Еларна қолфон нұсқасына ену

Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com




Түрі: Ел-арна газеті, бұл арадан барлық мақалаларын оқисыз

Жолданған уақыты: 16:10 - 2020/04/14

Қосымша қайнары:http://www.elarna.net/oku_kk.php?tur=11&id=2327
Тоте жазу нұсқасы:http://www.elarna.net/oku.php?tur=11&id=2327

توتە جازۋ نۇسقاسى:http://www.elarna.net/oku.php?tur=11&id=2327

Мақала жолдаушы: ЗАЙДЫН ОРАЗАҚЫН
Мақала апторы: Зайдын оразақын ұлы
Аптордың мекен-жайі: Алматы қаласы наурызбай ауданы

Қызайдай пір – ана

зайдын оразақын ұлы

ананың – пеиілі , хикімет ертегі ,
ананың – рухы , іргелі ел шебі .
ананың – тәлімі , ұрпақтың ертеңі ,
қызайдай пір ана , қызайдың желкені .

ананың – меиірі , таңырдың арыны ,
ананың – білімі , халқының дарыны .
ананың – аспаны , әлемнің жарымы ,
қызайдай пір ана , қызайдың жарығы .

ананың – арқасы , бабаның даласы ,
ананың – киесі , ана өзен сағасы .
ананың – ақ туы , елдіктің жағасы ,
қызайдай пір ана , қызайдың панасы .

ананың – күлгені , ертеңнің шуағы ,
ананың – жүрегі , бар түннің шырағы .
ананың – арманы , ынтымақ бұлағы .
қызайдай пір ана , қызайдың шынары .

ананың – сырлары , ақылдың ағасы ,
ананың – ақ тосы , тірліктің ауасы .
ананың – тұмары , бар дерттің дауасы .
қызайдай пір ана , қызайдың анасы .

ананың – мұрасы , асылдың сынығы ,
ананың – саусағы , ақ үйдің сырығы .
ананың – ақ сүті , зәмзәмнің құдығы ,
қызайдай пір ана , қызайдың тұнығы .

ананың – әжімі , еңбектің іздері ,
ананың – ашуы , тереңге жүзгені .
ананың – асасы , балбал тас түздегі ,
қызайдай пір ана , қызайдың дүр бегі .

ананың – жаулығы , дастұрдың саулығы ,
ананың – кестесі , ең әсем тау гүлі .
ананың – сандығы , ақынның нән жыры ,
қызайдай пір ана , қызайдың мәңгі үні .

ананың – ұршығы , жаһанның жалпағы ,
ананың – бауыры , береке қалқаны .
ананың – тілегі , ақ тұбыт қалпағы ,
қызайдай пір ана , қызайдың әр таңы .

ананың – ақ шәші , орданың түндігі ,
ананың – әлдиі , музікә сыңғыры .
ананың – әз даусы , домбыра күмбірі ,
қызайдай пір ана , қызайдың шындығы .

ананың – қолтығы , туған жер етегі ,
ананың – таңдайы , ана тіл жетегі .
ананың – құрсағы , жәннәт бақ мекені ,
қызайдай пір ана , қызайдың шекері .

ананың – маңдайы , алтын тау сілемі .
ананың – иығы , кер жәйләу шүлені .
ананың – асқары , елінің білегі ,
қызайдай пір ана , қызайдың тірегі .

ананың – кірпігі , перизәт айдағы ,
ананың – қабағы , батырдың айбары .
ананың – жанары , жылудың қайнары ,
қызайдай пір ана , қызайдың қаймағы .

ананың – мінезі , меиірдің майдасы ,
ананың – нақылы , ең ауыр сай тасы .
ананың – дұғасы , алаштың майлы асы ,
қызайдай пір ана , қызайдың айнасы .

ананың – тілегі , періште бесігі ,
ананың – табаны , беиіштің есігі .
ананың – алыбы , тарихтың есілі .
қызайдай пір ана , қызайдың есімі .
13:38
读取
қосымша жүктелген суреттері:


كەلۋ قاينارى: http://www.elarna.net/oku_kk.php?tur=11&id=2327

Пікірлер:


Жазған лебізіңіз 300 еріптен аспасын!
tomendegi katekshege 99 dep jazingiz.
98 + 1 = ? sozsiz sifermen tolteringiz, aytpese pikir jaza almaymiz.

Көрші сілтемелер