Еларна қолфон нұсқасына ену

Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-10-161489390735 %65 %
2019-10-171587416432 %68 %
2019-10-1825179630 %70 %



Түрі: Ел-арна газеті, бұл арадан барлық мақалаларын оқисыз

Жолданған уақыты: 05:40 - 2015/03/24

Қосымша қайнары:http://www.elarna.net/oku_kk.php?tur=11&id=603
Тоте жазу нұсқасы:http://www.elarna.net/oku.php?tur=11&id=603

توتە جازۋ نۇسقاسى:http://www.elarna.net/oku.php?tur=11&id=603

Мақала жолдаушы: Балбал7
Мақала апторы: Нұғыман топпай ұлы
Аптордың мекен-жайі:

: PDF Download - Жұктеұ - Скачать - ءتۇسىرۋ


Шанағыңда жүрер үнім сыңғырлап
нұғыман топпай ұлы




1- жыр

жарнамасын жастық деитін ғұмырдың ,
бүркемелеп күшік - күдік , сығыр мұң .
пиғылдардан жан төзгісіз жиреніп ,
базарынан мынау күннің қуылдым .

сана деген тереңінде сарайдың ,
бар - ау - сірә талай қял , талай мұң .
жұдырықтай дүрсілдеген жүректің ,
жарақатын кеудемдегі жалаймын .

не керемет торғын тамақ , жыр алып ,
жатты алдымнан жас сұлудай бұралып .
жаздым мен де жыр жолдарын соңғы ұрпақ ,
мүмкін , ертең жүретүғін мұра қып .

жатты алдымда жаным сүйген жыр ғашық ,
аршын төсін ақ сәуле өпкен күнге ашып .
атты қанша жыр жазу мен таң күліп ?
батты қанша күн қызарып түн басып ?

көрген сөніп көкіректен күн қашан ?
жыр туар ма бұл жүректен шындасам .
табылар - ед не керектің бәрі де .
досым , менің жүрегімді тыңдасаң .

ақындық бір айтып болмас кесел ме ?
жыр жазам деп жынды атандым неше елге .
болдым бәрі - ақ , қойдым әйтеу бола алмай ,
болайын - ақ мен бір ақын десем де .

өне - бойы естігеннің дірілдер ,
тыңда , ағайын , құлағың сап , мұңымды ел .
жыр деп соққан бұл кінәсіз жүректің ,
қапты кілкіп түкпірінде іріңдер .

өзендерге , аққан сең боп дүлеи мұз ,
әңгүдіктер салды үлкен үреилі із .
қараңғылық қайда барып жәйғәсіп ,
кім біледі қай қуысқа түнеиміз ?

туылатын өлең өршіп жыр мыңдап ,
кетсе де ұзап керім шақтар бір күнде - ақ .
бырақ , сенің о сүйікті нұрлы өмір ,
шанағыңда жүрер үнім сыңғырлап .


2- жыр


өлең деген , шұғылдансаң жыр деген ,
шаруа екен белдескендеи міңменен .
шығады екен шығар кезде сөз өзі - ақ ,
тек өзіңнің жүрегіңнен кірлеген .

жатам жазып жүрегіммен кім сенер ,
туындатып сөзден - сөзді тіл шебер .
мен жыр қаздым бірәқ , менің жырымды ,
жұр жақатпай жұдырықтап дүмшелер .

о , қадырлы ұлағатты жыр бесік ,
жұрмын , мүмкін , бір сен үшін күн кешіп .
жапан түсде , жарым түнде келем мен ,
жұлдыздар мен аспандағы тілдесіп .

аз емес - ау , арқалаған мұң біздің ,
бұл тіршілік қатпайды екен күнде ізгі үн .
айта алмаймын мен жырыма жүрмін деп ,
шекпен қауып терісінен құндыздың .

бақыт қайда ? барады алып жол қалай ?
мұздағаны - ай , жүрегімнің тоңғаны - ай...
быр өнердің түсіп едім соңынан ,
шыға келді шыдамсыздар қолдамай .

кім біледі басымдағы бақ - талай ,
кетер ме ұшып жел ұшырған мақтадай .
келе жатыр түсінбеимін өзім де ,
жақыным да жырларымды жақтамай .

қуаныштан болып мынау мұң басым ,
ақты көзден кеиде сел боп шын жасым ,
келем менде әулие атам асандай ,
желпілдетіп атанымның шудасын .


3- жыр


ойлағаным - болды осы жыр қамы ,
бойлағаным болды өзен құмдағы .
жүректегім - теңшелмеген тірліктің ,
өзекті өртер өкінішті мұңдары .

жұрсың қайда шіркін менің жыр - айым ,
мұң торлаған мөлдіреген шырайын .
түсінер ме түпкі ойыңды әй , қайдам ,
ұмытқандар құлқын үшін құдайын .

жұрсың қайда жақындамай жыр шабыт ,
өксітті ме өмір сені зіл салып .
ойламаппын о , қүдірет жыр жазу -
болатынын дертпенен тең мұншалық .




қызыма




қызым менің қуанышым , шаттығым ,
бақытым да , базарым да , бақ күнім .
сен келмесең мына өмірге аяулым ,
берер маған әке деген атты кім ?

сен келгенде мына өмірге , тамсанам ,
қуанды екен құрақ ұшып қанша адам ?
жаратылдың жарық күнім сен менің ,
арманымнан адалдықты аңсаған .

сен әпердің әке деген ат маған ,
жүрек біткен тереңінде сақтаған .
әкетәйләп мектеп барсаң , кешқүрім ,
әкетәйләп үйге енесің қақпадан .

қызым менің қызғалдағым , аяулым ,
түспесе екен көңіліңе қаяу мұң .
асыр салып арамызда жүргенің ,
шешеңе де , бәрімізге сая - ау мың .

түсінігің ботақаным білгенің ,
келеді өсіп ұғып жүрмін күнбе - күн .
тер құлыным сенде тауың , далаңның-
төсіндегі тікіреиген гүлдерін .

қызым менің , қызыл гүлім , шырайлым ,
байқалады бар ісіңнен бір айбын .
жан жұлдызым жарық шәшқән ғаламға ,
өзімісің көгімдегі күн - айдың .

жүрсе екен деп гүлдеи жәйнәп тең бізбен ,
таңырым - ғой , сені өмірге енгізген .
өзің болдың бәрімізді , жаз - жәйрәң ,
еш күмәнсіз ертеңіңе сенгізген .

елік қызым , жібек мінез , ер мүсін ,
күлші күндеи көңіліміз сергісін .
тал бойыңнан қазақ деитін халықтың ,
жұрсын көріп жүрек біткен белгісін .

іле гәзетінен алынды .
ескерту : келу қайнары ел - арыс сайыты .
қосымша жүктелген суреттері:

كەلۋ قاينارى: http://www.elarna.net/oku_kk.php?tur=11&id=603

Пікірлер:


Жазған лебізіңіз 300 еріптен аспасын!
tomendegi katekshege 99 dep jazingiz.
98 + 1 = ? sozsiz sifermen tolteringiz, aytpese pikir jaza almaymiz.

Көрші сілтемелер