Еларна қолфон нұсқасына ену

Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-09-191340442541 %59 %
2019-09-2010832600477 %23 %
2019-09-2118259643 %57 %



Түрі: Ел-арна газеті, бұл арадан барлық мақалаларын оқисыз

Жолданған уақыты: 07:46 - 2013/04/15

Қосымша қайнары:http://www.elarna.net/oku_kk.php?tur=11&id=65
Тоте жазу нұсқасы:http://www.elarna.net/oku.php?tur=11&id=65

توتە جازۋ نۇسقاسى:http://www.elarna.net/oku.php?tur=11&id=65

Мақала жолдаушы: Мұхтар бұлғын
Мақала апторы: Мұхтар бұлғын
Аптордың мекен-жайі: Шинжяң

: PDF Download - Жұктеұ - Скачать - ءتۇسىرۋ

Жуас мұғалымның жүрек сөзі
(хикәят)
мұхтар бұлғын
жылдағыдай екінші оқу маусымның соңы ,быр жылдық оқу жылының сірге жяр алдындағы қарбаластық кез .мектеп жұмысшылар ұйымы оқытушылар құрылтайын ашу туралы хаулы мақұлдап, мектеп қізметі жөнінде алдынала оқытушылардан ұсыныс-пікір алу басқышын бастап кеткен болатын...
отыз жыл талықпай мәтемәтикәні кәсіп еткен,бір бастықтың бетіне қарап қабағын шытып сөйлемеген, қылаяғы мектеп озаттығына да қізметтестерімен бәсекелсесіп бет жыртыспаған,апталық сағат саны артық болса әурсінбәғән,кем болса желпінбеген, тұрақты жалақысы уағында толық тиып тұрса болды,тау қопарылып, өзен тоқтап қалсада назары бүзілмәйтін,тек маусым соңында өткен сабақ нәтижесі төмендеу болып қалғандығы үшін, (қазақша мәтемәтикә оқытуының нәтижесі осылай төмен шығады) тартылған аз кем ақшасына бір аз күн өзімен-өзі күбірлеп,кеиде кеңсе ішінде ашық қомпылдап сөйлеп жүреді де ,демәлісқә тарап қайтып келгенде, ол ашуынан құлан таза айығып,сызғыш- кітәптәрін көтеріп кләсқә қарай сүйретіле аяңдап барады да, екі қолы ,жеңі, омырауы бор-бор болып сыздықтай басып қайтып кележәтәтін...бір есепті кеиде бірнеше күн шығара алмай, шаршап-шалдығып жүрсе, кеиде қатарынан бірнеше есепті бірдемде шығара қойып, шалқып отырғаннан басқа кісі қызықтыратындай шіркінәйі жоқ, мәтемәтикәліқ тілмен айтқанда, отыз жыл түзу сізіқпен келе жатқан жуаспай мұғалымның қүрметті демәлісқә шығу алдындағы сірге жяр соңғы сабақтарын өтіп болып, әреңге ауыр жүктен арқасы босаған сәттері осы еді.
группә бастығымыз (қәзірше қолы бос мұғалым осы кісі деп ойлаған болуы керек) жүкеңе :
-сыз болсаңыз қүрметті демәлісқә кетіп барасыз ,бастықтың да , тастықтың да сіз үшін керегі ,кедергісі шамалы, осы орайда өз көңіліңізге түйген мектепке, басшыларға болған ұсыныс - пікірлеріңіз болса , тартынбай ашық ортаға қоюыңызға болады деп, біздің группә атынан ұсыныс-пікір беруге сізді орналастырып отырмыз ,құрылтай бүрсікүні ашылмақшы соған үлгіртіп,ертеңге деиін бір екі беттік ұсыныс - пікір жазып беріңіз .басқа мүғәлімдердің кләсі және басқа да міндеттері бар, қолдары тиер түрі жоқ, осы міндетті ең соңғы міндет ретінде ауырсынбай,атқарып қоярсыз... айтпақшы, ұсыныс іс жүзіндіктен алынған нақтылы істер болуы керек екен... қарт мүғәлімдер үшін бұл қаншаға тұрар деисің ,- деп күлімдеген қой көздерін аударып -төңкеріп жүріп, жуаспай үшін атандай ауыр міндетті, алақанға салғандай жеңілдетіп арқалата салды.
бастықтың сөзін екі етіп көрмеген жуаспай жөпелдемеде басын изектеп мақұлдық білдірп жібергенімен, аздан соң, қолына қалам алғанда барып ұсыныс - пікір жазудың оңай шаруа еместігін бірден байқады.‹‹болары болып ,бояуы сіңген›› соң өкінгенімен не шара, басын қаси отырып өткенөмір елестерінен тәжрибе- сабақтарын жинақтап ой шүңетіне бата берді...әләйдә қайсы ойын ұсыныс, қайсы ойын пікір деп ажырата алмаған жүкең, назарына не іліксе,сөні ойлады да, нені пікір десе соны ашынып айтыпты, нені ұсыныс десе соны тәрбиеғіп сөйлепті. менде көп қыртып отырмай, жүкеңнің ой шүңетіне ілесе береиін.
... осы оқушыларда қызық, тегін кітәп, тегін жәтәқ,тегін таратқан тамаққа қарамай , оқудан қашатындары несі екен? анау үзімбәйдің кләсінә не жеткенін білмеисің қасқыр тиген қойдай жыл басында көп көрім қырық бес оқушыдан маусымның ортасы болмай жатып, он шақтысы шығып кетіп не бәрі жирма тоғызы ғана отыр .мұндай қалыпсыздықты тежеитін мектеп бастықтарының не істеп, не қойып жүретінін білмеисің әскері жоқ көмәндир , оқушысы жоқ мұғалымның қоғамда не әтуері болсын! осы жағдайды мектеп бастығы білмеи ме? ... біледі. бірәқ бүлк етпеиді жүрегі.әйтеу менің түйгенім: кләс тәрбиеші мектеп бастығын алдайды, мектеп бастығы тексерушілерді әлдәйді.әйтеу бірн - бірі алдап күн өткізіп бара жатқан доп соқты дәурен- ай десеңші!
ұсыныс десе әлдімен ортаға қоярым :оқытушылардың тұрмысын оңшау керек.беишәрә оқытушылар сегіз сағат қізметке жүз пайыз кепілдік етіп қізмет істеиді. оның сыртында тәңертеңгі тәкірәр, түскі тәкірәр ( жазу машық сағаты) , кешкі тәкірәр , сағат арасында кәридөр кезекшілігі ,жатақ кезекшілігі деитін таусылып бермеитін бірін бітірсең, бірі жетіп келетін кезекті жұмыстардың сыртында, аяқ астынан мектеп меңгерушісі тексерушіге даярлық деп кеибір сенбі, жексенбілерді бірәқ қылғып жұта салғанда, сол күндерге туралап қойған жекелік жоспарларың желге ұшқан қаңбақтай көз Алдыңнан ғайып болады . бір қызығы осы мектепте артық сағаттар мен күндерге мемлекет белгілеген заң бойынша, жалақы беретін мектеп бастығын емге таба алмайсың ,оның керісінше , ондайда қит етіп кешіксең,қілт етіп демәлә қалсаң, айыптың астында қаласың , тек айып салып ғана қойса құдайдың жөні қой, ‹‹осырған сиырдай ››қып, кеміндебір маусым жиын сайын атың аталып, жөнің жөнделіп, мінеп -сынаудың тірілеи мысалдарына айналып кетесің.
сөнімен қартайған сайын қадырым қашып жүрмесін деп ‹‹шабан үйрек бұрын ұшады›› дегендеи, апыл - ғұпыл шай ішіп, мектепке қарай бүрсеңдеисің . жаздың күнін қойшы , қыста қиын , қиын болатыны сол, бала - шағаның оқуы, үйленуі,үй болса, үй салуы деитін қазақта таусылып бермеитін мідуәрліққә лыпа болама деген үмітте азын - аулақ жинап терген оншақты ұсақ мал мен бес - алты іріқәрәні қолда ұстамасаң, жалғыз мағашқа қарап жан бағу да қиын... оған қарай қоятын кемпірдің жағдайы оданда қиын май басым деисің бе? қан басым деисің бе? дүние жүзіндегі науқастардың тиіптік уәкілі сяқты... жоспардағы екі баланың екеуіде сыртта оқиды.саған көмектеспек тұрғы, өздеріне кім көмектесерін білмеи,өқуләрінән тұмсықтарына су жетпеи жүр.қөйші әйтеу сол малдарың ақ тәңертең қорада қамалған күйі қалады да,сағат аралығында барып малға шөп салып келу орайы кеиде болады, кеиде болмай қалады. болмай қалғанда түскі демәлісқә қайтқанда барып, мәресін - сәресін бырақ жинап бере саласың. өстіп кеиде үш уақ , кеиде екі уақ оттаған қыстың малы сенен есесін көктемде бірәқ алады.басқалардың малы ойнақ салып жәйләуғә тартқанда, сенің малың мас адамдай аяғын әлтек-тәлтек басып ,қозы көш жер жүре алмай жолда қалады. соның кесіріненде болуы керек мұғалымның малын баққысы келмеитін бақташыларда көбеиіп барады... мен қой демәлісқә кетіп барам , аманшылық болса , малдарымның ыразылығын алатын күнде таяп қалды .анау бәйекбәй мен бөзекбәйғә обал ғой.
е, мұны неге сандырақтап отыр демеңдер ,мүғәлімдер мал баққпай - ақ қояр едік , үш мыңға жуық тиетін айлықты мектеп бұғалтырының жүйрік саусақтары арқылы, бесжүзден жоғарғысын қоныстануға, одан қалғанын әредік қамсыздандыру,дауалану,жылу сяқты қисіндәрмен шөмішке түсірмеи , қазан басынан басқарғаннан қалған, екі мыңның үстінде тиген жәләқіні,екі баланың оқуы, одан қалғанын қәзекемнің той - төкіні ,ішіп- жем ,киім-кешектен аспай қалатын болды да ‹‹ ай басында шолян*, ай соңында одан - бұдан ›› дегендеи қалт - құлт етіп қалатынымыз бар .
қызық, мүғәлімдердің атақ дәрежесі айтарға алатаудай бөлғәнімен ,жәйшіліқтә беишәрәләрдің кімге әтуері бар ‹‹ит пысқырса бір кәдір түсіпті›› дегендеиін қайда барсаң қаудыр - қаудыр еткен мұғалым көп, бірәқ әтуерден грәм жоқ, мен мынаған бәс тігем, атақ дәрежесі ұқсас ауыл бәстіғімен мұғалымды екі көзі су қараңқы адамның алдына қатар қойсаң, сипалап жүріп парқын айыра алады...
байқұс мұғалымның ең бақытты кезі қырық миноттық сабақ уақыты ,одан басқа уақытта кім, көзге іліп жатыр .әуел десең қан теріңді шығарып оқытқан оқушыларың да көзбе - көз, ұдыл келіп қалмасаң, өтірік көрмегенсіп, көшенің арғы жағында алшаңдай басып кетіп бара жатады. сол немелер бір кездері мұрнының боғын сүрте алмай жүргенде бастауышта, толықсызда жалып- жалп етіп , әр сөзіңді екі етпеи, құлдық ұрып жүрген құртымдай - құртымдай бірдеңелер болатын.қазыршы, мотосы бар мотасын секіртіп, машинасы бар машинасын өкіртіп, шаңдатып жаныңнан өте шіғәді.әсіресе, біркездегі сабақта үздік оқушылар осылай, олар қоғамда көрнекті орынға ие болған соң , сол жерге әке- шешесі көтеріп апарып қоя салғандай, болмаса, өздеріне қанат бітіп, сол орынға ұшып барғандай көрініп, боқ мұрын кездерін бір жолата ұмытып кететінін қәйтесің ?! оған қарағанда бір кездері тапсырманы толық орындамайтын , сабақтан кешігіп жүретін ,сынаудан төмен нөмер алып , сенен талай таяқ жеп,сөгіс естіген оқушыларың кездескенде арсалаңдай келіп амандасып,қолынан келген жақсылықтарын жасап жатады . бәлкім ол байқұстар сорлы мұғалымның жалықпай берген тәрбиесін ала алмағанына өкінгендіктен болар ,әйтпесе оларда мүғәлімдер сяқты қоғамда әтуерсіз қарапайым диқан , малшы болғандығынан болуы да мүмкін. амал жоқ, қайтадан отыз жыл оқытушы болсам, нашар оқушыларға жүз нөмер қойып беріп, үздік оқушылардың нөмерін алпыстан асырмай қояр едім. сонда жоғарлап оқып , көрнекті орындарда істеп көрсін қәне...
қойшы- еи мен нағып оқушыларға түсіп кеткемін! әңгіме мектеп туралы еді ғой , отыз жыл оқытушы болу деген оңай ем Ес, мұғалымды неге мыжыма десе, осындайлығымыздан болар.
е, бізде жас болғанбыз. ол кезде қәзіргідеи жақсы шарт -жағдай болған емес,өсі орта мектепте отыз қанша адамның қарасы бар мұғалымның жирмаға жуығы үлкен бір залда отыратынбыз. қыстың күні ортаға қойған мештің тұрқылдығы баяғыда бекітіліп қалған ба? білмеимін, бір пәле, от салды болды кеңсені көк тұтын торлап отыра алмайсың, ал от жақпасаң беине тоңлатқышқа қамалғандай екі қолыңды үрлеп даярлық жазып, тапсырма тексеруге келмеиді.сөнән даярлық пен тапсырманы үйге көтеріп кетіп жазып ,тексеріп келетінбіз.әл қәзіргі кеибір жастаршы: жақсы шарт - жағдай болса дә,қізмет істегісі келмеитін ,істегеніне бір жыл болмай жатып , отыз жыл істеген бізден арман діңкелеп, қалжырап тұрғанын көргеніңде қарадай зығырданың қайнайды.бырақ мектеп бастықтары осыларды пәлен инверситет тамамдаған, толық курсі, бәкләуір атағы бар деп жер - суға сиғызбай көкке көтеріп мақтап әкеп қатарыңа қосып қояды.ал онысы әдеттегі белгісізі бар 1- дәрежелі мәселеге теңдеу құрып шеше алмайды.олардың мақтанатыны : сол баяғы хәнзутілінде даярлық жаза алатындығы ,кәмпиөтер білетіндігі , болмаса, кәсіптік жақтан кезінде педәгөгикәліқ техникөм тауысқан біздің қолымызға су құйып бере алмайтын сырты жылтыраған іші қуыс балалардың арзан қол ойыншығы сяқты ,бос белбеу,бөтә тірсек бірдеңелер.тіпті күлкілі жері сол: кәсіптік мақала , даярлық жаз десе, көмпиөтерге қарай шөлдеген өгіздеи өңкілдеиді.өз алдына дербес ой жүгіртіп мақала жазып, даярлық көретін бір пендені кездестіре алмайсың , әйтеу не болсада тордан қақшып алатын, шырмауық тірлікке әбден еттері үйреніп, көңілдері көншіп алған... қалай екенін білмеимін, осы күнгі жастардың кеибіреуі маған тұп -тура нұсқа көбеиткіш машинаға ұқсап кете береді.қәзіргілер үшін ғаламтор болмаса ,дүние қаңырап босап, адамдар жұмыссыз қалып, қаңғып кететіндеи көрінеді. ақырзаман жершәрінің бөлініп паршалануынан емес, дәл осы ғаламтордан келетіндеи болады да тұрады.сондықтан мектеп бастықтары мектепке алатын мүғәлімдерін дербес мақала, даярлық жаздырып қабылдаса екен деимін.
алайда, қәзіргі оқушыларға да бірдеңе деуге келмеи қалды.оқушылардың үйренуі туралы аңыс етер болсам: осы балалардың бір талайы не ата- анаға , не мүғәлімге жаны ашымайды. мұғалым тапсырма орындамадың деп сөгіс айтса , ‹‹оқымаймын›› деп тұра қашады.ал ата- анасы сөгіс берсе тындырғандай ,‹‹ көзімді жоғалтамын››,‹‹ өлемін ›› деп құқай көрсетеді...шіркінбіздің қайран рясыз балалық шақтарымыз- ай ...
ол кезде қәзіргіндеи үлде мен бүлдеге оранатын күн қайда ( әсіресе ауыл- қыстақта осылай едік) тайқазанда айлық норманың өзі қара аш жетпіс пайыз болса, ақ аш отыз пайыз болатын былайша, жалпақ тілмен айтқанда, борми нан мен талқан күнделікті азығымызда анда - санда меимән келгенде, бұйдай нан дастарқаннан көрінсе алтын көргендеи бас салатын едік.әл киім - кешек жағына келсек көктемде екі сомға алып берген сар шоқайымызды қар бір жауғанға деиін жеткізтіп киетін едік. көбінесе жауынды күндері шоқайымызды аяп,жалаң аяқ бездіртіп бұзау байлап , өрістен сауын сиыр айдап келуші едік .киім - кешегіміз негізінен шешеміздің қолынан шығатын жыртылып жатса, жамап кие беретін едік .онда жамаусыз киім киетін баланы аз кездестіруші едік. ал қәзіргі балаларды айтпайсың ба ? астыларына мінгені мото, қолдарына ұстағаны күшті - күшті телефөн ,алайда,солардан сабақ сұрап көрші ? жұмған аузын ашпайды.
қәзіргі саясат мынаны баса ескертіп отыр: ‹‹мүғәлімдер оқушыға ұрысуға, зекіуге болмайды. тек әқілмен тәрбиелеу керек.›› қызық, олар іштен оқып тумаған соң, (әлі бала ғой ) , нұрлы болашақты қалай парықтай алады деп ойлаймын. шындығына бақсақ, қазыр мүғәлімдерді мұғалым деп әтуерсіткеннен гөрі ‹‹бала бақташы›› десең бап болғандай ,байқұс , беишәрә мүғәлімдер үш түрлі қысымның ортасында қалдығой! бірінші қысым: мектеп меңгерушісі оқушылардың өздесуіне нөмер көрсеткіш белгілеп берген.өғән жеткізе алмасаң, силық сомаңа нұқсан жетеді. екінші қысым : тіліңді алып сабағына қарайтын бала сәусәқпен санарлық болады да ,қалғаны қара көбеитетіндер біліп тұрған сұрауларының өзін әтеиге теріс жазып шыға береді.үшінші қысым ата-аналардан келіп отыр . бір балаға зекіп қойсаң , құлағыңнан қиқу жоқ, келіп алып, мектеп бастығына сүйреиді. тым болмағанда, телефөндә ‹‹аузынан ақ ит кіріп, көк ит шығып жатады...
өстіп жүріп сабақ өткен мұғалымның қадыры кетпегенде ,кімнің қадыры кетеді деисің.сөндіқтән мектеп астықтары мұғалымның көңілімен де санасатын іс жобаларды алып шықса демекшімін.қүрі мүғәлімдерді қысымдай бергеннен не түседі. міндетті оқыту жасындағы баланың ерікті үйренуіне ғана жетекшілік етіп, мүғәлімдерден өнім емтиқәні деитін алман-салықты жоғалтып, оқушылардан бір маусымда не болмаса, бір жылда бір рет емтиқән алып хәтрелеп қойса болды қой ,өлі түрде мұғалымды қыспақтай бергенше , мүғәлімге оқушының беиімділігіне қарай тәрбиелеуді қадағаласа болды қой ,онсыз да мына қоғам ,21- ғасыр, жүрмесіңе қоймайтын , үйренбесіңе көнбеитін ғасыр екенін түсіну керек шығар...
әй, қаңғырған басым- ай! тап бір мінстр дәрежелі ұқығы бар адамдай сөйлеппін- ау, онанша, өзіміздің мектептегі қізмет бағалау туралы айтпаймын ба ?
қашан көрсең мектепте санаулы жылпыңдар мен жылбысқалар маусымның соңында силық сақанасынан сопаң етіп шыға келеді.әл біз сяқты өлімтіктеніп , өліп -өшіп сабақ өтіп шаршап жүргендерге қізмет бағалау кезінде, пысқырып қарайтын пенде болмай қалады. ал қайтадан еңбек бөлісі бола қалғанда, қай жағыңнан келгенін өзіңде білмеи қаласың ,‹‹тылы майда,дылы қатты›› ғылми мүдірлер:‹‹ қартсыз , тәжрибеңіз мол ,ысылған майталмансыз , сіз осы кләсқә сабақ берсеңіз››,- деп көбік мәқтәуләрмен көтермелеп апарып кіргізіп жібергені үйренуі мектеп бойынша, арттан санағанда бірінші кләс болып шығады.ал ол немелермен қанша алыссаңда өнім шықпайды. сөнімен сабақ нәтижең өлшемге толмай қалып озат болуға келіскен сылтау болады да, әлгі жағдай айтып сабақ бөлісінен бүрсеңдеп қашқандар озаттықты алып жәйрәңдәп жүре бергенде, оқытушылықтан бір жолата уаз кешкің келеді.әләйдә ‹‹ битке өкпелеп ,тоныңды итке тастама ›› деген халық даналығынан асаалмай, ақырын - ақырын сабаңа түсесің.
қізіқ,кеиде мектептегі басшылар өзі ұнатқан ‹‹буаз иттерін›› жетектеп шағын мерізімдік пайдасы бар жер көру орайы келген күрсілерге көрсетп өлерменденеді де,бәсқә кәсібі, қәблиеті сәулеленетін оқытушылар тасқа бастырылған сүнүкүңдеи байбалам салып қала береді.өдән қалса, жалпы оқытушылардың озаттыққа көрсеткендері ескерусіз қалып,руына, жерлестігіне,қөғәмдіқ байланысына қарай сғайланған пысықтардң әлгі ‹‹буаз иттері›› силық саханасында саны артқан сайын, басқалардың қізмет белсенділігі суып, ‹‹сен саларда, мен салар , атқа тоқым кім салар›› болып, беліне тас тиген жыландай сүйретіле жылжитындардың да саны күн санап көбеиіп барады. сондықтан мектеп қізметін ахиқатына жақындатып істеимін деген бастық сөзсіз нөмір қойып бағалау түзімін жолға қою керек. суды лайлап балық ұстап жүргендердің айы оңынан туып, жақсы істеген , қажырлы жастардың жігеріне шелекпен су құйғандай боламыз. егер әлгіндеи ауыз жүзінде бағалау жол ала берсе , ылпың-жылпың, жағымпаздардың күні туып, мәдениет зор төңкерісіндегі ‹‹әпербәқәндәрдің›› сайрандаған дәурі қайталай жер бетіне шығып, халыққа алапат әкелеме деп қарадай хәуіптенем ... менің осы жолғы бағалауда ортаға салар басты ұсыныс-пікірім осы болмақ.
кеиде атақ беретін жердегілер де қызық , біз байқұстардың жасы жер ортасына келгеніне қарамай, атақ алу өлшемдерін қяметтің қыл көпіріндеи қылып , толықсыздың мүғәлімдеріне ( HSK) ханзу тіл қәблиет емтиқәнінің төртінші дәрежесінен , көмпиөтер қәблиет емтиқәнінің 1- дәрежесінен өту деитін асу бермес асқарды орнатып, өткел бермес өзенді ағызып қойғандағы мақсаттары не екен деші? !
біз толық ортаны тауысып университетке сынау бергенде, ханзу тіл емтиқәні не бәрі отыз- ақ нөмір ,оны да қойшы , сол кездерде қалаларда қалай екенін білмеимін, ауылдағы осы орта мектепте ханзу тіл оқытушы емге табылмайтын... кеиін біз толық ортаны бітіретін жылдары ханзуша үшінші кләс оқыған бір әйелді әкеліп мұғалым жасап қойды .ол жазғанның ханзушасы оқымаған біздікінен арман... сөнімен толық ортаның өзінде (我,他,你) ден ары асып көргеміз жоқ. ол оқу қәзіргі өлшемнен өтуге қайтып дал болсын , оның үстіне педәгөгикәліқ техникөм оқыған кезімізде де ханзу тілін мандытып оқыған жәйіміз жоқ ,бізге қойған (1964-жылдан кеиін туғандарға ханзу тіл өлшем емтиқәні алынатын болып белгіленген) мына талабы‹‹ арық атқа қамшы ауыр›› дегендеи болып тұр.
бырақ ‹‹ аңшы қанша айла білсе, аң сонша жол біледі›› дегендеи бір сыпыра пысықтар орнына адам салып бақандай 8- дәреже өлшемінен өтіп әлді,дегенмен, сол жазғандардың қысылатын жерлері де бар.қызық, ‹‹шәш ал десе , бас алатын›› тексерушілердің төбесін көргенде ,өздерін қоярға жер таппай кетеді . ‹‹ұрының арты қуыс ››дегендеи ‹‹тексерушілер ‹ханзуша сөйле ,жаз десе› не бетімізді айтамыз›› деп жер шұқылайды.
әйтседе, сондайлар кеиде бізден бұрын атақ алып , мағашы жоғарлап кеткенде , әділдіктің қайда жасырынып қалғанын білмеи қаласың. ал ‹‹ әлгілер›› түлкінің іні сяқты, саясаттан екі ауыз шығарып қойып, біреуін жоғарыдағыдай прнсипке салып, қяметтің қыл көпірі етіп есік қылады. енді бірін ақшасы барлар өтетін тесік қіләді.сөнімен қәблиеті барлар көрнеу есікпен, жоқтары ақшасын теңдеп әлгі тесікпен зулайды. таяу жылдардан бері алдыңғы есіктен гөрі, біз сяқтыларға осы артқы тесіктің жолы даңғылдау көрініп бара жатыр. өйткені бізде ‹‹тыры жан тісті бақамыз ››ғой...
қызық, бізді неге осындай қиын өнімі шықпайтын жерлерге итермелеи бергенше? ‹‹ алаңсыз даярлығыңды жақсы көр, тапсырмаңды уағында тексеріп, қізметіңді жақсы істе›› десе несі кетеді екен деші!
кеиде қарап тұрып күлкің келеді. біздің бөзекбәй табаны күректеи он жыл ханзу тіл үйреніп өлшем емтиқәнінән өтіп атақ алам деп тырысып еді. амал не жеті рет берген емтиқәніндә шекесіне ойып орнатқандай 3- дәрежеден бір ретте аса алмай қойды. (қалған үш ретте дәрежегеде жетпепті) сойтып жүргенде әлгі бәйекбәй ылпың - жылпыңдық істеп шарттарын әзірлеп, орта мектеп жоғары дәреже атағын қағып әкетті де, мағашы бөзекбәйдән үш дәреже асып кетті . әй- теңшелмеген дүние - ай... менде жырғап жүргем жоқ, орта мектеп бірінші дәрежесін қанағат етіп кетіп бара жатқандығым да, баяғы сол қяметтің қыл көпірінің кесірі ғой. болмаса , баяғыда - ақ жоғары дәреже атағын еншілеитін жөнім бар еді.
пу. у. у, мектепке ұсыныс беремін деп отырып, қатысы жоқ атаққа қарай кетіп қалыппын ғой, қаңғыған басым - ай .
...қызық, кеибір жас мүғәлімдерге таңым бар, бір - екі жыл мұғалым болмай жатып, мүғәлімдік қізметтен мезі болғанын айтып зар қақсайтындар екініңбірі, егіздің сыңарынан шығатын болды. не еті өліп кеткен біз сяқты мүғәлімдерге білінбеитін, қәзіргі мұғалымдық қізметтің талабы ауырласып кетті. не қәзіргі жастар жатып ішер жалқау болып барады. қызық, кеибіреулері ‹‹ ағай , кешкі пысықтауға менің орныма сіз келе салыңызшы? менің пәленбәй досымның туылған күні еді, бармасам болмайды...›› деп алпамсадай қып өзіңді жұмсайды. әй- осылардың ақшалары да көп қой деимін. өйткені, мектеп басшыларының бес жүз сомнан төменгі салған айып сомасына ‹‹батырлардың›› айылы да жиылмайды. оның есесіне, пәленбәй бастық маған айып салды деп екі езуі екі құлағына жетіп,мәсәйрәп бәсекеңдерге байқазы байлағандай мәз болғанын көріп суқаның ұшады. бұларға пал салса беине үш аймақ төңкерісіне қатынасып айранбақты дәл осылар алған қаһармандай мақтана бастағанда бетіңнен отың шығады. кім білсін қазыр бардам заманның салдары шығар...быз алғаш қізметке шыққанда осы көпестердің айыпқа төлеген сомасын жарым жылда әрең алушы едік қой... әйтеу өз басым пал төлеген жан емеспін. жаратқан оның бетін ары қылсын !
ефилөг
...арада екі ай өткен соң, жаңа маусым басталып жүкеңнің үстел орындығына ие болған жаңа келген жас мұғалым, бір мұнша кітәптәр мен қағаздарды жинастырп мына ‹‹мәтерялдәрғә кім ие бөләді?››деп үстелдің шетіне сырып қойған соң, қынжыла орнымнан тұрып ‹‹ қанша әйтқәнмен көне саптасым қой››-,деп үйінді қағаздарды бағдарлай қарасам топанын көрнектілендіріп тұрған тек көне, уағы өткен мәтемәтикә оқулықтары мен негіздік жаттығулар екен. тек ішінен іс қағазына жазылған жүкеңнің ‹‹ұсыныс - пікірлері›› ғана кісінің назарын тартып тұр ... оқып шыққан соң, оған өз атымнан : ‹‹ жуас мұғалымның жүрек сөзі ›› деп есім бергендігім болмаса, бір нүктесінде өзгертпеи оқырман сіздерге жолдап отырмын. кім білсін, тым болмағанда , біздің жүкең сяқты тағдырлас мүғәлімдердің көңілінен шығатын шығар ...
айтпақшы, кеиін жүкеңе: ‹‹осы ‹‹ұсыныс-пікірін›› не үшін тартпада қадырдыңыз ››-, деп сұрағанымда : күліп тұрып:
- ұсыныс - пікірді тапсырысты екі етпеи орындайтын әдетім бойынша, қызғынды жазып келе жатқамын,алайда, тосыннан қарсы саясат бөлмесіндегі екі мұғалымның саңғырлай дауласқан әңгімелеі назарымды қатты бөлді. оларда осы ұсыныс - пікір туралы дауласып жатыпты. есік ашық болса керек әр сөздері нақ - нақ естіліп тұрды :
- группә бастығының ‹‹ ұсыныс - пікір ›› жаз деп бізге иетермелегені ‹‹ сәптәяқпен ас беріп, сабынан қарауыл қою ›› шығар, бастыққа бізді ‹‹қарақшы›› қылып жаман көрсетпек ...,- десе, енді бірі :
- осы пікірді тыңдайтын бас ық бар ма ? жылда ат көпір қып жазамыз бірі іске аспайды. жазса группә бастығының өзі жазсын . жаманатты болар жәйім жоқ ...,- демесі барма , менде ұйқымнан шошып оянғандай :
- әкәу, бұл қулықты мен неге аңғармағам :
- әй, жүке , есеп қажап жүріп, ештеңеден қабарсыз қалғаныңды отыз жылдан кеиін де , ойланбаған соң, не сорым. жазғышым, артыңды қысып, өзіңді басып алғаның жөн сяқты. ‹‹ тауықсызда таң атыпты ›› дегендеи сен ‹‹ұсыныс - пікір ››жазғанда мектеп алға қарай домалап, жазбағанда керіне кетеді деисің бе? кетеріңде сүйкіміңді кетірмеи ‹‹сен жақсы да, мен жақсы ›› деп демәлісқә өз қадырыңды сақтап шығып кеткенің оң болар. мақұл , сен соншалық қиналып жазған ұсыныс- пікірді бәсекең ағынан дұрыс түсінсе жақсы, түсінбесе ‹‹ мына ‹‹қақбас›› демәлісқә жөнімен шықпай , артын тышқақ қойдай былғағаны несі››,- деп есесін сенен демәлісқә шыққандарды саяхаттату, түрлі мереке - меирәмдәр да беретін мерекелік сауғалардан шұнтитып қағып тастап қайырса қәйтесің? оның үстіне, келер жылы мектеп бітіретін балаңның қізметке орналасуына ‹‹ бақа тілі де , балық тілі де бір›› дегендеи көлденең бола қалса , қанша тыртаңдап әйқәйләғәніңмен ,сен сяқты қара мұғалымның сөзін кім тыңдай қояр деисің. тонның ішкі бауындай торласқан осы күнгі бастықтар ‹‹ қарға қарғаның көзін шұқымайды›› дегендеи астасып алып, балаңды қізметке қабылдатпай қойса қәйтесің?,- деген күмән,күдіктерді үймелетті де, бағанадан бері қарай, жанталасып жазған ұсыныс - пікірлерімді төрт бүктеп суырмама нығарлай салдым да, ертесінде группә бастығы сұрағанда:
- ойбу ұмытып кетіппін ғой .мен сяқты тозығы жеткен кәріге не дауа бар, өздерің бірдеме қылып жаза салмайсыңдарма ? бел шешіп істеп жүрген сендер жазсаңдар болады. демәлісқә кетіп баражатқан менің ұсыныс- пікір жазар қай теңім ‹‹ кәрі асқа, жасты іске ›› демеуші ме еді, бізді құрылтайдан соң жақсы тамақтандырса, солда жетіп жатады? кәряні әуіре қылғанша ,өзің отыра қалып, бес алты ауыз ұсыныс- пікірді жазып бере салмайсың ба? деп құйрықты бір қағып, құтылып кеткен болатынмын. қізметтен кетерімде керексіз кітәптәрімнің арасында қалып қойған болды ғой.
- ағасы осы ұсыныс - пікіріңізді өқірмәндәрмен бет көрістіргенге қалай қарайсыз ? -, дедім жүкеңнің өң ретін бәғіп:ешқәндәй қобалжусыз темекісін қисық тістеп тұрып:
- е, берсең бере бер ? баламның бұл араға келетін түрі жоқ, аспиранттық оқимын деп жүр .аспирант болса , мені әурелеи қоймас , білім бәсеке заманы туды қой , өзі қізмет тауып алар,- деді .менде айтып қояиын хикәят осындай жағдайда сіздерге жетіп отыр.
كەلۋ قاينارى: http://www.elarna.net/oku_kk.php?tur=11&id=65

Пікірлер:


Жазған лебізіңіз 300 еріптен аспасын!
tomendegi katekshege 99 dep jazingiz.
98 + 1 = ? sozsiz sifermen tolteringiz, aytpese pikir jaza almaymiz.

Көрші сілтемелер