Еларна қолфон нұсқасына ену

Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com




Түрі: Ел-арна газеті, бұл арадан барлық мақалаларын оқисыз

Жолданған уақыты: 15:33 - 2020/04/14

Қосымша қайнары:http://www.elarna.net/oku_kk.php?tur=11&id=2323
Тоте жазу нұсқасы:http://www.elarna.net/oku.php?tur=11&id=2323

توتە جازۋ نۇسقاسى:http://www.elarna.net/oku.php?tur=11&id=2323

Мақала жолдаушы: Elarna Studio
Мақала апторы:
Аптордың мекен-жайі: Қәнәтбектің Ермегі

(керек-дерек)


Аты жаман індет әсерінен үйге тығылған тышқан жылында, қалтаңыздың жұқарғаны аз болғандай, үрейге толы қым-қуыт ақпардың жүйкеңізді жұқартып жатқаны бек мүмкін, қсықасы, қайту керек?
Тым арыға бармай, бәрімізге мәлім бергі тарихты қопара салсақ, тығырықтан шығу жолы менмүндәләп тұр. Еш індетсіз, қолдан жасалған ашаршылықты ел болып еңсерген, бейгүнә езілген ұлт теңдігімізге тәңірдің оң көзі түсті-ау, ұлан-қайыр дала мен мұнайы тамшылаған бар байлықты тәуелсіздікпен қоса сый етіп бере салды. . . Содан бері ұзын санымыз тіл-көз тасқа, 20милионға таяп қалдық. Тарпаң тағдыр, тайғақ кешулер аталар әңгімесімен аңызға айналды да, жаңа өмір бастап кеттік. Демек, атың өшкір бұл індетте өз жөніне кетеді. Баяғыдай, опасыз соғыс емес, ел мен жер өзімізге қалады. Талай нәубетке мойымаған батыр қазақ екеніміз шын болса, бұл тығырықтан да құтыламыз, ең бастысы, азат күнде, озат санамызды улап алмасақ болғаны. Уақыт бәріне емші, сабыр түбі-сары алтын осындайда керек!
Бар әлем қөрқінішпен арпалысып жатқанда, қазақ саған күн туды деп үміт желкенін неге сонша жәйіп отырмын, себебі, біреу ғана!
Үйткені, қайшлықтың екі жағы болады. Теріскей беті тәңірін танымай кеткен алпауыт елдерге өзгемен санасуды, әдептен аттамауды үйретіп жатса, күнгей беті, ортақ омыраудан құтылған Қазақстандай жас мемілекеттерге қыл бүрәумен алысқан атандарға жалтақтатпай, келешек дамудың қатаң бәсекесіз, беймәрәл майданын көрсетіп үлгірді.
Дей түрғәнмен, бәрі шіркін-ай емес. Төрткіл дүние көз тіккен сауда керуеніміз Жапония секілді жоқтан бар, бардан байлық жасайтын жасампаз, қамдаушы санатына қарағанда, қәзірше мұнай тасып, шикізәт жөткейтін жалаң бағытта жылжығандықтан, әлемдік дағдарыстың кері әсері бізді де шарпиды, өз соққысын жасайды. Соған Қарамастан, басқаға таңсық, құт қонған байтақ теритөрияміздің табиғи мүмкіндіктерін, яғыни, қамбасы астыққа толы ауыл шаруашылық пен өрісі малға толы ата кәсібімізді қағаз жүзінде емес, іс жүзінде өркендетуге кең серпін алып, халқарадан қазақияға деген сұраныс туады, шіркін, шетел аңсағыш ұлт жастарына жұмыссыздық жойылады, бұны бір деп тұрыңыз, еңсені басқан қарызбастылыққа қарсы тұратынды төменде айтайын, аузыңа май, астыңа тай, екі деп тұрыңыз. Сонда, бір мемілекеттің оза шабуына ең үлкен екі тұсау ағытылды деп ойлаңыз, мәселенки, тауарды шетелден тасып, ел болып ұтылатын жалқау нарыққа мұрын шүйіріп, өзгенің арзан қәңсіғімен бесігінде тұншығып қалатын отандық өнімдерімізге көп басымдылық беретін боламыз, себебі, ауқымы жаман мына дағдарыстан әріптес елдердің атағы дардай талай көмпәния, өндіріс ошақтары тоқырауға ұшырап, тіптен мені өзіңмен емдеп ал деп қаңырап қалуы да ғажап емес, олай болмағанның өзінде, дағдарысты ұтымды пайдаланған біздің билік пен отаншыл кәсіпкерлеріміз бірлесе күш жинап, ғасыр нарығындағы жаңа техинкә мен Заовдтарды ұлы дала төрімізге қондыра салса, бірнеше жылдан соң, импорт заманды естелікке қалдырып, тауар експөрттәуші қуатты елге айналмасымызға кім кепіл? !
Әрине, айтуға бәрі оңай. Алайда, бүгінгі қазақ жұрты тарих сахынасынан өшпеу үшін қаншама айтуға оңайларды хәрекетке айналдырды, айқын дәлелі, бабалармыз ақ Нәйзәмен шаншып кеткен қара шаңырақта бұл күнде сіз бен біз отырмыз, ал, бізден кейінгі ұрпаққада бабажолы өнеге боп, тектілік бесігі тек үмітпен ғана тербеле берсін, барша ғалам бейбіт болсын деген тілекпен, арқа төрінен қалам тербеген, Қәнәтбектің Ермегі!
2020. 04. 10
қосымша жүктелген суреттері:

كەلۋ قاينارى: http://www.elarna.net/oku_kk.php?tur=11&id=2323

Пікірлер:


Жазған лебізіңіз 300 еріптен аспасын!
tomendegi katekshege 99 dep jazingiz.
98 + 1 = ? sozsiz sifermen tolteringiz, aytpese pikir jaza almaymiz.

Көрші сілтемелер