Еларна қолфон нұсқасына ену

Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com




Түрі: Ел-арна газеті, бұл арадан барлық мақалаларын оқисыз

Жолданған уақыты: 07:01 - 2015/06/01

Қосымша қайнары:http://www.elarna.net/oku_kk.php?tur=11&id=797
Тоте жазу нұсқасы:http://www.elarna.net/oku.php?tur=11&id=797

توتە جازۋ نۇسقاسى:http://www.elarna.net/oku.php?tur=11&id=797

Мақала жолдаушы: Jolawshy
Мақала апторы: Жұмаш Көкбөрі (Кенебәй)
Аптордың мекен-жайі: Қазақстан Алматы қаласы

Жұмаш КЕНЕБАЙ (Көкбөрі)
БІР ҮЗІК ОЙ ТОПТАМАСЫ…
2. Адам жанының Құпия Кілті -
Ұнау мен Ұнамау туралы баян
(Бұның алдында «БІРЕУГЕ БІРЕУДІҢ АЙТҚАН АҚЫЛЫ - СОЛ АҚЫЛ АЙТҚАН ПЕНДЕГЕ ҚОНА ҚОЯР МА ЕКЕН, ӘУЕЛІ?..» деген бір ой толғау жарияланғаны белгілі. Бұл соның 2-сі деп есептеңіздер)
Біздің Қазақта: «біреудің өзі ұнауы, біреудің көзі ұнауы мүмкін» деген қарапайым ғана қалыптасқан сөз тіркесі бар. Яғни, осы Ұнау мен Ұнамау - ең әлдімен сол «біреуден» басталса керек. Әрине, біздің Қазағымыздың «біреу» деп отырғаны - адам. Ұнау да, Ұнамау да - адамдар арасындағы қарым-қатынасты білдіреді. Демек, адам баласының бір-бірімен қарым-қатынасы - осы Ұнәумен немесе Ұнәмәумен өлшенеді деген сөз. Әрине, бұл екеуі де нақты өлшем таразысы емес. Десе де, адамдар амалсыз осы өлшемге тәуелді болатын сияқты ма, қалай?..
...Мысалы, бір жерде екі адам әңгімелесіп отыр дейік. Әрине, олардың әңгімесінің тақырыбы - әлде бір адам туралы болды делік. Әңгіме қозғап отырғандардың біреуі:
-Соның мінезі ұнамайды. Не нәрсенің де көлеңке жағын көреді,-десе, қарсы жақ:
-Жоқ, сен оны жақсы білмегенсің, ол шын мәнінде дұрыс адам. Бәрін ішіне сақтайды. Содан да оны былайғы жұрт түсіне бермейді,-деп дау айтады. Ал, бастапқы адам болса, айтқанынан қайтпай:
-Сенкі дұрыс емес. Мен де білемін ғой. Ол үнемі біреуге тиіспесе, ішкен асы бойына сіңбейтін, нағыз іштәр жан. Сен де кісі танымайсың,-деп қоймайды. Тағы да қарсы жақ:
-Саған айттым ғой, оны жұрт түсінбейді деп. Ол не айтса да, көзіңе басып тұрып, өзінің ішкі ойын ашық айтады. Содан болар, көпшілікке оның айтқандарының барлығы да ұнай бермейді,-деді. Тағы да қарсы жақ:
-Сен де қоймайды екенсің. Айттым ғой саған, сен оның шын мәнінде кім екенін білмейсің. Содан кейін осылай айтасың,- деп мүлдем берілетін емес...
Иә, сіз осы қысқа-қысқа сөз алмасулардан не түсіндіңіз?
Менің ойымша сіз, адамдардың қашан да өз пікірлерінен өңәйшіліқпен қайтпайтынын, сосын, Ұнау мен Ұнамаудың ешқәшән да ымыраға келмейтінін аңғарған боларсыз.
Тұтас адамзат баласы деп, тым астамшылыққа бармай-ақ қояйын. Әйтеуір, біздің Қазақ Баласының өзәрә қарым-қатынасы - осы Ұнау мен Ұнамаудан тұратыны - айдай Ақиқат!
Жас ғашықтардың бір-бірімен сүйіспеншілігінің өзі осы - Ұнау мен Ұнамаудан бастау алады. Ессіз Махаббат, алғашқы Ғашықтық деп жүргеніміздің барлығы да - Ұнау мен Ұнамаудың жемістері. Қазақ тарихындағы, тіпті, барша Түрік халықтары тарихындағы –«Қозы-Көрпеш-Баян-Сұлу» ғашықтық хикәясінің өзі Ұнау мен Ұнамаудың нәтижесі. Қозы мен Баянның өзәрә ынтықтығын айтпағанның өзінде, олардың әкелері Сарыбай мен Қарабайдың, Қозы мен Қодардың арасындағы қатынас - белгілі бір дәрежеде осы Ұнау мен Ұнамаудан тұрған. Қыз Жібек пен Төлеген, Еңлік пен Кебек, Қодар мен Ажар, Қалқаман мен Мамыр, т.б. Қазақ тарихындағы екі жас арасындағы ғашықтық хикәләрінің барлығының да түп қазығы - Ұнау мен Ұнамауға байланған.
Үлкен саясатқа келсек, Түрік тарихындағы мына бір қәсіретке толы оқиғаны алуға болады. Ұлы Осман империясінің ұлы имперәтөрі Баязит сұлтан мен жарты әлемнің әміршісі, Түрік топырағынан шыққан Ақсақ Темірдің бір-біріне ұнамауының ақыры - бір-бірінің әскерін аяусыз қырып, бір-бірінің басын әлумен аяқталғанын қалай ұмытарсың. Осы екі адамның арасындағы бітіспес жаулық - ең әлдімен жәй ғана бір-біріне ұнамаудан басталған.
Адамзат тарихандағы жахандық соғыстардың барлығы да осы - Ұнау мен Ұнамаудан туған. Оған Неміс пен орыстың, жапон мен қытайдың, әмерикә мен немістің, ағылшын мен немістің, қытай мен вьетнәмнің, үнді мен ағылшынның өзәрә кескілескен қан-төгістерге барып, оның ақырының дүниежүзілік соғыстарға ұласқандарының қайнар бастауы да осы - Ұнау мен Ұнамаудан басталғаны дәлел. Мұндай мысалдарды көптеп келтіруге болады...
Ер мен әйелдің, әке мен баланың, ағайын мен туыстың, ру мен рудың, дос пен достың, дос пен қастың, көрші мен көршінің, тұтастай алып қарағанда, ұлт пен ұлттың, халық пен халықтың, ел мен елдің, мемлекет пен мемлекеттің, хан мен қараның, бай мен кедейдің, құл мен құлдың, хандар мен хандардың, патшалар мен патшалардың, дарындылар мен дарынсыздардың, ұстаз бен шәкірттің, тіпті, бар мен жоқтың, мен мен меннің, қоғам мен қоғамның, заман мен заманның, дәуір мен дәуірдің, көк пен жердің, күн мен түннің, саясат пен саясаттың, жеңіс пен жеңілістің, өмір мен өлімнің, жақсы көру мен жеккөрудің, т.б. қарым-қатынастың барлығы да - Ұнау мен Ұнамауға тәуелді.
Мен кейде қатардағы бір пенде ретінде ойлаймын, ойлаймын да, төмендегідей шешімге келемін.
Адам баласының құпия кілті - осы Ұнау мен Ұнамаудың ішіне жасырылған шығар деп. Егер кімде-кім, сол аса құпия кілтті тауып алса, адамзат жанының құпиясын сөнімен ашса, қатардағы адамдардың бір-бірімен жаулығы тыйылар ма екен деп. Қарапайым адамдар арасына мәңгілік тыныштық орнаса, тұтас қоғамға да сол күн нұрын шәшпәймә, жер беті Жұмаққа айналмай ма деп.
Иә, әзірге менің бұл болжамым - Қиял мен Арман ғана болып тұр...
(Жалғасы бар)
Жұмаш КЕНЕБАЙ
27.01.2014 жылы жазылып,
01.06.2015 жылы қайта қаралды.
қосымша жүктелген суреттері:

كەلۋ قاينارى: http://www.elarna.net/oku_kk.php?tur=11&id=797

Пікірлер:


Жазған лебізіңіз 300 еріптен аспасын!
tomendegi katekshege 99 dep jazingiz.
98 + 1 = ? sozsiz sifermen tolteringiz, aytpese pikir jaza almaymiz.

Көрші сілтемелер