Еларна қолфон нұсқасына ену

Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-09-14785288944 %56 %
2019-09-151110375335 %65 %
2019-09-1613940633 %67 %



Түрі: Ел-арна газеті, бұл арадан барлық мақалаларын оқисыз

Жолданған уақыты: 08:19 - 2015/05/09

Қосымша қайнары:http://www.elarna.net/oku_kk.php?tur=11&id=707
Тоте жазу нұсқасы:http://www.elarna.net/oku.php?tur=11&id=707

توتە جازۋ نۇسقاسى:http://www.elarna.net/oku.php?tur=11&id=707

Мақала жолдаушы: Jolawshy
Мақала апторы: Жұмаш Көкбөрі (Кенебәй)
Аптордың мекен-жайі: Қазақстан Алматы қаласы

: PDF Download - Жұктеұ - Скачать - ءتۇسىرۋ


Zhumash Kenebay


МЕН ҮШІН АЙРЫҚША ЫСТЫҚ ЖЫРЛАР!!!



ЖҰМАШ КЕНЕБАЙ.




ЖАСТЫҚ ШАҚ ЖЫРЛАРЫМА ҚАЙТА ОРАЛСАМ...




Өз басым әдебиет деген әлемнің қәсиетті босағасын сонау өткен ғасырдың 70-і жылдары алғаш рет аттаған екенмін. Сол жылдары алғашқы жыр жолдарым: «Лениншіл жас» (қәзіргі «Жас Алаш» гәзеті) , «Қазақ әдебиеті», «Мәдениет және тұрмыс» журналы (қәзіргі «Мәдениет» журналы) , «Ара» журналы, «Балдырған» журналы, «Қазақстан пиөнері», Аягөз аудандық «Алға» гәзеті, т.б. мерзімді басылымдарда жарық көріп тұрғаны - бүгінгідей көз алдымда.
1974 жылы марқұм, ақын Тұманбай Мөлдәғәлиев бас редәктөрі болып тұрған «Жалын» журналында бір топ өлеңдерім жарық көріп, әдебиет сүюшілерді елең еткізгені рас еді. Сол жылдарғы жоғары оқу орындары студенттері, әдебиет сүйер жастар: «Жалын» журналында жарық көрген: «Аққулар жүрек жасайды», «Алматыма тағы да келді көктем», «Қыз бен күз», т.б. өлеңдерімді жаттап алып, әртүрлі кештерде оқып жүргендерінің талай рет куәсі болғаным бар.
Бүгінде танымал ақындар: Ұліқбек Есдәулет, Бауыржан Жақып, марқұм, журналист Армиял Тәсімбек, марқұм, ақын Қайрат Әлімбек, т.б. азаматтардың менің өлеңдерімді аса жоғары бағалап, кейбірінің сол жыр жолдарын жатқа оқығанын, бүгін қалай ұмытайын.
Қазақтың белгілі ақындары: Тұманбай Мөлдәғәлиев, Ғафу Қәйірбекөв, Сағи Жиенбәев, т.б. ағаларым - маған ақ баталарын беріп, әдебиет сыншылары: марқұм Асқар Егеубәй, Серік Негим, ақын Аманхан Әлім, т.б. менің өлеңдерім жөнінде небір әдеби сын мақаларын жазғанын, әлі күнге ұмытқам жоқ.
Бір мысал, Ақын Сағи Жиенбәевтің «Балауса» («Жалын» баспасы, 1978 ж.) жинағының алғы сөзінде менің өлеңдерім туралы:
«Көлбең қағып, көк сағым дірілімен,
Гүл оянды самалдың күбірінен.
Ұйықтап жатқан топ елік үрке қашты
Дүркіреген жылқының дүбірінен.
(Жұмаш Кенебәев) .
Кең даланың көркем бір суреті көз алдыңа елестейді. Әлгі өлеңнен бұл өлеңнің табиғаты мүлдем басқа. Бірәқ, бірін-бірі көлегейлемейді, бір-бірінің орнына таласпайды. Әр қайсысының өз мінезі бар. Бұл құбылысты тек суреткер көреді, шебер тіл айта алады. Сурет арқылы жанды бейнені елестету – ізденудің, үлкен жолға қадам басудың нышаны. Шынында да құлағыңа ат дүбірі келеді...»-деп менің поэзияма сол жолы берген жоғары бағасын ешқәшән да ұмытпаймын.
Енді Сағи ағамның сол жолы қатты мақтаған сол өлең жолдарын тұтастай назарларыңызға ұсынайын:
ДАЛА КЕЛБЕТІ
Көлбең қағып көк сағым дірілімен,
Гүл оянды самалдың күбірінен.
Ұйықтап жатқан топ елік үрке қашты
Дүркіреген жылқының дүбірінен.
Бастықпаған хас асау құрық көрмей,
Шалма тастар жерге жүр жуық келмей.
Бір кісінеп алды да үйіріне,
Айдалаға жөнелді ырық бермей...
Төл топырлап, көрмесін тыным мейлі,
Қажығандық шопаннан білінбейді.
Ақ қозыдай сүйкімді ақ келіншек,
Ақ қозыны көтеріп күлімдейді.
Сиқырлаған ғажайып дала сәні,
Былқ-сылқ етіп тамаша жарасады.
Жер бетінде самсаған сұлулықтар,
Сұлулықтар – жамырай таласады...
(Жұмаш КЕНЕБАЕВ. «Балауса» кітәбі, 112-бет, «Жалын» баспасы, 1978 жыл)
АЛМАТЫМА ТАҒЫ ДА КЕЛДІ КӨКТЕМ
Алматыма тағы да келді көктем,
Келді көктем, жанарын мөлдіреткен.
Қала бүгін аумайды жас арудан,
Орамалын қолына ап желбіреткен.
Алатауға өрмелеп сылаң талдар,
Жортып бара жатқандай бұлан таулар.
Бірін-бірі құттықтап жарқылдайды,
Түтәсімен теңселіп квәртәлдәр.
Көк тіреген күмбезді қабаттардан,
Құс боп ұшып жатқандай қанатты арман.
Бөтен бір пләнетәдән келген жандай,
Жираф-крән таңырқап қарап қалған.
Өше берген сан бояу көше берген,
Ұқсамайды ол - қалаңа кеше көрген.
Қыз күлкісін қуалап бара жатыр,
Су күлкісі, жүгірген көшелерден.
Алматыма тағы да келді көктем,
Келді көктем, шайқалып, көл дір еткен.
Жасыл әлем шуаққа шомылғанда,
Айыра алмай қаласың жерді – көктен,
Алматыма тағы да келді көктем!..
(Жұмаш КЕНЕБАЕВ.«Балауса» кітәбі, 114-бет, «Жалын» баспасы, 1978 жыл) .
АҚҚУЛАР ЖҮРЕК ЖАСАЙДЫ
Жасыл терек, ақ қайың мәуелеген,
Шайдай ашық, мөп-мөлдір әуе деген.
Көл жағасы, көк шалғын белуәрдән,
Алуан гүлді жайнаған және көрем...
Шөп иісі, хош иісі топырақтың,
Сыбдыр-сыбдыр... суылы жапырақтың.
Кер маралдай керіліп кереметтей,
Сұлулыққа шомылған атырап тұр.
Айдын беті... Көкпеңбек жалтылдаған,
Рахаттанып, жантайған салқынға маң.
Көкірекке құяды жылы ағынды,
Ерке аққулар дауысы саңқылдаған...
Осы болар армандар біздің әйгі,
Жағадағы неліктен қыз мұңайды?
Екі-екіден аққулар жүзіп еркін,
Судың бетін әдемі сызғылайды.
Күн еңкейіп, батыс жақ жалындаған,
Саябырсып, толқын да дамылдаған.
Осы қәзір көл қандай бақытты еді,
Айдынына құс қонып, мамырлаған!..
Тұла бойды от сезім аралады,
Көзін алмай қыз отыр қарап әлі.
Бір-біріне еркелеп, аймаласқан,
Сыланады аққулар, таранады...
...Сұлу қыз, бір ғажайып күй кешеді,
Қимәсімен қиялда тілдеседі.
Аққуларды көрмесе өмір бойы,
Шын бақыттың не екенін білмес еді.
Керім, кербез, тамаша жүріс еді,
Сыңқылдасып, сырласып, күліседі.
Ұлы күшін дәлелдеп махаббаттың,
Емін-еркін ғашықтар сүйіседі...
Аймаласа пәктіктің нұр шуағы,
Қыздың жанын сағыныш шымшылады.
Ал, аққулар, жатқанда мауқын басып,
Сұлу іштей булығып, тұншығады...
Куәсіндей бақтың да, базардың да,
Құштар құстар сезімін сезе алдың ба?
Екі аққу – бетпе-бет түйіскенде –
Жүрек! Жүрек! Тұрады көз алдыңда!..
Көлбей түскен күн нұры көл бетіне,
Табиғаттың әр берді келбетіне.
Жүрек біткен сол сәтте дүрс-дүрс соғып,
Жөнелгендей әйдінмен тербетіле.
Бір түйткіл ой... қыз жанын езгіледі,
Бір жақсылық – санасы сездіреді.
Жүзіп бара жатқандай ақ айдында
Аққу құсқа айналған өз жүрегі...
Бүкіл өңір, ізгілік келбетінде,
Махаббатты аялап, тербетуде.
Жастық жырын жырлайды жарқ-жұрқ етіп,
Жүрек! Жүрек! Қапатған көл бетінде!..
(Жұмаш КЕНЕБАЕВ. «Аққу-жүрек», «Жалын» баспасы, 9-бет)
ҚЫЗ БЕН КҮЗ
Көрген адам қалмайтын елең етпей,
Бет біткеннің өңдісі кереметтей,
Мен сұлу Қызды көрдім.
Ақын жаны тұра алмас елең етпей,
Көздің жауын алатын кереметтей,
Мен сұлу Күзді көрдім!
Қыз мұңайса, мәз болып Күз күледі,
Күз мұңайса, мәз болып Қыз күледі,
Екеуін де Сезім дерсің!
Қызды көрдім, мен одан Күзді көрдім,
Күзді көрдім, мен одан Қызды көрдім,
Екеуін де Егіз дерсің!
Өмірімде жүрсем де талай көріп,
Қайта-қайта оларға қарай беріп,
Бір ғана Мінді көрдім...
Жәсірғәнмен өзгеден, өздерінен,
Қаншама шаттанса да көздерінен,
Бір ғана Мұңды көрдім!..
Қыз ойлайды:
«Жас дәурен өте ме?»-деп,
Күз ойлайды:
«Қатал Қыс жете ме?»-деп.
Мен сұлу Қызды көрдім!
Мен сұлу Күзді көрдім!..
(Жұмаш Кенебәев. «ҚАРЛЫҒАШ», «Жалын баспасы, 153-бет) .
Қүрметті оқырман!
Міне, сіздердің назарларыңызға кезінде жұртшылық ықыласына бөленген өлеңдерімнің кейбірін ғана ұсындым. Менің қәзір жазып жүрген өлеңдерім мен ол өлеңдерімнің арасы жер мен көктей десем, артық айтпас едім. Мұның бәрі уақыттың ізі болса керек.
Амандық болса, алдағы уақыттарда сіздердің құзырыңызға сонау бір келмеске кеткен жастық шақ жырларын ұсынып отыратын боламын.
Қүрметпен, Жұмаш КЕНЕБАЙ (КӨКБӨРІ)
كەلۋ قاينارى: http://www.elarna.net/oku_kk.php?tur=11&id=707

Пікірлер:


Жазған лебізіңіз 300 еріптен аспасын!
tomendegi katekshege 99 dep jazingiz.
98 + 1 = ? sozsiz sifermen tolteringiz, aytpese pikir jaza almaymiz.

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар


Жастар жылы: Таразда «Б 24 min
МЕШІТ ӘДЕБІ – Sun 29 min
Египетте перғауындар дә 29 min
Осы араны басып көріңіз 1 sagt
Осы араны басып көріңіз 1 sagt
Алтын бұйырмады: Нұр-сұ 1 sagt
«Жолда қабылдау»: СҚО-д 1 sagt
ОРТАЛЫҚ АЗИЯНЫҢ ҒАЛЫМДА 2 sagt
Самбодан Азия чемпионат 2 sagt
БАС МҮФТИ ФРАНЦИЯ ЕЛШІС 2 sagt
Қоқандтағы қолөнер фест 2 sagt
Оралда қос автокөлік со 3 sagt
Кубада бензин тапшылығы 3 sagt
Пойыз бен автобус соқты 3 sagt
Менің жазғы демалысым 3 sagt
Оралда қос автокөлік тү 3 sagt
Шамалғандағы апат бойын 3 sagt
Осы араны басып көріңіз 3 sagt
Апаттан зардап шеккенде 3 sagt
Хабарландыру! – S 3 sagt
Пойыз бен автобус соқты 3 sagt
Туризм саласындағы Ұлтт 4 sagt
Футболдан кезекті қайыр 4 sagt
Шамалғандағы апат болға 4 sagt
ҚТЖ Шамалғандағы апатты 4 sagt
Бас көлік прокуратурасы 4 sagt
Осы араны басып көріңіз 4 sagt
Бішкекте барысты қорғау 4 sagt
Осы араны басып көріңіз 4 sagt
Иран әйелдері футбол та 5 sagt