Еларна қолфон нұсқасына ену

Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com




Түрі: Ел-арна газеті, бұл арадан барлық мақалаларын оқисыз

Жолданған уақыты: 22:58 - 2020/12/25

Қосымша қайнары:http://www.elarna.net/oku_kk.php?tur=11&id=2397
Тоте жазу нұсқасы:http://www.elarna.net/oku.php?tur=11&id=2397

توتە جازۋ نۇسقاسى:http://www.elarna.net/oku.php?tur=11&id=2397

Мақала жолдаушы: Nurhalyk
Мақала апторы: Нұрхалық Абдырақын
Аптордың мекен-жайі: Бейжің қаласы

Бисмилләәһир Рәһмәәнир Раһиим.
Аптап ыстық, апшыны қурады. Қағыр дала, сағым ойнап болымсыз бозамық жел еседі. Ауіздіқпен алысқан темір тұлпар қақпаның алдына келіп, ауыздығын қарш-қарш шайнап зорға тоқтады. Қалжан айқара ашылған қақпаның ішіне кірді. Кең мол пішіліп, тамаша безендірілген, кешенді қүрілістәрмен әлемдік деңгейдегі курөрттіқ аймақ. Қақпа ішіне кіргеннен жап-жасыл, әдемі сәмбі талдар төбеде төгіледі, сап-салқын, тынысың кеңіп, рахаттанасың. Асфалитта жеңіл машиналар жеңіл жүйткиді, кинөдән көретін еурөпәліқ әдемі кәтеждер, гүл-зарлар, су бұрқақтары, сайраған құстар бәр бәрі жарасымды... Қөнәев атамыз салдырған Сарыағаш шипажайы.
Шипажайдың демәліс күндері жұмыс істемейтінін естіген Қалжан «сапраға шығыңдар, Алланың хикметін сезіңдер» деген хәдиске алмал жасауды өйләді.Өзбек жері тиіп тұр. «Мен базар, телемүнәрә, тағы басқа рухани мәні жоқ мекендерге бармаймын, Тәшкенде Төле би, Арыстан бабтың немересі Зәнки ата, Иассауи атаның жиені Сүзік ата кесенесіне. Ал Самрханда Шаһи Зинда, Әмір темір, қожа Убейдүллә Ахрар хз, имам Матуриди кесенесіне зиярат жасаймын». Соған мақұл десеңдер барам деп, туристік фермәғә өз талабын қойды.
Күн сәждеге асығып еңістеп барады, алыстан талып азан даусы да естілді. Жұма намазды қайдан оқимын «базары жоқ, халқы аз жерде жұма оқу... Сарағаш алыстау ...сапрда жүрмін» деп, өзімен өзі сөйлесе, халық бәнкінің бәнкөмәтінә жетіп кәртчкәсін салғаны сол, жұтып қойды. Ал енді Сарғашқа барасың дейі ішіндегі азғырғанға. Түні нұрлы, күндізі жарық жұмада әзәнмен аяғын ыстық суға салып, арқасын төк масжазға төсеп, тізесіне ыстық өткізді. Бара жатқанның балтасын, келе жатқанның кетпенін білдірмей алатын қыздар тоқ ішккке шіләнгі жүгіртікізді. Уаннаға бір сүңгіп, түске жақын асыға басып Сарғашқа жұма намзына барды, қайтарда халық бәнкіден ақшасын алды.
Ел орынға отыра қолфоны безектеп қоя берді. Сіздің айтқаныңыз бойынша Тәшкендегі тәкси жігітке хабарластық, ол келісті.
***
Пысық әйелдің отбасындай тап-таза өзбек жері мұнтаздай. Адамдары өзімен өзі қарбалас, жол бойында жер емген халық, жер тырмалайды. Бізіді Томжниядан Тәшкендік қазақ жігіті күтіп алды. Қысқа шөртик киген жас жігіт орысша қазақша араластырып сұрағын қоя бастады.
-Неге көлігіңізде тәнирөпкі жоқ.
-Бізде тәнирөпкі тек үлкен байлардың машинасында болады.
-Неге?
-Неге дейсіз бе, ол тұнып тұрған ақша.
-Қанша тұрады.
-Мың доллардан ары басталады.
Даңғыраған жол, күн қарсы беттен шақырайя, көз ұялтады. Құйындатып жанымыздан өте шыққан көліктің терезесінен үлкен орамал ұшып жерге желберей барып жалып етті.
Мезгілсіз ажал болып келетін көлік жоқ, үш қатар жолақта машиналар бір қалыпты жілдәмдіқпен жүйткиді. Асыққандарға бір паласа бос, барлығыда жанармайды үнемдейтін сүйегі жеңіл, өз отанында жасалған әвтөкөліктер арлы-берлі шапқылайды.
Шыршық өзенінің бойындағы, Гүлстән тауларының етегіндегі әсем қала, құрылыстары ретті, әтмөсферәсі үлкен. Жапырағын кең жайған үлкен жасыл теректері жолға сая тас қалаға кірді. Төлеби ата мазарына келді. Үлкен аула, тып-тыныш, орта жастағы жуан қара кісі бізді қарсы алып, бізге беймәлім бірінші тұрған үлкен кесенеге кіргізді, сап-салқын бөлме. Төрде үлкен көкшіл құлыптас, аяқ жағында үш кішкене құлыптас жатыр, отырып құран оқыды. Шаршағаны басылып рахаттанып қалды. Шығарда шырақшы өзі бастап шегініп сыртқашықты. Бұларда солай істеді. Қып-қысқа ыштан киген қазақ жігіті мен сары көйлекті әйел қайда келдік, бұл кім деп аң-таң. Солға қарай аз жүріп шатыршасы үш бұрышты қырдай басқа кесенеге кірді «міне сіздердің аталарыңыз қарылғаш би осында жатыр» деп, беттеріне қарады. Қалжан «Яссин» сүресін ұзақ оқып бағыштады. Сырқта шығып кесене алдында суретке түсіп естелік қалдырды.
-Мына бірінші кірген үлкен кесене кімдікі?
-Бұнда сіздердің аталарыңздың пірі Шеххәуә Тахир деген үлкен әулие жатыр, сондықтан әдеп бойынша бірінші ұстазына құран оқып, содан кейін ғана Төлеби атаға құран бағыштадық. Қарылғаш би «мені пірімнің жанына жерлеңдер деп өсиет еткен екен».
- Бабамызға жақсы қарап жатыпсыздар рәқмет сіздерге.
-Қарылғаш би осындағы Абдулла ханның билік құрған кезіне салынған Мауараннахр мұсылмандарының орталық білім жұрты болған Көкілдәш медресесінде оқып 13 жасында Құран қариы болған.
Қаланың ортасы. Үлкен алаң, кешенді тарихи аумақ, дәл ортасында Иассауи атаның жиені Сүзік ата кесенесі өзбек шеберлерінің қөлімен әдемі өріліпті. Ұлттық нақыш құрылыстың ішкі сәнін асырып тұр. Құран бағыштадық. Оңжақтағы хауыстан дәрет жаңалап, үлкен мешітте екінті намаз оқып, Зенки ата кесенесіне тәртті...Зенки ата қожа Алмас Иассауи атаның төртінші хәлпесі Хәкім атаның негізгі хәлпесі.
Зекни ата Тас қала маңында бала-шағасын асырап ауылдың сиырын бақты. Намазын оқып болған соң дауыстап зікір салатын, сол кезде сиырлар атаның айналасына дөңгелене жиналып қоршап тұратын, зікір тоқтамайынша оларда жайылмайтын. Бұзаулар енесімен бірге күні-бойы бірге жайылсада еш ембейді.
Кеште қораға барғанда бұзаулардың емшек еметіні естеріне түседі.
Қысы жазы Зенки ата жалаң аяқ жүретін. Бұхардан медрессе тауысқан төрт шәкірт Тәшкенге жақындағанда апат ыстықта жалаң аяқ қалың тікенді басып сиыр бағып жүрген қап-қара кісіні көреді.
-Ассәләумәғәләйкум Рахматоллаһи бәрәкәту.
-Уәғәләйкумәссәләм Рахматоллаһи бәрәкәту.
-Иа, жігіттер қайдан келесіңдер, жол болсын!
-Біз Бұхарадан медресе бітірдік, Хақ жолына жақындау үшін өзімізге кәміл мүршиді пір іздеп жүрміз. Тоқтаңдар, бір жақтан кәміл мүршидтің исі келсе, қәзір айтамын деп, Ата жан-жағына қарап, мұрнын көтере асықпай искей бәстәйді.
Бүкіл әлемді шарлап шықтым, сіздерді кәмілдік мәртебеге жеткізетін өзімнен басқа піріді көріп тұрғамын жоқ. Жаңадан оқу тауысқан жігіттердің екеуі осындай жұпыны адамға қол беріп, мүрит болғанша деп, еріндері жыбырлап алға жылжи береді. Екі жігіт бірден Атаға шәкірт болуға келісіп сонда қалады. Екі жылдан соң баяғы екі жігіт пір тапай қайта оралып, Зенки бабаға бас ұрып аяғына жатып мүриіт болады...
Зенки ата басына кезек күтіп кірді. Іште ақ сәлделі молда құран оқып, дұға жасап отыр. Кірсең шыққың келмейді, Қалжан екінші жамағаттың арасына тағы еніп, тағы дұғаның ішінде болып бойы балқып, жаны толқып, денесі жеңілдеп сыртқа шықты.
Тәшкендегі ежелден келе жатқан ең үлкен Чорсу базары осы деп, сыртқы формасы алып саңырау құлаққа ұқсайтын құрылыстың алдына тоқтады.
Базар. Адам жанынан басқаның бәрі самсап тұр...Нанның исі мұрынға ұрды. Жер бетінде бар жемістің барлығы бар. Өзбек десе, көз алдына шаң-щаң болған еркетер келетін Қалжан таптаза киінген, ақ жағалы, ухы биік әқсүйек өзбектерге сене алмай қарады. Жолға жеміс пен нан алдық. Сары көйлекті әйел шылапа алғанша, басқа заттың бағасын сұрап көрдік 30 мың сомнан басталды.
Алғаш естігенде шошиды, ақырын теңгеге шағып көрді, екі мың теңге. Тәшкенен шыға жүргізуші бізді түсіріп жанармай құюуға жалғыз кетті.....Зуләп келміз...зуләп келді...
Сары дала белгісіз күй шертеді...бүл дала кезек-кезек Соғды, Хөрезем, Пәрсі,Мәкедөнски, Бәктрия, Күшән, Қаңлы, Эфталит, Түрік қағанаты, Арабтар заманы Мәуерәннәхр аймағы ислам әлемінің аса ірі мәдени орталығына айналды. Самани мемлекеті, Қарахан әулеті, Ғазнауи әулеті, Салжұқтар мемлекеті, Шыңғысхан империясі, Шағатай ұлысы, Әмір Темір империясі, Ұліқбек заманы ғылым мен мәдениетің ошағы саналады. Мүхәммед Шайбани билігі жергілікті түрғіндәрмен сіңісіп “Өзбек” болды. Бұхар хандығы, Хиуа хандығы, Қоқан хандығы тағында шалқайып жатқан хандар, қымызға бөртіп мас болған мамыражай тірлік Ресей басқыншылары Орта Азия жеріне басып кіргенде... бәрі бітті, көрген түстей зым-ғайым жоқ бөді...түн...зуләп келеміз... Зерәвшән жотасына жақындап қалдық деді жүргізуші. Арттағылар үнсіздікке енді өтті. Қалман ішіндегі басқа біреумен сөйлесіп келеді...
Күн ұясына батты, шам қойған шақ... Зулап келеді....Зерәвшән аңғары. Самархан айлағы басталды. Шыңғысхан әскерлері қаланы алуға келді....жер қайысқан қалың қол, шетінен сайып қыран... Нәжмидин Кубра Самархан қақпасынан шығып аяғын табалдырыққа қойды. Жаулашы әскердің көз алдында тек сары дала сыңсып, ән салып тұрды...қала жөқ...жер сипаған әскер шатырларына кері қайтты. Бір таң асырып ертемен қалың қол тағы қатал әміршінің бүйріғімен қаланы жаулауға келді. Кешегідей ақсақалды, сәлде ораған Нәжмидин Кубра қақпаға аяғын қойды...сары дала сіңсіді...әскер тағы қаңтарылып кері қәйтті...үшінші күн әулие кереметін көрсетуге келгенде Қызыр (а.с) келіп бұлар Алланың қәләуімен келе жатыр деді. Қалың әскер қаптады... ілезде қаланы алды... рухани шырақтары самсаған ескі шаһар... білген дұғасын оқып Қалман қалаға кірді....Тіл жетпейтін, көз көре алмайтын тылсым энергия, тек жүрек көзі байқайтын әлем... қала ортасында «Шаһи зинда» күндізгідей нұр шәшә жарқырап жанып тұр... «Шаһи Зинда»-«тірі патша» қабырстаны Қәрәхәнидтер кезінде салды. 640 жылы Мүхәммед (с.а.у) пайғамбардың немере ағасы Кусаман ибн Аббас хз.келіп 13 жыл бойы дін таратты. Зороастриян дініндегілердің атқан оғы тиіп шаһид болады. Осында жерленген. 20дан астам кесене сап түзеп, жерден көкке нұр шәшәді.
Қәлә көшесінің үлкен шеңбері жодың үстінде Әмір темір таяғын ұстап қасқаяқарап отыр, үлкен жотаның үстінен Ұліқбектің төменге көз салады, жәніндәкешенді ғимараты қол бұлғап шақырады. Рухани әуәмен дем алып, тынысы ашылып рахаттанып қалды...Қонақ үйге келді. Ауланың айналасы қоршалған биік кәтеждер ортасы кішкене орман, жасанды көл, ішінде қиқулап қаз жүзіп жүр...Қәлмән тезден дәретін жаңалап құптан оқуға тұрды...сары көйлекті бөтен келіншекпен мазасыз жігіт қәсиетті мекенде жалаңаштанып, қаздарды қуып шығып, көлшікке шолып-шолып етіп түсіп кетті де олар қазға, қаздар адамға айналып кетті...
Таң атты, Қалман сондай сергек оянды...ғұсыл алып таң намазын оқып далаға шықты. Аспаннан өзі түсе қалғандай жап-жаңа әдемі үйлер. Әмір Темір кесенесіне жүргізуші мен Қалман бөлек барды. Айбатты билеушінің кесенесі сондай айбынды, паңдана ұзаққа көз салады. Кесене ішіне енді, төрде бөлек жатқан ақсұр мырамор құлып тас нұр шәшәді. Бұл кісі Бұхаралық үлкен әулие Әмір Күләл (хз ) нің ұлы Омар Күләл (хз) , Әмір Темірдің бас ақылшысы. 48 елді жаулаған Әмір Темір Пірі Мир Сайд Бәрәкәнің өкшесінде қара құлптаста жатыр. Ұстәзбен шәкірт бек жарасып түр...Темірдің екі ұлы Миран Шаһ, Шаһрух, немересі Ұліқбек, сүйкті немересі Мүхәммед Сұлтан, шөбересі Абдулло Мирзо, Абдурахмон Мирзода осында бірге жатыр. Атақты Темір әулеті осылай мәңгілік ұйқыда. Рухқа еш өлім жоқ. Аллат Таға әулиелердің рухына әлемді шарлап кезіп жүруге рұқсат берген. Алланың арқанына мықтап жабысқан, тариқатты мықты ұстанған алпаут билеуші Темір рухани тәлімгері Мүхәммед (с.а.у) пайғамбардың ұрпағы, шейх Мир Сайд Бәрәкә және мәтемәтикә, әрхитектур, астрономия, әдебиет, тарих, музикә саласының білгір ғалымдары Абдужаппар Хөрезми, Шамсутдин Мунши, Абдулла Лисон, Бадриддин Ахмед, Нигмәниддин Хөрезми, қожа Афзал, Алаутдин Каши, Джалал Хәкилермен бірге кеңес құрып өтір...Тәндеріне рухтары қамалған тірі жандардың да қарасы қалың, тәнінен бөлек рухтар оларды естімейді де елемейді.
Құран оқып, бағыштап далаға шықты. Күн сондай шуақты. Қожа Убейдүллә Ахрар (хз) кесенесіне бағытты бұрды. Қалжан тоқтаусыз «Яссин» оқып өтірді.Жүргізуші кетіп бара жатқан орта жас қара кісіден сұрады. Сіз айтып отырған кісі Қожа Уали мазары деп, жол көрсетті. Бір фатиха он бір ықлас оқып үлкен аулаға енді. Ортада хауыз, айнала бөлмелер, түпкі төр бөлмеде хәзіреті қожа Уәлидің қолдан салған фотасы үлкен тақтада тұр. Астында 806 (1428) -895 (1490) жылдары деп, жазылыпты. Қожа Уәли түсінде «Шариғат сенің медетіңмен күшейді» деген дауысты естіп, Тәшкеннен сол кездегі Самархан билеушісі мырза Шаһрухтың немересі мырза Ибрәһимнің ұлы мырза Абдуллаға келеді.
Сұлтанның бектеріне: «біз сұлтанға жолыққалы келдік, сіз бұл іске себепші болсаңыз көп жақсылық болады». Бек әдепсіздік көрсетіп «біздің мырза ештеңемен ісі жоқ адам, өнімен жолғыдың қәжеті шамалы. Дәруштердің мұнда несі бар!»-дейді. Қожа хәзіреті «маған сүлтәндәріңмен кездесуге әмір етілді. Өз бетімше келген жоқпын. Егер сіздің мырзаңыз жауапсыз адам болса, оны кетіріп орнына қәбілеті бар басқа біреу келеді»-деді. Осы уқиғадан бірнеше күннен кейін Түркістән сұлтаны Әбу Сағид түсінде қожа Ахмед Иассауй (хз) нүсқәуімен қожа Убейдүллә Ахрар (хз) бата бергенін көреді. Сұлтан түсінде көрген кісінің бейнесін айтып іздестіріп Тәшкенде сондай әзіз кісінің бар екенін біліп, сұлтан дереу жиналып Тәшкенге келеді, сұлтанның келе жатқанын білген хәзіреті Фархатқа кетеді. Тәшкеннен таба алмаған сұлтан ізімен Фархатқа келгенде қожа Уәли өзі күтіп алады. Уа, Алла түсімде көрген әзіз осы дейді. Дереу қожа хәзіретінің аяғына жығылып, кішпейілдік көрсетеді. Хәзіреттен бата сұрайды.
-Сіз Самарханға қандай ниетпен бара жатырсыз, егер шариғатты күшейту, халқына рахым, шапағат жасау ойында болсаңыз жеңіс сізде дейді.
Сұлтан уәде етіп, әулиенің батысын алады. Әулие: артыңызда бір топ қарға пайда болмай шабуыл жасамаңыз деп ескертеді.
Самархан маңы. Шайқас әләңі.Тәшкенде қожа Убейдүллә хәзіреті жайнамазда басын жүрегіне иіп Алланы зікір етіп, Жаратқаннан Әбу сәғидке медет тілепөтірді... Самархан сұлтаны Абдолланың әскері шабуылды басатап Әбу Сағиттың оң қанатын бұзуға ұмтылды, тіпті сақадай сай қаруланған әскер сол қанатқада шабуылды бастады, Әбу Сағидтың бірәз әскері жеңістен үміт үзіп, қарсы жаққа қосылып кетеді. Осы кезде бір топ қарға пайда болды. Көктен бір ақ құс түсіп мырза Абдолланы ұстап өлтіргенін көреді... Жанындағы Маман руының бәһәдүрі Хасанға қуана қараған сұлтан Әбу Сағид: «не көріп тұрсың» дейді. Қожа Убейдүллә хәзіретін көріп тұрмын, біздің алдымызда кетіп барады. Алланың әтімен аныт етемін менде әулиені көріп тұрмын дейді. Жауға қарсы шабуылды бастайды. Мырза Абдолланың басын алып, Самархан билігіне оңай қол жеткізді. Әулие сұлтанның үсінісімен Самарханға көшіп келеді. Кейінгі Жүніс ханның ұлы Алмас Самарханды билеген шақта оған рухани ақылшы болады. Үш ағайынды Мырза Омар шейх, Махмұд хан, Алмас хан ортасындағы сұрапыл ұрысты тоқтатады. Медреседен шығып әулиенің қәбірінің басына барды. Көк тақилы жас жігіт «яссин» сүресін дауыстап оқып отыр, бұлард дұғаға қосылды. Одан кейін Қалжан өзі оқыған құранды бағыштады, қәбір басындағы шипа судан ішкенде өне бойы дір етіп, ішіндегі бүкіл от өшті, жаны рахаттанды. Әдемі бір самал бетті бяу өбеді. Тыныштық. Атақты ғалым имам Матуриди кесенесіне барды, іші сырты мұнтаздай тап-таза, шырақшысы сары жігіт қарсы алды. Құран бағыштап қәйтті...
***
Кеш бата Қалжан жаны тыншып Сарағашқа келді.
қосымша жүктелген суреттері:

كەلۋ قاينارى: http://www.elarna.net/oku_kk.php?tur=11&id=2397

Пікірлер:


Жазған лебізіңіз 300 еріптен аспасын!
tomendegi katekshege 99 dep jazingiz.
98 + 1 = ? sozsiz sifermen tolteringiz, aytpese pikir jaza almaymiz.

Көрші сілтемелер