Еларна қолфон нұсқасына ену

Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-09-2010832600477 %23 %
2019-09-21812349637 %63 %
2019-09-2211539944 %56 %



Түрі: Ел-арна газеті, бұл арадан барлық мақалаларын оқисыз

Жолданған уақыты: 12:01 - 2014/05/27

Қосымша қайнары:http://www.elarna.net/oku_kk.php?tur=11&id=396
Тоте жазу нұсқасы:http://www.elarna.net/oku.php?tur=11&id=396

توتە جازۋ نۇسقاسى:http://www.elarna.net/oku.php?tur=11&id=396

Мақала жолдаушы: Ғаламат1
Мақала апторы: Тәбісбек шариғат
Аптордың мекен-жайі: Шинжяң, алтай аймағы, шіңгіл ауданы

: PDF Download - Жұктеұ - Скачать - ءتۇسىرۋ


Сәмек батыр және оның елінің ата қоныс шіңгілге ірге тебуі

тәбісбек шариғат

кереи қайда барасың,
сырдың бойын көбелеп.
сен қашсаң да мен қойман,
арғымағымды жебелеп.
енді алдыңнан шығайын,
жауған күндеи себелеп.
ақ мырзамды өлтірдің,
ақ сөйілмен төбелеп.
мен арғын деген арыспын,
аузы кере қарыспын,
сен бұзау терісі шөнтексің,
мен өгіз терісі талыспын.
абылай алдында сен бітсең,
құдандалы таныспын.
абылай алдында бітбесең,
атасын білмес алыспын.
көшің кетер бір жаққа,
малың кетер бір жаққа.
көш соңынан жете алмай,
есің шығар сол шақта.
жар басына қонарсың,
жарты лашық тігерсің.
аузыңнан ас кетер,
қара көзден жас кетер.
бұл қылығыңды қоймасаң,
сонау кеудеңдегі,
дулығалы бас кетер.
ауа көшіп бара жатқан кереи көшіне бұқар жырау көш соңынан қуа келіп осылай тоқтау айтады. кереидің албырт жас батырларының біреуі бұхар жыраудың келген жерден күш көрсете құқай жасағанына шамырқанып:
«арысыңды айтып, аптықпа,
келеміз біліп сақтықта.
жәйіңді айтып аттан түс,
шаңырқапсың шалап іш,
бітер сонсоң қалған іс» деп дүрсе қоя береді.
ел бұхар жырауды ардақтап аттан түсіріп, келген жәйінә қанығады.
кереидің сырдан сырғып қоныс аударуына мұрындық болған кереи мен арғынның араздығы еді. абақ елі әрғінмен ағайын, елі аралас, малы қоралас тату ـ тәтті өмір кешіріп жатқан күндердің бірінде, ел ішінде ұлан ـ асыр, көл ـ көсір думанды той болады. тойға қазақтың үш жүзінің үлкен рулары тұтастай шақырылады. дыр ـ думан, ойын ـ тамаша салтанаты шалқып, қызық қыза түскен бір сәтте ойламаған жерден ойыннан от шығады: кереи мен арғын егерлесе қалады, егерлес соңы тоқтау бермес төбелеске айналады. жалғыз ауыз үрәнмен қызынып төбе - дөңге екі топ болып жиылған екі арыстың азаматтары ап ـ сәтте қолдарына сойыл ـ шоқпарларын ала салып, қоян ـ қолтық төбелеске кірісіп кетеді. кімді ـ кім төбелеп жатқаны беимәлім, қызу қандылық айқаста арғынның ақ мырзасы бата тимесе қәте тиып қаза табады. ара ағайын өлдім ـ талдым дегенде екі мықты елдің егерлерін зорға тяды. тямын деп жүріп «арашаға бір таяқ» дегендеиін бодаусыз таяқ жегендері де аз болмайды. «кереи мен арғын баласы тойымды тозаңға айналдырды» деп той иесі наразы болады. бұл наразылық төлемі төбелеске түрткі болушы әрі осы жолғы қүнікер ел кереиге салмақтап артылады.
арғынның ақ мырзасының қазасына жалалы болған кереи елі: «быз адам өлтіргеннен ақпыз да, саумыз, ақ мырзасын арғын өз арасындағы өштіктен өздері өлтіріп, жаласын бізге жауып отыр. ақ іске айып тарта алмаймыз» деп кереи жағы құн төлеуден бас тартады. «құн алмай құтылдырмаймыз» ــ деп арғын қарысады. сонан былайғы жерде кереидің адамын сабап, малын талап мазасын алады. әділдік тілеп мұңын шаққан кереиді ешкім тыңдамай, барлығы арғынды жақтайды. белдеуден жауы, іргеден дауы үзілмеи, ырықты ел арғындар мен елдесуге де, белдесуге де амалсыз қалған кереи: «әрғінмен арыс болып туысқан едік, ағайын жолын қуысқан едік»түбіміз бір болса да, міне бүгін көңіліміз кір болды. қастық қалып, өштік естен өшкенше ұзаққа қоныс аудара тұрып, әғәйінмен алыстан силасайық» деп іргесін бөлек салуға бекиді.
кереи елі ауарында кедергісіз кете алмасын да бөлжәйді. көші ـ қон барысында шабындыға ұшырап, мал ـ жаннан айырылып қалу хаупының да барын аңдайды да, құпя жабдала бастайды. зәудеғәләм кесір болып жауласа қалса, қарсыласуға да қам жасайды. әр түрлі әзірлікпен тас ـ түйін бекінген кереи елі жәнібек батырдың бәстәуімен алдыға қарауыл, артқа тосқауыл қойып, жасырын үдіре көшіп жөнеледі. кереи елінің ауа көшкен хабары жалпақ қазақ елінің қасқалары мен жәйсәңдәрінә ауыр тиеді. олар ақылдаса келіп: ханның ақылшысы, аты бүкіл қазаққа мәлім, <басы жығалы, аузы дуалы> арғын бұхар жырауды көшкен елді тоқтатуға жібереді. көшкен елден хабар тауып, билер кеңес құрғанша кереи көші суыт жүріп ұзап кеткен ـ ды. көш ізіне түсіп әзер жеткен бұхар жырау елдің мынау сұрқынан қатты тіксінеді. қарудың күшімен емес, қызыл тілдің үшімен елді бірде арбап, бірде алдап тоспақ болады. артта қалған мекен мен қордалы қалың қазақ еліне қимастық сезімдері іші бауырларын езсе де, халқым деп қан жылаған қарт жыраудың кереиге сөзін өткізе алмай, қаймыққан жанарына қаншама аяушылық білдірсе де, арғын елі мен арғынды жақтаған ара ағайынға өкпесі қара қазандай кереи елінің енді қайта қайырылудың қәжеті қалмағандай сезінді. оның үстіне тұмсығын көкке көтеріп жер аңсаған даланың қоңыр аңындай кереи елінің жүрек түкпірінде ата мекен алтайға сағынышы талайдан бері ұялай бастаған. сондықтан да болар, тұрақты мекені бар, қуатты рулардың қақты ـ соқтысына «жетім бала кекшіл» еді.
ақ мырзаның өлімінен туындаған осы жолғы ағайын араздығы абақ кереи көшінің ата мекен алтайға ауа көшуіне сылтау болды. сондықтан да абақ кереи елі бұхар жырауды тыңдамады.
зөрекер елдердің табанында тапталып, отарында оталып құрып жойылудан елін, жұртын қорғап, қазақтың үш жүзінің басын қосып, қазақ хандығын құрып, тәуелсіз елін күні кеше ғана жұңғардың қанды шеңгелінен аман сақтап, келешек ұрпақ үшін іргесі бүтін, шебі берік кемелді отан құрып беруге жанын сүперекке түйіп жанталасқан бабалар мұратының жалғасы болған қарт жырау тобынан бөлінген үркердеи шағын топ ــ кереи көшінің соңынан қарап тұрып күйзеле ـ күңіренеді: «бөлінгенді, бөрі жеиді» деуші еді. топаны аз ел азып ـ тозып, жоғалар ма екен деп уайым жеиді. қайда жүрсе аман болғай деп тілеу дұғасын оқиды.
«сырғауыл сырдың бойын мен бұтайын,
бал берсең тәтті аузыңнан мен жұтайын...»
деп ән салатын боз бала жастар тобы да, сырдың суын ішіп, сырларына қанған көне көздері де елді, жерді қимай ـ қимай ұзап бара жатады. сыр бұлдырап артта қалады ...
жәнібек бастаған ел алға жылжып, ордың алқабындағы «ордың қарағашы» атанған жерге (қәзіргі қазақстан мемлекетінің әқтөбе облысындағы өзен алқабына) келіп тянақтайды. ордың бойына келіп есін жиып, етегін жапқан ел келесі ұрпаққа құт мекен боларлық малға жәйлі, елге тыныс мекен іздеиді. бұл жағынан елдің сенімі ата мекен алтайға байланады. жасырын аттанған абақ кереиінің шолғыншылары алтайдың күнгеи бетіне деиін келіп жер шолып қайтады.
жұңғар шапқыншылығы тұсында, жортуылда жүрген жәнібек батыр да ата мекен алтайды елге кең қоныс болар ма екен деп түйген. абақтың игі жақсылары бас қосқан бір жолғы келелі кеңесте ел басылары жәнібек батырға: «өзіңіз айтқандай біз шындығында <қоныс толы елі, жер қайысқан қолы, өріс толы малы, желкілдеген туы бар он екі тап абақ кереи елі болдық. жаудың өтінде, жасақтың бетінде, найзаның ұшында, зорлықты күшпен алыса жүріп, зобалаң күндерді бастан кешіріп, осы күнге жеттік. ендігі міндет: толқымалы мына заманның толқынына іліктірмеи, елді жәйлі мекенге орналастырып, беибіт өмір кешіру, ұрпақтарға ұжымақ жер ұйығын тауып беру болып отыр. біздің ойымыз елді ежелгі ата мекеніміз алтайға апарсақ>. <бақасы қойдай шулаған, балығы тайдай тулаған, тасы асыл, шөбі шүйгін>, ауасы таза, суы тұнық, бабаларымыздың басы қалған ата қонысымыз ــ алтай мен гимәләйдің арасына жетіп кең қолтық тіректі чиң елінің қарастылығына өтіп ел болсақ» деген талапты ортаға қояды.
ата ـ бабаларымыз отын жағып, күлін төккен кереи елінің өзкезіндегі орда шаңырағы тігілген ата мекенді жәнекем де жат сәнәмәғәнімен жазы ــ алтай, қысы ــ алтай, қары ــ қалың, қысы ــ суық кілимәті мен жер табиғаты мал бағуға да, жан бағуға да қолайсыздау деп ұнатпаған ـ ды. енді бірі сергелдең халық сеніп барғанда чиң елі қандай қабақ танытады, іргелі ел ұраңқайлар құшақ жәйіп қоныс бере қояр ма, осы жәйләр жанын жеген жәнекем елін ауғанстанның өңтүстігіндегі «өрәтөбе» деген жерге қоныстандыруды ойына бүккен. жәнекем осы ойын ортаға қойғанда абақтың ел ағалары: «ақсақал, атағыңыз ала таудай арқалы батыр болсаңыз да қартайған шағыңызда қалыс айтып отырсыз. еліңізді ата мекеніне бастағайсыз» деп жабал анталайды. осылайша жәнекем бастаған бір бөлім ауыл алдыңғы көшкен елдің ау ـ жәйін түйіп, бетәлісі баянды болса алдыңғы көштің ізін баса ата мекен алтайға қоныс аударуға؛ алдыңғы көшкен елге ата қоныстан тосқын, қуғын болып, ел кері қайтар жағдай туыла қалса, жылы орынды сақтап қалуға қараз қылып орын суытпай отырып қалады. жәнтекеи барлыбай батыр, қотырақ батыр, жәдік жантай батыр, шеруші шұбаш батыр, қарақас байқан батыр, молқы естәғән батырлар бастаған абақ кереи көші қызылсу, шар, қалбадан 18 ـ ғасырдың 60 ــ 70 ـ жылдары төңірегінде алтайға асады.
абақ кереи аталған он екі рулы елдің бір табы молқының ішіндегі құл молқы әулеттері де өзінің кіндік қаны тамған ордың бойындағы «ақши» деген жерден кереи көшімен бірге байрығы ата қоныс алтайға ауып келіп, әлқәбек, білезік өзені жағасында тұрмыс кешеді. оларға құлдың шөбересі сәмек мұсырман ұлы ел ағасы болды.
сәмек деген кісі сәмек батыр, сәмек би, сәмек шешен атанып болжампаз, көреген, киелі әулие адам ретінде атағы орта жүз қазағына, он екі абақ еліне әйгіленіп кеиінгі заманға аңыз қалтырған адам. қараша отбасында, шағын, кедеи әулетте туылған сәмектің ең алғаш көзге түсіп, аты ел аузына ылынуы былайша болған:
жٷңғар шапқыншылығы тұсындағы бір жолғы жойқын соғыста он сегіз жастар шамасындағы абақ кереиінің бір жас ұланы қалың жаудың ортасында ат ойнатып, жәумен қоян ـ қолтық араласып кете барады. қоғадай жапырыла ығысқан жаудың сүреңсіз майдан көрінісіне қызыға қарап тұрған орта жүздің кемеңгер қолбасы жәнібектің қыран көзі сол бала жігітке түседі. ата жауы алдындағы бала жігіттің айбаты мен жасаған қайратына көңілі тола қалған жәнібек батыр: «уа, жарайды! батыр деген осылай болса жарар. қашқан жау қапыда жазым қылып жүрмесін тоқтатыңдар. қайсы рудың батыры болды, кім екен» десе жәнібек батырдың қасындағылардың әлде бірі: «ол кім дерсіз, жауынан кегі қайтпай, кері қайтпай айқас салып жүрген албырт бір бала ـ ғой» дегенде жәнібек батыр: «жоқ ол бала емес, басқа екен؛ нағыз батыр <қасқа> екен» деп сәмекті қасына шақырып, жөн ـ жағдайына қанып, батырлығын жүрегі танып, ықылас ـ бағасын беріпті. жәнібек батырдан «қасқа» деген баға алып, сәмек батырдың ең алғашқы елге танылуы осыдан басталыпты.
жәнібектің алқауына бөленген бала батыр сонан былай жәнібектің тіректі сарбаздарының біріне айналып, жұңғарларға қарсы қазақ батырларының бірі ретінде көпке танылады және он екі абақ кереи руының ел ағаларының қатарына қосылады. әрі жүңғәрмен болған қазақтардың талай реткі жойқын соғыстарына қатынасып соғыста ерлік танытады.
абақ кереи елі: «шығатын төбеміз, тігетін туымыз, аруақты батырымыз бар іргелі елміз» дегенімен ата мекен алтайға келген соң да бірден беибіт өмір, жәйлі қоныс тауып тыныш тірлік жасай алмайды. «қайда барсаң бытпылдық, бөдененің үйі жоқ» дегендеиін отырықты ұраңқайлар мен қуатты найман елі: «көшкен елдің бұқасын, еру елдің тайыншасы қорқытады» болып та, аузы алты қарыс жәйіндәй айбат танытып та, себебін тауып екі күннің бірінде соқтығады. абақтың малы барымталанады, адамы таяқталады. ақалал малын жоқтап барған абақ адамдары әділдік таппайды. «ашыққан ұры, ашынған долы», «еруліге қарулы» қылып тағы бір жағы аш ـ арық елге аужал іздеп кереи елі көрші елден «барымтаға ـ сырымта» мал олжалайды. сәмек батыр да жортуылға аттанып, қаба басындағы асусыз бір кезеңді арнайы талдап алып, жолсыз қалың қорымды ұсақ тәстәрмен тегістеп жол салып, арғы беттен мал асырып әкеледі. мал иесі жоқшылар қаншалық ізші болса да бұдан дерек таба алмайды. сонан былай абақтың жортуылшылары талай рет осы асудан қысы ـ жазы мал асырып әкеледі. сәмек атаңның бұл әйләсімен табылған осы асу тарихта «сәмек асуы» аталған. қаба өңіріндегі осы асу бертін келе «ешкі асуы» деп аталыпты. асусыз жерден мұндай жол тауып асуды да ел кеиін «сәмек асуы» деитін болған.
сәмек батырға байланысты аңыз етіліп айтылатын тағы бір тарихи уақиға «сәмек бітімі».
абақ елі алтайға көшіп келген соң, нәймәндәрмен үртіс мал барымтасы туылып, дау ـ дамай толастамайды. дау түбі төбелеске, ағайын екі елдің қан төгісіне деиін барады. ара ағайын ақ ـ қарасын айырмақ болса да әркім өз ісін жөнге санайды. екі жақ та тыныш, алаңсыз тірлікке зәру болады. осындай кезеңде кереи мен найман елінің дау ـ шарын талассыз әділ шешіп, екі елдің берекесін орнатуды мақсат еткен алатау сағасында бітім жиыны шақырылады. кереи, найман әр екі елден ел алқалары мен ақсақалдары қатынасады. қарақас, молқы руынан (қарақас, молқы бір туысқандықтан) сәмек батыр ел иесі болып бітімге барады.
кереи, найман дауы оңайлықша шешім таба қоймайды. керіс көпке созылады, іс соңы ақиқатына тоқтап кереи елі найман жағынан төлем алатын болды: атқа ат, қойға қой баспа ـ бас төлем төлеуге төлем иесі жағы шыдай алмай «аларманға алтау аз, берерменге бесеу көп» болып, екі ел тағы керісті. сонда сәмек батыр отырып: «мен өзім бастап келген ауылдың бітімін қасым ханның қасқа жолы, есім ханның ескі жолына салмаймын. артық ـ кемді қузарлай беру айырылысар ағайынның жұмысы. кереи, найман ағайынды екі елдің бұдан кеиін берекелі, тату ـ тәтті ел болуын бетке ала отырып, кереи елінің найман елінен алатын төлемін: «атанға ــ тайлақ, атқа ــ тай, қойға ــ қозы есептеу жөлімен алып бітім жасадым», «ит аузына түскен қансоқта жаншылмай шықпайды», «ат тұяғын тай басады», «қой болады, қозы болады, келесі жылы өзі болады» деп сәмек батыр атанға ــ тайлақ؛ атқа ــ тай؛ қойға ــ қозы төлем алу жөлімен бітім жасасып, абақ елінің өзге бітімшілерінен ілгері ауылына оралады. абақтың басқа рулары да «сәмек бітімі» бойынша найман елімен алым - берім төлемдерін аяқтатады. сәмек батырдың жасасқан мұндай бітім жолы тарихта «сәмек бітімі» аталған.
сәмек батыр қартайып, оны ажал бұғалығы алқымдаған шағында дәнәгөй кәрянің аузынан келесі ұрпақтарға кеңес боларлық тәлім алып, табынарлық ақыл ـ өсиет тыңдап қалуды көздеген ауыл азаматтары қарт батырдың қасына топталып кеңес тыңдаса керек. әңгіме кезегінде біреулері: «батыр ата, өміріңізде талай жауды да, талай дауды да көрдіңіз, сонда өміріңізде қорқып көрдіңіз бе» деп қолқалап сұрайды. терең ойға тербетілген қарт батыр: «бабамыз қазақта <қартайғанда ерлігіңді айтпа> деген ұлағатты сөз бар еді. бұл сөзім мақтанға кетпесін, ат жалын тартып мінгелі жүрегім қобалжып, қорқып көрмеген жан едім. қартайған шағымда басып өткен өмір жолдарыма байырқаласам екі үлкен ағат іс өткізіппін, солардан жүрегім сескенді. аруақтан қорқып, адамнан ұялам. айтпай кетсем ішіме симас.
соның бірі, ерлігіме серілігім сай жігіттік сермәс кезім. бір жолы тоғыз бірдеи қара құлын сойғызып, терісінен <қара құлын жарғақ> тіккізіп киген едім, кеиін сол беюәз тоғыз қара құлынның қан ـ қарызынан қатты қорықтым.
енді бірі, тағы да сол жас күнім жігіттік жігеріме жынданып, ерлігіме буланып жүргенімде, жортуыл үсті қалмақтың жаннан асқан бір сұлу қызын ұшыратып, қыздың көркіне көзім көлегеиленіп, оның еркіне қарамай зорлық жасап, соңынан жауға қыз тіл болады деп қол ـ аяғын байлап ـ матап жапан дүзге жалғыз тастап кетіп едім. сол қыздың «ағатайлар ـ ай, қарап жатып ит ـ құсқа обал жем болам ـ ғой, болмаса өз қөлдәріңмен өлтіріп кетіңдерші» деп жалынған аянышты халы осы күндері көз алдымнан кетпеиді. балаларым, албырт кезде ағат басып алудан абайлаңдар. ағаттықтан туылған өкініштің орнын толтыру оңай емес» деп сәмек батыр кешірмелерін сөйлеп береді.
сәмек батыр асқан көреген, болашақты болжап айтқандары қалт кетпеи келетін болжампаз, сәуегеи адам болған деиді.
сәмек батыр өз кіндігінен туылған: өтеп, барқы, байқара, шәкеи, жәйнәқ, ботақара, бесбәй, сірімбет қатарлы сегіз ұлына (қазыр сегіз рулы елге айналған <сәмектің сегізііне>) дүниеден көшер алдында бағасын беріп кетеді.
барқыға: «аузың ауыр, ашуың кем, ойың орамдырақ. менен кеиін ел бірлігіне, сырмаққа сен ие боласың. барқыдан билік кетсе, құлдан бақ таяды».
байқараға: «малын баққан бай боласың, малға жақсы қарайсың. атыңның қарны сембеиді. мал мен басың тең өседі».
шәкеиге: «момын жібек мінезді болады, кеиіндеп ел билігіне араласады».
ботақараға: «қоңыр қалта боласың, дастарқаныңнан дән кетпеиді».
бесбәйғә: «бесбәйім бестен аспайды, басқа тапшы болады».
сірімбетке: «сірімбетім сырлы болады».
сәмек батырдың балаларына берген бағасы мен жасаған болжамдары өте тура келген.
өтептен үстембәй би, тайтас би, дөнен залың, әубәкір залыңдар құл молқы елінің билік иелері болса؛ әкім батыр алтай елін ішкі ـ сыртқы жаудан қөрғәумен өз заманына танымалы болған.
барқыдан барқыби, байбосынби, серікбәй залың, баянбай үкіртәй, көксеген үкіртәй, көксеген үкіртәйдің ұлы кәмелбек азаттыққа деиін үкіртәйліқ шенін алса؛ ел азаттығынан кеиін баянбай үкіртәйдің інісі матайдың ұлы шәмәнә аудан әкімі болған.
байқара әулетінен бір атын сәндеп мінген өзіндік дәулеті бар бардам байлар, қажылар, салақиттан тәйжі қатарлы ел ағалары шыққан.
шәкеиден ертеректе шілдебәй, азаттық қарсаңында жылқайдар, уатқан қатарлы білікті адамдар болған.
ботақара әулеті өздерін сәмек бабамыз айтқандай «дастарқанымыздан дән кетпеген ел болдық» деседі.
бесбәй әулеті сәмек аталары бағасын бергеннен қәзірге деиін екі ғасыр өтсе де әлі күні бес ـ алты семядән аспай келеді.
алтайдағы қордалы елінен шалғай сірімбет елі де «сырлы күйінде» бәркөл жақта жатыр.
19 ـ ғасырдың бас кезінде (1800 ـ жылдары) сәмек батыр қабаның әлқәбегінде дүниеден қайтады. сүйегі әлқәбек өзенінің жағасына жерленеді.
сәмекті киелі әулие санаған ел бертінге деиін ол кісінің мазарына барып тауап қылып тұрған. 1966 ـ жылы қаба ауданында бір жылдық шиежяудә (сөтсялистік тәрбие) болған шежіреші зеинел зада ұлы ақсақалымыздың айтуынша: қабаның қызылқайың деген жерінің адамы жасы жетпістерге келген самян атты ақсақал (руы шыбарайғыр) сәмек батыр жәйіндә сыр шерте келіп: «менің 8 ــ 9 жастарға шыққан кезім еді, бір қора қойымыз түгелдеи ақ болып кетті. тосын дертке шипа таба алмай тарығып отырғанда әкеме ауылдың көне көз кәряләрі: <сәмек батырдың қабырының басына құран оқып, ақтық байлап, аруаққа табынып, қойларыңды түнетіп қайтсаңдар, малдарың сауығады> депті. біз кәряләрдің айтқаны бойынша солай істеген едік. малымыз ада ـ күде жазылып кетті. сәмек әрі батыр, әрі сайтан қашар адам еді, сол кісінің шарапаты тиды» деп бір уақиғаны қүдіреттендіріп айтып беріпті.
құл молқы елінің имамы жағыпар қажы 1880 ـ жылдары семеиге оқу іздеп алтайдан аттанған жолы семеилік сәудәгермен бірлікте сәмек батырдың мазарының басына түнеиді. жағыпар қажы сәмек батыр мазарын көргенде қыл араластырып соққан кірпіштен жиналған мазардың тозығы жетіп, тұлғасы ғана сақталып қалған кезі екен.
1760 ـ нешінші жылдары ата мекен алтайға қоныс аударған абақ кереи елі жәйлі қоныс, соны өріс қуалап өрлеи жылжып көшіп отырады. сәмек ауылы да сол көштің алдыңғы легінде болды. елдің көші ـ қон барысы мен қоныстанған уақытын сол елдің туылған балаларының жер ـ суға байланысты қойылған есіміне, қайтыс болған адамдардың жерленген жеріндегі мазарлығына қарай межелеуге де болады. мәселен 1820 ــ 1830 ـ жылдары сәмек елі алтай мен буыршын жәйләуі ортасындағы «құлдың қара сазы аталған» жерге қоныстанған. құл молқы аманбай әулетінен елеуке ақан ұлы буыршын өзенінен көш өткізіп жүріп суға кетіп қаза тапқан, сүйегі буыршын алқымындағы кенереде. сәмек батырдың баласы байқара (қәзіргі құл молқы руы байқараның арғы атасы) алтайдың алақақ өңірінде қайтыс болған. беиті алақақта. ел жалғасты көшіп шібетіге (алтайдың беитүн маңы) келген кездерде аманбай әулетінен ақан ұлы түменбәй деген шал қайтыс болған. беиті шібетіде. аманбай әулетінен мелкеиті қалдай ұлы буырылтоғайдың мелкеиті өңірінде туылған. ел көктөғәй бойына келгенде шәкеи (қәзіргі шәкеи руының арғы атасы) қайтыс болып күртіге жерленген.
осылайша сәмек ауылы әлқәбек пен өр алтай шіңгілге келгенге деиін бір ғасырдай уақытта 18 ـ ғасырдың соңы қабадағы әлқәбек, білезікте؛ 19 ـ ғасырдың бас шенінде буырылтоғай мен қәзіргі алтай қаласы өңірінде؛ 19 ـ ғасырдың орта шені көктөғәй маңында қоныстанып؛ 19 ـ ғасырдың 50 ــ 60 ـ жылдарынан кеиін шіңгілге келген.
тарихи деректерде сәмек ауылының шіңгілге қоныс аударуының басты бір себебі шүйгін шөп, тұнық суды қуалай, мал ـ жанға кең өріс іздеп келсе؛ тағы бір себебін ағайын арасындағы өкпе ـ наразылыққа байланыстырады.
1836 ـ жылдары, он екі абақ кереи ортасында төрт би төре сайлауы болып, жәнтекеиден екі орын, жәдіктен екі орын «торт билік» орынды иелеиді. абақтың он екі руының әр қайсысы өз ел ағаларын сайлағанда түтін саны мол, ықпалы күшті машан әулеті молқы руының бас билігін ұстайды. бұл іске мәшәндәрмен үзеңгі соғыстырып, шен таласқан қошақ молқының ел ағалары іштеи рауа болмай жүреді. кеиін келе қошақтың өрәзбегі машанға қошақтың билігін бергісі келмеи: «машанның қошағы болғанша, қошақтың қ ..... болайын» деп қошақ елін бастап, қобда асып кетеді. қошақ елі осылайша сырт моңғұля елін мекендеп қалады.
құл, қалықбай елі қазақстан жерінде жүрген кезден тартып қоныстас туыстардан болып, құл «ақшиды», қалықбай «бүкір шолуынды» мекендеп үнемі бірге қанаттас қоныстанады. содан былай құл, қалықбай балалары бірге көшіп, бір қонып, ыстық ـ суықты бастарынан ортақ өткізіп келгендіктен қауым жұрт «құл, қалықбай баласы» деп оларды бір санап келген. олар кезең асып, ата қоныс шіңгілге де (қазақтың басқа ауылдарынан бұрын) бірге келіп қоныстанады.
сәмек ауылы шіңгілге келу алдында шібеті деген жерде түменбәй шаңырағында бас қосып, береке құрайды. құл молқының әр әулеттің басалқалары қара қойдың бауыздау қанына қолдарын матырып: «бұдан былай ұрлық ـ қарлық істемеиміз, берекеден шықпаймыз» деп анттасады. әрі шіңгілдегі сары уаң еліне қолбаң (туыспаған ағайыны, тәуелді елі) болуға кеңес құрып шілдебәй, қөжәмбет, мыңбайларды елшілікке аттандырады.
құл молқының аманбай әулетінен шыққан қөжәмбет дулат ұлы тілді ـ жақты, моңғұл тіліне жетік, шешен, батыр, балуан, саятшы, оташы, <сегіз қырлы, бір сырлы> адам болып, байбосын, үстембәй билік құрған дәуірде құл молқының қара биы атанған. қөжәмбеттің шіңгілге келуі бірінші рет емес еді.
қазақтар шіңгілге келуден ілгері шіңгіл жерін жасырын шолғындаушылар болған. солардың бірі осы қөжәмбет екен. ежелгі ата қоныс шіңгіл өңірін шарлап, жортуылға аттанған жиырманың алауы мен батырлықтың жалауы қатар жебеген азамат суыт жүріп, елді мекенді шарлап, қобда асып қайтар жолы қырсық шалып, қолды болады да кісенделіп қобда түрмесіне қамалады. бір жылдай түрме азабын арқалаған азаматтың бағына молдақан атты төренің үлімен достасып қалып соның көмегімен түрмеден қашып шығады. арнасынан асып тасып жатқан ертіс өзенінен жаяу малтап өтіп, қарсы жағаға шыққан соң жоқтаса молдақан төренің ұлы (жан досы) естелікке берген күміс шақшаны ертістің қарсы жағасына ұмыт қалдырған екен. жаным бар жерде аман сақтаймын деп, ажалдан құтқарушы досына берген уәдесін орындау үшін ертіс өзенін қайтадан кесіп малтап өтіп, күміс шақшаны алып қайтады.
осы жолы елдің елшілік міндетін арқалап аттанған қөжәмбет жанына құл молқының есенгелді әулетінен тарайтын мыңбай атты дүлеи күш иесі балуан жігітті атқосшылққа алады. шіңгілдің қайырқын кезеңін асқан қөжәмбеттер моңғұлдың қайырқын қарауыл орнынан рухсат алып, шыбартобылғыға келеді. ол кезде шыбартобылғыда моңғұлдың қорғаныс орны мен күресі (лама ғибадат орны) бар екен. шыбартобылғыға жақындаған елшілер моңғұл салты бойынша аттан түсіп жаяулап ордаға келеді. қазақ елшілерінің келе жатқандығынан хабардар болса да, моңғұл төресі оларды оншалық алымсынбайды: қазақтарды ит талап өлтірсін деп, тайыншадай қара төбетін қорымайды. қабаған ит қазақтарды көрген жерден абалап ұмылып, мыңбай балуанға енді ауыз сала бергенде мыңбай итты жүдіріғімен бір қойып қалпақтай ұшырады. бұрын ешнәрседен беті қайтып, жүрегі шайлығып көрмеген төбет бірәз есеңгіреп барып есін жиып, қайта секіріп келгенде мыңбай иттың кеңірдегінен ала түсіп, сүйреген қалпы үйге ала кіреді.
ــ тақсыр, үйге рухсәтпен кіреиік десек, сырттан иттен басқаны көрмедік, мына итыңыз жарып тастайтын болғандықтан, жанымызды қорғап үйге ала кірдік кешірім етіңіз ــ деиді. сонда аузына басқа сөз түспеген төре:
ــ ол ит емес пе қоя беріңдер ــ депті. мыңбайдың қарымды да, салалы саусақтары алқымын езіңкіреп кеткен ит қоя берген заман қыңсылап есіктен ытқи қашады.
төреге мол си ـ сяпәтпен келген қазақ елшілері, келген жәйләрін айтып, пана тілеиді. тарту ـ таралғыларының ішіндегі байбосын ауылының атақты бір шебер кестеші әйелі бояуын қандыра теріден үлбіретіп илеп, кестемен айшықтап тіккен бұйымдары төрені ерекше қызықтырады. ағайын тұтып келген елдің адал тілегін аңғарған төре қөжәмбеттің талабын қабылдап, қазақтарға таңдатып қоныс бермек болып келісім береді. сонан былай сәмек елі мөңғүлдәрмен жиы ـ жиы араласып, олардың тату ағайынына, қолбаң туысына айналып, 19 ـ ғасырдың орта шенінде кезек асып, шіңгілге келеді. міне бұл шыңғысхан шапқыншылығында ауған қазақтардың (кереи елінің) 5 ғасырдан кеиінгі ата жұрты шіңгіл топырағына тұңғыш қадам басуы еді.
моңғұл, қазақ екі ел арасын берекеге байлап, елдің ата қонысқа орналасуына еңбек көрсеткен қөжәмбетке ел қалаған жеріңнен қыстаулығыңды бөліп ал дегенде ол: қәзіргі қосаралдың аяғынан өрлеи, шаңқан құйғаны екі арасын алады. басқа ауылдар да ықпалына және өз қолайлығына қарай қыстаулық жер бөлісін иелеиді. өтептің үстембәй мен бекеннің жәйір қалдай ауылдары басқы аққарынды؛ майлыбайдың жобайы жөбәйшілігі атанған қәрөлеңді؛ келемжән шөшқәтүбекті және дәнебәй сайын иеленсе؛ қосаралдың өкпе тұсын есенгелді ауылдары қоныстанады. екі жардың ортасы аталған қәзіргі қосарал қыстағынан құлдай, қызылсай қыстағы екі аралығын отын ـ суы мол, жарлы ـ жақпайға қолайлы қоныс екен деп құл молқының қызыққан ауылдары қоныстанған. ол заманда бұл өңір ит тұмсығы өтпеитін қалың қопа қамысты, нулы орман ـ тоғайлы, қурап жығылған әқсүңке ағаштарынан аяқ алып жүргісіз, дала шошқа сяқты жабайы аңдары айқасқан, алуан түрлі аң ـ құстардың жәннәт мекені болған шұрайлы қоныс екен.
ел жәйләудән бөліс алғанда: аманбай ауылдары аршатының жолсайынан құлдай ақбұлақ жағасынан өрлеи؛ өтеп ауылдары тайтас дарасын؛ бекеннің жәйір қалдай ауылы аршаты суының арғы жағын؛ баянбай ауылдары үлкен шіңгілдің жалпақ қонысын (бұл жер кезінде ясукәй ханның қонысы деиді) ؛ майлыбай ауылдары орта дара, атмыш дарасы, тәстәмбек дарасын؛ шәкеи ауылдары үлкен шіңгілдің жүйрік басын؛ бөке ауылдары әкімбәй дарасын иелеиді.
міне осылайша жөңгөдәй қормал еліне, алтайдай ежелгі ата қонысына, шіңгілдеи шұрайлы жеріне шыңғысхан шапқыншылығының қысымында ауып, қайта оралған шіңгіл кезеңін асқанда не бары 60 неше түтін, бірнеше жүз ғана жан саны бар кедеи, қараша, шағын сәмек ауылы мал мен басы тең өсіп, толықсып бүгінгі күнде 3 ــ 4 мың от басы бар, іргелі елге айналып, «атасында көрмегенді ботасында көріп», партямыздың шүлен шұғыласында бақытты тұрмыс кешіруде.
қосымша жүктелген суреттері:

كەلۋ قاينارى: http://www.elarna.net/oku_kk.php?tur=11&id=396

Пікірлер:


Жазған лебізіңіз 300 еріптен аспасын!
tomendegi katekshege 99 dep jazingiz.
98 + 1 = ? sozsiz sifermen tolteringiz, aytpese pikir jaza almaymiz.

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар


Ақтөбе облысында жетінш 22 sek
Ковалев пен Альварес ал 10 min
"Астана" "Манчестер Юна 20 min
Рамазан қарсаңында меші 20 min
Интернет жұлдызы тікеле 1 sagt
Қытайдың ең бай адамы Т 1 sagt
РАМАЗАН – МҮМКІНДІК АЙЫ 1 sagt
Түркістанда Open Space 1 sagt
Жеңіс Қасымбек Қарағанд 1 sagt
Осы араны басып көріңіз 1 sagt
UFC чемпионы ұйым басшы 1 sagt
Елордада Тіл туралы заң 2 sagt
Рысқалиевтер ісі: Мемле 2 sagt
Әблязов қорқып отыр - Б 2 sagt
Ақтөбеде жолақысын карт 2 sagt
Ұстаздарды артық жұмыст 2 sagt
Парижде үкіметке қарсы 2 sagt
Атырау облысы Қазақстан 2 sagt
Тағы бір қазақстандық с 3 sagt
Осы араны басып көріңіз 3 sagt
Оралда жүкті әйел көпір 3 sagt
Осы араны басып көріңіз 3 sagt
Қазақстанда Цифрлық ком 3 sagt
Тоқаев "Оралман" сөзіне 3 sagt
Бекзат Нұрдәулетов – әл 3 sagt
Қостанайлық қайырымды ж 3 sagt
Қазнетке 25 жыл толды - 3 sagt
Министр Риддердегі спор 3 sagt
Димаш Құдайберген қытай 3 sagt
"Барлығын түсіріп, өзі 4 sagt