Еларна қолфон нұсқасына ену

Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com




Түрі: Ел-арна газеті, бұл арадан барлық мақалаларын оқисыз

Жолданған уақыты: 08:24 - 2014/11/16

Қосымша қайнары:http://www.elarna.net/oku_kk.php?tur=11&id=482
Тоте жазу нұсқасы:http://www.elarna.net/oku.php?tur=11&id=482

توتە جازۋ نۇسقاسى:http://www.elarna.net/oku.php?tur=11&id=482

Мақала жолдаушы: Жетпіс
Мақала апторы: Естен ербөл
Аптордың мекен-жайі:

Іскерлік пе ? әлде ...

естен ербөл


үлкен бастық болмаса да , кеңсе басқарушылық міндеті бар , бала күнімізде көрші отырып жақсы араласқан досым әрі сабақтасым қуаш , осы бір мәнсәбін құттықтаймын деп бірнеше ағайындарды үйіне тамаққа шақырды .

көптен кездеспесекте сабақтасымыздың көп өзгергенін байқадық , сөзге шешен , білері мол , әңгіменің майын тамызатын , қай саланы сұрасаңда іркілмеи баяндайтын іскерде нағыз пысық азамат болыпты , бірде бізбен әңгімелессе , бірде әйелі жанарға қолғабыс тигізіп бәйек болып жұр ؛

-қізметім көрші аудандарда болып , бірнеше жыл сыртта болдым , өздеріңмен той - томалақта болмаса , басқа уақытта кезігудің жөні болмады , аудан басшылары ақылдаса келе өз туған жеріме оралдым , қайда жүрсекте бір ұлтымыздың , халқымыздың мүддесі ұшын - ғой ! маңыздысы халыққа қізмет -деді орнына жәйғәсіп .

расында уақыттың қалай өткенін білмеппіз - ау , екі жыл уақытта аз емес , байқап көрсең не бір өзгерістер болыпты , әсіресе қуаштың идеясіндә , бағанадан айтқан сөздерінен оның ұлтқа деген сана - сезімі оянып , ұлтжанды азаматтардың бірі болған екен- ғой дестік , оны мақтап - мадақтасып , оған сүйсіне қарадық , әрі осындай досымыз болғанына қуандық.

-ой , артық кеттіңдер , мен ғана емес , барлық қазақ азаматтары да осылай болуы керек , қайда жүрсеңде ұлт мүддесін , халық қамын ойлайтындар көп - қой , тіпті өздеріңде солайсыңдар , сендер білесіңдерме ? ауан әкімі думан аға да өте ұлтжанды , батыр кісі .

-я , иә , дұрыс айтасың , думан әкім келгелі ауданымыз көркеиіп , ұлттық салт -дастұрымыз тіпті де жандана тұсты емеспе - деді айтжан созды іліп әкетіп .
үй іші ретті де таза , төрге абылай хан мен абай атамыздың суреті ілінген , түпкі бөлме іші толған кітәп , сөреден қазақ тарихына және қай ақын - жазушының болсада кітәптәрі табылады , әйелі жанарда ашық - жарқын , пысық , адамның мінезін , көңіл - күйін бірден танып білетін әйел .

-мүке сіз қазақ сайттарына көп шығасыз , менің быраз мақалаларым бар еді , әсіресе мынау қәзіргі сырапшылдық пен жастардың некеден ажырасып , балалардың жетім қалатыны туралы сын мақалалар еді , осыларды қазақ сайттарына , жақсы болса гәзит - журналдарға шығарып берсең .

-жарайсың қуаш , ода не тұр , ертең - ақ сайыттарға шығарып береиін , дегенмен жаңағы ұсынысты ойларың өте дұрыс екен .
-я , әлі көресің , алда әкімнің рұқсатын алсам , ақындар айтысын оздырып , тасада қалған таланыттарды шығарып , кезіндегі төлғәуләрмен термелерді орындатып кеш оздырсам ба деимін , істеитін жұмыс көпқөй , - деді қуаш терезеге қарап кең бір күрсініп .
быз дастарқан басына қайта жәйғәсіп , әңгімізді жалғастырдық , міне осы бір кешті әңгіме айтып , сыр шертіп , талқы оздырып көңілді де , тамаша отырып қайттық .

досым қуаш айтқанын орындап , бүткіл жер - жердегі ақындарды жинап , ауданымызда дүбірлетіп той жасап , жәйләудә ақындар айтысын оздырды , ал екі - үш сын мақалалары мен ғылми еңбектері гәзит -журналға басылып көп адамның мақтауын алғысын алып жатты .

онан кеиін де телевизөрдән игі шаралардан көргенім болмаса , қуашты көрген емеспіз .
көзді ашып жұмғанша тағы да жарым жылдай зулап өтті , ағам сырқаттанып балнитсада жатыр дегенсөң , балнитсяға барып көңілін сұрап , балнитсадан шыққанымда , қуашқа кезіге кетпесім барма !
ұзылды - кесілді аман сәлемнен кеиін қуаш асығыс ؛

-мүке өзіңе кезіге алмадым , быраз уақыт үйренуде болдым , айтпақшы мүке мен әкімнің орынбасары болдым , қазыр медетсинә саласын зерттеп , медетсинәғә қатты көңіл бөлудемін , аудандағы барлық дохтырханаларды қадағалап , олардың сапасын арттыруды міндетіме алдым , тағы бір уақыт болғанда айта жатармын , өзіңе хабарласамын мүке , е , рас қазыр сен жолдан быздың үйге барсаң жанар саған быраз қағаздарды береді , медетсинәліқ зерттеу мақалаларым еді , сен алдағы сяқты сайттарға , гәзит - журналдарға шығарып берсең .
- жәрәйді , досым ! сен ...
-мүке , мен харбалас едім , өзіңе кеиін хабарласамын .
-о , қуаш бастық келіпті , келіңіз ...келіңіз ...- деді іштен бір топ дохтырхана қізметкерлері оны ішке бастап .
-әй , харбалас досым - ай , - дедім де жолыма тұстым , айтқанындай оның үйіне қағазды алуға бардым , жанарда бұрынғыдай жәймә -шуақ жәйдәрі мінез жоқ , сәл салқын , бұрынғыдан семірген , алтыннан алқа - моншақ , төрдегі абылай хан мен абай атамның суреті жоқ , орнына танымайтын емші мен дохтырлардың суреті , сөре толы медетсинәліқ кітәптәр , үйдің іші дәрі - шоптың ыиысы мұрын жарады , жәнәрмен аман - сәлемім болмаса басқа естеңе деп тыс жарып сөйлемеді , ақыры қағазды алып үйіме қайттым .

жолды бойлап , ой шүңетіне кетіп , мына бір өзгерістерге миым жетпеи таңданып келе жатқанымда , жанымнан жанай отып барып тоқтаған машинаның тормысынан селік етіп есімді жидым .
- ой , досым , нені қялдап келесің , саған не болды , көңілің тұнжыраңғы -ғой , жұр машинаған отыр , апарып тастайын , - деді айтжан .

- қалайсың айтжан , бүгін қуашқа кезіктім , жаңа үйіне барсам ,-созды жұлып алған айтжан ؛
-қуашқа не болыпты , өзгеріппе ? оған таңданатын не тұр деисің , үйткені әкім ауысты емеспе , ендігі келген әкім , медетсинә саласынан көтерілген , оның жоғары жақтағы ағасы да солай , сондықтан олар медетсинә саласына қатты көңіл бөлетін болғандықтан , қуашта солай өзгерді емеспе , қуаштың тағдырының не боларын бір алла ғана біледі , ал бұрынғы думан әкім шынайы , нағыз халықтың адамы , қазақтың салт -дастұрын бойына жиған , әрі ақын , әрі сыншы , қай қазақтың үйіне барса да есігі ашық , оған таңданатын не бар деисің , құбылмалы заман емеспе досым ! біз жөнінен маңыздысы - қуаш сяқты әдәмдәрмен тек қана аралықты алыс ұстау , әй қуаш - ай , - деді , қарқылдап күлген аңқылдақ қарапайым досым .

бағанадан түсінбеи келе жатқан күрмеулі жіптің шырмауын енді тапқандай болдым , << іскерлік пе әлде ? жағымпаздық па? >> бұл да болса бір бөлім адамдардың пайдаланатын қаруы , бойындағы бар артықшылығы болса керек.
бырақта өлім -өмір ақиқатында , адалдық таразысында мұндай <<іскерлікпен , жағымаздықтың >> кімге керегі бар деисіз ?!
қосымша жүктелген суреттері:

كەلۋ قاينارى: http://www.elarna.net/oku_kk.php?tur=11&id=482

Пікірлер:


Жазған лебізіңіз 300 еріптен аспасын!
tomendegi katekshege 99 dep jazingiz.
98 + 1 = ? sozsiz sifermen tolteringiz, aytpese pikir jaza almaymiz.

Көрші сілтемелер