Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Ел-арна газеті, бұл арадан барлық мақалаларын оқисыз

Жолданған уақыты: 04:25 - 2015/06/02

Қосымша қайнары:http://www.elarna.net/oku_kk.php?tur=11&id=799
Тоте жазу нұсқасы:http://www.elarna.net/oku.php?tur=11&id=799

توتە جازۋ نۇسقاسى:http://www.elarna.net/oku.php?tur=11&id=799

Мақала жолдаушы: Walikan
Мақала апторы: Абдыхамит орнықпай ұлы
Аптордың мекен-жайі: Құлжа

Абдыхамит орнықпай ұлы


«ақынның жасампаздық әрекеті өзі мен өзі болып жатқан өзгеше бір тұтас, тұйық дүние, ол өз заңына, өз негізіне, өз есебіне сүйенеді. ең әлдімен осыны бар деп біліп, бұл туралы пікір айту керек» деп белнски айтқандай ақын таңжарық жасампаздығының қыры мен сыры туралы сөз қозғауда шығармаларындағы әрбір сөз сөйлемдерге деиін де үңілуге тура келеді.

әқінөз туындыларында өзінен бұрын өткен талай талант иелері тапқырлаған және замандар бойы халық өзі қалыптастырған мол сөздік қордан бедерлі сөз- сөйлемдерді іріктеи білген, шеберлікпен пайдаланған. егер сіз оның қайсы бір туындысының басынан аяғына деиін көз жүгіртсеңіз, қазақ халқының тұрмыс-тіршілігі барысында көп ұшырайтын сөздер мен мінез-құлық, көзқәрәс, пиғыл, іс-әрекет, ой-сезім, танымдық тереңдік, әсер сондай-ақ ұлттық таным-сенімге қатысты сөйлемдерді молынан табуға болады. сөнімен бірге қоғамдық әлеументтік, саяси, шаруашылық мәдени жағдайларға байланысты тамаша жасалған тұтас туындыны әрлендіре түскен ұтымды да өткір мақал-мәтелдер, қанатты сөздер тыңнан тапқырлаған көркемдеу амалдары мен көркем де жаңа сөз тіркестері де молшылық. онда ақын кілең қазақи ұғымдарды қөлдәнумен бірге аз мөлшердегі араб, парыс, ұйғұр, ханзу тіліндегі атау сөздер мен сөйлемдерді кірістіріп кетіп отыратын тұстары да бар. шындыққа жүгінгенде бұл ақынның тілді шұбарлағаны емес, қайта тапқыр ой иесінің тілдік қоры жақтағы мол білімінің қүдіретіне сүйеніп, ақындық алып ұшқан шабыттың қанатына мініп, оң мен солын дұрыс байқап өмірді реәлистік тұрғыдан шынайы беинелегендігінде деп білу керек. мен шанағы шағын бұл мақаламда тек осы ханзу тіліндегі сөз-сөйлемдерге тоқталып өтпекшімін.

таңжарық таңдамалы шығармаларының жалпы үш томында небәрі жиырмаға жуық ханзу тіліндегі сөз - сөйлем бар. бұның басым көбі атау тұлғалы сөздер болып негізінен «ұсталғанда», «жолда», «нүптебектің асы» қатарлы үш өлеңінде ғана кездеседі. міне, бұдан ақынның әрбір сөз- сөйлемінің өзінде асқан тәлғәмпәздіқпен қолданылғанын аңғаруға болады.

бырыншы, ақын шығармаларындағы ханзу тіліндегі сөз-сөйлемдер дәл сол тұстағы қоғамдық ортаны, адамдар хәректірін дұрыс беинелеп беруде өзіндік көпірлік ролы бар. мәселен, «ұсталғанда» деген өлеңінде:
құмалақ ақ сөйле деп отырғанда,
шарт етіп ашылды есік шалдұр- шұлдыр.
«тәңжәликі чилай» деп әсіғіспен,
күзетші сөйлеп кетті ......, _деп келетін өлең жолдарындағы: түрме іші, шалдыр етіп ашылған шынжырлы түрме есігі, есіктен кіре сала бұйрық бере сөйлеген ханзу күзетші, ..., осы бір үзік көрініс жанды беинемен көз алдыңызға келеді. бұл жерде тәкең «быр ханзу күзетші түрме есігін ашып кіріп келді, ол ханзу тілінде былай деді ...» деп ұзын-сонар баяндауға басып жатпайды, тек «күзетші» деп ғана алады, күзетші сөзін ханзу тілінде береді. міне, бұл ақынның сөз-сөйлемдерді ұтымды түрде пайдалана білетін шеберлігін көрсетіп бере алады.

екінші, ақын шығармаларындағы ханзу тіліндегі сөз- сөйлемдер екі ұлт адамы арасындағы қарым- қатынастың, сезім-сүйіспеншіліктің соншалық табиғи көрінуіне, оқырман сезіміне тіке ықпал көрсете алуына өзіндік септігін тигізе алатындығында дау жоқ. мәселен, пәлинөвтәрмен алғаш бірге кірген жылы жүзді ханзу жігіттің кісілігіне ризашылық білдірген ақын «ұсталғанда» деген өлеңінде былай деиді:

қайғыма ортақтасып көңіл бұзып,
отырды басын сипап қағаз сызып.
«бұяужын, бұхайпа!» деп сүйеп барып,
келді әкеп орындыққа отырғызып.

міне, осыбыр шумақ өлеңінде ханзу жігіттің «бұяужын, бұхайпа!» _ деген сөзі арқылы екі ұлт адамы ортасындағы тілеулестік көңіл күйді табиғи тамаша беинелеген.

үшінші, ханзу тіліндегі атау сөздердәл сол тұстағы халық санасына лайықты тұрғыдан пайдаланылған. бұл шығарманың дәуірлік тынысын анық аңғартуда өзіндік ролға ие. мәселен, «сылиң» (қолбасшы) , «гүңәнжүй» (қоғам хәуіпсіздік мекемесі) , «шуетәң» (мектеп) , «тұңлиң» (тұтас басқарушы) «шяңио» (ауыл бастығы) қатарлы сөздердің барлығы сол тұста хәнзуләрмен аралас-құралас отырған жалпы жұртқа түсінікті болған атаулар. оның қолма-қол аудармасы немесе халықтық тілдегі баламасы ол кезде жұрт ауызында айтылып әдетке айналдырылмағандығы үшін ақын өз шығармаларында пайдаланбаған болса керек. өз тұсында міне осындай бір ауқымды әрі тез әрі дұрыс игере алғандығы үшін ұлы абай «интернәттә оқып жүр» десе, таңжарық «шуетәңдә оқып жүрген құрбыларым» деп беинелеиді. демек, «өз заңына, өз негізіне, өз есебіне сүйенген ақын» өз туындыларында ішінәрә басқа ұлт тіліндегі сөз- сөйлемдерді, атауларды кірістіре кеткендігі үшін кеиіс білдіруге болмайды. қайта тарихи тұрғыдан қарап, зерттеп, дұрыс мәміледе болып орынды пікір айтуға қарай ойысуымыз керек.
қосымша жүктелген суреттері:

كەلۋ قاينارى: http://www.elarna.net/oku_kk.php?tur=11&id=799

Пікірлер:


Жазған лебізіңіз 300 еріптен аспасын!
tomendegi katekshege 99 dep jazingiz.
98 + 1 = ? sozsiz sifermen tolteringiz, aytpese pikir jaza almaymiz.

Көрші сілтемелер