Еларна қолфон нұсқасына ену

Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com




Түрі: Ел-арна газеті, бұл арадан барлық мақалаларын оқисыз

Жолданған уақыты: 13:11 - 2020/09/18

Қосымша қайнары:http://www.elarna.net/oku_kk.php?tur=11&id=2357
Тоте жазу нұсқасы:http://www.elarna.net/oku.php?tur=11&id=2357

توتە جازۋ نۇسقاسى:http://www.elarna.net/oku.php?tur=11&id=2357

Мақала жолдаушы: Elarna Studio
Мақала апторы: Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ
Аптордың мекен-жайі: Kazakhstan

Адамзат тарихында, күнтізбенің орны ерекше. Өйткені ол күн, ай, жыл, ғасыр, дәуір оқиғаларын жаңылыссыз, дұрыс есептейтін көп сатылы, күрделі мәдени құбылыс. Яғни, ол адам-қоғам-табиғат үштігі арасындағы үйлесiмдi реттеп, өмірдегі елеулі діни, қоғамдық, шаруашылық оқиғаларды тарих жадысына таңбалап тұратын мәдениет үлгісі.


Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ

Кәлендәрьдің түрі көп. Мы­са­лы, Ресейдің Қорған облысы Қазақ Көчердік ауылы маңынан табылған б.з.д. VІІІ ғасыр мұрасы қола семсердің қос қапталына бәдізделген 20 түрлі жануарлар бейнесін зерттеуші В.Н.Котов «20 күндік айды белгілейтін кәлендәрь болуы мүмкін» дейді.

Тіпті жазу-сызу мәдениеті қалыптаспаған бағзы дәуірде адамдар таяқша, тақтайшаға кертік жасап немесе жіпті түйіп уақытты белгілеген кәлендәрь нұсқалары Америкә, Азия, Аф­рикә құрлықтарынан табылса, мұндай күнтізбені Ахәменид патшасы І Дарий пайдаланғаны жайлы тарих атасы Герөдөттің жазбасында кез­деседі. Кертік ағаш кәлендәрьді мажар қыпшақ­тары мен финн-угөрләр бертінге дейін қолданып келсе, қазақ есеп­шілерінің «кісе» деп атайтын қарапайым уақыттық есеп құра­лын да осы санатқа қо­суға бөләді.

Дегенмен бүгінге жеткен ең көне күнтізбе «борыш кітәбі-кәлендәриум» 354 жылы Римде жазылғаны жайлы білеміз. Ал баспаханада басылған ал­ғашқы кәлендәрьғә келсек, 1448 жылы неміс шебері Иөгән Гу­тенберг қабыр­ғаға ілінетін ас­трономиялық тәбель-кәлендәрь басып шығарса, 1474 жылы оның жерлесі астроном Иөгән Мюллер (Региөмөнтән) алғашқы журнал түріндегі 64 беттік кәлендәрь жәсәғән.

1

Қәзіргі таңда әлем ха­лық­тары бірнеше түрлі күнтізбе қолданады. Соның ішінде ең танымалы Григөриән күнтізбесі. Бұл кәлендәрь бойынша жыл 12 айға, ал айлар 28-31 күн ара­лығында тәуліктік мезгілмен жiк­теледi. Бірәқ бұл кәлендәрь «ғаламдық уақыт есептеу жүйесіне сай емес» деген пі­кір алғаш рет 1923 жылы Жене­вә қаласында өткен Ұлттар лигә­сінің бас қосуында айтылып, болашақта бұл күнтізбені рефөрмәләу ісі Халықаралық Кө­митетке жүктелген болатын. Бұ­дан әлі күнге нәтиже шыққан жоқ. Содан 1954 жылы БҰҰ-ның Экөнөмикәліқ Кеңесі 18-сессия­сін­дә үнділік астрономдар ұсын­­ған жаңа күнтізбе жобасы талқыланып, оны БҰҰ-ның Бас Ассәмблеясінің қарауына ұсын­ды. Бірәқ ешқәндәй нақты шешім қабылданбады. Түйткілді дүние сол күйінде қалып қойды.

Соңғы жылдары бұл мәсе­лемен қазақ ғалымдары айналысып жүр. Атап айт­сақ, бұл адам – танымал өнер­тәпқіш, Д.Қөнәев атындағы уни­вер­ситеттің қүрметті прөфессөрі, Халықаралық Акмеө­лөгияліқ ғылымдарының әкәде­мигі (Сәнкт-Петербург) және Пла­тон сыйлығының иегері, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кәндидәті Сайлыбай Бекбөләтөв ағамыз.

Қазақтан шыққан білікті ға­лым Сайлыбай аға ширек ғасыр тер төгіп, үзбей жүргізген те­рең ғылыми ізденістерінің нәти­жесінде «Мәңгі қазақ кәлен­дәрі» атты пәтенттің иесі атанып отыр. Бұл жаңалықтың тұ­сауы 2014 жылы Халықаралық өнер, көммуникәция, ғылым және технөлөгия көнгресінің Англиядәғі Кембридж универ­ситетінде кесіліп, осы ұйымға мүше 40 мемлекеттің айту­лы ғалымдары тарапынан бір­әуіздән мойын­далды. Соның нәтижесінде аға­мызға «ХХІ ғасырдың ақыл-ойы» деген атақ берілді.

Сөнімен қатар жоғарыдағы мәртебелі жиында қазақ ғалы­мы С.Бекбөләтөв аталған ха­лықаралық көнгрестің вице-президенті әрі ұйымның Еуропа бойынша бас директөрі болып тағайындалды. Сөнімен бірге Кембридж қаласында орналасқан әлемдегі ең үздік ғалымдардың биөгрәфияләрін жариялайтын Халықаралық Биөгрәфия орталығының марапатына ие болды.

Қазақ ғалымы жасаған кә­лен­­дәрь өткен шілде айының соңында Оңтүстік Африкә елін­де ағылшын тілінде «Unified, Constant Calender» («Мәңгілік, тұрақты күнтізбе») деген әтпен электрөнді кітәп ретінде жарық көріп, бұл еңбекпен екі айдың ішінде 32 млн адам танысып үлгеріпті.

Осіндәғі «Мәңгі қазақ күн­тіз­бесінің» ерекшелігі, жыл 13 айдан тұрады және әр ай 28 тәулік­тен құралады. Жыл 13 айдан тұру себебі, Жер пләнетәсі Күнді айналу жолында 13 шоқ­жұлдызды жанап өтетіндіктен, Ай біз ойлағандай отыз күнде емес, жиырма сегіз күнде толады деп болжайды ғалым. Демек, әр ай дүйсенбіден басталып, жексенбіде бітеді.

Атәлғән еңбекпен жете та­ныс­­қан үлкен ғалым, Қазақ­станның еңбек сіңірген қәй­рәт­кері, Халық­аралық Жоғары мектеп ғылым әкәде­миясінің әкәдемигі Әділ Ахметөв мырза, «бұл дүние тек қазақ ғылы­мының ғана емес, әлем ғылым­ның да, сондай-ақ күллі адамзат өркениетінің абыройын ас­қақтатқан заманауи жаңалық. Ендеше, оның авторын ең әлдімен егемен еліміздің оқырман қауымына сүйінші хабар ретінде үкілеп жеткізуіміз керек» депті.

Осі орайда Әділ Құрман­жанұлы айтқандай, гәзет оқыр­ман­дарын ғалым ағамыздың жәңә­ліғімен таныстырып, сүйіншілеу үшін сұхбаттасқан едік.

– Сайлыбай аға, бұл іспен шұғылданып жүргеніңізге қан­ша жыл болды?

– 25 жылдан асып барады. Мұны есептеу қиын емес. Бірәқ құжаттық тұрғыдан қолданысқа енгізу әзірше мүмкін болмай тұр. Егер біз осы күнтізбені пайдаланар болсақ, талай дүние өзгеріп, қәзіргі қауым қазақилана түсер еді.

Жәлпі, адамзат үшін күн­тізбе мәселесі аса маңызды. Өйт­­кені біз қәзір қолданып жүр­ген Григөриән күнтізбесінде көп­теген қәтелік бар. Басқасын айтпағанда 365 тәуліктің өзі құбылмалы. Мысалы, қәзіргі жыл санаудың төртінші жылында 366 күн бар. Бір күн артылып кеткен. Осы қәтеліктің салдарынан бір жылды құрайтын 12 ай: бірде 28, бірде 29, бірде 30, тағы бірде 31 күнге ауысып отырады.

Яғни, әр жыл сайын Жер өз өсін 365 рет айналса, Ай Жерді жыл сайын 13 рет айналады. Ал Күн өз өсін әйнәлумен қатар, бір жылда «Эклиптикә» деп аталатын аспан сферәсіндәғі үлкен шеңбердің бөйімен 13 шоқжұлдызды кесіп өтеді. Бұл табиғи құбылыстар – мәңгі өз­гермейтін жаһандық ас­трономиялық заңдылық. Ал Григөриән күнтізбесі болса, әр жыл сайын Жерді 13 рет айналатын Ай санын ғана емес, әлгінде ғана аталған 13 шоқжұлдыздың біреуін ешбір себепсіз қысқартып тастаған. Ең күлкілісі сол, бұл кемістігін жабу үшін, Григөрий поп 13 деген санды шәйтәнмен бай­ланыстырып, оған тыйым салған.

– Күнтізбеде мұндай қәтелік барын әлем астрономдары біл­меген бе?

–Білгенде қандай. 1923 жы­­лы бұл мәселе БҰҰ дең­гейінде айтылған. Әлі күн тәр­тібінен түс­кен жоқ. Міне, содан бері әлемдік қауымдастық ғалымдарға «қәтесіз, жетілген күнтізбе жасаңдар» дегенді үнемі ескертумен келеді. Өйткені қолданыстағы күнтізбе күллі жаратылыс заңына қайшы әрі үйлесімсіз. Басқасын айтпағанда, апталық жеті күннің жылдық айналымы бір-біріне сәйкес келмейді. Мысалы, жаңа жыл мерекесі бір жылы дүйсенбі күн­ге сәйкессе, келесі жылы басқа күн­ге ауысады. Егер қол­да­ныс­тағы күнтізбе нақты болғанда әр апта, әрбір күн өз нүктесінде, нақтырақ айтқанда, уақыттық шеңберінде қозғалмай қатып қалуы тиіс. Егер күнтізбе қәтесіз болғанда мұндай өзгеріс болмайды. Бұл бір.

Екіншіден – айларды толтырып тұрған күндер санына келсек, бір ай – 30 тәулік, екіншісі – 31 тәулік, енді бірі – 28 тәулік. Демек, уақыттың табиғи балансы бұзылып тұр.

– Неге бұлай?

– Өйткені қәзіргі қолда­ныс­­­тағы күнтізбе жаратылыс заң­дылығын ескермей, жеке адамның мүддесіне бағын­ды­рылып қолдан жасалған шикі дүние. Оның басында ежелгі Рим империясінің қәйрәткері, осыдан екі мың жыл бұрын өмір сүрген Юлий Цезәрь жарықтық тұр. Бұл кісі өз қалауын алға тартып, бір айды (июль) өзінің әтімен атаса, бұдан кейінгі патша мүрәгері Август та тағы бір айды өзінің атына жазып алған. Одан соң 161-180 жылдары билік құрған Мәрк Аврелий (имперәтөр Мариус) бір айды өзінің қүрметіне «Март» деп атауды жөн көрген. Сөйтіп ежелгі жыл санаудың табиғи болмысы өзгерген.

– Сіздің пайым бойынша ежелгі ай атауларында қәте­лік бар екен. Ал уақытты меже­лейтін есеп-цифрларда қандай қәтелік бар?

– Уақытты межелеуден кеткен қәтелікте тіпті екі мың жылдың үлесі бар. Ғылымда цифрлық жүйе деген болады. Ол 0-ден 9-ға дейінгі таңба-белгілер реті. Бұл ерте дәуірде тұрақтандырылған. Сізге бір қызық айтайын, алғаш адамзаттық күнтізбе қолданысқа кірген кезеңде цифрлық жүйе 7-еу, яғни жеті сан (таңба) болған. Қәзіргі біз пайдаланып жүрген «8» және «9» сандары болмаған. Міне, осыдан кейін күнтізбелік есептік меже әуелден қәте жасалған. Сол қәтелік әлі түзетілген жоқ.

– Сөзіңізді бөлейін сіз айтып отырған 7 таңбаға кейіннен біріккен «8» және «9» сандары қай мезгілде қосылды?

– Адамзаттың алғашқы есептеу құралы 7 таңбадан құралды десек, соңғы екі сан 1500 жылдан кейін кірді. Бұл екі санды кіргізген арабтар. Кейін мұсылман халифаты дәуірлеген тұста арабтардың осы ондық жүйелігі Еуропаға тарады. Қысқасы, адамзаттық жетілген цифрлық жүйені қарт құрлыққа жеткізген араб мәдениеті. Бірәқ осы арабтар ондық жүйені өз өмірлеріне бүгінде кіріктіре алмай отыр. Оның себебі көп. Бір ауыз сөзбен жеткізу қиін...

Біз көп жағдайда сан мен цифр­ды ажырата білмейміз. Цифр дегеніміз – 0-ден 9-ға дейін­гі тұрақты таңбалар. Осы таң­баларды құрастыру арқылы шексіз санды шығаруға болады. Бұл ұғымды әріп арқылы тәпсірлеп көрелік. Қазақта 42 әріп бар. Осы әріптер арқылы миллиондаған сөздер құрап, жүздеген том кітәп жазуға болады. Сан дегеніміз – жаңа айтып өткендей цифрлар жиынтығы. Осы орайда қазақы танымда «0» санға жатпайды. Абай атамыздың «едницә болмаса не болды өңшең нөл» дегені сияқты. Осыдан кейін, яғни «нөл» есепке алынбағандықтан адамның нөлдік (бір жасқа дейінгі) уақыты есептелмей мүшелді 12 деп жүрміз. Ал шын мәнінде мүшел саны – 13.

– Сіз жасап шыққан күн­тіз­­белікті «Адамзаттың жаңа кәлендәрі» деп атаса да болған­дай екен. Неліктен «Мәңгі қазақ кәлендәрі» деп атадыңыз?

– Мен бұл жұмысты «адам­заттық» демес бұрын өзіме «мен­ қайдан жаратылдым?» деген сұрақ қойдым. Бұған жауапты Құранннан таптым. Қәсиетті кітәптің 51-сүресі, 56-аятында Алла тағала «жын мен адамзатты өзіме құлшылық қылу үшін жараттым» депті. Демек, барлық жаратылыста құлшылық құпиясы бар. Мысалы, Алла жерді жаратып күнді айналдырып қойды. Гәләктикәдә мыңдаған пләнетә сапырылысып жүзіп жүр. Олар бір сәт қәте баспайды. Бұл нет­кен дәлдік, нендей қүдірет. Тағы да Құранның 36-сүресі, 38-аятында: «Таңды сөгуші, түнді тынығу және күн мен айды есеп үшін жараттым. Осылар аса білуші Алланың өлшемі» дейді. Осы үкімді оқыған соң өз басым уақыт ол – ең үлкен құлшылық деген тоқтамға келдім. Сөйтіп ғаламдық уақыт есебін зерттеуге бет бұрдым. Мысалы, айдың фазасы 13 грәдусқә аунамай таң атпайды. Бұл түйінді маған дейін ешкім шешкен жоқ. Ал күн кәлендәріндә бір жылда күн мен түн екі дүркін теңеседі. Бірі – 22 наурыз, екіншісі – 22 қіркүйек. Осы екі аралықтағы тәулікті есептеп көріңіз, бірі – 186 тәулік те, екіншісі – 179. Бір апта жоқ.

– Сіз жасаған жаңа күнтізбе­нің басты ерекшелігі не?

– Жаңа күнтізбенің ерекшелігі – жылды 13 айға бөлдім. Бір айда – 28 күн. Жылдық тәулік есебі: 13 х 28 = 364 күн. Әрі қа­рай осы жүйемен уақытты жүйе­леп көрелік. Мысалы, сіз «1963 жылы 28 қаңтар, дүйсенбі» күні тудыңыз. Жоғарыдағы күнтізбелік жүйе бойынша сіздің туған күніңіз мәңгі тек «дүйсенбі»-ге сай келіп тұрады. Ол ешқәшән өзгермейді. Бұл күнтізбенің басты ерекшелігі осында және уақыттық өлшемдері мүлтіксіз.

Одән кейін ұлтым – қазақ. Адам баласы үшін пайдалы дүние жасадым екен, ол неге қазаққа тән болмайды. Мен еш нәрсені ойдан алып отырғаным жоқ. Абай атамыз айтпақшы, жанымыздан ғылым шығара алмаймыз. Мұндағы есептің барлығы қазақтың көне танымында бар. Сондықтан бұл құжатты «Мәңгі қазақ кәлендәрі» деп атауды жөн көрдім. Екіншіден, «мәңгі» атауын берген себебім, Алладан басқа мәңгілік жоқ. Кім Онімен бірге болады, Оның үкіміне сай дүние жасайды сол ғана мәңгілікпен ұштаса алады.

– «Мәңгі қазақ кәлендәрі» күн­тізбесінде ай атауларын қалай қазақшаладыңыз?

– 13 айлық күнтізбеде қазақ­ша ай аттарын әзірше шоқжұл­дыз­дардың әтімен белгілеп қой­дым. Балықтар, Тоқты, Торпақ, Егіздер, Шаян, Арыстан... деген сияқты. Өйткені қәзіргі ай атау­лары: қаңтар, ақпан, наурыз, сәуір, мамыр... т.б. бұларды тек қазақ қана біледі. Ол шоқжұл­дыздар атауы күллі әлемге тән. Осыған сәйкестендіріп ай­дың ағылшынша-орысша атауларын да тауып қойдым.

– Бұл күнтізбенің күллі адам­зат үшін қандай пайдасы бар?

– Ең әуелі, адамзат өміріне тән даталар уақыты ешқәшән өзгермейді. Сол себепті жыл са­йын қағаз шығындап кәлендәрь жасамайсыз. Қәзіргі күнтізбеде он жылда бір келетін «кібісе» жылы дейтін бар. Оны кейбір халықтар «қәуіп-қәтерге толы жыл» деп ырымдайды. Осы жалған ырым жоғалады.

Содан кейін бұл күнтізбе – астрономиялық әрі мәте­мә­ти­кәліқ тұрғыдан ешқәндәй кінәрәтсіз. Сол себепті жасанды Григөриән күнтізбесінің салдарынан бәнк және қаржы жүйелерінде; технөлөгияләр мен цифрландыру үдерістерінде; медицинәліқ және биөлөгияліқ прөцестерде; мәкрө және микрө ғарыш саласында; қарапайым адамдардың күнделікті өмірінде, т.б. орын алып отырған кедер­гілер мен кемшіліктердің түбе­гейлі жойылары анық.

Одан кейін мәңгі өзгермейтін 28 күндік/13 айлық тұрақты күн­тізбеде әр жылдың басы Наурыз айының 21-індегі күн мен түннің теңелетін сәтіне дөп келетін бірін­ші жексенбі ғана нөлден басталады, ал қалған жексенбілер аптаның үйреншікті жетінші күніне сай келіп тұрады. Қалған күндер 13 айлық күнтізбенің өн бойында мәңгі өзгермей, қаққан қазықтай мызғымай орнығады.

Қаржы-экөнөмикәліқ тұрғы­дан да, бұл күнтізбе ешбір ысы­рапқа жол бермейді, өйткені бір рет баспадан шыққан бұл күнтізбенің бастапқы нұсқасын ондаған немесе жүздеген жылдар бойы қолдана беруге болады.



Әңгімелескен

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ,

«Egemen Qazaqstan»
қосымша жүктелген суреттері:



كەلۋ قاينارى: http://www.elarna.net/oku_kk.php?tur=11&id=2357

Пікірлер:


Жазған лебізіңіз 300 еріптен аспасын!
tomendegi katekshege 99 dep jazingiz.
98 + 1 = ? sozsiz sifermen tolteringiz, aytpese pikir jaza almaymiz.

Көрші сілтемелер