Еларна қолфон нұсқасына ену

Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com




Түрі: Ел-арна газеті, бұл арадан барлық мақалаларын оқисыз

Жолданған уақыты: 22:31 - 2021/01/13

Қосымша қайнары:http://www.elarna.net/oku_kk.php?tur=11&id=2413
Тоте жазу нұсқасы:http://www.elarna.net/oku.php?tur=11&id=2413

توتە جازۋ نۇسقاسى:http://www.elarna.net/oku.php?tur=11&id=2413

Мақала жолдаушы: Nurhalyk
Мақала апторы: Нұрхалық Абдырақын
Аптордың мекен-жайі: Бейжің қаласы

Ата жұрты Қазақстанға көшіп келсе де кейінгі кезде өскен жалақысын ойлаған Нүркен көзін ашсада, жұмсада үйір-үйір жылқының тасырлап шауып жүрегенін көретін болды. Мазасы әбден қашты. Қытайдың қызыл ақшасының бетіндегі Мау төрәғәғә сағына қарады, ол «өзім құтқарам келе бер, қорықпа» деп, шақырып түрғәндәй...Бір таңда ұйқысы қырық бөлініп, талай күнді дөбекшіп атырды... Бір жетіден соң қорғас өткелінде кеденде кезккте тұрды...бұрынғыдай қалың адам, ұзынсонар кезек жоқ, екі қітәймен бірге Нүркен таможниялық тексерістен өтіп, кедендік бақылауға паспортын өткізді, құжаттарына қадала қараған арық, қысық көз қытай қыз, Нүркенді жанына келген сақшыға ілес деп, әмір берді. Оңаша бөлмеге апарып тексерді, қолфонын бір шұқығанда әлде қашан өшіріп тастаған уатсаптық жазбалары қаптап шықты. Діни видионы шұқып жіберіп, шаруасын бітірді. Көзін таңып қараңғы қапасқа салды.
***
Бала кезінен бақытты күндер кешкен Нүркен мектепті бітіріп, мүғәлімдік мамандығы бойынша оқуға түсіп, қытай тілін жақсы меңгеріп төрт жылда ауылына келді, барын салып күйініп сабақ өтті, барлық іс-шарада белсенді болып көзге түсті, тіпті науырыз айындағы «тірі Лифың» қимылы кезінде сыныбындағы оқушыларды ертіп, көшеге шығып сенбі, жексенбіде елдің бұзылған шайтан арбасын жөндеді, аулаларды тазалап көптен алғыс алды, көмунистік партияға өтті, ауданға ауысып жастар одағы ұйымына келді, қып-қызыл көмунист болып, жақсы қізмет атқарды. Жасы отыздан аса сондай бір қәсиет бойына дарыды, хан текті азаматтың болашақта қайсысы бастық болатынын алдын ала болжап соған елден бұрын жағатсып, жақсы көрінетін, өнімен шамасы жетсе дос болатын әдет тапты. Ху текті қытай досы ауданның әкім орынбасары болғанда Нүркенді одақ көмитетіне басшы етіп қоясалды. Екі тізгін бір шылбыр қолына тиеген Нүркен «Лифың мен Лайниың»ды шінмен тірілті, қол астындағы моңғол келіншекпен екі ханзу жігітін тыным таптырмай бүкіл аудандағы 28 елді мекенге жарлығын шәшті, әр ауылдың көшелеріне жарнамалық тақтайша ілдірді, жергілікті үкіметпен бірлесіп, елге қолдарынан келгенше көмегін тигізді, кедей отбасының балаларына жәрдем берді, одаққа көптеп оқушы қабылдап, жасы 28 ге толғандарды одақтан шегіндіру жұмыстарын өте жасы істеді. Екі жылдан соң аудандық үкіметтің санақ мекемесінің бастығы болып таққа өтірді.
Бес жыл сол орында қозғалмай отырды, өзі сияқты бір жылпос оны орнынан тайдырып тағын алды, қарттар мекемесіне бастықтың орынбасары етіп жіберді. Сол жерде аз ұлттарға зейнет жасына жетпей шығатын саясатты пайдаланып зейнетке шықты, елдер жаппай ата жұртқа көшті, туыстары төліғімен қазақстанға қоныстанды. Ең соңғы болып Нүркен де көшіп келді.
Ауірдің әстімен жеңілдің үстімен өскен ол саудаға ебі болмай, басқа жұмысқа зауқы соқпады. Таймас бақ, кетпес қазанға қол салып, өмірі ақша туралы ойланып көрмеген Нүркен енді өз елінде кедейліктен қорықты, студент екі ұл бір қызына қытайдан келетін зейнет ақысын қолына ұстатып, Нүркен келіншегі екеуі, артық шығыннан қашып, елді шақырмау үшін шақырған жерге бармай, бұрынғы киімдерін киіп, жыртылған жеріне өрнектеп жамау салып киетін болды, әр қыста екі соғым жейтін оның ендігі соғымы тауық болды. Кедейлікке шыдамай қытайға неше мәрте көшіп кетуге оқталып, елден ұялды. Мазасыздық, уайым оны жегідей жеп, беті айқұш-ұйқыш сызықтарға толды. Дегенмен әйелі Айман бір сабаз жаралған кем сөзді жан, тек анда-мұнда көшіп келгеніне өкінебсе, елдің ақылы қысқа әйелдері сияқты көп мазасын алмады. Бір күні көршісіне ілесіп мешітке жұмаға барды, жаны жай тауып үйіне келді, мазасыздықтан құтылды, тыныш ұйқтады. Келесі жұманы асыға күтті, жұмадан қалмай жүріп, таң намазына жығылды. Жылға толып бес намазын толық оқитын жанға айналды, жаны жай тауып, барға қанағат, жоққа шүкір етуді үйренді. Өстіп жүргенде қытайда қара дауыл тұрып, адамдарды саяси үйренуге әкетіп жатыпты деген суық хабар дүңк-дүңк етіп жетіп жатты. Шетелге кеткен қытайлықтардың айлығы да тоқтапты. Барса айлығы береді екен деген әңгімені құлағы шалып елеңдей бастады. Балалары жұмысқа тұрды, олардың студент болған кезіндегідей қинала қоймаспыз бармасаң қәйтеді деп Айман ақыл айтты. Кейінгі кезде өскен жалақысын ойлаған сайын көзін ашсада-жұмсада Нүркеннің көз алдына үйір-үйір жылқы тасырлап шауып жүретін бөлді...
***
Нүркен емхәнәдә есін бірәқ жиды. Ашудан жарыла жаздаған ол өзінің ішек-қарнын ақтарып жіберіп, қарны жер сызып сонда келіпті. Белсенді адырақпай жігіттер мәселеңді тапсыр деп, өзімен өзі қоңыр тірліктен күн кешкен оны күнде жан төзгісіз қинауға салғанда өзін өзі жарып салыпты...бұл әркетінен ештеңе шықпай жазыла сала қайта әкеліп тоғыты қарағы қәпәсқә.
Нүркен түнде түсінде өліп қалыпты, бір кезде қайта тірілді, елдің бәрі арапша Құран тілінде сөйлеседі. Атасы оған «Бұл кәпір сенің иманыңды таразылап тұр, сабыр ет» деп жоқ болды, бір кезде апасы келіп «қәйтсеңде өмір сүр, дін деген бос әңгіме» деп, құлағына ақырын сыбырлады... Тұр деген өкем дауыстан шошып оянды, бір бөлмеді сегіз адамды жалаң аяқ түрсимен тұрғызып қойып, тапал да тығыршық қытай әскері қолына сулы орамалды байлап алып, тарсылдатып сабай бастады. Сулы орамал қанша тиседе беттеріне дақ қалмайды, тіпті ең жанды жерінен ұрып, талдырып тастап шығып кетті.
Кеш бата Нүркеннің аузын ашып бір сары суды лақылдата құйды, ес-тұссыз екі күн жатып көзін ашты, мең-зең, миы жоқта емес, барда емес, бейтәрәп санаға көшіпті, ештеңе қызықтырмайды, бәріне нарау қарайды, қатын баласын есіне түсіре алмайды, көзін ашсада-жұмсада көретін жылқылар мүлде жоқ, тек бір қара сызық көреді.
***
Сен намазды таста, дініңді сат, ұлтыңды ұмыт, төліғімен қытай қоғамына сіңсең шығасың деген қағаз алдында жатты. Қазастанға барам деп армандама, сен біздің қызыл партияның адамысың, айлығың төліғімен беріліп тұрады, сені өмір бойы бақылауда боласың, егер қылдан тайсаң келетін жерің осы деп ескертіпті астында. Келіссең қол қойда шық.
Қол қойып, доңыздың етін жеп, арққа тойып бостандыққа шықты.
Сол күні түсінде Маузыдұңды көрді, жанына ертіп алыпты, қытайдың атақты дауыстық сопылары өмір сүретін У Даңшан тауында пұттарға табынып жүр...
-Сіз көмунист едіңіз-ғой.
-Дін деген іште болады, сыртымыз ғана көмунист болған.
Шошып оянған Нүркен бармағын шәйнәғәнмен анау қағазға қой қойылып, артында аңдушының бар екенін ойлады. Кезінде шолақ іштәнмен моншаға түсіп, өз тәніне қарамай күн кеше бастаған тақуалығына бұл күнде өзі де сенбейді. Бүгінде Мәркис пен Лелин пайғамары іспетті, ұстаптары олардың бас кітәбі, таза көмунист кәпір. Баяғы сары суды тағы ішкізді бір күні қытай туысы, ішпесе қайта түрмеге апарады, есі қайта ауысты...құдды Найман ана аңызындағы мәңгүрт жігітің кейпінде есі бірде бар бірде жоқ....Аузына сасық шайтан су ұртап, талтаңдай басып, қарқылдай күліп тозаққа кетіп барады.
қосымша жүктелген суреттері:

كەلۋ قاينارى: http://www.elarna.net/oku_kk.php?tur=11&id=2413

Пікірлер:


Жазған лебізіңіз 300 еріптен аспасын!
tomendegi katekshege 99 dep jazingiz.
98 + 1 = ? sozsiz sifermen tolteringiz, aytpese pikir jaza almaymiz.

Көрші сілтемелер