Еларна қолфон нұсқасына ену

Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com




Түрі: Ел-арна газеті, бұл арадан барлық мақалаларын оқисыз

Жолданған уақыты: 00:05 - 2020/05/21

Қосымша қайнары:http://www.elarna.net/oku_kk.php?tur=11&id=2347
Тоте жазу нұсқасы:http://www.elarna.net/oku.php?tur=11&id=2347

توتە جازۋ نۇسقاسى:http://www.elarna.net/oku.php?tur=11&id=2347

Мақала жолдаушы: ЗАЙДЫН ОРАЗАҚЫН
Мақала апторы: Зайдын оразақын ұлы
Аптордың мекен-жайі: Алматы қаласы наурызбай ауданы

Адамға таң қаламын

зайдын оразақын ұлы

адам - адам ,
деседе таң қаламын ,
адам атқа көп кесір таңбаладың .
күліп тұрған кеи жанның жанарынан ,
пиғылынан арамдық аңғарамын .

адам – кісі ,
деседе таң қаламын ,
көлгірсіме көп жерде қан балағың .
ойың кемел , ақылың бай болсада ,
досыңның шалынғаны , аңдағаның .

адам - асқақ ,
деседе таң қаламын ,
аласаға арнап жүр арман әнін .
ұлы дала – пәктігін силасада ,
малып – ап жүр нәжіске , шаңға жанын .

адам – есті ,
деседе таң қаламын ,
шаң балағың шінімен қан балағың .
сайтан алдап беиіштен қуылғанын ,
сабақ қылып қорғар – ед қалған арын .

адам – дара ,
деседе таң қаламын ,
қалдыма жер бетінде бармағаның .
көріп жүрсің қасыңда кеи пенденің ,
намаз оқып құдайды алдағанын .

адам – ұлы ,
деседе таң қаламын ,
аз астықтың нәрінен алды арағын .
адамды айтып отырып өзім тағы ,
маңымдағы мәкүрді малданамын .
қосымша жүктелген суреттері:

كەلۋ قاينارى: http://www.elarna.net/oku_kk.php?tur=11&id=2347

Пікірлер:


Жазған лебізіңіз 300 еріптен аспасын!
tomendegi katekshege 99 dep jazingiz.
98 + 1 = ? sozsiz sifermen tolteringiz, aytpese pikir jaza almaymiz.

Көрші сілтемелер