Еларна қолфон нұсқасына ену

Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com




Түрі: Ел-арна газеті, бұл арадан барлық мақалаларын оқисыз

Жолданған уақыты: 22:36 - 2020/12/28

Қосымша қайнары:http://www.elarna.net/oku_kk.php?tur=11&id=2403
Тоте жазу нұсқасы:http://www.elarna.net/oku.php?tur=11&id=2403

توتە جازۋ نۇسقاسى:http://www.elarna.net/oku.php?tur=11&id=2403

Мақала жолдаушы: Nurhalyk
Мақала апторы: Нұрхалық Абдырақын
Аптордың мекен-жайі: Бейжің қаласы

Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың әтімен бастаймын.
Пайғамбарымыз (с.а.у) мен асхабына сәләуәтпен сәлем болсын!
Ақыл белгілі бір жерге барған соң тоқтайды... Құдды тау шыңдарына шыға алмай етекте қалған темір тұлпар іспеті, енді жүрек көзі жол бастайды,сол кезде адам адамдық міндетін сезінеді. Абайша айтқанда «пайда ойламай, ар ойлап» өзін есепсіз арнайды... Сап иман, шын ғылым, ар, ұят, әдеп, отан, туған жер, ана т.б. содан кейін ғана бәстәләді.
Шөл жазиралы араб даласы, құрғақ ыстық. Араб жарты аралының шығысында Барса, өңтүстігінде Амман, одан ары Үнді мұхиты. Терістігі ақ теңіз. Ақ теңіз жағасында Пәлестин жері Газаадан басталып, Ирақтағы Фырат өзеніне тіреледі. Батысы қызыл теңіз, оған пәрәллель Ухуд, Әбу Қубайыс, Нұр тау сілемдері Иеменге дейін созылып жатыр. Тайф, Мекке, Мәдинә, Жаңа Хижаз өлкесі осы аймақта. Жида мен Жанбу да теңіз жағалауындағы қала. Қызыл теңізге 40 тан 100 шақырымға дейін. Теңіз деңгейінен биіктігі 2000 шақырым.
Тау арасында жанбағысқа қолайлы сулы егіс алқаптар да бар.
Алла Тағала осы даланың топырағынан ең алғашқы адам Адам Ата (а.с) ды жаратып, екі түрлі рух үрледі. Бірі рух-хайуани, Алла Тағаланың (Жәләл) сипатынан. Оның кеңесшісі шайтан. Екіншісі рух-адами. Ол Алланың көркем ( Жамал) сипатынан. Оның кеңесшісі періште. Рух-хайуанидың қалайтыны ішіп-жеу,шектен шыға сәндену, қызыққа белшеден бату...қашанда жамандыққа шақырып, сан түрлі әйләмен соны жасауға күш береді, міне бұл нәфіс. Ал рух адамидың қалауы өзін танып, Жараушысын зікір ету, құлшылық жасау, Алланың әміріне бағыну. Адам тәні қашанда күрес майданы....сол үшін Алла Тағала белгілі мекенге, белгілі қауымға Пайғамбарлар жіберіп, тура жол көрсетіп, түрлі ілімдер үйретті.... Пайғамбарымыз Мүхәммед (с.а.у) Арабтың немесе басқа бір қаумға тиеселі емес, барлық адамзат пен жындарға жіберлген соңғы Пайғамбар Мүхәммед (с.а.у) ды адамның алғашқы жұрты қәсиетті Меккеде туылды.
Ғылым екі түрлі бірі әрбір адам баласына парыз болған Илаһи (адам болу, мәңгілік ілімі) өзінтәну, сол арқылы Жартушысын білу ілімі. Екіншісі бір адамның үйренуімен басқалардың мойнынан қарызы түсетін бір мамандықты меңгеру. Сол қәжет үшін бұл дүниеде адамдар бір-біріне байланаған.
Әлемнің рахым нұры дүние есігін ашқанда.... мәжусилердің мың жыл сөнбеген оттары өшті, Ирандағы Кисра сарайларының тіректер өздігінен құлады. Қағбадағы барлық пұттар кенеттен сынды. Сауа көлінің суы тартылды. Сәмуә сайы су астында қалды.
Пайғамбарымыздың сүт анасы Халима анамыз сәби Мүхәммедті (с.а.у) құшағына алғанда бір хикметті сезді. Оның болдырған есегі жүрдек болып, жеңіл басты, бұрын кеткен құрбыларын басып озып, үйіне елден бұрын жетті. Басқалар таңдана сөз етті. Содан бастап, ол үйге, тіпті сол ауылға құт береке кірді. Қуаңшылықта бүкіл ауыл Халима апайдың мал жайған жеріне мал жайып, апатан аман қалды. Бала кезіндегі садр (көкірек) тазалу уқиғасына ауыл балалары куә болды. Қай кезде де төбесінде бір шоқ бұлт сая болып, өмір бойы бірге еріп жүрді.
Алла Тағаланың әмірімен адамзаттың асылы, адамдар санасын жаңғыртты...
Пайғамбарымыз (с.а.у) туған жеріндегі өрмекшінің торындай жауларына қарамастан, өз қауымы, өз мекені емес бүкіл әлемді қараңғылықтан жарыққа, надандықтан ілімге бастады.
Пайғамбарымыз (с.а.у) сол тұстағы Византия, Иран, Мысыр, Алксәндрия, Месөпөтәмия қатарлы алпаут империя патшаларына хат жәзәді.
Хижреттің жетінші жылы мұхарам айында Пайғамбарымыз (с.а.у) хз. Амр ибн Умаййаны елші етіп, Хабаш әміршісіне хат жіберді.
Алланың әтімен басталған хатты оқыған бойдан Алланың қәләуімен христан Нәжәши мұсылман болды.
Византия (Рум) имперәтөрі Герәклийге хз. Дихиятул Кәлбиді елші етіп,
хат жіберіп, мұсылмандыққа шақырды.
Бір Алланың әтімен бастаймын!
Алланың расулы Мүхәммедтен Рум билеушісі Герәклиге!
Уә, Рум басқарушысы мен сізді Мұсылман болуға шақырамын! Мұсылмандықты қабылдасаңыз сау-сәлемет тіршілік кешіп, Алланың теңдесіз сиына ие боласыз. Егер шақырумды қабылдамасаңыз, жамандықта қалған бүкіл халқыңыздың обалы сізде болады.
Газада жүрген Әбу Суфиян (ол кезде мұсылман болмаған кезі еді) ды шақырып,Пайғамбарымыз туралы сұрап білді. Шінмен Хақ Пағамбар екендігіне Рум билеушісі шын сенді. Алайда поптардың қарсылығынан қорқып, өзі іштей иман келтіріп, оны жасырып қалды. Пайғамбарымыз (с.а.у) ға қымбат сыйлықтар жіберді. Пайғамбарымыз:«Византия менің хатымды қанша уақыт сақтаса, сонша мезгіл дәурендеп тұрады»,- деді.
Місір билеушісі Муқауқасы Пайғамбарымыздың елшісін өте жақсы қабылдап, екі қыз бен, бір әқтүсті дүлдүлді Пайғамбарымыз (с.а.у) ға сиға жіберді.
Пайғамбарымыз: «ол байлығынан айрылып қаламын деп, мұсылман болған жоқ. Бірәқ ол байлығы оның қолында қалмайды»,- деді. Артынша солай бөлді.
Хижреттің жетінші жылы мұхарам айында ха. Абдулла
ибн Хузафаны елші етіп, Иран Кисра Хусрау Пәруизиді мұсылмандыққа шақырып хат жіберді.
Аса мейірімді әрі қамқор Алланың әтімен!
Алланың Пайғамбары Мүхәммедтен Парсы билеушісі Кисрәғә!
Сәлем-тура жолды талап еткен және оған ерген, Алла мен Пайғамбарына иман келтірген, Алладан басқа Құдай жоқтығына, Ол жалғыз және серігі жоқтығына, Мүхәммед (с.а.у) Алланың құлы және Пайғамбары екендігіне куәлік еткендерге болсын! Мен сені Алланың дініне шақырамын! Мен, тірілерге хабар беріп, мойындамайтындарға Алланың азабы шын екендігін ескертетін, Алла тарапынан жіберілген Пайғамбармын. Мұсылман бол! Амандықта боласың. Егер менің сөзіме құлақ аспасаң барлық мәжусилердің күнәсі мойныңда болады.
Кисра оқыған бойда асау нәфісі ашудан дірілдеп, хатты жыртып тәстәді.
«Менен бұрын елші өлтіргенде, сені өлтірер едім»,- деп айбат шекті.
Кисра Ймен әкімі Базанға шұғыл хат жазып, «Хижазда Пайғамбармын деп жүрген адамды ұстап әкел» деп әмір етті. Базан Кисраның бүйріғімен, хат жазып екі адамын Пайғамбарымыз (с.а.у) ға жібереді. Пайғамбарымыз (с.а.у) елшілерді жылы қабылдап, оларға мұғжизалы хабар беріп: «Кисраны ұлы Ширауайһ өлтірді. Ислам енді оның өлкесіне үстемдік құрады. Базан мұсылман болып, әкімдік орнында өтірәді»деді. Оларға сыйлықтар беріп, шығарып салды. Елшілер Именге қайтып келген соң бірнеше күн өткенде Пайғамбарымыз (с.а.у) ның айтқан хабарын өз қүләқтәрімен естіп, мұсылман болды. Осыдан кейін Базан мұсылман болды. Исламның алғашқы әкімі деген қүрметке ие болды. Басымыздың тәжі, көзіміздің нұры, екі дүние сұлтаны сүйікті Пайғамбарымыз (с.а.у) ның әр өзі, әр ісі Ұлы Жаратушының әмірімен, ешқәндәй кездейсөқтіқ жоқ. Ақыл жетпейтін, жүркпен сезетін, көкрек көзімен көретін, мұғжизаға толы ғибаратты өмір....
Қәсиетті Мекке. Ежелден араб жарты аралындағы маңызды үлкен қала.
Қаланың өңтүстік шығысында Нұр тауы, ондағы Хира үңгірі көп сырды ішінебүгіп, қалаға көз салады.
Адамдар күнәнің сан түрін ойлап тауып, жез өкшелік пен зинаны ашық жасағаны сондай, ұл-қыздар өз әкесінің кім екенін білмей тексіздік жайлаған. Арзан сөзді ақындардың көбейіп, өлеңдерін Қағыба қабырғасына іліп қоятын, олар ең беделді адам болды. Пұтқа табынғандар ұннан жасаған пұттарын қарны тоқ кезде құдай санап, қарны ашса жей салатын. Қыз туылса тірідей көметін. Әйелдің орны құлдан да төмен болды.
Арсыздыққа төзбеген Мүхәммед Мұстафа (с.а.у) Нұр тауының ең биік төбесіне күнде жаяу шығып, елден оңашаланып, бұл сұмдықтарға назалы күй кешіп, Хира үңгірінде адамзаттың қамын ойлап, ой үстінде отыратын. Тау шоқысының батыс қапталына сәл еңістеп, кішкене оңға қарай бағытталғанда жапсарланған жар тастардың арасынан өтуге тура келеді, жай көзбен қарап, әқілмен топшыласаң өте алмайсың, өте тар. Аллаға тәуекел етіп, Алла хәбибісіне салауат айта тасқа жақындасаң тастың арасы ашылып, кеңіп сала береді, содан өткен соң Хира үңгірі құшағын ашады, тура Кағыбаға бағытталған үңгірдің биктігі екі, ұзындығы үш, ені бір жарым метір, іші сондай тыныш, әдемі майда самал бетіңді өбеді. Тік тұрып намаз оқуға өте ыңғайлы.
Арғы тегі хз. Ибраһим (ғ.с) мен хз. Исмайл (ғ.с) нан тарайтын. Өз аталары таза текті Ханиф. Олар бұзылған Еврейлік пен Христандықты қабылдамай хз.Ибрәһимнің (ғ.с) дінінде болған. Бұл дінді қайта жаңғыртатын бір пайғамбардың келуін күтетін. Өз әкесі Абдуллақ (Алланың құлы мағынасында) , анасы Әмина (Алланың сенімдісі мағынасында) . Пайғамбарымыз 39 жасынан бастап, Хира үңгірінде ғибәдәтпен шұғылданды. 6 ай бойы Илаһи түстер көрді. Үйге қайтқан жолында тастар мен ағаштар оған «сен Алланың расулысың»,- деп тіл қатты. Милади 610 жылы 40 жасында Рамазан айының он жетінші күні дүйсенбіде Жебрейіл (ғ.с) Хира үңгіріне келіп, «Ей, Мүхәммед (с.а.у) ! Мен Жебрейіл періштемін. Сен Алланың Пайғамбарысың», «оқы!»- деді. «Барлығын жаратқан Раббыңның әтімен оқы. Ол адамды ұйған қаннан жаратты. Оқы! Сенің Раббың қәләммен жазуды үйретті. Адамдарға білмегендерін білдіретін асқан жомарт!» (Аләқ сүресі1-5)
Меке мүшрктерінің жамандық жасамақ болған хабарын Жебрейіл (а.с)
Пайғамарымыз (с.а.у) ға жеткізді. Алланың әмірімен 622 жылы Пайғамбарымыз жанында аса сенімді досы хз. Әбу Бәкір (р.а) бар сафар айының бейсенбісінде ымырт жабыла жолға шықты. Пайғамбарымызға жамандық жасау ниетімен үйін қоршаған мүшіріктердің көзіне Пайғамбарымыз «Ясин» сүресін оқып, бір уыс топырақ шәшіп өте берді. Алланың қүдіретімен олар ештеңе көрмеді. Екі жаяу бірден Сәуір тауына қарай бет алды. Баурайына бұлт шөккен Сәуір тауы Мешт харамнан 4 шақырым өңтүстікте. Бұжыр-бұжыр керіш тау көлбей созылып жатты. Үйге кірген дұшпандар Пайғамбарымызды таба алмай ізге түсті. «Оларды ұстағандарға 100 түй сыйлық береміз»,- деп жар салды. Дүниеге құныққан мүшіріктерден небір әккі қуғыншылар Пәйғәмбәрімізбен досының ізіне түсті.
Алланың Расулы мен досы түні бойы тау жолында жылдам жүріп, Сәуір үңгіріне таң рауандап жетті. Хз. Әбу Бәкір (р.а) әлідмен үңгірдің ішіне кіріп, тазалық жасап, тесіктерді шапанын жыртып тығындады. Бір тескке тығындайтын ештеңе таппағанда әяғімен жауып, Пайғамбарымызды ішке кіргізді. Ұзақ жол, биік тауға шығудан шаршаған Алла расулы досының бір тізесіне басын қойып, кішкене мызғағаны сол хз. Әбу Бәкір (р.а) дың аяғы удай ашып кетті. Алла Расулын оятпау үшін бар күшін салып, тістене шыдады. Денесі шымырлап жансыздана бастады. Шекесі жіпсіп, бір тамшы жас Пайғамбар (с.а.у) ның бетіне мөлт ете түсті.
-Не болды деп басын көтерді Пайғамбар.
-Жылан шақты- ау, деймін аяғым удай ашып барады. Пайғамбарымыз дереу мүбәрәк түкірігін, «шипа Бір Өзіңнен Иа Алла» деп, досының аяғына жақты, сол сәтте ауыруғаны бірден сап тиылды. Тесіктен жылан басын қақайтты.
-Неге шақтың досымды деп сұрады Пайғамбар.
-Сіздің мүбәрәк жүзіңізді көру үшін осында ұзақ тостым.
-Менің бұнда келетінімді қайдан білдің.
-Анау есіктің көзінде жатқан көгершінмен өрмекшіден білдім...
Алланың әмірімен бір өрмекші ілезде үңгір аузына торын құрды. Көгершін тезден ұя салып, жұмыртқа басты. Жасыл шөптер үңгірдің аузына өсті.
Ізге түскендердің дауыстары анық естіле бастады, әне-міне дегенше үңгірдің аузына жетті. Хз.Әбу Бәкір өзі үшін емес, Пайғамбарымыз (с.а.у) үшін қатты қобалжыды. Пайғамбарымыз (с.а.у) ла тَхْзَн «уайымдама» деді. Бірәқ Хз.Әбу Бәкір өзін ұстай алмай қалды. Пайғамбарымыз (с.а.у) : إِнَّ аллَّهَ мَғَна «өйткені Алла тағала әлбетте бізбен бірге» деп уайымнан арылудың жолын үйретті.
Пайғамбарымыз (с.а.у) досының тізесін өзінің мүбәрәк тізесіне тигізіп, жүрелеп отырғызып, ( сол сәтте періштелер қәнәтімен екеуді жауып, қалқа жасады) «Алланың бізбен бірге болғанын ойла, мұрақаба жаса, Алланы ойлап, мұрақаба жасағанға уайым кетеді. Бұл мәселе түбегейлі шешіледі» деді. Хз. Әбу Бәкір (р.а) ның өн-бойында төк жүре бастады, жаны жай тауып, сырттағы қәупті ұмытып, өзін қоршаған әлемнен шығып кетті, тұла бойы тыныштықа шомды... Нұр құйыла бастады, бір қол оның көкірегенін тазалап, сүртіп жатқандай күй кешті. Бүкіл денесі тазарды, рухы рахаттанды....
Өзін жоғалтқызған нәфсі ерекше күшті нұрдан түгі қалмай жанды... Көкірек көзі ашылып, жүрегі аттай тулап, «Алла» деп дүрсілдеп соға бастады.... Бұл күй уақттың ішіндегі уақытта бірәзғә жалғасты.... Жау кеткен соң Хз.Әбу Бәкір мұрақабаның сырын сұрады. Пайғамбарымыз (с.а.у) «бұның сыры, Алланы зікір етуді үнемі жалғастыру керек» деп жасырын зікірді түсіндірді.
Пәйғәмбәріміз (с.ғ.у) бұл зікірді сахабаларынан тек қана Хз.Әбу Бәкір (р.а) -ға ғана түсіндіріп, өзіндегі барша рухани болмысты Хз.Әбу Бәкір (р.а) -ның садырына (көкірегіне) төккен еді. Өйткені Хз.Әбу Бәкір нүбуует (нәбилік) дәрежесіне ең жақын болған «сіддқйиет» мәртебесінде болды. Хз.Әбу Бәкір (р.а) зікір қәлбиде, жемғйиет-і куллйиені қәмтумен заты әлйиені мушаһада етуден, демін еркін ұстай алатынды. Аллаға деген ыстық махаббатан бауырының жанған иісі шығатын.Үш күннен кейін жолға шығып, Құбба ауылында қуып жеткен хз. Әли (р.а) хз. Әбу Бәкір (р.а) дың жүзіндегі нұрды көріп, таңғалысын жасыра алмай, болған жайды сұрайды. «Алла» деп соққан жүректер тоқтаса жер бетінде сол күні қиямет болады. Хз. Омар (р.а) өмір бойы жасаған амалдарымды хз. Әбу Бәкірдің сол бір күндік амалына ауыстыратын едім деген.
Қуғыншылар үңгірге ентелей жақындап, аузындағы шөпті, ұяны, торды көріп,«бүндә адам бас сұқпағылы қай заман» деп, келген ізімен кері қайтып. Мәдинәғә баратын барлық жолдарды жапты.
Хз. Әбу Бәкір (р.а) шөлдеді. Пайғамбарымыз (с.а.у) досына «үңгірдің сыртқа шықсаң су ағып жатыр, содан қанғанша іш» деді. Тау басында қайдағы су деместен, бірден орнынан тұрған досы тысқа шықты... Ғәжәйіп...Тәу басында ауда қалықтап ағып тұрған тұп-тұнық суды көрді, балдай тәтті, жұмсақ суді қанып ішті.
Ішке кірген соң хз. Әбу Бәкір (р.а) таңғалысын жасыра алмай болған жайды айтты. «Иа, сен бірден сеніп, сыртқа шықаның үшін Алланың қәләуімен жанаттағы кәусәр суы көз алдыңда ақты. Егер сен сенбегенде Алла Тағала суды менің саусақтарымның арасынан ағызып, сенің шөліңді басар еді». Олар осылай хикмет сырлар түнғән үш күн, үш түнді үңгірде өткізіп, Мәдинә қаласына ғажайып сапар шекті... Жолда Хуза руынан Үммі Мабад Атикәнің шатырына келді. Қонағына берер ештеңесі болмаған үй иесі, тек өріске жете алмай пұрақ болған қойды көрсетті. Пайғамбарымыз «Бисмила» деп Алланың әтімен желінінсипәғәндә Алланың қәләуімен желін толып, сүт ақты...
Қуғыншылардың мықтысы Мүдиж руынан Сурәкә қуып жетіп, енді озбырлығын білдіре бастағанда аты құмға батты. Пайғамбарға жалынып, аныт беріп, басқа қуғыншыларды бағытынан адастырды... Пайғамбарымыз оған: «Я, Сурәккә Кисранның білезіктерін таққан күні қандай болар екенсің» деп, келешекте оның мұсылман болып, Иранды жаулауға қатысатынынан хабар берді. Бұл жай хз. Омар (р.а) халифа кезінде шындық болды.
Қуғыншылардың тағы бір тобы Саһм руынан Бурайда 70 әдәмімен Алла расулының жолын кес-кестеді. Пайғамбарымыздың екі ауыз қәсиетті сөзінен кейін ол Алланың қәләуімен мұсылман болып, өзі ақ сәлдені жалаулатып Мәдинәғә бастап кіреді.
Ухуд соғысының бізге беретін сабағы; адамдардың басшыға бағынуын, дүниеге қызықпауын, оның соңы немен аяқталатынын ескертті.
Әу баста Алла расулы өзінің көрген түсін айтып, қала ішінен қорғаныс алуды айтады, алайда көпшілік қала сыртынан бекініс алып, соғысу шешімі қабылдайды. Соғыс барысында садақшылар бұйрық келмей, дүниеге көз салып орындарынан кетеді. Соңы үлкен жеңіліс болады.
Пайғамбарымыз (с.а.у) ның осы соғыста тісі сынып, мүбәрәк жүзіге сауыт
кіріп қан шығады, сол сәтте «Хәбибімнің бір тамшы қаны жерге тамбасын»
деген тәпсірмәмен Жебірейіл (а.с) өте тез келеді. Егер Алла расулының бір тамшы қаны жерге тамса сол сәтте, Алла Тағала жер бетін жоқ қылар еді.
Пәйғәмбәріміз сонда да жауларына жаман дұға еткен жоқ. «Бұлар өздерінің не істеп жүргендерін білмейді, оларға иман нәсіп ет»- деп дұға жасады.
Хәндәк соғысында намаз оқуға мүкіндік бермеген жауларына қарғыс дұғасын жасады Пайғамбыр. Расулдың дұғасы бірден қабыл болып, дүлей дауыл тұрып, жауларының тоз-тозы шығып, зым-зия жоқ болды. Бұдан намаздың қаншалықты маңызы екенін байқаймыз. Алла Хәбибісі (с.а.у) жазуға тіл жетпейтін, бейнелуге қалам қуаты келмейді. Алла расулын біздердің түсінуіміз үшін алдымызда ұзақ-ұзақ жол жатыр... Ол үшін жүрек (хәл) ілімін меңгеруіміз керек... бұл көп еңбекті қәжет етеді... Сахар уақытында ұйқыны мүлде ұмытқан, тәһәжүтті өзіне парыз еткен, жүректері тек «Алла» деп тәуләрмен бірге соққан, тәбиғәтпен үндескендердің қолынан келеді. Біздер көбінде Пайғамбарымыздың мұғжизасы деп «Құранды», «Миғраж уақиғасы», «айды екіге бөлуін» ғана айтамыз. Шын мәнінде Пайғамбарымыз (с.а.у) бүтіндей өмірі тұнған мұжиза. Адамға қараған сияқты көзбен қарасақ үлкен қәтеліктерге бой алдырамыз, Алла сақтасын. Шамамыз келсе Пайғамбарымыздың Нұрына қарауға, өнегелі өмір жолының аржағында жатқан Хикмет сырларға үңілуге тырысуымыз керек. Сезіне алсақ оның әр ісінің артында біздер үшін үлкен ғибарат бар.
Пайғамбарымыз (с.а.у) ның көп әйел алуы өз алдына бір хикмет. Бірде Пайғамбарымыз әйелдерінің дүниеге қызыға бастағанынан олардан бөлектенеді. Сол кезде Жебірейіл (а.с) Пайғамбарымызға Хапса анамыздың сәждеде жатып, үнемі таһажұт намазында «үметтің күнәсі кешірілмейінше басымды әлмәймін»деп көз жасын көлдетіп жататынын, оған талақ бермеуін айтады.
Уммісәллә анамыз (р.а) Құдайбия келісімінен кейінгі иқрамнан шығу ісінде Пайғамбарымызға ісіңізбен сахабаларға көрсетіңіз деп кеңес береді. Демек, Алла расулының барлық ісі біз білмейтін сыр... Пайғамбарымыз (с.а.у) ның өмірінің арғы жағында жатқан тылсым сырларға үңілсек шіркін... Біздер Пайғамбарды тану арқылы Аллаға жақындаймыз.
Пайдаланған әдебиеттер:
1. Адәмзәттің асыл тәжі. Мүхәммед (с.а.у) пайғамбар өмірі. Мекке-Мәдинә кезеңдері.Д.Ө. Ибрәгим.-Алматы:Ұлы Мұра,2016.600 бет.
2. Сияр Шәріп. (Пайғамбар жолы) С42 Отбасы хрестөмәтиясі. С. Керімбәй, Ә.Нәби, М.Төлеген, А.Тасболат.-Алматы: «Орхон»Баспа үйі,-2015.
-336б.
3. Ғаламның рақым нұры-Мүхәммед пайғамбар (с.а.у) . Толықтырып, қайта баслған нұсқасы. Алматы: «Көкжиек баспасы», 2009.-656 бет.
қосымша жүктелген суреттері:

كەلۋ قاينارى: http://www.elarna.net/oku_kk.php?tur=11&id=2403

Пікірлер:


Жазған лебізіңіз 300 еріптен аспасын!
tomendegi katekshege 99 dep jazingiz.
98 + 1 = ? sozsiz sifermen tolteringiz, aytpese pikir jaza almaymiz.

Көрші сілтемелер