Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Ел-арна газеті, бұл арадан барлық мақалаларын оқисыз

Жолданған уақыты: 10:20 - 2015/05/06

Қосымша қайнары:http://www.elarna.net/oku_kk.php?tur=11&id=683
Тоте жазу нұсқасы:http://www.elarna.net/oku.php?tur=11&id=683

توتە جازۋ نۇسقاسى:http://www.elarna.net/oku.php?tur=11&id=683

Мақала жолдаушы: Walikan
Мақала апторы: Қуандық нүсіпхән ұлы
Аптордың мекен-жайі: Шыңжаң

Қарабура атауының төркіні туралы

қуандық нүсіпхән ұлы

тарбағатайдың шағантоғай ауданында, іленің күнес ауданында қарабура деген жердің бар екенін білуші едік. қазыр екеуі де ауыл. ал " қазақ сөвет ентсиклөпедясінің "6 - томында: " қара бура - тяншанның батыс сілемі, талас жотасындағы асу. теңіз деңгеиінен биіктігі 3 мың 415 метр" деген анықтама айтылыпты. ендеше, бұл да жер аты болды деген сөз.

қарабура атауының шығу тегі туралы сол ауылдардағы ақсақалдарға көп рет сұрау салған жәйім бар еді. көбінің пікір - тянағы: кезінде осы арада жалғыз қарабура мекендепті де, кеиін келе ел осы араны қарабура деп атап кетіпті, - деген жорамал - болжалдан ары бармады. ал осы жорамалға мақұлдық береиін десеңіз, ылғи да жалғыз бураның ғана жүретіні, оның өзге ақ, сары сяқты түстерде емес, тек қана қара болатыны, қара болғанда да бәрінің бура болатыны қызық сезілді... әлгі кеи мамандардың қазақ атауының түп - төркіні туралы: қыстауынан көктеуіне, көктеуінен жәйләуінә қаздай тізіліп көшіп жүретіндіктен олар қазақ деп аталыпты - дегені сяқты, ойдан құрап балаға ертек айтқандай, жеңіл де жетпеи айтылған арзан сөз екеніне бірден көз жеткізесіз."хәнзушә - қазақша қысқаша сөздікте " ( nian ) ( 埝 ) деген әріпке: қара бура, тағы тоспа, бөгет, көтерме, қыр, жал деген сяқты біріңғәй синоним баламалар беріліпті. ал аюбай құрал ұлы құрастырған " қазақ дәстүрлі мәдениетінің ентсиклөпедяліқ сөздігінің " 78- бетінде: "бура қамыстан, қурайдан істелген, су бөгеитін зат. бура - буылған қамыс, қурай, шөп -шалам " деп түсіндіріліпті. ендеше бұл жер аттары төрт аяқты қара бурәмен үш қайнаса сорпасы қосылмайтын болды деген сөз.

біз барып жүрген, біз көріп жүрген шағантоғайдың қарабурасы болсын, күнесітің қарабурасы болсын, екеуінің де жағрапялық орналасу жағдайына талдау жасасақ, екеуі де өзен жағасындағы қамсты жерге орналасқан. осыдан барып қарабура деген атаудың төркіні қалайда өзенмен, қәмспен іліктес болғанына көзіміз жете бастады.

ендеше, қарабура деген не ? неден, қалай жасалады ? неге істетіледі ? деген сұрауларға жауап тапсақ, қарабура деген жер атының шығу тегіне жауап табуға болатыны анықтала бастады.

" қарабура - ағаш, қамыс сяқтлардан жасалып, су жолына қойылатын тосқауыл, бөгет. қарабура - қамыс, қурай сяқтылардан жасалған қоршау, шарбақ, қора " деп екі түрлі анықтама айтылпты " қазақ тілінің түсіндірме сөздігінің" 6 - том, 93 - бетінде

сәбит мұқановтың " сыр дарясын " оқыған көне көздеріміздің "қарабуралардан жасалған бөгет, жергілкті жұрттың айтуынша мәңгілікке шыдайды екен " дегені есінде шығар. бұл арадағы қарабура - су бөгеуге істетілетін зат екені рас. ал жер атына жұмсалған қарабуралар оның екінші мағынасына қаратылған деп кесетіп айтамыз.

мал қамына бола қыраулы қыста қамсты қоғалы ықтасын жерлерді қыстау етіп таңдаған бабаларымыз жолбарыс мекендеген ұялы қамысын орып, малына бір жағынан қалтқы етсе, тағы быр жағынан отына жағып, түтінін түткені белгілі, ал қамстан тізіп матап, белдеулеп, түбін көміп малына қора жасаған. бұны кезінде қарабура деп атаған екен. осындай қарабуралы жер кеиін келе қарабура аталған.

қәзіргі кезде қарабура да, қарабура жасайтын қамыс қатары да жерімізден сиреп кетті. нар қамыстардың шет жағасын өз көзімізбен көре қалған мына біздер, қайран қамыстар - ай ! - деп сағына еске алсақ, онда бетер өкінштісі, кешегі қарабура атауының бүгінгі зялы ұрпақтың көңілінен көтеріліп бара жатқандығы сяқтанады береді...

келу қайнары : тәңіртәу торабынан
қосымша жүктелген суреттері:

كەلۋ قاينارى: http://www.elarna.net/oku_kk.php?tur=11&id=683

Пікірлер:


Жазған лебізіңіз 300 еріптен аспасын!
tomendegi katekshege 99 dep jazingiz.
98 + 1 = ? sozsiz sifermen tolteringiz, aytpese pikir jaza almaymiz.

Көрші сілтемелер