Еларна қолфон нұсқасына ену

Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-10-171587416432 %68 %
2019-10-181098330835 %65 %
2019-10-19685218738 %62 %



Түрі: Ел-арна газеті, бұл арадан барлық мақалаларын оқисыз

Жолданған уақыты: 21:23 - 2015/04/28

Қосымша қайнары:http://www.elarna.net/oku_kk.php?tur=11&id=624
Тоте жазу нұсқасы:http://www.elarna.net/oku.php?tur=11&id=624

توتە جازۋ نۇسقاسى:http://www.elarna.net/oku.php?tur=11&id=624

Мақала жолдаушы: Мырзаш
Мақала апторы: Білісбек әбдірәзәқ
Аптордың мекен-жайі: Құлжа қаласы

: PDF Download - Жұктеұ - Скачать - ءتۇسىرۋ


Қаладағы қазақтар
білісбек әбдірәзәқ

отырғаның не керек қайсы орында,
ес қатпайды кеиде атақ –мансабың да.
қаладағы қазақта ауылды ойлар,
таусылғанда мағашы ай соңында.

кәдір болған жәйсәң қыз, жәйсәң ұлға,
қашан барсаң дайын ел тай союға.
дөкеилерің сөйлеиді-ау, дөңге шығып,
сүлеименнің жүзігі саусағында.

текесіңді сөйлеиді теріс бұрып,
қопақтайды қол соғып елі ысқырып.
ауыл да аң-таң, апаң мен атаң да аң-таң,
киіз үйге кеткендеи неміс кіріп.

қаланың бір көсіліп қалды-ау биы,
амандығын сұрайды шалдан жіиі.
торшолағын тағалап берген емес,
теөря тек қана толған мыиы.

кісіміз деп қазанның басындағы,
қөшәметі шығар ел бас ырғады.
ауыл үшін аһ ұрып ашынғаны,
көрініп тұрма тұр ма ағынан шәшіндәғі?!

тілеу тілеп жүретін қой бақса ұлға,
сол ауылсыз күн шығып, ай батсын ба?
теөря тілімді қышытып жүр,
қарайып жүр жүрегім қайнақ суға...

қойшы
қойшы деитін осы бір жұртты ойласаң,
жетемін деп жекпінем бұлттай қашан.
құрығына шіркіннің құзға шығып,
айға тиып кетер-ау шыт байласам.

қойлар жұтып қоңданып бетегені,
қыялымды қырандар жетеледі.
кердің шіркін кері қызыл суыры да,
көршіңіздеи көрініп кетер еді.

қалың шылғау тербеткен май табаны,
күн қақтаса жаны бір жәй табады.
қымыз керген босатсаң қуығыңды,
жатса алдыңда жарқырап сай тағаны.

қойшыңыздың қялы қырым жақта,
епті қолы есетін жырым ноқта.
иыр-қыиыр бұрайды болбыратып,
сонысы да шіркіннің шылым боп па?

айыптама ол үшін қойшымызды,
менсініпте тұрған жоқ қойшы бізді.
кеиде тіпті таусылса темекісі,
борқылдата салады борқыңызды.

айғайынан қойлары қотарылып,
(маршалының мандатын жатады ұғып)
жортып кетсе жотадан жоталарға,
тау басына жүргендеи мота мініп.

құтылам деп көрген жоқ қойдан қашан,
қуалайды барса оны ойдан масаң.
жарты-ақ ауыз сөзіңе алданады,
жеңе алмайсың жарты жыл дойбы ойнасаң.

тауда туып, тауда өсіп қосқан арман,
жазы шіркін бүгін де тосты-ау, алдан.
қыз жібектеи құшады қойшымыз кеп,
қара қызын қойшының қоста қалған.

бұлт
танысқан бұла қыздай су сайдағы,
белгілі бұратылып бусанғаны.
ботадай моп- момақан боз далаға,
желінін желмәя бұлт тұр сауғалы.

тастаған тауға келіп түйе жүнін,
көп қарап құба бұлтқа түлежідім.
жыиғанда жәйнәмәзін жаңбыр анам,
белде қалған білмеді-ау білезігін.

оны бұл <<қосақ кемпір>> деседі жұрт,
жұмбағын сайға тастап көшеді бұлт.
қараймын қой жаярда қыбылаға,
түсіме шылауышты шеше кіріп.

білмеимін ол қашаннан << бұлт>> атанды,
бұл жәйлі көңілім көп күй қотарды.
аспан алып кеткендеи анда-санда,
бұлқан талқан болатын бұрқы апамды.

базарлыққа қалушы ем бастырылып,
бұрқы апамша шәшуін шәшті бұлт.
танауымды тыға алмай омырауға,
тамағыма тұрған-ай тас тығылып.

шымылдық
баяғыдан қалған бұл шымылдық,
кетерме екен қоржында сырын бүгіп.
шымылдықтан шығар-ау бұрынғылар,
ортасына көрмеген шыбын кіріп.

бақыттың да болады бастау көзі,
жеңге жүрмеи қыз байқұс бастар ма өзі.
есте қалар ең алғаш шымылдықты,
ашқан кезі, ашып ап сасқан кезі.

шымылдықты қай кезде құйын шалған,
бақытың сол баянды бұйырса аллаң.
ер байқұста ондайда ес қала ма,
жеңгелері жібермеи шүйінші алған.

шымылдықтан жасырар бар ма ештемең,
қызық барма жігіт боп шал кешпеген.
жардың көрген жамалын тұңғыш рет,
қасынысып, қағысып жәмбәспенен.

кетіп қалдың деме сен анайыға,
құнанбайдың құрылған сарайына.
шымылдықтың ішінде ұшырасқан,
әйгеріммен қазақтың абайы да.

беимәлім боп кетеме бізге сыры,
барып көрсін бақытын іздесе іні.
<<махаббат, махаббат>> деп жүргеніңде,
сол шымылдық шығар-ау шын <<бесігі>>.

соны ойласам өзекті мұң қариды,
қыздарға ақыл берсе екен ұлға мыиды.
таусылмайтын той жыры бұл қаладан,
таба алмадым шымылдық құрған үйді.
қосымша жүктелген суреттері:

كەلۋ قاينارى: http://www.elarna.net/oku_kk.php?tur=11&id=624

Пікірлер:


Жазған лебізіңіз 300 еріптен аспасын!
tomendegi katekshege 99 dep jazingiz.
98 + 1 = ? sozsiz sifermen tolteringiz, aytpese pikir jaza almaymiz.

Көрші сілтемелер