Еларна қолфон нұсқасына ену

Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-10-12711272041 %59 %
2019-10-13946291737 %63 %
2019-10-148222243 %57 %



Түрі: Ел-арна газеті, бұл арадан барлық мақалаларын оқисыз

Жолданған уақыты: 12:01 - 2015/04/29

Қосымша қайнары:http://www.elarna.net/oku_kk.php?tur=11&id=635
Тоте жазу нұсқасы:http://www.elarna.net/oku.php?tur=11&id=635

توتە جازۋ نۇسقاسى:http://www.elarna.net/oku.php?tur=11&id=635

Мақала жолдаушы: Jolawshy
Мақала апторы: Қайрат ДҮЙСЕН
Аптордың мекен-жайі: Қазақстан, Алматы

: PDF Download - Жұктеұ - Скачать - ءتۇسىرۋ


Қайрат ДҮЙСЕН, ақын сәзгер, әлем халықтары жазушылары одағының мүшесі



КӨКТЕМ



Тал-теректердің жайқалған жапырақтары,

Жәннәттің болар бейнесі атыраптағы,

Көз жауын алған қырдағы қызыл қыз-гүлдер,

Жар сыйлаған қүдірет – топырақтағы.



Ақ сүті мол боп қазан, ыдыста қайнаған,

Жайнаған – әлем, Жарға құштар айналам.

Сыбдырлап терек, сыр айтып сырбаз сәмбі тал,

Сылдырлап бұлақ, таң ата құстар сайраған.



Ұялап пікір, бір өзі еккен әр неден,

Бұл қандай шебер дегізер көкпен әрлеген.

Түніне жұлдыз, күндізге күнді сыйлаған,

Жақындатады жаныңды көктем Жәрменен.



КҮЗ БЕН ҚЫЗ



Жабырқау күз жарқын жазды шеттетіп,

Салқын самал қара бұлтты қуды әрмен.

Мен сүйген қыз жазы бойы кеп-кетіп,

Кетті алысқа тіл табысып «қуләрмен».

Жадыраған жазды қимай күн әлек,

Қызды қимай мен әлек.



Жабырқау күз өтер, кетер, жаз келер,

Құшақ жайып ыстық аптап күніне.

Жәзбен бірге көңілдерге наз келер,

Айналдырып махаббаттың түніне.

Құшақ жайған жәзіменен күн әлек,

Қызды таппай мен әлек.



Амансың ба, жазды қуған, асау күз?

Жәңбіріңмен Жер мен мені жәбірле!

«Қуләрменен» тіл табысқан, асау қыз,

Қош бол! Жалғыз қалған мені қәдірле...

Жадыраған жазды қуып күз әлек,

«Қуләрменен» қыз әлек.



ҚЫЗ, ӘЙЕЛ, АНА



Көзге түсіп қызарған,

Елдің көркі – қыз арман.

Жүдесе күн қысқарып,

Құлпырса күн ұзарған.



Қыздан кейін, әрине,

Әйел – бақыт әр үйге.

Бұдан асқан бақ бар ма,

Ер жігітке фәниде?!



Ар жағында осының,

Деп тіл қатып: «Өс ұлым!»,

Тұрған жоқ па әйелмен,

Ана деген қос ұғым?



Әйел, Ана, Әжемен,

Әрленбей ме, әз әлем?

Сол үшін де қыздарға,

Арнаған жөн наз өлең!





ҚЫСҚЫ КӨРІНІС



Нұр жауып тұр аспаннан ақ шағала,

Ақ жаймаға оранған баққа қара!

Қара күзде бозамық тартқан шаһар,

Айналыпты әсем бір ақ қалаға.



Тал-қарағай тағып ап ақ алқаны,

Көше бойын сәндейді, жаңартады.

Жазы бойы кір басқан мынау маңды,

Ақ күміс қар тазалап ағартады.



Зауыттарда жатқандай тулап қайғы,

Зар-зар етіп жағымсыз шу қаптайды.

Демікпемен ауырған мұржа-мұрын,

Демін алса, көк түтін будақтайды.



Балалар жүр аунатып ақ қаласын,

Бала болып мұндайда шаттанасың!

Сая бақта ақсақал қария жүр,

Сырғанаққа дайындап ат-шанасын.



Бақсаң, келе бермейтін бала-шаға,

Жастар отыр сырласып оңашада.

Махаббатты маңайлап, қайран, жастық,

Кенеледі екен ғой тамашаға!



Жапалақтап аспаннан нұр жауып тұр,

Көңіліме кептеліп бір қәуіп тұр.

Жастығымды жай ғана ұрлап жатқан,

Уақыт – сайтан екен-ай, зырлауық тым...



«ШАҢЫРАҚ»



Етегіне көшіп кеп «Шаңырақтың»,

Жұлдыздарға көз тігіп, таң ұзаттым.

Түні туған өзімнің ауылымдай,

Күні ақшаңқай өзіндей аңызақтың.



Берілердей болса егер суына мән,

Көкке оранып қалады-ау, жуыла маң.

Әлі асқақтап ауылы қазағымның,

«Шаңырақ» дейтін талай туылады ән.



Қор болған келімсектің езгісін жей,

«Шаңырақ» Тәуелсіздік белгісіндей.

Ауылым қәзірше тұр сусыз, нусыз,

Үш жүзге қақ бөлінген ел күшіндей...





ТӘУЕЛСІЗДІКТІ АҢСАУ

(Бұл өлең 1988 жылы жазылған)



Көкжиектегі құстайын.

Болсамшы азат бәрінен...

Көктем, жаз, күзім, қысқы айым,

Өтсе бір өзге мәнімен.



Қаласам ұшсам аспанға,

Шарықтау шегім болмаса.

Ұйықтап тыныш жатқанда,

Мазамды ешкім алмаса.



Қаласам далам, өзіңмен,

Оңаша қалып сырлассам.

Ғайып боп кетпей көзімнен,

Көрінсе түгел күллі аспан.



Жұлдыздар дағы құлақ сап,

Ақ имәк Айым сыр ұқса.

Ататын әр күн шуақтап,

Тыңдауға мені тырысса...



Жер, аспан, тауда ерік боп,

Рұхсатсыз дүмпу болмаса.

Адәммен әлем серік боп,

Өмір кешсе алмаса.



Еркіндік тиген бойыма,

Мен жүрсем жаһанды айналып.

Не түрлі жыр кеп ойыма,

Арманым ұшса Айға алып.



Даланың мен бір перзенті,

Осындай өмірді аңсаған.

Көкіректе – көзім, пердем – түн,

Ұмтылып Күнге қол созам.







БАСЫ ЖОҚ....

Жүр, кеттік жатақханаға!

Қыздарға барып қайтайық.

Келген бір шақта қалаға,

Ауылдан сәлем айтайық!



.....

Жігіт болмасаң жүректі,

Есіңнен бірден танасың.



Төлеген, Мәжнүн, Қозылар

Осы арада жүр бүгін.

Талай жыр әлі жазылар,

Сүйгендер жайлы бір-бірін.



Жүр, кеттік жатақханаға!

Қыздарға барып қайтайық.

Келген бір шақта қалаға,

Ауылдан сәлем айтайық!

Жүр, кеттік жатақханаға...



МЕН ӨЗІҢЕ



Санамды сезім биледі,

Мазалайды осы күй мені!

Айтатын сөзім бір ауыз,

Қолыңнан келсе сүй мені!

Санамды сезім билеуде,

Шарасызбын күймеуге.

Батылың жетсе уәде бер,

Менен басқаны сүймеуге!

Санамды сезім билеген,

Әуремін тәтті күйменен.

Құдай қосса егер де,

Мен өзіңе үйленем.



ІЗДЕМЕЙДІ



Анда-санда көрінген,

Сағым-жырмын – елеспін!

Орын алып төрімнен,

Іздемейді мені ешкім.



Болмай қалсам жоқтайтын,

Керек екен, жақын дос.

Әз пендеңе соқпайтын,

О, Жаратқан, ақыл қос.



Бұл фәниде бақытсыз,

Іздеушісі жоқ адам.

Бір-біріне жат, ықсыз,

Не боп кеттің о, заман...





ТАРБАҒАТАЙ ЕЛІГІ



Тарбағатай елігін,

Көре кетті көңілім.

Жүрегімді сыздатты,

Тербегендей мені мұң.



Көлдің аққу құсындай,

Келісімді мүсінді-ай!

Мұндай маған сұлуды,

Қандай ана ұсынды-ай?



Табылғандай серігім,

Саған, жаным, ерідім.

Есімді алды сүйіп ем,

Балдай шырын ерінің.



Сағынысып, көрісіп,

Жүргенде сыр бөлісіп,

Аяқ асты алысқа

Кеттің, қалқам, сен ұшып...



Атты қанша таң сағым,

Өтті сенсіз қанша күн?

Есімді алып еріткен,

Жамалыңды аңсадым.



ҚОЙМАДЫҢ



Қой десем де қоймадың, ренжімесіме,

Қабағыңды суытып бүліндің дағы.

«Райыңнан қайт» - дейсің, енді несіне?

Артықтау боп тұр қәзірге күнім мұндағы.



Онсыз да өзім мазасыз бөлғәнімменен,

Тынышымды алар жырымнан басқа жоқ қайғым.

Махаббат па? Сұрама ол жағын менен,

Жанымнан өткен сұлуға қас та қақпаймын.



Өкінбеймін, жардай бұл жалғыздығыма,

Төрт қабырғам болып тұр маған төрт тірек.

Ұлым менен қарасаң болды қызыма,

Әттең-ай, солар мұз жүрегімді ерітті кеп...



ҚЫЗЫМ МЕНІҢ



Жаныма жаз сыйлаған, жарығым-ай!

Аңқылдап әкелеген қалыбың-ай.

Амалсыз, қызым, Сенен алыстадым,

Ұрған соң тас төбемнен мені Құдай.



Топ-томпақ, айдай әсем, ақ маңдайлым,

Мен, Сені, жүрегімнен тапқандаймын.

Сені көрсем көңілім көтеріліп,

Жоғалар ішімде бар жатқан қайғым.



Ақ мақта қызым – менің, күнім – менің!

- Папа-ау , - деп еркелеп бір күлімдедің.

Жүгіріп кеп мойнымнан құшақтадың,

Шүкір-шүкір, әйтеуір, сүрінбедің.



Бұл, ия! Көрген түнгі түсім еді,

Сағынып, Сені көңіл кісінеді.

...Қызым менсіз өмірдің қиындығын,

Шешесінен тәуірлеу түсінеді...



ҚЫЗЫМА



Ұға аласың жанымды, қызым, қайдан?

Бұл әкеңнің өмірі қызыл майдан....

Жетектеуге сендерді жарамастан,

Жүр амалсыз жер басып, үзілмей жан.



Кісі есігі болса да шатағы жоқ,

Кезбе-тағдыр, өзіндік Отаны жоқ,

Кешір мені, қәйтейін, балапаным!

Осымыз қабырғама батады көп.



Үй болмаса осы ғой, қала деген,

Қайда барып сиясың бәләменен?

Көз алдымда ортайып барады өмір,

Бізге қарап бас бұрмай барады әлем.



Өмірімнен бұл да бір үзінді еді,

Тек сөкпесең болғаны, қызым, мені!

Қалдыра алса сендерге төрт қабырға,

Түк емес еді әкеңнің үзілгені...



«БІРІ КЕМ ДҮНИЕ»

(Бұл өлең тоқсаныншы жалдарда жазылды)



Сізге дағы жетпей жатыр дүние,

Бізге дағы жетпей жатыр дүние.

Айтыңызшы, сонда қалай болғаны,

«Бірі кем бұл дүниеге» кім ие?



Сіз де жақсы көресіз-ау байлықты,

Біз де жақсы көреміз-ау байлықты.

«Бірі кем бұл дүниенің» тізгінін

Айтыңызшы, ұстап тұрған қай мықты?



Жаңа қоғам, жаңа өмір – басталды,

Кім жек көрсін қатарынан асқанды?

«Бірі тойып, бірі тоңып секірген»,

Киелі Адам ой-санасы ласталды.



Ел алданып жақ ауыртар сағызға,

Бас шұлғуда жан ауыртар уағызға.

«Аузы қисық бай баласы би болып»,

Бардың ісі айналуда аңызға.



Қайран, халқым, «Сенген байың сем болып»,

«Ақтабанға»... ақтағаның тең болып,

Несібеңді шәшіп бара жатсың-ау,

Қасқырларға, түлкілерге жем-жорық.



Кірме – Құдай, қонақ – Құдай, өзің – құл,

Қайран, Елім, ісің – мазақ, сөзің – тұл...

Сонда дағы шүкір, шүкір, дейтүғін,

Қайдан келе беретүғін төзім бұл?



Бар емес пе бізде дағы жақсылар,

Басына емес, қалың елге бақ сұрар.

Өзі жасық қазағымды басынған,

Бағы тайып, әзәппен жан тапсырар.



Басынуда алдарқатқан жау елді,

Тәуелсіздік кімге бүгін тәуелді?

Желбіретіп көк байрақты төбеге,

Зар боп жүрміз күнімізге әуелгі.



Қайран, халқым, жерің не еткен кең еді?

Қойны толған, қонышы толған кен еді.

Кірме – басым, қонақ – басым, қор қылды-ау,

Ұныңды алып, өзіңде қап кебегі.



Қандай кеңдік болса сенің салтыңда,

Қара май да, көп қой сонша алтын да.

Ұрпағым деп бабаң бір кез қан төккен,

Қайран, халқым, болашағың жарқын ба?



Иә, сіз де сүйесіз-ау, байлықты,

«Алтын көріп періште де айныпты».

«Бірі кем бұл дүниенің» тізгінін,

Дегенменен ұстайды екен қай мықты?



Сізге дағы жетпей жатыр дүние,

Бізге дағы жетпей жатыр дүние.

Бұйырмаған несібесін халқымның,

Кім әкеліп қайтарады үйіне?



2000 ЖЫЛЫ ҮЙ АЛҒАН

ТАНЫСҚА АРНАУ



Үйлі болу кереметтердің бірі екен,

Қиналған үйсіз: Төкең, Мұқаң, Жүмекең...

Ақындарды тап осылай сынауды,

Ойлап тапқан кім екен?



Үйлі болу кереметтердің бірі екен,

Ол – үлкен байлық, өзіңде жоққа ірі екен.

Осылай жүріп, үйлі болсам егер – Мен,

Әруақты жыр иелерін түнетем.



Үйлі болу кереметтердің бірі екен,

Оны алғаның – ең бақытты күн екен.

Жабырқау басқан жұбайыңның көңілі,

Сол күннен бастап гүл екен!



Үйлі болу керемет екен расында,

Қолың жетіп қалғандай-ақ асылға.

Қуаныш екен - нән бақыт екен мұның бір,

Аттап бара жатқанда жаңа ғасырға!



ОҒЫҢ БОЛМАЙ



Оғың болмай атарға кеше ғана,

Мені сонша жек көріп қалып едің.

Жүгірудің орнына көсеу ала,

Таңдандырды тосқаның қалың ерін.



Бұл сенің ашуыңның қайтқаны ма?

Жоқ әлде, маған таныс қулығың ба?

Келеңсіздеу осындай жәт тағы да,

Жатқан жоқ па түлкінің құйрығында?



Керемет қой, бұл сенің басылғаның,

Жаз күніндей жанға бір жайлы болып.

Бұлтсыз аспан секілді ашыл, жаным!

Бірәқ соқпа қайтадан қайғы болып...



АТПАЙДЫ ҚЫСҚА ТАҢ



Атпайды қысқа таң: өтпейді ұзақ күн.

Болмашы нәрсеге өкпешілміз-ақ тым.

Кетпеген күйінде көңілден сызаттың,

Жабырқау жаздың да жартысын ұзаттым.



Сен жүрсің сыймастан бауырға, туысқа,

Мен жүрмін абырой ілінбей уысқа.

Табысу қиындау болмай ма егер де,

Бірімен бірі адам қаттырақ суысса?



СЕН КЕЛІП ҚАЛАРДАЙ



Сен келіп қалардай көріндің,

Құдайы қонағы төрімнің...

Жолыңа қарадым, көз талып,

Сен болсаң келуге еріндің.



Есікті біреу кеп қағардай,

Қу көңіл, сақ құлақ сазарды-ай!

Ұйқысыз жүнжіген жүзім де,

Тәңменен бірдей боп бозарды-ай!



Қәйтейін, күтпейін десем мен,

Жақынсың кеше өлген шешемнен.

Шешем ғой, шәй енді ішпейді,

Бұйыртса сен ішер кесемнен...



СЕН



Шақырып ем, келмедің жаныма, сен,

Жалғызсырап қалады-ау, демедің де.

Иә! Рас, періштесің, жаның әсем,

Жүрген бір ой-санамның елегінде.



Әншейінде жүргенмен бәйек болып,

Жақындаса алмайсың менімен еш.

«Сабыр түбі – сары алтын», қой, өйтпелік,

Деуіңнің түп төркіні тегін емес.



Сен жоқ жерде сырласам елесіңмен,

Ол сенен мені жақсы түсінеді.

Қинап жүрсің ештеңе демесіңмен,

Осының көңілді пәс түсіреді....



ЖАҢБЫР АСТЫНДА



Тағы да жаңбыр астында,

Екеуміз қатар келеміз.

Сен маған тағдырлассың ба?

Бір шығар «Сапар кемеміз!?»



Қарақат көзіңе көзім,

Түйіссе – тоқтап қаламын.

Келе алмай өзіме-өзім,

Қып-қызыл от боп барамын.



Қолшатыр жақындастырып,

Ақ жаңбыр төгеді күзгі.

Тәңірім шатырлас қылып,

Бір сезім өбеді бізді...



...мені бір тасқын деп ұққын,

Теңізден жақұт төгілген.

Айқайға басқым келіп тұр,

Деп, - Бүгін бақыттымын мен!



СЫР БАР БІР



Сыр бар бір көзіңде тұнық,

Ол, бәлкім, биіктік болар!

Жұмбақсың өзің де қызық,

Дауылдай ұйытқып соғар.



Сонан ба, тәтті үрей билеп,

Алдыңда үнсіз қаламын.

Неге екен, қатты үдейді кеп,

Жүрегімнің сыздағаны.



Саған бір жыр оқысам деп,

Оңаша батылданамын.

Алдыңда құрақ ұшам кеп,

Бос сөз боп мақұлдағаным.



ҒАШЫҚТЫҒЫМА АЯН



Ғашықтығыма аян түн, аян дала да,

Қозы де мені, өзіңді – Баянға бала.

Күйіне еніп сүйгенін күткен Көрпештің,

Көрсем деп сені көп тұрдым аялдамада.



Келмегеніңе көңілім қалмаса дағы,

Себебін іздеп ой-санам далбасалады.

Кім көрінгеннің жүзінен жамалыңды іздеп,

Көнбіс жүрегім көзімді жолға салады.



Арманымның қалдырып әдірә бәрін,

Еңсем пәс түсіп, жылап жан, жадырамадым.

Жоғымды іздеп даланы кезгім кеп кетті,

Таусылып шыдам, ада боп сабыр, амалым.



Басымырақ бермей ме ғашыққа мұңды?

Ғашықтығың рас болса тасыт қаныңды.

Дегендей болды елесің тасада тұрып,

Ұққандай болдым мен дағы асыққанымды.



Ғашықтығыма аян түн, аян дала да,

Қозы де мені, өзіңді – Баянға бала.

Осылай десем, ешкім де маған сенбейді-ау,

Өзгерді өмір осылай таяуда ғана...



ҚОРЫҚТЫМ



Орныңда сенің бір минөт төзбес едім деп,

Мазамды алды, мезі етіп, өзге сезім кеп.

Ойда жоқта махаббаты бар ауылда,

Өзіңдей жанға күтпеппін кездесемін деп.



Ғашық болмас ауылдың қызын көріп кім?

Ұнаттым мен де өзіңді қізілбөріктім.

Жанымда – жарым, бала-шағалы шағымда,

Ілесіп саған кетемін бе деп қорықтым...



ЖАНАРЫҢА ЖАНАРЫМ

ТҮЙІСКЕНДЕ



Жанарыңа жанарым түйіскенде,

Өзіңменен ұқсаймын сүйіскенге.

Шын мәнінде жаныңа жақын барып,

Батпаймын тамағыңнан иіскеуге.



Жанарыңды тігіп сен қарағанда,

Бәйек болып түсемін аламанға.

Жүзіңде белгісіз бір тұнық сыр бар,

Жұмбақтай айтылмайтын жан адамға.



Орайы кеп сөзіміз жарасқанда,

Шебермін шаруаңа қарасқанға.

Сосын бар ғой, құмармын тек сыртыңнан,

Өзгелермен өзіңе таласқанға.



МИЫМЫЗ КЕТСЕ АУЫСЫП



Ұнаттым дейін десем мен,

Алыстап кететіндейсің.

Жақын боп бүгін кешемнен,

Бара атсың, соны білмейсің.



Дер ме едім сені, қылықтым,

Зер салып бота көзіңе.

Ай қарап текке жүріппін,

Көңлімді бөлмей өзіңе.



Не десем енді нанасың,

Қәйтем, сен жақындау үшін?

Өртеп бір жанды барасың,

Санамда күлкің, дауысың.



Түк шықпас бұлай күйгеннен,

Мұңымды болман тауысып.

Құлар ма ең маған сүйгеннен,

Миымыз кетсе ауысып!



СӨЗІМДІ ӨЛДІМ ЖҰТУМЕН



Жаныма жақындай қалсаң,

Жанып кететіндеймін.

Сырымды саған айта алсам,

Не боларымды білмеймін...



Барыңды аңсап жоғыңда,

Боламын әлек күтумен.

Бағым ба, әлде сорым ба?

Сөзімді өлдім жүтумен.



Байқасам ба екен ойыңды,

Сынасам ба екен бағымды!

Тыңдайтын емес қойыңды,

Көңіл құрығыр қағынды.



Жаратқан Ием, жарылқа,

Ренжіте көрме пендеңді!

Жарылсын маңдай жарылса,

Басыма берме өлгенді.



Жаныма жақындашы бір,

Жанып-ақ кете салайын,

Құшып ап сені осы бір,

Өліп-ақ кете салайын.



ІЗДЕЙ БЕРЕМ



Мұнымның болмаса да келешегі,

Қалқам-ау, іздей берем неге сені?

Сен бар жерде жаныма жай табылып,

Төрт құбылам төрімде теңеседі.



Күмәнім болмаса да келмесіңе,

Жолыңа көп қараймын мен несіне?

Тағы да алдарқатып жатыр, әне!

Үмітсіз шайтан болып жел-несібе.



Белгілі сені мәңгі ұмытпасым,

Қиын ғой көңіл құлап қызыққасын...

Тегінде бақыт үшін күрескенім,

Жөн болар жағдайымды қыз ұққасын.



КЕШІР МЕНІ, СҰЛУЫМ



Жанарыңа жас алып,

Күтіп жатсың сен мені.

Санамнан жыр қашалып,

Маған ырық бермеді.



Кешір мені, сұлуым,

Ұстатпайды жыр қашса.

Оны қиын ұғуың,

Ренжисің құр босқа.



Күрсінесің несіне?

Өлең деген осы енді.

Болмаса егер несібе,

Іше алмайсың кесеңді.



Тия алмаған нәпсімді,

Билеп отыр өлеңім.

Орнықтырсам тапшымды,

Құшағыңа енемін.



Жанарыңнан жасты ірік,

Күттірмеймін, болды енді.

Құшып сені тас қылып,

Қалап тұрмын өлгенді.



БАЯНЫ ЖОҚ



Сен мені сүймей, мен сені,

Түсіріп жүрміз еңсені.

Зымырап жатыр осылай,

Өмірдің берген өлшемі.



Сен менен суып, мен сенен,

Жел соққан талдай теңселем.

Өлейін десем, жанымды,

Алып қалып жүр емші-өлең.



Махаббат деген бар ма өзі,

Қайда, әлгі, жанған жар көзі?!

Өлексі тағдыр кешуде,

Баяны жоқ, бар Қозы...





КӨКІБЕЛ – КІНДІК ҚАНЫМ ТАМҒАН ЖЕРІМ



Көкібел - кіндік қаным тамған жерім,

Жаныма мол сағыныш салған керім.

Кербез Келес тұмадан басталатын,

Сайында бал дәуренім қалған менің.



Тұратын менмүндәләп «Қарағыры» -

Анықтар екі рудың ара-жігін,

Етегі толған жеміс, дәмі балдай,

Талында сайрар құсы қарағұрым...



Жоғары шықсаң көрші ел - Оймауытым,

Қаптаған төрттүлік мал қойнауы кіл.

Бай - Өгем жаралғандай аң мен құсын

Аулауды күні-түні қоймау үшін.



Майбұлақ, Қызылатаны өзен бөлген,

Жағасы бүлдіргенмен гөзелденген.

Көрші ел мың жыл құда бір-бірімен,

Өзіміз ес білгелі кезеңдерден.



Айналдым қәсиетіңнен, Көкібелім,

Сен десе, қарс айрылар көкірегім.

Өзіңде өлең-жырдың киесі кеп,

Өртеген жүрегімді оты менің.



***



Туған жер ыстық бәрінен,

Балалық шақты сағынтқан.

Бесік жыры әнімен,

Сәби жүрек қаныққан.



Туған жер қымбат бәрінен,

Еркелетіп өсірген.

Батасын алып кәріден,

Көгерген көктеп төс, іргем.



Туған жер әсем бәрінен,

Тұнбасы сусын қандырған.

Көрініп тауы әріден,

Қол бұлғап есте қалдырған.



Сағыныш отын жандырып,

Сағымға бір сәт айналдың.

Елестеп өткен жаңғырып,

Суретіңнен айналдым,

О, туған жер!



***

Қара қырдың үстінен қарап едім,

Көркіңе көз тоймады, саған, елім.

Ақ теректер сән берген ауладағы,

Бала күнгі еді еді ғой бар әлемім...



***

(Жастық шақ жырларынан)



КҮТКЕЙСІҢ



Сенделіп жүрмін, сенделіп,

Қу тірлік үшін не түрлі істі меңгеріп.

Осындай сәтте жанымда жоқсың, жан сәулем,

Жанымда болсаң, сергітер ме едің дем беріп.



Мұңайып жүрмін, мұңайып,

Тіршілік үшін жасағандай-ақ мың айып.

Жөнделмей жатып, жөн көрмей жүрмін тап қәзір

Өзімді саған санағанымды лайық.



Жабырқап жүрмін, жабырқап,

Өзгерген мынау жалғанға қатты таңырқап.

Мендегі дүние өзгенікінен бөлек пе?

Өзгелер отыр түк болмағандай сабыр сап.



Қиналып жүрмін, қиналып,

Сағыныш – сезім кеудеге мұң боп жиналып.

Сағынып жүріп алдыңа бір күн барармын,

Жинылған барлық сап-сары мұңды сыйға алып.



Алыста жүрмін, алыста,

Іздене берсем кенелермін бір табысқа.

Үздігіп барып, үзіле жаздап күткейсің,

Сағыныштың кеп сап-сары мұңы жабысса...



МЕН СЕНІ...



Ұнаттым, жаным, сызылып ұялғаныңды,

Жүзіңе қарап бөлендім қиялға мұңды.

Ішкі алауың сыртыңа шыққан шағында,

Нән бақыт көрдім бетіңнен сүйе алғанымды.



Жібергім келмей ып-ыстың алақаныңды,

Атырғым келді сенімен ғана таңымды.

Еріксіз елтіп, өзімді әрең ұстадым,

Қолдан ұшырып махаббат бала сағымды.



Шын жақсы көріп, бетіңнен сүйгім келгелі

Біздер жолыққан сол түнді қиғым келмеді.

Қолдан ұшқан махаббат бала сағымым,

Мен сені сүйдім, мен сені сүйдім, кел бері!



ҰҒЫНДЫРСА ЖАНАРЫҢ



Ұғындырса жанарың сағынғаныңды,

Құшқанда сені өртесе жалын жанымды.

Тіл қатпадың деп қалайша саған ренжимін

(Жоққа шығара алмаспын, жаным, барыңды) .



Бір әлем-өмір жай ғана күлімдегенің,

Жырларым жатыр жазылмай жүзіңде менің.

Бір айналдырса, шыр айналдырған Құдай-ай,

Махаббат үшін мұншама бүліндеп едім.



Кетуін тілеп, үзілмей жалғанып ары,

Мезі етті мені сезімнің салған лаңы.

Бақытты табу қаншама қиын болса егер,

Одан да қиын жоғалтып алғаның оны.



Айналып бір сәт қыз сүйген дала ханына,

Қол жетпес арман қонып тұр алақаныма.

Сағым қып оны, сарғайтпа мені, деп тұрып,

Басымды идім, табынып Алла барыңа.



Ұғындырса жанарың сағынғаныңды,

Құшқанда сені өртесе жалын жанымды,

Тіл қатпадың деп қалайша саған ренжимін?



ЛӘЙЛІ – ӨМІР ӨЗЕГІ



(ол – Ләйлі, мен – Мәжнүн болғанда)

Өткен күннің елесімен достасып,

Мәжнүн қалды Ләйлісімен қоштасып.

Есіл-дерті тек олардың көрісу,

Одан басқа не тілесін қос ғашық.



Есіл-дерті көрісу ғой ғашықтың,

Ләйлі-ау, неге алыс жолға асықтың?

Аяқтамай махаббаттың сапарын,

Кеткенің не Мәжнүніңнен қашық тым?



Мәжнүн енді бәрінен де безеді,

Сағым қуып, кең даланы кезеді.

Өйткені оның орны ешқәшән толмайтын,

Ләйлісінде өмірінің өзегі.



Қимайтындай әр сағаты мазмұнды,

Есіңе алып бірге болған аз күнді.

Ләйлі, Ләйлі, аңсадың ба сен-дағы,

Тынышыңды ап зарықтырған Мәжнүнді?...









АЙТ, ЖАНЫМ, СЕН ДЕ МЕНІ СҮЙЕСІҢ БЕ?



Басылмай саған деген сағынышым,

Шегі жоқ еркін алды қиялымның.

Күреспей басқа қонар бағым үшін,

Әлемге қалай ғана сыямын бұл?



Мен бүгін шын ғашықтың хәлін кештім,

Бұ дағы үлкен бақыт сен сыйлаған.

Түсіне алмас сірә жанымды ешкім,

Жалғанда сен болмасаң, ең сыйлы адам.



Бір ұшқын жалт етті де жанарыңнан,

Жалғады өшпес менің үмітімді.

Айналдым, айдай нұрлы қабағыңнан,

Ақтаған арманымды күні-түнгі...



Сүюге бал ерніңнен бәтпәғәнмен,

Құшақтап, талай сені еркелеттім.

Аймалап көкейіммен тапқан әнмен,

Көңліңді маған деген көркем еттім.



Жырымның ең әдемі кейіпкері,

Сенсің ғой, асылым-ау, білесің бе?

Сұрайын, сөге көрме кейіп мені,

Айт, жаным, сен де мені сүйесің бе?



МЕН – АБАЙМЫН



("Мен – қазақпын" поэмасының ізімен)

Мен – Абаймын,

Абай боп тіл қатамын,

Қаласам, бәріңді де тыңдатамын.

Көңілім келсе, көлшікті көл етемін,

Ренжісем, даламды құрғатамын.



Мен – Абаймын,

Өлең боп оқыламын,

Күйіп-жанам қазақтың отына мың...

Тұп-тұнық поэзия тұнбасынан

Сендерге бал емізіп отырамын.



Мен – Абаймын,

Абай боп аттан салам,

Күрес, халқым, көзіңнен аққанша қан.

Қапияда қорлықты көп көруде,

Пөлигөннің дүмпуі атқан санам.



Мен – Абаймын,

Сүйемін жастарымды,

Сендерге көп арнаймын дастанымды.

Желтөқсәндә намысты қорғадыңдар,

Үш жүзге бөлмей бейбіт аспаныңды.



Мен – Абаймын,

Бітпейтін поэмамын,

Мені ұққанды жанымдай аяладым.

Тәуелсіздік туына жетті халқым,

Мен де енді тәуелсіз боп оянамын.



Мен – Абаймын,

Балы бар жыр-әнімнің,

Әр сөзімнің мәні бар, сұрағымның.

Біле-білсең, халқым-ау, мен сендердің

Ой-санаңда жатталған ұраныңмын.



Мен – Абаймын,

Ақынмын, ақылдымын,

Жер әлемді жаруда атым бүгін.

Бір айтарым:

– Сыйлаңдар ақындарды!

Ұран қылып оқыңдар ақын жырын.



Мен – Абаймын,

Абай боп тіл қатамын,

Қаласам бәріңді де тыңдатамын.

Сөз қәдірін білетін, уа, ұрпағым,

Бөленсін жырға таңың, жырға таңың.



(Ұлы Абайдың 150 жылдығында Алматыдағы

Абай ескерткішінің жанында оқылған өлең)





ТӘУБЕҢЕ КЕЛ



Көздің құртын сауық-сәйрәнмен байлаған,

Оңай емес құтылу, құрған айладан.

Айла иесін айыра білген дананың,

Ұқты дейсің айтқанын, жұртым, қай надан?..



Кеудесін соғып, танауын көкке ілдірген,

Ауызын ұрып талайды текке бүлдірген,

Байқамасаң, түбіңе жетер дұшпанды,

Білмей жүрміз тері мен етте бір жүрген.



Айыра алмадық алдамшы жауды біз әлі,

Сансыз оның құрған ауы мен тұзағы.

Ойнаймын деп, ойыны осылып, от басып,

Қарайып жүрек, Хақтан ауылы ұзады.



Жан тыншымас, өзіне тамақ іздемей,

Нәпсі қоймас, жетпесті аламыз демей.

Екеуіне сау ақыл – мизан бола алар,

«Тәубе қылғын» деп, бар күнәңді тізбелей.



ТӘУБЕ ЕТУДІ ОЙЛАП КЕЛЕМ



Топырақты кептіріп, қашап әрі,

Адамды аян жан беріп жасағаны.

«Әлмисақта ант берген рухы» үшін,

Қарыз пенде Аллаға тасадағы.



Жан біткенмен ананың құрсағында,

Болмас, сірә, тағдырлар бір сарында.

Болашағың өкініш – ей, адамзат!

Жаудың кетіп барады құрсауында.



Адасқандай ескексіз қайықтағы,

Қәйбір есті ертеңін байыптады?!

Көзсіздігі, соры ғой, арқалаған,

Кешіре гөр, Жан Алла, ғайыптағы!



Қысқа ғұмыр, дұрыс-ақ асыққаны,

Жақындасаң, ол – Сенен қашықтады.

Пенделердің жабылған перделері,

Жыртылып бір ақса екен сасық қаны.



Бәнтик тағып, шәш өріп, бой жетпеген,

Ұлы затсың Сен сондай ой жетпеген.

Құлдарыңды пазыл ет, кешір, Алла!

Мен де тәубе етуді ойлап келем...



БЕРЕМ ДЕСЕҢ



Берем десең, о, Алла, нән несібе,

Оны алудан қорқамын мен несіне?

Қалай етем десең де Өз еркіңде,

Қоймайсың ғой, бәрібір көнбесіме...



Берем десең, о, Алла, байлығыңды,

Қоса бергін жаныма жайлы күнді.

Сылып тастап қырсықты маңдайымнан,

Елден әрмен кетіргей қайғы-мұңды.



Бәлкім, болар бұл Сенің бақ-сынағың,

Не де болса бергейсің, жақсы жағын.

Нысанаңда көзделіп тұрсам дағы,

Бақ-сынақты бас имей тапсырамын.

О, Алла, сеніміңе тапшы жаным...
كەلۋ قاينارى: http://www.elarna.net/oku_kk.php?tur=11&id=635

Пікірлер:


Жазған лебізіңіз 300 еріптен аспасын!
tomendegi katekshege 99 dep jazingiz.
98 + 1 = ? sozsiz sifermen tolteringiz, aytpese pikir jaza almaymiz.

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар


Айтуар Өтегенов | Әдеби 20 min
Осы араны басып көріңіз 20 min
СҚО-да азық-түлік бағас 29 min
Роза Мұқанова | Әдебие 1 sagt
Грузияда нан фестивалі 1 sagt
Жаңаөзенде бизнеске қол 1 sagt
Қарағандыда дәмхананы « 1 sagt
«Алтын тұлпар» республи 1 sagt
Хамит Ерғалиев | Әдеби 1 sagt
Қазақстандық сәнгерлер 1 sagt
Үйінде темекі тартқан о 1 sagt
СҚО-да егін алқабының 9 1 sagt
Елордада әйелдерге арна 2 sagt
Дүйсенбіге арналған ауа 2 sagt
Еліміздің төрт өңірінде 2 sagt
Атырауда ІТ саласының м 2 sagt
Осы араны басып көріңіз 2 sagt
Осы араны басып көріңіз 2 sagt
Әбішев ісі. Адвокат не 2 sagt
Елизат Аязбек самбодан 2 sagt
Осы араны басып көріңіз 3 sagt
Ата-ананы құрметтеу – А 3 sagt
Еліміздің төрт өңірінде 3 sagt
Еліміздің төрт өңірінде 3 sagt
Қазақстандық Италиядағы 3 sagt
Измениться ли вода, есл 4 sagt
Қызылордалық кәсіпкер ү 4 sagt
Бүгін Қазақстанда екінш 4 sagt
АҚШ боксшысы жекпе-жект 4 sagt
Семейлік өз әйелінің ат 5 sagt