Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Ел-арна газеті, бұл арадан барлық мақалаларын оқисыз

Жолданған уақыты: 23:17 - 2021/01/16

Қосымша қайнары:http://www.elarna.net/oku_kk.php?tur=11&id=2414
Тоте жазу нұсқасы:http://www.elarna.net/oku.php?tur=11&id=2414

توتە جازۋ نۇسقاسى:http://www.elarna.net/oku.php?tur=11&id=2414

Мақала жолдаушы: Nurhalyk
Мақала апторы: Нұрхалық Абдырақын
Аптордың мекен-жайі: Бейжің қаласы

Шалқалап жатқан Есқаттың қолфоны безектеді.
-Ассәләумәғәлейкүм, хал жағыдайыңыз қалай? Сізді мазалап тұрған, Асқәрбек деген қазақ.
-Уәғәлейкумәссәләм, жақсы аға, Аллаға шүкір аманбыз! Тыңдап тұрған Есқат бауырыңыз.
-Біз педәгөгикә әкәдемиясі 6 тілді «Этно сөздік» құрастырудамыз, соның қытай тіліне аударуды сізге берсек, қалай қарайсыз?
-Сіздер қаласаңыздар, әрине.
-Онда ертең түстен кейін 3-те Төле би мен Байзақов қиылысындағы біздің кеңсеге келсеңіз.
-Жақсы, келістік.
Көктемнің көк өзек шағы. Аспанда ала шұбар бұлт баяу жылыстайды. Қыстың беті қайтып, жер беті өлі мен тірінің арасында. Cарышұнақ лезде шәйнектей топырақты үйіп, басын екі жағына кезек-кезек қозғап, жан-жағына мақтана қарады, қайта ініне «сүмп» етіп кірді де, артынша топырақты бұрқылдата берді. Қара торғайлар үй дөдегесінде алыс өлкеден көрген білгендерін бір- біріне айтыса, өз тілдерінде тынбай сөйлеседі.
Барлығы көнерген сөздер. Үлкен әке- әкенің ағасы. Кіші әке-әкенің інісі. Кіндік әке-сәбидің кіндігін кескен ер адам. Өгей әке- әкесі қайтыс болып кеткен соң, шешесі күйеуге тиген ер адам. Өкіл әке-туыстас, дос-жаран адамдардың жетім қалған балаларына өкілдік жасап, қамқорлығына алған адам. Жиен-баланың нәғәшісімен туыстығын білдіретін атау. Жжиеншәр-жиеннің ұрпағы. Туашар- жиеншәрдән туған ұл мен қыз. Тоғышар-жиеншәр ұғымы. Дегеншәр- жиеншәрдән туған бала. Көгеншәр-дегеншәрдән туған бала. Осындай ұзын саны бес мыңдай сөз.
Қытай, орыс, ағылшын, түрік, араб, қазақ тілінде шығатын этно сөздіктің жұмысы бойынша Асқәрбек аға бас қосу жасады. Маңдайы жарқыраған, өзіне жарасымды қимілмен домалана томпақ қаққан ол ұзын столдың басына жайғасты, екі қапталда аудармашылар, жас болсада шәші түскен таз жігіт, жұмық көз, қырма сақалды жігіт ағасы, орта жастан ассада қызыл сары шәші шулаған, жалаң бас әйел, оған тақау көп сөйлеп еріндері шаршаған көзілдірік киген арық әйел отыр, оған қарама-қарсы тайқы маңдай, сығыр көз арық кәрі қыз қаздияды. Он бес күнде аударып берсеңіздер. Сіздер бітірген соң біздің қыздар бір жетіде сөздікті шығарады деп, сондай бір жеңіл де жылы сөзімен аудармашыларғы барлай қарап шықты Асқәрбек аға. Барлығы үнсіз келісті. Есқат бұлардың менен басқасы томағасын алмай тұрған сайыпқыран екен-ау, еш үндемей бас изегеніне қарағанда деп ойлады, өзін әлсіз көрсетіп аламын ба деді, құдды «патшаның жаңа киміндегі» уәзірлер сияқты үнсіз олда есіктен шығар берді. Он бес күнде осыншама ескі сөздерді қалай аударып бітемін деген сұрақ ішін тырнап бара жатты. Өз жұмысымыз тағы бар, сабақ өту, тапсырма тексеру...
Асқәрбек ағанның қыздары он күн өткенде қоңыраулатып, бол-болдың астына алды, аудармашылар барынша тездетіп бір айға аз жеткізбей зорға аударып бетірді. Аударып бергелі айдан асты, сөздікті бір жетіде бітіреміз деген олар әлі шығармады. Асқәрбек аға аудармашыларды екінші мәрте шақырып, жылы сөйлеп, күлімдей қарсы алды, шайын құйып қыздары бәйек болды.
Иа, біз сіздерді қатты асықтырып едік, міне енді біздің қол жүрмей жатыр. Қыздар барын салып, менде қасында тұрамын, қанша жөндесек те сөздер құдды, қайыру бермей бытырай қашқан жылқыдай еш басы біркпейді. Қойған жерден сөздер сырғып кетеді, қайта жөндейміз, тағы солай жылжып кетеді. Көмпютердің жілігін шағып, майын ішкен бір орысты әкеліп те көрдік бәрі бір солай шарумыз өнбеді.
***
Шәйді жақсылып құйған қыздарға да отырыңдар деп Асқәрбек аға әңгімесін сабақтады. Құранды Халифа Алтай атамыз алғаш қазақша сөйлеткен кезде, Елбасы Нұрсұлтан қол астындағы жігіттердің біріне тапсырма беріп, тез арада осы Құранды бастырып, мына тізімдегі көзі ашық 500 жігітке таратыңдар депті. Елбасының тапсырмасын алған жігіт Алматыдағы ең үлен мемлекеттік баспаға келіп, он күнде 500 Құранды дайындаңдар деп, жедел тапсырма береді. Баспа басшысы орыс жігіт тек бас изеумен болады. Баспада кілең орыс жұмыс істейді. Құранды басуға бастағаны сол, баспаның цехі сынады. Цехті жасайды, Құранды басуға бастайды, тағы сынады, тіпті, барлық өндіріс базасындағы техникә қатып қалады. Араққа тойып жүріп жұмыс істейтін орыстар қанша жанын салсада, еш нәтиже болмай он күн өтеді, баспа басшысы болған жағыдайды хабарлайды. Шеневник жігіт келеді. Оның көзінше Құранды басуға бастайды, техникә еш жүрмейді, басқа кітәп басуға бастаса жұмыс істеп тұр. Істің байыбын сезген ол Қазастан діни басқармасына барып, болған жағыдайды баяндайды. Құран Алланың сөзі, оны дәретсіз ұстауға мүлде болмайды. Таз емес лат мекенде, харам су ішілген жерде Құран басуға болмайды деп түсіндіреді. Енді қәйтеміз, еліміздегі барлық баспаның жағыдайы осындай. Елбасына уәде берген күнде тақау тұр, не деймін деген шеневниік Мұфтияттағы жігіттерге бізге көмектес деп өтінеді.
Онда біз үш жігіт жібереміз, олар осы жұмадан бастап келесі жұмаға дейін сол баспа үйінде құран хатым жасайды, ал оған дейін баспа үйін тазалап, арақ-шараптың бір шишасын да қалдырмай алып кетсін, арақ ішіп ол маңға келмесін деп ескертеді. Баспа бастығы орыс тезден іске кірісіп жұмаға тазартып баспа үйін үш жігітке өткізеді, олар тынбай Құран оқып, хатым түсіреді. Бір жұмадан кейін жуынып-шайынып, таза киім киіп, арақ-шараптан тазарған бәспәгерлер келеді. Үш жігіт басында тәкбір айтып тұрады, солай бес күнде бес жүз Құран дайын болыпты. Сол Құранның бірі менің қолыма Елбасының хәтімен тиді. Міне біздің сөздіктің жұмысы жүрмегенде сол уақиға есіме түсті. Бұл да сол сияқты болып тұр. Мұнда мұсылманша арапша, түркше жазулар бар. Біз сіздерді қатты асықтырып, ренжітіп алдық. Сол үшін сіздерді шайға шықырып, кешірім сұрап отырмыз. Сіздер ризалықтарыңызды берсеңіздер деп, Асқәрбек аға шын сөзін айтып өтінді. Араб тіліне аударған қырма сақал Қалдыбайға құран оқытып, ұзақ бата жасатты.
***
Шінмен бір жетден соң кітәп жарқырып шықты. Expo 2017 жәрмеңкесінде қазақ этно мәдениеті алты тілде сөйледі. Қазақты танығысы келгендер таласа сатып алып жатты. Асқәрбек аға балаша қуанып елдің қамы, жұрттың ісі деп табаны жерге тимей жеңіл басып, шапқылап жүр.
қосымша жүктелген суреттері:

كەلۋ قاينارى: http://www.elarna.net/oku_kk.php?tur=11&id=2414

Пікірлер:


Жазған лебізіңіз 300 еріптен аспасын!
tomendegi katekshege 99 dep jazingiz.
98 + 1 = ? sozsiz sifermen tolteringiz, aytpese pikir jaza almaymiz.

Көрші сілтемелер