Татра тауларының биіктерін мекендейді. Төскейден төмен түспейді. Демек, аса жылы жер жақпайды. Атәмекені Сөл­түс­тік Америкәдәғі сияқты қоңыр­салқынды ұнатады. Жер бетін мұз құрсаулаған кезеңнен аман қалған аң үшін суықтан гөрі ыстық қәуіпті шығар. Ғаламдық жылыну үдерісі бұл аңға жаңа қәтер әкелуі ғажап емес.
Айтпақшы, «Мұз кезеңі» атты мульт­фильм­де тәуір бейнеленген зіл, қылыш тісті жолбарыс, жүндес мүйізтүмсіқ және басқалары жете алмаған бергі дәуірге «суыр неге жетті» десек, оған қысқы ұйқы себеп болса керек. Аңдар суық әрі тамақсыз кезеңді інде жатып өткізуге бірден емес, біртіндеп бейімделген. Қысқы ұйқының да түрі көп екен. Аю мен бөрсіқтікі – шынында, ұйқы. Қәтер төнсе, қарны қатты ашса, оянып кетеді. Суырдың ұйқысы қа­зақтың:
Есіл тасып барады жардан асып,
Қар жауады жәңбірмен араласып.
«Шам сөндіріп барайын» деген басым
Ұйықтап өліп қалыппын қара басып,
– дейтін қара өлеңіндегі дәл төртінші тармақтағыдай. Білетіндер «қыста кірпі де осылай өліп ұйықтайды» деседі.
Қар жауып, суық түсерден бұ­рын суыр інге жатып қалады. Содан қайтып күн көзінде шуақ пайда болғанша кемінде 6-7 айды үйқімен өткізеді. Қазақта және мынадай ескі өлең бар:
Қара жерге қар жауып,
Қарды көрген бір мұрат!
Қара жерден қар кетіп,
Жерді көрген бір мұрат!
Бұл – адамға қатысты айтылған арман. Суырға қысқы қарды көру еш мұрат емес. Есесіне қары кеткен қара жерді көру нағыз бақыт болар. Жаз бойы жайылып, армансыз семіреді. Сол майы қысқы ұйқы кезінде денеге нәр беріп тұрады. Дене қимылсыз, жылылығы 10 грә­дустән аспайды. Минутына екі-үш рет қана тыныс алады. Жүрек соғысы минутына 220-дан 30-дейін, яғни жеті есе азаяды. Бір ғажабы, қаны ұйып қалмайды. Ең кереметі, суыр індегі қысқы ұйқыға жатар алдында ағзасын барлық зиянкестерден тазалайды. Ғылым осының қандай жөлмен жүзеге асатынын біле алмай-ақ қойды. Оны білсе, адамзат үшін керемет жаңалық ашыл­мақ.
Суырды, сөздің тура мағына­сында, «індетіп» зерттеген ғалымдар мына қызыққа да назар аудартады. Әрбір жиырма күн сайын бір тәулікке оянады екен. Онда жатқандағыдан көптеу қуат жұмсалады. Ара-тұра оянғаны дененің құрыс-тұрысын бір жазып қою үшін шығар. Сөйтіп, қысты інде «өлі мен тірі арасында» өткізіп, көктемгі шуаққа шыққан суырдың денесі әлі майлы болады. Көк жетілгенше әрі қарай арықтай түседі. Сосын шыққан шөпке жайылып, қызған күнге шуақтап, қайтадан денеге май жинауға кіріседі. Оның тірлігін қасқыр, бүркіт, әлде адам бөліп жібермесе, жиырма жылға дейін жасайды.
Бұл аңның тарихи отаны – Аме­рикә Құрама Штаттарында Суыр күні өткізілетіні мәлім. Пенсильвәния штатының Пәнксәтөни қаласында «Фил» деп аталатын суырдың іннен шығу сәтін бақылауға мың-мыңдаған турис­тер жиналады. Егер Фил іннен шыққан кезде өзінің көлеңкесіне қарамаса, көктем ерте басталады. Көлеңкесіне қарап қойса, қыстың аяғы созылады. Қа­зақта керісінше аңның інге жатар кезін бақылайтын. Егер тамыздың соңы мен қіркүйектің басында күні бойы тынбай жайылса, қыс ұзаққа созылмақ. Ерте мен кеште жайылып, күндіз шуақтап не көлеңкелеп жатса, онда алдағы қыс мал мен жанға жайлы өтеді. Інін қалың қым­тап жапса, ол қыста қатты аяз тұ­рады.
Жарнамаға жанын салып, сол арқылы қара тастан май сығатын әмерикәліқтәр суырдың іннен шы­ғар сәтін ақша түсетін шоуға айнал­дырғаны мәлім. Филді көруге келгендер суырдың суреті бар киім­дерді, кітәптәрді, ойыншықтар мен ыдыс-аяқтарды жаппай сатып ала­ды. Мультфильмнің кірісі тағы бар. Пүліштен жасалған ойыншық суырдың неше түрін біз Австрия Альпісінде көргенбіз. Он тоғызыншы ғасырда мұнда флейтә тартып, суыр жетектеген масқарампаздар жүрген. Олар халық жиналған жерге барып, ақшаға билет алғызатын. Суыр қан­дай билетті шығарып берсе, тағ­дыры сондай болмақ.
Шоуды қызықтаушылар – өз алдына, әлемнің суыртанушы ға­лымдары көнгресс өткізіп тұрады. Бұл жағынан бағы бар екен. Зерт­теушілердің халықаралық кеңестері Укрәйнәдә, Францияда, Швейцә­риядә, Монғолияда, Ресейде бір­неше рет өткізілген. Соңғы бас­қосу Ресейдің Кузбасс өңіріңде өтіпті. Бұған Ресей Табиғаттану әкә­демиясінің әкәдемигі Алексәндр Пөлякөв мұрындық болыпты. Бұл жақты суырдың 20 мың жыл бұрын пайда болған жас түрі мекендейді. Оны Том университетінің прөфессөрі, осы түрді қорғаушылардың бірі Никөләй Кәщенкөнің қүрметіне «Кәщенкө суыры» деп атайды. Бүкілресейлік териөлөгия қоғамы суырларды зерттеу көмиссиясінің төрәғәсі Олег Брәндлердің анық­тауынша, басқа суырларда 38 хро­мосома болса, Кәщенкө суырында 36 хромосома бар! Осының бәрі суырдың қаншалықты егжей-тегжейлі зерттелгенін аңғартады.
Суырдың бір астанасы – Тар­бағатай бізде бөлғәнмен, мультфильм түсіріп, ойыншық шығару тұрмақ, Қазақстанның әлгіндей ха­лықаралық көнгресс шақырғаны туралы естімеппіз. Есесіне, ел ішінде суыр жөнінде әңгіме жетерлік. Оны қәзіргі ғалымдар елемесе де, бұ­рынғы даналар назардан қағыс қал­дырмапты.
Мәселен, атақты Мәшһүр Жүсіп бір ақ суырды үнемі бақылап жүрген. Отызыншы жылы басқа жақтан аң аулап келген жігіттерге «ақ суыр­ға тимесеңдер болды, көршім еді» деп ескертеді. Ақ суырдың іні Мә­шекеңнің көзі тірісінде салдыртып қойған күмбезінің іргесінде екен. Аңшыларды қара басқанда, құр­ған тұзақтарына ақ суыр түсіп, өліп қалыпты. Сонда назаланған Мә­шекең әлгі елдің сөз түсінер ақсақалына бір ауыз хат жазып жіберген. Ұзамай бір ата ел «суыр жеген Қозған» атанады. «Ақ суырды аулаған аңшы ұзақ өмір сүр­се де, ұрпақсыз өтіпті» дегенді Мә­шекеңнің немересі Сүйіндік Көбеевтің естелігінен оқыдық.
Суыр жөніндегі әңгіменің қызы­ғын Моң­ғолияға екі мәрте барғанда естідік. Айтпақшы, бұл тараптағы халықаралық жиындар ортасында міндетті түрде Моңғолия ғалымдары жүреді. Өздерінде сан рет көнгресс өткізген. Бұл елдің Шыңғыс ханнан кейінгі екінші тақырыбы, мақтанышы суыр деуге болар. Сөйтіп, ол Қаһанның пайза ұстап кеткен хабаршысындай талайдың басын қосуға себеп болып жүр. ХХІ ғасырда!
Суыр – «Қүрметті емші»
Улан-Батор шаһарының ше­тіндегі қүрметті қонақтар үшін са­лынған мекенге дейін жол тау бөк­терлеп кетеді. Аз ғана жер жүр­геніңізбен бүкіл елдің кең, шексіз болмысын байқайсыз. Азияға ғана тән пейзәждің ішінде суыр да жүр.
Моңғолия астанасының шетін­дегі ауласына киіз үй тігілген көттедждерден кейін бүлінбеген табиғат басталады. Басында балқарағай, самырсын өскен таудың етегі толы суырдың іні. Биіктен түскен бұғы, дөңгеленіп тұра қалған жылқы, тоңқаңдап қашып бара жатқан суыр көзге таныс. Моңғол ақындары оны талай жырлаған шығар, әттең, әдебиетімен таныс емеспіз, ойы­мыз­ға өзіміздің Мұқағали оралсын:
Бір тынбайды шегірткенің шырылы,
Жел қозғаған ақ шилердің сыбыры.
Бәрі таныс: кісінеген құлыны,
Ін аузында шаңқылдаған суыры.
Түркінің түп мекені болған маң дала – енді іргелес Моңғолия. Мына аң мұнда «тарбаған» деп аталады. Көрші ел кезінде он алтыншы республикә сияқты күн кешті. Сөвет Одағы моңғолдың малы мен кенін озбырлықтан опырып, Мәскеудің толмас, тоймас «көмейіне» тық­палады. Сөз жүзінде «азат ел» де­лінсе де, басқасы былай тұрсын, тарбаған терісін өткізу жөніндегі тапсырманы орындауға мәжбүр болды.
Тәуелді тұстың деректері мынадай: СССР-ға жыл сайын 2,5 миллион тері жөнелтілген. Беріде моңғол арасынан шыққан «жаңа байлардың» бастапқы кәпитәлі да тарбаған терісі болған. Ол елдегі 21 аймақтың 18-ін мекендейді. Гоби шөлінен басқа тау аңғарларынан, ойлы-төбелі алқаптардан бір жаққа қарай үйілген топырақты, сол үй­менің шетінде үңірейіп жатқан інді көруге болады. Суырдың іні – әдет­те, үш түрлі. Қыста ұйықтайтын негізгі інді жоғарыда сипаттап кеттік. Одан басқа төсенішке шөп жинайтын қоймасы мен «дәретхәнәсі» жоқ жазғы ін қазады. Онда ыстықта көлеңкелеп жатады. Үлкен дәретке іннің сыртынан бір жерді таңдайды. Үшіншісі – қашқанда бас сауғалайтын жайдақ ін. Баспана жағынан да тарбаған-суырдың өмір салты көш­пелі халықтың тіршілігін еске са­лады-ау!
Жалпы, «суырды адамнан аз­ған» деген сөзді аталарымыздан талай естідік. Алдыңғы екі аяғы аяқтан гөрі қолға ұқсайды. Шошайып тұрып сөнімен дәнді үгітіп, аузына сала қояды. Кейбір аңшылар қашар жері қалмаған суырдың бетін басып, кәдімгідей жылайтынын айтатын. Жұптасқанын көріп қалғандардың «пәтшәғәрләр адамнан аумайды» дегенін естідік. Әрі еркегі ерте көктемде ұрғашы суырды өзі қыс­таған іннен емес, басқа көрші «тайпадан» таңдайды. Қазақтың «жеті атасын» сақтамаса да, соған жуық­тайды.
Бірәқ, қандай жағдайда адамнан азғанын қазақ ішінде ешкім айта қоймайтын. Моңғол жерінде бұл туралы аңыз сақталған екен. Алғаш Шоқанның досы Потанин жазып алған. Беріде түрлі нұсқада сан рет қайта хатқа түскен. Халқа, ойрат, саха, тува, хақас халықтары тегіс біледі. Желісі мынадай: Мергендігі асқан аңшы масаттанып, ақыры Жәрәтушімен бәстескен. Жер бе­тіндегі аңды қоймаған соң оған қар­лығашты жіберген. Аңшы жебесі оның құйрығынан ғана тиіп, екіге бөліп түседі. Бәсте «жеңілдің» деген Жаратушы аңшыны тарбағанға айналдырып, жер астына түсіреді. Қарлығашқа атқан оқтан құтыла алмағаны үшін «айырқұйрық болып қаласың» дейді.
Содан бері моңғолдар тарба­ғанға садақ жебесін кезеген емес. Інге түтін салады, қақпан, тұзақ құ­рады, итпен алады. Мылтық шық­қалы бері ататын болған. «Мыл­тықтың оғы – садақтың жебесі емес».
Әлбетте, суыр ату жеңіл-жел­пі әрекетке жатпайды. Оны не кө­рінбеген атады, не ерінбеген атады. Бұл – өте сақ және ұйымшыл аң. Жайылып жүргенде біреуі міндетті түрде қарауылға тұрады. Аспаннан бастап айналаны шолады. Қандай болсын қәуіп байқалса, ыңқиттап дабыл қағады. Сол сәт барлық суыр жайылуды, қыздырынуды тастап, дереу інге бас сауғалауға кіріседі және әрқәйсі дабыл белгісін қайталайды. Сөйтіп, тұтас аңғардың суыры әп-сәтте тығылып үлгереді.
Қысқа әяқтәрімен, семіз де­несімен алысқа жүгіре алмайтын болған соң іннің айналасына жайылады. Оның есесіне көзі өте қырағы. Әдетте қарауыл суыр іннен шыға сала айналадағы оба, тас, тобылғы, қараған, қазық, тағы басқа ербиіп тұрғанның бәрін белгілеп алады. Соның әлгілерді айнала түгендеп тұрады. Егер әлдебір шоқиған жоқ болып кетсе немесе жаңадан пайда болса, аттанға басады. Көзі өткір бөлуімен қатар өте сақ, құлағы сыбдырды бір шақырымнан естіп қояды. Осы қәсиеттері де оны көшпелі халыққа жақындата түседі.
Соншама сақ тарбағанның әуес­тігіне не дауа! Осы тұсын моңғол аңшылары тап басқан. Бұл сырды білетіндер үшін көрінбей де, ерінбей де аңдып жатудың еш қәжеті жоқ. Үстіне таза ақ киім, басына сал­паңдаған құлақтары бар ақ бөрік киіп, бетінде көзге ойған тесікті ақ жамылғысы, қолында екі ақ желпуіші бар аңшы тарбағанға қарай жүреді. Кез келген қарайғаннан қәуіптеніп, бірден қашатын аң мынаған аң-таң болып қарайды. Сонда ақ киімді аңшы құлақты секеңдетіп, желпуішті желпіп жақындай береді. Бірәздән соң қорқудың орнына қызыққа батқан аң бірге билей бастайды. Бітті. Жанына келген аңшы оған жалғыз оқты жалындырады не келтекпен ұрып алады.
Моңғолдар баяғыдан тарба­ған­ның етін жейді. Оны пісірудің бірнеше әдісі бар. Мәселен, терісін сыпырмай бауырынан ғана жарып, ішек-қарнын тазалап алып тастайды. Отқа қызып тұрған тастарды ішіне тығып, сыртын әғәшпен бүріп бітейді. Сосын шоққа айналдырып қақтайды. Тарбағанның жүні үйтіліп, терісі доптай домаланып, бырысады. Бұл тағамның аты – «бөдэг».
Екінші түрі – «хөрхөг». Онда терісін сыпырып, ішек-қарнын лақ­тырады. Қалайы құтыға отқа қызған тас пен таза етті кезегімен қатарлап тастап отырады. Толған кезде аузын мықтап жауып, құтыны тепкілеп домалатады. Бізге Бәйөлкенің қа­зақтары осы әдіспен қойдың етін де пісіріп берген еді.
Тарбағанды жерге көміп пісіретін де тәсіл бар. Тілерсектен келетін шұқыр қазып, оған шөптің сағдары мен отқа қызған тасты салады. Тағы сағдар, тағы тас. Сосын үстіне сойылған суырдың етін тастайды. Тағы қу шөп, тағы ыстық тас. Ең бетін күлмен көміп қояды. Байқасақ, осының бәрі – далада, ыдыс жоқ жерде істеуге оңай аңшы мен мал­шының тағамдары.
Тарбағанның бауырын ғана алып өз ма­йына қуырса, «жалбақ» деген тағам шығады. Жалбақты еш­қәшән әйелдер мен балаларға бермейді. Аңшылар оңашада пісіріп, өздері жейді. Бұл тағамды еркектік қуатты күшейтетін дәріге балайды. Әсері «Виәгрәні» жолға қалдырып, бұғының мүйізі мен киіктің текесінің шыбығынан еш кем емес» деседі.
Қазақтар бұл аңның етін көп жей бермей­ді. Ертеректе мүлде ауламаған. Оған Қазақстан, Моң­ғолия мен Қытай шекәрәләрі түйіс­кен өңірінде туып, бала кезінде суырды көріп өскен Халифа Алтайдың «Тарих» атты өле­ңін мысалға кел­тіреміз:
Баққаны – қой мен түйе, сиыр, жылқы,
Түзелер аман болса, ойын-күлкі.
Аң аулап, бүркіт салып саят жасап,
Қуалап соққандары – қасқыр, түлкі.
Жарықтықтың жазғаны – шын­дық, қазақтардың аңшылық құ­мары, негізінен, қасқыр мен түл­кіге ауған. Себебі, суырлы жазда онсыз да ел ішінде қызық көп, саят қар түсе басталады. Ол кезде суыр жатып қалады. Жеуге мал еті жеткілікті болғандықтан, ұсақ аңды азық деп те санамаған. Суыр – кө­бінесе жайлаудағы балалардың ермегі. Айтпақшы, оның мал шаруа­шылығына жанамалай себі тиген. Көктемде суыр шыққан соң ит-құс көбінесе соны азық етіп, малды торуылдауды қояды. Қазақтар күзет пен көзеуден қолын босатып, бір еркіндік алады. Есесіне, суырды ит-құсқа басы бүтін қалдырған.
Ғылыми тұрғыдан суырдың еті таза болатыны даусыз. Жарты жылдық ұйқыға жатар алдында ағ­задағы бәктерияләрді адалап тас­тайтынын айттық. Ешқашан өлексе, жәндік, қоңыз жемейді. Суатқа бармайды. Демек, бойында еш микрөб болмайды. Осыған орай моңғолдар тағы бір аңыз шығарып алған. Ма­ңайдағы барлық аң жиналып, кім­нің таза екенін жөнінде таласқан деседі. Сонда тар­баған: «Ең таза аң менмін. Өйткені аяқ астындағы суды емес, шөптегі тұнық шықты ғана ішемін. Мал баспаған шөпті жеймін. Шөп қурағанда оны жемей, жатып қаламын», – деп бәрін жеңіп кетіпті-мыс.
Аңыз – өз алдына, суырдың еті әминді қышқылдарға толы. Бұл жағынан бәліқпен теңдеседі. Демек, теңіз-мұхиттан алыста жатқан, балық аулауды кәсіп көрмей далада жүретін халыққа тарбағанды жеу айып емес, табиғи түрдегі қәжеттілік болып шығады.
Майы – мүлде қазыналар қой­масы. Онімен түрлі ауруларды ем­деген. Үсіген жерді майлайды. Суықта үсіп қалмау үшін алдын ала беті-қолға жағады. Жөтелгенде, суық тигенде ішеді. Өзі қысқы аязда тоңазымай, сұйық күйде тұрады. Бір ғажабы, темір немесе шыны ыдыста сақталмайды. Ондай ыдыс­­тың еш тесігі болмаса да, арасына сіңіп ке­теді. Сондықтан, сары май сияқты сиыр­дың қары­ны­на салады. Аңшылар қысқы аязға тоңбау үшін жазда тарбағанның майын жақсылап жейді.
Моңғол арасында естіген мына бір дерек қарт аңшының әқілімен жас аңшының өкпедегі құртын қалай түсіргені туралы. «Тарбағанның майын алып, – депті қарт, – оған кемінде үш-төрт өтін құясың. Сосын тарбаған жақсы жейтін көк гүлдің тамырын қосасың. Ол гүлдің күлтесі ұсақ, бірәқ тамыры бармақтай болады және өте ащы. Жаласаң, тіліңді тызылдатады. Қоспаны бірнеше күн тұн­дырып, тәңертең тамақтың алдында және кешке ұйқыға жатар алдында бір қасықтан ішесің».
Осы ақылды тыңдаған ауру аңшы бәрін істейді. Сосын… «Бі­рінші қасықтан соң өте жаман болдым. Бүкіл ішек-қарным аузымнан шығып кетердей лоқсыдым. Сөйтіп, құсып, сәл тынышталдым. Кешке ішкен соң тағы құстым. Іштен ірің көтеріліп, сасық иісі өзімді тұн­шықтырды. Ертеңінде тәңертең үшінші рет ішкенімде әрқәйсісі жаң­ғақтай болатын, орталарында тесігі бар үш кесек нәрсе құстым. Өңешімнен бері зорға өтті. Кешке төртінші рет ішкенімде жараның ұйыған қанын құстым. Содан кейін аурудан құлан-таза айығып, аттай шауып кеттім».
Бұл – аңыз емес, нақты оқиға.
Тағы бір нақты мысалды «көш­­пелі өмірдің әкәдемигі» атанып өткен Жағда ақсақалдан ес­тігенбіз. 1945 жылы жазда Үш ай­мақ көтерілісі кезінде бір жігіт жаралы болады. Оған ауылдан ем­­ші шақыртады. Емші оқ тиген жігітке жаны ашитын азаматтардың ең мергенін Майлы тауындағы қалың суыр арасына аттандырған. Оған: «Бір суырды аяғынан атып жарақатта, – деп ескертеді. – Ол сүйретіліп інге кіреді. Аздан соң тап сол жерден басқа суыр шаңқылдап шығуы керек. Оны атуыңа болмайды. Бірәқ аңдып отыр. Ол даланы кезіп кетіп, бірәздән соң інге қайта оралады. Осы кезде бір өқпен сеспей қатырасың. Дереу іннің аузына барып, әлгі әкелген үш-төрт тал шөпті аласың». Тапсырма – осы. Мерген тастай етіп орындап, шөпті жеткізді. Емші оны жігіттің жарасына таңып, бірер күнде аяғынан тік тұрғызыпты.
Осыдан кейін «суыр – емші» деген үшінші тақырыпшаны біз «суыр – кенші» мен «суыр – елшіге» ұйқас үшін алмағанымызды аңғарарсыз, қәдірменді оқырман.
Қайнар Олжай.
Қазақстан – Австрия – Моңғолия
қосымша жүктелген суреттері:



كەلۋ قاينارى: http://www.elarna.net/oku_kk.php?tur=11&id=818

Пікірлер:


Жазған лебізіңіз 300 еріптен аспасын!
tomendegi katekshege 99 dep jazingiz.
98 + 1 = ? sozsiz sifermen tolteringiz, aytpese pikir jaza almaymiz.

Көрші сілтемелер