Еларна қолфон нұсқасына ену

Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com




Түрі: Ел-арна газеті, бұл арадан барлық мақалаларын оқисыз

Жолданған уақыты: 04:20 - 2014/05/05

Қосымша қайнары:http://www.elarna.net/oku_kk.php?tur=11&id=363
Тоте жазу нұсқасы:http://www.elarna.net/oku.php?tur=11&id=363

توتە جازۋ نۇسقاسى:http://www.elarna.net/oku.php?tur=11&id=363

Мақала жолдаушы: Jolawshy
Мақала апторы: Ternek atti musheniki
Аптордың мекен-жайі: Astana

Tirnek atti mushening makalasi kirilshe betten joldandi.
kirlshe makalani kirilmshe betten joldaingz, ari shin esim koldaningz, rahmet.

Қытайда тұратын бір жарым миллион қандасымыздың бірәзі Шыңжаң ұйғыр автономиясының орталығы Үрімжі қаласында тұрады. Негізінен қала маңына шоғырланған қазақтар мал шәруәшіліғімен айналысады. Соңғы жылдары Қытай үкіметі тұрғылықты халықтың жерін сатып алып, әртүрлі мақсаттарға (завод-фәбрикә, демәліс орындары) пайдаланып келген. Сол арқылы Ішкі қытайдан ағылған жұмысшалар нөпірін Шыңжаңға қоныстандыруды мықтап қолға алып еді.
Үрімжі қаласының маңындағы Дабанчың районы сондай ауданның бірі. Сол ауданда Тиянь-шан шаруа қожалығына қарасты 1 ауылда малшылардың «Машинақұдық» деп аталатын көктеулігі бар. Кеше ғана сол Көктеулікте бүкіл елді шулатқан қанды оқиға болды. Оқиғаның мән-жайы былай болған. Жақында Қытай билігі дәл осы көткеуліктен жол өткізуді ұйғарыпты. Есесіне жер иелеріне аз ғана тиын-тебеннің шетін көрсетіпті. Бұған риза болмаған малшылар жолды жауып тастаған екен. Қытай жұмысшылары жолда тұрған 7 адамдық әвтөкөлікті тәспен ұрып, тәяқпен сындырып, адамдарды «экөскәвәтөрмен көміп тастаймыз» деп қорқытыпты. Әйтеуір жергілікті пөлицейлер келген соң ғана Қытай жұмысшалары «сабасына» түскен көрінеді. Іле-шала 100-ден астам қытай жұмысшылары қолдарына сойыл алып, шаруа қожалығының директөрі Нұрмұрат Махмтұлының үйіне басып кіріп, әй-шайға қаратпай, Нұрмұраттың әйелі Жеңісгүлді күрекпен ұрып, қолын сындырады, әйелдерді шәштәрінән сүйреп, сабайды. Баласы Ұлан Нұрмұратұлын қуып жүріп, тәспен ұрып сойылға жығады. Ол жан сауғалап қашады. Онысына қарамай ұстап алған қытайлар Ұланды екі адамға ұстатып қойып, «бізге тізе бүгіп, бас ұр, әйтпесе өлтіреміз» дейді. Ол бас ұрмай қойған екен, иығына сөйілмен ұрып, басын жерге тигізіпті. Әйтеуір, айтуға ауыз бармайтын неше түрлі сұмдықтарды жасаған. Кішкене сәбилерді де аямаған олар «Бұлар иесі жоқ, тауда жүрген мал, өлтіріп тастасақ та ешкім іздемейді. Құнын төлеп құтыламыз» деген екен. Қытайдың соңғы сайланған Прзеиденті Ши Жинпиңнің аты миллиардтар елін тәртіпке келтірумен, жемқөрліқпен күресумен шығып еді. «Көммунистік партияның» әділдігі, 56 ұлттың бірлігі де айтылуындай айтылған. Тіпті қазақтың ұлттық мәдениетін дамытушы ел ретінде Қытай мемлекетінің жинаған абыройы да аз емес болатын. Дегенмен қарапайым қазақтың басына келген мына зауал Қытайдағы бір жарым миллион қазақтың тағдырына төнген қәуіпті көрсетіп отыр. Басқасы басқа, қытайлардың «қазақтар, малсыңдар, сендердің иелерің жоқ» деуі – сол Нұрмұраттың отбасына ғана емес, бүкіл қазақ ұлтының бетіне шәшқән түкірігі. Олар Қазақстан деген мемлекеттің бар екенін, оның иесі қазақ екенін білмейді емес, біледі. Тіпті, жыл сайын Қазақ топырағына мыңдап келіп, мұнайын сорып, бизнесін жасап отыр. Олар кезінде Шыңжаңға да солай келген.
Ендеше, Қазақстан жұртының да бұл сөзді еститін күні алыс емес.


мақаланың келу қайнары: http://www.elarna.com/oku.php?turi=11&id=361#ixzz30oppCg3v
ел-арна кескіндер аймағы: http://www.elarna.com/video.php
қосымша жүктелген суреттері:







كەلۋ قاينارى: http://www.elarna.net/oku_kk.php?tur=11&id=363

Пікірлер:


Жазған лебізіңіз 300 еріптен аспасын!
tomendegi katekshege 99 dep jazingiz.
98 + 1 = ? sozsiz sifermen tolteringiz, aytpese pikir jaza almaymiz.

Көрші сілтемелер