Еларна қолфон нұсқасына ену

Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com




Түрі: Ел-арна газеті, бұл арадан барлық мақалаларын оқисыз

Жолданған уақыты: 20:54 - 2020/12/19

Қосымша қайнары:http://www.elarna.net/oku_kk.php?tur=11&id=2389
Тоте жазу нұсқасы:http://www.elarna.net/oku.php?tur=11&id=2389

توتە جازۋ نۇسقاسى:http://www.elarna.net/oku.php?tur=11&id=2389

Мақала жолдаушы: Sh.bokeev
Мақала апторы: Шаһидолла Самұратұлы (Ш.БӨКЕЕВ )
Аптордың мекен-жайі: Қазақстан Шімкент

ТОҚТАР АҒАМ
(Тоқтар Әубәкірөвқә)

Шаһидолла Самұратұлы БӨКЕЕВ

Тоқтар ағам әйгілі тоқтар ағам ,
(Жүрегінде өшпейтін от бар адам) .
Қашандағы хәліқпен біргемін деп,
Өтірік,қүр мақтаудан қашқан ағам .

Сізді нағыз халықшыл шын ер дер ем,
Намысын ешікімге де жібермеген .
Ел мүддесін бәрінен биік қойып ,
Құр атақ ,абыройға жүгірмеген.

Ардақтаған алаштың тамам елі,
Елім деген көңілің алаң еді.
Елім деп еңіреген есіл ердің,
Бүтінделмей кетеді жаға-жеңі.

Бас батыры қазақтың қас батыры,
Халқының қамын ойлап бас қатырды.
Сізді көре алмаған дұшпандардың ,
Тауға басы соғылсын тасқа тілі.

Сіздей болар азаматтың атбалысы,
(Тектен -текке қонбайды атқа кісі) .
Арда туған қазақтың асыл ері,
Абыройы қазақтың мақтанышы.

Көбелектей көлбеңдеп гүлге қонып ,
Кейбіреу жұр ұлтынан ірге бөліп .
Ал сіз жұрсыз екі елі ажырамай ,
Хәліқпенен қашанда бірге болып .

Тарихтың мәңгілік көшіне ерер,
Мәңгілік сақтайтұғын есіне ел.
Туатын бір ғасырда сіздей болып ,
Екі келмес өмірге есіл ерлер.
қосымша жүктелген суреттері:

كەلۋ قاينارى: http://www.elarna.net/oku_kk.php?tur=11&id=2389

Пікірлер:


Жазған лебізіңіз 300 еріптен аспасын!
tomendegi katekshege 99 dep jazingiz.
98 + 1 = ? sozsiz sifermen tolteringiz, aytpese pikir jaza almaymiz.

Көрші сілтемелер