Еларна қолфон нұсқасына ену

Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-10-161489390735 %65 %
2019-10-171587416432 %68 %
2019-10-1825179630 %70 %



Түрі: Ел-арна газеті, бұл арадан барлық мақалаларын оқисыз

Жолданған уақыты: 07:24 - 2015/05/13

Қосымша қайнары:http://www.elarna.net/oku_kk.php?tur=11&id=722
Тоте жазу нұсқасы:http://www.elarna.net/oku.php?tur=11&id=722

توتە جازۋ نۇسقاسى:http://www.elarna.net/oku.php?tur=11&id=722

Мақала жолдаушы: Jolawshy
Мақала апторы: Жұмаш Көкбөрі (Кенебәй)
Аптордың мекен-жайі: Қазақстан Алматы қаласы

: PDF Download - Жұктеұ - Скачать - ءتۇسىرۋ


Жұмаш Көкбөрі:





Нағыз Ұлттық Қәсірет!!!





Біздің Қазақ, көз жіберсең оңынан,
Біздің Қазақ, көз жіберсең солынан.
Түрі – қазақ, тілі – орыс, ал, діні –
Бір кездегі «Құдайсыздар» тобынан.

Ғылымда олар: «әтеистке» жатады,
(«Құдайсызды» - Құдай ғана атады) .
Өз қазағын менсінбеген шіркіндер,
Өз қазағын жамандап кеп жатады.

«Қой» қазақты жамандайтын себебі:
«Казахбайлар көңірсіткен көнені,
Сол бетімен, 70, 80, 100 жыл да
По русский үйренбестен келеді...

Рустардан үйренетін заман ғой,
Русшаны бильмес кәзәх – надан ғой.
Цвлизация – төлькө русь та екенін
Түсінбейтін біздің қазақ «баран» ғой»...


...Қазақ тілі – мемлекеттік болғалы,
24 жыл – «шала қазақ» сондағы.
Қәдірлеген емес әлі «шалалар»
Тәуелсіз ел бақытын да қолдағы.

Олар әлі мөлиеді Мәскеуге,
«Орысбасты» – бола ма өзі «бас» деуге?
Қанша ішсе де өрекеңдер сияқты
Келмес тағы шеттерінен «мас» деуге.

«Ұлы русьтер» қыларларын қылуда,
Ал, аз ұлттар – іштен күйіп, тынуда.
Олар сүйіп, мақтайтұғын орыстар
Днепрьде бауырларын қыруда...

Бұл қазақтың, жазылмаған мұңы бар,
Бұл қазақтың, игерілмес «тыңы» бар...
Батысы мен шығысына Қазақтың
Тағы солар көз алартқан... Кім ұғар?..

Қазақ мұңын, «ол бауырлар» көрмейді-ау,
Туған ұлтқа және де есе бермейді-ау.
Іштен шыққан орысқұлы қазақтың
Соның бірін байқағысы келмейді-ау.


Жат көзінде жылтырай ма жасыл от,
Қайран Қазақ, «тар жолыңды» басып өт...
Біздегі Ұлттық Трәгедия түсінсең -
Міне, біздің Нағыз Ұлттық Қәсірет!!!


Жұмаш КӨКБӨРІ
كەلۋ قاينارى: http://www.elarna.net/oku_kk.php?tur=11&id=722

Пікірлер:


Жазған лебізіңіз 300 еріптен аспасын!
tomendegi katekshege 99 dep jazingiz.
98 + 1 = ? sozsiz sifermen tolteringiz, aytpese pikir jaza almaymiz.

Көрші сілтемелер