Еларна қолфон нұсқасына ену

Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com




Түрі: Ел-арна газеті, бұл арадан барлық мақалаларын оқисыз

Жолданған уақыты: 11:27 - 2021/01/05

Қосымша қайнары:http://www.elarna.net/oku_kk.php?tur=11&id=2406
Тоте жазу нұсқасы:http://www.elarna.net/oku.php?tur=11&id=2406

توتە جازۋ نۇسقاسى:http://www.elarna.net/oku.php?tur=11&id=2406

Мақала жолдаушы: Nurhalyk
Мақала апторы: Нұрхалық Абдырақын
Аптордың мекен-жайі: Бейжің қаласы

Тарих - әдебиеттің әкесі.
Бір Фатиха үш Ықлас оқып, сұлтан Байбарыс пен Берке ханның мүбәрәк рухына бағыштап, бір Алланның әтімен бастаймын.
Сар далада ызыңдай тынымсыз жел еседі, үйіріле ұйтқи соққан құйын лезде күшейіп, киіз үйді бір айналып, түңілікті сүйрей қашты, таңғы шайын тастай сала, отағасы Жамақ қолындағы кездігін құйынға лақтырды. Киізді төрт бүктеп шаңырақ үстіне тастады. Әйелі Әйек дастарқанның бетін жауып, адал бәқәнмен үй ішінен түңілікті түрткіштеп жөндеді, күйеуі сырттан бауын тартып, белбәуғә мықтап байлады. Үзіктің бастырғы арқандарын мықтап тартып, туырлық белбәуін шыңытты. Екі қапталдағы қазыққа тас қып бекітті. Әйек те үй ішіндегі басқұрды саумалап шыңытып шықты. Аю терісі жабылған қайқы бас төсекте он үш жасар Байбарыс ештеңеден хабарсыз ұйқыда жатыр, аузынан түскендей өзіне айнымай тартқан ұлына жақындап, сүйсіне қарап аз тұрды. Соңғы кезде өз бетінше шешім жасап, әке-шешесіне тосын сый дайындап, талай жұмысты айтқызбай тындырып жүр. Әнеу күні жаңбырда өре қашқан қойларды жалғыз өзі меңіреу тас түнек түнде иіріп, айдап келіпті. «Аман болсын» деп, іштей тілеуін тіледі. Кенет өне бойын бір түрлі суық жел аралап өтті, өзін тез жинады, күні бойы қозы баққан баласын аяды, қатты шаршапты, тұяқ серппей жатыр»,- деп күбірледі.
Жылқысы мен түйелерін көруге кетті, күн шығыстан ақырын көтеріліп келеді. Мұнарланған аспанның түбі еш көрінбейді, түнде жымыңдап, көкте самсап тұратын жұлдыздардың біреуі де жоқ. Аймен күн бірін бірі әлі іздеп жүр... Жігіт ағасы аспанға қарады, біздің ақылымыз жетпейтін дүниелер қанша ма. Кертөбелдің мылқау түнде еш адаспайтының өзі неге тұрады. Өзімен өзі сөйлесіп келеді. Тетір жел тоқтаусыз соғады. Жамақ өзін сергек ұстасада, бір зіл батпан жүк басып тұрды. Манаураған құмды, адырлы боз дала өзімен өзі, көп тарихты ішіне бүге үнсіз мүлгиді, ызыңдай тынымсыз жел ғана бірдеңе айтады.

*****
Қысы қатал кең далада аю, жолбарыс, арыстан, қәбәнмен жалаң қол алысып, ежелден батыр жаралған Тұрандықтар төрт қабырға тамға тығылған халықтарға үрей тудырып, Афрасиаф деп аталды. Бұлттар тоқтаусыз көшіп, сулар сарқырап ағып, қанша тарих жаңарды. Батыр түркі ұлдары ақ құл болып, Итальяндық жойыттардың қөлімен Қара теңіз арқылы тынбай тасылып жатты, теңіз порттарына жетісімен-ақ, өргинәл тауар сияқты тоқтаусыз сатылды. Патша Нәжмуддин өз мемлекетін жаудан қорғауда жастайынан ат құлағында өскен, күшті де қайратты қыпшақ жігіттеріне бек қызықты.
Әл-Ғаммад ас-Сайғ күн арқан бойы көтерілгенде өзін жоқтан бар еткен, денсәуліқ берген, байлық, бала-шаға берген бір Аллаға шүкіршілік етіп, екі бас намаз оқып үйінен шыға құл базарға беттеді. Көңілі тоқ, көйлегі көк ол адымдай жерді нық басып келеді. Базар, ығы-жығы адамдар, көпестердің қарасы қалың көрінді, сар далада қозы бағатын қыпшақ балаларын ұрлаудың сан түрлі тәсілін білетін жойыттар Мысырлықтар қыпшақ жігіттерін көптеп сатып ала бастағалы, қалтасы қалыңдады. Бұрынғыдай бір бала үшін күні ұзақ бұғып ши түбінде жататын жымсқылығын қойды, адам жалдап, бала ұрлататын әдет тапты. Бұл жолы Қара теңіз арқылы жиырма баланы бір жолда Дамашыққа жеткізді, рухына ақша сіңген жойыттар, мұртын ширата, жүн басқан жақ сүйектерін қайта-қайта сипайды. Шулаған адам, біреуді-біреу тыңдамайды, құл саудасы қызып тұр. Өрімдей жігіттерді қатар-қатар тізіп, мойны мен аяқтарынан шынжырға матап тастаған, алушылар киімін шештіріп тәнін тексереді.
Әл-Ғаммад ас-Сайғ құлдардың жанына жақындап, арқасынан ұрып көрді, еш қайсысы мыңқ етпеді, тек шәші көзіне түскен, төртпәқ денелі сар жігіт басын көтере, жалт қарады. Көзінен от шәшәді, сұсты жүзінде бір ашу бар, жаралы жолбарыстай долданады.
-Бағасы қанша?
-800 дирхам.
Аяқ-қолын босатып еркін алып жүрді. Үйіне әкеліп тамақ берді. Бар тірлігін тындырған жігіттің шапшаң қимылы, бәрін айтқызбай істегені қожайынға қатты ұнады. Байдың үйіне келген досы әмір Алауддин Атекін әл-Бундуқдари Байбарысы бір көргеннен көзіндегі отты байқады. «Мына құлыңды маған сат»,-деп жабысты. Әмірдің сөзінен шыға алмай амалсыз сатты. Енді оның есімі Байбарыс әл-Бундуқдари болды. Әмір Ақтайдың басқаруындағы бахри мәмлүк жәуінгерлерінің қатарына қосылды. Сар даладан жел айдаған қаңбақтай келген, өзі сияқты Айбек, Мұғаз Қылыш, Қалауын, Қанай, Санжар, Көшербектерді тапты. Күннен күнге Байбарыстың жұрттан мойны озды, оның шапшаңдығы, ширақ қимылы, миының өткірлігі, ер жүрек, өжеттігі мен мығым қайраты, бойындағы намысы мен жүзіндегі сесі жәуінгерлік шеберлікке ұласып, ерекше көзге түсті. Әсіресе, бір жолы судың арғы бетіне жалғыз өтіп, жаудың бекінісін тас-талқан еткені, араб жұртына аңыз болып тарады.
***
Айбек сұлтан тағына отыра сала, атағы күннен күнге аспандап бара жатқан Байбарыс тобын құртуды ойлап, өзінің сенімді адамы Сейфуддин Құттызға Байбарыстың әмірі Фарисуддин Ақтайды өлтіруді тапсырады. Жастайынан құлдыққа бірге түсіп, жәуінгерлік жолды бірге басқан ол Айбектің бөсбелбеу екенін өте жақсы білсе де, әлсіз жөлмен билікке келген оның пәрменін Байбарыс жорықта жүргенде тез орындап, өзіне жол ашты. Сейфуддин Құттыз аз күнде Айбек сұлтанды мәңгілік ұйықтатып, Мысыр сұлтандығын қолына алды.
Сырты қандай қара болса, іші де сондай қара ұзын бойлы, қыр мұрынды, терең ойлы Құтыз сұлтан таққа шыға Байбарыс туралы ойлады, ол жаныма келсе әрние, сыртқы жау жолай алмайды, бірәқ сұлтандық соған өтіп кетеме деп қәуіптеніп өз ойынан тез қайтты.
Көз алдында Ақтайдың сом денесі, адал бейнесі кетпей, көлбеңдей берді. Арамдығы болмаса, жаулығы жоқ, өз сұлтаны Айбек есіне түсті...Есік қағылып, хатшының көзі жапақтап, монғол елшілері келіп тұр деді. Құтыздың екі тізесі дірілдеп, жақ сүйегі кемсеңдеп кетті, не істерін білмей, қөлімен кірсін дегенді зорға ишара жасады. Қорыққаннан көзінің аласы барған сайын көбейе берді. Төбесінде темір мүйіз айдары бар тақырбас Иран елхәні Хуләгудің елшілері сау етіп, сарайына кіре, хатты ұсынды. Бағдатты алып, халифаны өлтіріп, парсылардың күлін көкке ұшырған жер бетінің әміршісі Хуләгуден хат. Тез беріл, болмаса аз күнде сені де ирандықтар сяқты ат құйрығына салам деп, шорт кесіпті. Құтыздың бойынан әлі кете берді, тынысы үзіле жаздап дірілдеп, табанының астынан жер жылжып бара жатқандай болды... Байбарыстан басқа сүйенері қалмады. Елшілер шыға Шам жақта жүрген Байбарысқа кісі шаптырды, өлердегі сөзін айтып, уәдені үйіп-төгіп хат жаздырды. Байбарысты қөшеметпен қарсы алып, өзіне жақын уәзірлер сарайына орналастырып, әскери қолбасшы етіп, тағайындады. Соғыс өнерін өте жетік меңгерген Байбарыс Айн Жалұтта Иран елхәні Хуләгудің ұлы Кетбүғәнің басын алып, Монғоладарды ойсырата жеңді. Жанындағы Қалауын бастаған ақылшылары Құтыздан билікті тартып алуға кеңес берді. Байбарыс көп толғанды, билікке кісі қанын мойнына жүктеп жетсе өз тағдыры қалай боларын ойлады. Сол сәтте шайтан оның жанына жақындап, есіне ұстазы әмір Ақтайды салды, Құтыздан оның кегін алуды құлағына сыбырлады, моңғолдарды жеңсең, Хәлеб аймағына әмірші етемін дегені қайда деп, одан сайын ашуын келтірді. Ақыры сұлтанды өлтіріп, 37 жасында Байбарыс таққа отырды.
Ол қарапайым және діндәр сұлтан болды. Кедей-кепшіктердің ашына айланып, тоғына толғанды, жетімдерді өз қолтығына тартты. Жазықсыз тұтқындарды босатып, кең сахарада киіз үйде өскен далалық өркениеттің кеңдігін көрсетті. Туған Қыпшақ тілінде сөйледі. Әр қалада тұрақты әскер ұстап, ішкі тәртіпті күшейтті. Крестшілермен ұрыстарда Қайсария, Арсуф, Сафад, Яфа және басқа да қамал-қалаларын бірінен соң бірін алды. Әл-Мансурадағы шайқаста Байбарыстар дұшпанды тас-талқан етіп жеңіп, Франция патшасы ІХ Луисті тұтқынға алады. Ірі шаһар Антәкияні мұсылмандарға қайтартты. Атағы алыстарға жетіп «әл-Мәлик аз-Заһир» – «Жеңімпәз патша» деген атқа ие болды.
Барлық нәрсе Алла қалаған кезде болатындығын жақсы білген сұлтан Байбарыс Аббәсидтер әулетінің ұрпағы Әбу Аббас Ахметті мысырға әкеліп, халифа сайлады. Құран мен Пайғамбар сүннетіне берік болатындығы туралы оған ант берді. Сөйтіп мұсылман халифатын қайта жаңғыртты. Халифада рухани билік, сұлтан Байбарыста саяси билік болды. Суннит жолын ұстанатын төрт мәзһәбқә төрт қазы тағайындап ел басқартты. Мысыр гүлденген елге айналды. Әл-Азһар медресесін түбегейлі өзгертіп, жаңартты, шартараптан шәкірттер ағылатын іргелі оқу ордасына айналды. Мысыр мен Дамашықта көптеген медреселер салдырды. Кәйрдегі «Заһири» медресесіне мол кітәп қорын құрды.
Кайр шаһарында Заһир Байбарыс жәмиі деп аталатын үлкен жұмалық мешіт салдырды. Көптеген арықтар, кәнәлдәр қазып, көпірлер салды, Ніл өзенінің суын есептейтін үлкен құрылғы жасатты. Мәдинәдәғі Пайғамбардың (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) мешітіне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізді. Шамдағы Ибраһим (Оған Алланың сәлемі болсын) пайғамбардың мешітін жаңартты. Иерусәлимдегі әл-Ақса, Қуббат Сахра мешітін жөндетті.


*****
Жасы қырыққа таяған Мысыр сұлтаны Байбарыс алтын тақта отырып, жусан исін аңсады. Көкбәр тартып, теңге іліп, жамбы аттырды, қыз қудырды, аңға шықты....сағынышы жазылмады, аяулы сар даласын қатты аңсады, киіз үйді, өзі жататын аю терісі жамылған қайқы бас төсекті есіне алып, сағыныштың сал шекпенін қымтай түсті. Таба нанның иісі мұрнына келді. Анасының саусағының табы қалған ірімшік, сықпа құрты есіне түскенде аузынан су ақты. Қатты құртты бұлақ суына тастап қойып, бір айналып келіп малжаңдай шайнап қозы бағатын, кештетіп бұзу іздейтін, жеткізбейтін бұзаудың құйрығынан ұстай алғанда, дедектете сүйрей жөнелуші еді... Сардаласын сағынды, қатты сағынды.... әкесі мен шешесі өзі жоғалғанда не күй кешті деп, көзінен ыстық моншақтар төкті.... тұла бойы шымырлап, орнынан атып тұрып, туған елім үшін, дін ислам үшін не істеуім керек деп өзін жегідей жеді.... хатшысы Мұхиддиын Абд-аз-Зәхирді шақырып, Алтын орданың ханы Беркеге қыпшақ тілінде хат жазуды бұйырды. Хатты үш қайтара оқытып, қайта-қайта аса іждәғәттіқпен түзеді.
«Бисмлләһи рақыман рахим! «Бір Аллaдaн бaсқa құдaй жоқ»! Алла қалаған құлының дәрежесін өсіріп, басқалардың ісін салып қояды.
Аса қүрметті Берке хан сіз aқыл¬ды, пaрaсaтты aдaмсыз, сіз Аллaны тa-ни¬сыз, Оғaн бaс иіп сәж¬де¬ге ке¬лдіңіз. Адaмды Аллa то¬пырaқ пен рухтaн жaрaтты. Ол екеуі бір-бі¬рі¬нен бө¬лін¬бейді. Осы екеуі¬нің қaже¬ті үшін aдaм өмір сү¬ре¬ді. Егер тән¬ін aзықтaндырмaсa, aдaм aштaн өле¬тіні сияқты, ру-хын aзықтaндырмaсa, ті¬рі өлік¬ке aйнaлaды. Рух¬тың aзықтaнaр кө¬зі- ислaм ілі¬мін¬де.
Жер бе¬тін¬де¬гі әрқaндaй іс¬тің туыл¬уын¬дa Аллaның қaлaуы болaды. Аллa тaғaлa он се¬гіз мың ғaлaмның жaрaту¬шы¬сы, рет¬теу¬ші¬сі, ри¬зық бе¬ру¬ші¬сі. Аллa бү¬кіл әлем¬де¬гі үлкен-кіші бaрлық іс¬тер¬ді іс¬теуге шaмaсы же¬те¬ді. Бұл дү¬ниеде қaндaй дa бір іс болсa, ол тү¬гел¬дей Аллaның қaлaуі¬мен болaды. Мысaлы: туылу, қaртaю, aуру, өлім, т.б. тіп¬ті кірпігіңіздің қимылы дa Аллaның қaлaуі¬мен болады. Алaйдa, бaрлық іс¬тің болуынa бір се¬беп жі-бе¬ре¬ді. Өкі¬нер¬лі¬гі кейбір aдaмдaр Аллaғa иек сүйе¬мей, се¬беп¬тер¬ге иек сүйе¬п тұрып «Біз Аллaғa сүйене¬міз, не¬ге Аллa біз¬ге кө¬мек¬тес¬пей¬ді?»,- дей-ді. Алла Тағала біз жоқ кезде бар еді, бізді жаратқан соң өзі көрінбей жасырынды, «құлым енді өз бойыңнан мені көрсет»,- депті.
Ислам дінінің жағдайы және келешегіне тоқталып, сол кездегі араб әлеміндегі саяси ахуалды егжей-тегжейлі баяндады.
Өз әскерінің қуатты екенін айтты. Құрамында қыпшақтар, түркмендер, күрдтер, арабтар бар екендігін жазды. Алла ризалығы үшін Хуләгуғә қарсы қәсиетті соғысы жүргізуге шақырады. Мысырға келген монғол-түріктерді аса жылы қарсы алғанын да жазды. Оларға ат-киім беріп, Кәйрде арнайы үйлерге орналастырып, кейбірін өз сарбаздарына əмір етіп тағайындағанын жеткізді. Беркеге арнайы сыйлықтар жіберді. Бас кәдеге Шамдағы хәзреті Осыман (р.а) қалдырған жалғыз Құранды таза мәтәмен орап, оның сыртын кестеленген қызыл әтләспен тыстап, илеген таза терімен қаптап, туған жеріне сирек кездесетін нуба түйесінің шудасына байлап жіберді. Кіндіктен түсірмей Құранды оқу үшін арнайы қарағаштан жасалған сөресін қосып берді.
Күміспен күптелген піл тісі, күміс шамдар және құлыптар, жайнамаз, түрлі түсті кілемдер, қымбат асыл киімдер, лағыл тастар, гәуһәр жүзіктер, алтын жалатылған темір шоқпарлар, күміс ер- тоқым, асылға суарылған ұстара, жібек жіптер, ала маймыл терісі, найза, қылыш, терімен қапталған сандық. Одан бөлек асыл текті жүйрік аттарды жіберді. Адал-арамды жетік меңгерген аспаздар. Ғұлама ұстаздар және әдепті құлдар қосты. Хатты оқып беруге өзінің сенімді имамы Мәджуддинді бірге жіберді. Әмір Көшербекті басшы етіп, Бағдаттан келген Сараған ноянды қосшы етіп, сәт сапар тілеп аттандырды. Өз еліне деген ыстық махаббатын, туған жеріне деген сағынышын әр сыйлықтың ішіне сіңірді.
*****
Жер бетін жаулаушы, әлем кәртәсін тетір айналдырған Шыңғысхан соңғы демінде өңмен түстің арасында не өлі емес, не тірі емес жатты... Тәңірі оған көп нәрсені көзіне көрсетті... өзінің меркіт бәһәдүрі Қазанның әйелі Ұлынның ішінде келген бала екенін көрді. Балаң жігіт шағында әкесі Яссукәйдің тірі кезіндегі құдалықты бұзбай, сертке берік қоңырат елі қалыңдығы Бөрте сұлуды жалғыз үй Темужинге берді. Жолда меркіттің жігіттері тартып алып, ат артына салып Бөртені алып кетті. Ол күш жинап барғанша жылға жуық уақыт өтіп, сол жерде Жошы туылды. Өмір бойы күдіктеніп келген тұңғышының да өзінің де меркіт екенін сезді. Ұлдарының ішіндегі нағыз көкжәлі осы Жошы екенін еріксіз мойындады. Өзі өлтірткеніне өзегі оттай өртенді. Оның ұрпағы кең-байтақ даланы алақанына ұстап тұрғанын, өзінің жетпеген жеріне, солардың билік құрғанын көрді. Оларға ешкім жауласып тең келмейді. Бақ пен таққа таласқан олар іштерінен іріп, қанды шайқастар жасағанын, қылыштарының даусын естіді....Өз бауыры Хасарды сәдәқпен атып өлтіргені, өз ұрпақтарының арасында алапат соғыс болып қайталанды. Ұрпақтары өздері басқарған халықтарға сіңіп, жоқ болды, ат үстінде алған жерлерді, ат үстінде басқару қиынға соқты, төсеніш қып төсеген әйелдер ұрпақтарын ана сүтімен басқаша тәрбиеледі. Ділі әлсіз, діні бос халықтың түптің түбінде жоқ болатынын көрді. «Менің өмір бойы жасағанымның бәрі бекер болған екен? Жер бетінде адам баласының менікі дейтін ештеңесі жоқ екен, Тәңірі адамды ерік қалауы бойынша жақсылыққа, не жамандыққа пайдаланады, жақсылыққа пайдаланғандар қандай жақсы, жамандыққа пайдаланғандар қандай жаман»,-деп күбірлеп жатып жан үзді.
***
Орда Ежен, Бату, Берке үшеуі бір үйде бір төсекте тел қозыдай тебісіп өсті. Әкесі Жошыдан қалған кең даланы місе тұтпай Бату қалың қолын бастап, батысқа жорыққа аттанды. Жайықтан өтіп, Еділ маңындағы бұлғарларды бағындырып, қырық құраулы орыс кінәздіқтәрін шетінен талқандап, тез жаулады, одан ары Киев қаласын басып алды. Польшаны, Венгрияні, Чехияні, Молдавияны ойрандап, Ертіс өзенінен Дунайға дейінгі кең-байтақ даланы уысында ұстады. Шығыс Еуропаны алған Бату хан Еділ бойына қайтып келіп, әлтінмен аптап, күміспен күптеп хан Сарайын жасатып, Сарайшық қаласын салдырды. Батыс пен шығыстың көпестерінің сауда керуендері тоқтамай өтпеді. Атса оқ, шапса қылыш кеспейтін айбар бітті Батуға. Ағасы Орда ежен мен інісі Беркеге де жер беріп, өз алдына ел басқартты. Берке сөлтүстік Кәвкәз және Еділ бойында түрік-монғол елін билеп отырды.
****
Бұхараға жаңа барған айдарынан жел ескен монғол әмірші, Сейфуддин Баһарзи атын жиі естіп ашуланды. Жандайшаптарын шақырып, «Оның атын естімейтін болайын»,- деп әмір етті. «Әуелі оның бар байлығын қазынаға өткізіңдер, сосын өзін»,- деп зәр шәшті. Сейфуддин Баһарзи Алла жолына шын берілген тақуа кісі еді, бала оқытып, олардың тамақ кимін өзі беріп, артылғанын кедей-кепшікке тарататын. Айдаған астығы жыл сайын еселеп өнім беретін, таңқалған еңбекшілеріне Жартушының кедейлерге менің қөліммен бірген ырыздығы дейтін. Әпербәқән шабармандар аласұрып жетті.
-Молдаға дүние керек емес, сіздің бар байлығыңыз бен жер телімдеріңізді түгелдей өткізсін деді,- деп қолдарын шошаңдата әмірдің сөзін сол бойынша жеткізді.
- Сабырлы қалпын бұзбаған ол, менімен сөйлесуге әмірлеріңің өзі келсін,- деп шығарып салды.
Далаға шыққан Сейфуддин Баһарзи хәзіреттері бір уыс топырақты алып, «Алланың әулие қүлімен ойнағанның өзі құриды, һу!»,- деп әміршінің келетін бағытына шәшті. Сол сәтте шабармандарының ортасында келе жатқан әміршінің аты жалт беріп, оқыс секіре үрікті, аттан құлап мойны үзіліп өлді. Бұл әңгіме бүкіл сар далаға желмен жарыса тарады. Осыдан соң Бұхараға келетін әкімдер Сейфуддин Баһарзи хәзреттерін ақылшы тұтты.
Бату Берке мен баласы Сартақты бір түмен əскермен жіберіп, Шағатай мен Үгедей ұрпақтарына билікті бермей, ұлы хан тағына Төленің ұлы Мөңкені отырғызды. Жошы мен Төле ұрпақтары бір жақ, Үгедей мен Шағатай ұлыстары бір жақ болып, келешек мың жылдықтағы үлкен ұрыстың негізін қалады.
Бату хан дүниеден өте сала Монғол үстіртіндегі Ұлы хан Мөңке Беркенің мұсылмандығынан ойлап, христиан Сартақты өзіне тартып, оны Қарақорымға шақырып, ұлыс билеушісі етіп тағайындады. Сартақ Қарақорымға кеткенде Берке өзін ұлыс ханы деп жариялап, ұлы хан Мөңкеге салық төлеу, соғыс олжасын тапсырудан бас тартып, шын мәніндегі Алтын орда мемлекетін құрды.
Отыздан асқан шағында Берке түсінде тізесінен батпаққа батып шошып оянды, ертесі сол батпаққа белінен батып жатқанын көріп әбден есі шықты, үшінші күні түсінде тағы сол батпаққа тамағынан батып, тынысы тарылып оянды. Орнынан тұрғанда шінімен тыныс алуы барған сайын қиындай берді, ешкімге айта алмады. Бір жұтым ауанның қәдірін енді білді. Бірер минут тынысы тоқтаса демі үзіліп, бүл дүниеден кетерін әбден сезді, есі шықты, бір ұлы күштің барын шын білді. Тездетіп Бұхараға Сейфуддин Баһарзи хәзіреттеріне жолға шықты. Қалаға кіре азаның даусын естіді. Беркенің тынысы ашыла бастады, Баһарзи хәзіреттерінің есігіне келді, жанын жегідей жеген мазасыздықтан құтылып, бір тыныштыққа шомды, ойынан бәрі өшті, өзінің ханның тұқымы екенін есіне алайын деседе ала алмады. Нәмүрт патша Ибраһим (ғ.а) ды отқа жаққанда, Алла тағала отқа «салқын бол»,- дегенде оттың оны жақпай, пайғамбар оттың ішінде балаша уайым-қайғысыз ойнап отырғанындай күй кешкен Берке өзінен айырылып бар салмағын жоғалтты.
Беркенің шын, жалған нитпен келгенін тексеру үшін әулие оны үш күн есігінде күттірді. Еш қабылдамады, тіпті назарын да салмады. Төртінші күн болғанда дәргейіне шақырып, ғұсыл алдырып. Айатул курси, фалақ, нас сүрелерін оқып оған дем салып, шаһадат кәлимәсін айтқызды. Шыңғысхан әулетінде Берке алғашқы мұсылман болды. Аллаға жалынып, Құдайдан Сартақттың көзінің құруын тілеп, дұға жасады. Аз күн өтпей Сартақ дүние салды. Берке ханның иманы қырық кез күшейді, «Мен дәретсіз жер бассам халқым не істемейді»,- деп жанындағы сенімді адамдарын дерлік мұсылмандардан тағайындады. Монғолдардың быразы мұсылман болды. Өзімен бірге алып жүретін көшпелі шатыр мешіттері мен арнаулы азаншылары, имамдары болды. Тоқтаған жерінде бес намазын қаза қылмай жәмәғәтпен оқыды.
Берке тек күпірлерге соғыс ашты. Әуелі өңтүстік орыс жеріндегі Галиц-Волынь кінəзі Даниил Романовия жорық жасады, Бұрындай жасақтары Галиц-Волынның тас-талқаның шығарады.
Халқы Беркені өте жақсы көрді. Ел басқару ісіне білімді мұсылмандарды тартты. Басқару жүйесінде шариғатқа қайшы келмейтін дəстүрді ұстанды. Барлық қалаларда мешіттер мен медреселер, керуен-сарайлар нұр шәшіп тұрды. Шыңғыс ұрпағы мұсылман христиан болып екі ұлысқа бөлінуін бастады.

*****
Елшілерді жылы қабылдаған бас уәзір Шарафуддин әл- Қазуин, хан алдына кірудің тәртібін түсіндірді. «Қару жәрәқпен, сәдәқпен кіруге болмайды, сол жақтан кіресіздер, сол босағаға заттарыңызды қоясыздар, босағаны тебуге, табалдырықты басауға бомайды, хан алдында тізерлеп отыру керек»,- деп ескертті.
Ақ орда, киіз үйдің төрінде тақта Берке хан, оң жағына үлкен қатын Шыншыл. Ханның сол жағында шейх- Ахмет отыр. Ханның әмірлері екі қабырғада тізіліп жағалай қонжиыпты. Маджуддин алғашқы болып Құранды көтеріп «Ассәләумәғәләйкум уа рәхәмәтулләки уәбәрәкәту»,- деп даусын соза сәлем бере кірді. «Уәғәләйкумәссәләм уа рәхәмәтулләки уәбәрәкәту»,- деп орнынан тұрып Құранды қолына алған Берке хан маңдайына басып, сыртынан сүйіп бас уәзірдің қолына ұстатты. Алла сөзін биік орынға жайғастырған уәзір, хатты оқуды бұйырды.... Жүректен жүреке жол жалғасты, Байбарыстың қыпшақ тіліндегі хатын тыңдаған Беркенің селдір сақалы дірілдеп, жалпақ беті жымыңдап, алыстан өз тілімде хат келді деп қатты қуанды. Құлағының артына қайырған қалың шәшін қайта-қайта оң қөлімен салалады. «Нағыз Құрандағы ихуан (бауыр) біздерміз»,-деп хан Берке төңірегіне көз салды. Алтын белдігіндегі гәуһәр тастарды сипалап, әлтінмен апталған қошқар мүйізді ұстап, бірәз үнсіз отырды. Елшілерге әлдімен қымыз әкелдіріп, артынан қайнатылған бал берді, содан соң буы бұрқырап астау-астау ет келді.
Бас елші Көшербәйғә тесіле қараған Берке хан.
-Нілдің үстіне адамның сүйегі тасталған ба? Оның үстінде адамдар жүреді екен, сол рас па?
- Жоқ, ол өтірік хан,- деп шүңірек көзін сыртына шығара жауап берді.
Хән жанындағы шейхі -Ахмет бәсең үнмен ханнан рұқсат алып сөйлеп кетті. «Ертеде Мұса (ғ.а) пайғамбардың заманында Аудж бин Анақ деген алып адам болыпты, Ніл өзені оның тобығына келеді екен, ол күннің ыстығында судағы киттерді ұстап алып, отқа қатап жеп сүйегін теңізге тасайды екен, кейін оны Мұса пайғамбар өлтіріпті деседі, соның сүйегі суда жатқанда адамдар үстімен жүріп, Нілдің арғы жағасына өтіпті еседі»,- отырғандардың бәрі Берке ханның арыдан қозғап отырған сөз төркінін енді түсінді. Жиырма алты күн жатқан елшілерге сый-сияпатын жасап, қайтарма жауап хат жазды. Өзінің Бағдаттағы хлифа мен Хөрезімдегі 5000 шәһиттің кегін алғанын айтып, Хуләгудің жолын бөгеу үшін Байбарысқа Евфрат маңына әсер жіберуді сұрады. Өз адамдары Арбұқа, Арбатур, Артмаштарды Байбарыс елшілеріне қосып Мысырға жібереді.
Туған жерінен келетін елшілерді елеңдеп, күтіп жүрген Сұлтан Байбарыс теңіз жағасында алдынан шықты. Бала кезі көз алдында шұбырды, әкесі Жамақ пен шешесі Әйектің ортасына жататын ерке шағы есіне түсті. Ұзын бойлы, сәркідір тартқан арық елшіні әкесін көргендей қайта-қайта бауырына қысты, үстіңнен жусанның исі шығады деп, ыстық- ыстық жас моншақтарын төкті. Ордаға әкеліп үлкен қонағасы беріп, ұлан асыр той жасады. Туыстарының келгеніне ат шаптырып, қыз қудыртты, теңге іліп, жамбы аттырды. Балуан салдырды, киіз үй мәдениетін, далалық өркениетті ондағы жергілікті арабтарға көрсетті. Рамазанның он жетісі бүкіл Мекке мен Мадина қаласында ұмыра қажылықта жүрген мұсылмандарға Берке хан атынан қажалық жасауға жарлық шығарды. Өзінің ұлының атын азан ашқырып Берке хан деп қойды.
Одан бері талай ана бесік жырын айтты, талай боздақтар түйенің қомында жыр жазды, талай батыр аттың жалында күй шертті, сол баяғы манаураған құмды, адырлы жусанды дала өзімен өзі, көп тарихты ішіне бүге әлі күнге үнсіз мүлгиді, ызыңдай тынымсыз жел ғана бірдеңе әйтәді...Бейбәріс сұлтанның алыста, тәні топырақта жәтқәнмен рухы туған жерінде боз жусанның исін құшырлана өбеді....
қосымша жүктелген суреттері:

كەلۋ قاينارى: http://www.elarna.net/oku_kk.php?tur=11&id=2406

Пікірлер:


Жолаушы: #3733، Уақыты: 23:09 - 2021/01/17

Керемет екен, көп рәқмет


Жазған лебізіңіз 300 еріптен аспасын!
tomendegi katekshege 99 dep jazingiz.
98 + 1 = ? sozsiz sifermen tolteringiz, aytpese pikir jaza almaymiz.

Көрші сілтемелер