Еларна қолфон нұсқасына ену

Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com




Түрі: Ел-арна газеті, бұл арадан барлық мақалаларын оқисыз

Жолданған уақыты: 11:02 - 2020/06/16

Қосымша қайнары:http://www.elarna.net/oku_kk.php?tur=11&id=2353
Тоте жазу нұсқасы:http://www.elarna.net/oku.php?tur=11&id=2353

توتە جازۋ نۇسقاسى:http://www.elarna.net/oku.php?tur=11&id=2353

Мақала жолдаушы: Elarna Studio
Мақала апторы: Нұржан дәулеткелді ұлы
Аптордың мекен-жайі:

Келу қайнары: іле гәзеті

тәңжәріқ жолды ұлы айтулы әйтіскер ақын, әлем қазақтарына әдеби әлемі нұр құйған сәулелі жазба шайыр. асқақ дауысты әнші, даңсалы ұстаз, білікті бәспәгер. жөлдінің алғашқы әйелі ділдәдән (бұлды) нарынбай, қарынбай атты екі ұл, нұрила және есімі ұмытылған қыз болып төрт ұрпақ сүйеді. ділдә мезгілсіз дүниеден ерте озады да қамқор әке жолды соңында қалған жетім балаларды маңдайдан қақпай өсіреді. кеиін және ұрпақтарын жақсы ана меиіріне бөлеу үшін төсек жаңғыртады. кіші әйелі мазақтан қәйірбек, дөсімбек атты екі қыз, таңжарық, әділбек атты екі ұл ереді. бұл дерек 1926-жылы жазған «ойласам, айғайға ерген мен бір жазған» атты пөемә мәтінінде «атадан төртеу, анадан төртеу, өндіруші бір құдай, жалғыздық көрер жерім жоқ» деп жырланады.

ақын таңжарықтың нағашы жұрты _ ұлы жүз албан руы. көп зерттеулер және ақын өміріне арналған ізденістерде тәкеңнің сүйегі сады елі аталады да, арғы және бергі ата мен ұрпақ шежіресі толық таратылмайды. кеибір оқулық кітәптә сары руы деп жаңсақ жазылады. «қазақ әдебиет тарихы» атты оқулықтың үшінші томында екі жерде сары деп аталып кетеді. түп тегі толық жазылмайды. елімізде таңжарықтың тегі тәттібәй елі деп кетеді. оның жаны бар. тәкең жас кезінде және кеиін де ұлы бабалары құттыбай елінде емес, оның тетелес туысы тәттібәй елінде көп жүреді. содан да сады руы аталмай, тәттібәй ауызға алынып, ұлы бабасына баланады. тәкең 1903 - жылы көкек айының 15 - күні күнес ауданы бестөбе ауылының шығыс өңтүстік жағындағы қамысты деген жерінде таң азанында жарық дүние есігін ашады. сосын да аты «таңжарық» қойылады.

таңжарық жолды ұлының қыздай сүйіп қосылған қосағы сәлихән немесе зақан орта жүз қызай тайпалық бірлестігі оразай елі өркенді руының қызы. «жәйқәу тәте» деген балама аты да болыпты. анығы қызайдың оразай руы ішінде жанмырзадан тарайтын өмір руындағы алпыспай аталығына қарайды.

нақты есімі сәлихән. одан әлімхән, әкімбек, әкімхән қатарлы екі қыз, төрт ұл өсіп, өніпті. сәлихәннің шешесі несиен қызай елінің сөлтәнгелді руы болып, күнес елі мен тоғызтарау елі құдалық жақтан жиы қарым - қатынаста болыпты. оразай ауылына және қызай елі дербіс сады руынан серікжән атты қыз ұзатылады. айтуларға қарағанда, осы құдандалы қатынасты тереңдету үшін бозшабай жолдыға таңжарық ұлы өмірге келген соң, 1906 - жылы көктемде ауыз екі серттесіп құдаласады.

тәкең ержетіп серілік құрып, сәлихән бөйжетіп сауынға шыққанға деиін екеуі жүздескені туралы дерек шамалы. тек тәкең қазақстан жеріне өтер кезде екі әке сары сүйек құда болып, сәлихән қызға үкі тағылады деитін әңгіме бар. оның қаншалық шындық болары анық емес. үкісі тағылған қызды жар етпеи алты, жеті жыл жүру мүмкін болмайды. сол үшін үлкендердің ауыз бірлігімен құдалық ажырап кетпеген десек шындыққа үйлеседі. көне көз ақсақал кекілбек қаряның әңгімесінде таңжарық пен сәлихәннің үйлену тойы 1929 - жылы маусым айының соңын ала іле өңірі тоғызтарау ауданының тәстөбе ауылына қарасты ілгідәй бұлағының кеңқөніс деген жерінде дүркіреп өтіпті. бұл кезең таңжарықтың қазақстан жеріне барып келу уәқітімен тең келмеиді.

тәкең 1923 - жылы қаңтар айында күнес жеріндегі нүптебек деитін байдың «сетік көк» немесе «жырық көк» деген жүйрік көк түсті бесті тұлпарын мініп өтіп, 1925 - жылы қараша айында қайтып оралады. осы үш жылда нарынқұл елді мекенінде жаңа оқу оқып, санасын өсіреді. келе салып үйленбеиді. сал мен серілік құрып, ел аралайды, өнерін көппен бірге бағалайды. аралықта көкқәмір сахарасы жалғызқарағай жәйләуіндә жүргенде қала қызы, татар сұлуы тәлиғәмен жарасып, көңілді серік болады. тәкең күнес жеріне қайтып кеткенде, татарлар қазаққа қыз бермеу амалын жасап, талиғаны татар жігіті рәхметөлләғә қосады. бұл уақиға 1928 -жылға немесе 1929 - жылға тура келеді. тәкең сосын сұр бойдақ өмірін аяқтап, отау көтереді. ал тәкеңнің замандасы, жерлесі ірімбек сарқұлжа ұлы қаря ақынның алғашқы жәрімен 1929 - жылы үйленгенін рәстәйді.

кеи кітәптәрдә таңжарық 1934 - жылы іле аймағы тоғызтарау ауданы оразай - жанмырза бозшабайдың қызы сәлихәнмен үйленіп бас құрайды деп жазылады. бұл тұжырым шындыққа жақын келмеиді. дұрысы 1929 - жылы отау көтергенін нәсихәттәу маңызды. сәлихәннән тәкең уәлихән атты ұл көреді. кеиін тағдыр тәуқіметімен қысқа өмірдің оты өшіп сәлихән сынды сүйіп қосылған жарынан айырылып қалады. ардақты ана 1940 - жылға таяу өкпе сырқатынан және туыт ауыртпалығынан перзент өмірге әкелген соң, ұзақ өтпеи өмірден озады. артында уәлихән атты асыл ұлы жастай жетім қалады. уәлихәнді әжесі мазақ және тәкеңнің інісі әділбек есеитеді.

уәлихәннің туылған жылы, жасы жөнінде бір ауызды пікір жоқ. бір бөлім деректе уәлихән таңжарық ұлы 1929-жылы шілдеде туылған делінеді. дәл сол жылы маусымда той жасап, шілдеде ұрпақ көруге болмас. қазақстандағы шара апай уәлихән менен үш жас үлкен деиді. онда ақын 1934 - жылы туылған болады. бұл санақ сенімсіз. қалайда той болған соң, бір жыл салып болашақ ұрпақ 1930 - жылы туылған көрінеді. бір бөлім ізденулерде уәлихәнді 27 жасында, 35 жасында қайтыс болған деп жазады. бірде 1959 - жылы, және бірде 1961 - жылы, енді бірде 1964 - жылы қайтыс болғаны жөнінде дерек айтады. бұл көзқәрәстәр әлі зерделену арқылы ғылми түсінік жасауды күтеді.

тәкеңнің тұяғы, алғашқы өркен жәйғән қяғы уәлихән күнес жерінде бастауыш, толықсыз орта мектепте оқиды. осы тұста сырқаттанып, өкпесіне суық тиып ауырады. сенімді естелікте ол 1954 - жылы толық ортаны бітіріп, 1955 - жылы іле педәгөгикәліқ мектебіне оқуға түседі. екі жыл оқып, күнес ауданы нарат ауылы қараой бастауыш мектебінде оқытушылық мәмәндіқпен жұмыс жасайды. 1957 - жылы сол ауылдық орындағы әкімшілік қізметкері сүйегі албан елі алжан руы құрманхан сәрсенбі қізімен үйленеді. арада әрәлтөбе жеріне келіп ұстаздық кәсібін жәлғәстірәді.

қүрметті жары құрманханнан бақыт атты ұл, күләш атты қыз сүйеді. кеиін ескі сырқаты асқынып, дүниеден жас кетеді. ару денесі кеңсу ауылы көктөбе қыстағына қарайтын шилы төбе зираттығына қойылады. басына тас орнатылмаған себепті көне қабыр шым жөтәмен бірдеи болып кеткен. бұл қорым «әрәлтөбе жүрегіндеи» деп жырланған әрәлтөбе белесінің кеңсуғә қарайтын шығыс бөлегіне тәуелді елді мекенде.

бақыт екі жаста, күләш бесікте қалады. бұл бүлдіршін жас сәбилерді қатарға қосуға нағашы атасы сәрсенбі сайлыбай ұлы, нағашы әжесі нұрихан ырамық қызы бас болады. ал шешелері құрманхан кеиін кеңсу ауылына көрші қарабұлақ жеріне күйеуге шығып кетеді. кеиінгі күйеуінен үш қыз, бір ұл көреді. қыз ұзатып, келін түсіріп әрәлтөбе ауылы қарабұлақ қыстағы 1 - группәсінә қоныстанып қалады. ал бұрынғы балалары немесе таңжарықтың немерелері бақыт пен күләш нағашы жұртына тартып, қәзірге деиін кеңсу ауылы қазақ мәлі қыстағында жасап келеді.

таңжарықтың немересі бақыт уәлихән ұлы 1959 - жылы өмір есігін ашқан. ал күләш 1961 - жылы туылады. сол жылы әкелері қайтыс болса, уәлихән 30 да 31 жас жасағанын білуге болады.

бақыт әзілқөй, өз жанынан өлең шығаратын аңғарымды азамат. кеңсу ауылы мал шаруашылық кеңсесінде істеген. мал шипәгерлік маманы. 1981 - жылы дербіс елі көлбәй ауылының қызы дүйсен сілқімбек қізімен бас құрайды. айбын, екпін атты екі ұл, зеиінгүл, жәзирә атты екі қыз көреді. таңжарықтың төрт шөбересі де ел көріп, жер көріп ержетеді. «қызай дербіс сады шежіресі» атты кітәптә бұл балалардың есімдері аталады: «зеиінгүл бақыт қызы сөлтәнгелді елі қөжәбек руындағы есдәулет молдабайдың ұлына ұзатылған. айбын бақыт ұлы, әйелі жәйнә қыдыр қызы сөлтәнгелді елі қөжәбек руынан. айбыннан ұлы - пеиіл. екпін бақыт ұлы, әйелі гіміңнүр өрәлбек қызы, сөлтәнгелді елі есенбәй руынан. екпіннен ақжол атты ұл жалғасады. жәзирә бақыт қызы оқу жасында екен». жас буын пеиіл мен ақжол - алаш жұртына аты жәйілғән ақ алмастай тілге өткір, сөзге жүйрік таңжарық ақынның өберелері.

күләш уәлихән қызы күнес ауданы кеңсу ауылы қазақ мәлі қыстағы құсайын селөсіндә тұрады. қаптағай қарауыл жасық еліндегі ақай жәқіпбек ұлы атты ақ жарқын азаматтың жары. ақай мен күләштән төрт ұрпақ жалғасады. үлкен қыздары бәқшәгүл әрәлтөбе қалашығына тұрмысқа шыққан. үлкен ұлы жасар нарат жеріндегі сөлтәнкелді руы тұрдығұл елінен қыз алған. аты бигүл. олардан нағыз атты ұл бала ұрпақ жалғады. кіші ұлы қайнар үйленбеген. үй шаруасын ретке салушы. кезінде беижиң олимпядасын қарсы алу үшін ұстазы әлләберген ертіп, әріптесі думан ілесіп кеңсу - беижиңді жаяу жалғап өткен айтулы дала шабандозы. кіші қызы бұлбұл шинжяң педәгөгикәліқ университетін бітіріп, қазыр бұратала жерінде үкімет қізметін әдәлдіқпен атқарып келеді.

таңжарықтың екінші әйелі бәти _ ұлы жүз ішіндегі суан руының қызы. бәтимә (бати) қазақстан республикәсі семеи облысы әягөз ауданының тумасы. оқыған, көзі ашық, көкірегі ояу, ақылды жас. кезінде өте сұлу әйел болған абзал жан. 15 жасында қазақстан республикәсі алматы облысы жәркент ауданында тұратын бәйсерке атты бай кәсіпкерге ұзатылады. ол кісіден үш балалы болып, ұлы ерте шетінеп кетеді де, сәлимә, сара атты қыздары қалады. бәйсерке биды інісімен бірге 1928 - жылы бай сәудәгер есептеп, сібірге жер аударады. бәти ана бір мезгіл түрмеге отырған соң босап, көлхөздә жұмыс атқарады. 1933 - жылғы ашаршылық кезінде күйеуінің туыстары өтініп, екі қізімен жүңгө жеріне, қорғас шекәрәсінән ілеге өтеді. 1934 - жылы құлжа қаласына кіріп, жұмыс іздеиді.

бұйрық болып, құлжа қаласында таңжарық жолды үлімен 1935 - жылы бас құрайды. жуырда бұл кешірмелер жөнінде шара таңжарық қызы қызықты дерек таратты: «сол кезде үлкен қызы сәлимә 13 жас, кіші қызы сара 11 жас шамасы болған. жесір әйел жетім бәләмен ол жақта да көп қиындық көрген. дегенмен анамыз 1934 - жылдары әупірімдеп жүріп, құлжа қаласына жетіп қоныстанады. сол аралықта бір үзім нан үшін жанталасып жүріп, үлкен қызы сәлимәні тұрмысқа беріп жіберген екен, енді кіші қызы сараны құлжадағы қыздар гимнәзясінә оқуға түсіреді».


«мен 1937 - жылы туыппын. атымды әкем «шарапат» деп қойған екен. бірәқ әдетте «шапай» деп еркелетіп атап кеткен. сондықтан түрмеде отырып елін, балаларын сағынып жазған толғауында «мені кеиде шапай, кеиде шарапат деп атайды». бұл екі әңгіме де дерегі ашылмаған түйінге жатады. елімізде тәкеңнің екі қызы мен екі ұлы барын таниды. кезіндегі замандастары да бәтиден ерген шара мен сара атты екі қызды есеиткенін жазады. ірімбек, әсеиін ақсақалдар да естелігінде үш қыздың болғанын айтқан емес. аңғарлы ақын тәкең де ешбір өлеңінде сәлимә атты қызды ауызға алмайды. ақынның артында қалған фотоларда да осы қыздың пөртреті ұшыраспайды. егер ол іле өңіріне ұзатылған болса, дерегі неге шықпайды. ұрпақтары неге қозғап, тегін тектемеиді. аталған мақаласында кеюәнә сараны өзінен 14 жас үлкен екенін, қазыр алматыда тұрып жатқанын, 76 жасқа келгенін маңызды дерекпен жеткізеді.

ал тәкеңнің бәтиден ұрпақ көргені жөнінде ешбір жазба құжат, жанды айғақ жоқ. нақ сөз бәтиден таңжарық ұрпақ көрмеген. шара «уалихан ағайым менен үш жас үлкен еді» деп жазады. уәлихән 1929 - жылы немесе 1930 - жылы туылса да жеті жас үлкен болып шығады. бұл сілтеме жаңсақ айтылған деуге болады. ақын өмірінен сыр шертетін суретте таңжарық, бәти, сара үш жан бірге түседі. бұл сурет тәкеңнің бәтимен жаңа қосылған кездегі кескіні болуы керек. ал өлең шумақтарында шараны ауызға алып кетеді. «қоштасу» атты өлеңінде былай жырланады:

қош аман бол көргенше,

қідірбек пен қанағат.

бәти, шапай, сараны,

таныс қып елді аралат. «таңжарық шығармалары».

1 - том

бұл өлең жолдарында ақын жақын жамағайын туыстарына жанұясында қалған үш жанды сеніп тапсырады. шараның есімі шапай деген еркелеткен әтпен беріледі. ал кеибір өлеңде шараның аты аталмай қалады. мәселен, қ р алматы «жазушы» баспасынан шыққан «таңжарық жолды ұлы шығармалары» деген кітәптә мынадай жыр жолдары алынады:

артымда жылап қалды бәти, сара,

атанып жесір қатын, жетім бала.

оқыған құрандарың болсын маған,

жүре көр көздеріңнің қырын сала.

бұл шумақта барлық туысқандарына бәти мен сараны тапсырады. құшағына алып, әлпештеп асырау жөнінде ақ жарма көңілін арнайды. шара қызы айтылмай қалады. шындық керек, шара болса не бәти ананың алғаш ұзатқан қызы сәлимәнің ұрпағы, не бір құрсақтағы әпеке, сіңлілерінен бәтидің бауырына басып алған қызы. көп санды ізденушілердің пікірі шараны сәлимәнің қызы деп таниды.

бәти таңжарық түрмеге тоғытылғанда іледе әбдіқәдірдің мұрындық бөлуімен қасымажы ұрпақтары бәти мен баласы сараны еліне көшіріп әкеліп, қасымажы атындағы интернетке ұстаздық жұмысқа тағайындайды. 1945 - жылы сады руы бәтиді күнеске жөткеп кетеді. сады елінде таңжарық түрмеден шыққан соң, қайта қауышады. уәлихән ұлын асырайды. бірнеше панасыз баланы да бағып алады. 1963 - жылы қазақстанға қоныс аударады. бір деректе қ р алматы облысы жәркент ауданы қоңыр өлең ауылында жан бағыс үшін бір жалғыз бас суан шәлмен бірге тұрады. кеиін сараның қолына барады. 1985 - жылы алматыда қайтыс болады.

сара -батидың екінші қызы. қәләмгер, өнерпәз бұқара тішқәнбәйевтің қосағы. бұқара бұрынғы әйелімен ажырасып, екінші рет төсек жаңғыртады. қазақ елінде сара таңжарық қызы тішқәнбәйевә аталады. бір қыз, бір ұл екі құрсақ көтереді. манся (мәншүк) атты бір қызы, мәнел атты бір ұлы бар. сара 2011 - жылы өмірден озады.

шара 1956 - жылы беижиңде оқуда болып, бір жыл беижиң ұлттар университетінде ханзу тілін меңгереді. сосын орталық педәгөгикәліқ университетінде ұстаздық білімін тереңдеиді. аталған жоғары оқу орнын 1962 - жылы бітіреді. оқу тауысып, ұзақ өтпеи үрімжі қаласына келеді. шекәрәдән өте алмай шинжяң университетінде ұстаздық жұмыс атқарады. 1986 - жылы және 1989 - жылы екі рет алматыға қонақ ретінде барып қайтады. 28 жыл үрімжіде тұрып, тұрмысқа шығып төрт ұрпақ сүйеді. оның жолдасы назым қанапя ұлы. алтай қаласынан шығып, жоғары оқу орнын бітірген соң, шинжяң ұйғұр автономялы районы денсәуліқ сақтау меңгермесінде қізмет атқарады. әкесі қанапя мен ағасы ғалым оқымысты болыпты. нәзіммен біртәләй жыл жарасып тұрған соң, некеден ажырасып, бөлек кетеді. 1990 - жылы кеңес одағы елшілігінің тікелеи әрәләсуімен, кеңес одағы азаматы ретінде ата мекенге қоныс жөткеиді. алматыда қазму-ға жұмысқа орналасады, баспана беріледі. төрт баланың тарихын шара апа былай әңгімелеиді: «торт балам бар. үлкен ұлым мен қызым қытайдан университет бітіріп келген - ды. бірі - беижиңдегі халықаралық радиода ағылшын тілінде диктөр, енді бірі – медитсинә саласының маманы болып жұмыс істеген болатын. келе сала екеуі де мамандығы бойынша жұмысқа орналасты. ал кіші қызымның екеуі де алматыда мектеп бітірді және бірі түркядә туризм мамандығы бойынша оқу бітірсе, енді бірі қазму -дың халықаралық қатынас фәкултетін қызыл диплөммен тамамдады. бәрі де қоғамда өз орындарын тапты. өзім 4 жыл қазму -де және шет тілдер институтында оқытушы болып жұмыс істедім. қазму - ден зеинеттік демәлісқә шықтым. қазыр жасым 76 да, алматыда тұрамын».

таңжарық кемеңгер, көреген жан. ақ жарқын мінезі, жомарт пеиілі айналасына меиірім шуағын төгеді. аялы алақаны сансыз жүрекке сәуле шәшәді. ол жол сапарда жүргенде жетім мен жесірге көмегін аямайды. балажан адам өз құшағына сара, шара (шапай) , нүржігіт, қайша, тұрдақын, кәрім, сәлім атты өз ұлты мен өзге ұлт балаларын отбасына әкеліп, ержеткізеді. әкелік қамқорлығына алады. өзі түрмеге айдалып бара жатқанда жанашыр ағайындары мен ұлын, құрбыластарын еске алады.

түрісбек пен қанағат,

уәлихән мен әділбек,

қідірбек қалды аманат.

деген тіркес ақ жүрек ақын жанының елжіреген ақ жарма көңілі. туыстарын қимаған кезде көкіректі кернеген өксік аралас мұңы.

бұл ұрпақтардан сара, шарадан соң, нүржігіт деген есім маңызды. тәкең мақсұт ақалақшыға хатшы бола жүріп, ол кісінің жұмысы құлжа қаласына жөткелгенде бірге келіп, хатшылық, тілшілік, шығармашылық кәсібін жалғастырады. сол шақта уәлихәнғә серік болуға жарайтын нүржігітті көшелерде кәсіп істеп жүрген жерінен бағып алады. бәлкім қырғыз жігіті болуы ғажап емес. «1920 - жылдары қырғызстаннан келген сәудәгерлерден құлжа қаласында бір бала қалып қояды. қаладағы бозаханаларда қайыр тілеп жан бағып жүреді. кеиін күнестен келген таңжарық ақын осы баланы - қырғыз жігітті күнестегі үйіне алып кетіп, бала қып алады, оқытады».


нүржігіт таңжарықтай ақын мен ақ қол ана бәтидің мәпелеуінде ауылдық орындардан білім алады. кеиін қәзіргі үрімжі қаласы мен санжы хұйзу автономялы облысының арасында ашылған дудыңхы районында әскери тәрбиеде болған. ақсақал абылаш қәсімбек ұлының әңгімесінде дудыңхы мектебі кезінде қызыл 8 - пөлік деп аталады. құрамы сөветтен келген жәсәқтәрмен толысады. қазақ жастарынан аңғарымды азаматтар осы мектепте білім алады да, арғы бетке өтіп кетеді. нүржігіт бір мезгіл қалып қояды. 1943 - жылы құмылда жұмыс жасайды. бұл жерде шара апай мен ел айтқан уәлихән үрімжіде оқыды деген сөз нүржігіттің өмір деректеріне алмастырылғаны белгілі. ол ұзақ өтпеи сөвет жеріне оқуға кетеді. белді институт тауысып, кеңес үкіметінің құрамында жұмысқа тұрады. тәшкентте көмсөмөл одағының белді қізметкері, тәржімән болып істеиді. еліміз азат болған соң, құлжаға қайтып оралады. сол кездегі үлкен білім ордасы әхметжән қасыми атындағы педәгөгикәліқ мектепте оқытушы болады. аты шулы «мәдениет зор төңкерісі» тұсында ауыр соққыға ұшырайды. жалған жала мен орынсыз қуғындауға төзе алмай төңкерістің соңын ала іле өзеніне өзін тастап, пәни өмірмен қоштасады. іле өзені бойынан екі күннен кеиін табылып, іле педәгөгикә институты семяліқтәр ауласында өз үйінен шығарылады.

нүржігіттің әйелі сәдет мәлік қызы. сәдет іле қазақ автономялы облысы ән - би үйірмесінде ұзақ жыл кәсіптік бишы болып міндет атқарды. қазыр қүрметті пенсиөнер. артында үш баласы ұрпақ жалғайды. бақытжан (бақтяр) , нұрлан атты екі ұл мен сайра (сәнеи) атты бір қызы қазыр құлжа қаласында өмір сүріп, тәкеңді еске алып келеді. кеи кітәптә бақытжан мен сайраның атын алмастырып, бақтяр немесе сәнеи деп аталып жүр. бұны нақтыласақ үлкен ұл бақтяр емес, азан шақырып қойған аты бақытжан. ал кіші қызы сәнеи емес, сайра деген әтпен жазылып келуі керек. өйткені сәйрәмен бір орында істеп жатқандықтан оның өз аузынан растадым. үлкені сады руының шежірелік кітәбіндә бақтяр таңжарық ұлы деп атасының әтімен аталып жүр. дұрысы бақытжан нүржігіт ұлы болып келуі керек.

бақытжан күнес ауданы зекті ауылындағы есенгелді ұрпағы қонақбай ауылының қызы минаш дәулетбек қізімен отбасын құрады. 1991 - жылы 24 - қазанда сәбирә атты қыз сүйеді. бақытжан әйелімен ажырасып, кеиін 2005 - жылы 20 -тамызда бақилық болады. сәбирә қырғыз жігіті қанатқа тұрмысқа шығып, текес ауданы көктерек қырғыз ауылында тұрып жатыр. 2013 - жылы 4 - қаңтарда ася атты қызы дүниеге келді.

екінші ұлы нұрлан тұрдығұл руынан қыз алған, аты жәйнә зүрмәнбек қызы. есіл атты ұлы, елинә атты қызы өсіп келеді.

ал сайра нүржігіт қызы ержән тоқтасын ұлы атты жігітпен некеленеді. қазыр сайра іле педәгөгикәліқ институтының елпек қізметкері. ержән құлжа қалалық бажы мекемесінде бір мезгіл істеп, кеиін ішкі пенсяғә шығады. нүржігіттің күйеу баласы ержәннән екі ұл, бір қыз тарайды. сымбат 1992 - жылы 22 - маусымда туылған. қазыр іле медитсинә мектебінде шипәгерлік мамандықтан білім алуда. 1996 - жылы 18 - наурызда туған ұлы ермек толық ортаның бірінші жылдығына түсті. кенже ұлы ернәзәр алматы қаласында 2007 - жылы 13 - қіркүйекте туылған. олар қазыр құлжа қаласында бала бақша тәрбиесіне түсіп оқып жүр.

таңжарық ақынның тағдыры күрделі, өнері өнегелі, отбасы берекелі өтеді. жеті жылдан артық түрмеге жатып, талантын ұштайды. алғашқы жары ерте дүние салып, тағдыр тәлкегін қәйсәрліқпен көтереді. бәтимен жанұя шаттығын құрып, екі жарлы талай ұрпақтың болашағына шамшырақ жағады. қалталы бай болмаса да ел жүрегінен орын алады. қайырымды жұмыс жасап, қарапайым ақ еділ қәсиеті соңғы буынға үлгі қалдырады.

таңжарық 1947 - жылы 6 - тамыз өкпеден суық өткен ескі сырқаты қозғалып, күнес ауданы бестөбе ауылы шақпы ішіндегі сады руының жәйләуіндә көз жұмады. тәкең ғұмыры тәусілғәнмен, өнердегі ғұмыры таусылмайтын оқулық. соңғы тұяқтары жалғастыратын өлшеусіз өмір. бұны әрбір оқырман танып біліп, ақын отбасына қатысты деректі жиып, нәсихәттәуғә бар інтәмен қатынасуға міндетті саналады.
қосымша жүктелген суреттері:

كەلۋ قاينارى: http://www.elarna.net/oku_kk.php?tur=11&id=2353

Пікірлер:


Жазған лебізіңіз 300 еріптен аспасын!
tomendegi katekshege 99 dep jazingiz.
98 + 1 = ? sozsiz sifermen tolteringiz, aytpese pikir jaza almaymiz.

Көрші сілтемелер