Еларна қолфон нұсқасына ену

Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com




Түрі: Ел-арна газеті, бұл арадан барлық мақалаларын оқисыз

Жолданған уақыты: 08:38 - 2020/12/16

Қосымша қайнары:http://www.elarna.net/oku_kk.php?tur=11&id=2387
Тоте жазу нұсқасы:http://www.elarna.net/oku.php?tur=11&id=2387

توتە جازۋ نۇسقاسى:http://www.elarna.net/oku.php?tur=11&id=2387

Мақала жолдаушы: Sh.bokeev
Мақала апторы: Шаһидолла Самұратұлы (Ш.БӨКЕЕВ )
Аптордың мекен-жайі: Қазақстан

ОТАН ЖЫРЫ- Шаһидолла Самұратұлы БӨКЕЕВ (Ш.БӨКЕЕВ)

Отан ,Отан оттан ыстық көрінген,
Отан орын алған жүрек төрімнен.
Тәуелсз боп арқасында Алланың ,
Жұлдыз жәйнәп ,ай туған күн көгімінен.

Ел болмайды артық туған Еліңнен,
Елін сату бірдей болар өліммен.
Бірлік деген-бик қамал алынбас,
Бөрілерге жем болады бөлінген.

Осы күнді қәдірейік біз бүгін ,
Жақсылыққа қосып әр кез ізгі үн.
Қанша боздақ құрбан етті өмірін,
Алу үшін егемен ел тізгінін .

Қанша ғасыр өтті Халқым жылауда,
(Көздің жасын көрді ақыр бір Алла ) .
Ата -Бабам жанын берген бұл күнді,
Ешкігнің де хақысы жоқ сынауға.

Қәнден Иттер аса алмайтын бір белден,
(Ірітпек боп ін қазып жұр іргемнен) .
Талай залым ,зәндендерді көрдік біз ,
Іші тұтын ,сырты бұтын жүргенмен.

Елді тонап ,шетке қашып кеткендер,
(Көтермейді көк тиындық өкпеңді ел) .
Оттай сытық сатып отан Анаңды,
Ит боп үріп ,Отанмды сөкпеңдер.

Айтылар сөз таусылмайды ол жәйлі,
(Біреуге ар,ал біреуге мал қайғы) .
Ел қадырын түсінбеген еркектің ,
Ел сыилайтын ер қадыры болмайды .

Қуанышым жігерімді жаниды,
Бақыт құсы айналып жұр әр үйді.
Күллі әлем мойындаған Елім бар,
Күллі Әлем көк туымды таниды.

Айналайын асыл Халқым ,Алашым,
Қәдірлейік бар бақыттың бағасын.
Ғасырлардан ғасырларға мәңгілік ,
Жасай берсін ұлы Отаным -Анашым ,
Қазақстан ұлы отаным -Анашым .



https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=364952024270184&id=100022661673922
қосымша жүктелген суреттері:

كەلۋ قاينارى: http://www.elarna.net/oku_kk.php?tur=11&id=2387

Пікірлер:


Жазған лебізіңіз 300 еріптен аспасын!
tomendegi katekshege 99 dep jazingiz.
98 + 1 = ? sozsiz sifermen tolteringiz, aytpese pikir jaza almaymiz.

Көрші сілтемелер