Еларна қолфон нұсқасына ену

Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com




Түрі: Ел-арна газеті, бұл арадан барлық мақалаларын оқисыз

Жолданған уақыты: 03:11 - 2014/02/26

Қосымша қайнары:http://www.elarna.net/oku_kk.php?tur=11&id=284
Тоте жазу нұсқасы:http://www.elarna.net/oku.php?tur=11&id=284

توتە جازۋ نۇسقاسى:http://www.elarna.net/oku.php?tur=11&id=284

Мақала жолдаушы: Күрке
Мақала апторы: Қойлыбай нәқісбек ұлы
Аптордың мекен-жайі: Іле

Қаңтардың сақылдаған сары аязы

қаңтардың сақылдаған сары аязы ,
қарып тұр қаланы да даланы да .
тайып кеткен пенденің өз обалы ,
аямайды қартты да баланы да .

қаңтардың сақылдаған сары аязы ,
ығыстырып топты да дараны да ,
тайып кеткен пенденің өз обалы ,
аямайды ханды да қараны да .

қаңтардың сақылдаған сары аязы ,
күндіз еріп кешіңді мұз қылады .
тайып кеткен пенденің өз обалы ,
құрғамас табаныңды сыз қылады .

қаңтардың сақылдаған сары аязы ,
жігерсіз беибәқтәрді жыр қылады .
тұмшалап көз алдыңды көк тұманы ,
қажымас жігеріңді құм қылады .

қаңтардың сақылдаған сары аязы ,
сартаңды сәқілдәумен атырады .
тайып кеткен пенденің өз обалы ,
мәңгілік оянбас қып қатырады.

қаңтардың сақылдаған сары аязы ,
ерекше үскірігің қалың бүгін .
тайып кеткен пенденің өз обалы ,
қашанда мықты болсын дайындығың .

быр алла білер деп жұрмын

арымнан аттап көргем жоқ ,
арамға есе бергем жоқ .
естінің алдым ақылын ,
ессізді жерлеп жүргем жоқ .
есесі келсе сөйледім ,
жалтақтап өмір сүргем жоқ .
қисайып жатқан пендені ,
табалап мүлде күлгем жоқ .
тас атқан мерез жандарға ,
у салып сусын бергем жоқ .
аллаға ғана тапсырдым ,
иттігін жиып тергем жоқ .
жағымпазғада жолықтым ,
таңғалдым пеиіл бергем жоқ .
тәкәппәрғәдә жолықтым ,
табалап жанын безгем жоқ .
есірікке де жолықтым ,
есіріп кеуде кергем жоқ .
өсекшіге де жолықтым ,
өсегінеде ергем жоқ .
кемеңгергеде жолықтым ,
келгенге орын беретін .
кесірліге де жолықтым ,
кеселі елге тиетін .
әқпеиілге де жолықтым ,
аямай бәрін беретін .
алаяққада жолықтым ,
артыңды қазып келетін .
азаматқада жолықтым ,
адамға басын иетін .
аңқауға да жолықтым ,
аузыңды ашсаң сенетін .
бекер тұр десе балықтар ,
пайда деп төрмен сүзгем жоқ .
құрылған кеибір қақпандар ,
астарын кеиде сезгем жоқ .
шақырса жақын ағайын ,
ақ жарқын жүзбен кеп жұрмын .
адал мен арам парқын ,
быр алла білер деп жұрмын .
2014 жылы 10 қаңтар

туған жерге махаббат

шыңдары көзжеткісіз көк тіреген,
нулары тұнып тұрған өткір өлең.
туыппын арманымды биік ұстап,
туған жер қойнауында құт түнеген.

көк өзен жар тасыңды жарып аққан,
бойыңды жұтсаң шарбат жадыратқан.
кіршіксіз молдыр іңнен қуат алып,
тап - таза бойда қаным тулап аққан.

сақараң сифоня шулап жатқан,
ән шырқап күйін тартып думандатқан.
таусылмас рухани азық берген,
өзіңде туғанымды етем мақтан.

жәйләуі жатқан кербез жіртүлеген,
шежіре әр қойнауы сіртүнеген.
жаныңды шомылдырған пәк сезімге,
көзжәсін төгіп өткен бұлты бірдем.

жарасқан аққу бұлты ашық аспан,
туған жер құт мекенім шаттғы асқан.
көркіне көз сүрінген қалалары,
торт түлік даласына құп жарасқан.

тынстас әрсикөніт алған демім,
жараса қәжетіңе төккен терім.
өсірген азаматтық жігер силап,
туған жер сенен аяр нем бәрменің.

2014- жыл 5- ақпан

таныс ара

сеиілдеп келе жаттық екеу ара,
шыңылтыр күздің кезі болған жаңа.
бақшада шағын гүлдік арасында,
талықсып жатыр екен таныс ара.

астасып ойым мүңмен тұрып қалдым,
еріксіз өкіншке құрықталдым.
быр ортада жасаған тау арасы,
тыл қатып назарымды бұрып қалдым.

естілер үнің әлсіз ,тұлғаң дара,
табиғат кең мекенің жолың сара.
саған жоқ ие болған омарташы,
бұл маңда неғіп жұрсың таныс ара.

сұғып ап инеңді әлек саласың кеп,
бақшаға аныңды айтып барасың көп,
тыным алмай бөксеңді бүлкілдетіп,
текен гүлдің мазасын аласың кеп.

алқапты шырын сорып айналғасың,
жаз ойнап қыстың қамын ойланғансың.
ұмытып соның бәрін бүгін міне,
қалайша тікен гүлге байланғансың?

ұшатын жолдарыңда ұзын әлі,
алдыңда абайласаң мамыр сәні.
сен емес менде келем әрең жүріп,
білмеисің бұл бақшаның сырын әлі.

көктемге басыңды аман көтере алсаң,
әлі де қырық қял жетелер сан.
қоштасып тікен гүлге шырқада ән,
ұшып кет мекеніңе тылды алсаң!

осылай лебіз айттым шошып қалдым,
демеимін басқаларын тосып қалдым.
істің арты қайырлы болса екен,
оранып өкіншке кетіп қалдым.

темірлік текті мекенім (әніңе сап айта жұр )

жаралған тәбиғәтпен үндесуге,
туған ел еңбегіңнен гүл өсуде.
әйгілі гүл күнестің жағасында,
темірлік деген жер бар білесің бе.

бұл жердің суы шарбат тасы темір,
тауында таңбаланған тариых небір.
быр аунап шалғынына тынстап қайт,
жасайсың қам - қайғсыз ұзақ өмір.

күнгеиі күн нұрына көмкерілген,
ақ бесік теріскеиі тербетілген.
байлқтың кені жатқан текті мекен,
таппайсың жеті айлансаң жер бетінен.

қыраны қалқтаған көк жүзінде,
ұланы билік айтқан ел існе.
көрмесең текті мекен темірлікті,
арманда кеткенңнің белгісі де.

қаста болма қиналып доста болма

қайсы бірін дос деиін достарымның,
қайсы бірін қас деиін қастарымның.
осы кезде басқаны қоя тұрып,
қәсиетіне табындым қас дарынның.

ұстағанда сақина әз басымнан,
ем- шипасы табылды қандасымнан.
осы кезде басқаны қоя тұрып,
кең пеиілді айналдым жолдасымнан.

өмір-ай кеи сәтіңде күлмеи қалдым,
таңдарға кірпігімді ілмеи қалдым.
осы кезде басқаны қоя тұрып,
достыңда достығына сенбеи қалдым.

тек қана болашақтан үміттендім,
табысты күндеріммен күліп келдім.
осы кезде басқаны қоя тұрып,
қастыңда қастығынан күдіктендім.

өмірдің бізге берген сиы мекен,
ойым жоқ өздеріңнен өзге бөтен.
серт пен сөзге тұрақсыз бұл өлкеде,
«қас» пен«дөсті» парықтау қиын екен.

жолдас бол бір өлкенің мақтаны бол,
әр пенденің аңсайтын ақ таңы бол.
кеибіреуше доспын деп дүрілдетіп,
«қас»боп жүрсең құдайдың атқаны сол.

өңгеріп әкетердеи бір ғасырды,
кеибіреу сөйлеиді ірі тұлға сынды.
«дос»та болма қиналып«қаста» болма,
жолдас болып жүре бер силасымды.

әбеушәлғә барайын сырласайын

келеиін сәлем беріп әбеу шалға ,
бар еді бір қәсиет әбеу шалда .
әбекеңдеи тоқсанға келмеседе ,
алпысында алжып тұр әнеу шалда .

кеудесі алтын сандық қоры көптің ,
кеи шалдан әңгіменің молын ұқтым .
үйірсек тірі жанға қайран басым ,
алуан тұрлы шалдарға жолығыппын .

быр шалға барсам көңіл назын айтты ,
дегендеи аққу көлдің қазы қайтты .
бізден шыққан қара көк мықтылар деп ,
жиырма шақты қазақты жазып апты .

быр шалға барсам балам өсті деиді ,
пышағы бірінші боп кесті деиді .
немеремде туылған өте зерек ,
қатарында басқаның есті деиді .

быр шалға барсам соғым семіз деиді ,
бұл күнде басқадан кем неміз деиді .
рулық шежіресін суылдатып ,
телегеи тарихымыз теңіз деиді .

басыңды әңгімеге сүйеде отыр ,
қуырдақтың әкесі түйеде тұр .
божымасы божылдап сілтеп - сілтеп ,
үш жерде үйім бар деп біреуі отыр .

құны жоқ бір шал отыр тоқтыдайын ,
көсеп қойып түк білмеи отты дайын .
суылдатып отыр ау дүниені ,
жасағандай қолынан көк құдайын .

омырың ұзын болсын шалдарым - ай ,
басың аман , көп болсын малдарың - ай .
ышынара шалдарым шалыс басып ,
соңында замананың қалғаның - ай .

барайын әбеу шалға қыр асайын ,
тілеген елге дұға жұма сайын .
‹‹бала шалдар ›› мазамды әбден алды ,
дана шалға барайын сырласайын .

кішкенелер

жәйім жоқ артық айтып үстемелер ,
жұмысы қорқынышты түске кірер .
надан , әшкөз , опасыз мерездерді ,
жиыстырып атадым кішкенелер .

кішкенелер көбеисе күшке келер ,
лып етіп байқамасаң ішке кірер .
монтансып тірлктегі тірегің боп ,
сыбанып қос білегін іске кірер .

кішкенелер арманы жан бағысы ,
оларды жек көрмеген барма кісі .
құйрығын бұлаңдатып кеп тұрады ,
кеп тұрады еркелеп алдағысы .

алдапта кетеді олар байқамасаң ,
мақұл деиді бір ысты айта қалсаң .
көз жасында төгеді қәжет кезде ,
тізгін тартып басыңды шайқамасаң .

кішкенелер шықса егер топ алдына ,
айырым ыс көреді өз алдына .
ойлап тұрған олар жоқ басқаны да ,
ойлап тұрған олар жоқ обалды да .

жәйім жоқ артық айтып көтермелер ,
байқамасаң олардан әкеңде өлер .
рақым , ұят , ар нысап болмасада ,
өмір сұрып келеді кішкенелер .

шың басындағы арман

қуанышба қәсіретпе алдыдағы атар таң ,
тәуекелмен шықтым жолға қалмайын деп сапардан .
төте жұрдым тау жөлімен , даңғыл іздеп тұрмадым ,
армандарым жебеді алға қалтырмады қатардан .

арман елін бетке алдымда шың басына өрледім ,
жылдар жұрдым , айлар жұрдым , сайға түнеп көрмедім ,
біткен барлық үмітімді арқалап ап келемін ,
кеиде жолым күдір болды , кеиде қатты терледім .

көз жіберсем сапарыма бұлдырайды бел деген ,
аттап өткем тастар жатты жолдарымда көлденең .
тұман түсіп мандытпады кеи сәттері мезгілсіз ,
суыт жүрген жолаушы едім кешігем деп көрмеген .

өттім талай шыңыраудан құламадан құздардан ,
жігерімді шүйеніш қып жетеледі ізгі арман .
әлі келем осы жолда шығар шыңға шығайын ,
осы жолда бабалардан біз басатын із қалған .

не болсада шың басына шығып алып тоқтайын ,
бабалардың басқан ізін ұғып алып тоқтайын .
шың басында ызғар болып боран болып соқпайын ,
күн нұрынан сарқылмайтын жылу алып тоқтайын .
қосымша жүктелген суреттері:

كەلۋ قاينارى: http://www.elarna.net/oku_kk.php?tur=11&id=284

Пікірлер:


Жазған лебізіңіз 300 еріптен аспасын!
tomendegi katekshege 99 dep jazingiz.
98 + 1 = ? sozsiz sifermen tolteringiz, aytpese pikir jaza almaymiz.

Көрші сілтемелер