Еларна қолфон нұсқасына ену

Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-07-18518216236 %64 %
2019-07-19552224339 %61 %
2019-07-20345155438 %62 %



Түрі: Ел-арна газеті, бұл арадан барлық мақалаларын оқисыз

Жолданған уақыты: 05:29 - 2015/03/24

Қосымша қайнары:http://www.elarna.net/oku_kk.php?tur=11&id=596
Тоте жазу нұсқасы:http://www.elarna.net/oku.php?tur=11&id=596

توتە جازۋ نۇسقاسى:http://www.elarna.net/oku.php?tur=11&id=596

Мақала жолдаушы: Балбал7
Мақала апторы:
Аптордың мекен-жайі:

: PDF Download - Жұктеұ - Скачать - ءتۇسىرۋ


Тұлпарлы мекен
балапан омар ұлы


іле тұлпары


дүбірімен дүниені оятқан ,
сағым - сауыр , салқар - кеуде , дой аттар .
алып шоқтық , алтын жалды арғымақ ,
быр - ақ рет айға жетер қарғып - ақ .

ол самғаса салқар таулар кішірмен ,
қара жердің көкірегі дүсірлеп .
ол самғаса тастар еріп , тау балқып ,
сапырылып шайқалады саумал түн .

түяғімен ошық , тауды үгіп ,
кететін - ды жартас балқып жау да ығып .
жел де жетпеи қалар еді шаң қауып ,
зымыранның өзі дерсің , самғауын .
көз қандырып көрсең құлын мүсінді ,
басып өткен , бағдатты да , мысырды .
құлағында ғұмыр әні , қүшірет ,
құла құмнан тұлпар мініп ұшып өт !

өн бойында жақұт арай көз арбап ,
құдайым да кететіндеи сөз арнап .
тәбәнімен тасты илеиді қамырдай ,
кісінеуі - даладағы дабылдай .

жалы алтын , құйрығы оның жібектен ,
өніп шыққан от - алаудан , тілектен .
тонып қалар төрең дағы , сұлтаның ,
қәсиетті менің іле тұлпарым .



мекен жыры



көрер күндер көзіңнің тереңінде ,
сұра бала , сусынды беремін мен .
іше алсаң іш қаным , шөлің қандыр ,
балдар толқып тұрады зеренімде .

кешер күндер кеудемнің кешенінде ,
тауға қарап өс қаным өсеріңде .
быр қора мал қораңа салсаң дағы ,
бырн қарап ал , шыңдарға бөсеріңде .

кешер кезде тағдырдың қиындарын ,
талапайға түскенде бұйымдарың .
қара далаң - мен бармын қайрат берер ,
қара маған , қараңдар миың барың .

тарыққанда тәніңе қайрат берем ,
қайрат - қылыш мұқалса қайрап берем .
ән аңсасаң әдемі тоғайға бар ,
бұлбұлымды сөйлетіп , сайрап берем.

сабыр кетсе сабала самырсынды ,
самырсыным қажымас сабыр сынды .
есің кетсе ежелгі жұртыңа бар ,
онда барсаң , өр тау бар тәңір сынды .

көздеріңнен балалық бал - бұл ақты ,
аспаныма қара сен , таң құлаттым .
балалықтың бал тілін сағынсаң сен ,
мен беремін сөйлетіп бал бұлақты .

төнер болса басыңа жала қатты ,
әрғәмменен аласта алапатты .
ғашық қыздың көздерін сағынсаң сен ,
мөлдіретіп қоямын қарақатты .

бүгілмеимін деме сен бүгілмеимін,
жапа тарсаң жарыққа жүгір деимін .
ғашығыңның сөздерін сағынсаң сен ,
қара түнде ғашық боп күбірлеимін .

жабырқатса жалғыздық айға қара ,
саған серік сезімдер айналада .
ғашықтықты естесең жірмен жұбан ,
айта берме әркімге , қайманаға .

өсектерге өйтпесе ілінесің ,
саған үндес болады ұлы бесін .
күншілдердің сөзіне құлақ түрме ,
үнсіз қалғын , өйтпесе бүлінесің .

кетеді өтіп , кермек сөз , ақыр ағын ,
уыз таңдар ұятың , ахылағың .
аптап өтіп , ыстықтан бықынасаң ,
жас талымның жаямын жапырағын .

мекен жыры - бұл маған дауыстаған ,
мекен жыры - бұл оқып тауыспаған .
жырларыңды мәңгілік оқи берем ,
зеңгір аспан , зерде - тау ,тауыс далам .





текес тербеліп ағады


жарқын текес , жәмил текес іркілме ,
арнадағы ақ уыз боп іркілде .
кешкі шапақ кенереңді кестелеп ,
созын айтып сөніп кетті біртіндеп .

ерке текес , сері текес бұраң бел ,
айдыныңды аймалайды нұран жел .
мармар толқын мәнеріңді қызықтап ,
қабағыңда ғазал оқып тұрам мен .

мазыр таңның мәнселіне малынып ,
ағасың сен , ал, мендегі бал үміт .
мың ынтығып , сені іздеп мың келіп ,
сырыңа да алмадым - ау қанығып .

жағаңдағы жасыл әлем , иғайлы үн ,
сен секілді менде арнама симаймын .
мен қаламын толқындарды ұзатып ,
сен жетесің мекеніне либайдың .

қалады ғой , қара таулар , жер , дала .
сен кетесің , қалам мұнда мен ғана .
либай келсе мекеніне оралып ,
тартып жүр - де - ол да сендеи шер - нала!

ли бай емес оның аты ілебәй ,
біледі жер , білесің сен , біледі ай .
текес , күнес , қас өзенді қамтыған ,
қайран менің қәсиетті ілем - ай!

іле - ана , текес тентек баладай ,
айдынына ара қонып қалады ай .
қәнтәңірден қалқып ұшқан бұлттар ,
қәнәтімен қағып өтіп , салады ой .

қыпша белді қырық толғап , мың иіп ,
билеп жатыр бес жүз ару , мың иық .
ару талдар шақырады биіне ,
ғашық қыздай қарсы алады жымиып .

келін - қайың көтереді желегін ,
менде сендеи балғын едім , сері едім .
тентек кезім текес сенде қалды ғой ,
жағалауға сол шақты іздеп келемін .

текес сенде тектілік бар , бар аңыз ,
жанарыңды мөлдіретіп қараңыз .
жағалауда әлі тосып тұрғандай ,
қос бұрымы солқылдаған қара қыз .

қызықтырып сыр айтады тал қандай ,
қыпша белі иіледі талғандай .
келеп әр жыл көгәрәйлі көктемде ,
қызыл таста қыз беинесі қалғандай .

ерке текес , сері текес , бұраң бел ,
айдыныңды аймалайды нұран жел .
мармар толқын , мәнеріңді қызықтап ,
қабағыңда ғазал оқып тұрам мен .




үш өлең
бауыржан шормақ ұлы



ақын деген домбыра


ақын деген - қәсиетті домбыра ,
заманы оны әр бұрауда шертеді .
саналарға сына болып қағылған ,
ол туралы аңыз бенен ертегі .

ақын деген - қәсиетті домбыра ,
күңіренеді бақ пен сордың жолында .
шанағынан жасап алып итаяқ ,
іркіт құю заманының қолында .

заман - ана , домбырамын мен дағы ,
зар күйімді әр күйіме септедім .
мыңқылдаймын мылқау кісі сяқты ,
қырық түйіншек ішектерім !



тірліктен именемін



жүнжіген кездерімде ,
сен демеу болар деп ем .
сәуірде бұтағыма ,
бүршік боп қонар деп ем .

қара тау қапталында ,
қақпанда жатқанымда ,
құтқарар сен деп едім ,
қамыққан шақтарымда .

көкіректі күйік меңдеп ,
сор қатқан көзімде ылғи .
сергіген кезде жүрек ,
жалғыздық сезінді ылғи .

жарықтан жасқанатын ,
ұқсаймын жапалаққа .
ал , түндер маған арман ,
достық та , махаббат та .

анамның омырауындай ,
тірлікті сүйген едім .
тірлікті сүйіп жүріп ,
тірліктен именемін .

мүдірмеи мұратымнан ,
жанымды сүйреледім .
өзімді сүйіп қүріп ,
өзімнен именемін .

быр шындық көз алдымда ,
быр сұмдық билегенім .
жұқпаған кісілікті ,
кімдерден үйренемін .




кінәсіз кіріптәрліқ



атамның ақ жөліменен ,
бас идым шариғатына .
құшақтап қара тауларды ,
талпындым табиғатыма .

елітіп көр шатқалдардың ,
бөдене , тарғақтарына .
бабамның қоңыр белдегі ,
сиындым аруақтарына .

ақ өзен ағыстарына ,
суарып кірпіктерімді ,
туған ел зеңгірлеріне ,
ұшырдым бүркіттерімді .
соқтырдым омырауымды ,
арымның азат таңына .
қармалап қара түндерді ,
қақсадым қазақтарыма .

жәутікке арбамды жектім ,
жете алмай жақын жеріме .
орданың есігін сүйдім ,
еркелеп әкімдеріме .

не керек бұл күнде маған ,
басымның жеке беделі .
мүртіммен шақайын сұрттым ,
ағамның мекемедегі .

жалғыздан жалғыз дүниеге ,
мұң шақтым қайғылы үнменен .
ай сайын әйелімді ылғи ,
алдаймын әйліғімменен .

қырсықтың қырық төбетін ,
сарытып саналарыма .
амалсыз жымыямын мен ,
алаңсыз балаларыма .

өттім - ау , қалдыра алмай ,
тірлікке татыр бір үлгі .
арзанға ауызтырдым мың ,
арыстан ақындығымды .

іле гәзетінен алынды .




қос келіншек
қөсінбек жолбарыс ( түрк )





тұлпар ақын
( жамиға дәулет қызына )




тегінде тұла бойың тұнған өлең ,
бар күшті інкәрліғің жырға деген .
айтыстың додасында еш уақыт ,
тәкәппәр сағың мүлде сынған емен .

атаның арықалғап бай мұрасын ,
өлеңнің иін бәппен қандырасың .
тап бермеде сөз тауып қарсыласқа ,
тыңдаушыңды сөзіңмен таң қыласың .

қазақтың бар тарихын жаттап өстің ,
келмеиді аруақтардан аттап өткің .
келесің аламанда жалғыз қара ,
болған жоқ шәужәйіңнән тартқан ешкім .

талайды үқдәніңмен сескендірдің ,
селкеу жоқ сен шүйкелеп ескен жырдың .
айтысқа түскеніңде бері қарай ,
еш уақ қалғаның жоқ көштен бір күн .

жарасып өн бойыңа « жуастығың » ,
танылдың өнеріңмен рас бүгін .
шұбырттың сан жігіттің сілекеиін ,
күнікеиі секілді күн астының .

қылығын жақтырмадың бос белбеудің ,
қырандай түлкі көрген төске өрледің .
жүресің қашан болсын қыл бабыңда ,
болса да батыр жігіт сескенбедің .

секілді сарқытындай сара ақынның ,
шолпандай таң алдында дара тудың .
қазақтың адуынды ақын қызы ,
ұлтыңның тәлеиіне жаратылдың .

аңсаған арманыңның таңы күліп ,
бұйырыпты бағыңа сері жігіт .
бал бәрмәқпен қаймақты шай құйып бер ,
ата - енеңнің жырғасын жоны жібіп .

таңғалтып тәтті өлеңмен қазақ елін ,
бәйгеден оза шауып дара келдің .
оралдың туған еліңе олжалы боп ,
тілегі орындалып тамам елдің .

әуелеп асқақтаған сұлу жырың ,
сен нағыз тұлпарысың бүгінгінің .
тағы да жыр - думанға бөлеи бергін ,
аспанын астана мен ұрымжының .





көнбесіне туын қада өлеңнің
(гүлсінәй тоқан қызына )




мінезің - ай қорғасындай салмақты ,
алтын басың әз халқыңа ардақты .
өзіңменен айтысқан сан жігіттер ,
ілесе алмай екпініңе шаң қапты .

ізін басып жамалқан мен зәтеннің ,
аймағыңа талай даңық әпердің .
әлі күнге шабысыңнан танбадың ,
адамы боп кетсең дағы жат елдің .

баулуында замананың , дәуірдің ,
ақын болып халқараға танылдың .
сіңілілерің келе жатқан соңыңнан ,
қабылдайтын ұшан - теңіз бар үлгің .

әрбір сөзің дат баспайтын алтындай ,
ел - жұртыңның сақтап келдің салтын бай .
өлең сөздің бәйгесінде көмбеге ,
бұрын жеттің болдырмай да , алқынбай .

таппас ешкім тал бойыңа тағар мін ,
өлеңіңмен өмірге өрнек сала алдың .
киелі өнер дарыған - ау меиірбән ,
иып берген ақ сүтінен анаңның .

өне бойың тұнып тұрған кіл өлең ,
арыныңа әркім алқау тілеген .
бұбымари апамызда алғысын ,
өзіңе арнап жолдаған құт іледен .

өлеө - сөздің екшеп інжу - маржанын ,
бойтұмар қып әз халқыңа арнадың .
жамалқанның қара қызы жарайсың ,
мойындаттың құрағаңның балларын .

туған жерің әлдилеген бесігің ,
тұрған шақта кем жерің жоқ осы күн .
қазақ елі жігеріңе тәнті боп ,
берді өзіңе батыр ана есімін .

айтыс сынды додасында нердің ,
қүрметіне ел - жұртыңның бөлендің .
алда тағы ақ маңдайың жарқылдап ,
туын қада көмбесіне өлеңнің .

іле гәзетінен алынды .




үш өлең
ғазиза қанат қызы



ауылға махаббат




таң күлімдеп нұрын шәшіп көтерілсе жаңадан ,
әнші құстар ауыл жақта шырқатып бір салады ән .
қойшы бауыр мал қайырып ұзақ жортып кетеді ,
ауылдағы тіршілігін сезіміне балаған .

ауылымның таңғы нұры кірбеңі жоқ ақ таңдай ,
ауылдағы боз жусандар күбірлесіп жатқандай .
сай саладан ағып өткен иірі көп ақ өзен ,
дөңестерден көрінеді жерге бояу жаққандай .


естіледі ауыл жақтан күлкісі жас баланың ,
қуанышы сезіледі кең көсілген даланың .
ауыл әні айналада жаңғырып бір жатады ,
салғандай - ақ бар тіршілік думандатып таң әнін .

ауылдағы бар тіршілік көз алдымда қалады ,
ауыл әні дегенінде сезім оты жанады .
аунап өскен қүрдәстәрмен туған жерім киелім ,
махаббатың барған сайын ыстық тартып барады .

кең ауылым ата - мекен үйсін тауым бөктерім ,
қайда жүрсем , әр уақыт көкеиімнен кетпедің .
табиғаттың таң нұрындай шуағына балайды ,
жәйнәй берсін ақ таңың мен күлімдеген көктемің .




ақындар



ақындар қайда шындықтан сөзі таймайтын ,
арамдық жерден адалдық жолды ойлайтын .
көңілі оның бір шексіз жатқан даря ,
ұзаққа ағып тереңге тарта бойлайтын .

ақындық деген бойтұмар емес атаққа ,
адаспа көңіл сен бұдан әркез адаспа .
ақынның жүгі нардай жүк деген екен ғой ,
қан - терін төгіп , силай да білген алашқа .

ақындық емес табиғат сырын сезбеген ,
шындықты мынау ғаламат кешіп көрмеген .
сезімге күйіп жыр төгіп өткен ақынның ,
ғаламда мынау рухы мәңгі өлмеген .

бел - белес көп қой ақындар әлі басатын ,
тауларда жатыр қиындық жеңіп асатын .
өмірде мынау қуаныш пенен қайғыны ,
еншілеп алған шын ақын жандар жасасын .




қәсиетті қарағай




күңіренген даладан күй әуені ,
табиғаттың сырларын жя келді .
кеудесі нар ортаймас кең әлемнің ,
боздағаны боталап ся берді .

күй әуені қазақтың домбырасы ,
шерін шертіп құлағын оң бұрашы .
қара дала басында жалғыз өскен ,
қарағайдан жасаған домбырашы .

қәсиетті қарағай қара нарым ,
осы болды қазаққа жарағаның .
домбыра мен сыбызғы өзің барда ,
күңірентіп салады әніңді әр күн .

қарағай қәсиеттен жаратылған ,
бас имес дауылдарға дара тұлғаң .
« қайсар бол қарағайдай деген қазақ » ,
қайсарлы қарағайға қаратылған !...

іле гәзетінен алынды .





досыма
нүргүл құмар қызы




әлдилеп , заман тербетіп ,
есеидік бірге ержетіп .
қайда айбынды сол дәурен ,
борандай соққан желдетіп ,

салып сайран , құр ойнақ ,
жұрушы едің бірге ойнап .
атырғамыз талай таң ,
армандарды бірге ойлап .

жанатын бірде алаулап ,
секілді бірде арай - бақ .
келмеиді екен бал дәурен ,
қарасаң да қарайлап .

сағындым досым мен сені ,
теңіздеи ойым теңселді .
әніме салып көңілді ,
көтерем кеиде еңсемді .

арнадым өлең досыма ,
жырымды оқып жасыма .
сарғайтып жолға қаратпай ,
келіп тұр күнде қасыма .



түйсікке түмен жылдық түн тығылған
қалау сәлемәтбәй ұлы




жолдан шығып қара жер төсін тілген ,
құшақтаса кеттім мен есіл түнмен .
дауылға көлдің қызы арқа ысқызып ,
жағалауда сабын тас көпіршіген .

басқа бақ жоқтай маған сарқылғаннан ,
құтылдым бір азаптан алқымдаған .
қара бұлт тауға өрлеиді тістеп алып ,
найзағай селебесін жарқылдаған .

боры анам қайтадан бағып алып ,
шіркін - ай , кетсем бе екен тағыланып ?!
құрақтар құтқарады әр тамшыны ,
қара жерге түсірмеи қағып алып .

басқа күйкі тірлікті күйік қылып ,
қамалғам бір әлемге тұйық , тымық .
қара жаңбыр аумайды қоғамымнан ,
өшірер әр ызымды сүйіп тұрып .

дәрідеи тие берді қарама улы ,
дарақы боп кетіпті - ау дала гүлі !
мынау түн быт - шыт болып шәшірәғән ,
емес пе заманымның қара миы .

түйсікке түмен жылдық түн тығылған ,
келемін сақтап күннің көз сұғынан .
сақталды армандарым әліге аман ,
тыныс алып жүректің жыртығынан .

секілді өртке айналған ғажап ұшқын ,
жалт етіп қара түннен жаралыппын .
момынсып барлығын да мойындайым деп ,
мойнын үзе жаздаппын даралықтың .

қаладан қашқанында ақ балақ түн ,
тағылымын танымым тасқа бастым .
тарғыл тауда мен алғаш табанымды ,
тіреппін ізіне ұшқыр шапқан аттың .

қоштастым көктемдегі кемді күнмен ,
шықпаспын қара жолдан енді мүлдем .
үйреткен беріктікті анам алғаш ,
ұстатып ақ боз ұйдың белдігінен .

өкпе деиін ішімнен оқ тығылған ,
қажыман кең тынысы жоқ ғұмырдан .
өзімді салмақтауды үйренгемін ,
тартып алғаш тайымның шоқтығынан .

өзі қуды мені арман ала шапқын ,
келді қара тұлпардай дара шапқым .
сынайын қанша салмақ көтеремін ,
баса бер иығымнан қара тас түн .....

жүрегімді жебедеи түйреп өлең ,
тесіп шығып кеткендеи күйде келем .
сәулесі алыстағы айды ұмытып ,
судағы сағымына үймелеген ....

дұшпаныма және де досқа жақын ,
көп мені қатарына қосқан ақын .
жансызданған қолдарым деп біледі ,
қапаста құс ұмытып қос қанатын .

ел алдында борышым анық көрмек ,
жіберген өз - өзіңді танып кел деп
сарығын біз басатын сусын іздеп ,
шалқар көлде жүзеді балық шөлдеп .

қылына алмай қонса да қолыма күн ,
неге осы мен тынбастаб торығамын .
нотадай өрмекшінің торын оқып ,
шыбындар шырқап жатыр өлім әнін .

елеңдеп жүреенім жоқ еріккеннен ,
мен үшін жерге кірген желік деген .
тағы да жол жараның аузын ашып ,
тұздай ащы жасымды сеуіп келем ....

әр хатың қәсіретімді қалыңдатар ,
жыр жазбаған кезімде халым нашар .
жаһанда ұлың басқан әр жаңа жол ,
ақ жүзіңе бір жаңа әжім қосар .

қайталайым әр сөзімді аят сынды ,
алыс жол жарылқасын аяп кімді ?
деміксең қолтығыңнан демеитүғін ,
болмадым - ау , қу ағаш таяқ ғұрлы !

қалған күлкі , жарты сөз қалықтырды ,
мен өзге сырласамын тауып кімді ?
бала күнде апалап силағаның ,
қорғады мені алтын сауыт сынды !

сенен өзге бар бақыт құсым үрікті ,
көнгемін бәрі - бәрі түсінікті...
мен туғансда шаттанып шаңырақтан ,
жыршы жаңбыр аузыма түкіріпті .

қанталас , менің әрбір күнім жарыс ,
әйтеуір , жас буынға жырым таныс .
атыңды атап есіме түсіремін ,
ұмыт болса қадымнан құлын дауыс ...

сен менің айнымаған бала шағым ,
мойныма міндің алғаш аласардым .
қара жерден қалықтап кетем кеиде ,
тигенде кекіліңе алақаным .

қу қанымды қуаттар ерек көктем ,
көп күттім көкірегіме келед деп мен .
кіп кішкентәй кеудеңе бас қоямын ,
нұр тұлғаң мен әкемді елестетсең .

искемесем бір сәтке көрінбесең ,
жақындайды ерніме өлім кесем .
омыртқамды он дұшпанға опыртпадым ,
бақытым , жүргеніңде белімде сен .

быз дағы бір әулетпіз өркені өскен ,
мені де әкем сендеи еркелеткен .
сабиын сағынышқа серік етіп ,
быр кінәсі өмірден ерте кеткен .

сенімен билеп үйді шаң қылам да ,
ойнаймын , аппақ анаң таң бұғанда .
тағдырдан балалықтың есесін ап ,
еркелеп жүрем саған алжығанда .

мен сені ұмытқамын! бәрін тастап ,
кеткемін жаңа өмірдің әнін бастап .
бар болғаны кеи түні көз ілмеимін ,
сағынышты сыраға айырбастап .

мен сені ұмытқамын ! ғашық үміт ,
жалынбас енді саған басын ұрып .
бар болғаны тұтатам шылымыма ,
соңғы естелік жүрме деп қасырынып .

үміткәмін , мұз қатқан ұқсас көлмен ,
өзіңдеи мені де өзге құшақ көмген .
бар болғаны елесің есімді алса ,
кеиде ауаны қидалайым пышақ пенен .

салудың керегі жоқ көзір мүллде ,
мен лақса тұтқындаймын сезіндің бе ?
мен сені ұмытқамын !
ең дұрысы , есімнен шығарғамын өзімді де .

мекен жәйі алтай аймағы буыршын ауданы .

тарбағатай журналының 2014 -қылғы 5- санынан алынды .


мынау азамат маған жерлес болады екен ғой ?
ескерту : келу қайнары ел - арыс сайыты .
қосымша жүктелген суреттері:

كەلۋ قاينارى: http://www.elarna.net/oku_kk.php?tur=11&id=596

Пікірлер:


Жазған лебізіңіз 300 еріптен аспасын!
tomendegi katekshege 99 dep jazingiz.
98 + 1 = ? sozsiz sifermen tolteringiz, aytpese pikir jaza almaymiz.

Көрші сілтемелер