Еларна қолфон нұсқасына ену

Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com




Түрі: Ел-арна газеті, бұл арадан барлық мақалаларын оқисыз

Жолданған уақыты: 08:31 - 2015/06/03

Қосымша қайнары:http://www.elarna.net/oku_kk.php?tur=11&id=805
Тоте жазу нұсқасы:http://www.elarna.net/oku.php?tur=11&id=805

توتە جازۋ نۇسقاسى:http://www.elarna.net/oku.php?tur=11&id=805

Мақала жолдаушы: Jolawshy
Мақала апторы: Жұмаш Көкбөрі
Аптордың мекен-жайі: Қазақстан Алматы қаласы

Жұмаш КӨКБӨРІ


АЛ, БҮГІН ҚЫРЫЛСА КИІКТЕР...


Жер қайда, емшегін иіткен?
Өртенем бұл сұмдық күйіктен,
Жер беті қып-қызыл қанжоса,
Есепсіз қырылған киіктен...

Өліктер - қаптаған даланы,
Менің де жүрегім жаралы.
Есеп жоқ киікте қырылған,
Дүние, не болып барады?..

Онсыз да пейілі, түсі ала,
Тасыған есепсіз күші ана,
Жат жұрттық зымыран тоқтамай,
Әлі күн үстімнен ұша ма?

Сұмдық-ай, киіктер өлі екен,
Баратын жерлері көр екен.

Жамсатқан жазықсыз хаюнды,
Бұл өзі кімдердің қолы екен?..

Мейірін төкпейме биіктер,
Не болды тағдырың сүйікті ел?
Ал, ертең Қазаққа не болмақ,
Бүгінде қырылса киіктер?..


Жұмаш КӨКБӨРІ,
03.06.2015 жыл.
қосымша жүктелген суреттері:

كەلۋ قاينارى: http://www.elarna.net/oku_kk.php?tur=11&id=805

Пікірлер:


Жазған лебізіңіз 300 еріптен аспасын!
tomendegi katekshege 99 dep jazingiz.
98 + 1 = ? sozsiz sifermen tolteringiz, aytpese pikir jaza almaymiz.

Көрші сілтемелер