Еларна қолфон нұсқасына ену

Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-10-161489390735 %65 %
2019-10-171587416432 %68 %
2019-10-1832196032 %68 %



Түрі: Ел-арна газеті, бұл арадан барлық мақалаларын оқисыз

Жолданған уақыты: 10:30 - 2015/05/06

Қосымша қайнары:http://www.elarna.net/oku_kk.php?tur=11&id=688
Тоте жазу нұсқасы:http://www.elarna.net/oku.php?tur=11&id=688

توتە جازۋ نۇسقاسى:http://www.elarna.net/oku.php?tur=11&id=688

Мақала жолдаушы: Walikan
Мақала апторы: Мәдениет мұқатай
Аптордың мекен-жайі: Шыңжаң, тарбағатай

: PDF Download - Жұктеұ - Скачать - ءتۇسىرۋ


Сәлденің қайраты

сәлде тірі кезінде кедеиліктен көзі ашылмаған, көрінгенге жалға түрумен күні өткен, арғы әкесі байдалы би уақтың сөз ұстар адамы бөлғәнімен сәлде кем сөзді, қара күштің иесі болып сексеннен асқанда дүниеден өтіпті. алтайдағы шәріпқән дутың байдалы бидың ұрпағын көреиін деп тұз тораңғыға әдеиі бұрылып сәлденің үйіне түсіп: «бытымды екенсің, кедеилік түбіңе жетіпті ғой»– деп биге тартпағанына өкініш етіп аттаныпты деиді үлкендер.

сәлде тірісінде арысқа қатынасқан арқалы балуан емес. бірәқ, сәлденің елден ерек қайратының белгісіндеи– толы ауданына қарасты теміртәм қалашығының бас жағында биіктігі екі метрдеи, құшақ жетпес сынтас жарым ғасырдан аса қалбайып тұрып (өткен жазда машина соққан ба) қиылып түсті.

кезінде өте жалпақ екен. ауыл балалары үстіне шығып ойнап, мал көздеитіндеи. айтуларға қарағанда қозы көш жер- белқүдіқтән бәймен бәстесіп көтеріп келіпті. жақын маңда мұндай қызыл тас та жоқ.

орқашар тауының ақжарға түсетін едіреи асуы бұрын аузында қысаң, қақпа тасы болып салт атты әрең өтеді екен. бір жылы байдың бүйріғімен сәлде үлкен тасты аунатып жіберіп содан бастап елдің күзеуге түсетін жолы қысқарыпты.

сәлде үрімжіге 40 түйе мен кіре тартқанда тұзды әлдімен тең қылып қоржын көтергендеи түйенің арқасына салады екен. бір жылы тәукебәй сәудәгер екеуі дөрбілжіннен қайтып келе жатып майтасқа келгенде жетектеген түйесінің бірі шырдақ суға қатқан мұзға тайып жығылып шаты кетіпті. бесті атан екен. әлдімен тұрғызып астына кіріп көтеріп прәшкеге шөгеріп ауылына алып кетіпті.

құйыршық шапқан жылы ел қашқан суға ауыпты. мәнеи, құрманғали, іляс қатарлы үш кісі сексеуілге отынға барыпты. ұзындығы тоғыз қадам, құшақ әрең жететін сексеуіл дөңбекті үшеуі көтере алмапты. сонда құрманғали: «быр көтерсе сәлде көтереді»– депті. орманда босып жүрген айғыр үйлеріне шалма салып ұстай алмай, отынын арқалап келе жатқан үшеуге мойынында мылтығы бар қамза кезігіп екі бие етіп беріпті. оқ дауысы шыққан жерге жылқы иесі келмеиді деп қамза жөніне кетіпті. жылқыдан ел болып үлес ап, бір қос қазы мәнеиге тиыпты. көңіл жәй тапқан соң тағы да әлгі сексеуілдің сөзі болып мәнеи мен сәлде бәстесіпті. көтеріп әкелсе қос қазыны алады, әкеле алмаса үлесін береді. сәлде жеңілденің барып ежелігінің дюларындай сексеуіл дөңбекті иығына салып әкеліп қазыны алыпты.

сексеннен асқанда бес ағаш бидайды өгіздің ыңыршағына салып, секіріп мінгенін көргендер жағасын ұстапты.

қара күштің иесі сәлденің артында қалған мұрасы сынтас, теміртәм қалашығының жартысы «сынтас» деп аталады. ер қайратын сынаған тас болғандығы үшін сынтас атанды деиді үлкендер.



жаяу бәйге– кәкімғәзі



қазақтың дене- тәрбие, ойын түрлері өте ертеде пайда болған және дамыған. тарихтағы қандай қырғын соғыстар, кедергілер ұлт мәдениетінің көп жағын күңгірттендіріп, жоғалтып жібергенімен де құм арасындағы кебек алтындай жалтылдап, су түбіндегі асыл тастай көздің жауын алады.

міне соның бірі– жаяу бәйге. сиыр егіз тапса, қой үш қозы тапса ауыл балаларын жарыстырып озғанына беретін, ас- тойларда ауыл жастары жаяу бәйгеде сынасатын, алысқа жүгіріп бәстесетін әдеттері түрлі кедергілердің болуына қарамай қәзірге деиін ауылды жерде жалғасып келеді. тарихтағы жазба мәтерялдәрдә сирек ұшырасатын жаяу бәйге аңыз, апсаналарымыздың жуан ортасынан ойып орын алған. ертөстік, күн астындағы күнікеи қыз . . . қатарлылардан кезігеді. осы ғасырдың өзінде гинс кітәбінә бес рет енген қара шөлін жаяу ендеи өткен, еврөпәні айналған марат жіләнбәйев ағамыз қазақ атын емес– ау түрки әлемінің, түркі мәдениетінің жарық жұлдызындай жарқырайды.

жаяу бәйгенің әлемдік болмасада ауыл- аймақ көлемінде ағалаған, жаяу бәйгенің жаршысы болған ағаларымыз, апайларымыз көп. солардың бірі, бірі болсада жас жағынан ең үлкені– кәкімғәзі іляс ұлы.

кәкімғәзі 1915- жылы төрт маусымда қоныс болған, жанға жәйлі сүлеименнің кеншідеи кенен жәйірдә малшы семясіндә дүние есігін ашты. көзқәрәқті әке ұлын сол кездегі жаңаша ағартудың алғашқы отауларының бірі абдолла қажы ашқан қатудағы бастауыш мектепке оқуға берді. абдолла хажының өзі мол білімді, ғәжәйіп сырлы адам еді. халық «құс қанатты хажы», «шарапатты адам» деп қәстерлеитін. айтуларға қарағанда абдолла өмірінде қажыға 5 рет барыпты. (быр рет мекеде қыстап қалғанын қосқанда) . жасында семеиде орыс тілін оқып, кеиін медерседе араб тілін оқығандықтан, бірнеше тілде сөйлеп жаза біледі екен. қажыға бай болғандығынан емес қайта басқаларды бастап барған. осы кісі кеиін халқын жиып мектеп салуды ортаға қойған. бұл мектепке 1916- жылы татар мұғалымдар мен өзінің жетекшілігінде ресіми сабақ өткен. яғни қазақ тілі, әлгебрә, араб тілі . . . қатарлы сабақтарды өтуден сырт, ескі кітәптәрді оқып беріп отырған. осы абдолла хажы ғаламат адам деиді үлкендер, бір жолы жесір жеңгесін күйеуге тюге насихаттап отырғанда жеңгесі– хажы, сені ел жүйрік деиді. анау ағаштағы сауысқанды ұсташы, сонда тиеиін– депті.

­– онда, жарайды,– деп арқан бойы жердегі сауысқанға атылғанда ұшпай тұрып ұстап алыпты. түлкіні дабыл қақтырып қуып ұстау деген әдеттегі іс екен, осы бір ғәжәйіп адам әдетте малға және адамға тесіліп қарамайды екен. қарағаны жазым болмай қалмапты. келетін адамды алдын- ала біліп отырады екен. абдолла хажының тәрбиесінде болған кәкімғәзі жасынан жүгіруге әуес, тәртіпшең болып ержетті, 1940- жылы жүйріктігімен көзге түскен кәкімғәзі дөрбілжін ауданындағы оқушылардың жарысына талданып апарылды. осы реткі жарыста 5, 10, 25 килөметрлік ұзындықтағы айналма жарыстың бәрінде бірінші болып марапатталды. 1941- жылы алтай, тарбағатай, үрімжіден құралған ірі жаяу жарысқа қатысты. бұл жолғы жарысқа шәуешектік жүйрік айтжан да қатынасқан еді. кәкімғәзі оқушылар атынан қатысты. жер аралығы дамылтам деген жерден шәуешек қазақ мектебіне деиін 25 килөметр ұзындықта, осы жарыста, бір орыс екеуі қатар бірінші болып ту алды және заттай силанды.

мектептен қол үзіп ауылына қайтқаннан кеиін де тойларда жаяу бәйгелер ұйымдастырып, өзі қатысып жүрді, аты шар тарапқа тарады. 73 жасқа шыққан жылы көршісімен бәстесіп ерекше бір қашаған қойды қуып ұстады. орқашар тауының мұңғылжан деген жерінде аң аулап жүріп тау ешкіні қуып ұстады. . .

өмірі осындай ортада аңыз боп өткен арыстарымыз қаншама! жаяу жарысты көрсем бір жасап қаламын. қарамайлының қасындағы шыңғыстауда шыбар серкеш тас майданында тас қазатын жастар ауылында жаяу жарыс көп болады. жәйірдәғі ауылдарға ақырын- ақырын жалпыласып келеді. міне бұл қуанарлық жәйт. мен сяқты еленбеи қалмаса екен. бұл бәйгелер, осы өнердің отын маздатсақ еді . . . –– деиді кәкең бір сөзінде. расында осылай, қаншалаған дене- тәрбие саңлақтарымыз атысз, атақсыз кетті. орындай алмай кеткенін орындайық қандастарым, қазағым! . . .

1995.01
қосымша жүктелген суреттері:

كەلۋ قاينارى: http://www.elarna.net/oku_kk.php?tur=11&id=688

Пікірлер:


Жазған лебізіңіз 300 еріптен аспасын!
tomendegi katekshege 99 dep jazingiz.
98 + 1 = ? sozsiz sifermen tolteringiz, aytpese pikir jaza almaymiz.

Көрші сілтемелер