Еларна қолфон нұсқасына ену

Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com




Түрі: Ел-арна газеті, бұл арадан барлық мақалаларын оқисыз

Жолданған уақыты: 22:11 - 2020/12/20

Қосымша қайнары:http://www.elarna.net/oku_kk.php?tur=11&id=2393
Тоте жазу нұсқасы:http://www.elarna.net/oku.php?tur=11&id=2393

توتە جازۋ نۇسقاسى:http://www.elarna.net/oku.php?tur=11&id=2393

Мақала жолдаушы: Nurhalyk
Мақала апторы: Нұрхалық Абдырақын
Аптордың мекен-жайі: Бейжің қаласы

ҚазҰУ PhDдөктөрі, әлем халықтары жазушылар одағының мүшесі.
Аңдәтпә: бұл мақалада 1980 жылдардан бүгінге дейінгі қытай әдебиетінің күй-жайына талдау жасалады. Қәзіргі таңда қалыптасқан жаңа әдеби үрдістерге жеке-жеке тоқталып, Қытай пөстмөдернистік әдебиетінің қалыптасау барысын саралайды.
Кілт сөз: пөстмөдернист, Дың Шияупиң билігі, мәдени төңкеріс.

1976 жылы ҚКП-ның экс премьер-министрі Жуынлай өлгенде Тияньанмин алаңына шығып, халық әр түрлі өлеңдер жазылған жазбалар мен аза тұту тақтайшаларын алып шығып, бірініші сәуірден бесінші сәуірге дейін жыр жырлап өлеңдетті, билікке наразылықтарын білдірді, 4 сәуірде Бей жиң, Шаң хай, Хаң жоу, Нан жиң, У хан, Жың жу қатарлы қалаларда 2 миллион адам алаңға жиналды. 1500-ден астам өлең жиналды. /1.185/.
1978 жылы желтөқсәндә Дың Шияупиң билігі орнап, экөнөмикәліқ рефөрмә мен «ашық есік саясатын» жүргізу туралы шешімін жариялағаннан бастап (Қытай Көммунистік Партиясы Орталық Көмитетінің ІІІ пленумі 11-шақырылымы) 1989 жылы 4 маусымдағы Тияньанмин алаңындағы оқиғаға дейінгі аралық «жаңа кезең» деп аталды. Бұл кезеңде 1919 жылғы 4 мамыр Қозғалысы кезінде пайда болған жаңа мәдениет пен «мәдени төңкерісте» қирап қалған адами құндылықтарды қалпына келтіру және батыс әдебиеті мен оның көркемдік, эстетикәліқ тәсілін өзіне үлгі етті.
1979 жыл қазан айында ҚКП-ның 4-ші кезекті мәдени жиналысын өткізді. Оның құттықтау сөзін Дың Шияу Пин сөз сөйлеп, әдебиетке тікелей, нақтылы тапсырмалар берді, әдебиет өзінің заңдылығы бойынша дамып отыруы керек деді. Әдебитке сыйлық беру, қәләмгерлерді сыйлау, оларға қаржылай сыйлық беру мәселесі ортаға қойылды. Қытай жазушалар одағы ең жақсы әңгімелер мен ең үздік романдарға Мау Дүң атындағы әдеби сыйлық беруді, тарихи дастандарға Яау Шүегін атындағы әдеби сыйлықты беруді, кинө саласындағыларға Ша Ян атындағы әдеби сыйлықты беруді, драма майталмандарына Цау уй атындағы сыйлықты беруді, Бейжиңдік шығармаларға Лау Шы атындағы әдеби сыйлықты беруді, бұдан сырт пөвесть, өчерк, өлең, сан ун, араласпа әдебиет, аударма майталмандарына ЛуШын атындағы әдеби сыйлықты беруді ұйғарды. Мұның ішінде МауДың және Лу Шүн атындағы сыйлықтар мемлекттік деңгейдегі өте үлкен сыйлықтар болып бекітілді. Сөнімен қатар өлке (район) деңгейінде Жау Шаули атындағы әдеби сыйлық, Биң Шын атындағы әдеби сыйлық, ГоМоро атындағы сыйлықтарды қытай жазушылар одағы бекітті. Мау Дүң атындағы әдеби сыйлықтың тарихы да ұзақ, ақшасы да қомақты, жазушыларға қойылатын талаптары да жоғары, сондықтан мұны қытайдың Нөбель әдебиет сыйлығы деп атайды. 1982 жылы ең алғашқысын Жоу Кчин «Шуй Мау және оның қыздары» деген рөмәнімен еншілесе, 1988 жылы Лу Яу «Қарапайым дүние» рөмәнімен алды. 1994 жылы Чын Жұңшы «Ақ бұғылы сахара», 2000 жылы Алай мен Уаң Ани иеленеді, 2008 жылы Жа Пиңау мен Мәй Жя иеленді. /1.245/.
Осыдан кейін әдебиеттің жаңаша теөрияләрі қалыптасты, мұнда жалпы шығарма құрылысына мән беруден сырт тоқтайтын жерде тоқтау, айтатын дүниені толық айту көзге ұсталды. Жаңаша құн көзқәрәсі қалыптасып, табиғатты жаңаша тану, қоғамдық ғылымдарға қайта талдау жасау бағыты қолға алынып, әдебиет мүлде жаңарып дамуға бет алды. Адәмгершілікті жырлау, тұлғаларды көрсету басты әдеби тақырып ретінде талданды. Сөнімен бірге жазушы көз алдындағы қоғамның өзгерісін жазуды тақырып етті.
1980 жылдардағы Қытай әдебиеті өз оқырмандарын сан қырлы бағытқа бастаған ерекше тенденцияләр, ағымдар мен стильдерінің пайда болуына жол ашты, қызықты шығармалар оқырманды мәгниттей өзіне баурай алды. Әлемді таңғалдырып, тамсандырып отырған Мо Ян - осы кезеңнің жазушысы.
1985 жылдан бастап қытай жаңа заман әдебиеті өзгеше дамудың жаңа сатысына көтерілді, айталық, «жаралы әдебиет», «кері ойлау әдебиеті», «тамырын іздеушілер» қатарлы әдеби ағымдар қалыптасып, қытай қәләмгерлері өз ұлттық құндылықтарын іздеп, оны ұлықтай бастаса, енді оған мүлде ұқсамайтын «рефөрмә әдебиеті», «post-modernism әдебиеті», «алда жүргендер», «еркін ойшылдар әдебиеті», « қала әдебиеті», «дала әдебиеті», «ақылды жастар әдебиеті», «әйелдер әдебиеті», «бизнес әдебиет», «шенеулік әдебиет», «ғаламтор әдебиеті» деген көптеген әдеби ағымдар мен үрдістер қалыптасты.
Әдебиетте екі үлкен бағыттың төбесі көрінді, бір топ ұлттық дәстүрге қайту, тамырымызды тауып, әдебиет арқылы халықты тәрбиелейік десе, енді бір топтағылар әдебиет жалпы қоғамның шындығын болған-болған күйінде жеткізу керек, оқырман өз қалауы бойынша керегін алады деп қарады. Жалпы қалай болғанда да, қытай әдебиетінде енді батыстың құндылықтарын дәріптеу төмендеп, өздерінің ұлттық төркінін қайта тапты, ежелгі кісілік құндылықтарды дәріптей бастады, үлкен « Европалық меннің» орнына кішірейген « қытай мені» ауысты. Демек бұл кезең қытай әдебиетінің өзегіне қайта оралған кезеңі, сөнімен бірге эстетикә жаңарып, еркін ойлау дамыды, әдебиет шінімен де ішкі төңкерісті басынан өткерді, өлеңдерде сан алуан формаға енді. Жазушылар мен ақындар бұрынғыдан өзгеше сан тақырыптарда қалам тербеді. /1.266-270/.
«Жаралы әдебиет». Бұл әдеби ағым аты айтып тұрғандай қытайдағы 1966-1976 жылдар аралығындағы мәдениет төңкерісінде іште пайда болған жараны, қайғы-мұңды жазды. 1977 жылдың қараша айында Лю Шинудың халық әдебиеті гәзетіне «班主任» (Сынып жетекшім) атты әңгімесі жарияланды, 1978 жылы тамызда Лу Шинхуаның «伤痕» (Жара) деген әңгімесі жарқ ете түсті. Осы екі әңгімеден кейін қоғамдағы бар шындықтың беті ашылып, мемлекет көлемінде талқы өрістеді. Артынша Соң Уншидің «Там түбіндегі бала», Чын Шішүйдің «Кішкентәй қалашықтағы генәрәл», Жиң Жиенің «Орман арасынан келген бала» Зоң Пудың «Мен кім», Фең Жисәйдің «А», Мо Иңпыңның «Генерәл үні», Чын Гөкәйдің «Мен не істеуім керек?», Жың Иның «Үйеңкі» атты әңгімелері жаңбырдан кейінгі жауқазындай қаулады.
«post-modernism әдебиеті» 1978-1979 жылдарда осы заман қытай әдебиеті қалыптасып, 1984 жылдан бастап «post-modernism» әдебиеті бой көрсетті. Бұл түрдегі әдебиеттің басты ерекшелігі - адамдар еркіндігі, теңдігі, қәдір-қәсиетін жазу. Бұған Дәй Хуиңның «Адамдар –ау, адамдар», Жияң Шиянның «Махаббат деген таусылмас тақырып», Ру Жіжидің «Редәктөрдің қәтелігінен кеткен әңгіме», Жияң Жиенің «Паң дан», Тие Ниңның «О, қар», Фың Жи сайдың «Ұзын бойлы әйел мен мыртық бойлы күйеуі» атты шығармалары post-modernism әдебиттің алғашқы қарлығаштары саналады. 1984 жылы «Батыстың қәзіргі заман әдебиетінің мәселелері бойынша талқы» атты ғылыми мақалалар жинағы қытай халық баспасынан шықты. 1980 жылдан бастап қытайға Гәбриель Гарсия Мәркес тағы басқа да атақты осы заман шетел жазушылары қытайға танымал бола бастады. Шетел осы заман жазушыларының таңдамалы үздік шығармаларының аудармалары қытайда қайта-қайта басылды. Сөнімен бірге осы шығармаларға байланысты көзқәрәстәрін білдірген әдебиеттәнуші, сыншыларды атамасқа болмайды, Уаң Ниң, Ай Кіши, Уаң фең жын, Жау Ипан, Чың Ниң қатарлылар. Бұдан сырт шетелдік ғалымдар Шан Дұң, Шан Ши, Бей жиң унверситетеріне келіп, лекция оқыды. Міне осылай қытайда «post-modernism» әдебиеті ресми қалыптасты.
«Тамырын ізеушілер» бағытындағы мөдернистік әдебиет және «алда жүрген жазушылар» тобы. 1985 жылдан кейін әдебиетте сын жанры өте қатты дамыды, әсіресе қытай жазушылары батыстық әдеби теөрияғә, батыс қоғамының жаңаша ойлауына мән берді, 1985 жылды «әдебиет теөриясі жылы», «әдебиет әдістемесі жылы», «мәдениет жылы» деуге болатын жыл болды. 1985 жылы Хан Шәугүң «Жазушы» журналының №4 басылымында «Әдебиет тамыры» атты мақала жазып, әр ұлт әдебиетінің тереңде жатқан өз тамыры болады, ол әр кімнің туған жерімен тікелей біте қайнасады деген сөзі ұран етті. Осыдан бастап әр жазушы өзін іздей бастады, осылай «Тамырын ізеушілер әдебиеті» қалыптасты.
Хан Шау гүңнің «Чу мәдениеті», Жия Пыңаудың «Шаң Жоу сериясі», «Чин, Хан мәдениті», Мо Янның «Қызыл жүгері», Ли Каң үйнің «Жер және құдай», «Ең соңғы балықшы», У Рытудың «Жеті мүйізді бұғы» қатарлы әңгімелері осы тамырын іздеушілік бағыттың легін толықтырды. /2.350-355/.
Еркін ойлайтындар «Алда жүргендер әдебиеті» олар күшті фәнтәстикәліқ қуатқа, батыл инновациялыққа ие, көп қырлы, аса қиялшыл да елестеткіш, бейнелеуге шебер, ерекше субъективті сезім әлемін жасады. Мысалға, дүлдүл мініп, ғарышты шарлады, сырлы трәнсцендентті өбъективті дүние сомдап, айқын әвәнгәрдтіқ рең береді. Осылай қытайша сиқырлы реәлизм ресми жандана бастады. Міне осылай әдебиетте қытай әдеби сыншыларының сөзімен айтқанда «ғасырлық ауыру», «өтірік жазу», «жалғыздықты жырлау» көрініс беріп, «алда жүргендер» әдебиеті қалыптасты.
Қорыта айтқанда, бұдан бұрынғы әдебиет саяси түс алып, әдәмгершілікті ту етіп жазу арқылы, адамды тәрбиелеу бағытын ұстанса, 1985 жылдан кейінгі әдебиет мүлде керісінше болды. Олар қоғамның нағыз шындығын жазуға ойысты, ақты ақ, қараны қара деп бұрынғы қоғамда қалыптасқан заңдылықтарға жүгінуді тас-талқан етіп, оқырмандарына жаңаша ойлау туғыза бастады, әдебиет адам тәрбиелейді деген ұғымға күдікпен қарай бастады, десе де керегіңді сүзіп алу өзіңе байланысты деген көзқәрәсті ұстанды жазушылар. Осылай 1985 жылдан кейінгі мөдернистік әдебиет қалыптасты, ол топтың басында Уаң Мың жазған жаңаша бағыттағы «Көбелек» әңгімесі, бұдан басқа Зоң Фудың «Мен кіммін?» әңгімесін айтуға болады және Ли Тоның «Жеті әже» атты әңгімесін қоссақ болады. /3.261-266/.
Жаңаша жазудың алдында жүрген жазушылары Мо Ян, Сүн Гәнлу, Үй Хуа, Су Туң, Гы Фей, Бей Сүн қатарлылар. Бұл жазушылардың шығармасы өткенге еш ұқсамайды, оның тілі, көмпөзициясі мүлде басқа. Олар батыстың Уильям Кәтберт Фөлкнер, Гәбриель Гарсия Мәркес қатарлы сиқырлы реәлистерге әбден еліктеп, шығарма жазуды әдетке айналдырды.
Алда жүрген жазушылардан Юй Хуа (Yu Hua1960 жылы туылған, ер) , өте оқырманы көп жазушы, оның шығармасын қытайлық оқырман Мо Яннан жоғары бағалайды. Оның «Себезгілеген жаңбырдағы айқай», «Тірі», «Шүй Сәнгуәннің қан сатуы хикәясі», «Бауыр», «Жетінші күн» романдары оқырманын бей-жай қалдырмайды. Бұл Мо Яннан мойны озық жазушы.
Ян Лиәнкі Ло Яңның Гу Шиян ауданының адамы, оның жазғандары бірден дау тудырып оқырманды өзіне жабыстырып алады. Қытайда бірден бір Нөбелге лайқты жазушы осы Ян Лиәнкі. Оның шығармалары мұхиттың аржағындағы елдерде де тоқтаусыз оқылады. 2014 жыл ол Кәвкәр әдебиет силығын алған. Шығармаларындағы миф пен шындықтың ұштасуы өте жоғары. Атақты романы «Диң Жуаң ауылындағы түс» Хынан өлкесіндегі спид ауыруы жайлаған ауылды жазады. «Күн нұры түскен жыл», «Халық үшін қізмет істейік» романдары осы заман әдебиетіндегі ең шоқтығы биік туынды саналады. Және оның «Өмір азабы» романы оқырманын сұмдық күйзеліске дұшар етеді. Сөінмен бірге оның «Тастан қатты су» романы төңкерістің ғажайып батырларын жырлайды. Мо Яннан мойны озық жазушы саналады. Аталған екі жазушыда дәстүрлі әдеби жасампаздықты еш ұнатпайды. Ойшыл жазушылар.
Дзя Пин Ао, (Jia Pingao, ер, 1952 жылы туылған, ер) асықпай оқыуды қәжет ететін, өмірдің жіңішке нәзік ирімдерін жазатын шебер жазушы. Ол «Сөлтүстік әуендері» рөмәнімен Мау Дүн әдебиет силығын 2008 жылы еншілеген. «Ежелгі пеш» романында мәдениет төкерісін өте әсерлі жазады, оның «Алаңғасар», «Жол бастаушы», «Кенже» қатарлы романдары оқырманның көңілінен шыққан туындылары. Мо Янмен қатар тұрған жазушы саналады.
Хынандық Лю Жінүйн ерекше жазушы, оның ауыл өмірі мен шенеуліктерді тақырып етіп жазған шығармалары оқырманды өзіне еріксіз баурайды. Оқыған сайын оқығың келе береді. Оның《塔铺》、《新兵连》、《单位》、《一地鸡毛》 романдары шетінен керемет. Сөнімен бірге мына жазушыларды атаса болады: Ван Аньи (әйел) , Жаң Үй, Су Туын (шын аты Су Чжунгуй) , Жан Жиянлияң, Жаң Чыңжы, Чын Жоңшы, Гы Фи, Уаң Шо, А Лай, А Чың, Хан Шәугүң, Уаң Шияубо, Шы Тиешің, Лу Яу, Му Шин, Пың Жисай, Бай Шаниоң, Ян Гілиң (әйел) , Ие Гуаңчин (әйел) Би Пиүй, Жин Иоң, Ду Лиаң, Май Жия, Уаң Сыңчи, Тие Ниң (әйел) , Шы Зыжиян (әйел) , Жияң Жие (әйел) және Тайуандық Сан Мау (San Mao, әйел, 1943-1991 ж.) . Оның қаламынан маххабат, отбасы, неке,т.б., сан алуан тақырыптарды тамаша, тартымды, қызықты да ұғынықты етіп қарапайым тілмен жазатын шебер жазды. Лю Юың Тайуанның тумасы, шығармалары жастардың көңілінен көптен шығып жүрген атақты осы заман жазушысы. Қәзір Америкә тұрғыны. Шетелде тұрған қытайлық жазушыдан Ли Ау, Жаң Айлиң бар. Ал 80 жылдардан кейін туылған Хан Хан бастаған мықты жас жазушылар бар.

ХХ ғасырдың 90 жылдарынан кейін Қытай мүлде үлкен өзгеріске ұшырады, базар экөнөмикәсі жанданды, барша қытай ұлты жаңа нарықтық көзқәрәстің ішінде өмір сүрді, ғылым арқылы даму бағытын ұстанды, үздіксіз рефөрмә жасау, үздіксіз ортаға бейімделу, үздіксіз алға ілгерілеу деп ұрандатты. Осы заман қытай әдебиетінде орасаң зор өзгеріс пайда болды. Шетелде тұратын қытай жазушылары мен шетелдік күштердің ықпалында әдебиет көп бағдарлылыққа бейімделді, адамдардың гумәнитәрліқ рухани сұраныстары сөз бола бастады, әдебитте түрлі түсті ой-толғамдар бейнеленетін болды, жаңа ғасырдың жаңа мәселелері көрініс тапты. Әдеби шығармашылықта жазушы ойындағыны еркін жазуға төліғімен мүмкіндік берді, әдебиетте бүгінгі күннің ұсақ-түйек тақырыптары және замандану деп ұятсыз нәрселерді жазуда өз алдына үрдіске айналды. Сөнімен бірге бүгінгі күннің тұтыну мәдениетін дәріптеу басты назарға ұсталды. ХХ ғасырдың соңғы мезгілдерінде тек төмен қарап алып, кітәби жазғыштық өзгеріп нақтылы болған істер жазылып, ақпараттық, дидәктикәліқ шығармалар жарыққа шықты.
ХХІ ғасырда жазушыларға мәтериәлдіқ қәжеттілік қамтамасыз етіліп, оларға рухани, қоғамдық мәселерге шындап кірісуге жағдай жасалды. 1990 жылдарда әдебиет теөриясі туралы талас басталды, әдебиет жанрларын толықтыратын сахналық қойылымдар, кинө, ғаламтор әдебиеті жаңа жанр ретінде қалыптасты. /4.521-528/.
1990 жылдарда басталған әдебиет ториясы жөніндегі талас және шығармада көтеретін тақырып өз шегіне жетіп адамдарға, бүгінгі қытайлықтарға жаңаша рух сыйлап, жаңа қытайлықтарды тәрбиеледі, қәзіргі таңда әйелдер әдебиеті қалыптасты, тұтыну мәдениеті жөніндегі әдебиет дамып көп бағдарлы әдебиетке ұласты.
1993жылы Уаң Мыңның «Кітәп оқу» атты журналдың №1 санында «Ұлыларға табынуды жояйық» атты мақаласы шықты, ол өз мақаласында ұзақ жылдардан бері әдебиет ұлыларды мадақтап келді, бұл табыну бізді алысқа апармайды деп жазды. Ваң Шуо ұлылар қәтелік жасамайды ма? Түйенің құмалағы болғаны сияқты олардың да қәтелігі жетеді деп жазды. Сол жылы «Шанхай әдебиеті» журналының №6 санына Уаң Шияумиң «иен даладағы қағыр жер немесе әдебиет және рухани мәдениеттің қәупі» атты мақаласында ол бүгінгі заманда рухани мәдениет тоқыраудың аз-ақ алдында тұр деп жазды. 1994 жылы «Кітәп оқу», «Шығыс», «Қытай кітәп оқу», «Қәзіргі заман және дәстүр» қатарлы гәзет-журналдар осы мәселе жөнінде халықтық тыңдау өткізіп, талқы өрістетілді. Осылай әдебиетте жаңаша көзқәрәс қалыптасты. Талқының негізгі қаузағаны: рухани мәдениет деген не? Ол қайдан келеді? Ол қай кезеде, қалай құлдырады? деген сұрақтардың төңірегінде әңгіме өрістетті. Рухани мәдениетті қайтадан жасасақ, онда қандай жасаймыз деп бас қатырды. Бұл мәселеде Чын Сының рухани мәдениетті тек зиялылыр ғана жасайды, ол зиялылар салған сара жөлмен бүкіл халық жүреді, ол бәрін алға сүйрейтін рельс тәрізді алға бастауы керек деп ашып көрсетті. Зиялылар бүкіл қөғәммен халықтың алдындағы жәуәпкершілігін сезінуі керек деді. Онда бізге қандай рухани мәдениет керек дегенге Уаң Бин бин былай деп жауап берді: Рухани мәдениет - ол діндік мәдениеттен жоғары тұратын мәдениет деді. Ол саяси жүйемен тығыз ұштастырылған мәдениет деп ой түйді көп жазушы. Тағы біреулері ежелгі дәстүрімізді негіз еткен мәдениет деді. Жаңа демөкрәтияліқ мәдениет дегендер де болды. Әр адам өзін жақсы басқарып, ұлттық мәдениетін жоғалтпауы керек деді. Жеке бастың еркіндігі мен мемлекеттік еркіндік сәйкесуі керек, сонда рухани мәдениет болады деді. Осылай талқы жалғасты, сөзді тағы Уаң Мың түйіндеді, ол бізде қәзір батыстық сарын бар, оны мойындауымыз керек, қәзірден бастап жеке басқа табынуды тоқтатып, рухымызды тазартып, қарапайым халықтың өресін көтеруге атсалысуымыз керек деді. Бұл мәселеге Бұрынғы Шанхайлық қәзір Америкәдә тұратын Ли Жиеде өз пікірін білдірді, ол адам идеясін азат етіп, адамдық қәсиетін дербестендіруі керек деп түйді./5/

1992 жылы қытай төрәғәсі Дың Шияупың қытай өңтүстігін көзден кешіргенде сөйлеген сөзінде, нарықтық экөнөмикә күннен-күнге күшейіп, бүкіл елде заңдық жақтан жалпыласты, кәпитәл негізгі орынға шықты. Бүгінгі ғаламдану заманында қоғам экөнөмикәсінің дамуына ілесіп, мәдениет, ғылым-техникә дамыды, әр адамның жеке ой-санасын, өмір сүру заңдылықтарын өзгертті, тіпті сөзімізді, әдебиетімізді электрөнді мына заман, ғаламтор тартып алуда деп атап көрсетті.

ХХ ғасырдың 90 жылдарынан кейін тележәшік, интернет деген дүниелер әдебиетімізді жалмап алуға мықтап кірісті, не істеуіміз керек деп бас қатырды жазушылар, 1994 жылдан бастап интернет әдебиетін қалыптастырды. Бұл түрдегі әдебиеттің ерекшелігі баяғыдай жазып, көп бейнелеп отырмай, айтар ойды тіке дәлме-дәл жеткізу, көбінде жазба тілдің орнын ауыз екі тіл басты, ғаламтор әдебиетінің басты ерекшелігі әлем, жазушы, шығарма, оқырман дейтін әдебиеттің 4 элементі ортасындағы құпиялық бірден жойылды. Онда әлем ұғымы ғаламтор әдебиетінде жоқ, жазушы да қарапайым оқырман сияқты, ал шығармада еш құпиялық сақталмастан бірден оқырманға жол тартады, оқырман болса, ырықсыз түрде шығарманы оқып, ырықты түрде өз ойын ортаға салады. Бүгінгі таңда ғаламтор әдебиеті үздіксіз дамып, кемелденіп келеді, жаңа әдебиет өздігінен дәстүрлі көне әдебиеттен алыстауда. Ғаламтор әдебиетіндегі прозалық жанрлардың «уайым-сыр», «қиял», «жарып өту», «дидәктикәліқ», «кәрьерә», «таңғажайып ой» қатарлы түрлері пайда болды. 2008 жылы Бейжің электрөнді ақпараттық көмпәниясі бүгінгі ғаламтор әдебиетіндегі сатылымдар жөнінде ақпаратын жариялады. Ғаламтор әдебиетінің өкілдерін атасақ Ан Нибау би, Ли Шүнхөң, Жи Жыхың, Ниң Сайчын, Чиң Үйсын, Үй Бәймей. Бұл жазушылардың өзіндік қол таңбасы қалыптасқан. Бұлардан сырт Хан Ханның «Үш есік», «Чаң ан бүлігі» және Гу Жиңмиңның «Қиял қаласы», «Түстегі төгілген гүдер», Су Шиусының «Ши Заң дәрі шөбі», Хы Чиүйенің «Мен жеңілісім жеңіс» атты ғаламтор әдебиетінің туындыларын атауға болады. Сайттардан қытай жазушылар одағының «Шин Лаң» сайты көркем әдебитте көш бастап тұр. /1.235/.
80 жылдардан кейін туылған ғаламтор әдебиетінде дүрілдеп тұрған атақты жазушылар легі де аз емес, көштің басында Хан Хан мен Гу Жиңимиң тұр, бұлардың шығармасы оқырманды өзіне бірден тартады. Жаң Үйерән, Иан Гі, Жияң Иапың, Ди Ән, Яу Нияң, Шүн Шу, Лың Ниң, Лю Үйха, Ән Иру, Би Лиңпың, Шүй Шияуүн, Жияң Паңжоу, Таң Чау, И Бай, Шүй Үанжы, Жаң Жияи, У Үйнши, Лиң Шүнжі, Сүн Лүңпің, Лю Унтау қатарлыларды атауға болады. 2009 жылдың 25 маусымында қытай жазушылар одағы бір жылдың өзінде 408 жаңа жазушыны мүшелікке қабылдады, бұлардың ішнде Жин Иоңмың деген жас жазушы да болды. 2009 жылдың 8 қіркүйегінде жазушылар одағы №7 кезекті мәжілістің 8-отырысын өткізді, осы кезеде Жин Иоңмыңды жазушылар одағының қүрметті алқасы етіп тағайындады. Сөнімен бірге оның дидәктикәліқ романын бүгінгі күннің талабына сай жазылған деп мадақтады. /5/. Аталмыш мәжілісте әдебиет тезден қимылдап, жазушылар мен журналдар, баспалар нарықтық заманға мықтап бейімделіп, мемлекеттің тұтыну мәдениетін жазуы тиіс деді. Мұнда жазушы әдебиет пен саясатты бөліп қарастыру керек, биліктің басқаруындағы жазушы мен баспа үйі болмауы тиіс деді. Енді бір жағынан нарық пен саясат бір-біріне байланысты, базар экөнөмикәсі әдебиеттің дамуына өз кері әсерін тигізері сөзсіз, алайда әдебиетте нарыққа бейімдеп, бүгінгі заман өзгерісімен бірге өзгертіп, адамдардың қәжеті бойынша жазу керек, тіпті әдебиет заманға қарай керек болса, жарнамалық рөл де атқаруы тиіс деді, міне, осылай әдебиеттің жүгі әр дәуірде басқаша болады. Тұтыну дәуірі мен электрөнді мына заманда әдебиет дәстүрлі қалпынан өзгеріп, нарықтық және бұқаралық сипатқа ие болуы шарт. Бұл жаңа дәуірдің талабы, жаңа дәуір әдебиеті жалпы халықтық әдебиеттен сырт мемлекет имиджін көтеретін әдебиет және шенеуліктер әдебиетін да қолға алуға міндетті. 2004 жылы Сы Чуан өлкелік «Әдебиет сын» журналы және өлкелік унверситеттің әдебиет және ақпараттық институтының ұйымдастыруы мен бүкіл ел бойынша «Тұтыну дәуіріндегі әдебиет және мәдениетті зерттеу» атты ғылыми семинәр өтті. Мұнда тұтыну мәдениеті, әдебиет пен бейнелеу өнерінің айырмашылығы жайында талқы жүргізілді. Атап айтар болсақ, осында сөз алған ғалым Тау Дұңпың біз қәзір нарықтық заманды басымызға мықтап киіп, тұтыну мәдениетін жасаудың үстіндеміз, бізге енді адамзат мәдениетінің бөлшегі саналатын эстетикәліқ мәдениетті сауда-саттықта қалыптастыруымыз тиіс деді. Осындай қалың талқы, пікірлер қытай әдебиетін алға алып барады.







ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:

1. 曹万生主编,中国人民大学出版社, 中国现代汉语文学史。2010.
2. 浓乐主编,中国现当代学(下册)北京: «高等教育出版社»,-1986.
3.王自立主编,中国现当代学(下册)// 北京: «高等教育出版社», - 2006.
4. «Жаңа заман Қытай әдебиеті» «中国现当代文学», Н. Абдурақын. Алматы, «Қазақ университеті». 2013.
5. www.baidu.com

References
1. Cao Wansheng, Zhongguo renmin daxue chubanshe, Zhongguo xiandai hanyuwenxueshi. 2010.
2. Nong Yue, Zhongguo xiandangdaixue (xiaci) , Beijing: “Gaodeng jiaoyu chubanshe”, -1986.
3. Wan Zili, Zhongguo xiandangdaixue (xiaci) , Beijing: “Gaodeng jiaoyu chubanshe”,-2006.
4. “Zhana zaman Kitay adebiety” «Zhongguo xiandangdaiwenxue», N. Abdurakyn. –Almaty, “Kazak Universitety”. -2013.
5. www.baidu.com
қосымша жүктелген суреттері:


كەلۋ قاينارى: http://www.elarna.net/oku_kk.php?tur=11&id=2393

Пікірлер:


Жазған лебізіңіз 300 еріптен аспасын!
tomendegi katekshege 99 dep jazingiz.
98 + 1 = ? sozsiz sifermen tolteringiz, aytpese pikir jaza almaymiz.

Көрші сілтемелер