Еларна қолфон нұсқасына ену

Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com




Түрі: Ел-арна газеті, бұл арадан барлық мақалаларын оқисыз

Жолданған уақыты: 00:27 - 2015/05/05

Қосымша қайнары:http://www.elarna.net/oku_kk.php?tur=11&id=666
Тоте жазу нұсқасы:http://www.elarna.net/oku.php?tur=11&id=666

توتە جازۋ نۇسقاسى:http://www.elarna.net/oku.php?tur=11&id=666

Мақала жолдаушы: Jolawshy
Мақала апторы: Жұмаш Көкбөрі (Кенебәй)
Аптордың мекен-жайі: Қазақстан Алматы қаласы

Жұмаш КӨКБӨРІ



ТҰТАС ҰЛТ ПА, НАМЫССЫЗ?..




Күнім неге мұнарлы,
Далам неге тұманды?
Іш қазандай қайнайды,
Көріп тұрып бұларды.

Менің жаным шерменде,
Бізге қәуіп төнген бе?
Алдындағы аюдың
Сорлы түрін көргенде...

Бәрі, бәрі, кеш қалай,
Үмітімнің өшкені-ай,
Тіл қата алмай бүгжеңдеп,
Сорлы кейіп кешкені-ай...

Аю - құдай басты алар,
Аю - бәрін басқарар,
Мынау - жалғыз томпаңдар,
Бас тартса да басқалар...

Сіз өнімен таныссыз,
Және сонша алыссыз,
Қандай сорлы - Ұятсыз,
Қандай пенде - Намыссыз?

Бұлайша да, алайша,
Жәмпең қағар малайша.
Текті Ұлтымды билеген,
Мына тексіз қалайша?..

Ол: «бер» десе - береді,
Ол: «өл» десе - өледі,
Қазағынан мың есе
Кәпірді артық көреді.

Ол - төбесін ояды,
Тірідей-ақ сояды.
Мәскеу десе - бұл пенде,
Ішкен асын қояды...

Ол - бәріне көнген-ді,
Өйткені, ұлтын кем көрді.
Бұл Қазақты - құлдыққа,
Ойланбастан бергенді.

Емпең қағып, кимелеп,
Аюімен күйлемек.
Құлдықта ұстап Қазақты,
Анау «мәңгі» билемек.

Қазақ көгі бұлт па екен,
Үміт - алыс, сырт па екен?
Сонда анау ма, намыссыз,
Әлде тұтас Ұлт па екен?..



Жұмаш КӨКБӨРІ,
05.05.2015 жыл.
қосымша жүктелген суреттері:

كەلۋ قاينارى: http://www.elarna.net/oku_kk.php?tur=11&id=666

Пікірлер:


Жазған лебізіңіз 300 еріптен аспасын!
tomendegi katekshege 99 dep jazingiz.
98 + 1 = ? sozsiz sifermen tolteringiz, aytpese pikir jaza almaymiz.

Көрші сілтемелер