Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Ел-арна газеті, бұл арадан барлық мақалаларын оқисыз

Жолданған уақыты: 12:32 - 2014/03/16

Қосымша қайнары:http://www.elarna.net/oku_kk.php?tur=11&id=307
Тоте жазу нұсқасы:http://www.elarna.net/oku.php?tur=11&id=307

توتە جازۋ نۇسقاسى:http://www.elarna.net/oku.php?tur=11&id=307

Мақала жолдаушы: Ақбұлақ
Мақала апторы: Қадыролла көккөзин
Аптордың мекен-жайі: Алтай аймағында

«ақсарбасқа» айтарым



авторы: қадыролла көккөзин

бұл сын мақаламды басуға бірнеше жорналға сөйлесіп едім, түрлі себептер айтып басқысы келмеді. сосын оқырманы ең көп осы торапқа жолдап отырмын, әділ бағасы өздеріңізде. кім болсаңызда басқа торапқа көшіріп жолдауыңызға рухсат, көшірілген торабыңыз бен мақаланың авторы анық жазылсын.

    жуықта «ақсарбас» атты теле сенерясі жүртпен жүздесіп, ұлтымыздың көп серялі теле филым түсіру мәдениеті жағында жаңа бет ашылып, бір сергіп қалғандай болдық. бұл бір қуанышты жәйт деп жұрт тегіс бұл филымның көркемдігіне көз тікті. әрқәндәй табысқа жеткен адам «әттеген-ай» дан аулақ, олқылықтардан оңаша қала алмайды. филімдегі сара шешеидің баласы қәстер дастарқан басында отырып, «шеше, менің сыртта жұмысым бар еді» деп рухсат сұрамай, «биссимилла ирахыман, ирахим» деп бетін сипамай, дастарқанның өзі жақ шетін аздап қайырып қоймай, иен далада, көк жасаңда отырғандай дастарқанды аттап-бұттап кете баруы, қойды басқа жер құрып қалғандай, қой абаның жанына апарып малдың көзінше қанын судай ағызып бауыздауы, қой бауыздайтын пышақты аузына көлденең тістеп алып қой жыққаны, қол машинаны біресе теріс, біресе оң айналдыруы, әлде қашан ақ батасы беріліп кеткен ақсарбасқа, қойды жығар-жықпастан екі қолын екі бөренедеи тік көтеріп, аспанға қарап, қой союшы қайта бата жасап, «сенде жазық жоқ, менде азық жоқ» деп бауыздауы, өзі сойған қойының сілекеиін басқа тірі қойларға жағуы қатарлы қазақ салтында жоқ, оғаш әрекеттердің көрініс беруі сынды кішігірім ағаттықтардың болуы табиғи десек те, кеибір өте өрескел олқылықтардың жүз бергенін көргенде өз көзіңе озың сенбеи, не деріңді білмеи, ашынып-ақ кетеді екенсің. төменде мен бұл филімдегі көрерменнің көз төзімін кетіріп, тақатын тауысқан мынадай үш мәселе жөнінде талқы алып бармақшымын.
1. бас кеиіпкер үкібәләнің обыразы
    әрқәндәй көркем шығарма оқиғасы өрбіген қоғамдық кезеңнің нақтылы қоғамдық болмысына сай, автордың ой, қялы арқылы жасалып, санасында қортындыланғаннан кеиін, тивтік орта мен тивтік кеиіпкерлері көкеиге қонымды етіп жасап, оқырмандарын (көрермендерін) еш күмәнсіз иландыра алғанда ғана жұрт жүрегінен терең орын алған көркем шығарма бола алады. қай қашанда «тивтік орта, тивтік кеиіпкерді жартады. ал тивтік кеиіпкер тивтік ортаны өзгертеді» бұл көркем туынды жаратудың бұлжымас қағидасы және ең басты шарты. осы қағида мен шарт бойынша жасалған тивтік ортаның барлық болмыстары оқиға өрбіген заманды шынайы беинелеуі, одан туындаған кеиіпкерлердің барлық іс әрекеттері мен сөз сөйлемдері оқиға өрбіген замандағы қоғамдық ортада жасаған ұлттың салт-сана, дәстүрлерімен бүтіндеи тоғысуы керек. әйтпегенде, жұрт көңіліне көлденең келіп, шығарма құнын жояды. менше, «ақсарбас» теле сенерясі ең әуелі осы бір негізгі мәселені дұрыс шеше алмағандықтан, жұрт көңілін ауыртып қойды. үкібәлә сол заманның ел ағасы саналатын сұлтан отбасында есеиіп ержеткен, сұлу да сымбатты, ақылына көркі сай, сұңғыла да бязы бикеш. үкідеи үлпілдетіп өсірген, ақ сүйек орданың ұлағатты тәрбиесін алған, талшыбықтай бұратыла өскен ерке қыз. филімде қаранғы қазақ даласындағы осы қазақ қызының алтын басының қорланып, дүние мүлікке айырбасталып бара жатқанына қатты кектеніп, февәдәлдіқ билеп төстеуге қарсы тұрып, еркіндікке талпынуы жәйіндәғі күресі мен әңгімесі баяндалады. филімде үкібәләнің шешесі, сұлтанның бәйбішесі үкібәләні шіріген бай есептелетін, өзімен немере туысқан баурына ұзатуға бекінеді. ал үкібәлә өзінің ол немере нағашы ағасын ұнатпайтындықтан, оған баруға қарсы тұрады, үкібәлә бұл бұғаудан құтылу үшін өзінің көңіл қосқан бір азаматы болуға тиысты еді, қырсыққанда ондай көңіл қосқан жігіті болмай, қиналады, торығады. ол көршісі сара шешеидің ұлы қәстермен көңіл қосқысы келеді, алайда қәстер үкібәләні сүйіп тұрса да, оның ойын біліп тұрса да, мал-жаны болсын, қоғамдық орны болсын сұлтан өтбәсімен теңесе алмаймын деп ойлап, оған көңіл сырын ақтара алмайды. өстіп жүргенде межелі күн де жетіп, ауылға құдалар келіп, сал-серілер де жинала бастайды, үкібәлә ең соңғы қысылтаяң сәтте нар тәуекелге келіп, сал-серілердің алдынан жалғыз шығып, өзіне мүлде беитәніс ақтай салдың алдына мінгесіп ауылға келеді, бұл бір «сұмдық» жағдай мұқым ауылды дүрліктіреді. үкібәләнің шешесі қатты намыстанады. өйткені мұндай жағдай қазақ салтында өте өрескел іс саналады. ұзатылатын қыз өз нөкерлерімен сауық құрып топты қіздәрмен бірге жүруі керек еді де, топты жігіттердің алдынан шыққанды қойып, мүлде жалғыз жүрмеуі керек. ертеңінде қыз-боз балалар сауық сайран салуға дала серуеніне шығады, осы кезде үкібәлә кешегі ақтай салдың алдынан жалғыз шығып тосып алады да, «мені алып кет» деген жалғыз ауыз сөзімен сол күні түнде қашып кетуге келіседі, ақыры сол күні түнде жеңгесі мәрзянің көмегімен қашып кетеді.
    үкібәләнің алдынғы әңгімесі өсімен аяқтайды, айтыңызшы бұл оқиға желісі нанымды ма? қазақ, қазақ болғаннан, күні бүгінге деиін қайсы қазақ қызы жігіт іздеп сандалғанын естіген едік?! құлақ естіп, көз көрмеген дәл сол кезде осылай болды деп есептесек те, бұл қазақ қыздарының «тивы» ме? еш бет көрісіп, таныспай, кеңеспеи тұрып «көлденең жолыққан көк аттыға ілесіп» кете беретін ол кім болғаны сонда? мұндай жәйт басқа ұлттан да кездеспес, өйткені мұндай мүмкіндікті қайдан табуға болсын. қазақ қыздарынан тіптен таба алмайсың. үкібәлә мен ақтай салдың ұзақтан бері құрбы-құрдас, бір-бірін құлай сүйетін ғашықтар екендігін дәлелдеитін еш пәкіт жоқ. егер, оны баяндауға қаржы жетпеді деп мөлшерлесек, онда, филымның басында және аралығында қали баланың баяндауына салып, «сөйтсек, ақтай сал мен үкібәлә ұзақтан бері көңіл қосып жүрген ғашықтар екен» деп баяндап кеткен болса жарар еді-ау. үлде мен бүлдеге оранып, сәбиінен бастап шұғынықтың гүліндеи құлпыра ержеткенге деиін ақ сүйек орданың ұлағатты тәрбиесін алып өскен үкібәләні қойып, бүгінгі күнде оқуға зауқы соқпай, істерге жұмыс таппай, мәдениет өресі төмен әке шешенің жағдайсыз берген тәрбиесін бойына тоғытпай сыбай-салтаң өсіп, бірер жыл танысып, өздерінше сырласып, табысып, «күйдім, сұйдым, адал махабатым» дегенді желеу етіп, әке шешенің рухсатынсыз «қашып барып» некеленген қыздарымызды да ашына тілге тиек етіп, ұждансыз, мөрәлсіз, намыссыз, мешжән, тоғышар, ата салтты аяққа таптаған жарамсыз ұрпақтар деп жеріне жете балағаттап жатамыз ғой. әйел сұлулығы құлшынған құлын мүшесімен, талшыбықтай бұратылған әдемі түлғәсімен, айдай жәмәлімен ғана емес, қайта оның әңғәрліліғімен, әқілділіғімен, бязы тамаша мінезімен, тәрбиелілігімен, қысқасы, тән сұлулығынан көрі жан сұлулығының бәсімділіғімен сұлу. ендеше үкібәләнің көз сүріндірер сұлулығы қай жағында деиміз? қазақтың сал-серілері де солай, оның әншілігімен, күйшілігімен, әдемі киімімен ғана емес, қайта оның азаматқа тән болған елден ерек ерлігімен, өрелігімен, дәнішпәндіғімен сал-сері, әйтпегенде оны сал-сері емес, серімәс деиміз. ендеше ақтай сал кім болғаны? өңі сұлу, киімі әдемі екен деп, бір көріп жабысқан қызды еш ойланып, толғанбай-ақ тоқты өңгергендеи өңгеріп ала қашатын. оның азаматтық ары қайда?! ерлігі қайда?! сал серілерге тән адамдық қәсиеті қайда?!
    быр көркем шығарма өзінің тивтендірген ортасы мен тивтік кеиіпкерлері арқылы реәл өмірді дәл де, шынайы беинелеи әлуімен көркемдігін әйгілесе, ал оның бүгінгі қоғамдық ортаға алып шығып отырған дәріптемесі бұрын ешкім айтпаған болуы, кем дегенде, бұрынан көп рет дәріптеліп келе жатқан болса да, ерекше тасыл, ерекші «тив» арқылы қайта жаңғыртып, бүгінгі таңдағы қоғам мүшелеріне ерекше әсер жәсәуімен, биік өрелі тәрбиелік мәнімен құнды. сонда бұл шығарманың айтар ойы не? дәріптемесі не? нендеи өресімен құнды шығарма болмақ? ұлтымыздың бөгәнәйі бөлек ұлттық құндылығымыздың дәурендеп тұрған кездегі, ежелгі өнегелі ұлдарымыз бен қылықты қыздарымыздың хал жәйі мынадай болғанда, салт-дәстүрлерімізді онша біліп кете білмеитін ендігі ұл-қыздарымызға не деп пәтуә айтып дұрыс жолға салдық құдай-ау?! кеибір кесірлі қыздарымызға кеселін кесіп тастап, өнегені өрден етіп таға қоймақ болып, ағарған сақалымызды бұлдап, көп жасаған жасымызды көлденең тартып, көрегендік көрсетіп, көсемси қалсақ, «ел іші және халықарадан силық алып аспандаған <ақсарбас> филіміндегі байырғы бай дәстүрлеріңізді де көргенбіз, мен олардан әлде қайда әдептімін, енді маған не қыл деисің» деп шаншылады-ау ол шайтандар енді. үкібәлә бастан ақыр филімде жағымды кеиіпкер, сол себепті оның іс әрекетінен тікелеи тәлім алуға тиыспыз. ендеше оның қай өнегесінен тәлім алып, қай зерделігіне тәнті боламыз? қай көркемдігіне көз сүзіп, қай ісіне сүйінеміз? әлде оның сері болсын, момын болсын, кім болса соған ілесіп кете беретін, тағдырын ойыншық ететін талғамсыздығынан тәлім аламыз ба? егер ол жағымсыз кеиіпкер болса, онда одан, көптеген ғибыраттар қабылдар едік, амал қанша? мәселе мұның керісінше, әйтпегенде, ең болмағанда оны мүсіркеп, аяушылық білдіріп, тілеулес болар едік. сонда оның аса зор сүңғіләліқпен қабылдаған ананың асыл қәсиетті тәрбиесі қайда қалды.
2. үкібәләнің әкесі хан сұлтанның хал-жәйі
   енді азуы алты қарыс хан сұлтанның мән-жәйінә келеиік. филымның бірінші сенәрясінің соңын ала сара шешеи қәстер баласына айтқан, «ол (үкібәләні айтады) сұлтанның жар дегенде жалғыз ерке қызы еді...» деген әңгімесінен, үкібәләнің әкесі өте үлкен мәртебелі, жоғары ләуезімді адам екенін аңғарамыз. егер, «сұлтан» үкібәләнің әкесінің қоғамдық ләуезімі болмай, азан шақырып қойған есімі болса, онда, сара шешеи көзқәрәқті адам болғандықтан әңгімесін «сұлтан шалдың», «сұлтан ақсақалдың» өзіне жақындатып айтса «сұлтан ағайдың» деп бастар еді, егер, «сұлтан» деген үкібәләнің әкесінің шынында мәртебесі болмай, есімі болып, филым тұсыру барысында «шалдың», «ақсақалдың», «ағайдың» деген анықтауыштар ескерусіз қалып қойған болса, онда осындай кішігірім олқылықтардың жұртқа қаншалаған ағаттықтар туғызып, көңілдеріне қаяу түсіретінін ойлап көреиікші. мақаламыздың басында айтқан болуға тиысты деп қарап, түсінуге ұмтылған азғантай кемшіліктердің қаншалаған көрерменнің зығырданын қайнатқанын мөлшерлеу шынында қиын. ал енді «сұлтан» үкібәләнің әкесінің есімі болмай, қоғамдық мәртебесі мен ләуезімі болса, онда жатқа таба, озыңды күлкіге қалтырып, өрескел ашынышты күйге түстік деи беріңіз.
   қазақ тарихында «сұлтан» ләуезімі өте жоғары мәртебеге ие, мұны біз арғы тариыхты ақтармаған күнде де, күні кешегі тарихымызға үңілер болсақ, оңай көз жеткізе аламыз. 19-ғасырдың орта шенінде өткен ұлы абайдың әкесі құнанбай сұлтанның мұқым қазақ даласына десі өтіп, билігі жүргендігі жәйіндәғі бертінгі жазба тариыхтардан көріп, біліп отырмыз, оны бүгінгі таңдағы «еңбектеген баладан, еңкеиген кәріге деиін» біледі десек артық айтпаған боламыз, филімдегі оқиғаның болған уақыты мен мекені, 20-ғасырдың алдынғы жарымында еренқәбірғә тауының «қылыш» жәйләуі делінеді, шинжяң қазақтары тарихында «сұлтан» ләуезімінә жеткен адам болмаған, ұлтымыз жиы қоныстанған алтай, тарбағатай, іле өңірлерінде де, биліктің ең жоғарғысы «би-төреден» аспаған. ал еренқәбірғә тауы деп (қаратау деп те аталады) қәзіргі үрімжі қаласының өңтүстік шығысына ала орналасқан «нансандағы» азғантай қазақтар тұратын мекенді айтамыз, ондағы қазақтар негізінен алтай, тарбағатайдан 19- ғасырдың соңғы жарымында бірлі, жарымдап көшіп барған «шыбар кереи» деп аталатын, 20-ғасырдың алдынғы жарымында әрең бірер зәңгі, залыңдық азғантай ғана ауыл еді, олардың шыбар кереи аталуының басты себебі, «қәрәкереи», «сәрікереи» және «12 абақ кереи» болып, әрқәйсі рулардан бар болғандықтан шыбар кереи аталған деиді үлкендер, мақаламызда бұл атаудың маңызы шамалы, маңыздысы, үкібәләнің әкесінің ләуезімі мәселесі. ал үкібәләнің әкесі «сұлтан» да, «би-төре» де болмай, кәдімгі зәңгі, залыңдардың бірі болып, әділдігімен, шешендігімен, көпестігімен халыққа жағымды зәңгі, залың болған болса, онда ел-жұрт мұндай жақсы адамын «сұлтан» деп қүрметтеитіні болады десек те, ол оңай-оспақ адам еместігі айдан анық.
   аз болсын, көп болсын олар бір ел саналады, ендеше, бір елдің ең жоғарғы билігінде отырған би-төре деместен, «сұлтан» деп қүрметтеген аса қәдірменді адамы, филымның бастан ақырына деиін, бірнеше жерінде ғана аса үскінсіз, жансыз түрде, аздап көрініс береді. мұқым отбасын «сұлтан» емес, қайта оның бәйбішесі уысына ұстап басқарады, бұл недеген масқаралық! алмисақтан бері, бүкіл қазақ даласын тек ата-бабаларымыз ғана әйелдеріне ақыл салмай-ақ сөйілімен қорғап келген еді ғой, елін, жерін тіпті отбасын әйел басқарған заманды қай атаңнан естіген едің! қазақ әйелдері елді, ауылды қойып, өз отбасына да, көмескіде ақыл айтса айтар, бірәқ отбасы ісіне ашық қол сұққан емес. мәлім бір отбасында әйелі күйеуінен үстемірек орында тұратыны басқалар жағынан біліне қалса болғаны, «ол үйдің қатыны би», «ол үйді қатыны басқарады», «әй оны қой, қатынының сөзінен шыға алмайды» деп күндеп, сол отағасына, тіпті сол әулеттің намысына саятын үлкен меселе саналады. олай болғанда, қазақ тарихында қазақ әйелдерінің ешқәндәй орны болмағаны ма? бүгінгі ұрпақтар мәқтәнішпен ауызға алатын әз аналарымыз, абақ анамыз шы? қызай анамыз шы? анау аты әлемге әйгілі жиренше шешеннің жұбайы қәрәшәш апамыз шы? деитін сұрақтар туылуы мүмкін, бұл сұрақтардың қойылуы өте орынды дер едім. қазақ тарихында тек осы үш қана әз апаларымыз емес, тариыхтың қазыналы қатпарында жақұттай жылтылдап, тариых аспанында жұлдыздай жарқыраған талай-талай аналарымыз болған, олар ерлерімен теңесуімен емес, қайта, ерлерін қүрметтеуімен, ерлерінің жақсылығын асыра білуімен, ақыл-парасат жағынан ерлеріне ең жақын серік бола білуімен, ұрпақтарын аялы әләқәндәрімен мәпелеп, ана тілімен ұлағатты тәрбиесі арқылы ата салтты санасына сіңіре білуімен аты әйгілі болған. қазақ тарихында ата салт деген ـــ қазақ ұлтының бойсынбаса болмайтын заңы есептелетін. сол себепті де, «ана тілі ـــ балаға бал тіл, ана тәрбиесі ـــ ұл мен қызға ұлағат», «ата салты ـــ жарлық» деиміз. ежелден тартып қәзірге деиін, бір отбасында ақылдылық жағынан болсын, іскерілік жағынан болсын ерінен әйелі басым орында болу, екінің бірінде кездесе береді, солай бола тұрса да, әйелі ақылдымын, іскермін деп күйеуінің алдына түсіп кесім айтуды, ежелден ерекше әбестік санаған. күйеуі жарлы болсын меилі, мүгедек болсын меилі, кемістігін әқілімен толықтап ерін алдыға сала білген. егер әйелі белгілі бір мүддесін іске асырғысы келсе, бала жастан быр төсекте бастары қосылып, бір отбасында тұрмыс өткізіп, күйеунің қыры мен сырына қанық болғандықтан, сабырлы да, бәйсәлділіғімен оңашада тілге көндіріп алып, ел алдында айтар сөзі мен жасар кесімін күйеунің әузімен айтқызып, істер істі күйеуінің қөлімен істетеді. міне бұл, қазақ әйелдерінің басқа ұлттарда мүлде жоқ, аса зор ұлылығы еді. ал сонда судан шыққан шортандай аласатып, екі иінінен дем алып, екі бүйірін таянып, жалтылдаған күміс білезікті білегін сыбанып, албыраған алтын сақиналы саусақтарын шошаңдатып, елінің қормалы, отбасының патшасы, өзінің ақ некелі, қара таудай қорғаны болған күйеуін көзіне де ілмеи, мұқым бір ауылды басына көтер шұрқан салып, келін-қыздарына бүйідеи тиып, ана болудан садаға кеткір, өзінің бауыр ет баласын дүние мүлікке айырбастау жолында, ақ жамалына қорқынышты, құбыжық үреи үйіріп, аядай ұйдың апшысын қуырып тұрған адамды кім десек болар? әйел екені айқын бөлғәнімен, ұлты айқын емес, киімі қазақ бөлғәнімен әйелдің барлық болмыс, бітімі қазақ әйелдерінен мүлдемге басқаша? әйтеу дәп басып тану расында қиын.
   филімде сұлтан, сұлтан бәсімен нығыздана бәсәкөктеп жарлық шәшіп отырған бәйбішесіне жалынышты беинемен жаутаңдай қарап, «әй осының аяғы қайда апарып соғарын бір құдайдың өзі біледі, баланы көп қысай бермесең қәйтеді...» деп күңк етеді, ал үкібәлә ақтай сәлмен қашып кетіпті дегенді естігенде, ойбай салып, қамшысын білеп, орнынан ұшып тұруға да шамасы келмеи, бір тоқтысын қасқыр тартып кеткендеи-ақ жәйбірәқәт қана, «әй әнеу күні айтпадым ба? енді қәйтесің...» деиді де отырады, бұл неткен беишәрәліқ! осы көріністердің барлығында сұлтан «байқұс» соқа басы сопиып, шолақ домбырасын қолтықтап, төр алдында сиырдың тезегіндеи жалпиып жалғыз отырады. сонда оның әқілгөй көсемі, шежіре шешені, шапқылауға даяр тұратын шабарманы, әнші-күйшісі, қасынан бір елі қалмайтын ылпың-жылпың жағымпаз пысықтары қайда? ол, ол ма? ақтай сал ұзағанда көршілес елдің сал серісі атанып жүрген бір тентегі шығар, тентектің ауылына кісі шаптырып, тентегін тектеп, қызымды аман есен қолыма әкеп салсын дегенге иқуаты келмеген сұлтан, беиғәм елінің іргесіне жау шауып, қәпелімде елін боданға ұшыратып, қарсы келе алмай қапыда қалып, бас сауғалауға мәжбүр болғандай-ақ, «қызым қашып кеттіні» намыс санап дарқан даласын тастап, құт ұйыған елін тастап, қауқарсыз әйелдерше еңірегенде етегін жасқа шылап босып кетті. бұл недеген масқаралық! енді кімнен барып қоныс, кімнен барып өріс сұрамақшы? енді қай елдің сұлтаны мен ұлтаны болмақшы ол беибәқ! егер осы сенеряні дәл осындай етіп, басқа бір ұлттың азаматы жазған болса, онда мұқым қазақ болып өре түрегеліп, ендігі соттасып та үлгірген болар едік. амал не, «өз қолыңды өзің кеспеисің», кесе де алмайсың.
   осыдан төрт жыл өткенде үкібәләнің әңгімесі тағы басталады. үкібәлә жолшыбай кезіккен ақтай сәлмен қашып барып ың-дыңсыз некеленіп, от басын құрайды. ол үйленіп, төрт жылдан кеиін бақытқа қарсы ақтай сал дүниеден озып, үкібәлә едел-жедел екі кішкентәй бәләсімен жесір қалады, ата-енесі үкібәләні «көрінгенге көз сүздің, жесірлік жосынды дүзу өтемедің» деген әтпен, таудың мұздай суық суына тоғытып жазалайды. ол заман да, бұл заман, қандай күнәсі болса да, келінін өз қөлдәрімен суық суға тоғытып жазалағанды қайдан көріп едік. тым өрескелдік қой бұл. егер жесір әйел шынында біреумен көңіл қосып қойды делінсе, онда, ол әйелді «қырық саптыаяқ сумен немесе қырық шелек сумен жуындыру» деген бар, ол әрине жылы сумен үйде жуындырады, сонда ол қандай жосын? ол елдің жер дауын, жесір дауын шешетін, тентегін тиымдайтын қара қылды қақ жарған, әділ биы мен төресі, зәңгісі мен залыңы қайда? ежелден жесірін жатқа беруді намыс санайтын қазақ едік қой? «әйел, ерден кетсе де елден кетпеиді» деген емес пе еді. бір жесір кемпірдің бірер жол барып «сендер жаратпасаңдар мен келін қылып алайын» дегеніне алтын басты адамын оп-оңай бір інгенге айырбастай салатын салт, қазақта қашаннан бар еді? қарығы ашылмаған үкібәлә, күн үшін күлік жеп, шиеттеи екі баласын қайын жұртына тастап, жесір кемпірге ілесіп келіп, бет көрісп кеңесіп көрмеген тағы бір момын жанға күйеуге шығады. осы кездерде ботасынан айырып айырбасқа берілген інген, қайта-қайта боздап келіп ботасын іздеумен болып, ең соңында, сол жылы қыста, ит арқасы қяннан ақ қар, көк мұзда, ботасының күйігінен неше ай бойы нәр татпағандықтан үкібәләнің қыстаулығына келіп зорығып өлуінен, үкібәлә әсерленіп, алыстағы бұрынғы қайын жұртында қалған екі баласының жанына баруға бекініп, ақыры, ажырасып тынады. осындағы сезімсіз малды, ақылды адамның алдына қалай қойған, бұл әдебиеттегі қандай шендестіру? февәдәлдіқ билеп төстеуге қарсы тұрып, еркіндік үшін күрескен қажырлы да, қайратты, сұңғыла үкібәләнің ақылы малға да жетпегені ме? онанда, інгенді бұрынғы қайын жұрты тұрған жерге іздетіп барғызып, өлтіріп, «екі баламды алмай кетпеимін, өлсем де екі баламнан айырылмаймын, мал екеш мал да, ботасы үшін өліп жатыр ғой» дегізіп, ата-енесін сол арқылы әсерлендіріп, екі бәләсімен екінші күйеуімен үйлендірсе болар еді ғой.
   3. ақсарбастың тағдыры
   филымның тақырыбы «ақсарбас». бұл тақырып өте әдемі таңдалып қойылған, өйткені ақсарбас десе елең етпеитін жан жоқ. ақсарбас мұқым бір ұлттың аса ұлы қуаныштарының симулы, ақсарбастың аты аталса болды, қазақ біткеннің көкіргі қуаныштан қарыс айырылып, жүрегі қуаныштан жарылардай атқалақтайды. қазақ үшін ақсарбастың қәсиеті ерен бөлек. ақсарбас тек бір адамның немесе бірнеше адамның ғана емес, мұқым бір әулеттің, мұқым бір ауылдың, тіпті, жалпақ елдің ұлы қуанышы мен мереи тойына арналады. ақсарбас бір елдің түбегеилі жеңіске жеткендігінің айғағы және ұраны! ақсарбас ұранының орны әдетте шүйіншіден де жоғары тұрады. шүйінші аналар мен балалар қуанғанынан шүйіншілеи ұрандап келіп, қуаныштың иесінен сауғасын алып мәз болысады, ал ақсарбас мұқым жалпақ елдің мереиін құттытауға арналатын бура санды, атан жілікті ер азаматтар ұрандайтын ұлы қуаныш. мәселен, бір нәресте әнәсімен аман-есен дүниеге келгенде, ұлы жоқ отбасының әйелі ұл тапқанда, қызы жоқ отбасының әйелі қыз тапқанда, бір адам науқастан айыққанда, бірер адам көлденең пәледен аман қалғанда, құдалар құда болуға разылығын бергенде, ұлы келеншек алатын болғанда, тағы сол сяқты кішігірім қуаныштарға аналар мен балалар шүйіншілеи жүгіріп, үлкендерден сауғасын алады. ал төпеп келген жауға төтеп беріп, қарсы аттанған батырлары түбеселі жеңіске жетіп, жалпақ елі жау боданынан аман қалғанда, күшті тәбиғи апаттан ел болып, ауыл болып, аман қалғанда, тағы сол сяқты мұқым ел ортақ қуанышқа шомғанда «ақсарбас!», «ақсарбас!» деп ұрандап, сол қуанышты ақсарбас атап сойып, аяғы ұлы дүбір тойға ұласып жатады. сондықтан, ақсарбас аз дегенде мыңдаған адамдардың көкірек кернеген шаттықтарының бастамасы және жаршысы болып, ұлтымыздың маңдайының бағы, батырлығының алаулаған ыстық ханы болып өн бойына тарап кеткен рухани арқауы есептеледі. филімде ақсарбастың тағдыры былай баяндалады: жазғытұрымғы мезгіл, жерде арық қойдың шарбысындай аламыш-аламыш сүрі қар бар, сүйектен өтетін қара суық, оның үстіне ауа райы бұзылып қарлы боран соғып тұрған сяқты, өрісте туып, енесінен адасып қалған жерінен ақсарбас қозыға шопан ата кездесіп, сеңсең ішікті қойнына тығып алып келе жатып, жолшыбай жартас суреттерін қызықтап, одан белгілі сыр ұғуға ұмтылып тұрған қали балаға кездесіп, қалыпты жөн сұрасып, амандасып болғанша, қали баланың көзі шопан атаның ішігінің өңірінен басын қылтитып тұрған кішкентәй сүйкімді қошақанға түсіп, қарағыштай береді, мұны байқаған сұңғыла шал «немене алғың келіп тұрма? мә, алағой, шопан атаның құты қонсын айналайын, андағыға бір ене тап» деп, ағынан ақтарыла ақ батасын беріп, ақтанау атына мініп жөнеле береді. қандай керемет десеңізші, әуелде қарлы боранда туылып, жетім қалған жерінен шопан атаның ыстық құшағына оранып, онан соң аман есен аялап өсіретін ұрпағына аманаттап тұрғаны, осыдан кеиін шіркін енді қандай ұлы қуаныштың куәсі болар екенсің деп, шарықтаған көңілмен, филымның соңын ары қарай қялмен жалғай бересің. амал қанша, ұлтымыз рухани дүниесіндегі орны бөлек ақсарбастың тағдыры өкіншке орай тіпті де аянышты болып, шопан атадан аманаттап алған қали бала ақсарбасты ит-құсқа жем қылды. жүйрігің мен жорғаңды қасқырға берсең, бер, болашақта әлі талай жүйрік пен жорға дүниеге келері қақ. тұлпарыңды қасқырға берсең, бер, тұлпар туар биең мен айғырың аман болса, сан тұлпар саулар артынан. әуелі ауыр жүк артар нарыңды да қасқырға берсең бер, нар артынан нар туатыны шұбасыз, оған да ештеме демес едік, ал бар қуанышымыздың арқауы мен айғағы болған ақсарбасымызды не үшін қасқырға бересің?! «бар сенген айғырыңа қасқыр шапса» болашақ тұлпарыңнан не үміт қалар еді? мұндай қолдан жасалған келеңсіз, қәсіретті тағдырға бойында қазақ қаны бар қандай азамат төзіп тұра алсын! мұның мәнісі не сонда? астарында не жатыр деиміз? өзге ұлтқа өзіңді қалай жазсаң солай сенеді, өйткені өзіңді өзің жазып отырсың, өз олпы солпыңда елдің несі бар? бұл жөнінде «өтірікке сену тым оңай, шындыққа сену тым қиын» ғой.
    апыр-ай қәләмгер қарындасым-ай қолыңдағы жаман тұқыл қарындашыңа да дұрыстап ие бола алмағаныңды қарашы, өстіп те «тив» жасаған барма екен? қарындасым дегенім жақсы көргенім, аялап айналайын дегенім, өзім деп өзегіңе теппегенім, егер басқа біреудің қызы болсаң еститінің әрине бұдан басқаша болар еді, сол құрлы маған бұлай деитін сен кім едің деи көрме, мен деген, тастанды болған дәстүрімді көрсем тас кенедеи жабысатын, ұлттық құндылығыма келгенде құныдай құндылы болатын қазақтың қазымыр қара шалдарының сарқынымын. сен жөнінде ұлт мәдениеті дегенде «жар құлағы жастыққа тимеи» жүрген, үлкен-үлкен жұмыстар атқарып келе жатқан қазақтың бір туар қызы деген атыңа ғана қанықпын, ал өзіңе бет келіп кеңесіп көрмеген адаммын, сол себепті саған менің сүйіспеншілігім болмаса дәл өшпенділгім мүлде жоқ, болуы да мүмкін емес. барды бар, жоқты жоқ, жақысыны жақсы, жаманды жаман деиміз, бұл қәзіргі бетәлістің талабы, дәуірдің алабы, дамудың талабы. тұңғыш шыққан «ақсарбас» сенерямә мұндай сын айтқанда, қолға қалам алып бекер екен деуіңе әсте болмайды, сындаудың өзі ـــ сынға толғандық, бұл да зор табыс, «быр сәтсіздік, бір сабақ» жалғасты құлшынуыңды үміт етеді ел мен жұртың, бұл шындық. филым түсірудің алдында жүртпен көп араласып, көзқәрәқті үлкендермен көбірек пікір алмастырған болсаң, «кеңеспен пішкен тон әрине келте болмас» еді. тек мен ғана емес, қазақ тораптарында да жұрттың пікірі өте көбеиіп кетті. барлығының да негізі бар сөздер, оны да өзің көріп, біліп отырған шығарсың, ұлтыңның ұлттық құндылықтарына көбірек үңілгенің жөн, жалғасты қаламыңа ақ жол тілеимін!
қосымша жүктелген суреттері:

كەلۋ قاينارى: http://www.elarna.net/oku_kk.php?tur=11&id=307

Пікірлер:


Жазған лебізіңіз 300 еріптен аспасын!
tomendegi katekshege 99 dep jazingiz.
98 + 1 = ? sozsiz sifermen tolteringiz, aytpese pikir jaza almaymiz.

Көрші сілтемелер