Еларна қолфон нұсқасына ену

Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-09-14785288944 %56 %
2019-09-151110375335 %65 %
2019-09-1613940633 %67 %



Түрі: Ел-арна газеті, бұл арадан барлық мақалаларын оқисыз

Жолданған уақыты: 05:37 - 2015/03/24

Қосымша қайнары:http://www.elarna.net/oku_kk.php?tur=11&id=601
Тоте жазу нұсқасы:http://www.elarna.net/oku.php?tur=11&id=601

توتە جازۋ نۇسقاسى:http://www.elarna.net/oku.php?tur=11&id=601

Мақала жолдаушы: Балбал7
Мақала апторы: Қасымқан уатқан ұлы
Аптордың мекен-жайі:

: PDF Download - Жұктеұ - Скачать - ءتۇسىرۋ


Айтыс туралы аз сөз
қасымқан уатқан ұлы



мемлекет дәрежелі беизәттіқ мәдениет мұрасы болып отырған ақындар айтысымыз - ұлтымыздың төл - мәдениет жасампаздығы , сондай - ақ ертеден қәзірге деиін қадырын жоймай келе жатқан өнер туындысы екендігі жалпыға мәлім . қазақ бар жерде айтыс бар . айтыс өткізілмеитін той - тамаша болмайды , тіпті , шілдехәнә сяқты бас қосуларда да айтыс болып жатады . « өнер алды қызыл тіл » деп білген халқымыз өлең айтып , айтыс өткізуді ғасырдан ғасырға жалғасқан тамашалы салтқа айналдырған .
айтысты ауыз екі әдебиет туындысы десек те , жаппай сауаттанған бүгінгі күнде де өлең айтысы жалпы жұртшылықты өзіне тартып , көңілді , қызықты тұрмыстың мереилі мазмұны болып келеді . айтыс үстінде адамддар айтылған ұшқыр өлең шумәқтәрімен бірге желпініп , « ой бәлі » деп елегізіп , қызынып отырады . айтыс аяқтаған соң да жақсы айтылған айтыс өлеңдерінде жаттап алып айтып , көңілдерін көтеріп желпініп жүреді . сондықтан ел ішінде « бір күнгі айтыстың мың күнгі ызыңы болады » деген тәмсіл сөз бар .
ұлы мұхтар әуезөвтің деректеуінше , өзге жұртта айтыс өлеңдері қазақ хәлқінікі сяқты мол , көп , жалпылық бола қоймасада , анда - санда кезігіп қалатын құбылыстар бар екен . мәселен : көне франсоз әдебиетінде тенсөн деп аталатын өлең айтыстары болған екен . онда да біз сяқты әр тақырыпта сөз тартысы жүргізілетін сяқты . араб әдебиетінде де « мұғаллахат » деген өлеңдер болған . бірәқ бұл нағыз айтыс емес , өлең жарысы сяқты болып , ақындар үлкен жиын - топтарда бір тақырыпта өлең айтып сайысқа түседі . бұл айтылған өлеңдер сарапқа түсіп , жақсы делінгендері жібекке жазылып іліп қойылатын болған . сол себепті « мұғаллахат » деп аталған . жоғарыда айтылғандардың барлығы дда қазақ халқындағы сяқты тар жерде тауып айтып , ұстасатын суырып салма ерекшелігімен тұтас жұртты өзіне баурап , кәрі - жасы , ері - әйелі демеи ынтыға тыңдап , жігі - жапар болып қарсы алып , қызынып , қызық көріп , тегіс өнер өріне ұмтылып , жалпы жұрт ұстанғандай өнер туындысы бола алған емес . қазақ айтыстары маржан созды , ұйыл ұйқасты өлеңдері арқылы адамдардың ішкі сырларын қозғап , көңілін көтеріп , бойын жеңілдетіп , руыани сергектікке бастайтын дала теәтрі болып , сан ғасырлар бойы көпке бірдеи қызық беріп , мереиге шомдыратын жиын сауығына айналған . жоғарыда айтқанымыздай ауыз екі әдебиет саналатын айтыс үлгісінің , басқа ұлттардың ауыз екі әдебиет үрдістері сяқты әлде қашан ұмытылып немесе жазылып қалғандары тарихи әрхивтерден табылатыны сяқты күй кешпеи әлі де реәл өмірдің қызықты , мол мазмұнды , тамашалы сауығы ролын ойнап , өміршеңдік күшін сақтап , көңіл көтерудің , тәрбие алудың оңтайлы әдебиет жаныры болып келе жатқандығы неліктен ? бұл туралы зерттеушілер талай - талай анықтамалар беріп , болжамдар айтып жатыр . менде бұрын кеибір көзқәрәстәрімді айтқанмын . бұл рет баса айтқым келетіні - біздің тіліміз бай , орамды , өлең ұйқасына тіленіп тұрған тіл . сондықтан өлеңді тек танымал ақындар ғана айтып қоймайды , елдің бәрі айтады . біз бала кезімізде көргенбіз . кештерде өлең айтылып , тамаша қасалатын киіз үйдің туырлығын түріп тастап , керегені жалаңаштап , үйдің іші - сыртына киіз - кілем жәйіп , ерлер сыртта , әйелдер іште отырып , өлеңшілерді жұптап , айтыс жасайтын . сонда келген ер - әйелдердің барлығыда әріптес болып өлең айтатын . бүгінгі күндеде ауыл - қыстақтарда той - томалақты рестүрәндәрдә өткізбеи , үйде өткізіп , айтысты жолға қойып жатыпты . бұл бір қолдауға тиысты жақсы бастама . әрине , тойға келіп өлең айтқандардың барлығы да ақын емес , солайда өлеңге қызыққан жұрттың кеибіреулері ойдан шығарып , суырып салма өлеңдерді айта алмаса да , жаттап алғандарын айтып , айтысқа түсуі мүмкін . мұны өрескелдік деуге болмайды . өйткені , айтысқа деген жалпы жұрттың қызығуы , айтысты қызу сұюы адамдардың делебесін қоздырып , бойдағы қанын тасытып , осы айтыс легіне қосылуға еріксіздендірген . сол думанды айтыстың ішінде өз ойынан өлең шығарып , тың пікірлер айтып жатқан ақындарда аз емес , әрине , жаңағы жаттама өлең айтқандарды еріксіздендіріп , айтыс легіне қосып әкету солардың әсерінен , солардың айтқан айтыс өлеңдерінің тарту күшінен болған .
тіліміз туралы өзіміз ғана айта бермеи , өзге ұлт уәкілдерінің де айтқанын тыңдап көрсек болады . неміс ұлтынан шыққан қазақыстан жазушысы герөлд белгер былай деп жазады « абай - лермөнтөв - гете үндестіктерін зерттеу барысында гетені біршәмә індете оқыдым . оның ғылми еңбектерін , бір мың алты жүздеи лрикәліқ өлең - дастандары мен балладаларын , романдары мен 54 драмалық шығармасын , көп томдық өмір баяндық кітәптәрі мен ( фауст ) атты әйгілі философялық трәгедясін жиып тергенде ұзын - қысқасы 143 том болады . абайдан қалғаны не бәрі шағын ғана екі том . бірәқ , меніңше сол екі томның сыбағалы салмағы 143 томнан кем түспеиді . ең әуелі қазақ пөезясі ұйқасқа бай , қәзекең ежелден өз ойын көркемдеп беинелеп , үйқәспен жеткізуге машықтанған халық . бір ғажабы , әлем таныған талай тарлан кіләссигі бар неміс тілі ұйқасқа орыс тілінен де кедеи . ал , « орыс тілінің ұйқасы аздау » деп пушкин баяғы да айтқан . мысалы , жаңағы гетенің « фаусында » бір тектес ұйқастар бір беттің өзінде әлденеше рет қайталама береді . оны оқыса ( түп нұсқасынан ) біздің қазақ : әй , бұл гетенің дабысы жер жарған ақындығы қайда ? » депۈ қомсынары кәдік . бұл жалпы еврөпә тілдеріне , соның ішінде неміс тіліне де тән кемістік . қазақтарға бұл жағынан тең келетін халық кемде кем - ау » деп тамсана таңдай қаққан грөлд белгер . енді бір кітәбінің мұқабасына сөз шеңбер жасап , « қазақ тілінің сөз байлығын бадырайтып көзге шұқып көрсету » үшін , ортасына орысша түр - түс мағынасындағы « вид » деген бір сөзді қойып , оның қан - жағына шуақша шәшілғән сызықшалар үстіне орысша сол жалғыз сөздің қазақша баламаларын жазады . бұл баламалар : « түр , түс , кескін , келбет , сиық , сымбат , тұрпат , нобай , кеиіп , кесір , сұрық , ажар , мүсін , өң , беине , пішін , ұсқын , тұлға , рең , шырай , әлпет , нұсқа , көрік деген 25 - 26 синоним сөз . жазушы бұл баламаларды келтірі« ал , енді қазақтың тілінің байлығына шұбаланушылар не деиді екен ? » деп сұрақ тастайды . қазақ тілінде міне осындай синоним - мағыналас сөздер көп болғандығы үшін ұйқасты қалай түрлендіріп алу қиынға соқпайды . біздің тіліміз осыншалық бай , мазмұнды бола тұрса да еврөпәні өзек етуші еврөпә тіл ғалымдары түркі тіл кеиін пайда болған аймақтық көлемдегі кедеи тіл деп қарайды екен . кезінде россяда болған полтава шайқасынан кеиін қолды болып сиберяғә жер аударылған швед өфитсері мұңғыля жерінен орхон - енисеи ескерткіш жазуларына кездеисөқ кездесіп қалып , дүниеге хабарланғаннан кеиін ешкім назар аудармай , 19 - ғасырдың соңына келгенде , екі жүз жылдан соң фин ғалымы б . томсон ол жазулардың оқу тәсілін ашты . жазу түрікше тілде жазылған екен . бұл уақиғадан кеиін еврөпә ғалымдарының сібір жазуына көңілдері соқпай қалды . бұл хабар түркілердің өткен тағдырына деген теріс , қәте көзқәрәстәрді тойтарып түзеткеннің орнына , керісінше тирки рүникә қазуын зерттеуге кері әсрерін тигізді . еврөпә ғалымдарының ұғымында ханзу , иран және араб мәдениетінің емшегін сорған көшпенді халық мәңгі тағы тұрпатында қала береді деп саналды . түркілердің жазуы ешбір дәлелсіз ирандықтардан алынған деген желеуге иек артты . ол - олма , 1970 - жылдың көктемінде алматы қаласына қақын есік қыстағының төңірегіндегі қабырдан бағалы ескерткіш табылды . бұл қабыр біздің дәуірімізге деиінгі 4- 5 ғасырларға жатады екен . жуын шыршалардан жасалған сағанаға жерленген жас көсемнің сүйегі төрт мың алтын әшекеи бүйімдәрмен безендірілген. алтын кісе , алтын қару - жарақ , алтын дулыға сяқтылар да бар . қабырдан және сырт жағына ойып таңбалап жазылған алтын тостаған табылды . жазуда орхон - енисеи әріптеріне ұқсас 26 таңба бар екен . азяның ұлан - қайыр кеңістігін мекендеген көшпелілердің біздің заманымызға деиінгі бірінші мың жылдықта қалдырған бұл әрхеө؛өгяліқ мұрағаттары жөнінде әншеиінде аспанды алақандай , жерді тебінгідеи қылып жүретін еврөпәліқ ғалымдар да үн жоқ . олар бұл уақиға жөнінде бірнеше мақала жазған олжас сүлеименөвтің байымдауларын жоққа шығарып , ол жазу ойылып қазылған тостаған тегінде , сірә , иран жақтан әкелініп , қабырға өлікпен бірге салынған заттардың ішіне кездеисөқ түскен болу керек ,- деп жорамалдады . кеиін ол тостағандағы жазу шешіліп , түрік тілінде жас қолбасыға деген мадақ екендігі мәлім болды . еврөпә ғалымдарының мұндай ғылымға жат сәкқін көзқәрәстәрі қәзірде түглдеи жойылып кетті деуге болмайды . біз мемлекет дәрежесіндегі мәдениет мұрамыз болған айтысты тағыда ілгерілеген түрде зерттеп , бірлескен мемлекеттер ұйымына тізімге алдыруға ұмтылып , көшпенді халық жаратқан бұл мәдениет мұрамызды алыс - жақынға таныта білуіміз керек .
айтыс тарихынан қарағанда , көне қоғам кезіндегі айтыстар өз руын мақтап , өге рудың кемшілік - жыртығына қол салу немесе әріптестің , болмаса оның жақын адамдарының кемістігін айту , сол арқылы қарсы жағын ықсыратуға ұмтылу көбірек болған . әрине , ата жөн айтысы , ата мекен айтысы , балық өлең айтысы , жұптұр өлең айтысы , қыз - жігіт айтысы және аужар сяқты салттық айтыстар да болған . дегенмен үлкен топтарда сілкілескенде руларды басты тақырып еткен . бұған « быржан - сара айтысы » мысал етуге болады . мұнда біржән арғынды мақтап , найманды кемсітсе , сара найманды мақтап , арғынды кемсіткен . жамбыл ақынның қүлмәнбет сяқты әқіндәрмен болған айтысында да рудың артықшылығы мен кемістігі басты тақырып етіледі мұнда екі ақын руды айту арқылы қазақ халқының басына келген заман тудырған зобалаң күндердің ауыртпалығын сөз етеді . ілеге кең таралған « асылқан мен нұрипаның айтысы » дегн айтыс бар ғۈ . бұл айтыс мөлшермен 1915 - жылдар болған . міне содан бері 100 жыл өтті . мұнда асылқан қүттімбет руынан , нұрипа есенгелді руынан . асылқан :

сыламжан зәңгі қойған мерекесін ,
мереке кетірді елдің берекесін .
аз ғана әмірсәнә таусылған соң ,
батшағар , енді неңді жер екенсің ?-
десе , нұрипа кезегінде :

егубек жігіт екен ұялмаған ,
сатуға малын пұлға қялмаған .
жеті жүз ірге байға жылқы бітсе ,
қыздары бүтін дамбал кие алмаған ,- деиді .
бұл қақтығыста екі ақын екі рудағы кемістілтерді айту арқылы ел мәнсәптіләрінің жемеңгерлігі мен тоғышар байлардың күйкі тұрмысын әшкерелеген .
« сөзге сөз келгенде айтпаса әкесі өледі » демекші , айтыс үстінде ақындар әрқәндәй мазмұндағы сөздерді титудан тартынбаған . күнестің талды ауылында тәни деген ақын әйел өткен . деректерге қарағанда , 1945 - жылғы сүзекте жасы 60 қа таяп қайтыс болған сяқты . кезінде тәни әқінмен асылқаннан бастап іледе өлең айтатын дәмелі ақындардың барлығы айтысқан . тәни бір айтыста қайсар деген әқінмен айтысып ықсыратып отырғанда , сөзге шыдамаған қайсар тәнидің қасында отырған қайын сіңілілеріне тиысып былай деп өлең айтыпты :

айтайын айт дегенде қызыл қя ,
қызыл қя басына шығар мя .
біреуін мына қыздың мініп алып ,
қяда жүрер ме едім жылқы жя . сонда ақын тәни қолма - қол :

әлдімен жыл басынан үйрек келер ,
шәштәрі бөйжеткеннің сирек келер .
ал қайсар мінем десең шешеңе мін ,
кәрі бие қақшаңдаған жүрдек келер .-деп қайсарды бас көтертпеи тастапты .
және сол күнестің талды ауылындда бұрынырақ малай деген ақын болыпты . малай кезінде бердіке әқәләқшіемн де айтысқан сяқты . қыз күнінде айтысып жеңе алмаған біреу малай келіншек болып жаңа түскен кезінде іздеп келіп көрген жерден :

малайжан , олай болды , былай болды ,
өзіңді көрмегелі талай болды .
быр жерің жараланды деп естіп ем ,
сол жерің жазылды ма қалай болды ?-деп әуендеткенде , малай жер ошақ басында самауырынға от салып тұрған екен , қолындағы қысқашты тастай салып :
бұл жақта білмеппе едің той болғанын ,
арасы екі ауылдың ой болғанын .
әкесінің көріндеи қазып жатыр ,
білмеимін несін алып , не қойғанын ,-деп әлгі ақынсымақты төбеден ұрғандай тойтарыпты .
шынайы ақындар әрқәндәй қиын жағддайда сөзден тосылмаған . мұқтар әуезөв келтірген бір мысалда , тоғжан деген ақын қыз болып , орманшы деген елге ұзатылып келе жатқаны айтылады . әсілі « өлі - тірі берген соң , өлі күйеу жатар ма » деген салт бойынша атастырған күйеуі жаздай барып қалыңдық ойнап , қызды енді алып келе жатқан сяқты . тоғжан қыз екі қебәт болып қалыпты . мұны білген , қыз күнінде айтысып жеңе алмаған бір ақын әдеиі алдынан жол үсті тосып тұрып :

жамағат шымылдықтан серпіліңіз ,
ақынға неменені келтіріңіз .
үйінен буаз келген мұндай қарды -
жұрт көзіне көрсетпеи өлтіріңіз ,- деп арындатып өлең айтқанда , тоғжан қыз :

орманшы жиылыпты жамағатың ,
әлі санға толған жоқ жамағатың .
ұл туса - таяқ соғар қолғанатың ,
қыз туса - керек қылар қанағатың ,
оның несін бетіме сәкіқ қылдың ,
ініңнің сақтап келдім аманатын . - депті .
тоғжанды сол заманның елі абройсыз деп сөкпепті . өйткені жүйелі , көркем , кестелі сөзбен шындықты айтып отыр . бұл мысалдарды айтқанда , бүгінгі ақындарымызда осындай өлең айтсын дегендік емес , мұны айту мақсатымыз , біріншіден , айтыс тарихынан хабарлы ету . екіншіден , « ұялмаған өлеңші болады » демекші , ақындар әрқәндәй қиын - қыстау жағдайда үшқірліқпен жүйелі сөз таба білуі керек . қамығып , жасып , ұялып үндеи алмай қалса , сөз ұпайы басқаның қолына өтіпп , жеңіліс табады .
қазақ айтысының бір ерекшелігі - әзіл - қәлжіңмен шыпшыласып айтады . бұл әзіл - қалжыңдар өрескелдеу айтылсада , айтыс үстінде өлеңмен айтылғандықтан әріптес те және естіп отырған жұртшылық та ауыр алмайды . болмаса , жоғарғы өлеңдерде айтылған сөздер әдеттегі сөзбен әңгіме үстінде айтылса , сөз жоқ , әріптес те , басқаларда ауыр алатыны сөзсіз . быздың тарбағатайлық ақын қызымыз анар қазақыстандық ақын бәлғінбекпен айтысып отырғанда , кезегінде сөз ыңғайына қарай « балам да , байым да жоқ » деп қалады . егер бұл сөз әдеттегідеи әңгіме үстінде айтылса , әлі той жасамаған қыз жонынн алғанда быраз өрескелдеу езілер еді , бірәқ , айтыс үстінде айтылғандықтан әрі шындықты айтқандықтан ешкім де бұл сөзді өресскел сезінген жоқ . өйткені айтыс қағидасы бойынша « өлеңде өрелік жоқ » делініп , өлеңмен айтылған әрқәндәй сөзге анау - мынау деп кінә тағылмайды . сондықтан айтыста қазақ пен қазақ айтысқаны жөқ сяқты . ееер басқа ұлт уәкілдерімен айтыс өткізілсе , түсінбестік туылуы мүмкін .
кезекте болып жатқан айтыстар туралы тоқталсақ , менің байқауымша , айтыстарымыз өте жақсы өтіп жатыр . айтыс партя , үкімет орындарының мән беруімен ұйымдастырылып , ақындардың көсіле айтуына кең сахына ашылып , қолайлы жағдайлар жаратылуда . міне осындай қамқорлыққа бөленген ақындарымыз , партя басшылығында бүкіл жүңгө халқының бір отбасының адамдарындай ынтымақтасқан тату - тәтті екенін , әр ұлт халқының жүңгө арманын жүрегінде сақтап , алға басып бара жатқан даму қарқынын , солардың қатарында қазақ халқының да гүлденіп , бақыттқы күн кешіріп жатқандығын , бұлбұлша әндетіп , сандуғаща сайрап жырға қосуда . қәзіргі ақындарымыздың барлығы да білімді , талапты жастар , арты толық орта , алды дәшуе бітіргендер . міне , сондықтан оқып - үйренуі , талаптанып - құлшынуы , өре таласып алға басуы әр жақтан басымдыққа ие болуда . мен бұл жерде пәлен ақындар мықты деп бір бөлім ақындардың атын атамақшы емеспін , іс жүзіндік жағдайда жүлделі болған ақындардың айтысында да кеибір жетерсіздіктер болуы мүмкін . жүлде алмаған ақындардың айтысында да кеибір артықшылықтар болуы мүмкін . ақындар айтысын бағалау қізметі өте күрделі де қиын жұмыс . айтыстың мазмұндылығы , жүйелілігі , шешендігі , байқағыштығы сяқты жақтарына қарауға тура келеді .
қәзіргі болып жатқан айтыстар туралы екі түрлі пікір айтпақшымын .
бірінші , айтыста оны да , мұны да айтып ұзартпай , бір кезекте бір ғана мәселені айтқан жөн . сонда ғана ақындардың қаншалық екенін байқауға болады . ал , қазыр бір кезекте бір мәселе емес , бірнеше мәселе туралы тоқталып , қара құрықтатып кететін құбылыстар аз емес .
екінші айтарым , ақындар айтыста жасампаздық сайысына түсіп , сан тақырыптың басын шалады . сонда ақындарымызда ұлтымыздың қәстерлі әдет - салттары мен құндылықтары жөнінде айқын таным болуы қәжет . біздің халқымыз ежелден қыз қашуды дәріптеген емес , қайта « теңін тауып , тегін бер » деп қыз баланың махаббат еркіндігін , бақытын қорғап келген . әрине , көне қоғамда қыз балалар малға сатылып , обалды болған істерде аз болмаған . бірәқ , көптеген ата - аналар қыз баланы « жат жұртқа жаратылған бала » деп бетінен қақпай әлпештеп өсіріп , қалауы бойынша құдаласып ұзатқан . жаңа айтқанымыздай көне қоғамда қалың мал саудасы мен обалды болған қыздар теңін тауып қашқан . мұны көп адамдар қолдап , іштеи тілеулес болған . керісінше қазақы әдет - салтқа , заң - тәртіпке қиғаш келетін қыз қашуларда болған . оны жұртшылық қолдамаған , қайта , қарсы тұрған . мәселен : « қалқаман - мамыр » уақиғасы , бұлар үш атадан қилысатын немерелес туыстар . солай болса да , олар « жеті атаға толмай қыз алыспау » сынды заң болып қалыптасып кеткен салтқа қайшылық істеп қашып кетіп бір жылдан кеиін бір балалы болып қайтып келеді . қазақы салтты берік ұстанған көкөнәй батыр көрген жерден өз қызы мамырды атып өлтіріп , енді қалқаманды өлтірмекші болғанда , басқалар араға түсіп ,« қалқаман жүйрік атқа мініп алдыңнан шауып өтсін , сонда ат , өлтіре алсаң өледі , болмаса , тірі қалады » деседі . сөнімен алдынан шауып өткен қалқаманды көкөнәй сәдәқпен атып , оғы қара саннан тиып , ортан жілігін үзіп кетеді . қалқаман тірі қалып қашып кетеді . осы мәселе 2010 - жылы мүңғүлкүреде өткізілген обылыстың ақындар айтысында ауызға алынып , әріптесі қалқаманды үлгі етіп өлең айтып қалғанда , біздің алтайлық ақынымыз қәнәтбек былай деп жауап қайтарды :

...қалқаманда қыз үшін елден кеткен ,
дедің бе ,оныңа жоқ иер басым .
әуелі қалқаман кім , мамыр қыз кім ,
абайдың оқыдың ба шығармасын .
қалқаман не себепті елден кетті ,
ойланып - толғанса жөн бұғанда ақын .
шүкірлік қалқаманнан халым бөлек ,
барсамда қай ауылға сяр басым .
қалқаман тобықтыдан қуаланған ,
жеті атаға жеткізбеи қыз алғасын .
заңым бар көп үйренген көпестерден ,
сол жәйлі ағайынға есеп берем .
жеті атаға жеткізбеи қыз алмайтын ,
қазағым қәсиетің өте өскелең .
қарындастан дәметкен қансыздарды ,
соққылап сотқа тартқан кесекпенен ,

қәнәтбек бұл жерде ұлтымыздың жеті атаға толмай қыз алыспайтын өскелең қәсиет құндылығын , қалқаманды мысал етіп түсіндіріп өте жақсы айтқан .
жұрттың бәрі білетін тарихта өткен еңлік - кебек уақиғасы бар . бұл уақиға 18 - ғасырда болған . кебек тобықты жігіті , еңлік матай қызы , қайны бар , ұзатқалы отырған қыз . екеуі жасырын көңіл қосып , кебек еңлікті алып қашып , ұстатпай тауға шығып кетіп , бір балалы болғаннан кеиін қолға түседі . тобықты мен матай билері екеуін де өлімге бұйырып , асау жылқының құйрығына байлап өлтіреді . жаңа туған бала шырылдап далада қалады . өте аянышты . кебек тобықтының танымал батыр жігіті , еңлік матайдың жұрт жақсы көрген сұлу қызы . билер осы екеуін өлімге қайтып қиды екен ? сірә , билер екеуін әтеи өлтіргілері келіп олтырып отыр ма ? жоқ , әлде билердің екеуіне деген жеке бастық өш - қастығы бар ма ? менше олай деитіндеи ешбір дерек , себеп жоқ . шынын айтсақ , екеуін сол кездің заңы өлтіріп отыр . қазақтың ежелгі заңы « жеті жарғыдағы » - неке бұзып от басын ойрандағандар өлімге бұйрылады , деген заң тармағы бойынша , екеуі ақ некені бұзған делініп өлтірілген . ол кезде ата - анасының мақұлдауы бойынша құдаласып әрі қыздың үнәтуімен түрлі расымяттары өтеліп , ұзатқалы отырған қызда некелі әйел есебінде қаралған . ол кездің заңы осындай тәсілдер арқылы некені қорғап , отбасы бүтіндігін сақтап , елді ірітіп бұзатын беибәстәқтіқ әрекеттерді шектеп алдын алып отырған . сол себепті қазақта неке бұзылып , отбасы ойрандалып ажырасатын ахуалдар болмаған , болса да некен - саяқ , шанда бір болған . кезінде матай мен тобықты билері кебек пен еңлікті қанша қимәғәнімен заңнан аса алмаған , заң рақымсыз .
ақындарымыздың айтысы жөнінде бір кезде менің өзімде айтысқа түсіп , өлең айтқаным үшін , ақындарға олай айту керек , бұлай айту керек , - деп білгірсігім келмеиді . ақындарға айтатыным : көп оқыңдар , көп үйреніңдер , көп жаттығыңдар . ақындардың ойында білім мәйегі болса , нені айтуды қалай айтуды өздері - ақ білетін болады . оның үстіне айтыстың өз аясы , өзіне лайық жүгі бар . одан асыра талап қөйғәнмен орындала қоймайды . сондықтан келсе келмес міндет артып , талап қойып , ақындардың бастарын әңкі - тәңкі етудің қәжеті жоқ .

соңы
іле гәзетінен алынды .
ескерту : келу қайнары ел - арыс сайыты .
қосымша жүктелген суреттері:

كەلۋ قاينارى: http://www.elarna.net/oku_kk.php?tur=11&id=601

Пікірлер:


Жазған лебізіңіз 300 еріптен аспасын!
tomendegi katekshege 99 dep jazingiz.
98 + 1 = ? sozsiz sifermen tolteringiz, aytpese pikir jaza almaymiz.

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар


Жастар жылы: Таразда «Б 9 min
МЕШІТ ӘДЕБІ – Sun 13 min
Египетте перғауындар дә 13 min
Осы араны басып көріңіз 23 min
Осы араны басып көріңіз 1 sagt
Алтын бұйырмады: Нұр-сұ 1 sagt
«Жолда қабылдау»: СҚО-д 1 sagt
ОРТАЛЫҚ АЗИЯНЫҢ ҒАЛЫМДА 1 sagt
Самбодан Азия чемпионат 2 sagt
БАС МҮФТИ ФРАНЦИЯ ЕЛШІС 2 sagt
Қоқандтағы қолөнер фест 2 sagt
Оралда қос автокөлік со 2 sagt
Кубада бензин тапшылығы 2 sagt
Пойыз бен автобус соқты 3 sagt
Менің жазғы демалысым 3 sagt
Оралда қос автокөлік тү 3 sagt
Шамалғандағы апат бойын 3 sagt
Осы араны басып көріңіз 3 sagt
Апаттан зардап шеккенде 3 sagt
Хабарландыру! – S 3 sagt
Пойыз бен автобус соқты 3 sagt
Туризм саласындағы Ұлтт 3 sagt
Футболдан кезекті қайыр 4 sagt
Шамалғандағы апат болға 4 sagt
ҚТЖ Шамалғандағы апатты 4 sagt
Бас көлік прокуратурасы 4 sagt
Осы араны басып көріңіз 4 sagt
Бішкекте барысты қорғау 4 sagt
Осы араны басып көріңіз 4 sagt
Иран әйелдері футбол та 4 sagt