Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Ел-арна газеті, бұл арадан барлық мақалаларын оқисыз

Жолданған уақыты: 16:35 - 2021/04/02

Қосымша қайнары:http://www.elarna.net/oku_kk.php?tur=11&id=2447
Тоте жазу нұсқасы:http://www.elarna.net/oku.php?tur=11&id=2447

توتە جازۋ نۇسقاسى:http://www.elarna.net/oku.php?tur=11&id=2447

Мақала жолдаушы: Nurhalyk
Мақала апторы: Нұрхалық Абдырақын
Аптордың мекен-жайі: Бейжің қаласы

Біріңді қазақ бірің дос, көрмесең істің бәрі бос.-Абай

Алпысты алқымдаған Ухандық Ваң текті бай қытай, ақшасын өртеді. Өмір бойы жинаған құнды қағазының өзін сақтап қалуға шамасы келмегеніне ренжіп өртеді. Өмір сол ақша үшін босқа өткенін енді білді. Алданғанын сезді... Тірліктің мәнін кеш болсада біліп кетті... Саяси тұтқын болған ұйғыр жігіттің анасы, баласының жиған ақшасын халықтың алдында өртеп жіберді. Ақша өзін қуғанды шексіз азапта салатынын түсінді. Бұл дерттің емін тапқанға милион юан ақша берем деп, жар салды атақты кинө әктері Джек Чан қазақтың жасамыс келіншегі жылан майы мен жұмыртқасын өкпе тұсқа жақса ем болады деп, әктердің ақшасын дәметті. Тағы бір шомбал еркек қытайға баруға бел шешіп, 6 минут 59 тақылда жаман ауыруды жазамын дегенше болған жоқ, өз еліне аты жаман ауыру келді. Бұнда ешкімнің ақаша берем дегенін естімегесін олар үнсіз қәлді...
Әлемді жайлаған жаман дерт біздің елгеде келді. Елдік сынға түсті....
Бастабында Алматы мен Нұр-Сұлтан жабылды. Темір сауыт киініп, мұздай қаруланған жігіттер айтпай келетін үнсіз жауды екі қалаға кіргізбеуге және шығармауға қам жасады.... Тіркеуі жоқ, жалданбалы пәтердегі қара шаруа туған ауылдарына ағылды, тым-тырақай қашты, қашқан жоқ, қуды... Тәксилер мен автобустар жол ақысын тез көтеріп, жығылғанды жұдырықтап жатты.... Адам емдейтін ақ халатылар аурғандарға, ақша санағандарына қызға қарап, ақша үшін жаппай ауырды. Қара алтынның бағасы күрт құлдрап, доллар аспанға ұшты, теңге сабанға айналды. Зат бағасы қымбаттады, онсызда обадан омырайып отырған халықтың омыртқасын опырды. Күзетте тұрған сақшыларды бір жігіт көлігімен таптап өтті. Қалаларды қайта ашты... Ауыру жоқ деп сенбей жүрген ел енді жаппай ауырды... ауырухана алмай шалқайды, көбі үйінде жатып өз бетінше дәрі ішті.
Көк қағазға құл болғандар орайды пайдаланып, топалаңда тоқаш ұрлады.... Азуын айға білеген Америкә, Орыс, Гермәния састы....Италия, Франция, Бразалия өз шындығын ашты.... Қытай о бастан құлады.... бақа-шаян, жылан мен жарғанат жеп солар таратты...
Ел іші гу-гу әңгіме... Ғаламтордың іші тіптен уда-шу....Белгісіз бір атом бомбасы басында жасалып жатқандай, одан сайын жұрттың мазасы қашты.
Шығыстан шыққан қызыл от көк жүзін шарпып, жарылды, көз ұшында темір қанат көгершіндер өз еліне ауыруды алып келді.
Таң ата түс көрді Қанат.
-Әке, есік алдында қалың сиыр жатыр.
-Бұзаулары қайда?
-Жанында бос жүр.
- Түстегі сиыр- ауыру деп, күбірлей орнынан тұрды.
***
Омар (р.а) заманында шам қаласына оба таралды. Сол кезде олар Пайғамбарымыздың: «Егер бір қалада жаман ауыру таралып жатса, ол жерге бармаңдар. Ал сол жерде болсаңдар, еш қайда қашпаңдар» деген хәдисіне амал етіп, ауырудың таралау аумағын кеңейтпеді. Қытайдың Уханынан ешкім қашпағанда, керісінше ондағы науқасқа барлық дүние жүзі қолдан келген көмегін жасағанда.... Өз елінің ондағы азаматтарының емделу қаражатын төліғімен бергенде.... Әлемге бұл жаман кесел дәл бұлай тармайтын еді- ау....
Көмек бергені былай тұрсын кейбір пысықтар, бүлінгеннен бүлдіргі алып, 18 теңгеден сатылып тұрған мәскәні үстеме пәйдәмен науқас дендеген елге сатып, қалтасын қампитты. Оларды да Алла жаратқан. Мұсылман кеткен ақысына Алла алдында сауабыңды сұраса, мұсылман емес иманыңа жармасады дейді, Алла сақтасын.....
Үй көрмей, дүние қуып, еркегі де- әйелі де базар жағалап, ұл-қыздарын танымауға шақ қалған еді.... енді міне бәрі үйінде... өзідерімен өздері сөйлесіп, есепке тартуда....
***
Мұсылмандарды мырза қамаққа алған қытайларды Ұлы Алла ең әлдімен мырза қамаққа алды. Бас киім мен хижапты шештірген олардың өздері енді хижап киіп, дәрет алуды жақсылап үйренді. Пайғамбарымыздың сүнетті түзбен бастап тамақ жеуді, астың алды-артында қол жуыуды білді. Тұзды сумен ауыздарын әр тамақтың алдында шайып, қолдарын қайта-қайта сабындап жуа бастады. Ит тірліктен алыстады...Барлық адамның есіне өлім түсті. Тірліктің жалғандығын сезді...
***
Ел жұдырықтай жұмылды....Бай жігіттер Алла риза болсын, атқа мініп елді құтқаруға кірісті, қолындағы бәрімен бөлісті. Арық қыздар қолдан мәскә тігіп, тегін тарата бастады.... Аш студенттер жомарттардың ақшасына азық-түлік алып, қарттардың үйіне тегін жеткізді.... Теле жәшік тынбай ақпартты айтып, елді сабырға шақырды. Барлық оқушы, студент, жүміскерлер қашықтан жұмыс істеуге көшті.... Құдды кезіндегі Абайдың абыз әкесі Құнабай қажының ел дүғәсімен қызылдан жазалғандай емделгендер жазылды.... Жұрттың бір шындықа көзі жетті....Қәзәқ өтіріке айрандай ұйып, шын сөзге сенбейді деген Абай сөзі тағы еске оралды. Кейбіреулер әлі елде ауыру жоқ деп сенбей даурығады...
Ажалдың жақын екенін ...Ішкі-сыртқы тазалықтың керек екенін.... Денсәуліқтің қәдірін...Өмірдің мәнін....Адәмнің әлсіздігін....Дүниенің жалғандығын.... Ақылдың қысқалғын.... Алланың хикметін барша жан сезді... Кешір Алла, тәуелсіздігіміз баянды болсын! Отанымыз елге құт мекен болсын !!!
қосымша жүктелген суреттері:

كەلۋ قاينارى: http://www.elarna.net/oku_kk.php?tur=11&id=2447

Пікірлер:


Жазған лебізіңіз 300 еріптен аспасын!
tomendegi katekshege 99 dep jazingiz.
98 + 1 = ? sozsiz sifermen tolteringiz, aytpese pikir jaza almaymiz.

Көрші сілтемелер