Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Ел-арна газеті, бұл арадан барлық мақалаларын оқисыз

Жолданған уақыты: 10:12 - 2021/03/25

Қосымша қайнары:http://www.elarna.net/oku_kk.php?tur=11&id=2446
Тоте жазу нұсқасы:http://www.elarna.net/oku.php?tur=11&id=2446

توتە جازۋ نۇسقاسى:http://www.elarna.net/oku.php?tur=11&id=2446

Мақала жолдаушы: Elarna Studio
Мақала апторы:
Аптордың мекен-жайі:

Осы аптада Қытайдың «Орталық халық радиосы» ақпарат әгенттігінде белгілі кинөрежиссер Жанар Сағатқызы жайлы «Үш жақсылықтан туған режиссер» атты көлемді эссе жарық көрді. Жазба авторы бұл мақаласының басында танымал режиссердің әкесі, аудармашы, бәспәгер Сағат Жайпақұлы мен анасы, журналист, ақын Тұрсын Жөлімбетқізі жайында айтады. Олардың айрықша кішпейіл, сондай мейірімді жандар екеніне тоқталады.

Автор «Жанардай күллі қытай еліне танымал болған саналы ұрпақты тәрбиелеп жеткізудің сыры неде?» деген сауалға жауап алғысы келетінін режиссердің анасына айтады. Бұл сауалға қарт журналист Тұрсын Жөлімбетқізі елең еткізерлік жауап берді деп жазады әвтөр.

«Пенденің даңқты болуы оның қажыры мен қәбілетіне иек сүйейді десек те, көзге көрінбейтін бір күш сол пенденің жолын ашады дегенге көзім жетті. Сүт кенжемнің елге танылуын мен мына бір ізгілікті іспен байланыстырамын, - деді де Тұрсын апай тосыннан әңгімесін бастауға ыңғай танытты» деп жазады мақала авторы. Сүт кенжем деп отырғаны - танымал режиссер Жанар Сағатқызы.

Ақылына ажары, талантына талпынысы сай келген қыран қыздың өмірге келуін шешесі осыдан елу жыл бұрынғы бір күдірі мол, соқпағы ауыр жілмен сабақтастырады.

«Бұл - осыдан 51 жыл бұрынғы уақиға, мен Шыңжаң гәзеті қазақ редәкциясіндә бірде редәктөр, бірде тілші болып қізмет істеп жүрген 29 жастағы жалынды жас келіншек едім», - деп бастады ол кісі әңгімесін. «Омырауда Мәйгүл есімді бір жарым жасар қызым, жетегімде 4 жастағы Амантай есімді ұлым бар болатын. Ол кезде өмір бүгінгідей баршылықтың ішіндегі май бүйрек емес, дүние тапшылықтың үстіне жайылған көкбәуір сияқты сүреңсіз еді. 1965 жылдың желтөқсәніндә мекемеміз «Сөциәлистік тәрбие» қимылы негізінде ауыл-қыстақты көркейтуге баратын белсенді кәдрләрді тізімдеп жатты. Белсенді ретінде оған мен де тізімделдім.... Сөйтіп, он күн жүріп Қашқар аймағының Пайзауат ауданының Құлтұғрақ ауылына бардым...

Барған үйім Мәмет деген кедей ұйғыр диқанның үйі болды. Қалшам есімді ауру әйелі бар екен. Бар жегені - жүгері нан, соның өзі кейде әрең табылады.

Көшеге шықсам жарым денесі жалаңаш қарттарды көремін, киімі бар дегендерінің өзі қырық жамау, «қарты бар үйдің қазынасы бар» дегенді жаттап өскен қазақтың қаршадай қызы едім. Айналамдағы ақсақалдардың иініне жөнді түзу мата ілмегеніне жаным ашыды. Миыма ең алғаш келген ой қарияларды киіндіру болды. Қолдағы қаржымды соларға беруге бекідім де, Сағатқа «ел киімсіз жүр, тамағы шикі, қолдағыны аямайық, асқан қаражатың болса, маған салып жібер» деп хат жаздым. Бір жыл ішінде айналамдағы үлкендерге бірден судай жаңа көк шапан кигізіп шықтым. Сол кезде олардың қалай қуанғанын көрсең ғой... Олар мені көрсе «Тұрсынай балам, балам» деп бас бармағын шошайтып, қолдарын кеудесіне қойып сәлем қылатын. Осы күнге дейін сол қариялардың мені көрсе сонадайдан күліп, қол қусырып амандасатыны көз алдымнан кетпейді» дейді Тұрсын Жөлімбетқізі.

Содан бір жыл ішінде Тұрсын Жөлімбетқізі бүкіл ауылдағы әйелдерді түгелдей шипаханаға тексертіп, ауырғандарын емдетіп шығады. Қолдағы өз қәрәжәтімен тіпті, әйелдерге қәжетті жеке гигиенәліқ бұйымдарына дейін алып береді. Олардың осындай аянышты хәлде болуының басты себебі - оқу-білімнің жоқтығынан екенін білген Тұрсын ауыл халқының санасын ашуға қәрекет жасайды. Ол Үрімжідегі күйеуі Сағатқа тағы хат жазып, керекті кітәптәр мен гәзет-журналдардың тізімін береді. Сондай қиын күндерде асыл жары Сағат та серік бола білген. Шиеттей екі балаға әке де, ана да болған Сақаң хат тиісімен тапсырманы табанда орындап отырған. «Мен 1966 жылы 6 желтөқсән күні Құлтұғрақтағы міндетімді өтеп, Үрімжіге қайтатын болдым. Бұл хабарды естіп ауылдың тайлы-тұяғына дейін жиналды. Біздің кететінімізді ауыл әкімі хабарлады да, машина үстіне қолтықтап шығарды. Өңдері тотыққан, көк шапан киген қарт дихандар «Тұрсынай, кетмең, кетмең» деп жеңімнен тартып жылай берді. Ауыл адамдары мені жыл басында кетеді деп ойламаса керек. Біреуі қалаш нанын беріп, біреуі өрік-мейізін беріп жатыр. Көлік оталды. Отырғанымыз жүк көлігі еді, көпшіліктің бірәзі машинаға шығып алды, ауыл бастығы оларды әрең түсіріп алып қалды. Машина жүрді. Ауылдықтар «кетмең, кетмең» деп қолын бұлғап зар илеп жылап артымыздан жүгіріп келеді. Иә, міне осылай мүлде бөтен өзге ұлт егіншілерінің ыстық жасы мен ырыздық ықыласына оранып Үрімжіге қайттым. Бір жылдан соң 1968 жылы 1 шілде күні өмірге Жанарым келді. Бұл сонау қиырда шет жайлаған жарлы-жақыбай халықтың ыстық пейілі мен шексіз ризашылығына бөленіп туған тәтті қыз еді» деп ойын түйіндейді танымал режиссер Жанар Сағатқызының анасы, ақын, журналист Тұрсын Жөлімбетқізі.
қосымша жүктелген суреттері:



كەلۋ قاينارى: http://www.elarna.net/oku_kk.php?tur=11&id=2446

Пікірлер:


Жазған лебізіңіз 300 еріптен аспасын!
tomendegi katekshege 99 dep jazingiz.
98 + 1 = ? sozsiz sifermen tolteringiz, aytpese pikir jaza almaymiz.

Көрші сілтемелер