Еларна қолфон нұсқасына ену

Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com




Түрі: Ел-арна газеті, бұл арадан барлық мақалаларын оқисыз

Жолданған уақыты: 15:49 - 2020/04/14

Қосымша қайнары:http://www.elarna.net/oku_kk.php?tur=11&id=2324
Тоте жазу нұсқасы:http://www.elarna.net/oku.php?tur=11&id=2324

توتە جازۋ نۇسقاسى:http://www.elarna.net/oku.php?tur=11&id=2324

Мақала жолдаушы: ЗАЙДЫН ОРАЗАҚЫН
Мақала апторы: Зайдын оразақын ұлы
Аптордың мекен-жайі: Алматы қаласы наурызбай ауданы

Желді кезең

күнес басы шекәрә желді кезең ,
дал сол таудан балқашқа келдің өзен .
бабалардың табаны басқан тасқа ,
шығып қашан шыңында керді кезем .

қорымы қөлмен қойған қаладайын ,
сол кезеңнен бастайын дала жәйін
тыңдардар бұл мекеннен аз тарих ,
құлақ сал ұрпақ білсін ал ағайын .

желі - тасты кеміріп салған жолақ ,
ақ мылтық атад қыста қардан борап .
быр шымшым топырағын жылап тұрдым ,
шытымның бұрышына салғанда орап .

аршасының ақ жасыл қылтандары ,
онда жасап келеді жұрт аңғалы .
шындық бұнда апамның өресінен ,
кезқүйріқтің , қарғаның құрт алғаны .

бұл мекенде шығады пұлыс жерден ,
қыз танысқан жөрғәмен күмістелген .
тауларынан ілеге құйып бұлақ ,
балқашқа балық тұнып ырыс келген .

о ... қүдірет жүрсеңіз су жағалап ,
таңдай қақпай өтпеисіз нуға қарап .
ұшып барғым келеді желбіретіп ,
көкті , күнді қыранды туға қадап .

жазда тауы ақ қар мен мұз бөктерген ,
өзеннен өте алмайсың күзгі өткелден .
онда сахтан салынған сансыз белгі ,
ұйсынның төбелері тізбектелеген .

ол мекен қазақ көпті көрген мекен ,
таңжарық дастан жырын өрген мекен .
торт қызайға сасан мен бәйекелер ,
қонысты бес төбеде бөлген мекен .

ол мекен бізге қонған қарттан төтем ,
ол мекен қазақ көшін артқан мекен ,
әкбәр – сеит оқ атқан қытайларға ,
күмбірлетіп әшім күй тартқан мекен .

ол мекен қазақ салтын ұққан мекен ,
қорымына көп сырды бұққан мекен .
ақ қар , көк мұз құрсанған шоқысына ,
қабанбай қу бас әтпен шыққан мекен .

ол мекен ұйсын , сақтан қалған мекен ,
қарасай ат ойнатып барған мекен .
шіде , қабыл батырлар ерлік жасап ,
досбайлар жүйрік баптап салған мекен .

күнес басы шекәрә желді кезең ,
дал сол таудан балқашқа келдің өзен .
бабалардың табаны басқан тасқа ,
шығып қашан шыңында керді кезем .


наратта

наратта таулар биік , талдар нәзік ,
іздесең дәл осында алтын қазық .
тұрғанда таңқұрайы , бүлдіргені ,
не қылам байлық іздеп алтын қазып .

наратта жусан дәрі , гүлдер көркем ,
жасап ал қалауыңша бүрден желкен .
әтпенен аяңдатып шықсаң қырға ,
алдыңнан ойнақтайды сері серкең .

наратта сыңғырлайды құйған бұлақ ,
ұмытпастай сол үнді жиған құлақ .
өзен ішін өрлесең тау жағалап ,
сарқырама жатады құздан құлап .

наратта шық мөлдіреп таң атады ,
қимай жазда қиылып күн батады .
іргеңе кеп қонақтап елік түнде ,
ерте тұрып еркелеп қырды асады .

наратта іркіт теңіз , қымыз балдай ,
желіде құлыны тоқ , бие жардай .
қаладан келіп қайтқан құрбым емес ,
меніңде құмарым жүр бір күн қанбай .

наратта асу биік , дала киік ,
шоқысына тұр әне аспан тиып .
түнінде жұлдыз самсып жымыңдаса ,
төскеиі жатыр әне жасыл киіп .

наратта аспан мүлдір , сулар зәмзәм ,
құрағы , рауғашы , нуы мәңгі ән .
қарап тұрсаң көркіне көз тоймайды ,
наратта өткен өмір – ай шіркін жалған .


туған жер

неге жүрген жалын жыр туындамай ,
төбе құйқам дуылдап шымырламай ,
құмарланып ішпегем суын қалай ?
қалайша байқамағам бұным қалай ?
өзегімді өрт қысып буылғаны – ай ,
жаным сонша толқыды бүгін қалай ?
орын таппай қоярға мына мені ,
сағынышы жанымды қуырғаны – ай .

сиқыр әуен алыстан сыбырлады – ай ,
базардағы бөлушед шуыл қалай ?
таңғурай , қарақаттар шырынға бай ,
жұлдыз қалай , ай қалай , тұның қалай ?
қар жастанып жатырма шыңым қалай ?
ғашығымның тыңдап ем сырын талай ?
ұшып барып құшуға амалым жоқ ,
аңсағаннан сыздаған шыбын жан - ай .

көбелек , ара , қоңыз , шыбындар – ай ,
жыбырлап шығушы еді ұлу қалай ?
таң атқанда аймалап гүліңді арай ,
тірлік қалай , бөлушед қыбыр қалай ?
көсілмеппін керге аунап құрымға бай ,
желідегі тұр екен құлын қалай ?
көз жас боп ашып барып кеңсірігім ,
кеңірдектен қолқамды суырғаны – ай .

өрсем деп ем туған жер жырың қалай ?
тербеліп тұр жемісің бұрың қалай ?
ерке қыздар өретін бұрымдар – ай ,
кетіп едік қорғаштап қырындамай ,
алма баққа түсетін ұрың қалай ?
қыз қуарлар тойдағы дұбыр қалай ?
шытынап шықыр – сықыр сызат алып ,
басты әкетті – ау тұрмасам қыбырламай .

кең көсілген көктемгі құлын дала – ай ,
аңсамасын өзіңді ұлың қалай ?
иысыңды ұмытсын мұрын қалай ,
төмендесін санамнан құның қалай ?
кіндік кескен киелі шырын дала – ай .
шығушы еді сар қурай ұның қалай ?
еркін ойнап жүргенде етегіңде ,
күрмеу жүрген о тәубә тілім қалай !



күнесім

күнесім :
күн сұйып сені күлесің .
шөлпәнмен бірге жымиып ,
түндігін түннің түресің .

күнесім :
тамырда аққан жыр есім .
жабыққан сәтте жарық етіп ,
жанымды жебеп жٷресің .

күнесім :
сәулесін шәшқән нұр есім .
пенделік басқа түскенде ,
бастырмай тұрсың күресін .

күнесім :
санамда тұрған шың есім .
еркелеп ұлың сезбепті ,
сағынш меңдеп жүр есін .

күнесім :
кеудемде таққан гүл есім .
сағындым сұлу көркіңді ,
түсіме күнде кіресің .

күнесім :
жарықтың берген үлесін .
сағындым сені сағындым ,
алыста жүрмін білесің !

күнесім :
желіңді сүйем міне шын .
нараттан соққан ақ боран ,
қойныма кіріп түнесін .


наратым

наратым ,
көркемсің қандай дара тым !
биікке мені самғатқан ,
ұшырған шыңға қанатым .

наратым ,
дара бел сенде дара түн !
алыста жұрып күнім жоқ ,
сағынбай сені қалатын .

наратым ,
асуы биік абатым !
қурайың сенің өркестір ,
жел тұрса сырнай салатын .

наратым ,
сенде екен шексіз дала тың !
жамылып жатыр екенсің ,
жаннаттың жасыл манатын .

наратым ,
тауыңнан бұлақ шабатын !
жусаның шипа дертіме ,
еріксіз мұрын жаратын .

наратым ,
сәулетің қандай санатың ?
тұнып тұр сенде сұлулық ,
далаңда сырлы жарасым !

наратым ,
бәйгеден келген жабы атың .
қялға мініп өзіңе ,
болдым мен күнде баратын .

наратым ,
баптаған нағыз нар ақын .
өзіңнен алған сяқты ,
есімін тұнық таң атын .


нарат

сағыныдырып тұратын азы күрең ,
ойқой менің далам – ай жазы кілем .
наратымды кеткенде жылы жаққа ,
қимайды қарылғашы , қазы білем .

тал , шетен , қызыл қайың , топ қарағай ,
жер бетінде бір төтен шоқ қаладай .
жабайы алма , қарақат , мойыл ағаш ,
ырғалып томпаңдайды тоқ баладай .

ұйсынның бастау алған төбелері ,
сахтар мекен еткен жер , шөберелі .
сары әрқәмен тұтасқан бұл тарих ,
қазақя боп қазыр көгереді .

желді кезең , көк науа , қара сайы ,
қорымында аң жортқан дара жәйі .
үш асудың қарасаң биігіне ,
туады тау жастанып қарашы айы .

өңгір қора , шет меркі , жал қарағай ,
жәйлісің көктеу , жәйләу малға қалай ?
нараттың керін басқан кер бестінің ,
көркіне тұра алмайды хан қарамай .

ақ өзен , сар шоқысы , айдарлысы ,
тек қана жәннәт деген жәйдән кіші .
көркіне таң қалғандар сабылады ,
келіп жатыр әуелі айдан кісі .

арасан , қойтас , қорым бас ілген тау ,
таусылмас қойныңдағы жәсілмен бау .
быр тал шөбің жұлынса мен дайынмын ,
болуға соны істеген ғәсірмен жау .

жел талы , қызыл аша , кіші меркі ,
кез құйрық , ұлар , қыран құсы көркі .
о қүдірет ойласаң жәйләу төсін ,
наратқа сүйрелеиді кісіні еркі .

қайың сай , бәянжүрек , бәйге төбе ,
жәйлі қоныс жап – жасыл бай кетеме ?
нараттың шөбі шүйгін , суы зәмзәм ,
сұлы дай төрт түлікке қай бетеге .

ұластай , өзен іші , қара терек ,
екі аттасаң ашқан гүл , ара шелек .
малшылар күзге қарай пішен шауып ,
шоп тасиды өгізге шана шегіп .

ақ қолтық , иінжәр , арал , тай асуы ,
өзені тарамдалған жая суы .
таңғурай , қарақаты , бүлдіргені ,
болмайды дертке шипа қай асылы .

қара су , қарой , иынтал , су жырған жер ,
той жасап көкпәр тартқан дыр думанды ел .
шәлкөде сенде шыбық мініп өстім ,
қәсиетіңнен айналдым жыр қуған жер .


туған жерім бесігім

көркем іле күн шыққан жер , бесігім ,
көкеиімде алтын әріп есімің .
таңың самал , тұсың тұнық күмістеи ,
кешің керім , жанға шуақ бесінің .

көркем іле күні күлген күнесім ,
жүрегімде жылу шәшқән бұл есім .
шаһарыңда жатқан анау бес төбе ,
үйсіндердің айшықтап тұр үлесін .

көркем іле күн нұр шәшқән наратым ,
алыс кетсем қолдап жүрер қанатым .
жырлап сенің тауса алмайды көркіңді ,
жаз , қысыңды , тау , суыңды бар ақын .

көркем іле күн шағылған шәлкөдем ,
мыңғырған мал шиыры бар шар төбем .
сауыр , жая , құйрығына май жиған ,
көшпен бірге сапырылған мал төмен .

көркем іле , құтты қоныс , алды аспан ,
алып тауда ақ бас шыңдар жалғасқан .
сені меннен ешкім тартып ала алмас ,
балбалыңда батбиып тұр бар дастан .

зайдын оразқын ұлы
қосымша жүктелген суреттері:


كەلۋ قاينارى: http://www.elarna.net/oku_kk.php?tur=11&id=2324

Пікірлер:


Жазған лебізіңіз 300 еріптен аспасын!
tomendegi katekshege 99 dep jazingiz.
98 + 1 = ? sozsiz sifermen tolteringiz, aytpese pikir jaza almaymiz.

Көрші сілтемелер