Еларна қолфон нұсқасына ену

Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-12-0471511308356 %44 %
2019-12-0566971342055 %45 %
2019-12-0627071189765 %35 %



Түрі: Ел-арна газеті, бұл арадан барлық мақалаларын оқисыз

Жолданған уақыты: 03:16 - 2015/05/16

Қосымша қайнары:http://www.elarna.net/oku_kk.php?tur=11&id=735
Тоте жазу нұсқасы:http://www.elarna.net/oku.php?tur=11&id=735

توتە جازۋ نۇسقاسى:http://www.elarna.net/oku.php?tur=11&id=735

Мақала жолдаушы: Jolawshy
Мақала апторы: Жұмаш Кенебәй
Аптордың мекен-жайі: Қазақстан

: PDF Download - Жұктеұ - Скачать - ءتۇسىرۋ


Төмендегі туындымды оқырмандар сұрауы бойынша қайталап назарларыңызға ұсынып отырмын...

Жұмаш КЕНЕБАЙ

·
SOS!
SOS!
SOS!!!


ЖАНАЙҚАЙ!!!
ЖАНАЙҚАЙ!!!
ЖАНАЙҚАЙ!!!


Жұмаш КӨКБӨРІ


БОЛМАЙДЫ ҰЛТЫМ, ТӨЗУГЕ!!!



«Арыл Ұлтым, қалай да!!!» деген өлеңімді оқыған Алтінбек Қожа Ахмет деген азамат: «Арабта:
«әйелі тәртіпті елдің өзі де тәртіпті» деген мақал бар» деп жазып жіберіпті.
Шынында да салмағы ауыр
мақал екен. Ал, біздің қазақ, осы биіктен көріне ала ма, деген сұрақ туындайды осы арада...
Автор.



Сұмдық шындық «бұлдыр іс»,
Нені, қалай тындырыс?..
Естіп, біліп жүрген соң,
Қан жылайды құрғыр іш.


Өң, түстері сұр ма екен?
Көзін сатып тұр ма екен?
Қай қалада, қай жерде
«Көбелектер...» жүр ме екен?


Әлсіздерді орай кеп,
Соқты күдік борай кеп,
Барлық Қазақ аруын
Айта алмаймын «олай» деп

.
Күл ме, әлде шоқ көп пе?
Айта алмаймын «көп» деп те,
Түзу жолдан тайғанды
Айта алмаймын «жоқ» деп те...


Ар мен Ұят жоғалған,
Асылынан тоналған,
Бұл Қазақтың кешегі
Ибалысы не болған?


Ненің дәмін татты екен,
Азған, тозған, әккі екен?
Сіңлілерін Баянның,
Қандай құдай атты екен?
Неге айналған бұл мекен?


Басынғандар - құл ма екен?
Сіңлілерін Жібектің,
Қандай құдай ұрды екен?
Ұялмай ма, қыңбай ма,


Айтқан сөзді тыңдай ма?
Сұлуымды кешегі,
Кім жеткізген мұндайға?
Тамақ неге қылқынды,


Жүрек ашып, бұлқынды,
Мына Дінсіз, тілсіздер,
Қорлады әбден ұлтымды.
Жұрт бәріне қанықты,


Бәрі, бәрі, анық-ты,
Олар көріп жүрсе де,
Көрмеген боп қалыпты.
Дейме - «енді кеш» екен,


Бөйжеткенмен - шеше тең.
Бұлар неге соншалық,
Қазағыма өш екен?
Құрық салып асауға,


Жылы-жұмсақ асауда.
Құрту үшін Қазақты,
Бұлар бәрін жасауда...
Қүртуменен барабар,


Жас жүректе жара бар,
Айтқандайын арабтар:
«Ұлт белгісі - аналар».
Мынау өзі елес пе?


Тегіс емес, дөңес пе?
Бөйжеткендер бүгінгі
Ертең Ана емес пе?
Көңіл шіркін күпті ғой,


Дей алмаймын: «ұқты ғой...»
Кілең Дінсіз, Тілсіздер,
Ұлтты қорлап бітті ғой...
Олар жаншып, езуде,
Ар, ұяттан безуде,
Бұдан артық ендігі,
Болмайды Ұлтым, төзуге!

Мазақ етпе еліңді,
Жолды таңда сенімді.
Аттан Қазақ, атқа қон,
Ал, иттерден кегіңді!

Жұмаш КӨКБӨРІ,
06.05.2015 жыл.
Нравится · Көмментәрий · Пөделиться
Салтанат Тилепөвөй, Мұхтару Абдірәхмәну и Ermek Murumbaev это нравится.
Жұмаш Кенебәй
كەلۋ قاينارى: http://www.elarna.net/oku_kk.php?tur=11&id=735

Пікірлер:


Жазған лебізіңіз 300 еріптен аспасын!
tomendegi katekshege 99 dep jazingiz.
98 + 1 = ? sozsiz sifermen tolteringiz, aytpese pikir jaza almaymiz.

Көрші сілтемелер