Еларна қолфон нұсқасына ену

Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com




Түрі: Ел-арна газеті, бұл арадан барлық мақалаларын оқисыз

Жолданған уақыты: 12:57 - 2015/06/03

Қосымша қайнары:http://www.elarna.net/oku_kk.php?tur=11&id=810
Тоте жазу нұсқасы:http://www.elarna.net/oku.php?tur=11&id=810

توتە جازۋ نۇسقاسى:http://www.elarna.net/oku.php?tur=11&id=810

Мақала жолдаушы: Jolawshy
Мақала апторы: Жұмаш КӨКБӨРІ
Аптордың мекен-жайі: Almaty, KZ

Іле Қазақ автономиясының төрәғәсі, Тарбағатай аймағының әкімі сияқты жоғары лауазымды қізметтер атқарған сол кісінің ұзақ жылғы зерттеуінің, жинауының нәтижесінде шығарған қорытындысы бойынша: ағылшында – 500 мың, қытайда – 700 мың, ал қазақта – 1 миллион төл сөз бар екен. Мұны дәлелдеген дала әкәдемигі, белгілі мемлекет және қоғам қәйрәткері, марқұм Жағда Бабалықұлы екенін мәқтәнішпен ауызға аламын.

…Ана тіліміздің мәртебесі үшін бір өзі бірнеше Ғылыми-зерттеу институттарының қізметін атқарған қазақ абызы Жағда Бабалықұлының (бұл ағамыз емдік шөптердің және қалай емдеу керек екенінің көптеген түрін білетін, өзін-өзі емдеп алатын, сөйтіп, 95 жасқа дейін ұзақ жасаған ғұлама) соңында қазақ тілінің бай қоры бар екенін дәлелдейтін жүздеген том-том қолжазбалары қалды (әр том қолжазба шәмәмен 1,5-2 кг. деп есептеңіз) .

Марқұм қолының қысқалы­ғы­нан, безбүйрек биліктің қыр­сыздығынан бұл еңбекте­рін тұтастай көзінің тірісінде жа­риялап (Тек қана Шәмшә Беркімбәевә ректөр болған Қазақ қыздар педәгөгикәліқ уни­вер­ситеті бұл кісінің қолжазба­ла­рын реттеуге ат салысқан зор кө­мектерін айта кеткен жөн) , ұлтымыздың ортақ игілігіне айналдыра алмады. Әйтсе де, көз жұмарынан бірәз бұрын Жа­қаң мол қолжазбаларын нө­мір­­летіп, тіктіріп, ретке келті­ріп, Алматыдағы мемлекеттік мұражайға өткізіп кетті (бұған Жақаңның ұл-қызы Алтай мен Розаның қосқан үлесі ерекше) .

Ол кісінің қасында көп жүр­дім, көп әңгімесін естідім, ана «Алаш» серкелеріндей ұлты үшін еңіреп туған айрықша перзент еді бұл азамат!

Бір өкініштісі, ол кісінің көзі­нің тірі­сінде ұлт екенімізді дә­лелдеп, Жағда Бабалықұлы тә­­різді айрықша туған ұлт пер­­зентіне қол ұшымызды бере алмадық. Мәселен, ол кісінің қолжазбасынан бір ға­на адам алақанындағы мүше­­лердің жиырмаға жуық атауын, жылқының біз білетін «жирен», «торы», «ақбоз», «қара», т.б. дегендерінен бө­лек, жиырма шақты атауын, қаз­ақтың ұлттық тағамадарының үш жүзге тарта атауын және ол тамақтарды әзірлеу, пісіру жол­дарын көріп, таң қалғаным бар…

Қазақ тіліндей бай тілімізді қорлап, табан астына салып отырған, өзге емес, өзі­міз­дің шала қазақтарымыз, жүздеген нигилистеріміз…

Таяу жылдарда болу керек, «Жазушы» (директөрі – ақын Есенғәли Раушанов) баспасы «Қазақ ауыз әдебиетінің» 100 томдығын жарыққа шығарды. Бұл — біздің қазақтың ауыз әде­биетіне бай екенін көрсетеді.

Қазақ тілі – әлемдегі ең бай тіл. Біздегі бір ғана «Батырлар жырының» өзі жүздеп, мыңдап саналады. Лиро-эпос­тық ғашықтық жырларымыз одан да көп. Мақал-мәтел, жұмбақ, жаңылтпаштарымыз мыңдап саналады. Ал, қазақ ақындарының әртүрлі айтыс­тары жүз мыңдап саналады.

Бірәқ, ең сорақысы сол – менің туған тілім – Қазақстанның тәуелсіздігін алғанына 20 жылдан асса да, Конституциямызда «Мемлекеттік тіл» деп бадырайтып жазылса да, әлі босағадан аттай алмай отыр. Жалғыз Мұхтар Шахановтың «Ана тілім!» деп шырылдағанынан не шығады, бүкіл ұлт болып атқа қонуымыз керек.



Жұмаш КӨКБӨРІ, ақын, қоғам белсендісі
қосымша жүктелген суреттері:



كەلۋ قاينارى: http://www.elarna.net/oku_kk.php?tur=11&id=810

Пікірлер:


Жазған лебізіңіз 300 еріптен аспасын!
tomendegi katekshege 99 dep jazingiz.
98 + 1 = ? sozsiz sifermen tolteringiz, aytpese pikir jaza almaymiz.

Көрші сілтемелер