Еларна қолфон нұсқасына ену

Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-11-121795452839 %61 %
2019-11-134580823558 %42 %
2019-11-142250 %50 %



Түрі: Ел-арна газеті, бұл арадан барлық мақалаларын оқисыз

Жолданған уақыты: 06:49 - 2013/09/26

Қосымша қайнары:http://www.elarna.net/oku_kk.php?tur=11&id=196
Тоте жазу нұсқасы:http://www.elarna.net/oku.php?tur=11&id=196

توتە جازۋ نۇسقاسى:http://www.elarna.net/oku.php?tur=11&id=196

Мақала жолдаушы: Жанұзақ
Мақала апторы: Жанұзақ жөкен ұлы байсақалин
Аптордың мекен-жайі: Шинжяң жастар-өрендер баспасы

: PDF Download - Жұктеұ - Скачать - ءتۇسىرۋ

Маралдым

(әңгімелер жинағы)

автордың қысқаша тарихы

жанұзақ жөкен ұлы байсақалин 1980-жылы27-сәуірде нылқы ауданы қарасу ауылында ағартушы семясіндә дүниеге келген. 2000-жылдан 2005-жылға деиін іле педәгөгикә институтының саяси ағарту кәсібінде білім алған. 2005-жылдан бері шинжяң жастар-өрендер баспасында балаларға арналған вниверсәл журнал «ғылым бұлағы» журналының редәктөрліқ міндетін атқарып келеді. 2011-жылы 13-кезекті шинжяң қазақ қырғыз«дұлдұл» әдебиет силығының «үздік редәктөр» силығын алған. түрлі басылымдарда 10нан артық әңгімесі жарық көрген, бұл жинақ автордың тырнақ алды жинағы.



мазмұны


бақыттың әні............
аңсау.......................
теріскеи.............
қызыл жаулық..................
ата қаз қәсіреті..............
көк иірім.................
қырманда.......................
дариғай сол қыз........
екеуден екеу....................
әдемі-ау..........
боз торғай жүрек...............
сусамыр................
ақ беиіт хикәясі..........
маралдым................
басында баянауыл................
қош бол сәулем көргенше.......
менің атым кім еді............
сайтан қыз сыбыры........
көлеңке күлкісі.......
сарамастың сағынышы........
жол................
таныс дауыс..............
есәләң мен ертек......
бөлтірік.....................
қайтқан құс қанатындағы көктем
тасқын..........
үреи..................
қаз қайтқанда..............
қыз беиіті..........



бақыттың әні

ـــ бақыт–ау, бақыт?
ـــ ау, апа, не жұмыс?
ـــ қарағым, суыңды әкеліп алсаңшы.
ـــ иә, апа, міне қазыр.
қара апамның қыдырғысы келіп қалғанын есік алдында шабдардың ерттеліп дайын болғанынан білуге болатын. бұл кісінің атын біреудің атағанын естімегенмін, әйтеуір бәріміз қара апам деуге әдеттеніп кеткенбіз. қара апам балпаңдай басып келді де, шабдардың үстіне қона қалды. «бақыт үйде жалғыз отырған шығар?» деп, бақыттардың үйіне тарттым. кесте тігіп отыр екен. ыңылдап ән салады.
ـــ ауылым көшіп барады алмалыға,
кім көнбеиді тағдырдың салғанына–ай.
әй, әй бөпем,
кеиін қалған елімді,
көрер ме екем–әй.
үнсіз мүлгіп тұрмын. үйдің ішін әннің дірілдеп шыққан мұңлы тұстары торлап алған. есіктің көзінде қыбырлауға да батына алар емеспін, қозғалып қалсам әннің сағыныш пен арманға толы нәзік қылын үзіп алатындаймын. көзіме жас үйірілгені. өзімді тежеи алмайтын сяқтымын. бұл әнді радиодан талай естігем. бірәқ, бұндай елжіреткені жоқ. бүгін ондағы ән бүкілдеи өзгеріп кеткен. сағынш пен арманға толы ән үйдің ішін ақырын–ақырын жаулап, меніңде кеудемді кернеп кеткендеи. көз алдыма ағам елестеи қалды. ағам кететін кезде көп ұзамай қайтып келемін деген, әлі келген жоқ. ала тайыншаға мінгестіріп алатын да өзі түсе қалып, мені түсірмеи қоятын еді. қорыққанымнан аңырап қоя берсем де ыржиып тұра беретін. сол қылығын жек көретінмін. қазыр сағынып қалдым. кеңсірігім ашып, кірпіктерімді қақсам – ақ жас домалай жөнелетінін сезіп тұрмын. бақыт әлі ыңылдап отыр, мені байқамады. үздіксіз айта берсе екен деп тілеимін. менің ғана емес оның да көзі жасаурап кетіпті. «бақыт кімді сағынды екен, мен секілді оның да ағасы барма? ағам келсеші! қой баққан кезде әлгі кетік тастың арғы жағына ертіп барушы еді. ол жерде сайтан бар екен деп делбе кенжебәй айтып отыратын, ағам екеуіміз қорықпайтын едік. маған ала келем деген дүрбісін әкеліп берсе, қойды үйдің жанынан көздеп отыратын...»
ـــ еркін неқіліп тұрсың, жылапсың ғой?! ـــ деп қолындағы кестесін қойып, түрегеліп келе жатқан бақыттың дауысы ойымды бөліп жіберді.
ـــ ағамды сағынып... ـــ бақып жұбатып жатыр.
ـــ бақыт–ау, бақыт?
ـــ ау, апа
ـــ... ...
ـــ міне қазыр.
бақыттың екі шелегі тербеліп су алғалы кетіп барады. ілесе жөнелдім.
ـــ ән айтыңызшы?
ـــ ата–анамды аяулы сағынғанда,
әй бөпем деп ән салып отырамын–ай.
әй әй бөпем,
кеиін қалған елімді,
көрер ме екем–әй
дала үнсіз мүлгіп, еркелеи жеткен қыр сәмәлімен тербетілген жусан мен әқселеулер бақыттың әніне үн қосып тұрғандай.
ـــ еркін атымды атадың ба?
ـــ жоқ.
ـــ кеиде қызық, соңыңнан атың аталып қалатыны бар.
солай деп ойладым. меніңде құлағымның түбінен біреу бақыттың әнін қайталап жатыр. не деген тамаша! іштеи қосылып келемін. ырғағына түсіргенім қандай керемет, бірәқ өзім ғана естимін, ал бақыт ести алмайды. бақытқа да айтып бергім келеді. оған бақыт қуанатын еді. шіркін! ағам келсеші, бақыттың әнін естісе, бақыттың әнші екенін білсе, мен секілді үйреніп алатын еді.
тор алдында күндегі әдетімен жамба тай жатқан әкем мыжырайған шәпкісін алып, асықпайтын әдетімен шылымын тұтатып, құшырланып отырып бірнеше сорып алып әңгімесін бастады.
ـــ бәқіттәрдікі ауыл орталығына көшетін болыпты. осы аптаның соңында көшетін көрінеді. әлгі ұл келсе болатын еді, ـــ деп шешеме қарады.
ـــ саудам қарбалас деп жүр ғой, жуықта келіп те қалар, ـــ деген шешем әдетімен ыдыс-аяқ жаққа бұрыла берген. төсегіме жатып алғаннан кеиін ұйқым келмеи ала қыза бердім. олар неге көшеді екен ә, бақыт бізді ұмытып кететін шығар? ағам неге келмеиді? сауда істегені несі? жауапсыз қалың сұрау бірінің артынан бірі тізіліп, өзіме түсініксіз бір дүниеге шырмалам. бақыттың әні тағы естіледі.
ـــ бақыт–ау, бақыт?
ـــ ау, апа,
ــــ ....
ــــ иә, қазыр.
бақыт су әкелуге аяңдады. бұл жолы соңынан ілеспедім. ағам тәңертең ерте келген. сол кісіге қарайладым. ағам өзгеріп кетіпті. үстіне су жаңа сім–мешпет киіп, мойнына мойыншақ іспетті гәлстук байлап алыпты. қасына қызыл сары шәшті, бүтімен бұт болып жабысқан сым киген бір қыз ертіп алыпты. барлығына таңырқай қараған қыз үдіреиіп ағамның жанынан шықпайды. әкем олар келгеннен бері томсырайып үнсіз қалған. шешем зыр жүгіріп бәрін солардың ауызына тосып жұр. тамақ жеген кезде әлгі қыз ет жемеи қойды, қызық екен. оңашада ағамды шақырдым.
ـــ аға, бәқіттәрдікіне барып келеиікші, бақыт әнді айбат айтады, естисің бе?
ағам арт жағынажалтақтап тұрып:
ـــ қой, енді бақытты айтпа! барып ойынңды ойна, ـــ деп сырт айналды.
кешке таяу бақыттың үйіне бардым. қара апам үнсіз. бақытты үйлерінің артындағы төбеден таптым. түнгі қара барқын тыныштық бар алапты өз құшағына алып мүлгіп тұр. жыртыңдаған жұлдыздар әғәммен еріп келген қыз сяқты ыржың-ыржың еткендеи болады. бетін ақ шарбы бұлт тасалаған ай баяу жылжып барады.
ـــ бақыт әпеке, әлгі әнді айтып береиін бола ма? ـــ бақыт үндемеді. баяу айта жөнелдім.
ـــ ауылым көшіп барады алмалыға,
кім көнбеиді тағдырдың салғанына–ай
бақыт мені құшақтап алып ұзақ жылады. менде қосыла жыладым. неге екенін білмеимін, әйтеуір бір талай уақыт жыластық. сосын үнсіз орнымыздан тұрып үй жаққа аяңдадық. ертесі ағам мен сары шәшті қыз қайтты. есік алдынан аттандырып салып, шешем жаулығының үшімен көзін сүртіп қала берді. бірәз жерге деиін әғәммен ілесіп бардым. сары шәшті қыз маған «быз апарып оқытамыз» деген еді, ағам да қостап қояды. «оқымаймын» деп артыма қарай жүгіре жөнелдім. мен есік алдына келгенде олар бел асып кеткен еді. бақыт та үйлерінің жанында олардың артынан аңырып қарап қалыпты.
бақыттардың да үйі көшетін күн жетті. қара апам шабдар атына қонып алыпты. бақыт біздің торы атқа мінді. қара апам шешеммен ұзақ қоштасты. маңдайымнан сүйіп, бауырына қысты. қолдары дір–дір етеді.
ـــ кеиін жақсы оқы, сендерді ұмытпаймын, ـــ деп жатыр. құлазып қалып бара жатқан жұртқа қарасам жылағым келеді. әуелі бірнеше рет жыладым да...
ــــ бақыт–ау, бақыт,
ـــ ау, апа,
ــــ ....
ــــ иә, қазыр.
үйден шыға келсем, ешкім жоқ. құлазыған жұртқа қарасам жылайтын сяқтымын. аңырайған жұрт, алыстан әлдеқәндәй бір үн құлағыма талықсып жеткендеи болады. баяғы ән, бақыттың әні үзіліп–үздігіп жетеді.
ауылым көшіп барады алмалыға,
кім көнбеиді тағдырдың салғанына–ай
быздың үйдің әләтөбеті бақыттардың жұртының алдында нарау қарап шоқиып отыр.

2002-жылы 28-сауыр құлжа



аңсау

көшеде адамдар ағылып барады. у-шу мазасыздық жүйкеме жүгіріп, онсызда тозғындаған сана-сезімімді мазақтап ойнайды. адамдар әлде неге мазасыздана уақыттың уысында қалқып жұр. тым тәкәпәр көрінетін сұсты өңдері жан-дүниелеріндегі жалғыздықтарын жасырып, алданыштары мен жұбаныштары белгісіз бір күңгірт ұғымдарға мықтап таңылған саналар ертең делінетін қауыпты жұмбақтарға жүкті. сол ертеңдерге елдерге қарағанда екі есе артық құлшына бастаған рухым әбден адасар сәтте, ұйқымнан оятар қәсиетке жүкті даланың ғана төсінде кезігер құпя сырлар жететін құлағыма. жұмбақ ертеңдер сүйреп бара жатқан адамдардың бірдеилікке ұмтылуы, біз күткен ертеңдерден алыстатып бара жатқанын сезінерге, ұқсастыққа ұмтылудың түпке жететінін ойлауға тисты жұмыр басым басқа бір алданыштардың ұясына айналған сәттерім үшін кінәлі сезіндім. құлазу... көз алдыма атасының алдына отырып алып ертек еститін қара домалақ елестеп, арманға айналған күндер көлбіреп сағындырып, алуан қялдарға арбатады. сол қара домалақ кезімде ауылда аралап жүретін шоқша сақал, бүркіт қаба қатпа қара шал болатын. кеиде айғайлап тұрып, езуінен көбік шәшіп адам ұшықтайтын. кеиде өзімен-өзі қалғып, күбірлеп жүретін. біткен ауылдың кәрі-жасы алдынан кесіп өтпеитін жарықтықтың. апамнан естіген ертектердегі батырларға ұқсап, ел көзінен тасада қолыма апамның адарғы қылышын алып сиыр тікен мен үй маңындағы қара сораны қырып салатынмын. бірде сиыр тікенмен қылыштасып әбден болдырсам керек, тұла бойым қызып, басым айналып, жер көшіп барады. сондада санамда сәуле бар. хәлпе келе жатыр. «әссәләумәғәләйкүм» деп тақ ете тұстым. сәлемімді алған жоқ, екі көзі қып-қызыл болып төніп келеді. не істерімді біле алмай бұға бергем, екі иығымнан алып сілкіп қалғанда, жердің шаңын бұрық еткізіп етпетімнен тұстым. ұзыны құлаш келетін қара шыбар жыланды мойынынан қысып ұстап алдымда тұр. екі аяғымнан жан кетіп қыбыр ете алар емеспін.
ـــ бағана сәлем бердіңбе? ـــ деп сұрады. өңі жылып, сұсты беинесінен ныспы қалмапты, сосын сөзімді тоспай ـــ уәғәләйкүм ассалам! ـــ деп созып мақамдады. шешем жығылып-сұрынып ұшып келіп мені бассалған,
ـــ хәлпе, рәхімет сізге, ـــ деп жылап жұр. ол кісі асығар емес. шешеме:
ـــ барып сары май болса екі ыдысқа салып әкел, қосып азырақ сұт ала келерсің. ـــ деп еді шешем аяғы-аяғына тимеи үйге кетті. не болғанын түсінбеи хәлпенің қолындағы қара шұбар жыланға қараймын. хәлпенің желкесінен қысып ұстаған қолынан шыққысы келіп жанталасады. шешемде көп айланбай екі тәлеңке сары майы бар жетті. хәлпе жыланды сонадай жерге қойып күбірлеп сөйлеи бастады. азырақ талықсып жатқан жылан енді басын қақшитып, дөңгелене иіріліп алыпты. хәлпе бірде жердің шаңын бұрқылдатып сабаланса, бірде күбірлеп отыр. жылан жазылып, созыла тұсып, қиналған сайын хәлпеденде тер сорғалап, екі жанындағы сары майдан кезек асайды. талай уақыттан кеиін хәлпенің күбірі бәсеиіп, бара-бара сыбырға айналып тынды. жыланда қыбырсыз қалған. иек қаққан хәлпенің қимылына сақ отырған шешем сұтты алып ұсына берді. қыбырсыз қалған жыланның басына ақ тамызған хәлпе бізге бұрылып:
ـــ тиспеңдер, жалғыз қарындасының қамына бола жолаушы жүрген екен, сәтке қалғып кеткен талмау тұсында мазасын алған мынаны жау санап қалыпты, өзі кетеді. ـــ деп орнынан тұрып жиыла бастады. хәлпе бұл рет біздің үйде бір мезгіл тұрды. алғашында именсемде бойым үйрене келеәлдінә отыратын болғам. өткен жылы ауырмай-сырқамай, таңғы оразасын ашып келіп, намазын өтеп, сосын ұйықтап кеткен жанша үнсіз аттанып жүре берген атамның орнына құран аударды. молдаларша күмбірлетіп, күңірентпеи-ақ жәй сыдыртып оқып бітірген. бір күні кешкі өрістен қайтқан малдың алдынан шығып, қой қоралап әуреленіп жатқанбыз. жердің астынан шыққандай ашты ысқырық үні ұзылып-ұзылып жеткен. бәріміз сқырық үні шыққан жаққа қарағанда белден асып бара жатқан хәлпені көрдік. буалдыр сағымға мініп зымырап барады...
хәлпе сол кеткеннен қайтып оралмады. келесі жылы жазға салым әлде кімдер хәлпенің ұстайтын асасын аң қарап жұрып зеңгірден тауыпты десіп гу-гу әңгіме шыққан. біреулер күйінішін, біреулер сұйынышын айтысып, сан мыңдаған сырларды бауырына басып жатқан киелі өлкенің тағы бір жұмбақ құпясына айналдырып әкеткен. осылайша тамсанысып жүрген жұрттың айтар әңгімесіне тағы бір тың мазмұн қосылып тіпті түрленіп алыстарға тарап жатты...
ـــ ойбай керімбектің аңшы баласы хәлпені көріп, содан көтеріліп ауырыпты, ـــ деп делбеленіп жүретін көршінің баласы әкеме келіп мыжып отырған, ـــ аң қуып, желденіп жүретін жігіт естіген сыбысы бойынша бел құдықтың басына шығады. екі құнжығын ерткен кірекеидің беиғәм тұрысы қолына жартылай автоматты мырыш оқ мылтық ұстаған аңшының бар аңсарын аударып, өзелендіре түскен. қанды ауыз ажал бүркер тұста тосын дауыс шығады.
ـــ тарт қолыңды!
әлде нені қағыс естіп қалдымба деп жан-жағына қарағанда көзіне ештеме шалынбағасын кірекеиге тағы нысананы туралай бастағанда әлгі дауыс тағы қайталанған.
ـــ тәңірдің еркі бұл жануарды осынау өлкенің киесі болуға жаратқан. тәңірдің еркіне қайшы келме.
«киесі атады» деп жас төлдеп жатқан аңды аттырмайтын көшпенді халықтың сан ғасырды соңына тастап жеткен дала дәстүрі санасына сіңіп өскен ұрпақ қаншама қан аңсасада өзін тарта бастаған. дегенмен әлгі бір таныс болып жүретін, биліктің қалай қасығынан ауыз тиып отырған ағайынның «егер бір аюды басы бұтын атып қолыма өткізсең, бір бөктерді басы бұтын таңбалап қолыңа өткізем» деген уәдесі есіне оралып, екі ұдайы сезімдерге малтып ұзақ отырды.
талай жылдан бері өрісі тар ық істеп, мал басының өспеи жүргенін ойлағанда, адамдық болмысы тәуекел деитін көзсіздікке жетелеген. кірекеи ажал іздегендеи маң-маң басып таяу арада қарақатты сыпырып соғып тұр. екі қонжығы да шошайып тұрып алып, қарақатты сыпырып әуре. аңшы жігіт бір сәтке жүрегін орнықтырып отырды да, сосын тәуекелге басып мылтығын серт ұстап орнынан көтерілді. әлгі ғажап дауыс саңық етіп тағы шыққан, бұл жолы аңшының қолы шүрппеге барып болған еді, сол бойда масаны басып қалды. шаңқ еткен ашты дауыс салмау-салмау жартастарға жаңғырығып ұзаққа тарап барып ауаға сіңіп жатты. осы қас-қағым сәтте ғана аңшы өзінің нысананы мұлт кетіргенін сезді. кірекеи екі құнжығын ертіп жынысқа кіріп көзден ғайып болыпты. жасынан намысқой өскен жігіттің қаны қызып, өзі де сезбес өркеуде есерлік билеп, құтырған жанша мылтығын серт ұстап шатқалға қарай тұра жүгірген. сонадайдан қозғалып тұрған бір топ ырғайды нысанаға ала бергенде, қараңдаған адамның сұлбасы көрініп хәлпе шығып келеді. мылтығы сылық етіп қолынан тұсып кеткенін аңғармай сілеиіп қалған. жәйшіліқтә атқа мінсем қарызына қалам деп жаяу жүретін, жан баласына зәбірі жоқ хәлпе алып қоңыр аюға мініп тура аңшының алдына келеді.
ـــ кеше ғана көз алдымызда өскен бала едің, неге ғана соншама қанқор болдың қарақ, тәңірінің еркіне бақ! ـــ деп қолындағы қәмшісімен сілтеп қалғаны сол есерленген өркеуде жігіт есінен ауысып, қоңыр аю мен хәлпенің бір тұлғаға айналып, маң-маң басып ұзап бара жатқанын көзімен көрген беибәқ жүрегі жарылып кете жаздап қатты қорыққанынан есін түгелге жуық жоғалтады. иен даладан кіресілі-шығасылы есімен үйіне жеткен аңшыдан елдердің бар ұққаны осы ғана екен.
көршіміздің ұлы кеткесін әкем ұнсыз ұзақ отырып барып, ымдап қасына шақырды. бала болсамда өзімше ықылас қойып отырғанымды аңдаса керек.
ـــ естігендеріңді екінші қайтып ешкімге айтушы болма!
ـــ неге? ـــ деимін таңырқап.
ـــ әй балам-ай, жассың ғой, бабаларың ен өлкеде еркін өскен қоңыр аңның ұрпақтары, сосын көкжәлдіғіміз ұстаса арқар ұран шақырып атқа қонып шықсақ, кеиде аюдай аңғалдығымызда бар. осынау киелі топырақта туған бабалар бойынан қоңыр аңның әрқәйсісінің бітімі табыла береді. бұл тек арқар ұранды, абыз ұзанды бізге ғана тән қәсиет! сондықтанда бұндай тілсім хикімет басқа әрқәндәй жұртқа шешілмеитін сыр болуға тиыс. қанша қүлшінғәнмен хял жетпес сырлы жаралымды қәсиетті ұрпақтарымыздан бөгде ешкім білмеитін болғаны рауа, болмаса қәсиеттерімізді қашырамыз. кеиін өзің тұсынып аласың, саңлақ хялдың, жұмбақ үндестіктердің өзгелерге сыр болып шәшілуінән гөрі, ұрпақ санасында жұмбақ күйінде сақталып қалуы бабалардан қалған жол! ـــ деп бетіме қараған. ұнсыз ғана басымды изедім. ол кездер у-шу мен қәжетсіз қаптаған қалың информатсялардан ада тұп-тұнық сана-сезімімнің өзіме ғана тәуелді кезеңдері еді-ау. санамның қақ төрінен орын алған сол киелі ұғымдар әлі күнге көңіл көкжиегімде жарқырап, адаса бастаған, жо, жоқ, жаттаса бастаған рухыма нұр шәшәді да тұрады.
арада талай жылдар өтті. елдер көп айта беріп ақ жемін шығарған дәуір талабы деитін заман үрдісіне ілесу үшін үлкен қалада жұмыс жасап тұрып қалдық. алғаш жоғары оқу орнын бітірген кездегі кеудемізге нан пысардай болған желік, қоғам деген алып айналымның есігінен сығаламай жатып басылған. соншама көркем деп ойлайтын өмірдің арманға толы сәттерінде, әлде кімдердің тасадан атқан оқтары осып өтетін. дәл осындай шақтар басымның ішіндегі көркемдіктерім мен ізгі тұстарын ойрандап, сонау бала күндердегі сағыныштарымның бәрін әлде қайда адастырып, өз болмысыма жат пиғылдарды басыма ұялататын. қажып жүрген сәттерім есіме ұлы даланың соңғы әулиесі хәлпені салатын. адамзат санасы ұлы жаратылысты терең түсінген сайын, адам бітімі ұлы жаратылыс силаған қәсиеттерден алшақтап бара жатқан керәғәр дүниенің қарама-қарсы тұсында, имандылығы мен тазалығын адамдар арасынан алып қашып, ұлы даланың айбары-азулы жыртқышқа айналып кеткен таза тәңіри рухтың санама салар салмағы кеудемді жәншіп тұратын. адамзатты меиілінше мешкеилікке жетелеген бүгінгі таңдағы қалалардың бұрыш-бұрышы толған мергендер. қашан болсада сақтанып жұру жақын жандарыңның өзінен бөгделендіріп жіберетін. рухымыз тірлік қамы үшін жинап алған керексіз қоқсықтардың билеуіне өткен сәттер бүкілдеи жаттастыра бастаған кезімде сағынамын-ау тазалық пен тәңіри рух силап ұлы дала сомдаған хәлпені. жылан екеш жыланды да ақ тамызып жолына сала білген көкіректің қуысында кеткен ізгі біт Ысты мәңгілік таба алмаспыз енді.
көшеде адамдар ағылып барады... әлде ненің қамына бола мазасыздана уақыттың уысында қалқып жұр. бәріміздің жан дүниемізде түсініксіз, бірәқ соншама еркін билеи бастаған бір сезімдер бізді әрқәшән сақ болуға шақырып тұр. мергендер... адамдар адамдарды аулауда. сол мергендерге таза ізгілік силар хәлпенің дауысын аңсадым.

2011-жыл 15-маусым үрімжі



теріскеи

тағы бір жалғыз қалған кеш. өмірімдегі жалғызсырауым бұл ғана емес болсада, сондай аласатқаным қызық. бөлменің ішін көгілдір тұтын кезіп жұр. маңайдағылардың електрлері баяғы да сөнген. терезеден төгілген айдың сүт сәулесіне малынып отырып алдымдағы сірәдән бірді алып аузын аштым. сірәнің қышқылтым иісі тәбетімді қытықтап тоқтаусыз көтеруге мәжбүрлеген. бәлкім алқа көлге айналып бара жатқан шығармын. тағы бір буалдыр тұлға санамнан кетер емес. кім екенін анық айыра алмадым. кеудемдегі көгершін тыстағы сүлбәләрмен бірігіп, белгісіздіктер қоршап алған. әжем айтушы еді «түнде айдың сағымы адам жүзіне түссе жаман болады» деп. несі қызық бұндайдың, мүмкін сол жаман боладылардан үреиленген шығармын. бірәқ дұрыс ойламағанымды көп өтпеи білдім. ол келген екен. есіктен жаудырап қарап тұр, көңілсіздік пен мағынасыздық. қайда барсамда соңымнан қалмайтын сұлбаға сәп салмауға бекігенмін. кеудемнен ұшқан көгершінді аярлыққа бастайтын түгемес ығырлық. әлгі бір ақ жыланнан кеиінгі күндерім осы елес ішінде өтіп келеді.
келдіңбе? — оның үйреншікті сұрауы. үндемеу керек. тырыс етсең жарылып кетуі мүмкін зорға тұрған шиқанның ауызы. ендігі оның ауыр бір күрсінуі ғана. одан соң қайтып тіл қатысудың қәжеті шамалы. біздің кеибір еркіндік деп жүргеніміздің өзі не? деген жанды мұжитын арамза сұраулар иектеген болар, болмаса басқаларға деген тілеулестік қана еркіңнен тыс бір ойларға жетелеиді. сірәні қойып қолыма әлде бір кітәпті алдым. онсызда телевизөрғә телміргенді онша жақтыра бермеитінін білем. кітәптің әлде бір бетін мақсатсыз парақтадым. өзім түсінбеитін нәрселерге алғашқы әуестігім осылайша бір рет мақсатсыз көріп шығуға жетелеитін, бәлкім адамдар мәңгі сәби күйінде өтіп кететін шығар. барлық ынтызарлығымды бірден баурай жөнелмеседе оқуға болатын байырғы ерлік епөстәрдің үзінділерін мақсатсыз түрде сыдыртып жатырмын. кешегі күні ен даланың төсіндегі баһадұрлардың ерлігі қызықтырған тұста тағы да ол келген. күмістеи аппақ шәштәрін тарап, ұсқынсыз жәнәрмен қарап тұр. еріндері жыбыр-жыбыр етеді.
оқудың қәжеті барма?
түсінбеисің.
сенші?
менде.
кеудеңдегі көгершін менімен бірге, қалай түсінбексің?
өнімен не қатысы бар?
сенде қалғаны ақыл ғана.
онда әқілмен түсінем.
ақыл деген итекке көну, басқалар жағынан дұрыс деп танылған дүниелер мен қағидаттарға табыну ғана. ақылдан бастау алған мұрат қулық жәділәрімен өмір сүруден басқа түкте емес. өз дүниелеріңді толықтасаңшы.
нені?
мына арада,- ол кітәптің тағы бір парағын аударған. бала емізіп отырған әйелдің соңында қалың өрт пен жер жастанған қара құрым адам, әйелдің қарсы алдында айбалта ұстаған еркектің қоңырқай жүзі сызылған сурет қана.
түкте түсінгенім жоқ.
әлсіздер ғана соғыс қозғайды. әлсіздердің күштілерге қарсы шығуының өзі бір тарихи қәтелік қана. басқа дәнеңеде емес.
онда шыңғыс қағанда әлсізбе?
солай, өз басындағы ұлан ойлы арманын ғана ойлағаны мен кеиінгі ұрпақтарының соңғы тағдыры өзіндеи болады деп пайымдауының өзі қәтелік.
тағы?
тағы бірі әлсіздіктің әлсіздікке қарсы түруімен беинеленуі. әлсіздер әлсіздерге қарсы тұрады. мүмкін кеиін түсінесің. ана құшағы ғана жеңістің бесігі.
кітәптің бетін көңілсіз жаба салдым да тағы бір сірәнің ауызын аштым. қышқылтым кермек иіс жаныңды жадыратады. басыма өмір деген әлсіздіктердің периөтті қайталануыма деген ой оралған. ашық тұрған терезеден алғашқы көктің иісі мұрынға ұрады. көктер көктемнің салқын сыз бар кешінде қайсарлана өсуде. мезгіл шіркін тағы бір рет жеңілді. бәрібір мезгілі жеткенде қайта солады, қайта көктеиді. әлсіздіктің әлсіздікке қарсы тұруы тоқтамақ емес. міне бұл оның маған үйреткен дүниелері. бәлкім оның үйреткеніне илана бастағаннан тартып ақылды бола бастаған шығармын. аппақ күмістеи шәштәрі есіме ақ жыланды қайта салған. әжемде қызық, сол кісінің айтатын хикәяттәрінә елітіп өскен көк өрім сәттерден тартып жадыма сіңген ақ жыланның періште көңіл қызын армандауымды тоқтата алсамшы. бәлкім адамдар адамдардан жалыққан шығар?
_ ـــ енді хикәямді өз ауызымнан естисің.
сыңсып қана шығатын нәзік дауысы тағы естілді.
_ ـــ бұрын естігем.
_ ـــ онда мені жоғалыт, бәрібір сенің көгершініңді қайтармаймын.
_ ـــ кете бер, ـــ бірәқ ол кетпеитін. кетер болса баяғыда кетіп қалған болар еді. көзіне келген ып-ыстық жасты көрсеткісі келмеи теріс қарап алыпты. мүмкін өкпелеген шығар, сұлбаның жылағанын ешкім көрмеген.
әжемнің айтқан хикәяттәрін есіме алдым. « ертеде бір аймақта өмір өткізген шаруақор жандар болады. жан баласына залалы жоқ мәжүніндердің бар тірлігін үнсіздік жаулап алған. тілдері жоқ адам баласының басқа дыбыстарғада заухы соқпайтын көрінеді. сол мәжүн топтың ешқәндәй ақыл мен нақылға күні түспес, аң боп өткен, қарын қамын ғана ойлайтын бұйығы тірлігін жат қолдың жалаңдаған қылышы бұзады. алғашында басын иып шыққан момын елдің өмір қағидаларының көне беруден басқа артықшылғы жоқ екенін білген қаһарлы қол қойша бауыздап, қаннан дәря ағызған. басқасының бәріне көнген сол мәжүндердің ақырғы рет тынышын бұзған оқыс қимылдың шеті қылтяды. тобыр болсада сұлулыққа құмартпайтын жан болмаса керек. аймаққа гүл дидарлы күлкісімен белгілі айдай аруын әбден мазаққа айналдырған тұста барып үнсіз сан ғасырды аттандырған тобырлардан айғай көтерілген. басын қосу үшін мақсаты бір тұбы өзімдікі деитін тілдің қадыры мен қәсиетін пайымдап үлгірген мәжүніндер құлдырлап сөйлеитін қәсиетсіз міңгірден айғайға көшеді. самсыған сары қөлмен ақтық айқасқа шығып, әлсіздіктің азабын арқалап, торғайдай тозады. әлемді алақанында ойнатқысы келген жат жұрттың аламандары бұлардан басқада санда бар сансыз тобырлардың да тоз-тозын шығарады. басқа мазақ пен азапқа көнседе айдай аруларының абыройын аяқ асты еткеніне төзбеген тобырлардың бәрі де жеңіліс деитін тозақтың дәмін татып торғайдай тозған. ақыры сол тобырлар топ құрап, хисапсыз қалың елге айналады. енді кезіндегі жеңімпәздәрдің әулеттерінің маңдайынан күн өтуге бастаған, меңіреуліктен айғайға көшкен тобырдың арасына сіңіп тұқымы тұздай құрып, кешегі күні ештемесі жоқ тобырдың айтқаны есепке алына бастасын. текті күннен қалған асылдың ұрқы болмағасында, тобырлардың араны күн санап асқына бастайды. кешегі баһадұр қолдың жас бөрісінен құрсағында тірлік нысаны қалған шерлі ай дидарлы арудың соңғы ұрпақтарына суық қолдарын жүгіртіп мазақ отына тастайды. сол ай дидарлы арудың соңында қос құлыны бір қыз, бір ұлы қалады. көп тобырдан жалғыз қарындасын арашалауға әлі жетпеген шерлі ағаның зарына құлақ түрген таңырының меиірімі қарындасын жеті қабат жер астынан жеткен киелі тазалықтың қайнар көзіндеи «арқар бұлақ» қа ақ жыланға айналдырып, киеге қояды да, жігіт қашып аулаққа кетеді. ақ жыланның арқар бұлағына келіп, таза таңыри бітімін бұлғаныштан арылтқан пері қызы бек сұлу қыз ағасына үйленіп, өңкеи марқасқа ұрпақ өрбітеді. аққуға айналып жеткен пері қызы бек сұлудың соңында бәрінен арын үстем қоятын әқеділ ұрпақ қалады ұлы даланың төсін дүбірлеткен.» әжемнің әр кеште маңыратып отыратын хикәяләрінән өзіме бөлекше әсер еткені осы еді. ойым осы араға келгенде барып соңымда тұрған сұлбаның маған бұрылып күлімдеп отырғанын байқадым. одан арғысын ол өрбіткен.
_ ـــ сендердің білетіндердің осы жеріне деиін ғана. сол ақ жыланға айналған арудан да ұрпақ өрбіген.
_ ـــ білем, бірәқ бәрібір жылан ғана.
_ ـــ жо, сол ақ жыланның айдай сұлу қыздары бар. тәңірінің көмегінде әліге деиін жасап келеді, кеште ару, күндіз абақай! сол киелі ақ жылан ананың соңындағы қалған ару абақайға үйленген жігіттің нұры шалқып, ұрпағы ұлан далаға қожа болар еді, амал қанша адалдығы жетпеген ұрпақсыңдар. кезінде аталарың сол ақ жыланның жетінші әулетіне үйленіп, пері қызы бек сұлу мен ақ жылан абақай ананың сұлулығы мен ізгілігін сендерге қалдырған. ұлан-қайыр далада бар әрине!
_ ـــ менде сендерге ұқсаймын, жалғыз қалғанда адам, ал басқа біреумен жолықсам пенде!
_ ـــ пәниде деп айт, пани дүниені қуғасын пәниде болады.
_ ـــ түкте түсінбедім.
_ ـــ әлсізсің, әлсіздігіңді жасырғың келеді. содан барып өздерің түсінбесеңдерде қырылысасыңдар.
_ ـــ ешкіммен қырылысп көрмегенмін.
_ ـــ болмағанда өсек айтасыңдар.
_ ـــ пенде болғасын.
_ ـــ бұның аты тарих делінетін шығар?
_ ـــ жоқ, бұның аты әпсәнә, құрықтаған жады.
_ ـــ кімдікі жөн?
_ ـــ қашқан қарақшы, ал қалғандары тілі жоқ тобыр кезіндегісінің өзін сарнатып тұрып жазып тастаған.
_ ـــ онда несіне оқып жұрмыз?
_ ـــ күштінің сөзі құраннан кеиін тұр ды.
_ ـــ білдім.
жеңілген едім. жеңілмеиін десеңде жеңетін еді, енді кітәп көргім жоқ болатын. тағы бір ой аяқ астынан шақша басымның шәлекеиін шығарған. оның айтқанына бола кітәпті тастағаным несі? бәлкім ақылды бола бастаған шығармын.
қаншама күндер жалғыздық ішінде жасадым екен? мұздай суық адамдар арасынан қашып, ақ жылан абақай ананың қыздарына кетсембе екен, киелі сағынштарымның ертең таң әтісімен мезгілден жеңіліп, сорлап қаларын ойлаймын. сүлбәмен бірге ауаға сіңіп жоқ болып кете баратын еді сол кезде, онсызда біреуге жолыққанда пәнидемін ғой, пәниде! есіме әжемнің ертектері мен ол көрсеткен сурет қосыла елестеп әбден мазамды алған. көктемнің жаңбыры төге бастады. су-су болған ол тереземнің сыртына шығп кетіпті. кеудемнен ұшқан көгершінім аппақ шәштәрінің астына паналап алыпты. мезгілдің де күнгеиі болатын шығар? деп ойланып қалдым. теріскеи күндерімнің өзіме ғана аян беретін сүлбәләрмен бірге өткен кештерім тым ақылды қылып жіберген. қолыма балта алып, әлсіздігімді еркіндікке айналдырып жібергім келетін. дегенмен бала емізіп отырған ананың омырауынан қан саулар деп қорқып қалдым. адамдар адамдардан жеріп барады.
_ ـــ мені тастап кетпе.
_ ـــ жо, сені тастай алмаймын, мені адамдарға қарағанда бақытты қылған сенсің.
_ ـــ жалғыз емессің, ал адамдар жалғыз ғой, жалғыз. ойлауданда қорқатын жалғыздық ішінде.
басымда шексіз бір ысқырық пайда болып есеңгіреп барамын. бұл кезде ақ жыланға айналып кеткен едім. қимайтыным ішілмеи қалған сірәләрім. пенде баласының құрсақ қамын қимайтыны несі екен деші?! бірәқ мен үшін түкте емес, ертең-ақ пенде қалпыма қайта ораламын. баяғы сұлбада ақ жыланға өзгерген. «быздың ауыл күнгеиде» деиді сыбырлап. бірәқ мен теріскеиді жақсы көремін. теріскеи әлсіздердің ұжымақ мекені, менің де ұжымақ мекенім! барлық әлсіздіктер жасасын, әпсәнәләрмен бірге күнгеи еліне барып қайтайын, көргенше аман бол теріскеи!

2013-жыл29-наурыз үрімжі





қызыл жаулық

қаланың үстін қою сұрғылт тұман басқан. кірбең тартқан көңіл–күй іспетті тұнжырап, сеңше соғылған адамдар сиреи бастаған. әрлі–берлі ағылған машиналар әлде қайда асығып барып, беине елес іспетті көзден ғайып болады да дереу ұмытатын бірнеше сурет жанарыңда қалады. жабығу... аспанға бой созған зәулім ғимараттар жанарыңды жасытып, баспалдақтардан көтерілуге қорқасың. жасанды биіктік ызбар шәшіп, алуан түрлі шірәқтәрмен, жәрнәмәләрмен, бір қабат шініләрмен қәптәлғәнімен сұп–суық қалпынан бір жазбайды–ақ таулардан да асқақ тұрғысы келген келімсек беине! ұлылық туралы бас қатырудың қәжеті де шамалы. кеңірдекті әрқәндәй нәрсеге айырбастауға болмайтынын ойланбай–ақ елдер біліп алған. қаланың үстінде ақ жауын сылбырай бастады. қол шәтірләрмен қорғаныс қылған адамдар аласұра шапқыласып барады. жасанды көл шетінде ол бұрсиып отыр. есіне жуан қарын еркектің гүжілдегені түскен сайын өліп алғысы келген. бірәқ...
күңгірт елестер... шаттық, азап! рухы жұлмаланған өлі мен тірінің ортасындағы мәңгүрт қалыптағы беине бұрсиып әлі отыр. беиіш жасағандай–ақ қөлмен жасалған рақат төсегінде қорылдап жатқан пайғамбардың, пайғамбар болғанда адам атаның ұрпақтары өмірден нені қимай жүргенін ешкім айтып бере алмас. «шарт» ете түсетін жүйкесі жұқарған адамдар. бәрі әлде қайда асығып жанталасуда.
ـــ кетуіңе болады.
ـــ әбден масқаралап, сосын... ـــ қыз сықсыңдай бастады.
ـــ мен емес, өзіңді өзің мазақтадың.
ـــ үмітсіздендірме!?
ـــ үмітсіздік, көну керек. біздің дәуірдің басты шарты осы.
ـــ жақсы көрмеимісің?
ـــ менің ең жақсы көретінім «маған бәрібір» мен «бары де өтіп кетеді» ـــ жуан қарын еркек теріс қарап алдындағы сырадан жұта бастады. қыз бұрылып есікке беттеді. темекінің түтіні кезіп, буалдыр түске енген, батыстың тарсылдақ музікәсі құлақ тұндырған майқанадан алысқа кеткісі, тезірек құтылғысы келгендеи тез–тез басып есіктен шыққан. енді қайда барарын білмеи мәңгірді, өлгісі келді. «өлім!», неге?... аспан көз жасын сылбыратып әлі төгіп тұр.
бүркеуге келмеитін шындық іспетті күн нұры маужыратып, кешкі шапаққа оранған барша алап беи – жәй бір қалыпта. сидиған арық жігіттің кеудесіне басын қойған қыз байырғы жасанды көлшік шетінде отыр. көлден шыққан шірік иісті де елер емес. байырғы боз тұман, сылбыраған ақ жәуінмен көз жасы бәрі ғайып. бәр–бәрін сілкіп тастап шыға келген бұл дүниенің осылай бір толқитыны бар, жігіттің емірене сүйгені барлық жүйкесін балбырата талқсытып қ зды ессіз қалыпқа түсірген. еркелеи назданды.
ـــ сүйемісің?
ـــ сүймесем өстіп отырамын ба? ـــ жігіт күбірге жақын тіл қатты.
ـــ ерлердің жаттанды сөзі.
ـــ әйелдердің дағдылы сұрауы. ـــ жігітте кем түскені жоқ.
ـــ шыныңды айтшы?
ـــ ненің шыны? ـــ жігіт түкте түсінбеген қалыпта бежіреиді. «өлез» деді қыз ішінен. сыңғырлаған күлкі мен еркелеген наз жоқ. өткен күндердің өзін қалай соқтырғанын, мазақтың дәу–дәу толқындарына қарсы өмір теңізінде қалай жүзгенін ұмыта қалған, жылқы мінез адам–ай деген. жігіттің жәйбір отырғаны басына қан шапшытып қызды өзелендіре түсті.
ـــ сүйгенің бар шығар?
ـــ менің. ... ...
ـــ түсінкті ,көзімнен аулақ... ـــ жігіт үнсіз тұрып қайтуға беттеді. бір-екі аттап барып сәл тұрды, сосын сөмкесін ақтарып, отша алаулаған қызыл жаулықты алып шығып қыздың жанына қойды да ұнсыз ұзап бара жатты. ұзап баражатқан жігіттң артынан қыз күбірледі «мен жынданатын шығармын, мүмкін махаббат жындандыратын шығар?...»
жасанды көлдің быр жақ басында топтанып қамыс өскен. сол арадан су бетіне мап-майда із қалдырып шабақ секіреді. батар күннің арайына шомылып көл беті қып-қызыл шапан жамылған. жігіт бар сұлулыққа елітпеи, жағын таянып сұлық отыр, қыз отырған жағалауға қарағысы келген, деседе жазықсыз жәбір көргенін ойлап қатайып алды. қыз жігіт отырған жағалауға қарап басына жымысқы ой келді «жібермеу керек еркіне!». қарсы жағалауда отырған жігітті де «басындырмау керек!» деген азғырынды ой иектеді.
ызыңдаған бір дыбыс құлағының түбінен мазасын алады. күбірлеген, сыбырлаған адам ба, басқама, екі арасын айыра алмай аңырған. енді-енді барша дүние айқын көріне бастады. қара арғымақ мініп, ақ атан жетелеген жартас пішіндідәу шалынды көзіне. маңайындағы бар адам жапырлай шіп-жеп, шуласып жатыр. бұның үстіндегі көк көйлегін әлде кім келіп шешіп алды да, аппақ матаға орай бастады, аппақ кіиімді адамдар тіс жарып тіл қатпаған. «бұл ненің тойы?» деп жан ұшыра айғай салған болатын, ешкім елеп –ескермеді. жұрттың арасында өзі шамалас қыздарда бар екен. әппәқ көйлектері желбірлеп, жүдеу пішіндеріне жарасым бермеи тұр. «сенің тойың » деген дауыс құлағының түбінен саңық етті. өзін қоршаған қалың жұрт таласа-тармаса әлде нелерді ішіп-жеп, жақтарын тынымсыз қозғауда. бұл «оларды» ойлады. бұрын неге ойламай жүргеніне таң қалып, әлдекімдердің арасынан оларды іздеи бастады. аққа оранған жүдеу жұзды адамдар ақ атанға көтеріп мінгізді де сонау қыиырға аттандырып салды. жер бетінің жарымы ақ, жарымы қара. қара арғымақ мінген жартас пішінді жігіт біткен аппақ дүниені жетелегендеи ақ атанды жетелеп, құлағының түбінен ысқырынған жел есәләңғә айналдырып зар еңіреген бұны алып, қараңқы бір ғаламға тартып кетті. қара жер төсін қайықша тілген қара арғымаққа ілесіп, ақ атан жыланша сырғиды. есі кіресілі-шығасылы, көзәлдінән жеңіл ғана бұлғанғандай болған қызыл жаулыққа ұмсына беріп ақ атаннан құлап қала жаздап барып есін жиды. қараңғылық құшағынан үміт отындай қызыл жаулық тағы да желбіреді. бұл жолы қызыл жаулыққа барын салып ұмтылған еді, ақ атаннан құлап түсті. қызыл жаулық қолында жатыр... ...
таң алдындағы бозалаң жарықта қыздың ашық қалған етті омырауын қызықтап жатқан жігіттң көзіне қыз жұмарлап ұстаған қызыл жаулық түсті. ақырын алып қыздың торсыиған жұп-жұмыр омырауына жапты. қызыл жаулық тұн түнегін обырлана жұтып шығып келе жатқан күндеи «сүреңсіз» көрініп, ашу кернеген жігіт қайдан келгенін ойламаған. жартас пшынды жігіт құшағында арық жігітпен бірге болғанда татпаған ләззәт құшып, құмарлық азабынан айығып шырт ұйқыда жатқан қыз кенет ұшып тұрып айғайды салды «қызыл жаулық кәне?». сосын далаға шығып безіп берді. қыз қашып, жігіт қуып келеді. жігіт жете бере қыз қолындағы жаулықты лақтырып қалды. қызыл жаулық қалықтап бұлттардан асты да ғайып болды. қыз бетін басып мықшыиып отыр. қара арғымақ пен қара тұнды жастанған жартас пішінді жігіт қолынан құтылған қызыл жаулық аппақ әлемде әлі қалықтап жүр деп аңыздасады біреулер... бәлкім... ...
2007–жыл25-маусым үрімжі



ата қаз қәсіреті

бүгін сені тағы есіме алдым. бүкіл жан-дүниемді күйзелтіп, ақырын-ақырын үңгіп тауысатын қәсіретті сағыныштарымды көтеріп тұрып есіме алдым. есеңгіреген рухым ояума? білмеимін... адамзаттың саңлағы гөмердің құсасы мен наласы да бұдан өтпеитін шығар-ау! тұман бүркеген санам әлде қашан соқыр болып қалған, гөмерден гөрі бақытсызбын ғой. шын айтам, біздер көкірегімізді мысық тілеу торлаған соқырлармыз ғой. к к көйлек киіп, шешең әдемілеп өріп берген бүріміңмен ойнап, ана қастың тентек иірімдеріне телміріп тұрған беинең көз алдымнан кетпеиді. қандай сұлусың, өзені күшті өлкенің қыздары сұлу болады деуші еді әкем, сұлусың қас қызы!
ـــ әне, бауыры төңкеріліп ақ шабақ секірді, ـــ дегенсің.
ـــ жо, қастың ақ шабағы су бетіне секірмеиді, ـــ деп тойтарғанмын. соншама әдемі көздеріңнен реніш пен жалыныш аралас, бір ұмыттың нұрын ойнатып тұрып,
ـــ рас, мен көрдім, ـــ деп едің.
ـــ мен неге көрмеимін, ـــ деп бөйбермегенмін сонда. өзімнің соқырдың соқыры екенімді, сенің сол арманды аппақ рясыз тілегіңді неге ғана көрмедім, құдай-ау, неге ғана түйсінбедім? екеуміздің арамызға сол сәттен басталған соқыр тұманның қылауы түсе бастағанын сезінер қуат болмаған екен-ау!
аспаннан қаздың сызылта салған әні естілген. осында мекендеп жүрген табиғат еркелерінің ең соңғы сәтте бауыр басқан өлкесін қялмай жүрген сағыныштары шығар алқара көкті тербеген, болмаса құс түнде қайтпаушыма еді біздің өлкеден тәйір. сарғайып ұшқан теректердің жапырағы әткөпір болып бопырап жатыр. сумаң қаққан суық жел онсызда селдіреп, тірлігін жалғайтын панасын таба алмай тұрған беишөрәләрді қара жерге жерлеп сумаң қағады. әр жапырақ үзілген сайын өз-өзіңнен құрысып, соншама жабырқап мұңаюшы еді сенің жаның. есіңдеме, сол күні ана қастың тентек толқындарына ұзақ телмірдің. екі тамшы етегіңе қарай сырғып бара жатты. мүмкін ана қасқа осылайша мұң шағу сенің ғана қолыңнан келер, ана алдындағы еркелік қыздарға ғана жараспайма. бірәқ...сендегі сол көгілдір мұңды кезінде неге түсінбедім екен деші, қәсіретті тұс кеулеген сағыныштарымды көтеріп тұрып, саған тек қана кешір деи аламын... кешір!...
құлаң шәші судырап бір қыз көше бойлап кетіп барады. жауырыннан құлап келіп аш белге төгілген сұмбыл шәш қыз жүрегінің ритімімен тербеліп, толқып келіп топ-толық жамбасқа ұмтылып, ойнап тоқтайды. құдай-ау, мынау сенің алғаш рет уыз ұйқыңнан оянып, сосын селіт етіп бой жинап, өз көркіңді өзің қызықтай бастаған шақтарың ғой. сұлулық періштесі әдеиілеп отырып мүсіндеп, қызғаныштың уын ішіп, көр көкіректің азғана ғұмырдың санаулы минуттарында сәнәсіздіқпен қәсіретін жасыратын пенде құрғырлардың ортасына жіберген сенсің. мұң мұжыған жанарымнан қос тамшы үзіліп тұсты. ызғарлы жел қойны-қонышымды тінтіп сумаң қаққан сайын, қалтырап тұрған беинем саған деген сағыныштарым мен қәсірет жүктеген өкінішті сәттерімнің опығын азда болса бәсеиткендеи болатын. тық-тық басып беинең ұзап барады. кеңсірігім ашып, ашты да кермек бір мұң кеудемді езіп, көкірегіме түсініксіз шемендер кептелгенін сезінбеисің-ау, қол жетпеске ұшқан періштем менің! көшенің бойында ата қаздай жалғызсырап мен тұрмын. әлгі ата қаз есіңдеме? екеуіміз ана қастың бойында жүргенбіз ондада. қыраттардың көлеңкесі ұзарып, кеш кіре бастаған шақ еді, әлде қайдан сұңқылдап келіп жалғыз қаз қонды айдынның бізге таяу жағалауына. біз пайымдап қарағанша сұңқылдап қайта көтерілді. соншама шыр-пыр болатындай не жетті екен момын құстың басына?! қандай бір қарғыс атқыр зауал төндірді екен зауал шақта сұңқылдатып шерліні?! не ойлағаныңды білмедім, әйтеуір жылай салуға беиім тұратын тұнжыр жанарыңнан тағы да екі тамшы үзіліп барады. жүдеп, рухсызданып қалыпсың. тоғай жақтан иығында мылтығы бар біреу шығып келеді. әлгі адам бізді көріп қайтадан тоғайға кіріп кетті, қолында ұстаған қазы бар. «менің әкем...» деп қыстығып қалдың, дауысың сондай күйінішті шықты. кеудеме басыңды сүйеп, тығыла өксік атып ұзақ жыладың-ау. жауырының бүлкілдеп ұзақ өксідің, мен тұрмын не істерімді біле алмай дағдарып. сол кезде өзімнің де ата қаздай қәсірет құшағында жалғыз қаларымды, қәтігез тағдырдың бізді де мәңгілік айырып жіберерін ойламаған екенмін. тым болмаса «кісі қамын көп жеп, уайымын уайымдағыш адамға сол бақытсыздық жуық болады» деп әлде бір күш құлағыма сыбырлаған жәдігерлікті де есіме алмаппын мен беибәқ!
көшеден ілбіп үйге қайтып барамын. жан-дүниемді ата қаздың сай-сүйекті сырқырататын зарлы әуені торлап алған. беюәқтәғі сұңқылы жаралы жанымды ақырын-ақырын үгітіп, таусылып кететін едім. ұһ... дәриғә дәурен! тірліктің кемесінде алды-алдымызға кетсекте ана қас әлі орнында. сені іздеп баяғы жағалауға сан мәрте бардым. есіңдеме, жаралы құстың сұңқылы? қәсіретті сағыныштарға көміп кеткен сол құс үні жаныңа екеуіміздің тағдырымызды сездірген екен-ау. ата қаздың сыңарын іздеп жұрып құсадан өлген жерін көрдім. адамнан гөрі адал жаратылған таб Иғат ақыры тәкәпәр қәсіретін жастанып жатып өліп тыныпты. мүмкін екеуі біз білмеитін басқа бір әлемде бірге үшіп жүрген болар, ал, біз жер бетінің екі қиырында, соқыр тұман басқан тірлікте адасып жұрмыз. сиқыр дүниедегі адам қялы жетпес жәдігерлік бізді өз аранына жұтып, тұпсыз құлқынның құлы болып кете бардық. сағыныштарыма оранып ата қазша сені аңсап жұрмын.
далада сыбыр-сыбыр, сытыр-сытыр етіп ақ жаңбыр себезгілеуде. түнерген аспан жарықтықта көз жасын төгіп іштеи егіліп тұр. көз алдыма тағы сен келесің. пішендікте әйірмен шөмеле салып жүрген беинең. шәштәріңнән сорғалаған су киімдеріңді шылқылдатып жіберіпті. көйлегіңнен бар болмыс-бытымың менмүндәләйді. арнайы бір қүдірет тізіп жасаған құлын мүшеңе сұқтана қарап, ұзақ телмірген едім сонда. аялық алақаның аймалап, сүйрік саусақтарың сылап тұрған айырдың сабы болсамшы деп армандағанмын. пішеннің шіруінен алаңдап, әкеңе көмектескелі шыққан кезің еді сол жалғыз сәт! дәл қазыр сол елестерге малтып ақ жаңбыр астында тұрмын, қайдасың?!
екеуімізді адастырып кеткен кез соғыстың жарақаты, солшылдықтың алапаты емес еді. біз құдай басқа салмағыр ол күнді көрмедік. тәңірім көрсетпесінде. бізді адастырған құдай атқыр құлқыны мен сұмдығы қатар жүретін нарықтық заман ғой. шағың атылғыр көлік мініп кісімсіген түлкінің құйрығына жабысып кете барарыңды кім білген. қыз жібектің төлегенді неге жақсы көргенін түсінгенмін сонда, бекежәнді қарғағанымызға өкінетін болармыз түбінде. әкем қосылмады деп елеусіз айта салған едің кеиін.
арада талай жыл аунады мимырттап жұрып. ақыры кезігіп қалдық. бұрынғы бұратылған нәзік қалпың жоқ, жылай салуға беиім тұратын жанарыңда өзгеріпті маңғаз қалыпқа. талдырмаш бойың іріленіп, бардамдықты, байлықты менмүндәләтқән үстіңдегі құрым палтоның құндыз жағасынан жуан тұғыр мойын тұсың алтын алқадан менмүндәләйді тәмәм ауылдың әйелдерінің өзегін өртеп. дүние боқ деші қол жетпегенсөң тіл жетіп боқтап тастай беретін. сен келген тойға қізмет өтесіп мен жүргенмін. саған қараған сайын адамдық түйсігім мен алпарысып, бір күйкі қызғаныш мысық табандап келіп жүрегімді тырналайды. өзімнен-өзім төменшіктеп жасып қалғанмын. тағы бір қарағанымда көз қиығын тастап тұр екенсің, тез тайдырып әкеттің. о, жалған-ай деген. сондағы тұнжыр жанарың әлі ұмытылмай жадымда бір жылы сезім бағыштап тұрады. сол кезде менен не іздедің екен? сол күні тым ерте тайып тұрдым. баяғы біз шәнәмен зымырайтын қыратқа барып, аппақ қар жамылған меңіреу далаға мұңымды шақтым-ау келіп. бір топ бала шәнәмен зымырап барады, біздің балалығымыздың зымырап бара жатқан рясыз кескінін мен көрдім, тағы да сен жоқсың. әлде неге ашуландым-ау келіп, әлде кімге өкпеледім-ау келіп, бірәқ кім бар деисің жұбатар, өздерін ғана жұбатуға қалдары зорға келетін пенде шіркін кімді жұбата алушы еді?!
ата қаз айнала сұңқылдап үшіп жұр...
жалғыздықтан қатты жабырқадым, тозған жүйкем қалпын табар емес. жүрегімді ата қаздың беишөрә сұңқылы жаулап алған. не керек, сен естісеңде естімеитін сұңқыл. сен аттанғанда алып кеткен қара жолдың бойында елден бөлек мен қалып едім сұңқиып. артыңа жалғыз рет болсада бұрылып қарамадың-ау, бәлкім, енді қайтып көргіңде, келгіңде келмеген шығар, болмаса апаларың қайтып келген қыз жаман деп, мойын бұрсаң қайтып келесің деген шығарда, мүмкін, жылап бара жатқан боларсың?! бойымда кек қана қалған еді сол жалқы сәттің жарасынан. міне содан бері де оншақты жыл өтіпті арадан ешбір сыр бермеи. білесіңбе, қазыр бәрі өзгерген, өзгермеген тек елес қана. баяғы ақшаңдақ жол да өзгерген асфалит жолға, сенде өзгеріпсің байсалды бір бардам тұрмыстың ханымына.
бүгін тағы ана қастың жағасындамын. қайда қашсамда құтыла алмайтын елесің көлденеңдеиді көз алдыма. «таңырым, маған беимәзәліқтән айығатын тыныштық силағайсың!» деп айғайды салдым. бұл менің жаралы жүрегімнің шын үні еді. енді мені елесіңмен алдама, әлгі бір көлік мініп көпессінген түлкінің құйырығына жабысып кете бергенде, қалтаға бола үміт қалдырған мен беибәқті қәйтесің енді тағы мазалап. онсызда жүйкеңді жұқартып, дымыңды өшіретін жалған дүниеге аз алданып жүр деисіңбе мені. кет енді, намысымды, өзімді тауып алғым бар. беишөрә ата қаздың сұңқылы тағы естілді. беибәқ-ай! сенде мені азаптайын дедіңбе? онсызда бетпәқ дүниенің тарттырғаны аз деисіңбе, менде сендеи адам қолы жасаған қянаттарға арандалып жүрген жоқпынба?! беишәрә ата қаз-ау, мен сендеи ұлы махабаты жоқ пендемін. қинама мені! мені сен түсіне бермеитін, тұсы Нгің келмеитін басқа бір әлемге ата қаз қәсіреті алып үшіп барады. енді алдама елесіңмен, өзім болып қалғым бар, өзіме, жаратылыс силаған қәсиетіме қайтқым келеді...қөш ата қаз қәсіреті!
бүгін тағы сағындым!

2009-жыл 23-қараша. үрімжі


көк иірім

күндіз жылы көрінгенімен кешке айналып шаңытып, суытқан күннің зәрі мал әяғімен шаңы шыққан тулақ даланы тоңдырып, бұрып тұр. тыраулап әлде қайда ұшқан тырналардың тізбегіне көз тастап, кешкі сәмәлмен аймаласып, күбір-күбір, сыбыр-сыбыр үн шығарып қурайлар мен боз көденің тұғыры ызыңдайды. бетпәқ даланың төсінде кер бестінің жәйлі жүрісіне тербеліп, белгісіз бір үмітке ұмсынған қара торы, ақ самайлы ана келеді. көз жанары қиырға ұмсынып, бір қуаныш құшағына құлардай меиірлі жүзінен болымсыз, бірәқ, сондай жағымды жымиыстың белгісі менмүндәләйді. ауыздық сұзып жұлқынып келе жатқан жүрдек ат қаншама жол ауытайын деседе, балық жон арқасын төсеп, бірінен кеиін бірі жарыса сұлаған қырқалар қалар емес. ұзақ жол азабы әбден қажытқан беишөрә жан хял құшағына кетті...
ех, дүние жалған! ол күндерде қаншама қуанып, қаншама жұбанды екен?! қазыр бәрі көрген түстеи буалдыр елеске айналып, өтіп барады. той жасап алты жылды бір шикі өкпеге зар болып өткізген еді. әлгі бір абысыны айтқан «мысықтың марғауын бағып ал!» деген сөз өлтіріп кетіп еді, ағыл-тегіл жылаған еді-ау таусылып. қаншама жыл шыр еткен нәресте дауысын аңсамады деисіз. тәңірі бермегенге не шара, сол кездері бақайды алды асырап. бар меиірін сарқып, шығарда жаны соның үстінде шыжақ болды-ау кеюәнәнің. сүйтіп жүргенде жеті жыл зарықтырып, жетінші жылы үлкен қызы дүние есігін ашты. «тылы мылқау, көзі соқыр болсада бір шыр еткен берегөр» деген тілегін жаратушы қабыл алдыма, әлде қырын тартқан тағдырдың қырсығы ма, әйтеуір алғаш тілі шыққанда былдырлаған беті жарым есі жоқ күйінде қалды. ол күндергеде аттай желіп, арадан жиырма неше жыл өтіпті. жирма жыл бойына сүйрелеп шипәгердің алдын сүзіп шықты. сол беишәрәғә бүгінгі ғылым дегеннің әсері де болмады. «тым болмаса өз күнін өзі көре алатын хәлге жетсе, армансыз өтер едім!» деген ананың тілегі мен әке арманын алласы бермеді. оның соңынан екінші қызы дүние есігін ашқан. қазыр жоғары мектепте оқып жұр. сол қарғашы өзіне үлкен сүйеу. бязы мінезі мен бір мойындығы әкесіне аумай тартқан. әкесінің алдында еркелегенімен әлде біреулерше барын киіп, бақанын қолына алып, ұшып-қонып жүргені жоқ. міне ол қызы да жиырманың екеуіне келіпті. «жиырма екі жас!» құрғыр ана жүрегі шым ете қалды. қолынан әлде кім жұлып әкетердеи сезілген. әлі күнге сәби сезілетін, уақыт құрғыр біліндірмеи жұрып есеитіп әкеткен екен.
сорлы ана бағып алған бақайын он жыл оқытты. екі жыл қайталап емтихән берседе жоғары мектепке өтпеи үйде жүргесін, ержеткен баланы үйлемегені несі деп білікси, білгірси қалатын ағайын өсегі гулемесін деп, тісін-тісіне басып жұрып үйлеп, оң жағын қызартқан еді. содан жарты жыл өтпеи жатып, өз әкесін тапты да әлдекімдердің, әлдекімдер емес көре алмаған қызыл көз ара ағайынның бұралқы өсегіне ілесіп, «ер жігіт ел есігінде жүрмеиді» деген кемеңгерлерге ілесіп кете барған. келінінің қызыл шымылдығы оң жағындағы отаудан сырылып түскенде, бүкіл қолқа жүрегі суырылып кеткендеи күй кешкен. отауының төрін қаңыратып тастап кете барған сол беибәқті жетелеп жұрып бағып, ақ сұтын бермеседе бар меиірімін сарқып, қылығын қызық көріп жұбанып, артынан төрт құрсақ көтеріп, сол төртеуінен артық аяламаса кем көрмеген еді. бұлдыраған сары белден көш асып, көзден ғайып болғанда ғана қайта оралмасын біліп, ессіз еңіреген еді етегі көл болып. күйеуі де жер таянып зорға тұрып, меңіреиіп қалған еді-ау. күйретіп кеткен сол беибәқтің дерті мен үлкен қызының күйігі алқымына тығылып жүргенде, құрғыр тағдырдың қырсығы тағы бір қырына алып, адамның басы алланың добын қақпақыл қылып, мазақтап әкеткен.
күздің соңы болғанын аңғартқандай қара дауыл үздіксіз екі күн аңырап барып ашылды. ана қастың суы да азайып, сарылы бәсеиген. қыс қабағын танытқан сұрланған аспанның жарқырай қалуынан сыр аңдап: «биылғы күн райы жақсы емес, осыдан бұрынғы пәленбәй жылдың әні бар. қастың гүрілі де әлсіз, қыс қымтап тастайтындай» деген ақсақалдар аңысы, тынымсыз тірлік үшін көшіп-қонып жүретін малшыларды күзеуден сырғыта бастады. мұғалым күйеуі қырға шығып, бес садырасын қосқан ара ағайынын көшірісуге кеткен. аймақ орталығынан оқитын үлкен ұлы қазанның демәлісінә тарап келе қалды. жан сарығын қандырып, зарығып жұр Ып көрген ұлына жалын деп ат қойған. сол жалыны міне он сегізге келіп, ат жалын тартып мінген азамат болды. қуанышы мен жұбанышы қатар жүретін тірліктің керәғәрліғі таусылғанба? үйде қалған бес-алты қойды базарға апарып сатқалы машинаға басып әкеткен ұлын ұзатып салғансоң, құдайға шүкіршілігін айтып үйге кірген. жүрегі құрғыр тартып беи-жәй бола бергесін, далаға қайта шыққан еді, күйеуі келіпті. күйеуінің оны-мұнысын алысып жатқанда көше жақтан ентігіп жеткен көршісінің ұлы, «жалын ағам... машина аударылып...» деп басы бар, аяғы жоқ бірдемелерін айтты да жүгіре жөнелді. содан соңғысы есінде жоқ. екі тізесі бүгіліп жығыла берген. есіне келгенде есік алды қара нор адам. бет ауызы қан ұлы төрдің алдында жатыр. басқалар су бүркіп, есін жиғызып жүр. ұлының тірі екенін білгенде еңіреп келіп бас салды. баласы есін жиып басын көтермек болып еді, көтере алмады. сыбырға жақын үнмен«шеше, жыламаңызшы, мен саумын» деген ұлының сөзін естігенде барып сергіп есіне келген кеюәнә. дереу құлжадағы үлкен шипаханаға жөнелтілген ұлының шұғыл құтқаруда беті бері қараған.
аурухана ауласында бір қолы быт-шыт болып кеткен ұлының жанында кеюәнә меңіреу күйде теңселіп әзерге отыр. сүйектері ұндалып сыртына шығып кеткен ұлының қолын шипәгерлер кесеміз деп әуреге салғалы екі күн болған. қарайып тотыққан жүзі қабарып, қәйтерін білмеи аққалаттының бәріне жапақтаған беишәрәні ешкім елемеген беттері өтіп жатыр. аурухананың ауласы мұңлы да сүркеи, қажыған, қиналған, ауру азабына шыдамай жаратушысын қарғаған әлжуәз пенделер. кім кімге қарасар деисің. жақындап барсаң мұң шағуға беиім отырған жандар. әйтеуір қарсы үйдегі жиырма бестердегі қазақ жігіттің ақ көңілділігі ме, әлде туада біткен ұлыттық сезімі ерік бермеді ме, әлде кеюәнәнің аналық атын силайма, сол мың болғыр ғана жүгіріп келіп, көмектесіп жүр. артынан іздеп келер іні жездесімен ұрсысып тоң теріс кеткен. ағасы жазғанда қайырылатындай хал жоқ. ех, беибәқ! сол сәтте ғана бар болса көре алмас, жоқ болса бере алмас ағайынды білген еді-ау! ойбай меңгеруші деп есігін тоздырар көп мұғалымда жоқ. жаутаң қағып, әлде бір құтқарушы келердеи, есік көзіне қарап телмеңдегелі де жылжып ай аунап барады. ұйқысыз ыңыранып қиналған ұлының жолында көрер таңды көзімен атырып келеді.
кестіріп тастауға ұлының қолын қимай сіресіп жұрып ақыры үйіне алып қайтты. ағарып жүдеген, самайына қылауланып ақ кіріп, зорға жетті. ұмытшақ болып бара жатқандай. үйдің бір бұрышында аспа укөлдің тамшылағанына қарап, қадалып ұлы жатады. күйеуі беишәрәдә қажып біткен, ішіндегі дертін жетімдікпен біткен қаталдығы мен арт-артынан ораған ашты темекісіне сүйеп ұзақ-ұзақ ұнсыз отыратын. ақыл-есі кем болсада осы бір көңілсіздікті сезгендеи үлкен қызы да жапақтап отыратынды шығарған. орталау оқып жүрген ұлы ғана барлығын бір сәт күлдіріп, қызық шығарып, өзінің кенже екенін әйгілеп алады. отбасының кірбең ауасын сеиілтіп, барлығының өңіне күлкінің лебін жүгіртетін соның қиқарлығы мен киеңкі қыршаңқылығы ғана.
күнделікті күйбең мен қял меңдеткен ана жалынын тағы бір рет шипәгерге көрсетуге құлжаға алып жұрды. шипахананың дәрі иісі торлаған ауласына кіргенде ұлының ағарып, әлде неге қысылп, мезі болғанын көрді, көрді де қарауға дәті жетпеи теріс айналды. амалы не, шарасыздықтан келіп отыр. сау болса несі бар еді бұнда, ел сықылды қалыпты тірлігімен айналысып жүре бермеспе еді. дягнөз шыққанда тағы бір сарсаңға тұсып, сабыларын ойламаған еді кеюәнә. «қан азайып, ақ қан түйіршігі қызыл қан түйіршігінен көбеиіп кетіпті, қан салмаса болмайды.» деген шипәгердің қатқыл дауысы селік еткізді. құлқыны толмаса бетіңе қарамайтын қаланың қашанғы әдеті. қан іскләтіндәғіләрдә қан жоқ деп бетбәқтірәр емес. әбден шыдамы таусылған кеюәнә өзінің қанын тексертті. ұлының қарсылығына қарамай үш жүз грәм жүрек қанын арнады. жүзіне нұр жүгірген жалынын көргенде, өз денсәуліғі жар бермеседе бір мезгіл жадырап жүрген.
батысқа еңкеиген күн аз жүрсем жоқпын дегендеи ұзарып кеткен қыраттардың көлеңкелерінің басынан асыра алқызыл шұғыласын төгеді. күн бойы күшенген сары ала автобоз баяулап келіп, шәкене ғана қыстақтың шетіне тоқтай қалды да екі адамды тұсырып тастап, әдетінше күшеніп кете барды. ұлын ерткен кеюәнә қызыл кірпіштен еңселі салынған үйге қарай аяңдады. есік ашқан алпыстардағы ақсақал үйге бастаған. талай оташының есігінде телмеңдеп, араша тілеген ананың көңілі мүсәпірліктің дертін әбден тартқан жәутәңкөз бір күйде. күйеуі екеуі бірдеи шапқылап соншама жерді араласада кергіген, кісіліктенген бір топтан басқа жалынының жанына араша тұсып, азаптан айықтырар ешкімді таба алмаған. бүгін де ұмыт жетелеп жеткендер күліп келіп, күңіреніп қайтармызба деп қысылып отырған. құдай сәтін салып, қарт пеиілін берген. «табылса борсықтың мәйімен сынған сүйекті жібітіп әкел!» деп қайтарды. арадан екі жеті өткенде жалынын қайта алып барған. төрт жігітті ертіп келген кәря киімін шешіп жеңілденіп алды да жігіттерге жалынның қол-аяғын бастырып қойып, жемтікке түскен аюша қорбаңдап келіп сынған қолды ұстады. аузына орамал тістеп жатқан ұлы кәряғә қарап қадалып қалыпты. кенет шарт еткен оқыс үн селік еткізген, бұл қарағанда қисық қолдың дүзеліп қалғанын көрді...
табаны күректеи бір жыл сары төсек болып азап тартқан ұлы ақыры сауығып мектебіне кетті. азапты күндердің қара тұманы бір сәтке айыққан. ойы осы араға келгенде ана соза күрсінді. жаратушысынан төрт баласының амандығын тіледі. тағдырдың тәуқіметі бір сәтке ұмыт бола бастасада, тірліктің адам ақылы бойлап болмас көк иірімі тағы қай бұрышына тартарын кім білсін. аналар жолы ашық бөләбергеи!
кер бестінің жәйлі жүрісіне тербеліп, ана әлі жұрып келеді... ох, менің анам!
2000-жылы шілде құлжа

қырманда
«басында қәмәжәйдің бір тал үкі,
айрылып қәмәжәйдән болдым күлкі.
айрылып қәмәжәйдән жүргенімде,
келеді қай жерімнен ойын күлкі.» ерлік әндетіп келеді. үш ұйықтасаң қялыңа келмеитін жағдай, ерлік ән салады деп ойлаудың өзі қызық. қабағы қарыс тұйылып, ешкімге жарытып сөз сөйлемеитін ұзын бойы сорайған ерліктің ән айтатынына сыртынан білер ауылдың адамдарын сендіре алмайсың. мың жерден дәлел қойсаңда сенбек түгілі өзіңді өтірікші санатына қосып мұрттарының астынан күлісетіні мұнда. міне сол ерлік ыңылдап ән салып келеді. жәй бір кез емес, қара шегірткелердің шырылы мен байғұздың әлде қайдан сұңқылдаған үнінен басқа әуендер өшкен қара барқын тұнның тынышын әдеиі бұзғысы келгендеи ыңырсып келеді. бұл екеуіміздің қырман қорығалы күзетке шыққан тұнымыз еді. өзімен өзі ыңырсып әндетіп жүрген ерекең қырман басына келгенде мені жаңа көргендеи қысылып қалды. ұп-үлкен жігіттің қолын ысқылап кібіртіктегені ерсі сезіліп күлкі қысады. күлеиін десем, иен қырманда соқталдай жігітпен қалжыңдасудың мұрынды сорлатарын біліп, өзімді тежеп алдым.
ـــ сені ұмытып кеткенге аз қалыппын... ... ـــ деп сөзінің соңын жұтты.
ـــ әнді жақсы айтады екенсіз аға, ـــ дедім.
ــ қайдағы жақсы, өзің мазақтап тұрғаннан саумысың? ـــ деп жақындап келіп отырды. сабаннан көп қылып астымызға төсеп алдықта қисая кеттік. алыстан байғұздың сұңқылына үн қосып, ауыл иттерінің әупілдегені естіледі. толған ай дөңгеленіп төбеде жүзіп жұр, алқара көктің төсінде мың сан самдар жамырап тұрған сұлу тұн. қял шіркін құндақтай бастаған сәтте ол маған қарай аунап тұсты,
ـــ жұлдыз жиы айлы тұн қандай рахат. ـــ деп қояды.
ـــ күн ашық болады.
ـــ сөзің мығым екен, нешедесің?
ـــ он бестен асып барам.
ـــ келер жылы он алтыға шығасың, ـــ деп басын көтерді. бетіне бағжиып қарап қалыппын. бірінші кләстің баласы шеше білетін дүние. неменеге езбелеп, пысықтағанына қайранмын.
ـــ иә, келер жылы алла бұйрса он алтыға шығам. ـــ дедім сөзімнің соңын нықтаңқырап. қалтасынан бопыраш алып орады. өзінің сұрауына жауап бергенімді тіптен елер емес. «шырт» ете қалатын ешкінің майындай тез әдетім. қыңырайып теріс аунап тұстым. арада бірәз уақыт өткен. шешем жаурайсың деп ұнамай көтерткен тонның жағасына тұмсығымды тығып шұр ете түспекке қам жасағам, ақырын тұртты.
ـــ басыңды көтер, азырақ кеңеселік. ـــ дауысы сондай бәсең. тұрмайын деп қыңырайдым да «нем кетті» деп басымды көтердім. ай жарығында бозалаң тартып көрінген даланың әлде қайда бір бұрышына тесіліп қалыпты. сол отырған беті сөзге кіріскен.
ـــ он жылдықты бітіргем. тіпті маңдай алды бітіргем. не керек, өрлеп оқи алмадым. ـــ дауысы сондай аянышты.
ـــ неге оқи алмадыңыз?
ـــ аға ауру, жалғыз азамат өзім болғасын, әттең дегеннен ары аса әлмәдім.не керек... ـــ деп жерге қарап кетті. бәлкім жанарына қонақтаған әттеген-айдың шығын сездіргісі келмеген болар, болмаса басқа бір себебі бар шығар, екі арасын айырар хал менде жоқ. әлде қайдан келген бір сезімдер осының алдында ғана қыржиып жатқан қырыстығымды күстәнәләп болсада жібіткендеи. бұдан ары не дерсің. ол не уақытта басын көтерді.
ـــ бәрін қойшы, өзің қыз қырындап көрдіңбе? ـــ деп қояды.
ـــ тым ерте емеспе ағасы , ـــ деп шыр ете қалдым.
ـــ қа...ида...ғы ерте. ـــ деп созақтатты. «есі ауысып қалмаса не қылсын, кішкене бәләмен қайдағыны айтысып» деп ойлап отырмын. жақын арадан байғұз шақырған.
ـــ байғұз туралы аңызды білесің бе, мен айтып береиін. ертеде көшкен елдің жұртында екі бала адасып қалыпты. адам жоқ иен далада бауырының қолынан жетелеген қыз көшкен елдің ізімен ілбіп жұрып отырады. алуан тұрлы аң өріп жүретін ұланқайыр өлкеден қорқыныш құшағында келе жатқан беишөрәләрдің құрсақтары ашып, талай күнді даладан теріп алған жеміс-жидек, шөп-шалаңның ұрығын жеп өткізеді. барған сайын әлдері құрып, арып-ашқан інісі жүре алмай қалыпты. бір далда тауып бауырын дем алдырған қаршадай қыз жеміс теріп әкеліп өзек жалғауға тоғайға кетеді. жеміс теріп кештетіп оралған қаршадай қыз қанша іздеседе орнынан кетіп қалған жалғыз бауырын таба алмай дедек қағады. сай-сүйекті сырқыратар сәбидің бауырын шақырған зарлы дауысы түнеріп батқан тұн бойы бір тынбайды. қаншама іздегенімен, меңіреиген мылқау қараңғылық мазақтағандай, меңіреу қалпы хабар бермеи кеңкиіп жата береді. сәби болсада жалғыз бауырын іздеп шырқыраған мына хәліне қабырғасы қайысқан жаратушы сол шерлі сәбиді осынау жұдырықтай құсқа айналдырыпты. міне содан бері осы ұлан өлкенің бойында шерлі қыз жалғыз бауырын іздеп түнімен сұңқылдап жүретін болыпты. сол аңыз есіме түскен сайын меніңде байғұзға айналып кеткім келеді бауырым. сол жұдырықтай құсқа айналып, іздеген адамымның төбесінен сұңқылдап маза бермесем деп ойлаймын-ау... ـــ сөзінің соңы күбірге айналып кете барды. бірдеме демесем ауыр тиетіндеи.
ـــ кімді іздеисіз сонда? ـــ деимін абдырап.
ـــ е, бауырым-ай, айтсақ ұзақ әңгіме бұл, ـــ деп тамағын кенеп қойып көсіле тұсты. ـــ менде қызға сөз салғам. кезінде дәриғә деген ақсары қыз болған еді. қазыр ұйлы-баранды. дәриғә екеуміз бірге оқыдық. сабақта шынында үздік едім, деседе қызғаншақпын. басқа балаларға тапсырма дәптерімді де көшіртуден қызғанатынмын. ал дәриғәғә барымды салып сабақ түсіндіремін. бірге отыратын едік. тұлымы желбіреген ақсары қыз мен үшін сол сәби кезімізден тартып тым-тым ыстық сезілетін. ـــ терең күрсініп тоқтады. әлдімен айбаттап отырып бастаған әңгімесінің соңын қара қойыртпақтатып көсіле жөнелгенін жақтыртып отырғаным жоқ. әншеиін мақтаншақтың өзі, тым болмаса кішкене әрлеп жіберсе болатын еді. және бір тал бопыраш орап тамызды. өңешін қаптырып тұрып сорады. ылжырап бара жатқан ғашықтық хикәясін естуге төзімім қалмай барады. қысқа таңның ұйқысын қандырып, мызғап алудың қамындамын.
ـــ ұйқың келдіме? ـــ деді не уақытта.
ـــ... ... үндемеген беті бір аунап тұстым.
ـــ таң атуға әлі қайда, сәл кеңесеиік, ـــ деп өзіне қаратты. ـــ содан дәриғә екеуміз сегіздікті бірге тамамдадық. ол оқи алмайтын болып ауылда қалды. мен толық ортаға ауданға аттандым. ертең жүрем деген күні тәңертең іздеп үйлеріне барғам. дәриғә қымтанып жатыр екен. жанында шешесі отыр. «дариға құлыным, сабақтасың келді, басыңды көтер» деп еді бүлік етпеді. көрпесі бүлкілдеп, қыстығып жылап жатыр. шешесі дағдарып сәл аялдады да көзін сығымдап далаға шығып кетті. жанына тізе бүктім. «кеште бір жолығып кет» деп ары аунап кетті. үйден сүміреиіп шыққам, шешесі шай дайындап отыр екен, бір шыны шайды құрғақ ішіп қоштасып кете бардым. күн батсашы, күннің мұндай сарылған ұзақ екенін кім білген. далаға шыққыштап үйде отыра алмай әурелендімде қалдым. бір орынға шегелеп тастағандай, жарықтық орнынан жылжитын емес. әбден зарықтырып ұясына еңкеиді-ау сабыр шіркін сарқылғанда. асығып-үсігіп үйлеріне беттедім. үйлерінің алдында терең жырашық бар еді. сол жырашықтағы жуан қара ағашты далдаланып келіп үйлеріне қараймын, көрінбеиді. келеді-ау деген сайын көрінбеді, ұйқым келе бастағасын аспандағы самсыған жұлдыздарға қараймын. жұлдыз біткен бір-бірімен сәулет таластырып жымың қағады. жұлдыздарға қарап отырып есіме қайдағы бір қялдар оралады. кішкене кезімде шешемнен әкем туралы сұрасам, жұлдыздарға кетті деуші еді. сол кеште әкемді жұлдыздар арасынан көрініп қалардай көп іздедім. әсіресе сүмбіледен іздеимін. сүмбіледен шыққан әкем, ат арқандап жұрып жоғалтқан темір қазығын іздеп, темір қазыққа баратындай сезіледі. терең де ауыр сағыныштар кеудемді жәншіп, жанарымды жасқа буады. көңілім сазып отырып, дәриғәні сәтке ұмытып кеткен екенмін, арт жәғімнән«ерлік»дегені селт еткізгені.
ـــ нені қялдап отырсың? ـــ деп қасыма отырды. абдырап аузыма сөз түссеші. «ештемені» деи беріппін. сегіз ж Ыл бірге оқып, бір партада отырған дәриғәдән қысылып-ақ қалғаным. арамызда бұрыш-бұрышқа ай сәулесінен бұғып қалған көлеңкелер тұрып қалғандай.
ـــ қашан жүресің? ـــ деп үнсіздікті бұзды.
ـــ ертең... ـــ деп міңгір еттім. қатты аяп тұрмын. дәл қазыр кеңірдегіме бірдеме кептеліп қалғандай, күндізден бері ойлаған ойларымның бірде-бырын айта алсамшы. оқу жәйлі айта бастасам дәриғә жылайтын сяқты. дәриғәнің орнында дәл қазыр сен қал деседе өкінбеитін едім.
ـــ дәриғә, бірге кетеиік. ـــ деп қолынан ұстай алдым. қолын шапшаң тартып алғаны.
ـــ аспаннан бұлғары жаусада, ұлтарақтық тимеитін көрінеді. амал жоқ ـــ деп жерге қарап кетті.
ـــ тағы не айтарың бар, қоштасып қояиын деп келдім, дәриғә.
ـــ сегіз жыл сабақтас өттік қой, саған бір шаруа табыстайын дегенмін, орындап берерсің? ـــ деп жымиған болды. екі сөзге келмеи мақұлдық бергенмін.
ـــ мына хатты ақылға беріп қойшы, ـــ деп сары көнвертті қолыма ұстатқаны. төбемнен бір шелек су құйып жібергендеи қатты түршігіп, қорланып кеттім. бізден сегіз жылдықты бір жыл бұрын бітірген ақылдың барлық махаббатымды тартып әкеткеніне көзім жетті. айтылар сенім сол бір парша хаттың ішінде кете барғанын сездім. өз құлағыма өзім сенбеи тұрмын.
ـــ мен сені. . . ـــ деп сөзімнің соңын айта алмай қыстығып қалғаным.
ـــ қой, ерлік, мен ақылдан басқа адам туралы ойлапта көрген жоқпын ـــ деп, ерте есеиген қу қыз ештеме болмағандай күледі. тәңертең ғана жылап жатқан қыздың енді келіп күліп тұрғаны, ондада жәйбір емес, басқа туралы ойлап көрмеппін деп тұрып шарқылдап күлгені қандай қорлық. қандай кекесін. сол айтылмай қалған, өзім бастап алып айта салуға дәрменім жетпеген «сұю» деген жалғыз ауыз сөзімді де мазақтап кеткені құсаландыратын. қарауытқан тауларға шығып айғай салғым келді. артыма бұрылмастан жүгіре жөнелдім. дәл қазыр қайда барарымды мүлде білмеимін, адамдардың арасынан алысқа, тым-тым алысқа кеткім келген. жүгіріп келем, жүгіріп келем. жүгіре берсем бәрінен құтылатын сяқтымын. қара саным зіл тартып қозғауға келмеи қалғанша жүгірдім. қарауытқан тауларға қарап жатырмын. мені сабырлылық пен ұстамдылыққа жетелеитін, жұзын көрмеген әкемді сағынсамда, әлде бір ауыр ой меңдетседе осы ұлы таулар жұбататын меиірлі тұлға еді. сол таулар асқақ қәлпімен биіктіктің, намыстың, сағыныштың, әлсіздіктің не екенін ұғындырып жатыр... ...
қараңғы даланың әлде қайда бір бұрышына тесіліп сөйлеп отыр. қасындағы менімен мүлдемге есептеспеитін тәрізді. маған оның осы отырысы тыныштығы сяқтанды. қыбыр етіп қалсам оның тыныштық құшағында тербелген сағыныштарын төгіп алатын сяқтанып, белгісіз бір қял құшағына құлап бара жатқандаймын. өкініштің өзі де бір үлкен сағыныш шығар деген жымысқы ой оралды басыма. темекіден және біреуін орап тұтатты.
ـــ сағынбайсызба?
ـــ сағынбаймын бауырым, менің барлық ғұмырым кекке толған. білемісің, сүйспеншілік биіктігі күте білмесең-өшпенділік. барлық дүние әсемдігін сенімсіздіктен жоғалтады. ـــ деп кетті.
ـــ түсінгенім жоқ, жәй айтыңызшы.
ـــ кеиін бәрінде түсінесің, менде көп нәрсені кеиін түсінгем.-деп тұнжырап отыр. баяу соққан самалға тербелген астық сабақтары уілдеп ән салады. сап-салқын самал қойны-қонышты тітіркендіре аймалап, ойнап өтеді.
ـــ ақылға жолықтыңызба? ـــ деимін, тыныштықты бұзғым келіп.
ـــ жолықтым, хатты да бердім. ақылда сақылдап тұрып күлді. баяғы дәриғәнің маған күлгені сяқты. содан қайтып дәриғәғә сөйлемедім. дәриғәдә кеиін басқа біреумен үйленіп кетті. не керек... ... ـــ деп тұнжырап отыр. «енді сөйлемесеші» деген бір аяушылық әлде бір жерімнен бас көтерген. барлық қялым сонау алыстарда қарауытқан таулардан ары асып самғап кеткендеи.
ـــ жұлдыздарға қарашы, ـــ деген оның дауысынан бойымды жиып, аспанға шалқалап тұрып қарадым. самсыған қалың жұлдыз, білетіндерім бірнешеу ғана.
ـــ көрдіңбе, анау жеті қарақшы, үркер, темір қазық, тоқымашы жігіт пен сиыршы жігіт, алты арқар, аққу, арыстан, ақбоз ат... бәрінде бір-бір аңыз бар.
ـــ бәрін білесізбе?
ـــ жо, оларда адам сяқты, аңыздары түгемеиді.
үндемедім. аңыздар қандай әдемі, жұлдыздардың аңызын көптеген адамдар біледі. ал ерліктің аңызын мен ғана білемін. тамыздың қысқа таңы бүгін ұзарып кеткендеи белгі берер емес.
ـــ «қәмәжәйді» және бір айтыңызшы аға, ـــ деимін.
ـــ күлетін шығарсың? ـــ деп кәдімгідеи сұрайды.
ـــ жоға, естігім келгені.
ـــ онда кеттік, ـــ деп шырқай жөнелді. екеуіміз иен қырманда құмарымыз ан шыққанша шырқадық. дәриғә естіген болсашы деген арманды ой оралды басыма.
2007-жылы28-науырыз үрімжі



дариғай сол қыз

алаштан асып туған қайраным-ай,
бұл өмір өтпес ылғи ойдағыдай.
айырылып тұрымбайдан қайран-қайран,
жапанда жалғыз өзің қалғаның-ай.
— тамаданың өлеңі
бұл өлеңді алғаш естігенім. ел есінен көтеріліп барады-ау тарихтың зар мен мұңы. елдер ұмытқан, ұмытады да, көзден кетсе көңілден болады ұмыт. «жығылма қайран, жығылма» деп еліне ұран болған қайран бидың жалғыз бауыры жат қолында жазым тауып, аһ ұрған азулы би шөке тұсып құлағанда айтылған көңіл. біздің ауыл ежелден руларының атын бадырайтып айтып көрмеген, атаң ауылы, байдың ауылы, бидың ауылы, тәтең ауылы деп жүре береді. сол байдың ауылынан шыққан бес моншақ атанған сылқым әрі әғіләскер ақын тамада деген әпекеміз өтіпті. берекелі ел еркелетіп өсірген әрі сұлу, әрі сыбызғы дауысты ерке қыздан басқа кім айта алсын қайрандай азулы бидың қазалы күнінде өлеңмен. күңіреніп жатқан орнынан басын көтерген қайран би тамадаға мәутіден көйлек кигізіп, ат мінгізіп аттандырады. сол бесмөншәқ атанған апайымыз әйгілі сасан бидың ауылына ұзатылып, бесмөншәқ болып жұрып өмірден озыпты. міне бұл өлең жәйлі менің естіген хикәяттәрім. рас, байдың ауылының қыздары шетінен сұлу болады аққұбаша, биік бойлы, кербез!
бала күнімізде ауыл-ауыл болып бөлек отыратын ел. қасқа жақын жерде біздің ауыл, одан жоғары бидың ауылы, одан өрге тәтең ауылы, кеуделегенде байдың ауылы. бір атаның балалары болғасын бөлек-бөлек ел болып кетседе арасы жақын, әрі сондай ыстық. топ бала ойынның туын тігеміз, әсіресе барып ойнайтын жеріміз байдың ауылы. бір таба нанды бөлісіп алып, қозы-ылақ қайырған сілтәумен байдың ауылы қайдасың деп тартып беруші едік. ұзақты күн жар жағалап көк қарғаның ұясын аңдимыз, кептерге дұзақ құрамыз. су орған жардың қуысына тұсып көк қарғаның балапанын алып шығу дегеніңіз үлкен ерлік. балапанды алып шығу бір өнерде, оны қайтадан қоя беру бір басқа. әлдімен қыздар елжіреп сала береді. «обалына қаласың қоя бер» енді сорлап жұрып зорға ұстаған балапаныңды ұясына қайта апарып салуың керек. міне бір күнгі еңбегің. ал байдың ауылының өңкеи аппақ қыздарының алдында осындай ерлік көрсеткенің үшін кешке алдыңнан тосып тұрған шешеидің ашуына қыңық етпеисің. қаңсып жататын құр өзектің әр жерінен қазған құдық болады. соған су алғалы иын ағашқа шелектерін іліп, сыңғыр-сыңғыр күлісіп келе жатқан өңшең пері қызы бектөріләрді көргенде өзімізше абдырап, үсті-басымызды қаққылап, жинала қалушы едік. онымызға үлкен қыздар мәз болып күлетін. әрине сені жақын көргені ол, қалтаңда ағаңның құпялығы бар, ептеп соны жеткізесің қолына. бірін-бірі нұқып, әзілдесіп ұзай беретін содансоң. жар жағалап жұрып байғұздың ұясынада кезігесің, оған жолауға болмайды. үлкендер «байғұз құстың қарғысы қатты болады, тимеңдер» деп шегелеп тастаған. бәріміздің жақын тартып бірге ойнағымыз келетіні сарқыт, аққұбаша қыздың әдемі қарақат көзі мен байсалды беинесі өзіне ұйырып тұрады. әпекелері қандай сұлу, қандай әнші. тек бәріміздің қорқатынымыз ұзын бойлы, қабағын бір ашпайтын ағасы елеусіз ғана. жуан ақтос қара итын ертіп, торы төбелге мініп қасыңнан өткенінің өзі жүрегіңді дір еткізбеи қоймайтын. қолындағы дойыр қамшы бала біз түгілі, кеудесін керген талайлаған жігіттердің жон арқасында ойнағанын көзімізбен көргесін қаймығып тұрамыз. ал қарындастары шетінен сұлу, әнші, кербез. үлкендер айтатын «тамаданың ауылының қыздары десе, осы үйдің қыздарын айтсын» деп. ол кезде тамада деген есімге кім назар сала қойсын, бізге керегі ойын. сарқыт ойынға келмеитін болып алды, қайда кеткенін ешкім білмеиді. күнде шуылдасып ойнайтын топ баланың бәрі көңілсіз тарасып жүрдік. ел жәйләуғә көшкен. көктеудің сәні кетіп, бәріміз көңілсіз жүргенде бұл да бір табылмас орай. жәйләуғә шыққасын қозы-ылақтан құтыласың, рауағаш пен таңқурайын айтсай ел алғаш көшіп барғандағы. сарқыттың орны да ұмыт бола бастаған кез еді. ауыл үйді бір көңілсіз хабар кезіп кеткені «жоғарғы байдың ауылының кіші қызы ауырып қалыпты, байқұс баланың есі кіресілі-шығасылы екен» деп. бәрін білдім, баяғы сарқытты айтады. түзге қалай атылып шыққанымды білмеимін. қара барқын тыныштық бар алапқа ұйып, күйіс қайтарған сиырлардың ыңыранғаны мен қотанның пырдай болып тегіс жусағандағы пысылы ғана естіледі. жәйләудә шілделік жоқ, безілдекте болмайды. қара шегірткенің дауысы да жоқ. шайдай ашық алқара көкте ж Амыраған мың сан жұлдыз. өзімше қял сұрып үйдің тысында недәуір тұрып қалыппын, далаға шыққан әкеидің сырпылдаған аяқ дыбысы ойымды үзді. үйге кірдім, шешем орын салып жатыр екен. көрпеге кіріп алған соң ұйқы келсеші. сарқыттардың жәйләуләрі бізден бір көш алыста. байдың ауылының ата жұрты шөл жотадан ары отырады. өзімнен-өзім алағызып, сарқытты көргім келіп барады. шешемнен сұрадым,
_ ـــ тәте, бай атаның ауылындағы сарқытты айттыңыздарма?
_ ـــ иә, ـــ деген шешем бетіме аңтарылып қалыпты, сұрарын сұрасамда қуыстанып қалдым. сәл тұрған шешем ары қарай әңгімесін жалғаған.
_ ـــ байқұс бала бірдемеден шошынса керек, ақыл-есін жоғалтып алыпты, көктемеде пері соқса керек. бөрібәй бақсы ұшықтап жатқан көрінеді. үлкен шипаханаларда дягнөз қоя алмапты.
пері туралы ойлап қорқып қалдым, атам пері туралы көп хикәяттәр айтатын еді. оның да мұсылманы, жақсысы мен жаманы болатын көрінеді. балық бауырланып таң шеті сөгілгенше қарадай жүдеп ұйықтай алмай шықтым. тәңертең ерте тілештің үйіне барғам. олда тысқа шығуға қамданып жатыр екен, бірге шықтық. бүлдірген пыса қоймаған кез, баратын жеріміз қайрақтының теріскеиінің рауағашы. тілеш сарқыттың жағдайын менен бұрын естіпті.
_ сарқыттың жағдайын естідіңбе?-деп әңгімені өзі бастаған. бір-екі жеидені бұрын тоздырған тілештің әр сөзі мығым, маңғазсып сөйлеп келеді.
ـــ сарқыттар жәйләуғә көшердің алдында «жаңа төлдеп болған аңды атпасаңшы» деген әкесінің ақылын ала қоймаған ағасы елеусіз аңға шықпақшы болыпты. әдетте аңға шыққанда алып жүретін мылтығының қарауылын дұрыстап алатын кәдуелгі әдетімен нысананы туралап жатқанда, үйлерінің алдындағы терекке қайдан келгені белгісіз бір байғұз келіп қоныпты. байғұздың өзін өлімге айдап әкелгеніне қуанып кеткен елеусіз мылтықтың масасын басып салады. онсызда шерлі құс жалып ете түскенде, шығарда жаны шыр-пыр болған беишөрә сарқыт жұдырықтай құстың өлексесін қолына алып, қара өзектің өзі ұясын көрген тұсына алып жөнеледі. баяғы ұяға әкеліп беюәқтә қойып қайта шығайын десе, байғұзда болса екі аяқты пендеден бөлекше жан иесінің енді бір сңары қәнәтімен қағып, сарқыттың жолын бөгепті. сол күннен тартып, сарқыт ес-ақылсыз екен. ـــ деп әңгімесін аяқтатқан. атасының ауызынан шыққан әрбір сөзді қалпын құратпай қағып алатын тілештің айтқандарына илана бастадым. ол күні рауағаш теріп қарық қылмай көңілсіз қайттық.
ел айналып жәйләудән түскенде сарқыт қатарымызға қайтып оралды. бұрынғыдан да ұяң, көзіме тіпті үндемес болып кеткендеи көрінді. ешкімге жоламай жалғыз кетеді. бойы өсіп қалыпты. сол жылы сарқыттың әпекесі мен ағам үйленді. арамыз бұрынғыдан да жақындай түскен, әпекесін іздеп үйге келіп қона жатып кетеді. кеште үйдің артындағы төбеге шығып жұлдыз санаймыз. менен гөрі оқуда ынталы, тапсырма орындаймыз, сабақ туралы сөз болса шешіліп түсіндіре жөнелуге әуес. бара-бара осы қылығына бола жек көріп қалдым, ағам мен жеңгемнің алдында сабақ түсіндіргеніне ызаланам. байғұз туралы сөз шыға бастаса болды құлағын басып алып, егіліп жылап кетеді. соданда ол жәйлі сұраудан именеміз. бірде шешем сарқыттардың ауылынан шыққан атақты тамада апайымыз туралы айтып берген еді. «тамада деген атақты бесмөншәқ апайларың болады. он сегізінде аққудай таранған арудың тіл мен жақтыға сөз тізгінін ұстатпаған даңқын естіп, алыстан ат арытып талай жігіттер жетеді. қобыз үнді тамаданың керілген кербез көркі мен тәкәппәр беинесі талайды ғашықтық отында күйдіріп, өзектерін өртеиді. тек байдың ауылы ғана емес, күллі тоқта-барлық өңіріндегі рулы елдің үйіріне, қызды ауылдың қиырына аты кеткен ақын ару үшін кім көз сүріндірмесін тәйір. бұл шақ аз күн болсада ес жиып, етек жауып қалған елдің қалмақтың қанды қырғынынан кеиін еңсесі тіктеле бастаған сәттері еді. қаһарланып қамшысын сілтеген ауылынан шу шықпай қоймайтын қара тілді қайран бабамыздың қартайған шағы екен ол кез. барымтаға келген қәнішерлерді қуып бара жатқан жолында қайран бидың туған інісі қапылыста жазатайым болады. иен далада әйбәлтәмен ақтарып кеткен тұрымбайдың сүйегін жолдастары етінен сылып алып, түйеге артып ауылға жеткізеді. басын сүйер жалғыз бауырының қартайған шағында жеткен қазасы орнынан тұруға дәрменін келтірмеи қайран бидың тізесін тұсап қайғы теңізіне батырады. тәмәм ауыл көңіл айтып, сабырға шақырсада басын көтермеген қарт бидың қасына ел тамаданы кіргізгенғөй, сондағы айтқан өлеңі екен тамада апайымыздың. сол тамада апайымызды әйгілі сасан ақалақшының ауылына ұ Затады. барған жерінде көптің көркі болған есіл апайымыздан артында ат байлар ұрпақ қалмай өксумен дүниеден озыпты. қу ағашты күнде дыңғырлатып киесіне жолыққан болар жарықтық. сол тамада шыққан бай атаның ауылының қыздары өңді болады, һәм өнерлі» шешемнің айтқандарына шындап отырып иландым. енді көзіме сарқыт сол кешегі күні өткен тамада апайымыздай елестеи бастады. келесі жылғы көктемде сарқыттың ағасы елеусіз мерт болды. аттан жығылып қолқасы ұзылып кетіпті десіп жүрген былайғы жұрт. сарқыт тіпті томырық болып кетті. сабаққада зауықсыз, ешнәрсеге пеиілін салмайтын бір құлазыңқы күйде жүреді.
арада одан бері талай жыл аунаған. тіршілік қәмімен тырбанып, қара өзекте ойнайтын топ бала әрбір қиырға кетті. менде тірлік қәмімен үлкен қаладан оқып осында тұрып қалдым. үйлендік, самайымызға ақ кірмеседе, ұрланып әжім түсе бастаған жүзімізге. сондада айқай балалық дәурен мен бала күнгі аққұбаша қыздың елесі арбайды өзіне елітіп, жүректі шым-шым тырналайтын мөп-мөлдір мұң мен сағыныш бар туған ауылға деген. мамырдың мәмірәжәй күнінде рұқсат алып ауылға тарттым. сапарымның сәті түссе құр өзекке барып, балғын бала күнім қалған туған топырақты көріп қайтпақ ойым бар. ауылға келгенде көңілім даладай құлазып қалғаны. бұрынғы әрбір ауыл өз ретімен отыратын кез көзден бұлбұл ұшқан. қыстақтақтағы елді бір араға жинап тастапты. берекелі елдің мұраты мен мақсатының куәсіндәй әрбір ауыл өз сәнімен отыратын құр өзекте тілкім-тілкім қоршалыпты, берекесі мен сәні қашқан елдеи жүдеу бас бір кеиіпте. жеңгемнен сарқытты сұрадым. жеңгем өксіп жылап кетті. ештеме айтқысы жоқ сяқты. ағам ымдап тысты нұсқаған. тысқа шықтым, «сарқыт өзі де келеді қазыр, көресің көзіңмен, көңіліңді бұзба!» деп қысқа қайырған ағам сырт айналды. құлазып қалдым. кеште сарқыт келген. бұрынғы өңінен жұрнақ қалмапты, ақсары жөзі қабарып әбден тозған, тек тамаданың ауылының қызымын дегендеи сұңғақ бойы тіп-тік. мені мүлдемге танымады. қолында шүперектің қиқымынан жасаған қуыршақ, баласын ойнатқан әйелдерше қуыршағын ойнатып отыр. көзіме келген мөлдір моншақтар ерік бермеи етегіме тырыс-тырыс тамуда. отыра беруге дәтім шыдамай тысқа шықтым. көшелеп тұрып тартып, рет-ретімен салған үйлердің әлде біреуінен иттың үргені естіледі. дауысы шәу-шәу. ауыл-ауыл болып үйірімен отыратын ел бір жерге жинәлғәнімен аралары тым алшақтап кеткен. бұрынғыдай біреудің қуанышы мен қайғысына ортақ болар жан іздеисің. табыларма екен енді сол ауылдан қайрандай сөз киесін білер қарт пен тамададай асыл арулар деген күйкі бір ой мұжиды шекеңді. қыстақтың желке тұсынан байғұздың сұңқылдағаны естіледі. жарықтық нені тілеп отыр екен деші? азап отына күйіп кеткен жұдырықтай жұбына деген қол басындай құстың зары ғұмыр бойы жалғасады деуші еді бұрын үлкендер. бұрынғыдан өзіме жат болып бара жатқан туған топырағымнан енді кетуге асыға бастадым. тыста көп тұрсам керек, жаныма біреу келгендеи болғасын қарасам сарқыт екен. менімен жұмысы жоқ, өз алдына ыңылдап әндетіп тұр. дауысы қандай керемет! есіме шешемнің сөзі оралды« тамада шыққан бай атаның ауылының қыздары өңді болады, һәм өнерлі» расында солай, бай атаның ауылының қыздары шетінен сұлу болады аққұбаша, биік бойлы, кербез!
ауылдан аса көңілсіз қайттым, бала күнгі алғашқы ұяң сезімді өзіне іңкәр қылған сұлу сарқыт есімнен еш кетер емес. дәриғә сол қыз!

2013-жылы 2-сауыр үрімжі




екеуден екеу

ـــ тұн қандай суық?
ـــ тоңбадым.
ـــ қялға тұншығып отырған адам қайтып тоңады? ـــ сөйлеи келіп қатарласып отырды. ай жарығында өңі бозарып тұр. ـــ мынаны киіп ал, ـــ шапанымды шешіп ұсындым, ـــ рәхімет ـــ деп алып кие бастады. сабақтастардың бәрі шуылдап, тұнның тынышын алып бірін-бірі білер емес.
ـــ осылай ғана мектепті бітіре салдық па?
ـــ иә, енді бөгде бір адамға айналамыз.
ـــ көбіміз кездеспеитін шығармыз?
ـــ уақыт табыстырады, сосын қоштастырады. бәлкім кеибіреулерге сезілмеитін болар.
аз-кем үнсіз қалғанбыз, шуылдасып отырған сабақтастарымызға қарап тесіліп отыр. даланы басына көтеріп отырған олар ешкімді елер емес.
ـــ бағана қыздар жылады.
ـــ сенде жыладыңба?
ـــ иә, қосыла салдым.
ـــ қосыла салдым де, шынайы емес.
ـــ қалай десеңде жеңілдеп қалдым.
ـــ сонда бәрі өтірік жылаған, солайма?
ـــ жо, шын жылағандары да бар.
ـــ олар ақымақтары шығар.
ـــ ештеме жоқ, тағы біреулермен бірге боламыз, оқта- текте артымызға бұрылып қарағанда қалғаны тек елес қана. ـــ елес пен рялдықтың ортасында өліп кетерміз бір кездер болғанда.
ـــ маған сен ғана елессің.
орнынан тұрды да сабақтастарымызға қарай кетті. тоқта демедім. шешіп тастаған шапанымды алып, қарауытқан төнешікке беттедім. артымнан іздеген сабақтастарым дауыстап жатты, қарамадым. әлде кімді іздеитін сяқтымын. « ол не степ жұр екен ә?» мағынасыз ойлар иектеп алған. недәуір уақыт өткенде біреу таяп келе жатты. еңсемді тіктеп, дүзеліп отырдым. қайта келе жатыр.
ـــ кімді ойлап отырсың?
ـــ нені деп сұрасаңшы.
ـــ жо, сен «нені» емес «кімді» ойлап отырсың.
ـــ бәлкім...
ـــ баһарды ойлап отырсың. уақыт табыстырған, қоштастырған бақытың.
ـــ уақыт қоштастырғаннан кеиін бақыт емес шығар?
ـــ жо, сен сағынышың арқылы өнімен бірге жасап жұрсың. сондықтанда бақыттысың. ـــ дауысы сондай жәйбәрәқәт. « қайдан біліп қойды екен, естімеитін, білмеитіндері болсашы».
ـــ ынжықсың, өзіңе тәуелді дүниеден айырылғаныңды жасырасың. ـــ сөйлеп қояр емес.
ـــ кім ынжық?
ـــ монтансу қашанғы әдеттерің, жасырғанша табысу мен қоштасуды уақыт шегіне қойсаң болмайма?
ـــ ел үшін бекер күйіп отырсың.
ـــ жо, сен өзіңе істетуді білмеисің.
ـــ бәріміз ұқсаспыз.
ـــ мен саған ұқсамаймын.
ـــ сүйспеншілікті түсінбеитін шығарсың?!
ـــ деседе мен өз сүйспеншілігімнің орнын өзгелермен толтыруды білем.
ـــ қәтелестің, сүйспешіліктің орнын өзгелермен толтыра алмайсың, өзіңді жұбатасың.
ـــ мүмкін солай шығар, деседе жұбануды білудің зяны жоқ.
сәтке үнсіз қалдық. түнгі тыныштықты бұзып қыз- жігіттер шуылдасып отыр. орнынан тұрып оларға қарай кетті. осында қал демедім, бәрібір ертең кетеміз, әрі ол баһар емес. өзімнен өзім аласатып, қыстығып қалдым. ән салғым келген. бірәқ даусым құрғырдың келмеитіні бар.
ـــ қазыр қайтып келемін. ـــ деді бұрылып,
ــ өзің біл.
ـــ жақтырмасаңда келем. ـــ осылай деді де жүгіре жөнелді. «тентек» деген сөз ернімде қалды. не істегелі жүргенін түсінсем бұйырмасын, қитығыма тиып кеп жүргені. бірнеше сірә көтеріп қайтып оралды. айдың буалдыр сәулесінде еріндеріне ұйып қалған уыз күлкі өзгеше жарасым беріп тұр.
ـــ ішеиік ـــ деп бір бөтелкені маған ұсынды, жарыса көтердік.
ـــ қыз баласың, азырақ іш, біреулер көрсе ерсі болар.
ـــ елдің көргенінде дәнеңе жоқ, маған еркіндік керек.
ـــ мәселен?!
ـــ батыстықтар секілді еркін болғым бар, азялық бітістегі терең қулықтың жадысына құрылған жәдігерліктермен шырмалғым келмеиді. қыл-қысқасы киім кюіңе деиін шектеиді, тым болмаса тәніңнің сұлулығы мен қәжетінен ләззәттәнә алмайсың.
ـــ әдәмгершілікші?
ـــ әдәмгершілік ешқәндәй ұлыттық дүние таным, дін арқылы келген емес, адамдық бітістің өзінде ежелден бар жазмыш қана. ең алғашқы тобырларда әдәмгершілікті білген.
ـــ олар еркіндік үшін емес, тіршілік қәжеті үшін өзәрә көмектескен.
ـــ адамзат шығар жол үшін емес, еркіндік үшін құлшынуға тиыс. жасампаздық ـــ шексіз еркіндікке жетелеиді.
ـــ мәдениетші?!
ـــ адамзат санасы ашылған сайын санасыздық жәйләйді. осы санасыздық мәдениеттердің жауы.
ـــ сабыр ет, біздің санасыздығымыз аз емес. біз тамақ жегенімізді білеміз, бірәқ қанша рет алып жегенімізді, қалай алып жегенімізді ескеріп отырмаймыз. ақиқат тамақ жегеніміз. санасыз қимылымыз ақиқатқа айналып жатыр.
ـــ сенікі де жорамал.
ـــ бұл шындық, сол санасыз қимылдарымыз тамақ жеудегі мәдениетке айналған.
ـــ қалай десеңде мәдениет белгілі кезеңге жеткесін сені бағындырады. адмзатты жіктеп, бөлшектеп тастаған. не керегі бар?!
ـــ бізге сол қәжет.
ـــ махабатта соның құрбанына айналған.
ـــ махабатты бірге болуға айырбастап жүргендерді қәйтесің?
ـــ қалауы солай, қүрмет қылу керек.
ـــ онда тәндік лаззат үшін құлшыну керек пе?
ـــ қаласа істеи берсін, ـــ қолындағы сірәдән жұта бастады. таңырқап отырмын« ештеме керек емес!»
ـــ ұлт, дын, сенім керек емеспе?
ـــ маған бәрібір, ـــ деп қолын шошайтып отыр ـــ өз басымның бақыты керек.
жаныма жылан келгендеи тітіреп сала бердім. орнымнан тұрып дуылдасқан сабақтастарыма қарай беттедім.
ـــ оларға бармай-ақ қой, өздерін әлде қашан ұмытқан.
ـــ маған солар қәжет, олар ертең-ақ арақтан, жастықтан айыққанда өздерінің кім екенін тауып алады.
ـــ менен қәшқәнмен шындықтан қаша алмайсың.
ـــ өз ақиқатым өзіме жетеді. ـــ деп ұзай бердім.
ـــ онда баһарды ойлап қялға көміліп жүре бер, саған сол керек, ـــ деп айғай салды. одан соңғ не деп жатқанын естімедім. баһардың елесі шырмап алған, бүгін кеш шынында екеуден екеу қалған сяқтымын. екеуміз ғана қалған кеш болды бұл кеш.
2005-жыл3-шілде құлжа



әдемі-ау

өте көңілді кеш, апта соңындағы кеш біткеннің бәрі әдемі. қізметтен тұсып көше автобозына жәйләніп алғам. баратын мөлшерім табаны күректеи отыз шақырым жер. ендігі қам жасағаным көлік ішінің мазасын алған дабыр-дұбырдан бойымды ауашалап, мызғап алу. күніне көше көлігінің басталған тұсынан соңғы аялдамасына деиін отыратын салпаң тірлігім, көше көлігінде тып-тыныш мызғап алуға әбден үйреткен. бүгін мызғауға көңілім дауалар емес. апта соңындағы демәлістің желігі мен аялдамадан бірге шыққан қара торы қыздың әдемі жамалы мазасыз бір күйге бөлеп кеткен. ұрлана қарап, бар қимылын мысық табандап бағып отырмын. түкпіш қыздың оқта-текте аударып қараған жанары «ерте есеиіп кеткем!» дегенді ұғындырғандай. жалт етіп қарағандағы тұнжыр жанардың шарасынан асып-төгілердеи дөңгелене қалғаны қандай әдемі. жаратқанның бір қыздың жанарына соншама сұлулық силағанына таң қаласың. қалай тіл қатудың бабын таба алмай қипалақтап отырмын. түк білмеске салынған қыз мысқылдағандай езуіне күлкі ұйырып, терезеден тысқа қарап алыпты. тәуекел деитін сайтан түрткен.
— қайда барасыз?- жарты сұрақ. қыз мырыс етті.
—үйге барамында, қайда барар деисіз.
тылмды тістеп отырдымда қалдым. қу қыз әдеиілеп тұрып сықылықтап күліп алды. болбырап отырып қойған сұрауым қыз түгілі өзіме қызық сезілді. неде болса танысу керек, деп өзімді іштеи келістіріп қайрап, тағы тіл қатқам.
—мыңның тұсын білгенше бірдің атын біл деген, қарындасым, атың кім?-деимін, мәтелдеп сөйлегенім өзімше.
—сол тұсын білген мыңыңыз пайдалы кезде, бірдің атын біліп қәйтеиін деп едіңіз, аға,-деп жымиған қыз, ыңғайсызданып қалған беинеме жаны ашыды білем,-тұйғын!-деп іле жауап қайтарды.
-керемет,-деп салыппын, әуенімде алдымдағы қу қыз бұлт ете қаларма деген жағатсу бар.
- біреуді бетіне мақтағаныңыз қызық екен, аға,-деп салғаны. бязы көрінген қыздың мынадай тосын мінезін күтпеген басым, тілімді тістеп тағы бір рет аузымнан қағылдым. « қазыр біреуді бетіне мақтамасаң мүлдемге ұнамайсың. мақтай берсең, күндерде бір күн үйреніп кетеді. әуелі басқалардың алдында мақтаса деитін болады,» деп еді қалай қасықтың шетінен ауыз тиып жүрген көкелерінің жанында көп жүретін бір досым. «қүрмет пен қолпашты айыра білмеитін болған шығармын!»ыңғайсыздық өлтіріп барады. енді тымсырайып үнсіз қалудың өзіме тиымсыз екенін қу ішім сезеді. тағы бір рет іштеи қайраудан өтіп, тағы сөйледім.
-атыңа қарап айтқаным ғой, ауылдағы бір шешеміздің аты тошала еді, сөзге жүйрік шешеміз қырыстау жан, айтарын іркіп қалып, ыңғайсыздандырып отыратын.
- тошаланың дәмі қышқыл ғой аға,-деген қыздың күлкі үйірілген бетіндегі шұңқырында болар-болмас толқын ойнап өткендеи болды. тартымды әзіл тербеген бойыма өзімсіну орнай бастады. көктем лебі есіп, ағаштар көктеп, жол жағалауындағы шөптер қаулап келеді.
-биыл көктем ерте келді, шөптерде көктепті.
бұл өзімсініп, ағасынып алыстан орағытқаным. терезеден жаңа көргендеи әуестік жеңіп тысқа аз-кем қарап отырғасын бұрылған.
-осы шөптерді тек отап тастау үшін ғана жаратқан сяқты, көктеи орылып қурап қалады.
-мал жемеиді, отқа жағуға да келмеиді, қысы-жазы тұрған беті осы,-деимін тұсындырып.-алыстан әкеліп еккен. баяғы бұл жердің тумасы емес.
-апырау, аяз би сіз болмаңыз, шөп жаманын тауып, зерттеп алыпсыз,-деген тұйғын тағы сықылықтап кетті.
-шоп жаманын таптым, бірәқ құс жаманын іздемедім, әйтеу жәқсіләрімен кезігем, тұйғын, қаршыға дегендеи... ...
албыраған жүзіне алқызыл нұр теуіп, аңдаусызда сөз бастап бергеніне ұялып қалған. едемде өзін дұрыстап қарымжы қайтарды,
-мүмкін, құс жақсыларының иелері бар шығар баптап отырған, жақсы құс қолға түсе бермес.жәмән құсты да іздеи жұрыңыз, қырғауыл ілерсіз болмаса.
-ол тұйғынның бағы ғой, болмағанда... жалайыр шора болса тұйғында ілінер еді.
- тұйғынның ілдіргенін қайдан көріп едіңіз, іліп түспесе.
қызыл шыраққа тосын тоқтаған көліктің іші күңкілдеген наразылыққа толған. бірәқ мен үшін соншама кең, соншама рахат. егер өзіме салса жүргізбеитін едім-ау. күнде таусылып бермеитін жол бүгін қысқарып, уақыт зулап бара жатқандай. көліктің терезесінен жылыстап қалып бара жатқан ғимараттардың шіренген беинесі әр тұрлы ойға жетелеиді.
-өздерінше асқақ ғимараттар терезеден баяу сырылып, маңғазда На қалады, ә.-деп айтып қалғам.
-я,-деді,-қалада көлік ақырын жүреді ғой. қайда барсаң қызыл шырақ.-деп жұмсақ жымиды. құды маған айтқандай. екі ауыз тіл қатыспай жатып өзімсініп бара жатқанымды қу қыздың көлденең тартып, қайда барсаң қызыл шырақ деген сөзбен басқа барыспалықты ұғындырғанын сезіндім. сөзін астарлап, әдемі әзілге орап жеткізген қыздың күлімсіреп тұрып айтар әрбір уәжі ынтықтырып әкетіп барады. ырас-ау, өзін еркін ұстағаны қандай. осындай есіл қарындасы бар ағасы қандай бақытты.
-ағаң барма?
-я,-деген тұйғын терезеден көзін тайдырып бетіме қарады.-сіздердеи болар.
қу қыз жасыма деиін өңімнен оқып қойған. енді ағалықты бұлдап, кеңесе беруге болатын еді.
-қайда тұрасың қарындасым?
-мектепте, сұрауыңызға жауап бермесемде болар еді. бірәқ қарындасым деген сөзіңізді силадым аға.
бетімнің ду ете түскенін аңғардым. қыз баланың қайда тұратынын сұраудай әбестікті де сезінбеитін болған мәжүн басым-ай.
-жәй сұрай салғаным ғой қарындасым,-деп қипалақтап қалғам.
-ештеме етпеиді аға, кеибір ағалардың сұраулары мұнанда қиын.
жанарынан әлде неден секем алған қыз жанының ойлы бір сұрауын оқығандаймын. қыз балаға қалай сөйлеуді құлағымызға көк өрім сәттерден құйып өсірседе, дәл қазыр ұмыта бастаған екенбіз-ау, неге бола ұмыттық? деитін сұраулар көлденеңдеп, ұятымды шымшып өткен.
-солай болып барады ғой заман, кеибір ағаларың шынында... –деп міңгірлеп қалдым.-аяу керек қой қарындастарын.
-қойыңызшы, аға, аяудан гөрі аялағаны қандай жақсы. ертеңгі ат байлар бір-бір ауыл ғой қыз бала, соданда аялау тиыс емеспе, аяитын зат болмасақ.
-ағаң қәтелесті қарындасым, сөз шіркінді қолдана білмесеңде қиын, сөзге орашолақтау ағаңды айып етпессің.
-сөзге орашолақ бөлғәнмен бабаның тіліне орашолақ емес шығарсыз аға, артық кетсем ғафу етерсіз.-деп терезеге қиыстап, тысқа қарап кетті. қыз беинесі көз алдымда биіктеп, өзім шожып қалғандаймын. көше көлігінің кезекті аялдамаларының біріне келгенде көлік ішінің мазасыздығы жетпегендеи, ортада түрегеп тұрған ер мен әйел шармаяқтаса кетті. ауыздарынан ақ ит кіріп, көк ит шыққан екеуіне көлік шөфері басу айтпаса басылатын түрлері көрінбеиді.
-ана беишөрәләр үшін сізден ұялып кеттім, аға,-деиді тұйғын.
-олар ұялмаса қәйтесің, қарындасым.
-аға, ауыздарының жамандарын айтам. еркекте қызық екен, әйелмен соншама айтысып.
-әр екеуінде бар, еркек-еркектігін, әйел-әйелдігін ұмытқан.
-бізгеде жұғады деші осы дерт,-деп мұңайып отыр.
-өздерімен кетсін, адамдықтан шыққан соларды қойшы,-деп қолымды сілтеп қалғанмын. екі көзі дөңгеленіп, бетіме үреилене қарап қалыпты.
-аға, адамды қөлмен көрсеткеніңіз қәйткені, бүгінгі адам-ертеңгі аруақ, адам түгілі беитті қөлмен көрсетуге болмайтынын білерсіз?
қыз алдында және сұрындым, сұрындым емес-ау, адамдығым тағы бір рет төмендеп, ұжданым шымырлап кеткен еді. сөйлеуге дәрменім жететін емес, мағынасыз ыржиып қойдым. жүзіндегі ашудың бұлты сеиіліп, күлімдеп шыға келді.
-біреудің бетіне айта салатын әдетімді өзгерте алмай-ақ қойдым аға, кісі айыбын бетіне басу күнә деуші еді әжем. ренжіп қалмаған шығарсыз, бұртиғаным ғой бұл ағама.-деп ауызын басып күлген. ренжідім, ренжімедім деуге қисында жоқ. кімнен көресің, әке-шеше үйреткен баулысыннан әлде нелерге бола жанталасып жұрып айырылған менде қайда ондай дәрмен. баяғы тошала шешем есіме түскен. қайындарының азды-көпті шеттеи бастаған қылығын әзілге орап айта салатын еді, айтар уәж таба алмаған қайындары еріксіз ыржиып, желкелерін қасып жылыстай беретін. әзілде шек, қалжыңда кек жоқ деитін аталы сөздің қисынын осындайда аңғарасың-ау. қайда қазыр ондай асыл аналар деп жүргенде кезіккен періште көңіл қызға қайдан өкпелеиін.
-қарындасын ағасы өкпеге қюшыма еді тәйір, ренжігені несі қарындасым,-деимін өзімше. басқа айтар пәтуәдә қалмаған.
-жақсылардың өкпесі шайы орамал кепкенше деген ғой, ағаларымның өкпелемеитінін білем.-деп рясыз жұмсақ жымиды. кісі қөлімен әдеиілеп отырып жасағандай бетіндегі шұңқырында уыз күлкі ойнайды. және бір рет мағынасыз ыржидым. әр сөзін есептеп қойғандай өрнімен, қымтып ұстап, жәйімен қолдана білетін қыз алдында аяз биды әкелсеңде қарымжы қайтара алмас. қазақтың қаусырма жақ шешені жиреншеде қара шәш сұлуға сөзден тізгін ұстатып үйленгенін аңыздар айтып өтпеиме.
-бар уайымнан ада, мектеп құшағындағы күндер қандай бақытты, ал қоғамға шыққан соң бәрі өзгереді.
- бәрінің өзіндік жапасы мен қызығы бар, аға.
-я, дегенмен жастық шақтың ең рясыз, көркем кездері ғой мектеп құшағы.
-несі жақсы, ерке көктем жастықтың есіл шақтарын қорған ішінде өткізесің. қайта оралмас дәурен шіркінді әлде кімдер жасап кеткен уәждәрғә бағынып өткізу обал емеспе?
-ал қорған сырты оданда қорқынышты қарындасым, үреи мен күдік.
-махаббат та бар, аға. күдік бар жерде сенім, сенім бар жерде меиірім бар.
-дегенмен күдік көп қой, көп.
-барлық нәрсе аз болған сайын қадырлы. содан соң оны қуасың, қол жетпеседе қуудың өзі екі келмес ғұмырдың мәні емеспе.
-жаңа ғана, ағаңды аяз би деп жатыр едің, енді ақтоқтыны қуған ақан болып кетпе, қарындасым.- шертіп көргенім өзімше. бетіне лып етіп ұяттың нұры ойнап қысылып қалсада, сөз жүйесін сабақтап алған қу қыз жалт беріп ұстатпай кеткені,
-ән патышасына жарасады да кімді қуса, ақандай ер мінезді есіл ағалар жоқ қой қазыр.
көзінде енді қәйтер екенсіз? деген мысқыл ойнайды. зорлана езу тартқан болдым. мүмкін күлгенім жылағаннан жаман шықса керек, қыз жүзінде жеңісіне деген масаттану бар.
-ағаның бәрі ұқсас емеспе, асылы мен жасығын айыруда қиын-ау, қарындасым.
-соншама нәзікпе едіңіз, кішкене ғана әзілге босап, шындап барасыз. нәзіктік бізге берген табиғаттың сиы ғой, оған таласқандай болып, босап тұратын ағаларымды көрсем аяп қаламын. қарындасын аялайтын ағалардан қайсарлық қана күтеміз, аға.
өзімнің қандай ағаттық жібергенімді енді-енді аңдағандаймын. біреуден екі ауыз жылы лебіз бен мақтау естісек елжіреп, ептеп мұң шағуға беиімделіп бара жатқандаймыз. қу қыз бар болмысымды жатқа соғып отыр. әжептәуір жасып, абдырап қалдым. мойындау керек шығар.
-шын айтасың, қазақтың жігіттері-ай! деитін кез бағызы замандардан жететін ертек қана болып қалған. аңыздардан іздеисің ер мінез оғыландарды, ал бұл күндегі ағаларың суы қанбаған кездіктеи майырылып, жасып тұратын әдет тапқан. не болсада аға болғаны жақсы ғой, өкпелеп қәйтесің, қарындасым!-шын айтпасқа болмай қалған. әзілмен айналдырып отырып, барымды мандыратқан қаршығадай қызға ұттырғанымды мойындадым. тұйғын десе тұйғын-ақ!
-я, ағасы бардың жағасы бар деген, алтын тонның жағасындай асыл ағалар аман болсын!-бетіме күлімсіреи қарап, әдемі жымиды. осы бір жалғыз сәттің өзі бар ғұмырыма жетердеи бойымды шымырлатып, әсем бір дүниенің құшағына құлатқан. әттең, қызыл шырақтың түйілісінде кезігіп отырған рясыз періштесің ғой деитін бір өкініш өзегімді өртеп, жүйке-жүйкемді қытықтап, сезімнің әлсіз, бірәқ бөгеу бермес құла тасқындай бір ыстық ағысы жүгіріп ойнайды.
-аға, түсетін жеріме жеттім, сау болыңыз.- деген қыз үні қялымды шәшіп-ақ кеткені.
-сау бол қарындасым,-дегенді зорға айттым. белгісіз бір өкінш қалды кеудемде.
-есіміңізді сұрауды әбес көрсем, өзіңіз айтпадыңыз аға, бұдан былай жақсы ағам болып қалыңыз, сау тұрыңыз жақсы аға,-деген қыз кезекті аялдамаға тоқтаған көліктен тұсып бара жатты. нағыз өкініш енді басталған. бір ауыз жөнімді айтып, таныстық беругеде үлгіртпеген уақытқа өкпелесем, қыздың жөнімді де сұрамай, өзінің қүрметі мен ізетін сақтаған білімділігі барлық құштарлығым мен қүрметімді тіпті асырған еді. болмағанда жөнімді айтайын деп терезені ашуға қамдансамда орнынан қозғалған көлік недәуір аралыққа барып болған еді. терезені зорға ашып тысқа мойнымды шығарғам, ұзап бара жатқан қыздың сұлбасын ғана көрдім. кіршіксіз аппақ періште көгілдір көктемнің кешінде, алғы күндеріне өзінің қүрметі мен намысын көтеріп ұзап барады. ерніме әдемі-ау! деген сөз оралғаны. әдемі десе әдемісің қарындасым!

2013-жыл6-мамыр үрімжі



бозторғай жүрек

алқара көкте мың сан жұлдыз жымың қаққан іленің сұлу тұны. дүниені түгел қараңғылық құшақтап бауырына басқан. іленің еркелеи келіп жағаны сұйып, сосын өзімен өзі ойнап, сылық етіп жөнелетін тентек толқындарының өзін көре алмасамда, қалай тулап, ширатыла аққанын сезіп отырмын. ара-арасында нән толқындардың жағаны сүзе төңкеріле құлап сар еткен үні тұн тынышын бұзып, музикә ырғағын шалып өткендеи болады. кеудеме басын сүйеп үнсіз отырған оның жауырыны діріл қағады.
ـــ қорқып отырмын, ـــ құшағыма тығыла түскен.
ـــ қорықпа, мен бармын.
ـــ басқадан емес, сенен.
«неге» деген сұрау миымның ішінде жылқы айдағандай жосылып, дүркіреп өтті. сонау тұпсыз алқара көкке қарадым. маусымның мәмірәжәй кеші тоңдырып бара жатқандай, жәйсіз бір суық қармап қалтыраймын.
ـــ өкпелеп отырсың ба? ـــ деп бетіме сұраулы жүзбен қарайды, зорлана күлімсіреді М
ـــ жөғә,деседе себебін біле алмай…
ـــ қасқырдың қасында қой жатса нәтижесі не болады? ـــ сөзінің соңын күбірге жалғап тынды.
«қасқыр мен қой» екі ауыз сөз, ғажап екі тағдыр, керәғәр дүниенің, күллі тіршілік атаулының бөлінбес екі тармағы. кеудемді қысқан, өзім түсіне бермеитін күйкі бір дүниелерден арылғым келгендеи терең тыныс алдым.
ـــ бәріміз қасқырмызба?
ـــ мүмкін, деседе теңеи салғанмын.
ـــ бұл теңеу емес, шындық. бөрінің ұрпағымыз.
ـــ грек болып кетпелік, ـــ күліп отыр.
ـــ жо, нағыз көкжәл біз, егер көкжәл болмасақ азя түгіл еурөпәні дірілдетерме едік.
ـــ баяғы атиланы айтасың.
ـــ атиладан басқалары да жетеді, сосын бізге жау көп, еурөпәғә әтпен шабу, қандай ғажап дүние?
ـــ соншама ұзақтан не іздеиді екен, бізде ұзақтардан...
ـــ текті көкжәл апанының маңынан жем іздемеиді, біз бұны тіршілік күйімізде мәңгі тұсынып жетуге шарасызбыз.
ـــ мүмкін... ـــ оның таусылып бермеитін «мүмкін»дері тағы басталды. сәтке үнсіз қалғанбыз. құлжаның самсып тұрған шырақтары мен машиналарының у-шуы жетпегендеи, жағалауға салынған сая жәйләрдән музикәғә ілесіп біреулер барқырап ән салады. онсызда мазасыз дүниенің бір сәтке қалғыған талмау шағын өзіне қимайтындай есіріктік әбден есерленіп алған.
ـــ боз торғайдың әнін сағындым, ـــ құшағыма тығыла тұсты. недерімді біле алмай, ұнсыз қалдым.
ـــ рас кетесіңбе?
ـــ иә...
ـــ құлжаны, мені осылай тастап кетемісің?
ـــ бірге кетеиік, сен аспирантураға тұс.
ـــ жоқ, мен анам құлжадан ешқәйдә кетпеимін. ғұмырымдағы ең аяулы сәттерім анам құлжада өткен. қәсиетті іленің тентек ағысы берген сенімдерімді ешқәйдәдә әкетпеиім... ـــ өксіп ұзақ жылады. сатқындық жасағандай сезімдер беретін мазасыз ойлар әбден қинайтын. өзімді-өзім кінәләп, көмеиіме бір нәрсе кептеледі. жұбатайын десемде дәрменім жетпеді. «шексіз әлемді көз жасың торап көрсетпеи қалған беимәзә құсалықта, жылап алсаң көзің ашылып, көкірегің кеңіп қалады.» деуші еді марқұм әжем, «неге тез жылайсыз?» десек. құшағыма тартып кеуде тұсым су болғанша, шәшінән сипап ұзақ тұрдым. кеудемнен басын жұлып алып көз жасын сұртты, бұрынғы нәзіктігінен бөгдеше сазарған бір қалыпта,
ـــ сен даңық іздеп барасың. өзіңде бәрі болуға тиыс деп ойлайсың. қадыр қымбатыңа жететін елің, балалық балғын елестерің, сағынышың бәрі-бәрі осында қалған. ал сен атақ пен даңық үшін, мүделік қәжет үшін, жалпуштаған қөшәмет үшін құлжадан кеттің. өзіңнің жоғалытқаныңнан тапқаныңды артық деп білесің. саған жусаны мен жуасы бұрқыраған, боз торғайы тәңмен таласа тұратын, кіндік кескен туған далаң емес, қайта сұмдық жадыларға толған қала қәжет. бөрі түгілі боз торғайдай жүрек жоқ сенде. ـــ деп қыстығып барып тоқтады.
ـــ жо, ـــ деимін,- қәтелесіп тұрсың. енді даланың көкжәл текті оғыландары әтпен еурөпә тұрғой, мынау іргедегі қалашықтарғада кіре алмайды. тек ертең үшін ғана...
ـــ ертеңгі ұрпақ үшін ештемеде степ бере алмайсың, оларға өмір бергеніңмен болашақ жасап бере алмайтыныңды білсең етті. өзіңде әке-шешеңнің бодаусыз еңбегінің жемісіне оң-солыңды таныдың. кеиінгі ұрпағың биік биналарда өйіншіқпен ойнап, машиналардың мәркәсін жақсы білгенімен жеті атасын білуі екітәләй, оларға тарихың, әжелерінің ертегілері көк тиын. қоян қуып, қозы-лақ ұстап көрмеиді. ерлік дастандар мен епөстәрді көзінеде ілмеиді, тіпті адамзат үшін жасалған екі реткі жойқын ғаламшарлық ұрыстардың бәріне таң қалмайды.
ـــ жетеді, ـــ даусымның қаншалық қатты шығып кеткенін білмеимін, шындықтарға жетпеген төзімім шорт сынды. бетіме жаңа көргендеи бежіреиіп қарап қалыпты, үндемеи отыра беретін мінезіме қарап ашуланады деп ойламайтын сықылды. «өзі жабырқап отырғанда мұным не, жұбатайын» деп ойладымда тез айныдым. әлде біреулерше істерін істеп алып, артынан аяғының ұшына қарап көзімен жер шұқу мендегі мінезге жазылмаған. үнсіз ұзақ отырдық. «қош!» деген үні дірілдеп шықты. орнынан тұрып кетіп барады, соңынан ілесіп келемін. үлкен жолға шықтық. не уақытта бір кіре машинасы келіп тоқтады. құлжаның құшағына алып ұшқан машинаның артқы терезесінен сыртқа телміріп, екі жаққа қисайып қалғанбыз. сол бетімізбен келіп түстікте өз жөнімізге тарттық. бірәз жұрып соңыма бұрылсам, состиып тұр екен. бетін басып теріс айналды да жүгіре жөнелді. сілеиіп тұрмын. кеудеме ашты запырандар толып, өксік кептелген. қалтамды сипалап темекі іздедім. әлде бір ақынның:
«мендегі ұмыт қөшпен бірге жаңғырып,
кете барған әлде қайда қаңғырып...» деп келетін жыр жолдары есіме оралған. жүгірген беті қақпадан еніп кетті. тарыс етіп жабылған қара қақпаға мелшиіп мен қалдым.
аңсап армандаған үрімжіге келгенімеде бір жылдан асып барады. күн шаңыттанған сүреңсіз кеш, көшелердегі әлде неге жанталаса шұбырған адамдар сиреген. биік-биік биналардағы жан ұяларына кіріп телеۈизөр көріп, қашанғы әдеттерімен пәленшеке бастық, түгеншеке милиөнер, киімдер мен көліктердің мәркәсі жәйлі көр-жер әңгімелеріне кіріскен. көшеде мақсатсыз ілбіп жұрмын. деміңді сығып жындандыратын жатаққа қайтқым келмеиді. ойлап ойың жетпеитін қырт ғасырдың адамдарына таң қаласың, кеибіреуі ақшасын суша сапырып, не істерін біле алмай жұр, ал менің аядай жатағыма көнетөз телевизөрдә бұйырмаған. адамдар неге тәуелденгенін білмеитін дәуір азабы жанды мұжиды. «үрімжіге даңық іздеп барасың» деген сөзі құлағымның түбінен кетер емес. «үстел құшақтап бежіреиген жалаңтос қізметкерге ұйылып келетін қайдағы даңық пен ақша» ашу мен ыза көмеиіме кептеледі. сенделіп жатағыма беттегем, мектебінің қақпасынан жұмақанов қилыса кетті.
ـــ қуанышты хабар , ـــ деп желбірлеиді.
ـــ бауыр, келінді болғандаймызба, қалай?
ـــ жо, сізге хат. сұйыншыңызды дайындаңыз.
ـــ жә, бауырым, сұйыншыңды аларсың, әлдімен жөнін айтсаңшы.
ـــ құлжаға барғанмын, әғәйіндәрмен бірге тойда болдық, сол тойда жеңгеимен кездесіп қалғаным. сізге сәлем айтты, сене бермеитін әдетіңіз, дәлел болсын деп хат жаздырып алдым. ـــ деп кәнвертке салып, аузын желімдеген хатты қолыма ұстатты. «ол болуы мүмкін емес» хялмен тұрып «қайсысы» деппін. жұмақанов аңтарылып қалыпты. ыңғайсызданып тамаққа ұсыныс еттім. аздап сірә алғанмын. құлжадағы көрген-білгенін айтып желпініп отыр, аралатып өлең оқып кетеді. өлеңдерін «жақсы екен» дегеннен ары бармадым. әншеиінде бірәз мүкіс көрінсе қуырылып шыға келетін әдетімді білетін бауырымның көзінен «сізге небөлғән?» деген сұрауды оқығандаймын. отырып-отырып дүңк ететін әдеті,
ـــ ептеуді үйренгенсізбе, барлығын әдемілеп құтылатын қашанғы әдеттер сізгеде жұға бастағанба қалай?
ـــ балтырыңды қандаудан қашасың.
ـــ ілбіп жүре беруде жұғады екен-ау.
ـــ дұрыс айтасың бауырым, сонау бір жасқа жетер- жетпес кезіңнің өзінде күлсең шешең құшақтап меиірін ақтарып, ақ сұтын береді. сосын дәнігіп алған сәби күле береді. бізді сол сәби шағымыздағы баулысын осылай жетелеген.
ـــ деседе ғұмыр бойы бұлқыныс жасап өте беретін адамдар аз емес ағасы.
ـــ ақиқат дегеннің не екенін білемісің бауырым?
ـــ ақиқат деген мен, сен, ол!
ـــ жо, ақиқат ешкімде емес, біздің маңайымыз. соны бауырымызға басқымыз келеді, содан барып өтірік жасауды үйренесің. олай болса, ақиқат - өтірік жасаудың анасы, сосында кеиде өтірікке иіліп тұрады.
ـــ қосылмаймын, мына дүние әркімнің көзімен қарағанда әр тұрлы, ақиқатымды бүлдірмеңіз аға.
ـــ сол әрбір адамды алжастырып жүрген маңайымыздан не дәмететінімізді, оған қалай қол жеткізетінімізді ойларсың бауырым.
ـــ сіздікі дұрыс болсын, сәл ерте есеиген адам ертерек қартаятын болар, ـــ деп ширығып алыпты. недәуір отырып барып орнымыздан тұрдық. жатаққа келіп оның хатын аштым, екі-ақ сөйлем «қош бақыт іздеуші, менде бақытымды іздеп жұрмын. бәлкім, іздеп жұрып өмірден озармыз» прөметеидің жүрегінше кеудемді жын-жыбылыс жұлып жеп жатқандай күй кештім. адам өміріндегі тапқаны мен жоғалытқанын таразының екі басы десек, мен ісірә не таптым. мүмкін барлық адалдықтарымды айырбастаған шығармын алдамшы дүниенің аз күндік қызығына. әдетте алға басу деп айғай сәлғәнімізбен шындап қарасақ кері кетіп бара жатқан жоқпызба? деитін жауапсыз, мақсатсыз сұраулар ышқұсталыққа жетелеиді...
қізмет бәйләнісімен құлжаға барғанмын. «кезігіп қалар» деген үмітпен неше айналып келсемде, баяғы қара қақпа мелшиген күйінде сіресіп тұр. кеште қөнәқжәйдән алған жатағыма келіп дем алып жатқанмын.қайдан білгенінәріпжән әбітәй іздеп келген.
ـــ қанша қәшқәніңмен бәрібір, құлжадан қоймай табамын, ـــ деп қарық-қарық күледі. әқжүрек ақын азамат. кеиде әріпжәнмен кездескенде көз алдыма жомарт жүрек шайырлар елестеиді.
ـــ келіншек қырдағы ата-енесіне кеткен, қәзірше салтпын, жатағыңды қайтарып бірге жүресің, ـــ деп алды еркіме қоймай ертіп шыққан. қақпадан шыға берісте ол кезікті. күліп келіп амандасқан. көзінде белгісіз бір мұң ойнайды. көңілім аласапыранданып, не айтарымды білмеи ыңғайсызданып қалдым. әріпжән екеумізге кезек қарап, таңғалысы Н жасыра алмай тұр.
ـــ бұнда қалай жұрсың? ـــ деимін абдырап.
ـــ үйім осы арада, жігітім екеуміз біргеміз, ـــ деп нығыздала қалғаны, қәйтер екенсің деген кекесін,
ـــ құтты болсын! ـــ дедім, үйреншікті жәй, «енді қәйтер екенсің?» деп екінің бірі қиқарланып тұратын дәуірге ет үйренгелі қашан.
ـــ қазыр жақсы өтіп жатқан боларсың, үлкен қала, үлкен орын, тек айналаңа ғана...
ـــ құдайға шүкір, жақсы.
ـــ сенің қолыңнан бәрі келеді. өзін-өзі жасырып қалу үшін адам баласы не стемеиді? ـــ өңі көгергіштеп, көздерінен жек көру сезімдері ойнады. енді айтысар сөз қалмаған еді,
ـــ қош! ـــ деп жүруге ыңғайландым.
құлжаның көшесінде адам сиреген, әрекең екеуміз ананы-мынаны айтқан боламыз. ойым өнімен бірге кеткен. «тауба, өзі емеспе еді бірге кетеиік дегенде ұнамаған, кектенгені несі?» басымда жауапсыз қалың сұрау. әрекең көңілімнің терезесін қаққысы келгендеи,
ـــ өнімен қашаннан бері танысасың?
ـــ сенде танимысың? ـــ деп қайтара сұрағанмын.
ـــ білемізде әрине, бір әудәндікі тұрсақ.
ـــ онда қәзіргі жағдайында білетін ұқсайсың ғой? ـــ деп құтқурлай тұстым.
ـــ қазыр ешкіммен бірге емес, бар ынты-шінтімен сауда жолын қуған қаламыздағы қазақ қыздарының ішіндегі ортан қолдай тәбіскер.
ـــ екі сөйлемеитін еді, мінез адамды қалай жетелеиді, ә?!
ـــ жә, досым, сауда қылуда сана мен талғамға соғып тұрмайма, оны қәйтеміз, қайта біліп тұрып білмес, көріп тұрып көрмес заманға баққан жөн шығар.
ـــ апырау, сенде тайлақ кезіңнен жетекшіл болғанбысың, ـــ деимін қалжыңдап.
ـــ қәйтесің, мықтылығыңды әйгілеп көр, кеше көз алдымызда өскен бала демеиді, қайта ертеңгі шөгір боп қадалар пәле деиді мұндарлар, көзіңе күйінген көп ақылмандардан тілеген жақсылығың орға жығар жімсімәліқтәрмен астасқан. сосын жетекке жұрып, әліптің артын бақпай көр. ـــ деп шінімен күйініп тұр.
ـــ ондайларға өкпелеп қәйтесің әреке.
ـــ жоқ, ـــ деиді қолын сілтеп, ـــ менімен бірге қізметке келген жорға берікті білесің. сол жорғаның тәлеиі оңынан келген. әуелі ақыл айтып құлағыңды мұжиды. әйтеу жаға береді.
ـــ күйініп қәйтесің, мүмкін мықтылар сол жағынуды білетіндер болар. олар өзіндегі даңық пен мақтан сүйетін ерекшелігін, басқаларға орынды қолдана білген шіғәр.бізде әркім өзімен мінездемесі ұқсастарды тартады, баулиды. содан барып бірнен-быры аумайтын, ой пікірі ұқсас бір топ барлыққа келген. елдердің бәрі үйренген ұқсастық.
ـــ соларға жағынып, кісілігімді жерлеп жұрып алған атақ пен даңыққа беишке бармаспын.
ـــ өзіңді өзің ая әреке, тұбы тарих үкім жасайды.
сырласып ұзақ отырдық, жерге жарық түсе бастаған. «таң алдында тамылжып» екеумізғәнә.
ـــ әреке, ـــ дедім, ـــ іленің бойына барып келеиік.
ـــ сағынған екенсіңде, ـــ деп әрекең жинала бастады. іленің бойына келгенбіз. өткел бермес палуан іле адам жасаған қянаттардан тілім-тілім арналарға бөлініп, арнасынан асардай аласұрудан қалған. жуас бір тұнжыр қалыпта жылжып батыстың құшағына құлап барады.
ـــ өлең оқышы әреке, ـــ деимін. әрекең он сегізіне қайтқандай шабыттана жыр оқып тұр.
«сезімдер мынау он сегіздегі,
жырыма ғажап береді от.
бұл күндер ата сенсеңіз, мені
тербеиді өмір керемет!...»
тұтас аймақ өлең өріп, ән салып тұрғандай. бір кезде ол екеуіміз отырған жағалауда баянсыздау баққа мастанған екеу отыр. кеңсірігім ашып, көзіме лып етіп жас келгені, әріпжәнғә білдірмеи теріс айналдым. шым-шым қайнаған иірімге телміріп отырған беинесі көз алдыма келіп, өзім үшін өзеленген сапарымдағы бодаусыз өшірген махабатымды іздеимін. тәңмен таласа боз торғай шырылдады. бәлкім олда әлі күнге сағынатын шығар. «шырылда менің телегеи сағыныштарыма айналып боз торғай жүрек» деп күбірлеп тұрмын.
2006-жылы10-қыр күйек үрімжі

сусамыр

қыстайғы сары аязға арқасын алдырған, қар екеш қарды да шығыстан соғар сары ызғырық тоқтатпай қыр арқасын жалаңаштап, қыс бойы дүңкиіп қара жататын, осы өңірдің кеңсірігіндеи қоңыр дөңнің жаздада қарығы ашылмаған. көктемнің сылбыраңына аздап көгергіштегенімен сәурдің соңынан бастап ыси бастаған күннен кенезесі кеуіп, тандыры тартылатында жататын. шулаған құс қаптайтын көлі, қойнауын толтыра өрер қоңыр аңы жоқ мелшиген қоңыр доңның белдігіндеи жол кесіп өтетін. жұрттан ауаша саяқ жүретін тәбиғәтімен әрбір жырасының басынан малшы қазақтар отар қалқитқан. замандардан бері осы өлкені мекен еткен бір жұп боз торғай тұқымдық қалтырар зәруәт тұсында қызыл шақа бал пан өргізер құтты мешін ұясын салатын жер таба алмай шыр-пыр болып жанталасады. көзі үйреніп кеткен отар иелері бір жұп зәруәт үшін арыпталасқан жұдырықтай жан иесін елепте қоймай шаруаларын күйттеи берген. қоңыр доңның топ-топ болып өсетін қызыл күрең тобылғысына деиін қойдың сары қиына араластырып тіршіліктері үшін тұтын түтетіп тауысарға айналған отардағыларға не керек?... ...осынау қоңыр доңның кеи-кеиде өзінше танытар мінезі де бар. мама қарын бұлыттардың тамтұмдап тиген сылбыраң ұшқынының өзіне қанағат қылып, барынша мәрттік жасап қызыл, жасыл, сары ала гүлдерін кешкі шапаққа бөленген теңіз жүзіндеи толқытып, көз сұғын суырып, алдамшы аз күндік қізіқпен бой жасайтыны қызық. қоңыр адырдың осындай аз күндік жасаруға бөленіп тұрған сәтінде, бабалары кезінде осы даланың ежелгі тұрғыны, өздері бүгінгі адам илеуіндеи үлкен қалада тұратын аңғал таулықтардың соңғы ұрпағы, батыстықтардан еліктеп жұрып жұқтырған«шырын ай өткізу» деитін, ер мен әйелдің өліп-өшіп еміренісер баянсыз зауық, сезімдік құмарлықтарға уланған жүйкелеріне тыншталар бір мезеттік желік қуып, жанды біткенге қызғаныш уын ішкізетін нәпсі тіленістерін қандыру үшін қоңыр адырды тауға балап жеткен еді. қанталауға тұсырып, әбден сорпасын шығарып қинап мінген пері тұқымы жылқы жануар қаншама қажып тұрсада, туған топырағын аңсап, шідерден құтылған күні көз жаздырып мекеніне арқырап тартып отыратын. туған жерінің тұмасын сұзып ішіп, бөгде мекеннің тісіне тұрған көлденеңін шайқап тастар еді. жылқы екеш жылқыдай тегі қалмаған далалықтардың ұрпақтары қоңыр доңның төбесіне ғайыптан біткен астауша таста бұрқырап қайнаған тұманы, әр тұрлы шүперек байланған жалғыз тұп шетенді айналдыра таңырқап, ежелден бері елдердің санасына өшпестеи орнасада, бұл күндері бал-бұл елес сяқты естен көтеріліп бара жатқан бабаларының сенімдерін ыржиыса келекеге айналдырған. қоңыр адыр қаншама түрленіп, сары таңда шөпке қонған қыраудай баянсыз бой жасауға бөленіп жәйнәп, жәсәрғәнімен, жүйке-жүйкені балбыратар күннің шуағына ұрынғасын қожырқай тастақтың ысып шыға келетіні бар. сосын өзін-өзі қуырып, баянсыздау баққа мастанған қызыл, сары, көк гүлдерді қуратып тыным табатын. дәл осындай мезгілде мауыққан екеу қоңыр дөңге шіққәндәрімен борсып терлегенге шыдай алмаған әйел жалғыз тұп шетеннің көлеңкесіне буындарын сыртылдатып енді ғана тізе бүккен еркегіне зілсіз назға толы әйелдік әйләмен шырға тастаған.
ـــ мынау тұмаға шомылғым келіп тұрғаны, су шәшіп жіберерсің, ـــ еркек деген кеуделілерге қарағанда көп нәзік көрінгенімен қырық есекке жүк болар қылымсыған ақыл иесі хауананың соңғы ұрпағының алдында су шәшіп жіберу былай тұрсын, одан зорғы қырғынға деиін бара беретін адам ата текті еліп ете түскен. қаланың пар моншасында отырғандай рахаттанып тұрып, қолтығынан шыққан шайырларынан тартып алуан тұрлы химялық қосылыстардан уланған денесінен шыққан кірді ысқылап мәз болған. түлкі жүріспен қадау-қадау биналардың арасында қоянның жымы іспетті, өзі ғана білер жімімен талай итжатақтар мен биналардың есігін тоздырған еркек әлде кімдермен бірге болғанда жұқтырған, кеиін алғыншығына мауыққан алғашқы түнде-ақ жұқтырып үлгірген, дәл қазыр екеуініңде жанды жерінен көксәғәлдәніп бөртіп келе жатқан түймешіктің сұйсынып, түбімен босай қалғанына рахаттанып ұзақ жуынды. ысылдап айбар шеккен ақ жыланды шетеннің бұтағын сындырып алып айдап тастады да жалғыз тұп шетенді панасын көріп күнтиместерін жаппастан бір-біріне ұзақ мекіреністі.
сұлу сұрша боз торғайлар кішкене қанаттарын тербеп, өзі жетер биікке асылып ұзақ шырылдады. ібіліс пен сайтан аздырған адам ата мен хауананың өкіріп жылай алатын, қуанып мұңая алатын, деседе тым жауыз азғырынды соңғы ұрпақтары сол беишәрә боз торғайларға қарапта қоймаған. қоңыр доңның басында ертең-ақ ұзақ бірге болғанда жеритін нәпсінің баянсыздау, деседе тым тұпсыз иірімдеріне тоғытылып отырып күн жарықтықты өз ұясына еңкеиітті де, қи иісінен жиіркене жұрып, отардағылардың қалқиған баспанасына жеткен. далалық жомарттықтан жүген ұстап кетпеген, қазанындағы қаспағын сәтімсәқтіқпен өзгелерге өткізуден гөрі әғәйінмен бөліп жегенді, аз тірлікте ілік-шатыс болып өтетін берекені ғәнибет білетін отардағылар бар іқіләстәрімен қарсы алған. соғымнан қалған жалғыз жамбасын ерте жетілген бойлақтың етімен қосып, көнелі-жаңалы астан қазан көтерген. үлкен аталары осындай отардан етінің тірі пысықайлығы мен азырақ дәулетіне сүйеп жалғыз ұлын оқытып қ ла жағалатқан, бүгіндері сол жалғыз мұйызы қарағайдай болмасада бірер мекеменің ішінде мәнсәптің қалай қасығынан ауыз тиып жүрген таулықтардың ұрпағының ұрпағы жас келіншектің сұқтанғыш тіміскі жанарына бармайтын жері жоқ, өсіп-өнгіш сұр бөрте мақұлықтың қазан-аяқ жақтан жүгіріп өткені, оның соңынан жуан тарғыл мысықтың далаға беттегені шалынды. заманға сай бетөнді кірпіштермен қоршала қоймаған, алты ағаштың басын қосып, тұйып отырып өздері қабырғасын қалқитып алған қандастарының жатаған отарындағы үйшіктің ішінен көрген сұр бөрте мақұлық пен тарғыл мысық, қәнден иттер аузы-басын жалап жатсада жиіркенбеитін келіншектің тамаққа тәбетін тарттыра қоймады. «ала ғой»дың астынан алған көпес қандастарының пеиіліне селт етпеген беті бежіреиіп, асқа қол созбаған. бұл түні отардағылардың шамдары талықсып тұрып жәй өшті.
екі аяқты ақыл иелері өздерін қаншама ақылды сезініп әсқәқтәғәнімен арғы тегі адам ата мен хауана тәңірдің қарғысына ұшырап беиіштен қуаланғанда панасын болған қәсиетті жер ананың, ұлы табиғат дүниесінің бар болмыс бітімін ұмытып кеткендеи, қолдан жасаған беиіштерінде барлығын бауырларына басқысы келіп шапқыласып жүрген. хаюанаттардың ең ақылсыз топасы санайтын доңыз екеш доңызда алдыңғы аяғын көтеріп тұрып азғана дамыл көретін талмау тұсында өзінің өлеріне деиін білетін қәсиет дәріғәнімен, солбыр талмау түстің аянын аяғын аттап кеткенде ұмытып сала беретін көрінеді. табиғат ананың силаған қәсиеттерін, өздері тапқырлаған жаңалықтарына тартқызып сала берген екі аяқтыларда дәл қазыр сондай бір қалыптың құлы болған еді.
жер бетіне түскенде топыраққа шаранасын жабыстырып тұрып, жел қақтырып ширайтын, екі аяқтылардан бөгдеше жан иелері таң алдындағы өләрә шақта беи-берекет шулаған. қотандағы қойға қосылып зеңгі бабаның ұрқы өкірген, қой әяңімен мүлгіп жүре беретін құла қасқада шідерін үзіп ұзаққа кісінеи шапқан. адам атаның етегіне оралған ит екеш итте қанындағы жаратылысының тамтұмдап сарқыла қоймағанын білдіріп, аулаққа шығып ұзақ-ұзақ ұлыса, тарғыл мысық есік көзін тырналап далаға хам жасаған. ұзақ жыл тым-тырыс жатқан қоңыр дөң өзінде жоқ бір мінезбен тулады. малшының баспанасында екі көзі бақырайып жатқан келіншек әлдімен ойбай салып ұшып тұрды. жер астынан жеткен жұмсақ діріл ыдыс-аяқтарды сықырлатып, сондай бір шәпшәңдіқпен өте шыққанда, оянғандардың бәрі далаға шыққан. күшті гүріл жер жаһанды зіл-залаға салып тағы жұрды. қайта-қайта гүрілдеп тұрып сілкінген қоңыр дөң үстіндегі дүние қоңыздарды төгіп тастағысы келгендеи бар ашуын жиып ұзақ тулады. сосын қара дөңнің басына жаратылыстың қүдіретімен біткен астауша тасты тесіп қайнап шыққан тұмадан будақтап жалын көтерілді. күллі екі аяқтылар өлердеи қорқатын, ұрпақ өрбітер тұстан көксәғәлдәніп бөртіп шығатын, соңынан тұтас дененің мазасын алып, ағзаларды шірітіп тауысатын тажал мерездің былғанышынан киесі шамданған қоңыр дөң тұма көздің астауша қара тасын қақ айырып аспанға атты, жалғыз шетенде түбімен жұлынып күйіп бітті. аспанға неше он метр жалын ойнатып жан дауысын осылай шығарды да қоңыр дөң әбден мазақталған тұста таусылып бітті... ...
еркек құшағының аз уақыт жұлмалап, көк жалқын жауырын терін бұрық еткізетін ең алғашқы аяусыз құмарлық үстінде, желден басқа сүймеген күнтимесінде адам тілі беинелеп жете аламас удай ашыған жұп-жұқа қыз ұятын жыртып, бір тамшы қанын арнаған, содан ләззәт тауып көп өтпеи сол түлкі жұрысты еркегінен айырылған кеюәнә қәзірде зауықсыз бір меңіреу күйде. сол меңіреу жәлғіздіқпен өзегін жұлып жер тынымысыз бір құмарлық отынан, тұн бойы өкпе-бауырын суырып солқылдатар азаптан айығуға бел буған. осыдан екі жыл бұрын, қоңыр дөң тулаған сұрапылда аңырып тұрған беті төбесінен еріген балқыма құйылып бақиға аттанған серігінің басына келіп құран оқып, өлінің қарызынан құтылып, ертеңгі тірлігі үшін әйелден қарығы ашылмаған тағы бір еркек деген дүние қоңыздың езіп-жаншуына, ойыншығына айналуға бола тіленгелі, ендігі ретте шәйір иісті қолтығын искеитін тағы бір еркекті ертіп жолға шыққан.
жетібәй деген әулие шалыс діндәр уағызнама айтатын. көшпелі далалықтар ұрпағының құлағына сіңісті қәсиетті күмбірмен, жат жұрттың жанды елітер тәпсірлерінен басқа, тап-таза мұсылмандық иманшылықтың желге мінгендеи желігіп кеткен ағайынға тәубе үйіртер тәупиіқтәрі еді сол әулиенің ұзынды күн сарнағаны. «адам ата мен хауана бірін-бірі көрмеи өтсін деп пәруәрдигәр екеуін сиқырлауға періштелерг бұйырады. кеиін сайтан тіліне азып, жер бетіне түсіп мұз сіреу үстінде бір-бірін көргенде булана қалған жалын құшқан екеу мұз сіреу үстінде мауықтарын басқан. адам нәпсісі осыдан басталса керек. содан тартып адамзаттың көзі дүниеге тоймас бастанса керек. еи, адал мүминдер, алланың құлы, тәубә келтіреиік!» осы уағыздан алуан тұрлы ой оралатын. көз алдыңа сонау бір таудың етегінде бес ешкісін құрттап, айранын ұрттап, жападан жалғыз үй отыратын жетім шал келетін. бар қялы бес ешкісін өсіре беруде ғана қалған қәтігез шал өнбестен асып қалған жалғыз қызының көрер қызығы бар деместен осы иен далаға көшіп келген. қапастағы торғайдай құсалы сұлу әке қабағынан аса алмай жәутәңкөз бір күй кешетін. бес ешкінің бұтына жабысып отырып сауып алғаннан кеиін мықшың қаққан әке тері тонын қаудырлатып өріске беттеитін. жалғыздықтан құлазыған мұңлы сұлу бұлаққа баратын. сұп-суық бұлақ суын кешіп, құлазыған мүгедек жүрегіне рахат жан себілдік іздеитін. сосын, гүлдерді қызықтап бұлақ бойында ұзақ қыдырғыштайтын. жаратушысынан жалғыздықтан құтқара көр деп жалбарына тілек тілеитін. сол нәзік жанды әйел затының құлазыған шағында құтқарар үміт нышанындай, ханның жалғыз ханзадасы аң қуып желденіп жұрып осы құсалы сұлудың үстінен түседі. бұлақта кәперсіз құйынып тұрған сұлудың аппақ еттеріне шағылысқан күн нүрімен ойнаған су тамшылары көзін қариды. ғашықтық деп аталатын дауасыз дерттің ұшығы жабысқан ханзада қыз әкесіне құдалық айттырады.быр елдің ертеңгі билеуші әміршісі қолқа салғанда, алар қалыңды есептеи алмай есі шыққан қажығуыр әке қабағының қатпарынан айтқызбай білген есті сұлу шешесі марқұм табыстап кеткен бармақ басындай қалтаны қаудыр тонды әкеге беріп жолға салады. бір патышалықтың қазынасын бірәқ жалмағандада толмаған бармақтай қалтаға қарап аң-таң қалған халайық қыздан жауап алғанда, пенде деитін тойымсыз нәпсі иесінің көз қалтасынан тігілген қалта екенін естіп естері шығады. сол кезде бір шымшым топыраққа қанағат еткен бармақтай қалтаға таң қалмасқа шараң не?!... ...быр шымшым топырақ пен бармақтай қалта осылайша үші-қиыры жоқ қялдарға жүкті етіп, тәубә үйіртер таупиықтарға толы ой ұшығын сабақтататын еді. киелі даланың төсінен қанағат пен ұлағат еміп өскен көкжәл рухты елдің ұландарының өле-өлгенше көкірек көзін ашып, көкеиіне тәубә деген имандылық нұры таңбалансын деген тап-таза ниеті еді, киелі даланың ең соңғы сарқыны іспетті жетібәй деген әулиенің күн бойы сарнайтын уағызнамалары. адам көзі неге тояды деисің, топыраққада тоймас болып бара жатқан пенделерде көкірек көзі болушыма еді тәйір. әркімдерге ермек болып, әркімдерді ермек қылып бара жатқан алдамшы боқ дүние бұл.
екі жарты бір бұтын болып, ғұмыр кешіруге бола бақи дүниеде жатқан аруақ басына асығып жеткен екеу, қып-қызыл балқымаларға айналған қоңыр дөңге келді. байырғы бой жасап жәйнәйтін қоңыр дөңде, қалқиып тұратын отардың орны да өшкен. айналасы ат шаптырым, шор-шор болып үйілген қадау-қадау балқымалар ғана қалған. қоңыр дөңнің қып-қызыл қанындай ұйып қалған ағынды балқыма шошынды болған әйел затын езілтіп, сол бір таңғы елес есінен айырып айырып әзәптәғәнімен, дүние қоңыз еркек оны елемеген беті осынау ғажап көрініске жымысқы ой иектеп сұқтана телмірді. құрлықтан құрлық аттап кезіп жүретін, ақшасын қайда істетерлерін білмеи, өзінікі емес, қайта өзгенікі қыздай көрініп, өзге жұрттың қызарғанына емінгіш әлгі бір сал-сері топты мынадай көріністің тамсандырмай қоймайтынын мөлшерлеп үлгірді. иесіз қалған өлкенің өлексесіндеи балқымалар шоғыры алдағы тағы бір адам жанарынан қағыс қалмады. не көрмеген дала, нені өткізбеген жер ана деисің бұл.
келесі көктемде қоңыр дөңнің айналасын қоршап қорғандар соғылды да, жағалай сәулетті сая жәйләр түсе бастады. өлексе балқымалар самалға ілесе құтырна шулап азалы ән салады. тәкәпәр да паң даланың өкпесі ісініп сыбырлап, сусамыр болып татарып жатыр... бұл күні... қоңыр адыр бұрынғысынанда мазақталып жатты...
2007-жылы20-тамыз. үрімжі



ақ беиіт хикәясі

ـــ көке, жәйләуғә баратын шығармыз?
ـــ уағында көреиік, бара алмайтында шығармыз.
ـــ онда, менде бара алмаймынба?
ـــ ұйықтағалы жатқанымды көрмеи тұрмысың?
көкесінің кіжініп, даусын көтергеніне қаймықты ма, баланың үні сап басылды. басқаға емес сөзге тым сараңдық жасау ұнағаны жоқ. бір талайда кеңір болсада үйдің ішін ауыр жәйсіздіқ басқан. тынысым тарылғандай. арлы-берлі аунақшып жаттымда далаға беттедім. тұпсыз терең алқара көкке біреу а Деиі шәшіп жібергендеи жамыраған жұлдыздар хял құшағына құлатады. не ойладым?... ... хялымды артымнан келген баланың дыбыры бөлді. олда алқара көкке шалқалап тұрып қарайды.
ـــ жұлдыздардың саны қанша екен ә?
ـــ ешкім де санап тауыса алмайды.
ـــ жо, атам адамдардың жұлдызы болады, біреуінде бірден деген.
ـــ мүмкін солайда шығар.
ـــ сізде атамның айтқандарына сенесізбе?
ـــ сенемін.
көңілденіп сала берді. саусақтарын шығарып жұлдыздарды санауға кіріскен. «біреу, екеу... он бес...» тағы да көкке қарадым. «көктен не іздеиміз екен?» ойым әлде қайда қыдырып кеткен. жақын арадан жылқының пысқырынғаны естілді. бала тағы сөйлеп жұр.
ـــ былтыр әтәмдәрдікіне барғам, сонда тайға мінгем. бірәқ... ...
ـــ несі бірәқ?-түкке түсінбеи балаға қараймын.
ـــ айтсам күлесіз, тайдан жығылып қалдым.
ـــ содан?
ـــ содан кеиін жыладым, тұрғым келмеген. атам келіп «көтер басыңды» деп зекімесе тұрмас едім.
сөздеріне қызығып тағы сөйлеткім келген.
ـــ атаңнан қорықтың ба?
ـــ жоқ, ұялдым.
әлде бір жерім шым ете тұсты. мен баладан ұялдым. мен сяқты талайлар ұмытқан ұят дегенді басқалар ұмыта қоймапты. біртәләйдә жеңілдеп қалғандаймын. сырт көзге жуас көрінетін далалықтардың намысының өрлігін көргенде марқайып тұрсамда, баланың көз алдымдағы тұлғасының алдында жасып, шөжіп қалған едім. жақын арадағы кішкене ғана өзеншенің қабағынан үкі әупілдеген. бала тағы сөйледі.
ـــ атам үкі күлсе жаман болады деген.
ـــ үкіні көргенбе едің?
ـــ көргем. былтыр көкем ұстап әкелгенде, атам жүнінен азырақ алып қоя бергізген болатын. атам жәнеде үкі сайтанды қуалайды деиді.
ـــ сайтанды көріппе едің?
ـــ дауысын естігем, былтыр шаппалықтан қыз-жігіттер кешке қарай ән салған. артынан қыздар жылағанда атам шәшті сайтандар деп боқтаған болатын.
сайтан туралы ойландым. есіме ямәйкә атты үш мың жыл бұрын жасаған мысыр ханышасының хикәясі оралды. мумяланған сүйегі табылғаннан тартып жылға жетпес уақытта жирмадан астам адамның жанын жалмап, соңынан «титәник» мәркәлі алып парахоттағы мыңнан астам адамның түбіне жетіп, су түбіне зым-зя шөгіп кеткен сол мумяны суретке алғанда түскен жәдігөйдің беинесі елестеп, бойым мұздағасын балаға қарадым.
ـــ тоңған шығарсың?
ـــ тоңдым. ـــ деп рясыз қалпында қолымнан ұстап тұр.
ـــ онда үйге қайтайық.
үй ішінің ауасы қышқылтым иістерге толған. қолқаны қабардай болмасада даладан кірген адамға жәйсіз. есіме ұлы жаратушы оралды. ұлы исыламның мұсылманшылық парызындағы бес уақыт дәрет алуды ептеп түсінгендеимін. біздерге адам ата мен хауанадан қалған, күнәлі барыстарымыздағы нәжістерімізден арылуды ниет еттірген шығар-ау. ал, гректің жәрәтушімен тайталасқысы келген ферғәуінінән кеиін, екінші рет екі аяқтының ақылдысымын деп жүрген нитісше деген ділмәр «құдай өлді» деп соқты. біз жүрегіміздегі иманды күнде өлтіреміз, қалта мен қарынның қамы тұрған жерде қор болған иманның қанағат дегенді таба алмай көзі жылтырайды-ау. ойдан-ой туып ұйықтай алар емеспін. сол жағымнан бала аунап тұсты.
ـــ мен сайтаннан қорқып жатырмын аға.
ـــ қорықпа ол жоқ нәрсе.
ـــ онда ұят болған екен, жоқ нәрседен қорқып, ـــ деп жеңіл күліп қойды. ұйқым келер емес. жер түбінен қаңырығымды түтетіп нағашыларыма сәлемдесуге келгенмін. нағашы ағамның пеиілсіздігі ұнамады. ал, нағашы атамды көрмегелі де талай жыл өтіпті. өкпелеп бақырайып жаттымда, таң шеті сөгілгенде тысқа шығып өзеншеге беттедім. қашан тұрып алғаны белгісіз, артымнан бала ілесіп келе жатыр.
ـــ бүгін қайтасызба?
ـــ жо, әтәңдәрдікіне барам.
ـــ мені көкем жібермеиді, әйтпегенде барар едім.
ـــ неге?!
ـــ... ...
ـــ онда көкеңе айтып ертіп кетеиін.
ـــ распа?
ـــ уәде.
балаға қолымды ұсындым. ол нәзік саусақтарын маған созды.
машина кедір-бұдыр тау жолында ышқына өкіріп зорға келеді. ырғақтаған жүк машинаның жұрысы қажытып, әбден зықымды кетіріп болған. тау ішіне ілінгенсөң алуан түрлі шөптің иысы танауға ұрып, сезіміңді қытықтап, сергіткендеи болады. алдымыздан көлденеңдеп тағы бір таудың сұлбасы қатарласа бастағанда бала маған бұрылды.
ـــ әтәмдәрдікі сонау көрінген қарағайлы тепсеңнің бауырында.
кештетіп қарағайлы тепсеңге тігілген қос ақбоз үйге жеттік. шөфер жігіт асығыс екенін айтып бізбен қоштасып жұрып кетті. маңғаз қарап үруге ыңғайланған ақтос баланы танып, құйрығын бұлаңдатып алдымыздан шықты. бала екеуіміз жарыса сәлем беріп үйге кіргенде төрде қара шал намаз өтеп отыр ек н. намазын өтеп болып, біз тізе бүккеннен кеиін келіп дірілдеген қөлімен екеуімізді кезек құшақтап сұйып жатыр.
ـــ үй іштерің тегіс аманба балам?
ـــ аманшылық ата.
ـــ үлкен азамат болып кетіпсің балам. аман болыңдар, ـــ деген атам сөйлеи жұрып сыртқа дыбыстады.
ـــ бұлбұл балам, мына балаларға қымыз құй. ـــ иә, ـــ деген келіншек бізге аузын жыбырлатып қана аман-сәлемнің ырымын істеп, айланбай тысқа шығып кетті.
ـــ мынау кенже келін, батыр екеуің құрдассың, сол құрдасыңның адамы. өтіп бара жатқан заман деген, бұлар үйленгелі де бес жылдан асып барады. бірәқ... ... нағашы атам сөзін ұзып тоқтап қалды да тізесіне шынтақтап отырған баланың басынан сипай берді. бұлбұл тегене толы сары қымызды әкелді. нағашы атам одан-бұдан сөз қозғап, талай кеңестер бастады. әңгімемен недәуір отырып барып тысқа шықтық. сонау көсіліп жатқан алып таулардың сілемдеріне көз салып тұрмын. деседе ойым үйде. «әкәу деимін, келін түскелі бес жылдан асып барады, бірәқ дегені несі?» мама ағашқа келіп аттан түскен батыр қялымды үзген. арамыздағы аман-сәлемімізде ұзақ болмады. алдын-ала келісіп қойғандай, бір мал әкеліп соны союға кірісіп кетті. қялым жетпеитін қалың мазасыз сұраулар.«ғажап, нағашы атамның кенжесінің қолына отырмай бөлек отырғаны несі, ел аман, жұрт тынышта бұл қай сасқаны?» жауапсыз, түсініксіз сұраулар меңзіғір бір ышқұсталыққа жетелеитін. тамақ желініп болғаннан кеиін «өздерің кеңесіп отырыңдар» деп нағашы атам баланы ертіп бөлек үйге кетті. батыр ананы-мынаны айтқан болады. бұлбұл үнсіз. анда-мұнда тамақ ал дегеннен аспайды. меңіреиіп отырған үнсіздік өлтіріп барады. келгелі «кішкенелері» қайда екен деп көзімнің қіиіғімен үй ішін тінтем. тінтемде нағашы атамның «бырақ...» дегенінің текке айтылмағанын сезінгендеи болам. өз-өзімнен қарадай құлазып қалдым. тысқа шығуға асығам. шәй жинала сала тысқа шықтым. батырда бірге шыққан. жәйләудің жұпар ауасын кеуде керіп жұтқан сайын рахат тауып серги түсесің. сонау көрсәй кезеңінің биік жалдарына деиін тунел тескен темір жолшылардың зылмауыр крәндәрі шығып алған. жердің қыртысын көшірген моторлы көліктердің гүрілі сан ғасыр бойы тыныш жатқан ұлан өлкенің бар алабын мазасыз бір күйге бөлеп, бөгдеше ән салдырып тұр. демәләмін деп бөлек үйге кеткен нағашы атам тысқа шығып алыпты.
ـــ осы кісіден-ақ көретін болдық-ау, тірі өлтіріп болатын болды. ـــ деп батыр күңкілдеп сырт айналып барады. батырдың қылығын түкте жақтырғаным жоқ. «кәрі адамның түнде түзге шығатынын білмеиме екен, бұл несі тағы?» деп іштеи шамырқана қалғам. состиып тұра бергенді ерсі көріп нағашы атам отырған үйге кірдім. нағашы атамда сырттан кіріп жәйғәсқәсін әңгімеге кіріскен. бала екеуіміз ұйып отырмыз.

2

«сағым жортқан сары далада ұсты-басы алым-жұлым, әлде бір үмітке ғана сүйеніп, күн қақтап қарайған жүзінен көзі зорға жылтыраған кеюәнә жұрып келеді. самайынан шүйкеленіп көрінген бурыл шәші мезгілсіз қартайған беишөрә кеюәнәнің бар қайғысы менмін дегендеи, соққан желмен шұбалаңдап, алсын-әлі көзіне тұсып мазасын алады. аштық пен шөл қатар қинаған кеюәнәнің ілбіп басқан аяғы кеиін тартады. ойлайды, ойлайды да қайратына мінеді. қорқыныш билеп соңына үреилене көз салады. тағы тырмысады. күндізден қорқып кеш батса деп, кеш батса таң атса деп арыпталасқан кеюәнә тағдырға нәлет айтады. қабанды байдың қызыл көз жендеттерін ойлаған сайын буыны бүгіліп, дәрмені құриды, тағы тырмысады. безерген даланың көз жетер аймағын лапылдаған жалын құшып, шегірткенің шырылы мен безілдектің дауысы ғана осы көз жеткісіз алаптың қөжәйіні біз дегендеи тынымсыз шығады. ана сұты аузынан кетпеи тұрып, қызыл қырғында жер ошаққа бөлеп кеткен шикі өкпесін ойлаған сайын бойына күш-қуат дариды. солбыр қанды кеште омырауын сыздатқан ақ сұты көз жәсімен бірге айдалаға сорғалап, тападай-тал түсте беиғәм елді басып қалған жау қолында айдауда кете берген еді. одан бері де он жылдан асқан. құлыны барма, жоқпа? одан беихәбәр. он жыл тартқан азап пен қорлыққа сол шикі өкпе күйі қалған беишөрәсі үшін өлмеи шыдап келіпті. ақыры тұн жастанып, аналық сағынышына жетектеліп осы сапарға шыққан. иен даладан бір шоғыр майысқақ тал көрінгенде қуаныштан жүрегі атша тулап, кішірек тұма көздің айналасына біткен шоғыр талдың көлеңкесінде шөлін басқан кеюәнә өзінің қалғып кеткенін сезбеді. ат дүбірінен шошып оянып, орнынан тұрып үлгірмеи жіпсік көз, өңкеи сұрланған меиірімісз көптің қолына түскен. кендір арқ Әнмен тыртыстырып байлап алып жүргенде кеткен. қамшының астынан алған тасбауыр жасақтың айдауында ботадай боздап нәлет айтып келеді. қарғаған қарғыс алғысқа айналып тиетін бітік көздер елеп-ескерер емес. мазақтап, қорлап, мал айдап келе жатқандай келекеге айналдырған.
қабанды бай шыңдары көк тіреген сондай сұлу, әрі халқы қырғын тауып босып кеткен өлкенің ең құтты тұсына келіп, жасақтарын жіберіп, өзі аң аулап қызыққа батып жатқан. қашқын қолына түскенін естіп бұлардың алдынан шыққан. ерні кеберсіп, жанары өшкіндеседе әлде бір сұсты кеиіпте қатып қалған кеюәнәнің беинесін көріп терең ойға батқан. осынау аймақтың бас имес тәкәппәрліғінә іштеи таң қалады. ерлігі мен қайсарлығына кегі қайнайды. қабанды өлкесінің шұбырған қара таяқ тобырларына көптіктен басқа ерлік пен намыс бермеген тәңірге нәлет оқиды. осыларды ойлаған қабанды бай түнеріп тұрып-тұрып барып қолын бірәқ сілтеген.
ـــ асаудың құйрығына тағып қоя беріңдер.
бұйрық үнсіз атқарылып жатыр. бөрілі аймақтың соғыста жер жастанған боздағынан қолға түскен аламан жүйріктің құйрығына арқан байлап, кеюәнәні қылша мойнынан тұзақтап ілген. сосын аламан жүйріктің сауырына біз сұғып, тулатып қоя берген. ер мінез даланың долы жүйрігі есерлене шапқан. дәл осы сәтте, желкесінде бір қарыс жалы бар абадан текті көкжәл кеюәнәні сүйреткен аламанды қуалап жөнелген. мынадай сұмдықты өмірінде қабанды өлкесінен көрмек түгілі естімеген қабанды бай таң қалғанынан өзін қоршап тұрған қөшәметші топтан бөліне шауып, бір бел асып көрінбеи кеткен аламан жүйріктің соңынан жеткенде ойламаған сұмдықтан есі ауысып қала жаздайды. атты жарып тастаған абадан текті көкжәл кеюәнәнің омырауына бас қойып жатыр. елдерден естігенде сенбеген бір аңыз ойына оралған. «е, көкжәлдән туған ұрпақтан, көкжәлдә туады екен-ау!» деген өкініш күйзелткен қабанды бай кеюәнәнің сүйегін жерлетіп, жасағын бастап қабанды өлкесіне тартып отырады. сол күннен бастап осы ақ беиіттен тұн бойы мазасыз бір үн уілдеп, тарихтың жарасын қасып, баласын іздеген кеюәнәнің зарлы дауысы сан ғасыр бойы бір өшпеи сыңсып жатады. сол зарлы дауыс бес жылдан бері тиылып қалды.» ـــ нағашы атам сақалын саумалап үнсіз отырып қалған. сенер-сенбесімді біле алмай таңғалып отырмын. не уақыт өткенде барып әңгімесін қайта жалғады. ـــ біздің батыр үйленген жылы. елдер ілеге темір жол келеді екен, көрсәйдің астынан тунел қазады екен, мыңмаралдың аяққы салмауынан кесіп өтеді екен десіп гуілдеп жұрды. сол кезде бір той өтті осында дүркіреп дегендеи. артынша көкбәр берілген. батыр көкбәрді топтан суырып алып шыққанда, қайратына сұйынып кетіп бір атқа міне салып менде шаптым желігіп. батыр сол бойда атының басын ақ беит жаққа бұрып ағызып қоя берді. ақ беитке жеткенде қаумалап келіп қалған топқа қарамай ақ беиіттің басынан атын қарғытып өте шыққаны. көкбәрдә желік болады деуші еді, сол желік тұртты ме, әйтеу беиіттің басынан қарғып өтіп теңселіп барып, жығылмай тұрып қалған аттың үстінде бұрылып қарағанда екі көзі қып-қызыл болып әбден қанталап кетіпті. «астыңдағы атты құрбанға шалып жібер!» деп айғайлағанымды ұғатын емес. бірәз тұрып барып атын қамшылап жіберіп шаба жөнелді. ата-бабаларынан бері киелі санап келген ақ беиттің басынан ат ойнатып өте шыққан есерге жағаларын ұстаған елден ешкімде батырды қумады. бәрі де салқын сыздап демдерін ішіне жұтады. кеште батыр келеді деп талайға деиін тостық, келмеді. көзім ілініп кеткен екен есік ашылғандай болды. ғажап, самайын қырау шалған кеюәнә тұр. батырды сұрайды, баласын сұрайды. демім қысып, тіл қата алсамшы, бұлбұл күрсініп қалды. барлығын білген сяқты. кеюәнә үйден шығып ғайып болды. батыр ертесі келген.
ـــ неге іздедің? ـــ деиді.
ـــ жоқ, балам. ـــ деимін.
ـــ онда неге іздемегенсің? ـــ деиді.
үнсіз қалдым. міне содан бері ақ беитке күнде барам, керегімді сұраймын. ал кеюәнә келеді кеиде осы үйге, батырды сұрайды.
енді-енді бірдемені сезінгендеимін. кенжесінің қолына неге отырмаған деп ойлап кінәләғән ойларымнан ұялып қалдым. бала да өзінше ұзақ қял сұрып кетіпті.
бала екеуміз тысқа тысқа шыққанда, жәртікеш ай мыңмаралдың сеңгірі көкшөқідән ары аунап барады. сонау көрсәй кезеңнің биік шоқыларына жарық оттар шығып алыпты. тунел тескен жердегі шырақтар самсып тұр. темір жолшылардың маторлы көліктерінің дауысына араласып, топты бөрінің жан ұшыра ұлығаны құлағыма келгендеи болады. абадан текті көкжәл бұл күндері ақ беитке емес, қайта ызалы жәнәрімен теміржөлшіләрғә Қарап шоқиып отырғанға ұқсайды.

2005-жыл 18-қараша, үрімжі



маралдым

ـــ бір қыз бар маралды да қорлығайын,
дариғай арманым көп не қылайын.
ахау арман,
дүние жалған!
қәсиетіңе бас қайран есіл бабам, махаббат деитін аппақ тәңіри сезімді жырласа сенше жырласын төрткіл әлемнің төсін дүбірлетіп жүрген адам баласы. сендеи армандасын әр сөзіне қорғасындай ауыр әрі ғажап сезімдер мен соншама жұмсақ, деседе тым биік мұң силай біліп. қәсиетіңе бас киелі баба рухы! ақыл-есі бұтын ұрпағыңның махаббат делінетін тәңіри сезімдерді жырлар алдында өзіңдеи бабадан айналып өтуі мүлдемге мүмкін болмас сірә. бәлкім өзінен-өзі жүдеп, өзін-өзі жаттастырып болған біздеи сары ауыз ұрпақтар сол махаббат делінетін киелі сезімді жырлай алмай өтерміз мәңгілікке.
маралдым! осынау ән бала күнімнен бері жаныма сіңіп, жадыма шықпастай орнаған еді. сексеннің сеңгіріне шықсада көкірегі сау қара шал мен сол қара шалдың қасында ілесіп жүретін көлеңкесіндеи қара домалақтың ортасындағы тіл жетпес байланыстарды ешкім тұсындырып бере алмас еді. рас-ау, біздер сол қара шалдарға қарағанда көлеңкеміз ғой, көлеңкеміз!
өзін-өзі жағаға ұрып долданып жататын ана қастың өзге ағарларынан бөгдеше бір аспан түске бөленіп ағатын мыңмарал өзенінің жағасында біздің үй, біздің үйдің жоғарғы жағында нағашы әтәмдәрдікі отырады. әр күні таңғы тіршілікке нағашы атамның азан дауысы тамам ауылды әлдилеп оятатын еді. тап-таза өлкеде тәңмен таластыра оятар азан дауысы әр көкірекке имандылық пен тазалықтың киелі нұрын ұялатарын біле бермес балалық қамсыз күндер қәзірде кеңсірікті ашытар кермек бір сағыныш! таңғы күйбең басталып, бар адам тіршілік тырбаңына кіріскен кездің өзі ештемеге айырбастамастай жәрәсіммен басталады. тоқып отырған өрмегіне нағашы апам барады бүкшиіп. содан ән шығады кеиде шалқып, кеиде тұншығып. мыңмаралдың өзені осы бір киелі сағыныштардан таза бұлақтай сыңғырлап келіп құйылар әсем әуенге музикә шалып жататын. нағашы апамның әні мен мыңмаралдың сарылы бір-бірінің адам тілі жеткізе алмас нәзік ырғақтарын жарыстырып жатқандай ұласып кете баратын. жағалаудағы сүңгі талдың арасында нағашы апамның әніне елітіп, иірімге қармақ тастап мен отырамын. бастауын биік мұзарттан бастайтын өзен суы тастай суық. сондада үлкендердің көзін ала бере біткен бала суға түсеміз. ол кездер періште кездеріміз екен-ау, перште! кеиде біткен бала бүлдірген теріп текшеге шығамыз. қайрақты деп аталатын кең текшенің екі қапталы ат тұяғын бояитын бүлдірген. сонау көкшөқінің ең аяққы салмауын қапталдап ат жолы жатады жыланша ирелеңдеп. қара жолдан қайқайған жалғыз атты жолаушыға көзімізді талдырамыз. бәріміздің басымызда сол жүргінші әкем болып қалсашы деген хял! ауылдағы жұмысқа жарайтын еркек кіндікті түгел ойға тұсып, астық алу мен шөп шабудың хамына кетіп сағындыратын еді. қара жолға телмірмеитін қымыз әпекем ғана. жұп- жұқа еріндері жұмылып, бәріміз дабырласып жөнелгенде бүлдірген тергенсіп оңаша кететін. талдырмаштау келген аққұбаша қыз бәріміздің басшымыз сынды болғасын әпекелеп жанынан қалмайтынбыз. оңаша шығып алып бота көзі дымданып отыр.
ـــ әпеке, неге жылайсың? ـــ деимін таңырқап.
ـــ жо , жыламадым, барып бүлдірген тере қой! ـــ деп орнынан тұрып кеткені. әлі күнге солбыр кездегі «неге жылайсың?» деген сөзіме қарадай қысылып, «біздер елдердің жан жарасын шұқылауға неге сонша әуеспіз?» деген түйткіл тұрады санамның қақ төрінде. әлде кімдер біреулердің айбын бетіне салық қылып жатқанын көрген сайын солбыр сәт есіме тұсып, адамдық болмыс бітіммді шымшылап, өзімнен өзім өртеніп тұрамын. ол кезде қара жолға қаншама телміргенімізбен сағымға оранған салт атты жолаушы жақындағанда беисәуәт жүргінші болып шыға беретін. беисәуәт жүргіншіні ұзатып салып көңілсіз қайтар едік. бар баланы бастап ең алда қымыз әпекем бара жататын.
жәйләудің киіз басып, жұн сабап қарбалас болатын үйреншікті тіршілігі басталғаннан тартып, қымыз әпекем бізбен бірге бүлдірген теруге шықпайтын болды. берекесі бұзылмаған елдің есінен ол кездері асар деитін ұғым көтеріле қоймаған. әр күні кезекпен біткен ауыл ұйдың арасын думандатып кеп жұмыс жұрып жатады. балаларда ондайда ұйқы болама тәйір, қайсы үйдің жұны сабалып, киізі басылса бәріміз сонда жиналамыз. жұмыстың ырымын нағашы апам бастайды, бұл осы маңдағы елге кесілмес шөре. одан соң бүкшеңдеп үйге қайтқан нағашы апамнан ебін тауып алыстап қалып қоямын. кеиде сабау басында айт с жасалып қалатын кездерде болады. жас келіншектер мен қыздар сабау басында отырып, айналсоқтап келіп ат үстінде қылжақтап тұратын жігіттерге қара өлеңмен сөз тасқынын жібереді-ау келіп. түйе мінген төрт ауыз өлең айтады деп, жігіттерде тартынып қалмайтын. сыбызғыдай сызылған әйелдер дауысы шығандап, биіктеп қараңғы түнде қалғып тұрған нулы өлкенің өн-бойын кезіп кете барса, жігіттердің қоңырлатып, қоңыраулатып салған әні аспандап, өзінше бір салтанат құрушы еді. үйде отырған кемпір-шалдарда елеңдесіп, бойларына жастықтың желігі жүгіріп қопақтасып қалар еді. бұндай күн бізге таптырмас мереке. бір естіген өлеңді қағып алып, ертесі үлкендерге жаттап беруден өткен мақтанышты не бар деисің түге. ұжымақ өлкенің қадырын білер пайым мен парасат ол кезде бола бермеген екен. біз айырылып қала бастаған ұлылықтарды ұлықтап отырар таудың таза рухты елінің, ақсақалды қартының көкіректеріндегі көркем дүниені неге ғана қадырлы кезінде сезіне алмадым екен деп өкінемін-ау, әй қайдам, біз көлеңкелерміз ғой, көлеңкелерміз!
нағашы атама бір салғырт мінездер қалыптаса бәстәғән.күндегі ерте тұрып шақырар намаздан қалып бәрәді.түске таяу тұрып өзен жағалап арлы-берлі жүргені болмаса, бұрынғыдай қымызға шақырып келгендергеде бармайтын. әбден зерігіп, нағашы атам қымызға шықпайма екен деп аңду салам. ол кісі маған ерегескендеи аттап басып, ауыл аралағанды қойған. нағашы ағам ( шешеидің бауырын осылай атайтын едім ) келіпті деп естіп, орнымнан тұра сала солай тарттым. жәйләу үстінде беиіш жемісіндеи көрінетін алма әкеліпті. бүлдірген мен қарақатқа, таңқурай мен рауағашқа қарық болып жүрсекте, ойдың алмасы бал татып барады. нағашы атам күндегіден ширақы, жасарып кеткендеи көрінді. төрде отырған нағашы атамның жанына өткенде байқадым, түтігі үңіреиген су жаңа завод мылтық жүктің артына елеусіз ғана сүйеп қойылыпты. нағашы атам бұл күні үйге отыра алмай , қайта-қайта қарағайлы беткеи мен одан ары асқақ тұрған құзарға қәрәғіштәумен болды. нағашы апам жарағын жабдып әуре.
ـــ қойсаңыз болатын еді, бекер әкелген екенмін, ـــ деп нағашы ағам күңк еткен. айбары қайта қоймаған шал суық қарап саңқ етті,
ـــ мені әлі көмген жоқсыңдар!
айтқанынан қайтпайтын қәтігез шалдың ызбарына шыдамаған нағашы ағам шаруаға айналғансып жылыстай берді. нағашы атам өзімен өзі, ешкімге қарар емес. нағашы апамның қимылы тездеп кетіпті, сонда да сұлық. ертесі ертемен нағашы атам аттанып кетті. қосарына біздің арбаға қосатын қой торыны алыпты, атқа отырысы сексеннен асты деитіндеи емес, сан ғасырды басынан өткізген ақбас шың сяқты, ақ қалпағы жарқырап ғасыр құрдасы өзінің аңсаған сапарына аттанып барады. сексен жыл бойы бауырына басып, бар қызығын силаған туған топырағы, арда өсірген қәсиетті өлкесінің соңғы қызығын көруге аңсары ауған ене көкірек қарт өзімен бірге жұмбақ болар биіктігін көтеріп барады... ...
топ бәләмен бірге бүлдірген тере шығып, қапталдан орап қайқаяр қара жолға енді атамды сағынып көз салатынмын. ақ қалпақты біреу көрінсе болды нағашы атам келіп алдына алып, топ баланың алдында мәртебемді көтеріп әкетердеи мақтан мен қуаныш араласқан хял құшағына құлайтын едім. әр ретте шырын хялдарым селге кетіп, меселдем қайтсада елеңдеуімді қоя алар емеспін. осылайша хялданып жұрып топ баладан бөлініп, саяқсып қалып қойсам керек, найзағайдың күшті жарқылы есімді жиғызған. дүние түгел тұлан тұтып, тұтасып алған қап-қара бұлыттар төніп келеді. беттен құлдилап тұра жүгіргем, бітік өскен қарабас шалғын адымымды аштырар емес. төпеп жауа бастаған нөсерде не істерімді біле алмай жылап жұрмын. қымыз әпекем келе жатыр, жеткен бойда құшақтап бауырына басып, өксігімді баса алмай тұрған мені жетелеп, бір шоғыр талдың тасасына барғанда бұршақ құйып кетті. үстіндегі қысқа жең кәмзөлін шешіп екеуміздің басымызға керіп ұстап отыр. суық сорып қатты қалжырағанымнан қымыз әпекеме тығыла түсемін. бұршақтаған өткінші тоқтап, күннің көзі жарық еткенде барып байқадым, қымыз әпекем дірілдеп кетіпті. денесіне шаптасып қалған көйлегінен бар мүшесі менмүндәләйді. мен ес біле бастағанымда тұңғыш рет ұрланып қараған әйел затының бітімі еді бұл. балалық әуестігім жеңсе керек, су-су болған шәшінән сипап қалдым. қымыз әпекем орнынан лып етіп тұрып кетті, жүзінде әдемі бір ұяттың алқызыл нұры ойнайды. ол кездерде оны сезінер қуат қайдан болсын менде, тек қымыз әпекемнің неге сонша аласатып кеткені ғана жұмбақ күйінде санамның әлде бір түкпірінде сақталып қалды. айқай, қамсыз балалы дәурен!
быз үйге келгенде шешеилер алаңдап отыр екен. нағашы атам келіп алыпты, барып мойнына асыла кеттім. талай күннен бері сағынып қалған дана көкірекке тұмсығымды тығып айырылар емеспін. нағашы апам күліп жұр,
ـــ құдай қарғамағыр, жаман күшіктің сағынышын қәрәйгөр!
бұл нағашы апамның үйреншікті мақамы. құдай қарғамағыр деген жалғыз ауыз «қарғысы» бар, онысы тіпті қызық. үлкенгеде, кішігеде, тіпті кеште ұстатпай қашатын бұзауғада айтыла беретін. сол қарғысқа қимайтын « қарғысын» айтып күліп тұр. нағашы апамның қолындағы тау текенің сақасына көзім түскенде атамды қоя бере салып, қалай секіріп жеткенімді білмеимін. нағашы апам қызыл, сары, жасыл. . . алуан түске бояп берген асықтарыма бір сақа кем еді. ол кездегі бар байлығымыз асық болатын. кімнің сақасы алшы түскіш болса соның мереиі үстем болатын кездеріміз. асықтың қызығына бір беріліп алғасын, бұзауға қарауды ұмытып, оңашада шешеиден талай жаза жесекте шыттың шеті кепкенше ғана бұртиып, соңынан ұмытып сала беретін едік. қәзірде бас болар келіскен сақа болсашы деп армандаймын-ау оңаша қалғасын. кеиде сақаның қадырын кешігіп барып біліп жүргенімеде шүкір деп жұбанып қаласың пенде болғасын.
көршілердің бәрі дерлік жиналған, нағашы апам келіндерінің ала келген дорбаларына бір-бір жапырақтан қызыл сүңгітіп әуре. мүше байлап жүрген нағашы апамның өзгелерден гөрі келіндерінің қоржындарына көбірек қызыл сүңгітуін, қәзіргі көке болып керіліп жүргендердің әйелдерінің қалтасына көбірек дүние сүңгітумен салыстыруға келмеитін еді. нағашы атамның жүзінен ризалық лебі еседі. аппақ сақалын саумалап қойып, әңгімеге түскен. қоңырауланған дауысы өзгеше мақамды. нағашы атамның айтқан әңгімесіне қызығып отырып бағанағы жаңбырда қалғанымды ұмытып кеттім.
ـــ кеште қымыз әпекеңмен ілесіп көршінікіне барып кел! ـــ деп нағашы апам елеусіз ғана ескерту жасаған. неге деп сұрау әбестік, әйтеуір қыдыратын кісілерге ілесу деген ілуде бір кезігер орай. кеште қымыз әпекеме ілесіп көршінікіне жолға шыққам, біздің ауылдың көрші дегенінің өзі бір бел ары отырады. қымыз әпекем екеуіміз қайқайып қайрақтының мойынына шығысымызға жын соққандай далақтап шауып келе жатқан тұрған соғып кете жаздады. өтіп барып атының басын іркіп қасымызға келді.
ـــ қайдан шыға келдіңдер ербиіп? ـــ деп өзеленіп алыпты, қымыз әпекеме тығылып қалыппын, ол қояр емес, ـــ мынауың кім еи, салпаң құлақтан ауса не қылайын. ـــ деп қиқылдап тұрып күлген. қымыз әпекем үндемеи дірілдеп тұр, ары-бері қылжақтаған тұрған атының басын бұрып алды да тапырақтатып ұзап бара жатты. қымыз әпекем ұнсыз төгіліп жылап тұр, екі көзі шауып бара жатқан тұрған да, өткендегі оңаша отырғанынан бір аумайды. не түлен түрткенін білмеимін, қымыз әпекемнің қолынан бұлқынып шықтым. қымыз әпекеме қарамай алдына тұсып адымдай жөнелдім, соңымнан үнсіз еріп келеді. өзімнен өзім нығыздала қалғанмын. қымыз әпекем дауыстаған, еңсемді тік ұстап, қарапта қоймадым. бәріміздің басшымыз спетті көрінетін қымыз әпекемнің әлсіз екенін тұңғыш рет көрген сәттен бастап ержетіп кеткен едім. тасып жатқан мыңмаралдың сарылы тұн тынышын бұзып талықсып жетеді, оқта-текте бұлынып алса осылайша ұзаққа деиін сабасына түспеи тулайтын мінезі бар мыңмаралдай өзеннен сусындап, ұлы даланың бойынан қәсиет емген мыңмаралдықтардың бәрі осылай ержетуші еді.
быз келгенде қонақтар толып алыпты. бағана бізді соғып кете жаздаған тұрғанды іздеимін. келген қыз-жігіттер бірін-бірі сұрастырып жатыр. тұрғанды ешкім аузына алып қойған жоқ. тек қымыз әпекем жанындағы қыздан ақырын ғана сұраған, ол қызда күңк етіп қысқа жауап қайтарды. келгендердің бәрі шәшін желкесіне тұсырып алған жұқа сарыны қаумаласып, соның әніне төңкеріліп отыр. гитәрәні қолына алып қоразданған шикіл сары отырыс қыза келе ән салып, өзінше лепіріп отыр. маған бар қыздың ішіндегі ең сұлуы қымыз әпекем. басқаларға қарағанда қымыз әпекеме әдеиі көбірек сүйкеніп отырған арық сары жігітті түкте ұнатпадым. арық сарының әні ақырласпай жатып елдер дүрілдетіп шапалақ соққан, олар шапалақ соққан сайын оларды өлердеи жек көріп кеткім келген. қымыз әпекем қозғалар емес. ән кезегі қыздар жаққа өткесін, ретімен жылжыған қара домбыра қымыз әпекеме келгенде, сәл тартынып, ұялы қара көздерін төңкеріп отырып барып баяғы нағашы апамның әнін бастаған.
ـــ бір қыз бар маралды да қорлығайын,
құдайым берген екен күн мен айын.
ахау, арман,
құсыни қорлан ...
ән сыңсып көтеріліп, баяу ғана қалықтап ба Рып көсіле жөнелгенде үйдің іші тым-тырыс тына қалған. қымыз әпекем сызылтып, күрсінтіп, күрсініп аяқтатқанда,
ـــ бұл нағашы апамның әні, ـــ деп дауыстап жібергенімді сезбеи қалыппын. елдер дұр етіп күлісіп кеткенде ыңғайсызданып қалдым. арық сары жігіт білерменсіп, күлісіп отырғандарға қарап әннің шығуы туралы сөйлеп кеткен. оны тұсынып отырған мен жоқпын,
ـــ өтірікші, ـــ дедім ـــ өтірік айтасың. бұл нағашы апамның әні, солай ғой қымыз әпеке?
қымыз әпекем тыныш отыр дегендеи ишаралап қойды. осы кезде киіз ұйдың есігі шалқасынан ашылып тұрған кіріп келді.
ـــ дұрыс айтасың бауырым, бұл өтірікші. ـــ деп сақ-сақ күледі. жаңағана ыржақтап отырған топтың үні су сепкендеи басылды. жолда қымыз әпекем екеуімізді мазақтап кеткенін ұмытып, «бауырым» деген сөзіне ішім жылып барады. арық сары да оңай берісер емес,
ـــ кімге сөйлеп тұрғаныңды біл! ـــ деп орнынан көтеріле бастады. тұрған елер емес,
ـــ кімге сөйлеп тұрғанымды білем, тыныш жатқан елге қайдағыны үйретіп жүрген шала молдасың. сендеилерге еріп, еліктеп бара жатқан қайран мына мөндібәстәр. ـــ деп отырғандарға қараған.
ـــ тарт тіліңді, ـــ деген арық сарыны қаумалап басқа жігіттер далаға шыққан. арық сары тұрғанды сөзге келтірмеи шапшаң қимылдап екі-үш жанып өте шықты. басқалардың қыбы қанып, тұрғанды табалап күлісіп тұр.
ـــ жаман да болсаң ауылға келген қонақсың, енді тоқтап қал! ـــ деген тұрғанға құлақ асатын арық сары көрінбеиді. ұмтылып тағы бір жұмырық салмаққа оңтайлана бергенде, құлақ түптен тиген соққыдан ұзынынан кетіп, қайтып тұрмаған беті жатыр. тұрған бұрылып кетіп барады. басқалар шаң қауып қалған арық сарыны үйге кіргізіп әуреленіп кеткенде, есік алдында состиып қымыз әпекем екеуіміз қалыппыз. бізде үйге қайттық. тауды басына көтеріп ән салып бара жатқан тұрғанның әуеніне қымыз әпекем елеңдеп келеді. ән... сай-саланы балбыраған ұйқысында тербетіп, аспандап барып сонау көкшөқінің ең биік асқарларына асылып қалған ән кімді болсада елжіретпеи, елеңдетпеи қоймайтын еді. содан да мыңмаралдың жұрты көркемдік пен ізгілікке құштар болатын еді ـــ ау! кіндік кесіп, кір жуған күлтелі мекеннің қәсиеті мен ондағы дарқан елдің жомарттығы силаған сағыныш әлі күнге көкірегімді тербетіп, іңкәр армандар байлаған ғәжәйіп көркем дүниені кезінде сезіне бермегесінде, қазыр кеңсірікті ашытып, өлердеи аңсатады-ау келіп!
арада аттай желіп жиырма неше жыл өткен. алыстарға күйкі тірліктің жетегінде кетіп сағындырған күлтелі мекенге сапардың сәтімен келе жатырмын. астымда су төгілмес көлік. мыңмарал жатыр өз орнында аспан түске бөленіп. кезінде әтпен зорға жүретін жағалауға асфалит төселген. көліктің басын тартпай зымырап келе жатқаныңа сүйінсең, жұлым-жұлымы шыққан өзен бойының қәзіргі хәліне қарап күйінесің. байырғы біз отыратын жағалауда жалғыз үй отыр. нағашы апам өрмек тоқып отыратын жерге малға ашы беретін науа қойылыпты. мен көлеңкесінде қармақ салып отыратын сүңгі тал тұп өрнімен қопарылыпты. машинамды жолдың иініне тоқтатып, жақындап келгенде бір әйел есік ашты, мезгілсіз мосқал тартқан қымыз әпекемді бұрынғы ұяң да тұнжыр қара көздерінен таныдым. уақыт шіркін адам жүзіне қаншама әжім салып, көңіл көгіміз бен ниеттерімізді қаншама кірлеткенімен біздің бұл дүниені көруге жаратқан жанарларымыздағы өзіміз ғана сезінер құпяна бір сырлылықтарды жоя алмайды екен. қымыз әпекем өткен-кеткенді айтып, солбыр тұнжыр көздеріне жас алған. мен алыстағаннан бергі мыңмаралдың қойнауында туылған талай істерден хабар таптырды. сөз арасында бала кездегі қызықтарымды айтып,
ـــ басқаларға ұқсамайтын қырыс едің. ـــ деп қояды. баяғы тұрған қазыр отағасы болыпты. енді-енді бірдеңені аңдағандаймын. нағашы апамның көршінің көз алдында өскен қызын ұлына келін қылмаққа мені тыңшылыққа қосып беретінін бұрын сезбеген екенмін-ау. ұрлығы ашыққа шығып қалған жанша қырымнан қысылып өліп барамын. «меилі, ـــ деиді бір күш ішкі дүниемнен тіл қатып, ـــ қалай десеңде ол сенің туған әпекеңнен бір кем емес, мәңгі сенің әпекең!»
қымыз әпекем ас қамына кіріскенде тұрған жездеммен бірге тысқа шыққанмын. тұрған әлі де өр көкірек, тәкәппәр қалпында. біз бүлдірген теретін беткеидің ат бұзып жүре алмас шалғыны көзден ғайып болып, сары сүрдекке айналыпты. толықсып жататын арналы өзен орталап, екі жағалауда самсып тұрар нуы селдіреп сүреңсіз көрінеді. еркін жүрер сай-сала бөлек-бөлек сым төрмен қоршалған, онсызда берекесінің қаймағы бұзылып, нарық билеи бастаған ау лдастарымның ала көңілдеріндеи. нағашы атамның басына барып құран оқып қайттық. көз алдымнан қосарына ат алып кетіп бара жатқан беинесі кетпеиді. сексеннен асқан шағында аң қуып желденген кәрянің тізесін бүгілуге жазбаған қаймағы бұзылмаған берекелі өлкенің шарапатының қашқанына күйініп келем. нағашы апам өрмек құратын жерге орнатылған науаның басында ұзақ тұрдым. хялымды бұзғысы келмегендеи тұрған да темекі тартып үнсіз отыр. тусып тұрған төсіңнен туған, өзіңнің омырауыңды емген ұрпақтарыңнан қәсірет шегіп тұрған халыңа қарадай ашынамын-ау! алыста жұрып, күйкі тірліктің құшағына құндақталып, кешігіп жеткен тентегіңді кеш менің ұлы анам! бәрі өзгергенімен тұрып-тұрып төге салар ақ жаңбырың өзгермепті. аспан түске бөленіп ағар өзенің қалыпты өз қалпында аспан түсін бұзбай, тәкәппәр қалпында баяғы тұрған жездем мен талай сырды бүккен қойнауың спетті, талай сырды жасырған қымыз әпекемнің ұялы қос жанары қалыпты сырлы бір сағыныштар мен үміттерге ұмсынып. бұғанда құдайға шүкір, сенің қәсиетің мүмкін өсіләрмен ғасырлар қойынына барар-ау! мыңмаралдың сарыны мен ілесіп нағашы апамның әні келеді құлағыма. естәйдәй есіл бабаның аппақ тәңіри махаббатынан туып, нағашы апамдай асыл әжелердің айтуы үшін өмірге келген ән! енді қымыз әпекем ыңылдап жұр.
ـــ бір қыз бар маралды да қорлығайын,
. . . . . .
ахау, арман ...

2012-жыл 20-қаңтар үрімжі



басында баянауыл

басында баянауыл ойнайды арқар,
сарқырап таудың суы төмен тартар.
гүл дәриғәй... ...
бұл әнді өсімен мың қайта естіген шығармын. нәзік апамның ыңылдап кеп отыратын әдеті. төрткіл дүниенің тоз-тозын шығарған 20-ғасырдың басындағы қянатты кезеңде, баянауылдай ата мекенін еріксіз қыиып, атама ілесіп осы жұртқа қоныс аударған нәзік апамның кіндік қаны төгілген күлтелі жұртын сағынғанында сарығын басар осы ән еді. ұршығын иырып отырып шүйке созған сұқ саусағы мен басбармағын ерніне апарғанда ұзылыс жасасада, ізінше келген жерінен тауып ала қойып жалғастырып жүре беретін. құмандағы суды қайысқа бүркіп жіберіп, сосын өткір кездікпен сара тіліп, өрімін өріп атам отыратын. сағынамын-ау сол кезді өлердеи болып осы кезде. қайран көненің көздері, берекеден бізге үлгі болсын деп арнайы бір ғәжәйіп күш өзі силаған пайғамбарларым! баянауыл мен хантаңырдың ортасын жалғап тұрған қәсиет екен-ау, екі қарттың жүректеріндегі телегеи теңіз меиірім мен қәсиетті халқымның әні! неге ғана уағында сезінбеи, өмірден озғанда қадырын біледі екенбіз сол абыз текті әулиелердің!
қізметтің қарбаластығынан бас көтере алмай, заман деген алып айналысқа ілесеміз деп өмешегіміз үзілердеи жанталасып, не істеп жүргеніңді өзіңде білмеитін бір ығырлықтан жүйкем жұқарып үйге кешірек келген едім. есіктен кірісіме келіншегім әлденені айтқысы келгендеи екі көзі ойнақшып, наздана қарсы алды. өзің қалжырап келгенде үй ышының ауарайының қөңіржәй болғанына не жетсін.
ـــ кештетіп келетін бір әдеттер қалыптаса бәстәді,ә?
әзіл бөлғәнімен арғы көмеиіндегі көмескі ойын көлденең тартатын күстәнә. қашан болсада күдігі мен күмәні қатар жүретін секемшіл әйел заты деген. жөн жымиып қойдым. сырт киімдерімді шешісіме келіп қолымнан алып ілгішке іліп әуреленді. буын бұрқыратып ет асыпты, бүгінгі қонағуарлығы мен жомарттығына жіп таға алмай, туыстарының біреуі келдіме деп басқа бөлмелерге қараймын. телевизөрдің кнөпкәсін ашысыма шыр ете қалды,
ـــ қашан болсын хабар көруден бір жалықпайды екенсің, шүңкілдесіп отырып ас ішелікте бір уақыт.
көңілсіз түрде телевизөрді сөндірдім. етті буын бұрқыратып әкеліп қойды да, бір бөтелке қызыл арақ әкелді. есім шығып, байыбына бара алмай абдырап мен отырмын. мағанда сыбағасы дайын екен,
ـــ көтерсеңші мынадан, ана меимәндіқ, мына қонақ деп дызылдатамызда жүреміз. өзімізге өзіміздің уақытымызды бұйыртпай.
емексітіп келіп алдыма бір бөтелке божыманы дік еткізді. грәдусі жоғары ақ арақты іштім ертесі иленіп қалатыным мұнда.
ـــ жә, қарадай албарынды болғаның не?
ـــ пу, түкке түсінбеисің, ـــ деп шықылықтады келіншегім, ـــ қізмет үшін, анау үшін, мынау үшін деп аз шапқыламадық. енді өз үй, өлең төсегімізде кеңір отыралықта бір уақ.
массаған! мынасын түсінсем не ғылайын, «үйде кеңір отыралықта бір уақ» деп емексиді. спирт десе тыжырынып шыға келетін бұған жабысқан қандай ұшық? енді не бәлесі шығар екен деп жапақ қағамын. келіншегім шәш үлгісін өзгертіп, опа-далабын жағынып, тойға баратындай-ақ жасан Ып алыпты. асықпай отырып қаймақтап сары самауырыннан шәй құйды. назданып, қылымсып отырып қызыл арақтың ауызын ашып, рөмкесіне шыпылдатып толтырды. божыманың да аузын ашып, оны да толтырды бір рөмкеге асып төгілердеи тасытып.
ـــ айналайын-ау, отағасы деген атың бар еркексің, көтертсеңші семяміз үшін лебіз білдіріп.
ـــ... ...
ـــ не жетті тіліңді тістеп кегжиетіндеи, алдырсаңшы бақытты болайық деп.
«семяміз» дегенді«өтбәсіміз» деи салсашы деген арманды бір ой мен бақытты болмай жүргендеи бақытты болуымыз үшін деген сөзіне қазабым қайнап, сіресіңкіреп барып сабама тұстым.
ـــ бақытты болуымыз үшін, ... үшін, ...үшіндер үшін көтерелік.
ـــ бәсе өститін жөнің бар, көтерелік онда.
ـــ қолындағы рөмкесін бірәқ сарқып тастады. мен болсам удай ашты божымаға шәшәліп, жарымдап тоқтадым. түк болмағандай рөмкесін төңкеріп ұстап маған қарайды. бет-аузым быржиып, сиықсызданып кетсем керек, келекелеп жымың қағады.
ـــ жарымдамай көтерсеңші, әйел бәсіммен мен бірәқ жұтқанда саған не жеткен түге, ـــ ол шықылықтап қояр емес. «көтерсем көтердім» деп қястанып бірәқ көтердім. әншеиін ашты шарап буын-буыныма жүгіріп, желпіне бастағам. бас-аяқсыз, себеп-салдарсыз басталған отырысымыз тым қызық, әрі сондай қорқыныш әкелетін. онсызда мәмірәжәй күннің соңынан найзағайы шатырлап бір нөсерлеп тұрып алмаушыма еді табиғат жарықтық. басымда дәл қазыр сондай алаң. біреумен бүгін келіскенмен, ертең қәжеті біткесін керісіп жататын заманның түлкі мінез адамдарынан әбден қажып, ешкімге сенбеитін, тіпті жан жарыңада секеммен қарай бастайтын мінездер қалыптаса бастаған еді тексіздік деитін дерттің жетекшісіндеи. сосында ер қашты боласың жымыраңдап.
ـــ тойға барған сайын ән салушы едің, осындайда оңаша бір күмбірлетіп отыралық, ән салсаңшы енді.
ـــ талай уақыт болды ғой, сол құрғырға дауыс шіркін жетерме екен. ـــ деп жалтардым аяқ астынан шыға келген патуадан есім шығып.
ـــ немене, ـــ деп шәншілә кетті, ـــ неменеңе кісіліктене қалдың, қыз-келіншектерді көргенде ауыз жаппай ыржақтаушы едің.
еркіне бағынудан басқа шара жоқ.«шарасыздан шалға тиып барамын» деп, еркек құшағының аз күндік қызығына қызынып жұрып, абайсыздан құрсағын томпайтып алып, шалға болсада мал үшін қосақталып бара жатқан бір қыздың айтқаны екен деп үлкендер айтатын еді. мағанда шарасыздан көне беруден басқа шара табыла қоймады. әйелің жадырап тұрғанда, әрі өз үй, өлең төсегің, ептеп желіктірген ыспырттың буы бар, бұнда айтпаған өлеңді қайда айтасың. марқұм нәзік апамның әні тіліме оралғаны.
ـــ басында баянауыл байдың құсы,
көрінер көкше таудың өкпе тұсы
гүл дәриғәй ...
бар іқіләсіммен езіліп тұрып орындап шықтым. ол сұлықсыз. басқа болса бір сәрі, нәзік апамның әнін орындағаныма сұлықсыз отырғаны қанымды басыма өрлеткен. екі бүйірімнен қысып келген ашуымды бұрық еткізіп шығарып алайын десемде, әлде кімдер көнпістікке үйреткен құлқым жібермеи отырып қалғам.
ـــ осыдан басқа білерің барма? қашан болсын айтатының осындай бір әндер, ـــ келіншегімнің қабағына құрысып бұлт іліне бастаған. «рухыңды мұжып ессіздікке жетелеп, тырдай жалаңаштап барыңды тонап алып, жабайы еркіндікке сүйреи жөнелетін даңғаза дүрегеи естірәдәләр-ай, кешегі халық мұңы мен туған жерін, өскен елін қимай зарлаған қәсіретті заманды, алыстан құлағыңа жетерме, салған әнім деп келетін жар сағынышын еске салар ертегі әндердің қадырын қашырған тұқымың тұздай құрысын дүрегеи естірәдә, сені естімеген қазақ біткен қараңқы қәлсәдә.»іштеи бұлындым-ау келіп. быр сәтке тымырайып ұнсыз қалғанбыз. «шындаса әкесі, ойнаса баласы жеңеді» деп келетін айналайын бір сөз болмаушы ма еді. сол кемеңгерлік жеткізгендеи, енді ғана басталған отырысымыздың соңы көңілсіздікке ұласпасын деимін, зәуде ғалам солай бола қалса, көк әйілдіқпен пері екеш періні де орнынан айдап шыққан әйел затына төтеуге қайдан қәбілеті жетсін мендеи бір мөндібәс, заманға зорға ілесіп жүрген еркектің. осындай кезде әлем-жәлем жасанып отырған әйеліңнің алдында өткен кешегі күндерің көз алдыңнан көлденеңдеиді шіркін. ол кездерде ойлы да ұялы жәудір жанарын төмен салып, сенің болашақ туралы армандарыңа ұнсыз қосылып, қымсынып, әрі сондай інізәрліқпен, іңкәрліқпен сені тыңдайтын бязы қызға бар әлемді тігісіп жібергің келіп, өлердеи болған ессіз сүйіспеншілігіңмен барып, жарық дүние үшін тырбынып жұрып, шамның жалынына күйіп өлетін жынды көбелекше тұпсыз бір аранға жұтылып бара жатқаны ды да білмеи қаласың-ау. бастабында әлгі бір қылымсыған бязылықты өзіңе тәуелдеп, тәлеилі екеніңе шұбасыз сеніп марқаясың-ау келіп. дәл сол кезде аңқаулау бір кеиіпке кірген сол бязылықтың өзіңнің саңлау қалған жан дүниеңдегі кемістіктеріңнен сұғынып кірудің қамын істеп тұрғанын біледе бермеисің. қәзіргі әйеліңе қара сосын. шыдамсыздана күйгелектенесің, бәрібір ештеме өнбеитін құры тулау. басыңа түскен қайыс ноқтадан құтылып көр енді мықтылығыңды білеиін.
ـــ неменеге меңіреие қалдың, ـــ деген дауысы қялымды үзген. өңі қуқылданып, тығылып қалыпты. есіме тұңғыш рет өнімен бірге көше аралаған кездерім оралды. «мына көйлекті ал» дегенімде «ұнатпаймын» деп тік қараған. арамыздағы тайталастың, оның сөзімен айтқанда ерлер мен әйелдер тең деитін пәтуәні көтеріп шыққан құрып қалғыр кез екен сол сәт. қайсы бір кезден бастап сол құрғыр пәтуәнің шыққанына миым жетпеи таң қаламын. сол кезде айтқанына үндемеи қосыла салғаныма, бойынан сол жалғыз сәттің өзінде қүрмет пен бязылықты жоғалтып алғаныма ішім удай ашиды келіп бүгінгі мұжық кезімде. айналайын қәзекемнің «қатынды бастан» деп келетін кемеңгерлігін неге сол сәтте жадыма алмадым екен деген өкініш ойлаған сайын ойымның ойран-осырын шығаратын. ығырлықтан қашқым келген.
ـــ отбасымыз үшін...
ـــ осылай демеисіңбе, ـــ өңіне аздап күлкі жүгіре бастады. ебім қашып, аузыма сөз түссеші. бар қимылыңды бағып отырғанын ойласам болды, «ішімдегіні тап» деп, алыстан орағытып отырғаны мысымды құртады. ежелдің ең күнінде емес, кеиінгі әлжуәз бір ант ұрғыр кезімізде, қазақ арасына арақ деген ашты су сондай жілдәмдіқтәрмен лап қойған кезінде біреу айтыпты деиді «арақ деген қой сяқты, серкесі бастаса қалғанын қайырсаңда тоқтамайды» деп, сол жәртікештің сандырағындай әлдімен өтіп кеткен бірнеше румкәдән соң тәбетімнің ашылып-ақ кеткені. енді келіншегіме қамшы салғызбай-ақ бірнеше румкені үстемелетіп жібердім. шалқып-шарықтап бара жатқан кезімнің талмау тұсын дәп басқан келіншегім наздана отырып ағынан ақтарылысын.
ـــ бір сөз айтайын десем ыңғайсызданып...
ـــ сөзінің соңын айтпай, тілін тістеген сайын ашты ыспырт торлаған басымның тұтыны шықты. жәйшіліқтә өзі өлшеп, өзі пішіп бірер шаруаны ыңғайлай салатын кесірлім сынықсыған сайын, әлде бір сиқыр әлемге кіріп кетердеи маңдайымнан суық тер бұрық еткені.
ـــ айта ғой, ـــ сөзім сондай жаман бір ыңыранып шықты.
ـــ үйге қонақ шақырайын деген едім.
ـــ көңіл шіркін енді сабасына түсе бастады. келіншегімнің бір реткі қонақ шақырғанға бола алдымда кішіреиіп кеткенін көргенде, еркектігім есіме түсе кеткені. өзімше қораздана қалғам, еркектік-ай десеңші! оның үстіне мендеи мә демеитін маубасын мәнсәпті қылғысы келетін келіншегімнің ығайлар мен сығайлар болмасада, ептеп мәнсәп деитін әлгі жеті қазынаның бірінің жүніне қонған қыраудан арқақ жалақ алып жүрген үркердеи төрешіл топтың әйелдерімен араласатынын білетін едім. мәнсәптің буы мен ертеңгі күні өзгелерді саған жамандап жау жасап беріп, алдыңда құйрығын бұлаңдатып еркелеп тұратын иысшыл бұралқыларға тісіңнің арасына тұрған азғана сілемеиді, аршадан арнаулы жасатқан тіс шүқіғішіңмен алып беріп отыратын кез көз алдыңа көлденеңдеиді. әрине ондай атты күн келер болса кеңірдегіңнен кесек-кесегімен өтіп жататын жылы-жұмсақты жұтып, жіліктің майлы басын кеміруге жаратылған, қолыңдағы аз күндік алдамшы тәғіңмен бірге керекке жарайтын ақ мәр-мәр тісіңді шырытып тауысып, қуыс-қуысына тұрып алатын қырсықты сіңірлер мен сілемеилерді иісшіл топқа лақтырып беріп, өзәрә таласқандарын көргенге не жетсін! өзіңді кезінде өргеде, төменгеде өсектеп, есесіне өз жолдарын ашқансып жүретін әлгі бір беиөпәләу топты отырса опақ, тұрса сопақ бір күйге тұсырып, келістіріп отырып сауырласаң айызыңды қандырып. содан елде бір, сенде бір деп нығасаң құзғын тектес құлқыныңа! әлі басыма келіп қонбай тұрған мәнсәп құсының өзі осылайша пенделік рахатқа апарып бой шымырлатқанда, егер қолыма түссе барғой... қялымды келіншегім тағы бұзды.
ـــ немене үндемеи қалдың, шінмен қонақ шақырайын деп отыр деимісің, ұйыңның кеипіне қарасаңшы, қамыс лашықтан қай жері артық, кітәп жадым.
енді-енді келіншегімнің бүгінгі бұлаңдап, көпессіне қалған дастарқанының мәнін түсіне бастағандаймын. ұзақтан бері айтыла-айтыла жауыр болған үй безендіру турасындағы таластың шеті тағы қылтиған. бес биенің борышынан, бір құлақтың тынышы артық деп қоятын айналайын қәзекемнің кең қолтық Мақалының осындайда ес қатқаны.
ـــ үйді безендіреиік онда, ـــ деп құлай жығылдым.
ـــ бірәқ, мына қоқыр-қоқсығыңды қәйтесің? ـــ деп бір шұқшиып алып, жауабымды тоспастан өзі билеп үйренген әдетіне басып шыға келген. ـــ үйдің ішін иелетпеи сенің мына жаман үстелің мен кітәптәріңді, әнеу сары кебежені тастай салайық. ـــ деп кетіп барады. не деисің енді, бір кездері марқұм нәзік апамның көзі тірісінде қолынан ат-түйедеи қалап отырып, мұра болсын деп алып келген сары кебежем еді. ал бүгін...
ـــ болмайды, ـــ дедім, ـــ сары кебежеге қол салады екенсің, нәзік апамның аруағы үшін болсада кешірмеимін.
ـــ ескішіл, бар байлығың сол болса, құшақтада жат, ـــ деп әйелім тығылып, сазарды да қалды. бітеу жара деген бір пәлекет кеселдің ауыз алар кезінде сыздап келіп, сай-сүйегіңді сырқыратып қинайтыны болатын. аумаған сол бітеу жара. көкірегім сазып, әлде бір ышқұсталықтан арылтар пана болатын сағыныштар жетелеи жөнелді. арақты жұтып жатырмын. өзегімдегі өртеніп, күйіп тұрған ашты запыранды бір басса, осы арақ басатындай. балалығым қол бұлғағандай болады. кең-мол пішілген көйлегінің етегіне паналап, нәзік апасындай қормалының жанында екі көзі тостағандай қалқан құлақ қара бала бүгінгі өзіне үрке қарайды. ауыру... ... басым зеңіп, құлағым шыңылдайды. қайғысыз, қамсыз қалқан құлақ қара бала ақтос күшігін ертіп, көрші ауылға қыдырып кеткен апасын тосып тұр. өзіме тым жақын, әрі сондай алыс, кеңсірігімді шымырлатып сағыныш әлеміне бастаған беинені құшақтағым, құшақтап тұрып сол кіршіксіз қалпымда жоғалып кеткім келген. «құдай қарғамағыр» деп зілсіз кеиіп нәзік апам тұр қасымда. удай ашты іспиртке уланған жүйкем өзіме бағынар емес. меиірлі әләқәнімен маңдайымнан сылаған нәзік апамның алдында отыздан асқан шағымда келісіп тұрып өңіредім-ау келіп. көптен бойымды құрсаудай қысқан әлде бір байланыстардан жеңілдеп, жер бауырлап тұрып жыладым-ау келіп. өтірік күлу мен өтірік жылауға бой алдырып, шынайы жылауды да ұмытқан басым рясыз балалығым мен бодаусыз меиірім шуағына шомылдырған нәзік апасындай қормалының алдында ағыл-тегіл жыласа не жетер деисің түге, жылаудың өзі өзіңе шын бұйырғанға не жетсін. нәзік апамның жұпар иысы аңқыған көкірегіне басымды қойып қыстығып жатырмын. бұл өмірдің есігін аттағанда бесік жірімен тербетіп, қаз-қаз бастырып, күллі ғаламның ізгілігін силаған есіл апам.
басында баян ауыл байдың құсы... ...
нәзік апамның өлердеи сағындырған әні естілген. қосылып кеткенімді сезбеи қалыппын.
ـــ не жете қалды сұңқылдап, азырақ көңілденсін десе қимасын көргендеи сонша ішкенін, арақ аздырған албасты. ـــ әйелімнің шаңқылдаған ашты дауысынан есімді жидым. сары кебежені құшақтап алып сора-сорам шығып езіліп отыр екенмін. сазарған келіншегім ішіп-жеп қадалып отыр. қалған арақты алдымда бірәқ төңкердім. тағы да боз тұман бір түске еніп барам.
кезінде нәзік апам ауылдың күнбәтісіндәғі дөңге шығып, әлде нені іздеп, алыстарға күн салып ұзақ отырушы еді. ес біле бастағанда білдік қой сонау алыста қалған төркінін сағынғаннан төбе басында ұзақ қыдырғыштап, балғын балалығы мен бұлаңдаған қыз күнгі ерке жастық көктемін іздеитінін кәрі көкіректің. ешкімге сыр бергісі келмеитін тәкәпәр кісінің нені іздеитінін сезседе атам тіс жарған емес. бірін-бірі іштеи тұсынысып, көкіректеріне байланған ашты шемендеріне деиін ұнсыз ғана сезісіп өте шыққан асылдың сынықтары-ай десеңізші. барды бардай қанағат тұтып, тәңірге мың мәрте шүкіршілік айтып, ұнсыз борышын атқарып кеткен таупиықты жандар жоқшылықтың өзін жат көрмеи өтіпті. ал, біздер...
нәзік апам тәкәпәрдә, меиірімді қәлпімен дөң басында ұзатылып кеткеннен қайта көруге жазбаған төркінін аңсап, айнала беріп кимешегінің үшімен көзін сұртып отыр. ақылы мен маңғаздығы бір ауылға нәзік апа деитін бір биік қүрметке айналдырып жіберген нәзік апамның қушиып, семіп бара жатқанына қарап ішімнен үгілемін. ақтос күшігін ертіп жалбаңдаған қалқан құлақ қара бала кетіп барады әне нәзік апама қәрәй.нәзік апам мен қалқан құлақ қара балаға жақындағанмын. нәзік апасына тығылған қара бала өзінің осы бір беинесінен өлердеи қашады. тіпті нәзік апамның өзі танитын емес. қоғам атты алып айналымға араласып, бүгіннің былығы мен шылығын әбден үйренген талғаусыз рухымнан рясыз кескінімді қорғап шыр-пыр болып жұр.
ـــ апа-ау, менмін ғой, мен.
ـــ тәйт ары, баламның періштесін ұшырасың, ниетің қандай жаман.
«мен» екенімді түсіндіре алмай ит әуредемін. рас-ау, бүл«мен» бе? нәзік апама қо Л созым қалғанда, алдымнан екі көзі қып-қызыл ақтос шықты. керіскедеи төбет. «ит иесін қәппәйді»деген пәтуәнің дәл осында талқаны шыққан. иттенде иісшіл болмасаң көрер күніңді иттен бетер қылатын тоқсан құбылған дәуірдің мен сяқты мұжығының бойынан өзі білер иістерді таппай арсылдап тұрған керіскедеи төбеттен бетім қайтып кері шегінгем. рясыз да тұп тұнық сәбидің періште сәтін қорғап тұрған жеті қазынаның бірі қәсиетті хаюанның алдында, күйелі ағаштай кірлеп біткен мендегі қайдағы дәрмен. артыма бұрылғанда ауызы тыным таппай сөйлеп тұрған келіншегімді көрдім. дауысы ақтостың арсылдағанынан да қорқынышты. мәссәғән, келіншегімнің төбесі жоқ. екі көзім төбемнен шыға бақырайдым. екі қөліммен өз басымды шеңбектедім, міне қызық, меніңде басымның жарымы жоқ. үңіреиген төбесінен үй безендіруге істететін тақтайлардың қырындысы, қызылды-жасылды киімдер мен алтын алқалар, мәнсәптіләрдің, байлардың тізімдігі, екрән, бөгде бір тілде жазылған қалың жазулар шығып тұр. нәзік апам қалқан құлақ қара баланың көрмесін дегендеи көзін басып алыпты, күбір-күбір етеді. қайран апам-ай, үніңді де естімеитін болып кеткен екенбіз-ау деп құлағымды ұстап қоям, құлағымда жоқ, жарты басым ғана қалған екен. есіме ауылдағы шешем оралғаны. шешем беишәрә береке мен салты бұзылмаған құтты күндерде тұла бойы тұңғышын ене тәрбиесіне табыстаған, ал шешемнің тұңғыш немересі балалар бақшасында. аптасына шешем түгілі өзіміз зорға бір күн көреміз. немересінің сәби қылықтарын тек қана армандауға, бір күні келер деген үмітке ғана байланған шешем ауылға келсе ертіп ойнайды деп күшік асырап, соны ермек қылып жұр деп естігем. нәзік апам ұзап барады, әне менің балалығым, балалық біткен нәзік әпәммен бірге басы бұтын кезінде қашып барады. әбден мұжылып біткен рухымды жастанып жатып ұйқыға кеттім.
кенезем кеуіп оянсам нәзік апамнан қалған сары кебежені құшақтап ұйықтаппын. «шешем күшігін жақсы асырай алдыма екен?» деген бір қыжыртқы ой бас көтерді шөлдетіп. келіншегімнің жанына барайын деп ойландым да ол ойымнан қорқып қалдым. ертең тағы бір басы жоқ ұрпағымыз дүниеге келеме кім білсін?!
басында баян ауыл...
гүл дәриғәй...

2010-жыл 10-сауыр үрімжі



қош бол сәулем көргенше

ـــ ма...ға...н су
ـــ жаныңды бақсаң болмайма, нең бар еді оларда...
шешем зар-замандатып жұр. өне бойым түгел ұматылып кеткендеи, тілім кеуіп, таңдайыма жабысып қалғандай, түк сөзге келер емес. есіме ептеп өткен-кеткенді келтірем.
ـــ іш мынаны.
ـــ ішіп көрмегенмін.
ـــ ұсып өлеиін деппе едің?
ـــ ішпеимін деп отырмын.
ـــ еркің білсін, өз обалың өзіңе.
машинаның орындығына шалқалап тұрып бір бөтелке ашты арақтың жарымын жұтқан ол май тепкішті басып ышқындырып еді, машина батып тұрған қардан жұлқынып барып кібіртіктеп қозғала бастады.
ـــ балақай, ақыры қозғалыттым. ـــ деиді ыржиып. май-май күртиіне, кір-қожалақ болып жарылған қолдарына қарап жиркеніп отырмын. машина ышқына күрсініп, қиралаңдап жұрып келеді. жылтыраған шырағының сәулесінде жолдың сорабы зорға көрініп тұр. тоңғанымнан қалшылдай бастадым. ол маған қарап ыржиып қояды. мысқылдап отырғаны белгілі. бәрінен «балақай» дегеніне намысым қоза қалған. өзімнен-өзім кірпіше жиырылып, терезеден тысқа мелшиіп, сіресе қалғам. шөфәерім ойында ештеме жоқ өлеңге басты.
ـــ дегенде шапибай-ау, шапибай-ау,
тұсынан ауылыңның өттім жаяу.
ахау, аха...ау.
ышқына гүрілдеген боранның құтырынып тұрғаны аздай мазаны алып-ақ келеді. «жырғап отырғанын, жарасса мұрнымды кесеиін» ـــ деп ішімнен сыбап келемін. бір жағынан барқырағанына қарап, күлкі шайтан қысып келеді.
ـــ мә, ـــ деиді бір кезде қолындағы жарты шишаны ұсынып, ـــ іш, жылынып қаласың.
ـــ ішпеимін.
ـــ ұсып қалып жүрме, арақ суықты сорады. азырақ ішсең ештеме ете қалмас.
ـــ ішпеимін дегесін, зорлай беру не керек?
ـــ балақай, қырсықтанбай тез іш. сендеи ақ алақан мырзаны ұсырып алатын шамам жоқ, енді ішпесең тура аузыңа құям. ـــ деп қолыма ұстата салғаны. бір жағыма қыңырайсам екінші қайтып бұрылмайтын әдетім, қысастанып бірәқ көтердім. жұтып жатырмын, иттың асы бұндай ашты боларма, өңешім күйіп, асқазаным сылынып кеткендеи жәйсіздәніп барамын. ол мырыс-мырыс күледі.
ـــ байқаймын жақсы жұтады екенсің, бағанадан қылымсымай өстісең жарар еді, ақымақ балақай.
ـــ қомсына бермеңіз ағасы.
ـــ бәлесін қара, боз өкпе мырзасымақтың.
ـــ тіліңізді тарта сөйлесеңіз қәйтеді.
ـــ мынадай өнерің Барма еді, қойдым онда.
«осы неменің көлігіне қайдан жолықтым, үлкенсініп өңештегені несі?» деп ішімнен келістіріп сыбап келемін. ол түк болмағандай тағы да әнге басты.
ـــ тұсынан ауылымның өттің, кеттің,
үкісін тақяңның бермеи кеттің.
жолыққанша аман бол,
амал қанша-ай...
тыпты ұнатсам не қылайын. қайран ән, осылардың барқырағанына қор болған деген қыжыртқы ой бас көтереді.
ـــ балақай, қорқып отырмысың?
ـــ қомсына бермесеңіз қәйтеді.
ـــ жә, қойдым. қорқып отырмысың?
ـــ неден?
ـــ бораннан.
ـــ кім айтады?
ـــ бөседі-ақ екенсің, ـــ деп қояды.
ـــ ып-рас, ـــ деп міз бақпадым. бетіме бажырайып қарады да қайтып үндемеді. екпінімен солық етіп барып тоқтаған машинаның терезесіне шекемді сұзып алдым. гүрілдеп-сырылдап күшенген машинаның үні өше бастады.
ـــ кәбинкеде қозғалмай отыр, ـــ деп өзі түсуге ыңғайланды.
ـــ менде түсеиін, ـــ деп ұмсына беріп едім,
ـــ ұсынып қаласың боз өкпе, тіл ал. ـــ деп өзі тұсып кетті. «боз өкпе деуін, жырғасаң өзің-ақ бар» сыздап отырып қалдым. сәл аялдап қайта оралды.
ـــ екі доңғалақ шұңқырға батып қалыпты, жаяулаймыз. ـــ деиді. жерге тұстым. айнала тастай қараңқы, қасқырша ұлыған боран бет қаратар емес. қайдан келіп, қайда тұрғаныңды білетін емессің.
ـــ ки мынаны, ـــ деп май-май сары ішікті ұсынды.
ـــ кимеимін, өзің кие бер. ـــ деп тыртысам.
ـــ өкпеші жігіт екенсің, бағанадан қалжыңдағанымды көтермеисіңбе, жігіт болсаң бопсаға шыда деген, киіп ал. ـــ деген сөздерін ала қашқан желден зорға естідім. «жігіт» дегеніне ішім жылып, алып киіп алдым. қол шырақтыың өлеусіреген жарығында жолдың сорабын зорға айырып жұрып келеміз. күртік қарды омбылап, боранға ықтап талай жүргенде ауыл иісі мұрынға ұрып, қыстақтың сұлбасы айқындала бастады. жатағандау там ұйдың алдына келіп дыбыс беріп еді, жас келіншек есік ашты.
ـــ әбден алаңдаттың, машинаң қайда? ـــ деп сөйлеи бастап еді, шөпер сөзін бөлді.
ـــ қонаққа қарасаңшы.
ـــ ұйбай-ау, мұнда жолдасың барма еді, үйге кір, ـــ деп бәйек болып кетті. қуырдақтың иісі танауыма ұрылғанда, ішектерім шұрылдап сала берген.
ـــ үйге жетіп алайын, азырақ жер ғой. ـــ деп жуаси қалдым.
ـــ жігітім тәңертең бірәқ қайт, меимән боласың. ـــ деиді. машинадағы қиқарланып сөйлегенінен басқаша. тоңып, қалжырап тұрғасын теріс көрмедім. қуырдақ алдыға келгенде шөферім күлімдеп кетті. етті ыдыстың тұбын түсірердеи-ақ кіріседі екен. менде өзімше құнжыңдап жатырмын. табақтың шетінен бастап түре қуып барады. ар жаққа ел қонып, бойыма қылу қүгіре бастағасын жан-жағыма көз жібердім. келіншекке көзім тоқтаған сәтте сұрапыл бір сезім құндақтап, тесіле қалыппын. қарақат көз, оймақ ауыз, бидай өңдінің әдемісі. бірее оқитын қыз балалар болсын, әлде басқада көріп жүрген қыздарым болсын бұндай толқытқаны жоқ. ес-ақылымды жаулап алған әдемі келіншекке таңғалмасқа шарасыз едім. «әкәу, біреудің некелісінде нем бар, не қылық бұл?» өзімді тежеиін десемде, көңілдің жетегінде кеткен көз шіркін тімтініп болар емес. кесемен шай ұсынған қолын қосып ұстай алыппын, жанарымыз түйілісе қалғаны. ұяттың оты өртеп, жерге еніп кетердеи қиналдым. «бұл не қылған бассыздық, ренжіп қалатын болды-ау» деген ұятты сезімдер қинағаны, ұрланып қараймын. түк болмағандай, малжаңдап отырған күйеуінің тамақ жесіне сүйіне қарап қалыпты. өзегімнің әлде бір жерінен ит ұрып қоя берсін енді. қызғанғаным қызық. ас ішіліп болғансоң маған орынды түкпір үйден ыңғайлап, өздері ауызғы бөлмеге жәйләнғән. көрпеге кіріп алғасын қаптап тұрған қалың ұйқы келсеші. ептеп басып есіктің көзіне барам, ауызғы бөлмеден дыбыс шығама деимін, дыбыр жоқ. дойыр шөфер нәзік келіншекті жұлмалап жатқандай, аздан соң құманды көтерген келіншек далаға беттеитіндеи. тынышым кетіп, есікке жүгіріп, қарадай алқынамын.
таң ата қатты ұйықтап кетіппін, біреу есік ашып кіргендеи болғасын басымды көтерсем келіншек екен.
ـــ қайным қой өріп кетті, ـــ деп сыңғырлайды.
ـــ ағай қайда? ـــ деимін көрпеден басымды қылтитып. ـــ машинасына кетті. ـــ деп күміс қоңырау тағы сыңғыр етті.
ـــ киімімді іліп алайын жеңгетәй.
ـــ іш киімің бұтын емес ұқсайды да, ـــ деген жеңгеи әзілдеи жұрып тысқа беттеді. киімімді киіп келіп таңғы асқа отырдым.
ـــ қайным-ау, қайдан кешігіп жұрсың?
ـــ оқудан тарап.
ауылдың ақ шайын сағынып келген басым сылбырап отырып тартып жатырмын.
ـــ шай қандай болыпты қайным?
ـــ несін айтасыз, балдай.
ـــ мақтап жібердің қайным, ــ ـ күміс қоңырау тағы сыңғырлады.
ـــ сіздеи жеңгемнің шайы балдай болмағанда.
ـــ балдай болғаны не керек, ағаң кеиде келмеи қалады. содан жалғыз отырып шай ішкендеи болмаймын.
жанарына мөлдіреп шық қоныпты. кіреуке бір мұңның табы бар. сөзді басқаға бұрғым келді.
ـــ сіздің тойға әғәммен бірге барғанмын, ـــ деппін өзімше көңілін аулағаным еді бұл.
ـــ е, одан бері бес жыл өтті емеспе, сол күні ағаңа кезіге алмаған едім. ـــ деп отыр. «біреудің тойында нем бар, жарасының аузын тырнап нем бар еді құдай-ау.» ал қырыңнан қысылмаймысың. бетіне қарай алсамшы. «апырау, содан бері мына дойыр шөфермен қалай бірге жасасып келеді екен?» деп таңғаламын.
ـــ мына ағаң жақсы жігіт, сәл қырыстанып сөйлеитіні бар, ـــ деп қояды.
ـــ ағай арақ ішеме? ـــ деп аңғармай тұрып аңық ете түскенім.
ـــ бір жылдан бері ішетінді тауып жұр, шәршәп жұрғой, тек ішіп алып... ـــ сөзінің соңын жұтып ұнсыз қалды. «ал сөйле, жұдырықтай болып тұрып ділмәрсіп неме керек, жаратқан-ай» жерден тесік ашылса кіріп-ақ кеткім бар. тезірек кеткім келген. шай жиналғансоң қайтуға қамдандым. үйдегі жеңгеме алған иіс майдың біреуін ұсындым.
ـــ рәқімет қайным, келіп тұрарсың уақытың шықса, ـــ деп ұзатып салды. қақпаға барып артыма қарасам жеңгеи состиып тұр екен. жалтақ-жалтақ қарап ұзай бердім. үйге келсем бәрі абыр-сабыр, көршілерде жиналып алыпты. әқпеиіл ауылым-ай, бәрі келіп амандық сұрап жатыр. шешеидің есіңкіреп сөйлеитін әдеті.
ـــ ертәйімнің әкелгені, ауыз тиіңдер, ـــ деп кәмпит үлестіріп жатыр. ара-арасында ـــ кәмпиттерім таусылып, балаларда жаныма жуымай, қоңылтақсып қалып едім, түнде ертәйім түсіме кіріпті. қарғамның келетінін білген едім. ـــ деп бір кетеді. әкем ұнсыз ғана жымиып отыр. бәрін билеп сөйлеитін сірдесте кемпірінің шалқып сөйлегені жағып кеткендеи. ел аяғы саябырлап, көршілер қайтқан кез. кешегі боран үрлеп кеткен қасатты күреп жатқанмын. тәңертең ғана үйлерінен шыққан жеңгем келе жатыр.
ـــ қандай қайным? ـــ деп күміс қоңырау сыңғырлайды.
ـــ жарап тұрмын.
ـــ онда келін алсақ болғандай, ـــ деп әзілдеи жұрып үйге беттеді. шешем қалбалақтап қалыпты.
ـــ ертәйімнен естіп, рәқіметімді айтайын деп отыр едім, кел, келінжән. ұйбай, белім, ـــ деп созақтатып барады.
ـــ апа-ау, ұлыңыз келіп қуанып жатқанда келмесем ұрсасыз ғой, ـــ деп жеңгеиде білгірсіне қалыпты.
ـــ мені ойлап келгеніңе рәқімет, алла жарылқасын қарағым, ұйбай, белім. ـــ деп шешем ағынан ақтарылып жатыр. «қайтсын енді, шеше дегеннің бәрі бала дегенде бәйек, тіпті бір ауылдың баласын өз баласындай бауырына басып кетер кемеңгер аналар көп кезігетін жомарт ауылдан. бірәқ біз сол ана байқұстарды беиішке апаратын көрінбеиміз.» кеңсірігім ашып, көзімнің жасаурай қалғаны, теріс айналып кеттім. жеңгеи шешеимен кеңесіп, талай уақыт отырып кетті. шешем соңынан елжіреи қалыпты.
ـــ қайтсын, бала көтермеи жұр, өзі бір жаралмаған жақсы бала. күйеуі де бір мың болғыр, ұйбай белім, ـــ деп бір кездегі ауызына қуырған бидай тоқтамайтын мені ағама қосып беретінін ұмыта қалыпты.
ـــ болды кемпір, бастары жас, алланың меиірі тұссын. ـــ деп әкеидің шешеиге қосылып көсемсігені тіпті қызық.
арада бір аптадай уақыт өткен. түскі ас кезінде шешем, ـــ мәгезинге барып, шай-шалаң алып кел, ـــ маған бұрылды. «болады» деп еліп ете тұстым. ойымда жеңгеидікіне соға келмекпін.
жолдан жеңгеилердікіне бұрылғам. машинасын тоқтатып қойып ағайда үйде дем алып жатыр екен. есік алдынан жеңгеи қарсы алды.
ـــ қандайсың қайным?
ـــ жарап тұрмын жеңге.
ـــ онда келіншек ал, ـــ деп күміс қоңырау сыңғырлайды.
ـــ қыз аламын, келіншегі несі. ـــ деимін есе жібермеи. біз әзілдесіп үйге кіргенде ағайда елігіп алыпты.
ـــ қатырдың. ـــ деиді қарқылдап.
ـــ нені?
ـــ өзің бір түкпіш жігіт екенсің, кел төрлет, ـــ деп төрді нұсқады. жеңгеи шайға қамданып еді, «шайды қой, ет ас,» деп ағай бирықты бірәқ түсірген.
ـــ тағы бір күні келеиін, асығыспын, ـــ дегеніме қарайтын жеңгеи жоқ. етті қазанға салып тастаған. ағай екеуіміз дойбыға түскенбіз. ағай мені ықсырыңқырап барады. енді маған жеңгеи келіп болысты.
ـــ атты алдыға бас.
ـــ сен тыныш тұр, ـــ деп ағай қызарақтайды. оны елеитін жеңгеи жоқ.
ـــ құлын же, мат болуға аз қалды.
ـــ қаптамаңдар, ـــ деп ағай енді шындап қызарақтай бастаған. менің ойым дойбыда емес, қайта ананы-мынаны жұр деп еңкеиген жеңгеидің демі бетімді қытықтағанына мәз болып, емеуірінімен ғана тас жылжытып отырмын. екі р т мат болып еді ағай,
ـــ сен қазаныңа қарасаңшы, еркектерге килікпеи, ـــ деп жеңгеиді жұмсай бастады.
ـــ жеңілгеніңе мойындасаң, ـــ деп жеңгеиде қояр емес.
ـــ жеңілдім, енді қазаныңа қарасаңшы, ـــ деп ағай дойбыға тесіліп отыр.
тамақ ішіліп болғанда қысқа күнде кешкіріп қалыпты. мәгезиіннен керек-жарағымды алайын деп үйден шықтым. ағай мен жеңгеи кем сәт кеңесіп, жеңгеи менімен бірге ілесе жұрды.
ـــ ау, жеңге, қайда?
ـــ апама бірер нәрсе алып бермесем ренжіп қалады ғой, үйде даяр нәрсе болмай қалды. мәгезиннен алып береиін дегенім ғой.
ـــ несіне әуреленесіз, ـــ деимін ـــ апам ренжімеиді.
ـــ үлкен кісі емеспе, біздікіне келгеніңді естісе ұятта.
ـــ мағаншы?
ـــ нені қалайсың қайным?
ـــ сіздеи сұлу қыз болса қалар едім.
ـــ кісіні мақтауға жұрып тұрсың-ау қайным, ـــ деп сәбилерде ғана болар рясыз күлкімен күміс қоңырау тағы сыңғырлап кеткен.
мәгезинге келіп зат алып жатқанбыз. есіктен удай мас екеу кірді. келе жеңгеиге тиісе бастады. ақ пеиілдігі мен арамзалығы қатар жүретін аңқау ауылым-ай. сол арамзаланып жүретін екеудің алдында күміс қоңыраудай сыңғырлар жеңгемнің күлкісі тұтқырланып қалған еді.
ـــ қайдан жұрсың сылықым, ـــ деп түкіріктерін шәшіп жеңгеиге тақалып алыпты.
ауызың іи сасымай ары тұр, ـــ дегенін елеитін емес.
ـــ мынау қыз күніндегіндеи әлі сылқыммын деп ойлайтын көрінеді, ـــ деп біреуі жанындағыға бұрылып еді,
ـــ сыны бұзылып, сүйегі жарылмаған келіншектің қыздан несі кем. ـــ деп екіншісі де қиқылдады. жеңгеи бетін басып еңіреп отыра кеткен.
ـــ жібер бізді, ـــ деп оларға таядым.
ـــ қәйтеді, сары үрпек. соқа басы жалғыздың сендеи інісі жоқ еді бұнда, әлде мынаның бірдемесіме едің. ـــ деп кеудемнен итеріп жібергенде тәлтіректеп кеттім.
жүгіріп далаға шықтым. көзіме оңтайлы қару ілікпегесін, қарап жұрып тоңға қатып жатқан жарты кесекті шығарып алып қайта кірсем, олар әлі тұр екен. жеңгеи бетін басып мықшиып отыр.
ـــ қоя бер оны!
ـــ мына сары үрпек қәйтеді, ـــ десіп қиқылдап тұрып күлген. « мә, қәйтеді.» деп құлақ шекеден біреуін асатып кеп жібердім. екінші рет қолымды сілтеуге үлгіртпеи екіншісі ұстай алды.
ـــ өлтір иттың баласын, ـــ деп шекесін қан жапқаны бет-аузыма былшылдатып ала жөнелді. жеңгеи «ұрмаңдар» деп шыр-пыр болып жұр. бүйірімнен тиген аяусыз соққыдан есімді білмеи қалыппын. есіме келгенде шешемнің зар-замандатып жүргені болды. әлде неге разы болғандай әкем ұнсыз жымиып қояды.
қысқы демәліс біткенше үйден ұзап шығу еркіндігім шектелген. екінші маусымдық оқуға қайтатын кезде ғана әкем мен шешем біресе ұрсып, біресе ақыл айтып жұрып шығарып салды. аанда-санда өгіз аяңдатып келетін қатынасты тосып тұрғанмын. ағай мәшинәсімен келе қалды. «машинаға шық!» екеуіміз ғана жұрып кеттік. ағайлардың ұйының тұсынан өткенде дарбазада жеңгеи тұр екен, қушиып бір уыс болып шөгіп қалыпты.
ـــ ағай ән айтыңызшы, ـــ деимін.
дегенде шапибай-ау, шапибай-ау,
тұсынан ауылыңның өттім жаяу...ахау, ау
кәбинкенің терезесінен бұрылып қарап қоям. күміс қоңырау сылдырлағандай болады құлағымның түбінен.
қош бол сәулем көргенше!

2005-жылы2-желтөқсән. үрімжі


менің атым кім еді

көшеде айналып жұрмын барар бағыт жоқ, өткен ғұмырымды ойлағымда келмеиді.тәтті елестерге тәнті ететін қялдар адамды қаншама алып ұшқысы келеді. кенет ұшқым келген, қанатсыз адамды қанағатсыз қялдардың жетелеи жөнелетіні бар. бәрібір ұша алмағасын ойланудың да басы артық шаруа екенін сезіндім. сезіну... ... бізге жетпеитіні осы ғана! бір топ адам қоршап алған, үлде мен бүлдеге оранып алғандары да, өңі түскен жаман шекпен киіп бозарып тұрғандары да бар. бәрінің жүзінде абыржудың нышаны менмүндәләйді. анау ертәй, мынау болатбай, сонау тұрған қызыралы, арығы елебәй, семізі қанат... ... деседе бірде бірін танымаймын. тек елдер ғана оларды әқкөңіл, арамза, қәндес, жуас деп атасып жатады. елдерде қызық!
жатағыма келіп кір жуып отырғам, ол келді. өңінде көгілжім ісік бар, түнімен ішкені менмүндәләйді. қасындағы екі қыздың тізеден өрлеңкіреп кеткен көйлегінің етегі әппәқ сандарын жасыра алмай тұр. қадалып қаттымда қалдым. арғы жағымның әлде бір жерінен құтырық сезімдер ояна бастады. кезінде ауылдағы қыздардың балтырын ғана көретінбіз. қазыр бәрі өрлеп кеткен, беине қалталыларға арналған арнаулы базардағы зат бағасы сынды. сол өрлеп кеткен заттарға кім қызықпайды деисің. әлде бір жерім мезгілсіз бүлік етіп қалды. ол қыздарды таныстыр Май жатып қыздар көсемдік танытты.
ـــ танысып алалық, менің атым маша ـــ деп қол ұсынды.
ـــ онда батыстық болдыңыз ғой? ـــ дедім бажырайып. қыз сықылқтап ұзақ күлді, тіпті үшеуі қосылып алып сылқылдады. ана бір қыз
ـــ менің атым анна. ـــ деп өзін таныстырғанда шошынып қалдым. есім шығып досымды құшақтай алдым. «досым саған рәқімет, маған мәдениетті батыстықтарды таныстырғаның үшін»
ـــ тым күлкілі екенсің, ـــ деп қыздар ренжіп қалды, ـــ қәзіргі мәдениет дегеннен беихәбәр.
ـــ әзілдеп отыр, ـــ деп досым түсінік беріп жатыр. «мәдениет» туралы ойланып қалдым. меніңде атымды өзгерткім келді. мәрк твен десемші, құдай сақтасын, ондай ұлы атты көтере алмай өліп кетсем, жаман жатағымда кір жуып отырған езбе тірлігімнің өзіне зар болармын. жәй бір ат ойлай бастадым. қалайда бір жаңаша ат қою керек. заманың қалай болса бөркің солай депті екен кезінде біреу. ол есіне бірдеме түскендеи қыздарға бұрылды.
ـــ досымды таныстырмаппын, бұның аты... ... ـــ ол таныстырып үлгіргенше сөзін бөліп жібердім.
ـــ менің атым иван барыс уаң.
ـــ өте әдемі ат екен ـــ десіп екі қыз айғайлап қалды. досым тілін тістеп қатып қалыпты. мәдениетті дереу қабылдап кете алғаныма таң қалғандай. енді оған ақыл айта бастағым келді. маша мен аннаның жанында жұрып байырғы әтімен қалса ерсі тұратын бастанды.
ـــ сенде атыңды заманға лайықтап өзгерт.
ـــ дұрыс ـــ деді маша мен анна.
ـــ менің атым қандай тамаша, иван батыс ақ аюларының сүйікті патышаларының фамилясы, барыс тұран даласының байырғы патышасы идан барыстың аты, соңы шығыс халықтарының ардақты есімі. ـــ желпініп кеткен беинем мен тапқырлығыма қайран қалды білем, атын өзгертуге пеиіл екенін айтты. бастапта аядай жатағыма қораш қараған қыздар қазыр бәрін тарыс ұмытып жаңаша есім іздеи бастаған. бәріміз құлшынып ананы, мынаны айтып жатырмыз.
ـــ сяша болсын, ـــ дедім мен.
ـــ қыздарға ұқсап қалады, ـــ деп көзіме шұқыды екі қыз ـــ азаматқа лайық есім керек.
ـــ дави болсын.
ـــ ер адамның аты қысқа болса жарасымсыз, ـــ деген тойтару айтылды. жерден жеті қоян тапқандай деп келетін айналайын бір сөз болушы еді, дәл сондай қуанып оның өзі айтты есімін.
ـــ мопассан, менің атым мопассан болады.
тауба! дедім ішімнен, бәлкім жазушы болып кетер. обалы не керек, маған десе бөрібәсәр болып кетсін, таласпадым. төртеуіміз ілезде тіл табыстық. қыздар тамақ істеп жібермек болып белсене кірісті. ол екеуіміз жаңалық туралы әңгімелесе бастадық.
ـــ жастар жаңалықшыл болуы керек, ـــ деп көсілді.
ـــ дұрыс ـــ деп изек қақтым.
ـــ адам ескіге жармасып алмауы керек. адамдардың бәрі еркіндікке ұмтылуы керек. идеядән тартып барлығына рефөрмә жасау керек... ... керек... ... керек... ... деп кетіп барады.
ـــ дұрыс... ... дұрыс... ... деп ілесіп келем.
ـــ кенет намысым қозды. ол жетелеиді, мен ерем. « мопассан болмақ түгілі... ...» деп барып сабама тұстым. қояншық ауыруы ұстаған жанша бет-аузым қисайғанша бұрылып қарадым. сосын «барлығын ел біледі, тоқтап қал» деп айғай салдым. анна мен маша аңырып қалыпты, қатты ыңғайсыздандым, деседе өкініш сезімі болмады. арақ ішіп алғасын шалқып отырда баяғы, болмаса шаруасын күйіттемеи несі бар деисің мені изектетіп мұнда деген азғырынды ой келді. меніңде арақ ішкім келген. айналдырған екі-үш жағалы киімімді жуып түгеткем, енді бекершіліктен не істеиді деисің, өнімен бірге отырып мәдениет қабылдап, арақ ішу керек деген ойға келгем. кеиде осындай ұзақ, бір сарынды ойлардың адамды қажытатыны бар. оның езуі көпіршіп сөйлеи бастады.
ـــ қазыр бәрі өзгерген ـــ деп желпінді, ـــ ақша табу керек. бізде табыс көзқәрәсі кем, сосын кезіндегі дәстүріміздің тиымды жағын ойластырмағанбыз, біз түсінік ала бастағанда елдер ұзап кетті. сондықтан үздіксіз ілгерлеуіміз керек. ـــ басымды дыңғырлатып тоқтамай сөйлеп отыр. еркіндік туралы бұрын неге ойланбадым екен деп өкініп қалдым. екеуіміздің шешендігіміз шегіне жеткенше маша мен анна тамақты даярлап үлгіріпті. төртеуіміз тамақ алдыға келгесін дуылдаса бастадық. өзімнің заманнан кенже қалғаныма жасып қалдым. маша мен анна менен гөрі жақсы сілтеиді екен, бөтелкелер босап домалай бастады. жатағымдағы жалғыз мұңдасым гиттәрәмді қолыма алдым. саусақтарым пернелерде еркінен тыс жорғалай жөнелді. барлық дыбысты жеті санға байлаған әулие тектес жұмыр бастыға бекерге рәхімет айтпай жұрмыз-ау сірә! көз алдыма петқөвін мен мотсарт елестеиді. бір ұлт емес күллі адамзат рухының жеңісі мен жеңілісі алма кезе К аударыспақ ойнап, жасын ойнаған теңіз бетіндеи сұрапыл да сұмдық күй тербеген кедеи музикә пірлерінің музикәләрінән гиттәрәдә ұзып-жұлып ойнайтыным бар. осындай мәдениетті адамдардың ортасында отырғанда тартынып қалғаным жөн болмас еді. жап-жақсы көңілім су сепкендеи басылды.
ـــ кләсикәліқ дүниелерді тербелеи бермеи, осызаманғы музикәләрдәндә орындай отырсаңыз етті. ـــ деп маша қялымды ұзды.
ـــ естрәдәліқ дүниелердің кереметін көрмеи, ертеге кететініңіз қызық екен. ـــ деп анна қостады. екеуінің сөзіне пікір қоспай мопассан отыр. апырай деимін, соншама сұлу маша мен анна, соншама мәдениетті маша мен анна негеғәнә біреуді силай салмайды екен ә? жақпасада ести салса болмайма? деп шекемді ой мұжып біртәләй отырдым. кезінде сеисенбәй деген кісі жұмыр басты пенде неістемеиді? деп өзін жұбатып отыратын. сол жарықтық не біліп айтты екен ә?... ... деген қай-жәйдәғі сұраулар келетін. ұлылық дегенді біреуіміз азаматтық, біреуіміз кішпеиілдік деп білгірсінгенімізбен ұлылық басқа емес монтаны бязылыққа құрылған жомарттық екенін біліп алдым. гиттәрдің әкөрттәрін қуалап даңғырлаутуға бастым. анна мен маша, мопассан үшеуі қосыла әнге басты.«айлы тұн астында, ақ гүлдер қасында, өзімді сұйдырдым басқаға» деп келетін жолдарына келгенде анна мен машаның көздері боталап шық қоныпты. анна мопассанға жабысып алыпты, маша маған сүйеніп қалған. гиттәрәні аядай жатағымды көтеріп кеткенше өзелене шалдым. мопассан мен аннаның жабысып алғаны ұнаған жоқ. ақыры ат өзгерткенсөң толыстой деп өзгертсе болғандай, толыстой мен анна бірге отырса қандай жарасым табар еді. ән толас тапқан сәтте талай румкә сыңғыр қағып төңкеріліп қалған еді. қалай деседе еркін адам болғасын, еркіндікке ұмтылушы болғасын еркін ішкенге не жетсін. мен өз ойымның дұрыс екеніне шұбасыз сендім. машадан сүйенбеи отыруды өтінеиін дедімде ойымнан тез қайттым, бізде еркекпіз, бір қыздың сүйенгенін көтере алмайтын не жетіпті. бізде де намыс бар, намыс болғанда еркектік намыс. тосыт сөзін мопассан алғанда гиттәрімді қойып машаға сүйене тұстым. машада үлкен жомарттық жасап, денесін аулақ ұстауға тырыспады. көңіл дегендегі жомарттық жәйлі түсінігімнің жоқ екеніне намыстанып қалдым. осы күнге деиін екі жыныстың ортасындағы жомарттықтардан игіліктене алмағаныма қатты өкіндім. адам өмірге еңбек істеп өтіп кетуге бола келгенбе, әлде еңбегінің жемісінен лаззаттану үшін келгенбе? деитін жанды мұжитын арамза ойлар иектеитін. өзімнің көп нәрсеге даярлықсыз екенімді танып жеткендеимін. сырт көзге жілтірәғәнімізбен нағында көре алмас жаралған бітісім өз арамзалықтарын көрсете бастады. маша мен аннаның, мопассанның еркіндіктеріне қызғана қарай қалдымда өткен топастықтарыма ашына бастадым. тек дұшпан көзі дегендеи сыр бермеи отырмын. дұшпан көзі дегенге еске түседі. кезінде, кезінде болғанда қазақ халқының қанды қырғындарының бір тұстарындағы қанды қырғында төйеке деген батырға ажалдың оғы тиеді. елі үшін еңіреп туған ер ажал қауып бара жатқанда, көзі шалған көр көкірек ағайыны «ойдойт, төйекеге оқ тиды!» деп мәре-сәре майданға шапса керек. сонда қасындағы қалыс ағайыны «дұшпан көзі бар, дұшпан көзі» десе «ой, бауырым!» деп озандап қоя беріпті. сол сяқты дұшпан көзі болсада мәрттік жасап қоятын кездеріміз бар. өзімнің заман жәйлі, заман жәйлі болғанда осы кездегі адамдардың жан рақаты мен тән рақатын қалай сәйкестіріп жүргені туралы мардымсыз түсінікке ие екеніме құсалана қалдым. маша жабыса тұсты. көз алдымнан қып-қызыл ұшқындар ұшып, денем бір ысып, бір суып, бұлшық еттерімнің әрекеті тездеп, демімнің жиілегенін сезіп отырмын. маша екі көзін тарыс жұмып алға қарай ұмсынып қалыпты, еріндері дір-дір етіп әлде нені аңсап тұрғандай. менде екі көзімді тарс жұмдым. беине терең шыңырауға сүңгігелі тұрған сушылдарша кеудемді кере терең тыныс алдым. даярлану дегенді біз сапарға шығар алдындағы жол даярлығы деген сяқты сөздермен түсіндіре салуға әдеттеніп қалыппыз. жо, даярлану дегеніміз кеиде шарасыздықтан амал табу екен. ақырын-ақырын машаның еріндеріне ұмсына түсемін. ұмсынған сайын ішімнен махаббат деген сөзді қайталап қоямын. дауасыз дертке айналатын мерез ауруы адамды қалай меңдетсе, сұлулыққа құштар екі аяқтыларды махаббат деген жалғыз ауыз сөздің солай меңгеріп әкететіні қызық. жақындап барамын, ұмсына түсемін, мен аңсаған машаның ыстық еріндері жоқ. міне қызық, маша екі көзін бақырайтып ашып алыпты, екі көз бақырайып тұрғанда сүйскен ерсі сезілмеитіні ғажап екен. абыржи бастадым. жұзымды жалтарып кеткім келгенімен, белгісіз күшке айналған көзге көрінбес тартылыс әлде қашан буын-буынымды алып, еркімнен тыс қәжеттілік матастырып тастаған дәрменім жетпеді. мопассан мен анна құшақтасып құлап кеткен. күбір-сыбырдан гөрі екеуінің ентігі басым. кісінің делебесін қоздыратын осындай ентік көбеиген сайын қоғамның айналыс ритымы тездеп кеткендеи болып, өзіңді қайрай түседі екенсің. жүрегім атқалақтап дүрсілдеи жөнелді. дүк, дүк еткен дыбысы екі жыныс әлде неге асыққан сәтте үлкен өмір дың жүрегіне жүкті екенін жаңа мәдениеттен кенже қалған басыма ұғындырып жатыр. ұмсынып жұрып ып-ыстық ерінге жеткенім сол машаның қолфоны безектеи жөнелді. қолфонына қарап аз-кем мелшиген маша тосын айғайлап жіберді.
ـــ анна тез, қөжәйін.
ـــ қөжәйін... ـــ аннаның дауысы да тосын шықты. ешнәрсеге түсінбеи аңырайып қалдым. мопассан жәйбірәқәт қана киімдерінің түймелерін дүзеп жатыр. «қөжәйін» дегені маған «басқарушы» деген ұғым қалтырды.
ـــ үйлерің ұрыппа? ـــ деп сұрадым, ـــ шешелерің іздеп жүрмесін.
ـــ қайдағы шешеміз, қөжәйін ұрыпты, қөжәйін. ـــ деп маша мен анна біреу қуып келе жатқандай абдырап, шәштәрін тарап дайындала бастады. мопассан асығатын сыңайлы емес. екі қыздың қарбаластанып кеткені кәперіне кіріп шықса нетеиін, өз алдына темекісін шегіп, румкәләрғә шыпылдатып арақ құйып жатыр. маған қарағанда мәдениетті маша, әннәләрмен қалай-қалай сөйлесуді бір адым болсада ерте бастаған мүкең тосытты қолына алған.
ـــ келген қадамдарыңызға рәхімет, келіп-кетіп тұрыңыздар.
ـــ рәхімет, тағы келеміз. ـــ деп маша мен анна қатарынан сыңғырлады. не сөйлерімді біле алмай тұтығып мен тұрмын. тек қана қол жетпеген бір армансымақ жылымшы ой қалды жұмбақ болып арғы жағымда. мөкең өзі ертіп келіп, өзі қылымсып қалыпты. былжырап отырып тосыт сөзін езіп-қыртуыма қарамай, асығып тұрған маша мен анна қөжәйіндәрінә кетті. біреу иығымнан зылмауыр жүк алып тастағандай жеңілдеп қалдым. мөкең қыздарды шығарып қойғалы бірге кеткен. мәңгірген күйде аз тұрдымда қолымдағы румкә толы ашты шарапты бірәқ жұттым. удай ашты шарап өңешімді өртеп кеткендеи. байқұс гиттәрәм бір жерде жығылып жатыр. ұзақ ойларға кеттім. егерде қадырын білер иесі болмаса, адам дегенде осы гиттәрәғә ұқсап керексіз түрәбереді екен-ау деген түсініктермен бірге менің де нағыз бағалар ием табылсашы деген арманды ойлар ойлар оралған еді көп нәрсені түсіне бермеитін жұмыр басыма.
көрінген есікті қағып қізмет іздеп жұрмын. алақандай-алақандай бес-алты куәліктеріме ешкім қарапта қоймады. қайда барсаң қорқыттың көрі дегендеи, сең соққандай теңселіп жүрген жалғыз мен емес, қайсы орынға барсаң тәжірибең жоқ екен деп иығын қиқаң еткізеді. сенделіп жүрген күндердің бірінде маша мен аннаға жолығып қалдым. бажырайып бір-бір қарады да мүлдемге танымай өте шықты. ыржиған ернімді жя алмай тұрдымда қалдым. мәдениетті маша, мәдениетті анна амандаса салса несі кетеді екен ә? құсаланып үстіме қарадым, ұсты-басым тозған. осындайдан адам қай-жәйдәғіні еске ала беретін болса керек. кезінде қожанасыр деген шығыс халықтарының данасы жаман шәпәнмен тойға барса, байлық буына мастанған месқәрін бай күзетшілеріне қуғызып тастайды, намыстан жарыларман болған сол дана жаңа шапан киіп барып, киімінің жеңі мен қалтасына палаудан көбірек асатса керек. сол дананың ісі есіме оралып мопассанға телефөн жалғадым. қарызға болсада бірер жүз юанның басын қайырып алдымда, тура киім базарына тарттым. неше мың жылдарды араға салып жұрып абырой жабуды зорға үйренген, одан кеиінгі неше мың жылдарды араға салып жұрып ұлытқа, дінге, мәртебеге, жынысқа қарата жіктеп, реттеп тастаған алуан тұрлы киімдер көздің жауын алады. шықырлаған ақша беріп, кәстөм-брөлкәнің шықырлағанынан бірді қатырдым. кенет көп нәрсені түсіне бермеитін басыма алуан тұрлы ойлар орала кетті. өзгеру туралы ойланудамын. ат өзгерді, киім өзгерді, енді салауат өзгерсе, сосын мінез, сосын... ... ойларымнан қорқа бастадым. өзгеру мен өзгертудің парқын мүлдемге ойламауға тырысам... ...
маша мен аннаны көрген түселге келе жатқанмын. әлде бір ақшалы да меиірімді ханымдардың ардақтысы болып жүретін сабалақ жұнды ақ жәнден ілесіп алды. ұсақ-түйек базарынан әдемі жіңішке шынжыр алып шынжырладымда жетектеп алып, алшаңдай басып түселге кірдім. сондай әдемі қыздар бастарын иіп қарсы ала шыққанда бұрын болмаған мақтаншақ сезімдер кеудемді кернеп, шалқалана күжіреидім. «мың күн атан болғанша, бір күн бура бол» деп келетін айналайын б р патуа болушы еді, қәйтер деисің, қарызға алған бірнеше жүз юәндіқпен амандасуға да жаратпай кеткен машаларға бір көрсетеиін өзімді деген көзсіз ашуға мінгенмін. «ақшаң болса қалтаңда, талтаңдасаң талтаңда» дегенді де үлкендер өздері үйреткен. маша мен анна талтаңдап тұрған маған қарай қатар ұшып келеді.
ـــ иван барыс уаң бұнда қалай жұрсың? ـــ деп таң тамаша.
ـــ сәлем қыздар. ـــ деп қоразданып тұрмын. маша ақ қәнденді қызықтап жатыр,
ـــ аты кім бұл кішкенеңнің? ـــ деп қояды.
ـــ дави.
ـــ не деген әдемі ат, өзіне құп жарасыпты. ـــ десіп сұйынып қалыпты.
ـــ деседе ол төбет, еркектігіне атының жараспай тұрғаны. ـــ деп машаға қарадым. екеуі ыңғайсыз абдырап қалды. анна мен машаның есіне менің жаман жатағым енді түскеніне көзім жетіп тұр. болмаса недеген сүйкімді ат деп тұрып, беишәрә ақ қәнденді көңілсіз түрде жерге тастай салмаса керек еді. менде көңілсізденіп қалдым. «дави кеттік» деп ақ қәнденді тіл білетіндеи-ақ жетелеп жүре берген едім, біреу иығымнан қақты,
ـــ орыспын, сізбен танысуға боларма екен? ـــ деп мүлтіксіз қазақ тілінде судырап тұр. ғажаптанғаннан аузыма сөз түспеи қалды.
ـــ неге? ـــ деи беріппін сасқалақтап.
ـــ атыңызға қызығып қалғаным, иван барыс уаң... ـــ деп жымиды. онсызда жаңалықты баяу қабылдайтын басым бұл жолы да жақсы істемеи қалды.
ـــ е, ـــ дедім ـــ иван мен уаңның ортасында барыс тұрса болмайма екен?
ـــ сізбен істес болуды қалаймын. ـــ деп құшағын жәйді. ақыры жаңашыл болғасын бұлайша амандасуғада тосырқамай, құшағымды жәйіп қарсы ұмтылдым. онсызда құшағы кең халықтың баласы болғасын тартынып не жетіпті. қазақтың құшағы кімдерді қабылдамаған, тіпті қыста қатып қалған жыланды да әлде бір аталарымыз қойнына салып жылытқанын аңыздар пайымдатып отырғанда, төс соғыстыруда не тұр деисің тәйір. анна мен маша аңырып қалыпты. ол өзін «владимир» деп таныстырды. соншама ұзақ уақыт қәзәқтәрмен араласып тұрып атын неге қойлыбай, қозыбай, тіпті барлығын ұзын сонар сезінсе қәзіргі қазақтарға жаңалық болып сезілген жалын, ұшқын деген секілді оттан лап етіп ұшқан үзікті есім қылып алмаған деп ойланып қалдым. владимир екеуіміз сірә іше отырып әңгімелесуге кірістік. сауда мен ел аралап жүрген жәйін айтып отыр. тек сірәні аздап ішетіні ұнаған жоқ. ақыры ішкесін азаматша сілтеуі керек еді. маша мен аннаны шақырып алдым. владимир қатты разы болды. бәрінен бұрын анна мен маша деген осызаманғы мәдениетке лайық есімдеріне тәнті екенін жасырмаған. анна мен машада тартынып қалған жоқ, арт-артынан кішпеиілдікпен рәхімет айтып, ұзылып кетердеи, көргенділігін, білгірлілігін, тәрбиелілігін танытып жатыр. владимир маша мен аннадан маған тиетін көрінбеиді. сірәдән еркін сілтеп отырмын. өлгенде көрген бір төбелес, оның өзінде таяқ жедім дегеннің керін келтіріп, ғұмырымдағы санаулы қүрметтен құр қалғым келмеи тәуірлетсем керек владимирдың майға алған бөлмеме қайтамын дегенінде елегем жоқ. көз алдым тұманданып, аспан әлемінде ұшып жүрген сяқтымын.
ـــ басым-ай, су берші, су... ...
ешкім үн қатпады. ептеп көзімді ашсам өзімнің жатағымда жатырмын. владимир қайда, анна мен маша қайда, бәрінде қойшы, қалтамдағы бірнеше қызыл жүз юандықта зым-зя жоқ болыпты.
көшеде сенделіп келемін. ештеме ойлағым келмеиді. бір күн бура болып та жартпағасын, қаңғырыстап келе жатқаным ғой баяғы. жанымда ақ қәнден еріп келеді. адалдықты иттерден үйренетін шығармыз күндердің күні болғанда... ... менің атым кім еді? ұзақ ойландым... ...

2006 –жыл 24-қыр күйек үрімжі

сайтан қыз сыбыры

күн жарықтық шыжып ақ тұр... ...
танымды сүйретіп көшеге шыққанмын. жылдар керуенін бойлап таусылып бермес кесірге айналған бәсекелер мен қәжетсіз информатсялардан әбден шаршаған рухым әлде қашан тұралаған. сосында осынау ығы-жығы адамдар арасынан бір кездері ғайып болып кеткен сайтан қызды іздеимін. адамдар тобырына араласқансоң еркін жұру былай қалып, тәнімнің өзін шыжыған ыстықтан қорғай алмай қалдым. жанымнан жүйткіп әйгілі мәркәдәғі бір машина өтті. әлденеге асыға зымырап, уақытты сығымдап кетіп барады... меніңде уақытты қуалағым келген. есіме өзімнің тәнім бар кеңістігімде уәқітпен бірге екенім оралып, дәуірді уәқітпен парықтап алғым келе қалды. мәселе қарқында деген азапты ой шырмап келеді.
танымды сүйретіп, елдер ең көп баратын сауда сарайына кірдім. жұрттың бәрі абыр-сабыр. жоғалтып алған қәжеттерінің орнын боқ дүниенің әлдәніштәрімен жұбату үшін қайшалысып жұр... үлкен айнаның алдында Көркемдігіне бас қатырған сұлу мұсын бөйжеткен алуан тұрлы киімдерді үстіне іліп тәнінің көркін көруде. басыма елдер өлердеи табынатын естетикә деген сықылды ойлар оралды. ентелеп келіп тұра қалғанмын. қөжәйін оншалық жақтырып кетпеді. сонда ғана өзімнің үстіме жапсырып алған киімдерімнің уақытқа сай келмеитінін аңғарып, уақыт пен мезгіл, сосын дәуір дегендерді есіме алдым. мағына мен мәннің не екенін айыра білмеитін басым енді-енді бірдеңені сезіне бастаған еді. тәніңнің қәжеті үшін жапсырып алған киімдердің ұят пен сыртқы ортаның стық-суығына үйлесу үшін ғана керек емес екенін, қайта басқа бір көзге жеткізер инфөрмәтсяләрмен қатысы барын түсіне бастағанда рухым тіпті тұралап, мұжылып кететін.
ـــ неменеге қарайсың ? ـــ деп қыз шақырайды.
ـــ киімдерің жарасып кетіпті. ـــ кібіртіктеи қалғам. неге олай болғанын әлде бір жерімнен ұғатын едім.
ـــ саған қанша қатысы бар ? ـــ деп бетін тыржиытты. арғы жағымнан түсініксіз бір ашу бас көтерді.
ـــ елдерге әдемі көріну үшін талдап тұрған шығарсың?
ـــ маған сен емес, басқа біреуі көз салса жетеді.
ـــ киім тек табиғатымызды жасыру үшін ғана керек ... ...
созымның соңын айтқызбай қөжәйін ортаға шықты.
ـــ саудамды бұзбай ары жұр, мынау менің жекелік қамдауым.
соз өсімен біткен. киімнің тәннің қәжеті үшін екенін дәлелдеп бере алмай мысым құрып құсаланатын едім. біреуге барып мұң шаққым келгенімен, тәндерінің қәжеті үшін ғана бас қатырып, мүрделерін зорға сүйретіп жүрген елдерге барғым келмеи, өз уақытымды уыстап жүре бердім. онсызда елдер ұмытуға асығып жүрген рух туралы айту жалғызсырау мен жындануға апарарын сайтан қыздың сыбырынан білген кезім есіме түсетін. «адамзаттың жасампаздығы киімдерде болмастан, рухындағы ішкі қуаттың мүмкіндіктерінде» деп айғай салғым келгенімен тағы жалғыз қалармын деп тілмді байлап алғанмын. мендегі жалғыз мүмкіндік тек алға қарап ілби беруде ғана болатын. әлде қайдан «алға, алға» деп келетін ұран мәтініндегі ән саңқылдап тұр. қазыр біз айырыла бастаған бітімге шақыратын ән әуені жоғалтып алған асылымды іздеуге көңіл аудартатын. тұралаған рухым... шәшіліп кеткен қялдарым... бәріненде құндақталған тәбиғәтімнің жоқ іздеуден гөрі ілби беруге беиімделіп кеткенін ұғына бастаған кезімде, тәнім барған сайын ауырласып кететін. бағыт-бағдарсыз, елдер таптап кеткен іздермен қайшыласып шуап жүрген адамдар шоғырына ілесе жөнелгем. сиқырдай арбап алыстамай, иә жақын оралмай тұратын сайтан қызды таптым. сайтан қыз құлағыма сыбырлайтын.
ـــ сендерге бәрін біз үйреткенбіз.
ـــ нені?!
ـــ сендерге ең әлдімен сүйіспеншіліктің не екенін білдірдік, сосын сүйспеншіліктің қадырын білу үшін қызғануды үйреттік. сендер дәл сол сүйспеншіліктеріңді қорғаудан бастап қызғаныштар мен сағыныш деген тозаққа маталғансыңдар...
ـــ. . . . . .
түкте түсінбеи бақыраятын едім . сайтан қыз күлетін, күлімдеитін. жансар рухым елжіреп бара жататын.
ـــ сол сағыныштарды аңсауға айырбастап алған сәттен бастап, сүйіспеншіліктерің өзгерген. адам ата мен хауанадан басталған пенделік аңсауларың әлі күнге өз дағдысынан жаңылып көрген жоқ.
сенбеимін, ـــ деп басымды шайқайтынмын. неге сенбеитінімді өзімде біле бермеитін едім.
ـــ сол әңсәуләріңмен ғана сүйспеншіліктің не екенін сезінгендеи боласыңдарда имандылық пен нысаптан алыстай бересіңдер.
сайтан қыздың нәзік те сырлы үні әбден баурап алған тұста, тұралаған көкірегім сазып бара жататын. бұл адамдық түйсіктерім мен сенімдеріме сызат түсіретін беимезгіл жалқы сәттен аумайтын. адам атты екі аяқты пенденің саналы, санасыз әрекеттерінің бәрі соңғы есепте өз түйсіктерін жаралап тынатын шығар? сұраулар миымның тұтынын шығарды. жауап бере алатын мүмкіндігімнің жоқ екенін қайдан жасырайын, үнсіз жылжи бердім. жол бойы құлағымнан сайтан қыздың сыбыры кетер емес.
ـــ дүниенің тұп қазығы мүддеге байланған.
ـــ. . . . . .
тағы үнсізбін. әлдекімдердің көп айтып ақ жемін шығарған пәтуәсін сайтан қыз сондай иландырып ұғындыратын. бұл түйсік-нанымдарымның ең әлсіз тұстарынан кеулеп, ақырын-ақырын жаулап алған. ақыл-есімді жоғалтып тұрып, бар ынты-шінтіммен оған жабысып қалғанымды байқадым. сайтан қыз күлетін, күлімдеитін. жансар рухым езіліп барады... ...
елдердің көп шиырлап таптауырын қылғаны жетпегендеи, тастай берік бетөндәрмен қапталған жолдың бойында әлде кімдердің артынан ілбіп келем. сайтан қыз жанымда. оған қарап ақырып жібердім.
ـــ дүниенің тұп қазығы-сенім ерге байланған!
маған қарап үмітсіздене басын шайқады.
ـــ ақымақ!
ـــ енді иландыра берме, онсызда иландырғысы келетін патуалардан шаршап біттім.
ـــ жо, мен сені әлде қайда бастағаным жоқ. қайта сен өзіңнен қаштың. дүниенің тұп қазығының мүдеге байланғанын мойындағысы келмеитін жандар адамзат тағдырын қәтерге бет алдырады. сенімдердің де сенім артатыны мүде екенін ұмытпа.
сайтан қыз күлген , күлімдеген . бірәқ бұл жолы оған қарамадым. мүмкін. . . осы мүмкін делінетін сұмдықтарға жетелеитін екібеткеи ойлардың ұшығы кеудемдегі сенімдерімді тебірентіп, сайтан қыздың айтқандарына иландыра бастаған тұста, түсімнен оянып кеттім. ұйықтамай тұрып тұс көрген тым ғәжәйіп, әрі бақытты сезімдермен қоса қорқыныштарды қоса силайтын. түпке жететін бақытты сезімдерге бой алдыра бастаған басым таптаурынды ізібен ілесіп жез өкшехәнәдән шыққан еді. жарым-жартылай жалаңаш қыздардың сиқырлы күлкісі сайтан қызға деген сағыныштарымнан айықтырып жіберген. сонау бір кеуделі замандардан тартып, қәзірге деиінгі замананың бойына құмарлық пен құштарлық силаған жалаңаш бітім сәтке болсада алаңсыздық пен адам тілі жетпес тілсім сезімдер бағыш ететін. олардан дүниенің тұп қазығы не? деп сұрадым. олар менен ақша сұраған. сайтан қыздың айтқандары дәлелденіп тұрғасын, оларға тәніме жапсыратын киім алуға қимаған ақшаларымды алып бердім. олар сұрауыма әлде қашан жауап беріп болған. қыздардың етті омырауларына басымды сүйеп отырып жылағым келген. бұл көкіректер ғасырлардың әбден марғаулыққа бой алдырып қалғи бастаған талмау тұстарында, дүниені ұйқысынан сілкіндіріп оятар қаһармандар мен әлемді зел-залаға келтірген тәңір сүйген жәһәнгездерден тартып қарапайым халыққа деиін ауыздандырған, сондықтанда оларды өлердеи іңкәр қылған қәсиетімен барлық күнәлі кешірмелерімді жуып-шайып кететініне күмәндәнбәймін. әлде бір кезде осы омырауларға рәхімет айтуды ұмытқанбыз. сосын уыз сүтпен сіңген адамдық болмыс-бітімнен жаттасып, адамдық бітіс әлемінің таза да пәк қалпынан, көшеде көлік мініп зымырап бара жатқан әлгі бір жандарға ұқсап, сондай бір жілдәмдіқтәрмен қашып жұрмыз. мәселенің қарқында екеніне тағы бір рет нәлет айттым. қарқынды меңгерер сана баяғы елеусіз, деседе өктем күйінде қағыс қала бастаған. қялдәріммен шулы ортаның тәртібі мүлдемге қайшы шықты.
ـــ ақымақсыңдар, ـــ деді етті омырауына басымды қойып жатқан қыз, ـــ ұлы жаратушы силаған табиғаттарыңды жасырасыңдар.
ـــ онда адам табиғатын кез келген жерге пайдалана беру еркіндікпе? ـــ деп сұрадым.
ـــ ең бұзық ниетті адами түйсік иелері жасырын істеуге әуес. сосын өздерінің іздерін жасыру үшін басқаларды найзаның ұшына іледі. міне бұл олардың тірлік формулалары.
иландыра бастаған қыздың етті омырауын қатты сығымдап қыса бастадым. жүзінен ұяттан бөлекше, құмарлық белгісі алқызыл нұрлар жүгіріп ойнайды. екі көзін жұмып терең тыныстаған. оның бұл күйіне назар аудармай бар ынты-шінтіммен қос омырауды сығымдай бердім.
ـــ саған керегі мына арада, ـــ деп кіндігінің төменгі тұсын көрсетіп, одансоң тырсиып тұрған әлде бір жерімді аялай сипап қалды. лап етіп шарпып өткен жалын тұла бойымды күйдіріп, шыдамсыз бір қомағайлыққа апарған. етті омыраудан қолымды босатып, өзімнің жаратылыс силаған қәсиетті борышыма кірістім. кірістім де бір тал аппақ қауырсынға айналып ұша жөнелдім. шексіздікке бет алған рухым сондай бір жілдәмдіқтәрмен өзінен қашып барады. енді дүниенің тұп қазығы сенімдерге байланған деп ешкімге айтып жұруымның қәжеті қалмаған еді. неден қашып жұрмын деп ойлана бастағанда ғана ақ қауырсынға айналған парасатымның басыма ештеме қалтырмағанын аңғардым. тек табиғатымда бар құмарлықтар үшін құлшынып жатырмын ...
басымның ішіндегі алуан қялдарымды жерлеп, құры сүлдерімді сүйретіп жез өкшехәнәдән шығысыма алдымда сайтан қыз тағы пайда болды. күлетін, күлімдеитін.
ـــ сенім мен мүденің қайсысы ұлы екеніне көз жеткізген боларсың? ـــ деп сұраған, үндемедім. барлық іңкәрліқтәрімді салдандырып, алға қарап ілбіп жүре беруім қәжет еді онсызда көлеңкеден азғана парықты сүлдер болғандығым үшін. сүлдерлер өздерін ең бақытты санайды, мақсатсыз ілгерлеи беру олардың табиғаты, сондықтанда ілгерлеп келем. ол тағы сыбырлады.
ـــ сені бір жерге бастап барайын.
екеуміз баяғы сауда сарайына келгенбіз. сөрелердегі көздің жауын алатын алуан тұрлы киімдердің біреуін талдап алайын деп ойлана бастағам. үстімдегі оюланған киімдерім «соншама ғасырдан бергі жолда Старың біз болғанбыз, енді тастап кетесіңдерме?» деп тұрғандай жүдеп қалдым. сайтан қыз алды-еркіме қоймай, киімдерімді бастан-ақыр алмастыртты. бұл киімдер маған соншама жарасымды сяқты сезіліп, оюланған киімдеріммен қоса талай ұғымдар мен белгілер алмаса бастаған. енді шәшім сарыға өзгеріп кетсеші деп армандап қалдым. сонда мынау киімдер тіпті де жарасып кетер еді-ау деп қоям. жаңа киімдерімнің ләззәттәрінә шомылайын деи бергенімде сайтан қыз күлді.
ـــ міне мәғінәсіздіқтәрмен ауыздана бастадың. ғасырлар бойы адамзат өздері жаратқан киімдерін өздерінің қандай екенін, қайсы топқа тәуелді екенін білу үшін белгі ретінде пайдаланған. кеиін сұлулық деген өлшем шығарғансыңдар, сосын оны туада бар жағымды әсерлеріңе айырбастап, өлердеи қуатын нысаналарыңа айналдырдыңдар. бұл сенің енді іздеитін дүниелерің.
көңілсізденіп қалдым. мақтанышты сезімдерім рахаттануға жетелеген тұста, ойымның ойран-осырын шығарған сайтан қыздың сыбырлары қарадай жүдетіп тастады.
ـــ сен бұрынғы тектеріңнен асуың керек. тектеріңдегі ерлік пен қанағаттан аса алмайтын болғасын, әлсіздер мен күштілердің арбасуы жасаған тоқсан тұрлы сұмдықтарды бойыңа сіңіруің, сол жәдігерліктер мен олардағы адами қәсиеттерді жеңе білуің керек. қалайда кері кету құрып жоғалудың басы.
ـــ тегімнен бөгделенуге қақылы емеспін!
ـــ солай ойлаған пенделердің бәрі өздерінің жаратылыстарынан тым қашқақтап кеткенін білмеи жүргендер.
сайтан қыздың сыбырларына жауап қатуға үлгірмедім. қасымнан үлбіреп екі қыз өткен. соңынан телміріп, барлық ынтызарлығым оларға ілесе жөнелген болатын. соңдарынан жүре жөнелдім. бір сөренің алдына келіп киім көре бастады.
ـــ аналардың киімдерінің ақшасын төлеи сал, сосын саған бірәз қызық көрсетем. ـــ деген сайтан қыздың әқілімен олар талдаған киімдердің ақшасын төледім де тайып тұрдым. сауда базарының тысына шығып темекі тұтатып, екі-үш соруыма екі қыз шықты. аздап ұялып, қымсына тұрып тіл қатты.
ـــ ақша төлеп кетіпсіз, соған . . .
ـــ оқасы жоқ, сұлулықтарыңа атаған сауғам болсын.
екі қыз қайта-қайта рәхімет айтып, хабарласу нөмерлерін тастап тайып тұрды. сайтан қыз күлген, күлімдеген.
ـــ сенімдерін сатып алдың. олар сенімдерін неге айырбастап кеткенін білген боларсың?
тылым байланып қалған. сайтан қыз тағы сыбырлады.
ـــ сенімдердің орнын бөгдемен толтырған ертеңгі ұрпақ анасы болашақтарыңды жетелеп барады.
өкіріп тұрып жылағым келген. әлгі ақша сұраған жез өкшехәнәдәғі қыздардың омырауын сығымдаған беинем көз алдыма келген сайын, тырдай жалаңаш қалған рух иелерінің ақ сүтімен ауызданатын әулеттер тағдыры қинайтын. бағыт-бағдарсыз елдердің соңынан ілесіп келем. қызарып батқан күннен зорға құтылғандай көше шырақтары самсыған. тұнның талай сұмдыққа жүкті беинесі түкте баураған жоқ. аппақ қауырсынға айналып кеткен рухым сонадайдан өзіме қарап тұр. баяғы мен ақшасын төлеп әперген киімдерді киген қыздар жігіттерімен қолтықтасып кетіп барады. маған қарап ризәліқпен жымиып қояды. ештеңеге заухым соқпай қалды. тынштық құшағына құлағым келген кезде тәнім зырқырай жөнелді. әбден қажыған жүйкеммен ақ қауырсынға қарап аңырып тұрмын. өзінен қашқан ақ қауырсын әлде қайда қалқып ұшып барады. . .
күні бойы көшеде жұрып шаршаған жүйкеме азда болса демәліс керек еді. тәнім еркіме бағынар емес. еркіндік деп айғай салғым келген. ненің еркіндік екенін білмеитін басыма ақ қауырсын сағыныштар ұялататын. бұлар аңсаулардан басқаша нағыз сағыныштар болатын. мүмкін, аңсаулардан бөлекше тұратын нағыз сағыныштар өзімізден қол жетпеске алыстап кеткен дүниелер ғана болар-ау. тәнім мен киімдерім жарасым тапты деп ойлаған сәтте, әлде қайдан сап етіп бір құйын соғып өтті. ұсты-басым шаңға көміліп қалған. жаңағана мақтаншақ сезімдер силаған су жаңа киімдерімнің реті қашып кетіпті. сол кезде ғана жансар рухым селт етіп оянды. мәдениет пен дәуір туралы ұғым беретін киімдердің бар қәсиеті таза тұруында ғана екен. бұлғана сала қәсиеті қашқан киімдерді тәнімнен шешіп тастағым келген. киімдер тазаруы керек еді. тазалық туралы ойландым. рас-ау, тазару керек болып жүргелі ұзақ болған. неден тазаратынымды білмесемде тазарғым келетін. тазалық туралы ойларым сайтан қыздың құлағыма сыбырлап иландырған сенімдерін тебіренте бастады. мүденің тазалық болмаса түккеде тұрғысыз екенін сезініп масаттана қуаныш құшағына құладым. дәл осы сәтте ақ қауырсын төбемнен қалықтап тұсып келе жатты... ...
қасымнан сайтан қыз алыстап барады. сонадайдан күле ы, күлімдеиді. үстімдегі киімдер мен тәнім соғысып келеді. тәндер мен киімдердің соғысы «мүрделер мен кебіндерде соғысама?» деитін күйкі бір ойларға жүкті екінші бір әлемнің жұмбақтарына бастап, тәубә келтірер таупиықтарға жол ашатын. сайтан қыз сыбыры құлағымның түбінен жаңғырады.
ـــ дүниенің тұп қазығы мүделерге байланған!
тазару туралы түсінік ала бастаған рухым тәнімді сілкіп қалды. өз болмыстары мен тарихтарынан қашып жүрген жаттасушыларға қарап тұрып, қәсіретті түс кеулеген кеудемді кере терең тыныс алдым. әзірге адасушы болсамда жаттасушы болмағаныма марсямын. сайтан қызға қарап ақырдым.
ـــ дүниенің тұп қазығы сенімдерге байланған!
бырақ бұл кезде сенімдер өлеусіреп тұрған еді. айналам түгел маған қарайды. даусым жаңғырығып ұзап бара жатты... сайтан қыз көзін сығымдап ұзап барады. жәттәсушіләрмен қарсы бағытта адымдай жөнелдім. соңымнан біреулер еріп келеді. бәрінің аузында «дүниенің тұп қазығы-сенім!» деген жалғыз ауыз сөзғәнә...
2011-жыл 18-мамыр үрімжі



көлеңке күлкісі

жасыл қанат құс аспанның төсін қақ айырып зулап келіп қара жерге кеудесін соға құлады. әлі құрыған жұдырықтай құстың шыжып тұрған күн анаға қарайтын беті де жоқ. көк таңырының қаһарына жолыққан мүгедек құстың зарлы сұңқылы, жер бетінің әлде бір қиырында жатсада, құлағы түрік марата құдайының меиірімін жібітпес еді. марата құдайының алдамшы көз жасы ғана жер бетінің тіршілік атаулысының көкірегіне сенім ұрығын шәшәтін. алып ағашқа ғашық болып, бар тірлігі мен меиірімін соған бола сарыққан маратаның көз жасына жібіген көк таңыры сезіммен ауырған маратаны өзі оралған алып бәйтерекпен біріктіріп, әйел затына айналдырған. сезімі ғана нәзік көрсететін марата құдайының жүрегінде бәйтеректің қайсарлығы мен жібімес бір қаталдық бар. сезімнің зәріне уланып, сүлдері қалған маратаның кеиінгі тірлігін абайсызда алып бәйтерек сілкіп тастап, жөніне кетер деген көк таңыры күн бедерлі жыныс силаған. сол бір сәттен тартып, жанын жегідеи жеген жалғыздық азабы мен зәруәттің қинайтын ауыр қәсіретіне шыдап келе жатқан марата үшін жасыл қанат құс тағдыры ойыншық қана. бұл ең алғашқы көк тәңірінің қаһары мен меиірімі еді. бұл жалқы сәттің соншама ұзақ болғанына қарамастан жалқы сәт аталатын жөні де бар, қисын мен қағидаттарға көне бермеитін жалғыздық ішінде өткен күндерде махаббат болмаған. сүйспеншілікте жоқ, тек қана мүсіркеу бар болатын. махаббат болмаған сәт уақыт өмір сүрмеиді.
жасыл қанат құстың азап отына қарылған тағдыры көк тәңірінің меиірімін оятсада, аспан әлеміндегі екі беткеи опасыздығының дертін әбден тартсын деген ниетпен оған санап тауысқысыз азап арқалатып, жалғыздық отына күйіп жатқан маратаға беинесін көрсетпеи, зарлы әуенін ғана естірткен. күн бойы зарлана саңқылдаса да, ерлік пен тәкәпәрліғінән айырылмаған құс наласы маратаның жүрек түкпірінде бұрын болмаған меиірім отын қозғайды. болмысында салқындық қана бар марата үшін бұл таңсық әрі тіпті де азап болатын. алып бәйтеректің тамырын өзіне қалдырып, бөлекше бір бітім алған маратаның бәуірімен жылжып өткен күндері де есінен ғайып бола бастаған. қараңғылық пен жарықтың алмасар сәтін аңдып отырып ғұмыр кешуден жүрегі мұздап, әбден мазақталған сәтіндегі мынау беибәқ әуен үшін ынтығы арта түскен сезім мен қаталдық иесіне көк тәңірінен аян түседі. сол белгісіз бағытты бойлап, жасыл қанат құстың шала жансар тәнін тауып алып, таңырқаудан бөгде әлде ненің аңсарын аударып бара жатқанын сезгенде, көкірегіне жұдырықтай құсты обырлана басып, жанына сая табады.
жеті қат көкте жүзер күн беинелі бедер силаған маратаның мынау құлазыған мүгедек қалпына қабырғасы қайысқан көк тәңірінің ишәрәтімен, жұдырықтай құсты шала жансар күйінде топыраққа қосып тарамдалып ағып жатқан жалқы бұлақтың суына илеп, жеті қабат жер астынан жеткен жалынға қақтап өзіне ұқсас тірлік иесінің беинесіне келтіреді. топырақтың қышқылтым иісі сіңген тағы бір жан иесінің жаны сая тауып, ауыр бір үнсіздік құшағына құлайды. маратаға күн бедерлі тойымсыздық силаған көк тәңірі марата беинесіне келген серігіне, көкжиек күмбезінен ұяла шығып келе жатқан имек айдың тұрқын көшіреді. киелі бұлақтың суы мен иісі бұрқыраған топырақтан сомдалған беиненің қалпын жеті қат жер астынан жеткен жалынға қақтап қаншама шіңдәғәнімен, қол басындай құстың рухы меңгере алмай, қарап отырудан басқаға келмеитін бұт болып шығады. жұмыр жерге өктемдік еткен маратаның қолынан жұдырықтай құсқа қуат берет Ын қүдіреті жоқ болатын. көкжиек айнасынан бәрін біліп отырған көк тәңірі жел құдайынан жан жібереді. қарғысқа ұшыраған жасыл қанат құс тағдыры осылай шешіледі.
абжыланнан алып бәйтерекке оралып тұрып әйелге айналған марата тұқымдары әлі де суық әрі қатты. тек күн бедерлі жыныстың жанын жібітер жылуы ғана жұмыр жердің төсіндегі марата әулеттеріне өлмес сезім бағыштап тұрады. жасыл қанат құстың тағдырын алған, жаңа туған ай бітімін өзіне серік еткен тағы біреуінің бұлқынған жұдырықтай жүрегі қалықтап ұшқысы келгенмен, алып бәйтеректі еркіне көндіре білген маратадан құтыла алмай зар қағатын.
2
ұлан-қайыр жазыққа қарай аяғын жимай шіреніп жатқан асқақ таудың етегінде екі бала ойнап отыр. кешегі күні ауылды басып қалған көрші жалғыз көзділердің әлекті кезінде әулеттерінен аман қалғаны осы екеуі ғана. қолдарындағы қайдан түскені белгісіз қәрумен теңкиіп жатқан ала бажақ жартастың бетіне басқан іздерін түсіруде. әлдімен мақсатсыз түрде күн бедерлі марата аналарының жынысын салған. күннен гөрі көкке жақын тұратын екеуінің қылғаны ермектен гөрі мақсатын айқындаған еңбекке жақын. мезгілдің бояуын өшіре алмайтындай өрнектеп отырғандарға жаңа туған ай беинесін салу оншалықты таңсық емес. онсызда жарық пен қараңғылық алмасар сәтте аңдаусыздан иленген жасыл қанат құстың беинесіне орнатылған дүние аңсарларын аудармаған. көркемдік дегеннің де ұқсастықтың біртіндеп сана сезімге сіңіп, содан барып белгілі қисындарға айналғаннан кеиін ғана бағаланып жататынын, көркемдіккеде өлшем, екі аяқтыларға ортақ бір қағидаттардың талабы қойылған күн дәл осы сәт боларын ойламаған марата текті мен жасыл қанат құстың жүрегінен жаратылған беишөрәләр үшін бүгінгі тірлік ең маңызды. сол алып бәйтерекке оралып тұрып жаратылған жаралмыштың кеиінгі әулеттері маратаның суықтығынан басқасын жасыл қанат құстың жаралы тәнін балшыққа илегендегі мінездерімен толтырып тарау-тарау жолдарға жөнеп берген. жартас бетіне күн бедерлі суреттер салған екі жұп қана қәсиетті күн бедерлі қәсиет бесігін ұмытпаған еді. жасыл қанат құстан сомдалған марата пішінді әулеттің кеибірі жалғыз көзділермен болған зобалаңда кешегі көк тәңірі жіберген аян арқылы толықтанған бес қәсиетті тұғырын да ұмыта бастайды. аспан әлемінен жұдырықтай құсқа айналып жеткен жүректегі қайнарды, оның тегі көк екенін, бәрінің басын қосқан бір шымшым киелі топырақты, әбден шыңдаған жалынды, киелі бұлақтың басынан алынған қәсиетті суды, рух болған желді ұмытқан қәсіретті кезге кеткен. көк-топырақ-су-от-ауа бұл бесеуі қүдіретті көк тәңірінің тамара ұрпақтарына ұғындырған қәсиеті болатын. жалғыз көзділер ашқан қан майдан үреиін алған маратаның кеиінгі кездегі тағы бір тексіз әулеті жұдырықтай құс түскен көкті, көктегі тәңірін ұмытып, көк орнына ағашты, жел орнына алтынды қойған тексіз, сенімсіз бір қәтігез қалыпқа барған.
жасыл қанат құс бітімін алғандардың көкке самғағысы келетін қялшыл әрі ұшқырлығы марата текті, оралып ғұмыр кешіруді бақыт санайтындардың тағдырына байланған. алғаш рет күн бедерлі бітімді жартас бетіне шимайлаған екеу көп ұзамай жаңа туған ай пышынды әуреттің үлгісімен садақ жасауды үйренеді. топырақтың қәсиетімен ауызданған жасыл құс бітімділерге қарағанда сезімнен жаралған марата текті суық һам қатал топтың жүрегінде алма кезек ойнаған сезім мен қаталдық отаса алмаған сәт көз жасына айналып тоқтаусыз ағытылатын болған. сол екі тектің соңында қалған екеу ала бажақ нән жартастың бетін бедерлеп болған соң орындарынан қөзғәлғәнімен, барар бағытсыз қаңғырыстаған. өзінің қолындағы жасыл қанат құсының жазасынан болған беишөрә екеуге көк таңырының меиірімі тұсып, көкжиек айнасынан әдемілеп отырып аппақ жол салып берген. дегенменде беибәқ екеуге тенезе таптырмаған қаптаған ібілістің әлегі де аз болмайды. абжылан маратаның киелі сағыныштарынан көңілі босаған көк жеті қат жер астындағы ұмай ананы шақырып, от қамшысын алғызып, ібіліс атаулыны көкжиек күмбезінен асыра айдатады. от қамшы ысқырынып осып өткен көк жүзінде ақшулан жолақ қалып, марата мен жасыл құс әулетіне бағдарға айналған. көктен жерге қуаланған жасыл құс жүректің көкке телмірген сайын босап, бордай егілгеніне қарап, көктің меиірі қайта оянған. осыбыр жалқы сәтте көктің есіне бес тұғырдан қуат алған жаралымға қуат пен қүдірет силәғәнімен ерлік деген ұғымды бермегені есіне түседі де, тұмсығын көкке тіреп, күніне ырыздық табар көк бөріні ауыздандыруға жібереді. міне сол сырлы жаралым иесі, көкке е адал әрі кеудесіндегі қайсарлығы басқалардың итегіне көнуге ерік бермеитін көк бөрі ауыздандырған ұрпағын бастап, алыстағы армандарына қанат қақтырады. дегенмен бәуірмен жылжыған күйкі күндерінен тез жеріп, алып бәйтерекке барын салған маратаның нәпсі желігіне еріп кететін желөкпелігі мен жасыл қанат құстың екі беткеи тірлігін жұдырықтай жүректеріне жүк қылар деп, құс текті екеуге аққудың ақ сұтын силайды. міне содан бермен адалдық пен ізгілік күн бедерлі сурет салған екеуге серік болады. аққу құстың ақ сұты екеудің таңдайларына тамған сәттен тартып күллі құс атаулы да ақ сұттың тандыры тартылады.
3
жетібәй деген әулие тектес абыз кеуде адам ұшықтап, алысқа тігілген ақ боз үйге ат ойнатып шауып кіріп кетті. айнала отырған ұшығы бар делінетін пенделердің бойынан ұмай ана от қәмшісімен ібіліс атаулыны алысқа айдағанда қалғандарының орын алғанын қуып салып, адамдық қәсиеттерін қайтаруға қам жасаған. басына аққу терісінен бас киін киіп, қолына қамшы ұстаған жетібәй әулие көкжәл терісін жамылған, сұрқы төтенше сұсты.
-кереге бойлы кер жылан,
шақырғанда кел жылан.-деп бастаған әулиенің сарыны әлдімен кереге басына оралар маратаның тегінен ылтипат өтінгенін үй толы пендеден ешкімде аңғармаған. содан соң қолына топырақтан бір шымшым, судан бір тамшы алып, аңыраған жел шалқытқан отқа, көкке қаратып тұрып тастаған. үй ішінде қара дауыл тұрып, қызыл от шалқи жанғанда, қолындағы суды отырғандарға бүркіп, шаңыраққа ұмтылған әулие қимылы шешіле бермес сыр. адам жаралымындағы төркінді ерте аңғарған, таңырының сүйген құлы осылайша от басында ұзақ ойнады. қыл қобызын аңыратып, көк тәңірі жасыл қанат құсты жерге түсіргендегі шеменді зарлатты. әулиенің қайтара алмайтыны ібіліс соңына ерген пенделердің кеуделеріндегі ұшан-теңіз меиірім мен махаббат қана болатын. оны басқаларға айтқанда жоқ, әйтқәнменде түсінбес еді. пендені сомдаған бес қәсиеттің нұры шалқыған шарапатты кезде, құлағына құйылар сиқырлы сыбырлар мен тазалықтың тәңіри пәктігін қимаған әулиенің қыл қобызын бебеулетіп ұзақ отырғанының байыбына бара алмаған әлде кімдер күбір-сыбырға басқан. кең дүниенің ашылмайтын жұмбақ хикіметіне сүңгіп кеткен әулие оны елемеген беті қобыздың қүләғімен алысып, бірте-бірте орнынан көтерліп, қалықтаған беті шаңырақтан атылып шығып кетті. соңынан жүгіре шыққан біреулер әулиенің жасыл қанат құсқа айналып, көкке атылып бара жатқанын көріпті. әулие тектес абыздың шарапатты шуағынан қашқан көлеңкелер тазалықтың үй ішінен шығып кеткен жалғыз сәтінде, бұрыш-бұрыштан шығып, отырғандардың үреилеріне орнығып үлгірген. ендігісі олардың үреиінен айырылған пенде баласын шыбын екеш шыбында қумайтын дүние боқтың кеинінен салпаңдатып, адастыру ғана. қоңыр таудың етегіндегі жалғыз үйден қобыз үні боздайды. тағы бір жасыл қанат құс аспанның төсін қақ жарып зулап келеді. мүмкін қара жерді төсімен қақ жарып тоқтар. ендігісі сол жасыл қанат құстан қандай бір жаралымның өрбуіне ғана қарап қалған. көлеңкелер пенделердің иықтарында билеп жұр.
күн бедерлі мен жаңа туған ай пішінді нәпсінің қадыры қашып көлеңкелер орап, үреи орын ала бастаған. тұбы марата мен жасыл қанат құс тұқымы осыдан құриды деген жетібәй әулиенің жанын жегідеи жеген уайым оты дүниені өртеп барады...

2013-жылы9-мамыр үрімжі


сарамастың сағынышы

1. қар гүлі

тынымсыз жауған аппақ ұлпа қарлар көрер көзді соншама арбап келіп, тірлігім сынды қап–қара жер бетіне масаттана қонып жатыр. рухым адасып, тәнім аппақ қәргүлдерін жамап алған. бәрібір барлығы ертең–әқ жоғалып тынады. ол қар гүлдерін қызықтамай ұйықтап жатыр, оны жұлқыладым.
ـــ ояншы, қәргүлі терезеге ұрылып жатыр.
ـــ ояумын. қәргүлін оянбағандар ғана қызықтайды,-деп қойып қайта қорылдап кетті. тәнім рухымды аяусыз жаныштады, бәріне төзе алар емеспін. өзімді іздегім келді. басына тақтайша тастап кеттім. «тыңдашы мені, тәнімді әке болған саған арқалатып қойғым келмеиді» деген сөздерді дірілдеген қөлдәріммен жазып шықтым. ақыры кеттім. қайда барамын деген ой менде бәрібір жоқ. өйткені біздің баратын бетәлісімізбен іздеп жүргендеріміз уақыт шегі. кенет уақыт шегі деген сөзді естігеніме шұбаланып қалдым. оны айтқан адамдардың барлығы қазыр «аруаққа» айналып қалған.
қәргүлі қалықтап келіп қап–қара жер бетіне масаттана қонып жатыр. бетіме келіп біреуі қонды, және біреу... екеу... үнсіз тұра бердім. қолыма қарасам қап–қара. оған да қар гүлдері қонды. қар гүлдері тәнімді басып қалса да меилі . бәрібір ертең–әқ еріп жоғалады. аппақ қәргүлдерінің арасында қәсірет пен күлкі, көзжәсі араласып қар гүлдерін қараға бояп болған. тәнімді қорғау үшін жасаған тіршіліктен мезі болмайтын көмпіс ұжданым үшін ұялмадым-ақ.
енді қайда барам? ... ... жансар рухым тәнімді басқара алмайтын сяқты. сағыныштар көз жәсіммен бірге еріп кеткен. барлық опасыз да сұп–суық қар гүлдері біздерді орап тастаған. досым айғайлайықшы, елдер түсінбеитін дәуіспен айғайлайық досым. мен адасып жүрмін. жо, біздер адасып жүрміз.
ــــ әке, менің өлгім келеді,-деп айғай салдым. бұл менің алғашқы дауысым.
ـــ жо, қашуыңа болмайды,-деиді әкем. ол ұйықтамапты. қәргүлдерін оянбағандар ғана тамашалайды екен.
ـــ менің іздегенім басқа.
ـــ адамдар беиіш жасағалы ізденіп жұр.
ـــ барлығы қап–қара өмір сүріп жатыр. мен кеттім,-деп ұзай бердім. сағыныштар да мені тастап кетіпті. пәтуәсіз қәргүлдеріне неге соншама әуес екенбіз. уақыт шегін іздеп кеңістігімде зымырап бара жатырмын. қәргүлдерін тамашалап түннің келе жатқанын білмеи қалу сенімге бөленушілердің қәсіретін жасырып қалады екен. өзімнің қәргүлдерін тамашалап отырып, қараңғылық құшағына батып баражатқанымды өлеусіреген үмітіммен сезініп қалдым. досымның айтқан әңгімелерін шын діліммен естіп отыруға қақылымын деп ойлаймын. оның қолдарын ұстап аймалағым келетін. менің барлық жоғалтқан керегім соның терең қайғысы мен күлкісінен құралатын.
ـــ маймыл қойды мініп алыпты.
ـــ содан кеиінші?
ـــ келемеждеп күледі – ай келіп.
ـــ қой нағыз беишәрә.
ـــ жо, маймыл беишәрә, оны адамдар.....
ـــ сен әлі ұйықтап жатыр екенсің,-деп досым ренжіп қалды. ренжісе ренжи берсін. өзім де, өзгелер де маймылмыз. бәрібір біздің маймыл болған тарихымыз аяқтамайды. жүрегімді кеудемнен жұлып алып жол шетіне алаулата жағып тастағым, жол бойында жатып жөләушіләрмен аймаласқым келді. бірәқ олар маған ешқәшәндә сенбеиді, біздің бірге болған күндеріміз сенімдерімізді келмеске кетірген.
ـــ бізде маймыл қылғанбыз.
ـــ кімді?
ـــ қазыр бәрі өзгерген.
ـــ кімді?
ـــ ... ....
ـــ өзіңде білмеисің, солай ма?
ـــ иә, өз рухымды жұбатқаным,-деп досым сонау бір жаққа қарап тесіліп отыр. мүсін адамдар тым көбеиіп бара ма деген ой келеді. қайшалысқан қалың жол түпсіз көкжиекке сіңіп кетіп жатыр. бәрінің бойында шойын қара қақпа. оларды іздеп кілт сұрағым келген. қазыр оларда қойға мінген маймыл деп ойлап қалдым. қар гүлдері сынды қап – қара ғұмырым рухымның жеңілісін қосып алып күлкінің қәсіреті домалатып барады. бүкіл өн–бөйімдә қаным тасқын болып ағуын тіледім. сонда ғана армансыз шырын түс көре алатын едім.
көрші жеңгеи тауықтарына жем шәшіп жатыр. қызыл әтешті торға қамап тастапты.
ـــ бұл қәйткеніңіз?
ـــ өз мекиендеріне қарамайды.
ـــ сонда......
ـــ көршілердің қорасына қаңғиды.
ـــ жазалағаныңыз ба?
ـــ ұятсыздығын білсін.
ـــ темір тордан шыққасын бәрібір кетеді.
жеңгеи үндемеді, тағы сөйледім.
ـــ мәселе мекиендердің өзінде.
ـــ жоғал сандалмай,-деп жеңгеи тап берді. басымды қорғап қаша жөнелдім. намыс дегенім тәнімнің құлы ғана екен. аппақ қар гүлдері қалықтаған түннің сұлу екенін сезетін емеспін. бірдеме жазғым келіп кетті. бірәқ, ең қалыпсыздар ғана сөзге үйір келеді деген пәтуәләрдән қорықтым да, өз жан дауысымды өзім ести алмай қалдым. пәтуәсіз қәргүлдерінен әбден жалықтым.

2. шөлдеу

жан дүниеме үлкен музикә керек болып, тас керең петхөуін рухына шөлдеген құлағы сауларға ұқсас екенімді тұңғыш рет сезіндім. жан ұшыра шырқыраған жүрегім ешнәрсеге қанбайтын шөлде қалған. ақымақ ақындардың өлеңін жатқа соққым келіп кететіні бар. жанымда шексіз сағынш пен шөлдеу ғана бар. сені сағынып отырғамын жоқ досым. басқа...
біреу иығына қоржын асып алыпты. терезенің алдынан өте шықты. ішімнен оны аса бақытты жан деп ойладым. еркіндік әлемінде барлық дүниеге назар аудармай кетіп барады. өзімнің оны осылай ойлауым да байырғы шиырланған із екенін сезгенде жасанды ойларым үшін алланың әтімен ұялуым керек еді. өйтпедім, аппақ қар гүлдерін қызықтау үшін жаралған пенде емеспінбе, аяқ астынан оны сағына қалдым және....
бүгін біреу маған «адамдардың жүрегі барлық ізгіліктің ұясы» деді. шінімен қарқылдап тұрып күлдім. бұл дүниеде осындай сарамастардың бар екеніне қуанамын. бұлар болмаса жалғыз қалар едім. досым келші, екеу болайық. «досым» деген жалған атауға жады болып кеткен басымыз неге керек?!
ـــ ұран керек.
ـــ ұран деген мадақта Ну...
ـــ өзімізді...өяту үшін...
ـــ менімен бірге жүр,-деп ертіп шығып, барлық ғимараттардың сыртын көрсеттім, мақтаншақ уәделер.
ـــ міне ұран.
ـــ мынау ғана шын,-деп ол жалаңаш қыздың суретін сипалап тұр, адамдардың бәрі өзімен-өзі, кінә артып неге керек қылмақсың. жүрегімді сағыныш жетелеи жөнеледі. қар гүлдері қып-қызыл шырақтардың нүрімен түрленіп тұр.
ـــ үйге қайтайық,-деп досым маған бұрылды.
ـــ қызыл шырақтарға барғым келеді.
ـــ неге?
ـــ әуеиілермен билегім келіп тұр.
ـــ құмарлық үшін бе?
ـــ олар шын сүйе алмаса да шын сүйісе алады.
оның тыжырынған беинесінен жиіркеніп тұрғанын білдім, мен одан жиіркендім. ауыр да терең қараңғылықтың құшағында ұзап бара жатты. шылым мен шараптың қышқылтым иісі қолқаны атқан қызыл шырақты үйлердің ішінде түн көбелектерінше масаттана биледім. құлыншбай-ақ қолға келтірген ләззәттәрім тәп-тәтті сағыныштарымның күлін көкке ұшырды. ендігәрі махаббат, сағыныш дегендерге ілесе жөнелгім келмеи қалды. өзімді азаптау үшін басқада дүниелер жетіп асатын, сағыныштардың қалықтаған қар гүлі сяқты рухымды жанышып жатқанын тәнім білмеитін еді, тән үшін жасап жүрген басым бұған да қуандым...
даланы жалаңдаған аяз кезеді, әйелімнің жаратпай тұрғанын сұп-суық шаңы шыққан өңінен біліп қалдым, жүрегім атқалақтай бастады. жүйкемді мұжитын дыңғыр басталып кетерме екен деп алаңдағам. өз бөлмеме кірдімде өзімді қылқындыра аспақталдым. күніне неше рет тұрмысқа, намысқа аспақталғанша бір-ақ жоғалайын деп ойладым. неге тұрады бұл деген тәйір. досым ендігәрі сенімен бірге балық ұстауға өзенге бара алмайтын болдым. әлгі бір қара шәшті, ақсары қізбен бірге жата да алмаймын. тәнім қара жердің қойнына еніп кеткелі жатқан тұста әйелімнің алған еркіндігіне қуанамын. ол кіммен бірге ұйықтағысы келсе, сөнімен бірге бола алады. тірлердің тірлік формуласы бұл. ал мен формуласыз бостық әлемінде мәңгі жалғыз ұйықтаймын. ешкім сезіне бермеитін жұмбақ ұйықтаудың қандай екенін саған айтып бере алмаймын. «неге» деп сұрама.
ـــ аты-жоның кім?
-... ...ұлы
ـــ кімнен күмәнің бар?
ـــ әйелімнен.
ـــ тілің?
ـــ қазақша.
ـــ кім өлтірді?
ـــ өзім.
аяусыз таяқталдым. әрхивпке тұратын сұраулардың бәріне өзімше жауап беріппін. қатты дағдарып қалдым. бұдан әйелімнің сұраулары жеңіл тұратын.
ـــ қайда бардың?
ـــ қізметтен енді түстім.
ـــ түн жарымында ма?
ـــ ып-рас,- мізбәқпәйтінмін. артынан драмма қойылатын, ешкімде жоқ сәбірмен барлық зеиін-зердемді жұмсап отырып тамашалап шығатынмын. драммалар қашан түгеуші еді, күніне... бірде әйелім балалы болмау бекімін айтты. сенделіп тысқа шыққам. бұзаулаған қоңыр сиыр көзіме оттай басылды. бұзауын мекірене сүйгім келіп кетті. әйелімнің күшік асырағанын енді түсіндім. бәлем иттерді қырып тастарма еді. досым әңгімелеріңді сағындым. қайда барсаң архив, әрхивтерден жалықтым. мүрдемнің рухым үшін қәжет екенін оянар кезімде сезіндім. біз неге ұзақ-ұзақ ұйықтаймыз екен? сұраулар... ... жауаптары жоқ сұраулардан басым айналатын. әрхивтерден біреулер жауап іздеп жүр. менің ең жақсы сезінгенім туған жердің ыстық екендігі. сол туған жерімде тәнімді арқалап өткен әкеме рәқімет айтқым келеді, әке сіз қандай ғажапсыз! алыс-алыс сапар шегуіме ат ерттеп бергеніңмен мақсатымды айтып бере алмадыңыз. мүмкін сізде мақсатсыз ғұмыр сүрген шығарсыз?-жауапсыз бір сұрау қойыппын. білемісің досым, тірі әкем маған жауап бермегенде жер астына кеткендерге мен қалай жауап берем.
ـــ таң атты,-деп әйелім тұртып жүр. киімдерімді іздеи бастадым. әлдіменен киімдерімізді іздеитінміз қызық. «барлығы пәтуәсіздіқ» дегім келді де әйелімнен қорқып үндемеи қалдым.
қуаң даланың төсіндегі жатаған там үйден шыққан домбыраның үні сезімдерімді бір-бірлеп өлтіретін, беине кеудеме кіріп құсаландыратын пөезя сынды. бірде маған біреу «пөезя ـــ шалқыған шабыттың, жарқын өмірдің туындысы» деп соқты. онда жалғыз үйдегі сарамастың тартқан күйі пөезямә деген ойға кеттім.
ـــ пөезяні адам шығара ма?
ـــ иә, ақындар,-деп көсемсіген. қарқылдап күлеиін дедім де ойымнан тез айныдым.
ـــ ақынды шабытқа кенелткен не?
ـــ .....
ол үнсіз қалды. пөезяні адам жаратады. сосын қатаң белгілеме бар. соған бойсынамыз. жо, досым бұл өзіміз жасап өзіміз табыну...
тападай тал түсте ұятсыздығымнан қымсынбай тұрып, төбемдегі күнді тілдедім. біз ешкі болып барамыз ба, қалай? шөптер екі құлақ, үш құлақ... қаулап өсіп келеді, күннің жылуында ол р тынымсыз қозғалуда. біз көлеңке іздеп жүрміз. көлеңкеде төрт бүктеліп жатып сары ағаштың жемісінен жасаған сусынды ішкім келеді, әжем «сары ағаштың тамырын қайнатып берсе, әйел адам өсімтәлдіғін жоғалтады» деген болатын, сары ағаштың тамырын қайнатып барлық жезөкшелерге бергім келеді. олардың құшақтары еркекке деген кекке толы. досым айтатын: «сүйіспеншілік әлдімен қызығу, сүю, қызғану, кек» деп, олардың ең ұлы сүйіспеншіліктері бар.
барлық тәкәппәрліқ өлген түн! қар гүлдерін түнде көре алмаймыз. бәріміз тырдай жалаңаш қалатын қәсиетті түн. менің батыстан шығыс иірімдеріне қарай жол алғым келген. «шығыста даралық тіріліп келеді, енді оянған адамдар бойларын билеп, реттеле бастады». мен ұйықтап жатырмын, мәхәббәтпен ойнайтын шығыс шайырларының жырларына мас болғым келеді. рубайлардағы мәскүнем сезімдер алып ұшатын. сары ағаштардың арасында қыздардың мұздай суық жалаңаш төстерін құшып жатып, маймыл мақамдарын естігім бар.
аппақ қар гүлдері қап–қара жер бетіне қонып жатыр. көшенің қызыл шырақтары тіршілік нышанындай өлеусіреиді. шуыл... ... түгеп бермеитін мазасыздық жүрегімді жұлып жеп жатыр...

3. ояну

ояна бастадым. жо, тіріле бастадым....
ـــ амалсыз қалдым. өңі боп-боз болып кетіпті. арық бет сүйегі тістенген сайын сыртына бүлкілдеп, құды нәгәннің форымын шығарады, қарап тұруға дәтім шыдамай, үйден шыға жөнелдім. ендігәрі көргім келмеитін еді. аяңдап көршінің үйіне тарттым. терезеден мойнымды созып, үйдің ішіндегі күбір-сыбырды ести алмай есікке барып құлағымды төседім. көрші келіншектің адамның делебесін қоздыратын мастанған қыңқылы естіліп тұр. менімен бірге болғанда да осылай емексіген. құсадан айыққысы келген жанша бұрылып ұзай бердім. сенделген бойда ешкімге де тәуелсіз ғұмыр кешіп жатқандай жеңілдеп қалдым. алаңсыз жеңілдеуімнің өзі біздегі сенімсіздікті тудыратын псхикәліқ қарбаластықтардан сәтке болса да оңашалану үшін... үшін... оның «амалсыз қалдым» дегенін, қәзіргі қоғамдық үрдіс тездеген кезде екінің бірі айтатын пәтуә дегім келетін. біреулерге өзін қамшылатып барып аяғын зорға басатын адамдарға қарағанда, өзін-өзі қамшылап отыратын адамдардың тым аз екенін біздің дәуіріміз дәлелдеп беретін. «амалсыз қалдым» деушілер мен келіспеушілік пиғылымның жетелеп алып кеткенін сезіп қалсам да және де өзімді түсінетін адам іздеи бастаған екенмін. неге?... ....тағы бір бас айналдыратын сұраудың шеті қылтиған. біздің тұрмысымыз ғана емес сезімдік танымдарымыздың өзі қалыпқа түсіп кетіпті. көзімізді өперәтся жасататын кез жетіп келсе де міз бақпадық, мықтағанда тәндік ләззәт үшін құлшындық та қойдық. бұлай деуіме біреулер қарсы шығатын да шығар. десе де, ақиқат біреу–әқ! осындай ұзын сонар білгірлікке апарып соғатын өйләрмен отырып, бәріміз тырдай жалаңаш қалатын қәсиетті түнді қарсы алдым. түсімде көрген шындықтарымды айғайлап айта бастағым бар. олар өздерін жұбату үшін біздерді мысқылдап қарайтынды шығарған. бұл да дұрыс, біздер ертеден-ақ сарамасқа айналып қалғанбыз. ештеңе де айтпай қалсақ дұрыс болатын еді.
дөнкихөттәрғә ұқсап мәстекке мінгенге қуанышы қойнына симай жүргендерде бар. саншопансолар олардан бетер жырғап жүр. олар да есекке мініп жүрмеи ме? тирменнің тастарын бәсекелестері етіп, соларға найза шаншу үшін шауып жүр. егер сезімсіз бәсекелестері болмаса дөнкихөттәр ызадан жарылып кетер еді. дөнкихөттәрғә мың алғыс, тіпті атақ алу үшін болса да елдер жасап кеткен ақиқаттарға найза сілтегендіктері үшін! дәл осылай сандырақтап отырып дөнкихөттәрдән ауызы–мұрным қан жалап таяқ жедім. «бұларға емделіп келіп тіл қат» деп аспан айғай салды. айғайлағандар түнгі алқара көктің қойнындағы, ең соңғы румке шарапты тауыса алмай басы айналған періште десем ешкім сенбеитін шығар. рас-ау, елдер неге сенеді екен сарамастың сандырағына. меилі, жұрт қалағанын істеи берсін. әркімнің өз қалаған жолы бар. мен сяқтыларда өз жолының бойында қараңдап жүріп жатыр. айдың буалдыр сәулесінде ызалықтан айғай салым жердегі дөңге көлеңкеммен жарысып албарынып жүрмін. ағаштарға ұқсап қыбырсыз тұра берсем албарынбас та едім. бірәқ, бір шындықты біліп алдым. көлеңкелер көлеңкелерден өлердеи қорқады екен, басқа бір үлкен көлеңкеге тығылып алсам, менімен жарысқан көлеңкелерім қәйтер екен деші?!
тұс көрген неткен бақыт! басы бар аяғы жоқ, шым-шытырық түстердің қалай аяқталып кеткенін білмеисің, беине өмір сяқты! оянардың алдындағы көрген түстер дағдартып қөйғәнімен тірі жү Ру үшін тым қәжет екенін сарамас қәлпіммен сезініп қалдым. ояну... ауызым бармайды. туған өлкенің аспанын әнге бөлеп қаздар ұшатын. көктемде, күзде. біздер соларды әнге қосып ыңылдап жүрміз. ал олар сенің еміреніп тұрғаныңды к...тін қыстырмайды. мүмкін, бізден жиіркенетін шығар. тірлігімізде бір-бірімізге дүзеп қүрмет қыла алмай жүріп аспанның еркелерінде неміз бар? қарқылдап күліп кеттім. осылай күлу біз үшін жаралған. жер бетінде қазыр білгірлер толып кеткен. білім жақтан еиніштеиінді он орайтындар баршылық. тек ештеңе жаратпайтыны болмаса. олар... еиніштеин деген батыстық қялшылды мен де танып алғам, біреулер ала сұра сол шалдың айтқандарын езіп-қыртуға түскен. білемісің досым, жан бағу керек, атақ алу керек. сол кісілердің сорып жеген құртының нілін ішу үшін тырысуда екенбіз. біз уақыт шегін іздеп жүрмеппіз. қайта көлеңкелерде жатып беибәқ болып қорылдау үшін тырысуда екенбіз. тіпті жер астына кеткендерді тұрғызып алып парта-орындығымызды сүрткізіп қойғымыз келеді екен. аспанымды қаншама бұлттар бүркесе де рухым оны тесіп өте алатынына сенемін. мен сяқты сарамастар рухымыздың найзасын біреуді арандайды–ау деместен сілтеи береді екенбіз, білемісің досым, өзіміздің найзамызды соншама ұзаққа лақтырғымыз келгенде, дөнкихөттәрдің найзасның жаралап кетуі неге тұрмақ? досым, сені сағынып осы басы бар, аяғы жоқ көрген түстерімді жазып отырғанымда біреулер балтасын қайрап жатыр. сөзсіз менің рухыма шабылатын балта, олардан қорқайын дедім. дауысыңды естігім келіп тұр. айғай деген жақсы-ақ, естір құлақ болса... әне біреулер арқан ұстап алыпты. жеңінің ішіне жасырып тұр. біржәнсәлді байлаған арқан. онсыз да сүлдері қалған тәнімді құндақтағысы келеді. міне, бұл біздің тарихымыз. ұялмай тұрып істеп, сосын мәқтәнішпен еске алатын тарихымыз. барлық жеңнің үшін турап тастау керек. айғайлайықшы досым, біз сяқты сарамастарға ешкім күлмеиді, мүсіркеиді... ... әйтеуір тас лақтырмаса болды.

2007-жылы31-қаңтар үрімжі


жол

(Ⅰ)

ـــ шінмен жете алмаймыз ба?
ـــ қайда?
ـــ білсем сенен сұраймын ба?
ـــ қайда деме, неге де.
қасқырлар үруді үйренбеген кез.
екеу жүріп келеді. жалаңаш тақыр тау түгеп бермегесін, ыстықтан борсып мазалары кеткен екеуі өзенді аңсайды. су перісінің қызы аққу текті аналарын, теңізді сағынып, мағдырлары құрыған екеуі жерге сұлай кеткілері келген еді. бірәқ айдын көлдің мап–майда толқындарына бауырын төсеп үйренген, ағаш басынан түскен әлгі бір жұрттан бөлекше жаратылыс иелері қара жерге қалай жатарларын білмеи әңкі–тәңкі мәңгірген күйде. біреуі тасқа шалынып құлап қала жаздады да әлгі кесірлі тасты алып, сонау таудың етегіне бірәқ лақтырды. екпінмен домалаған тас етекке қарай гүлдірлеп ала жөнелген еді, екеуі аңырып қалысты. біреуі екіншісін түртті.
ـــ неге лақтырасың?
ـــ аяғымды қаққан соң.
ـــ қәтелестің.
ـــ қалайша?
ـــ егер аяғыңды қақпаса, оны көрмеген болар едің. зянсыз дүниенің пайдасы да болмайды, елеусіз жату-азап! жолға шығарып қоялық.
екеуі азаптанып жүріп тасты таудың өздері тұрған жеріне алып шықты. бірәқ қайда қоярларын білмеи аңтарылған.
ـــ қайда қоямыз?
ـــ жолға.
ـــ жол қәне?
ـــ міне біз жүріп бастаймыз.
екеуі тасты қойды да қыңқылдақ, босаңдауы тасқа отыра кетті. ерсілі–қәрсілі ұйықтайтын әдетімен таста отырғанының бұтына тізесін кіргізіп екіншісі отырды. биік таудың мұздай суық желі қағып тұрған тасқа отырғанның жамбасы, екіншінің тізесі мәңгі мұздап өтетін болып қалғанын сезінген екеуі еріксіз күліп жіберді. дәл осы сәтте жамбасын жәйсіз суық шырмағанының ішінде, су перісі аққу текті әтә–тегінен бөлекше бір нышан жыбырлай бастаған.
ـــ біз қайдан келдік?
ـــ судан.
ـــ жо, қәтелестің. бірігуден келдік.
ـــ жо, қарсылықтан келдік.
ـــ бірігу мәңгі қарсылықты қамтып кетеді.
ـــ мәңгі деуде мәңгілік емес.
ـــ адалдық қана мәңгілік.
ـــ ол да біздің қяліміз.екеуі күлісіп кетті. енді зеріге бастаған еді. тізесін суық шырмаған зорлауы қисайып жамбастай жата кетті де ұйқыға бас қойды. жамбасын мұздатып алған, тіршілік нышаны ішінде жыбырлай бастағаны ұйқыдағы серігіне телміріп ұзақ отырды. о, қүдірет, таудан атты адам түсіп келеді. өздеріне ұқсас тірлік иесі әрі ұйқыдағы серігімен жыныстас екенін көрген аққу текті қылмысып қарай қалды. атты адам да атынан түсіп жанына таяды. қандарына жылу тарап, құтырынып бара жатқан бір ниетке байланған екеуі ұйықтап жатқан, судан шығып жер бетінд қалай жатып ұйықтауды енді үйренген тізесі суыққа қарап қойып, тастың арғы жағына өтіп, тасаланып алып алдыңғы реткі істі істеи бастады. әбден құмарлық азабынан айыққаннан кеиін, бұта біткеннің түбіне сарығысы келіп тұратын ит мінезді атты адам аттанып кетті де, жамбасы мәңгілік тоңазып тұратын аққу текті қалып қойды. жәй қалғаны жоқ, құрсағында және бір тіршіліктің қалғанын, оның да жыбырлап алдыңғы екеуінің өзінің құрсағында тайталасқанын сезініп қуанып қалды. «тайталас опасыздық басталғаннан бастап осылай басталуға тиыс» деп ойлап жымиып қойды.
екеуі тағы жүріп келеді. әбден шаршап–шалдыққандарына қарамай әңгімеге түскен, ұйқы басып бөгде аттының келгенін білмеи қалған тізесі мұздап тұратын қатты өкінді.
ـــ біз қылмыстымыз.
ـــ неге?
ـــ оның атын тартып алсақ болар еді.
ـــ түсінгемін жоқ.
ـــ өзіміз үшін жасау, өзіміз үшін сатқындық жасамаудың басы.
ـــ дұрыс, тым болмағанда жаяулық азабынан құтылар едік.
ـــ жоға, ـــ деді екіншісі, ـــ құрсағыңдағыны тіршілікке үйретуіміз керек.
ـــ олар опасыздықтың басталуынан–ақ тіршілік үшін күресуді біліп алған.
екеуі де үнсіз қалған. есек мінген беисәуәт жүргінші келді. екеуі қатты қуанып, орындарынан өре түрегеліп әлгінің есегін тартып алып атты адамның соңынан шапқылай жөнелді.
ـــ атты адамға жете аламыз ба?
ـــ жетерміз.
ـــ жете алмаймыз.
ـــ неге?
ـــ есектің иесі бізге жете алмайды, біз атты адамға жете алмаймыз. адам өзінің қәтелігіне мәңгі жете алмайды.
ـــ онда мағынасыз қуу мен қашуға дағдыланып не қыламыз?
ـــ оны да ішіңдегі тіршілікке үйретіп қоюымыз керек.
ـــ неге?
ـــ өйтпесе, өздерін жұбатуды білмеи қалады.
қасқырлар үріп жатыр. екеуі есекпен шапқылатып, бір өзенге келді. өзеннің жағалауы қалың құрақ, тәлмен көмкерілген, жамбасы мұздап тұратыны түсе қалып ұятты жеріне жапырақ байлады. сосын, ұлу қабығы мен әдемі тастардан алып мойнына тақты да есекке мінгесіп алып атты адамды қуалай жөнелді. атты адам анда–мұнда бір көрініп кетіп барады, арттарынан еріп келе жатқан есектің иесінің арып–шаршаған беинесіне қарап күлісіп кеткен екеуі, қиналып, шөлдеп келе жатқан жаяуды мүсіркеп қойып жолдарына түсті. жол көсіліп жатыр. жер бетінің жолдарынан да көп жолдардың әуеде бар екенін білмеген екеуі құрсақтағы қырқысып жатқан, жаңа ғана жандана бастаған тіршілік иелерінің жер бетіне шығып алып, есек пен ат үшін емес, қайта аспан әлемі үшін қырқысарын ойламаған еді.
ـــ жер беті шексіз ә.
ـــ онда мағынасыз.
ـــ неге?
ـــ егер шексіздікке ұмтыла берсек барлығын ұмытып қаламыз.
ـــ шексіздікті біріктіруге болмайды.
ـــ асыл әздіғімен қымбатты.
ـــ қоялық, несіне бас қатырамыз.
ـــ жо, өмірде шекті, сол үшін мәнді.
ـــ қәтелестің. біз мәнге емес, өзіміз түйсінген мағынаға бола тырысамыз.
ـــ қәтелестік әрі дұрыс деген болмайды.
ـــ онда қәтелікте жоқ. дұрыс, қәте дегенді өзіміз жасағанбыз.
ـــ несіне ерегесеміз?
ـــ өлгенше өзіміздікі дұрыс болсын деп.
екеуі әлі шапқылатып келеді. қасқырлар үріп жатыр.
ـــ неге жүрдік?
ـــ артымда жол қалсын деп.
ـــ ол да ұмыт болады.
ـــ ұмтылмайтын нәрсе жоқ.
ـــ ақырласпайтын деп айт.
ـــ барлығы ақырласса не қылып әуреленеміз?
ـــ егер ақырласу алдында тырыспасаң қылмыстысың.
ـــ білдім. біз өзіміз түйсінген мағыналарға бола тырысып жүрміз.
ـــ мағынаның не екенін білмеиміз, ертең хауыпты жұмбақ. сондықтан мына дүниеден бүгіндік мағына іздеиміз.
ـــ надандық пен түсінбеу де кеиде бақыт ә.
ـــ бақыт деген өзіңді жұбату.
ـــ қоялық бізден кеиінгілер бұны білмеи–әқ өте берсін.
екеу шапқылатып барады. міне біз осылай бастадық. сен оны, мен сені, ол мені қуалап келеді. алдымызда жол жатыр... ...
(Ⅱ)
тіп–тік кетіп бара жатқан шалына жете алмай, әбден діңкелеген кемпір көйлегінің етегіне шалынып, тырбынып келеді.
ـــ әлім құрып барады, ـــ кемпірдің дауысы жылағаннан жаман шықты.
ـــ онда... онда қалып қал, ـــ шал ежіреиіп қарап қойды да жүре берді.
ـــ жо, ـــ деді кемпір, ـــ ерлер ешқәшән әйелдерден озып кеткені жоқ.
ـــ рас айтасың, деседе жол тым ұзақ.
ـــ жол ұзақ емес, біз шиырлап ұзартқанбыз. енді жүргім жоқ.
ـــ елдің табанында қалғың келмесе, жүре беру керек.
шал осы сөзді айтып алсада кемпірін аяп кетті. екеуі де сазарып үнсіз қалған. кемпір тағы шырықты бұзды.
ـــ таба аламыз ба?
ــــ мүмкін табармыз, мүмкін...
ــــ осы біз мағынасыз іздеуг Е неге соншама әуеспіз?
ـــ дүниенің жалпы заңдылығы пәтуәсіздіқ. біз мағынасыз емес, мақсатсыз іздеуге үйренгенбіз.
ـــ иланбаймын.
ـــ өзіңнің еркің.
екеуі ерегесіп келеді. ту сонау ұзақтан қасқырлар үріп жатыр. ұлып жатпай үріп жату жасампаздыққа айналған дәуір ағымы меиірімсіздікпен өзгерткен дірілдеуік дәуістәрімен ұзақ–ұзақ жағымпаздық жырын жырлауда. олар және...
ـــ ит асырау адамдардың парасаты.
ـــ адамдарға айна қәжет.
ـــ неге? - деп кемпір бежіреиді.
ـــ ит асырау тағдырымыздың...
ـــ адамзатта бұдан да маңызды ұлылықтар толып жатыр.
ـــ сырттан тон пішу сендердің ескірмеитін ғәдеттерің.
ـــ адасу бізді шиырлаға итерген.
ـــ ең әлдімен бізге адалдық жетпеиді. сосын адамдар махаббаттан адасып жүр.
төбелерінде бір топ тазқара айналып жүр. екінті бола бастағанға қызуы қайтып, көкжиектің құшағына құлауға айналған күнге қарап екеуі тамсанысып қойды. құлақтарына ұлы шуыл келіп, теңіз самалы ескендеи болады.
ـــ теңізді сағынып кеттім ـــ деп кемпір шалына бұрылды.
тұнжырап тұрып тесіле қараған шал тіл қатпағасын кемпір тағы сампылдады.
ـــ өгіз шағаланың дауысын естідім... олар толқынға музикә тарттырып, ән салуда.
екеуі үнсіз қалысты. қажасу қалжыратып біткен. сонау көкжиекке деиін созылған жол жатыр.
ـــ осы жолдар қайда барады екен ә?
ـــ басталудан ақырласуға.
ـــ менің білмекші болғаным...
ـــ білем, теңізге жете аламыз ба демекшісің.
ـــ иә, теңіз қандай ғажап!
ـــ тек із қалмайтыны болмаса...
таусылып бермеитін әңгімемен екеуі әлі жүріп келеді. жалыққан екеуге мазасыз ойлар күдік силайтын еді. меңіреу дала безіреиіп жатыр. кемпір тағы сампылдады.
ـــ ештеңе ойламай–ақ жүре берсек болмай ма?
ـــ бас болған соң ойлайсың.
ـــ біз басымызды билемеи, бас бізді билеитіні қызық.
ـــ жұмыр бас жұмбақ дүние.
ـــ онда неге өкінеміз?
ـــ жұмбақтың шешімін таба алмай.
ـــ жынданайын дедім, айғайлайықшы.
ـــ қәжеті жоқ.
ـــ неге?
ـــ айғай біткен жеті тал дыбыстан асып көрмеген. шеңберден шығамыз деп көки бергеніңмен, қанша айғайласаң да өзің бағынған жеті дыбыстың шеңберінен шыға алмайсың.
ـــ елдер айтатын сиқырлы әуез дегендер бос мылжың деимісің?
ـــ ол елес қана, тәңір берген жан айғайың ғана шын, өзіңе айғайлағаның ол, одан басқасының бәрі елес!
ілби жүріп екеуі теңіз жағасындағы жартасқа келді. бірінен–бірі айырғысыз су моншақтары тұтасып, шалқар айдын қалыптастырған. көкпеңбек теңіз жартасты қауып аласұра толқын атады. көз жеткісіз алапта толқындар бірін–бірі шыр көбелек қуалап жүр. «толқындарда адам сынды!» шалдың күбірін құлағы шалған кемпір тағы сампылдады.
ـــ адамдардың барлығы толқын емес, несіне теңеисің?
ـــ теңіздің өзі бірінен–бірі аумайтын мың-милиондаған тамшылардан құралған, адамдарда құралуға әуес.
ـــ кім біледі, дәу толқын тудыру үшін біріңғәй мөлдір тамшылар керек те шығар?!
теңіз самалы жағалауға ала ұшып, шалқар айдынға телмірген екеуіне жағымды теңіз әнін жеткізетін. кемпірдің есіне баяғыдағы теңіз оралған. ол кез сәуірдің майда қоңыр жәйдәрі күндері еді. аққу текті анадан туып, жер бетіне шыққасын қәрәжерге қалай жатарларын білмеген екеу бүгін теңізге қалай сүңгіп кетерлерін біле алмай әуре. аспанда тазқаралар айналып жүр. батуға айналған күн көкжиекті қып–қызыл алауға бөлеген. алып теңіздің сарынды әні тынымсыз қайталануда.« теңіз әні–тіршілік әні. баянсыз баққа мастанған өлі мүрде емес, рухы ояу тірліктің анасы.» кемпір күбірлеп сөйлеп жұр, екеуі көкжиекке тұтасып кеткен алыс жағалауға кәрі көздерін қадасып тамсанып қояды.
ـــ әлгілер қайда кетті екен ә? ـــ деді шал.
ـــ жүрген шығарқаңғырып.
ـــ енді тыныш қалу керек пе?
ـــ ескілікті тарихын ұмытқан шығар дімкәс мұндарлар,- деп кемпір саңқ–саңқ етті.
ـــ кемпір, ـــ деді шал ізбәрмен, ـــ бір кесенің ішіндегі шайды төгіп тастамасаң, оның ішіне жаңалап шай құюға болмайтынын білесің бе?
ـــ бәрібір олардың біріне–бірі тастаған нәрселері түкке тұрғысыз, аз сандылары көп сандыларын бағып келеді.
ـــ дұрыс айтасың. олар біріне–бірі сенім мен жігер емес, месқәріндіққә мұрындық болатын дүниелер ғана тастап отыр.
ـــ олардың емес уақыттың басы айналған.
ـــ қәтелестің, уақыттың басы ешқәшән айналып көрген емес. нағыз басы айналған уақытты қуалап жүргендер.
ـــ сенікі де қәте, уақытты қуалап жүргендер емес, сол уәқітпен бірге зымырағандарға ілесе алмай жүргендер кін Алы.
ـــ қалай десең де уақыт әйтеуір болдыртып тастап отырады. біреуін тастап кетсе, кеиінгі біреуі сол уәқітпен тағы жарысады. бәрібір уақыт ешкімді көзіне іліп көрмеген, біз де уақыттан ұтылып осындай хәлдеміз.
ـــ теңіз бетінде біркелкі толқындар ойнағаны сяқты, ұқсастық қалжыратса да қәжетімізді өтеп болдық.
батар күн әләуімен барлық дүниені жарқыратып, көкжиекте алқызыл нұр ойнайды, шал мен кемпір қолдасып теңізге секірді. қап–қара теңіз түбіне қарай құлдилап барады. қараңғы бостық өкпелеріндегі ауаны біртіндеп иеледі де бастарындағы алуан қялдарын тас–талқан етті. бұлардың артынан жағалауға тырмсып тағы біреулер келе жатыр. теңіз түк болмағандай толқиды, сан милиондаған мөлдір тамшылар ұқсастығынан бірігіп кеткен. ұқсастық әлемінде жол жоқ.
жолдар артымызда да, алдымызда да жоқ. тек біркелкі ұп–ұқсас мөлдір тамшылар ғана бізді қоршап алған. шым батып кетудің хаупы әрқәшән мен мұндалайды. ұқсастық әлемінде жол жоқ. сонда да секіріп жатырмыз... ...

2006-жылы23-қаңтар үрімжі

таныс дауыс

тынымсыз соққан қара боран даланың шаңын аспанға ұйырып еліре, ешкім түсінбес сиқыр бір әуенмен жар салады. гу,гу,гу... өз болмысына жат гуілдеген өзен суы да қара боран алдында соның әуенімен бірге гуілдеп жуаси қалған. қайдағы бір сұраулар иектеп, ойымның ойранын шығарған.қарадай абыржып, жанды жүдететін белгісіз бір қорқынштардың шеті қылтяды.
ـــ абыржитын дәнеңе жоқ, ـــ деп таныс дауыс саңқ етті ـــ барлық жаралымның пәтуәсі бұл!
жан-жағыма алақтай қарадым, айнала тұтас шаң-тозаң. ессіздікке бой алдырған қара боран долданып тұр. кім екенін білгім келіп айғай салдым. үнім шықпай, жан түршігердеи бір үнсіздіктерге ұласты. мәссәғән! сипалансам аузым жоқ, екі көзім бақырайып, құлағым қалқиып тұр. басымның ішінде өкінштер мен қорқынштар жарыса ойнақ салады.
ـــ қөрқумен өкінудің қәжеті жоқ. аузыңнан айырылғаныңа ұзақ болған. ғасырлар бойғы адамзат уайымы бұл, елдің бәрі көнген-ақиқат!
саңқылдап тұрған таныс дауыстың иесін көре алмай маңайға обырлана қарадым, жан баласы көрінбеиді. бала кезімізден тартып жадымызға сіңісті болған ғәжәйіп бір сарындардың соңғы рет естілген киелі күмбіріме, әлде жирен аттың алдына алып ұзақ-ұзақ шежіре жаттаттыратын қара шалдың күмбірлі даусыма, әйтеуір бір таныс дауыс бөгдеше мәқәммен баурап алған. гүрілдеп жататын өзен суы гу, гулеген қара боранның әуенімен ән салып кеткен. «осы өзендер теңізге құяды-ау» деитін ұятты да қәсіретті сезім тұла бойымды өртеп өтті. теңіздің дауылда неге соншама аласапыранданып кететінін ептеп түсіне бастағандаймын. өз әнінен айырылған өзендердің теңіздің өзін телмеңдегіш бір қалыпқа апарғанын көргенде жүйкелеріме ине шаншылғандай сезімдер беріп, орнымнан өре тұрып айғай салғым келді.
ـــ тоқта, ـــ деді таныс дауыс ـــ сенің айғайың ештемені өзгертпеиді, елдердің күйттеп жүргені басқа!
тауба! менің айтпағым бұл емес еді. деседе көкірегіме кептелген сөздерімді айтып-айтып тастағым бар, таныс дауыс тағы саңқылдады.
ـــ теңізді бүлдірген не екеніне жауап беретін сен емессің, құлшынатының тек жағалау ғана!
ештеңе ойлағым келмеи, қарнымның ашқанын сезіндім. әлдімен құрсағымды тойдырып, сосын ұзақ-ұзақ ұйқыға кеткім келген. тіршілік дүниесінің маңызды шарты кеңірдек пен ұйқы деген біреулер. мүмкін соның айтқаны дұрыс деп ойланып қалдым. кім не айтсада сене беретін жалтақой рухым шұбасыз сенуге жетеледі. қәзіргі өмір сұру қағидам осыған аунап барама?... ... осы тектес бір сұрауды өткенде естіп қалғанмын. еңбекәқі қашан жоғарылайды?... ... әжемнің үнемі қоңыраулататын ертегі есіме оралатын.
ـــ сонау ерте замандарда ـــ деп бастайтын еді жарықтық, ـــ оғыз деген бабаларымыз өткен екен. басын қосып ел болудың қамын істеген еліне ұран болған оғыз хан жұртын берекеге ұйыстырып, даңқы шар тарапты шарлапты. сол ұлы көсемді көк бөрі бастап жеңістерден жеңске жеткізіп, соңында іргесі берік елге айналдырыпты. бабамызға бастамашы бола білген көк бөрінің атын тоғыз оғыздың соңғы ұрпақтары тіке атамай, пір тұтып өтіпті... ... ـــ деп арыға жалғап кете беретін еді. сәби санамызға сіңген сол дана тағылым көкірегімізге мықтап шегелеген ерлік пен елдіктің қамын тең қоятын тектіліктің орнын еңбекәқінің басқанын сезінгенде қамсыз балалығымды іздегім келген. семіздер арықтарды жеп кекіреиіп жүретін адамзат қолдан жасаған қянаттарды сезінбеитін кездерімді армандаймын-ау келіп.
ـــ есіңді жи ـــ деді таныс дауыс, ـــ нағыз қорқыныштың е екенін көкірегіңдегі ұятты сезімдердің орнын құлқын тартып алғанда білесің.
ـــ тамақ! ـــ дегім келген. бірәқ дыбысың шықпай қалғаннан артық азап болмаса керек? ауызы жоқ адамның тамақ ішкенінің өзі ұлт үшін жасалған қянат! не істерімді білмеи дағдарып қалдым.
кеңірдегіңнен құй! деген бұйрық келді. тіл болмаса тамақты қалай кеңірдекке сүйреп апарамын деп дағдарған басыма «бас болғансоң ғана кеңірдек болады екен-ау» деитін ой оралып, кеңірдектен тіке өткен астың дәмін білмеи қаларма екенмін деген күпірлік бас көтерген.
ـــ әлдімен асқа адалдық тіле, бас болса болды қылғи бермеи, адал асты аңсасаңдар етті.
саңқылдап тұрған таныс дауыстың айтқандарын жақтырмасамда изектеп қоям. изекке бола туғанбызба деген өкпеде жоқ емес.
үдеп тұрған қараборан бәсеңдеи бастаған, уақыт ешқәндәй құбылысқа мәңгілік орай бермеитін қәтігездігіне басып жуасытқан. өз дағдысынан айырылған өзен суы сондада қара боранға жалбаң қағып, бағыт-бағдарсыз жағаға соғылады. дүние оған бола үрдісінен жаңылғаны жоқ, шексіз қозғалыс өзен суын теңізге сырғытады. қандай уақыт пен кеңістік болсада текке тартудың соңғы жол екені ессіз бір қуанышты қалыпқа апарып, келісіп жылап жұрмын.
ـــ құрсағыңды тойдырғансоң, ұйықтауыңа болмайды.
онсызда жылап жүрген басым тіпті егіле тұстым. біз үшін ұйықтамаудың қаншалықты азапты екенін олар білетін. біздерді әбден шатастырудың, бір тұлғаға айналдырудың қәмімен біріміз зорлап, біріміздің зорланып жүргенімізді таныс дауыстың неге түсінбеитініне қайран қалдым.
онсызда неше мың жылдықтар бойына шала ұйқы құшағында талмаусырап, шым-шытырық түстердің шырмауында келген біздерге ұйықтамайсың деген бұйрықтан есім екеу, тұсым төртеу.
ـــ соншама ғасыр ұйықтадыңдар, енді басқаға беттеисіңдер!
бөгде бір дауыстар таныс дауыстардың орнында бұйрық бере бастады. көкірегіме ашты өксіктер мен запырандар толып, тамақты талғаусыз жұтатын кеңірдегіме кептеледі. сөйлеуіңнің де қәжет еместігін мойындататын бөгде дауыстардың алдында қасарысатын жігер мен ерік бойымнан әлде қашан жоғалыпты. ендігі қалғаны ашты азаптың сықсың-сықсың көзжәсінә айналуы ғана екенін саңлаулап сезіне бастадым. неше мың жыл бойы өзіміз шала ұйқы жүрсекте қалғымаған рухымыз мақтаныш силайтын, ал бүгін ояу болсамда рухым қалғи бастапты. біреулер әлемді кезіп келгенін айтысып даңғырласуда. мақтан араласып кеткен таңырқауларына түкте қызықпадым. барған жерлері туралы өздері де түсінбеитін олардың айтысатын жұмыр жердің жұмбақтарынан гөрі, қалғып кеткен рухымды қалай оятып, сол жұмыр жердің жұмбағына қалай бастау туралы қялдар ойымды көбірек мұжитын. тарих деген қызыл иек кәрі кемпірдің алжыған тұстарында маңыратар әрбір хикәяләрін өз-өзімізге тәуелдеп алғымыз келетін жымсыма қялдарым орнымнан тік тұруға жетелеитін. жекпе-жекте жауының басын алған бабамыздың неге жекпе- жекке түскенінен гөрі, егерлескен екеудің қалай шабысқанын көбірек суреттеуге тырысатын, сосын осы дәуірдегі жымсыма өзімшілдігімізді олардың даралығы ретінде көрсетіп, баба рухын бұлғап болған жазғыштарға ұқсаудың нендеи құндылығы бар деп ойлана бастадым. құрсақты тойдырып, қорылдап жата бергенге нежетсін!
ессіздікке жібермес есіл даланы есерлікке бой алдырып әспенсіген қара боранды қақ жарып ақбоз айғыр арқырап шауып келеді. алтын ердің қасы шаң-тозаң арасынан жарқырап әйдік бір менмендік танытады. кекілі күлтеленіп, жалы жер сызған ақбоз айғырдың сұсы атылғалы тұрған барыс бітімді. есіл ерлер аз қалған, жаутаңдағыш біздерден ерлік дәмететін сықылды.
ـــ мін! ـــ деп бұйырды таныс дауыс, ـــ өр өлкеңді кезіп кел, мүмкін ұйқың сонда ашылар.
құрсағым салақтап, борбайым шидиген міскін беинем ақбоз айғырдың үстіне отыруға жараспайтын. табанымнан өрлеген ыстық жалын барлық ұятты сезімдерімді өртеп барып төбемнен бұрық етіп, тітірек басып қарадай алқындым. ақбоз айғыр алдыма келіп жер тарпып арқырайды. алтын ердің қасынан ұстап, аяғымды үзеңгіге сала бергенде көзім қанжығадағы сауытқа тұсты. ақ берен баяғы қәлпімен көзге ыстық басылып, көңілге тоқтық сыилайды. қанжығадан шешіп алып кидім де ақбоз айғырға қарғып міндім. жануар жер апшысын қуырып, зулап келеді. құйрығының бір талын ұйытса жетіп келетін бәсіре емес, қайта киелі дауыс силаған пырақтың үстінде ұшып келе жатқанымды да шауып келе жатқанымды да сезетін хал менде жоқ. сонау тибет ұстыртының етегінен тартып орхон-енисеи алабы, шығыстағы сары өзеннен еділ-жәйіққә, одан ары кәвкәз бен араб тұб Егін басып еврөпәнің алпы тауларына деиінгі кең алапта еркін құйғытып жұрмын. ақбоз айғырдың үстіндегі міскін беинемнен гөрі дәл қазыр ұялғаным басқа болатын. осыншама кең алапқа табан тіреген рухым мәңгі ұйықтап қалмайтынын сиқыр бір сезімдер жеткізіп беретін. сиқырлы сезімдердің арбауына тоғытылып, кеудемді мақтан билеп бара жатқанында өзімнің міскін беинемнен гөрі басқаша құндақталған халым есіме түскен сайын ұялатын едім. «өлімнен ұят күшті» деп келетін аталы сөздің қатардан қала бастағаны азаптамай қоймайтын. көшпенділердің серкесі, тәңірдің еркесі еділ баба мінген ақжал айғырға мініп кең өлкеде кезіп жүрсемде есіме жатталғаны шығыстың патышалар ордасы болатын. халқын бастап қәсиетті жорықтарға шыққан көсем емес, қайта кісі қөлімен жеңістік алуға дайын тұратын, терең жәдігерлікпен билік мұратына жеткен шығыстың бір ханы тұлпарды көргенде айтыпты деиді «мынаны ат дегені несі, бұл жолбарыс қой» деп. ақбоз айғырдың үстінде отырған міскін беинем алдағы бір дәуірде соның кебін киерме екенбіз деген уайым әкелетін.
ـــ аттан тұс! ـــ деген бөгде бір дауыстың бұйрығы келді. амалсыздан ақбоз айғырдан тұстым. қолымда сары ала қамшым ғана. неше мың жылдықты ақбоз айғырдың үстінде өткізген мен үшін аттан тұсудың азабы тозақ отына шомылғандай сезімдер беретін.
ـــ қамшыңды таста! ـــ деп үнің өшкір таныс дауыс тағы саңқ етті. қамшымды ердің алдыңғы қасына ілдім де сүйретіле тұсып, сонау бір қиырға арқырай шауып бара жатқан жануарға қарап тұрмын. кеңсірігім ашып, белгісіз бір сағыныш пен қорқыныш ұялай қалған. шылбырын сүйретіп шауып бара жатқан айғырдың неше мың жылдықтар бойы еркін жүрген басы ертеңгі күні «аталық малды соймайтын текті әулет» ұрпақтарының қолында мерт боларма деген қорқыныш билесе, сол ақбоз айғырдың үстінде шетсіз-шексіз тәкәппәр өлкемді еркін жортқан неше мың жылдықтың көз алдымнан көлбіреп сағындырғаны. шылбырын сүйреткен праққа ілесіп рухым қашып кеткендеи. келісіп отырып, өкіріп отырып бір жыладым-ау ағыл-тегіл!
ـــ ынжық! ـــ деген таныс дауыс тағы естілді. бойымды билеген үреиден аздап арылғандай болдым. бала кезімізде тайыншадан жығылып жыласақ жұбатқанның орнына«ынжық!» деп зекитін қара шал көлденеңдеиді көзәлдімә. қәсиетіңе бас қара шал!
аласұрған қара боран ашылып, дүние өз қалпын тапқан. уақыт өз әғісімен зымырап өтіп барады. шаң-тозаң сеиіліп, күннің көзі күлімдеген шуақты шақта ғана өзімнің бүкілдеи өзгеріп болғанымды сезіндім, сезіндім емес-ау көзіммен көрдім. көз алдымдағы көп дүние әлде қашан таң қалдыратын бір қалыпқа барған. ақбоз әйғірмен арқыратып өткен кешегі күл төккен күлтелі жұрт бөкілдеи жат. өзімнің неше мың жылдықтар елінде көргендерімді де тарс ұмытыппын. барлығы қайтадан бөгдеше жазылған. өзгеріс пен жылдардың құпясы қалай болса солай шәшіп кеткен бүгіннің болмысы санамдағы беинелерді жуып-шайып кетіпті. өз тариқымды тарс ұмытудың арғы жағына үңілгенде барып, бір белгісіз жаттасулардың, белгілі ағымдардың бөгетсіз ұлы күшке айналып ұмыттыру үшін құлшынып жатқанын көрдім. сол бөгетсіз күштің ұмыттыру үшін жасаған құлшыныстарын тек елес қана болсашы деп армандай бастадым. рялдық ... ... шынында меиірімсіз рялдықтардан қорқа бастағанмын. тек есім шыға қуанғаным аузымның қалпына келгендігі ғана болды. көзімнен аққан жас омырауымды сел қылып жосып барады. неде болса аузың болғанға не жетсін! біреулер әлде нелерді айтысып ауыз жаппай елеуреиді. сілеиіп тұрмын. құдай-ау, мыналар біздің ауылдың жігіттері ғой. қара боранда ұзақ-ұзақ адасып барып өз қандасыңды зорға кездестіргеніңде қуаныштан қалбырақ қағып, екі көзіңе ие бола алмай қалады екенсің, оның үстіне ауызың қалпына келгені қандай ғажап! ауылдас екі жігіт өзәрә күбірлесіп кетіп барады. таяқ тастам жерден көрмеи өте шыққанына құсаланып,
ـــ тоқтаңдар! ـــ деп айғай салдым. үнім сондай жаман бір ыңырану. екеуі маған қарап аз-кем меңіреиіп тұрды да, өзім сяқты белгісіз бір әуенмен ыңыранып қойды. сонда ғана аузымның еркіме бағынбай, бөгде бір дыбыстар шығарып тұрғанын аңғардым. қорқыныштан екі аяғым жер тартып қозғала алар емеспін. аузым жоғалып барып табылғаны өзіме аян, ал ауылдастарыма не пәле келген? енді байқадым, олардың аузы түгіл көздерінің өзі көрмеитін «ит көзі тұтын танымас»тың кебін киіп үлгіріпті. екі көз бақырайып тұрсада көрмеитін, ауздары ыңыранудан аспайтын ауылдастарымның тым болмағанда көздері сау болсашы деген арманға жүкті бір ой шекемді мұжып, кеудемді тырналай бастады. олар аз-к Ем кідіріп тұрды да, маған қарап бір-бір ыңыранып жолдарына тұсты... ...
«бұлыттан шыққан күн ашты» дегендеи, енді ғана есін жиып, шаң-тозаңнан айыққан даланың апшысын ашты күн қуырып барады. осындайда дала болғасын шаң-тозаңның болғаны да жөн-ау деген ойға келесің. кенезем кеуіп, тілім аузыма симай әлім құриды. қара боранның ығына жығылды деп айыптаған өзенге барғанмын, өзен арнасы құры жатыр. күн алғаш жарық еткенде қуаныштан есіміз шыға жаздаса да, сол қәсиетті ұлы күн ен даланың апшысын қуырып, тіршілік тынысын буып бара жатқанда ғана көптеген нәрсеге даярлықсыз екенімізді түсініптік. аптап өзеннің өзін ақырын-ақырын буландырып теңізге жеткізбеи тұрып жоғалтып тынған.
ـــ өзінен бөгделенгендердің тағдыры осы. ـــ деген міңгір шықты. баяғы таныс дауыс міңгірге айналған. мәңгілік міңгірге айналып кетерме екен деп зәрең зәр түбіне кетеді. ал бөгде дауыстар әлде қашан күмбірлеп, күшеиіп кеткен. ашты аптап астында әлім құрып, қара сүмек терге малшынамын. қара саным ұйып, екі аяғым жер тартып қыбыр ете алар емеспін. енді ғана оянған кезіңде ауызыңның өзі еркіңе бағынбай бөгде бір ыңыранулардың ұясына айналғанына құсаланып, шала ұйқы құшағында жүргенде жоғалытқан керегіңді ойлағың келмеиді. тым-тырыс қана ұйқыға шомып жата бергім келген. аптапта қақаған аязды да сағынатын едім. қар төсеніп, мұз жастанып жүрсеңде рақат сезіне алсаң бақыт деген сол шығар сірә! қорқынштар мен өкінштерден қозғалуға келмеи қалған екі аяғым бірте-бірте қара тасқа айналды. ұлы денем аптап күнде ақырын-ақырын еріп таусылып барады. тірлігімде жиған болмашы шелімнің өзі уақыттың уысында үгіліп, еріп жоғалуға беттеді. мағынасыздық... ... тірлігіміз мағынасыз нәрселерді жинәумен өтеді екен. ақыры мағынасыздықтардан қашып ұйқыға кеттім.
қылышын сүйретіп қыс келді. өзендер өз қалпына қайтуға қамданып жұр. әппәқ ұлпа қарлар қара тасқа айналған екі аяғымның үстіндегі әлі еріп таусыла қоймаған тәнімді аймалап, еркелеи ойнақ салуда. бұйығып ұйықтап жатырмын. неше мың жылдықтар бойы ұйқылы-ояу жүргенде бұндай шіліңгір ыстық пен қақаған аяздың неше тұрын көріп сан өліп, сан тірілген біз үшін неге тұрады деисің ертең-ақ ғайып болар мезгіл дегеніңіз. уақыттың жалпақ алақаны ары ырғап, бері ырғап жұрып ақыры мағынасыз шелдерімді сорып болды да сүйегім әр жерге шәшіліп кетті. қара тасқа айналған саныма басым мүсеуреи қалыпты, кезінде қадырын білмеи бәрін билегісі келген басым да екі әяқпен тең құрыған. тасқа айналған қара санымның үстіне дәуірі жұрып тұрған, адамзат қолы жаратқан келімсек бір құрлыс түскен. әлде кімдерше өздерін жұбатып жүрген адамдар осы құрлыстарға біткен ерлігіміз бен тарихымыз, тектік болмыс-бытымымыз жұтылып кететінін ойладыма екен деп алаңдағанмын. таулардан алыс түскен келімсек беине әбден орнығып алып, айналасына асқақ бір беинемен қарайды. әрине астындағы екі әяғіммен жұмысы не оның. биік көрінуге құштарлардың тәғәнмен есептескенін ешкім көрмеген. олардың бар ойы басқа бір биіктерде ғана. сол құрлыс салына бастағанда асып қалған бір шелек топырақтың астында басым қала берді көміліп. уақыт... ... өзінің сабырлы мінезінен жаңылмай бір қалыпта өтіп жатыр. көктемнің иісі жер бетіне жұмсақ бір леп таратқан кезде басымның ішіне әлде қайдан бір тал кәртөптің бүршігі келіп түскен. құнарлы жерге келіп түскен бүршік тез өсіп жуандай бастады. енді уақытты тоқтап қалса деп армандадым. бірәқ уақыт ақыры жеңіп, әбден жетілген кәртөп басымның жігін айырып шықты. өмірінде көрмеген үлкен кәртөп қазып алғанына қуанған екі бала шербекке салып көтеріп барады. құдай-ау, мыналар немерелерім ғой. бірдеңе дегім келген, бірәқ тірі кезімнің өзінде ыңырануға ғана келген сорлы басымның дәрменсіздігіне шарам жоқ еді. айналама алақтап қарай бастадым. ағаштың биігіне ілулі тұратын керіскедеи тұлпардың басы иттың үйшігінің алдында жатыр. жазбай таныдым, ақбоз тұлпардың басы. енді ештеңені көргім де, ешқәндәй дүниеге қарағым да келмеи өлеусіреп, өшіп барамын.
ـــ тұр орныңнан! ـــ таныс дауыс тағы естілді. бірәқ ендігәрі тұрғым жоқ. бөгде бір құрлыстың тағанына айналып кеткен екі аяғым тәнсіз қалған рухымның өзін көтеріп тұра алмайтын. тұрмауға шындап бекіндім... ...
ـــ тұр орныңнан! ـــ деген дәуіспен бірге бүйірімнен нұқып қалды бірдеңе. орнымнан тұрсам күн арқан бойы көтеріліпті, шыжып-ақ тұр екен жарықтық. әйелім бұлқан- талқан.
ـــ кешігіп барып, еңбек ақыңнан тағы тарттыратын болдың.
киіне салып қізмет орныма дызғаяқтаттым. ентігіп келіп есік ашысыма бастығым тұр. жылыстап келіп орныма отыра бергенім сол еді, бұйра тіл қатты.
ـــ тұр орныңнан, кеңсеме кел!
буын-буыным дірілдеп, екі аяғым жер тартып қозғала алар емеспін. қозғалуға келмеи қалған аяғымның басына қарасам, шелдене қалған денемнен шыққан терім жерге тамып тұр екен. ауызым сөзге келер емес, «өстіп жұрып бір күні шініменен еріп таусылармын!» деп ыңырандым.
2010-жылы 15-қаңтар үрімжі


есәләң мен ертек

жаз тірлігінің құлпырып, жәйнәп тұрған сәті. бар меиірін төккен күннен арқасы босап, кеңи қалған жер ананың бір қиырындағы таулы өлкенің жирма-отыз шақты үйлерінде қыбыр еткен жан баласы көрінбеиді. әбден тозығы жеткен үш ауызды там ұйдың ішіндегі кемпір мен шал осы өлкенің адамдарынан қалған соңғы сарқын іспетті. кезінде шебер қөлмен жасалып, осы маңның бетке басар үйі болғаны мұжылып тұрсада көтеріңкі беинесінен байқалатын, тамтұмдап тәкәпәрліғі сақталған тамдағы кемпір мен шалда сызданып алған. шал ау тоқып, кемпір жіп иырып әуре. екеуініңде қабақтарында менменсінген сыздың табы бар. өлі тыныштық бір-біріне сараң тіл қататын шал мен кемпірдің кем сөзді ұсқындары спетті, деміңді сығып жындандыратын көңілсіздік үй ішін торлап алған. кемпір «әлгі...» деп сылп ете түскен. шал әшумен бажырайып қарады да үй ішінде ала көздесу жүз беріп өтті. қәтігез шал қанша тістене қәрәғәнімен шүйкедеи болып әбден кусеген кемпіріне артық сөз айтуға көңілі дауаламай тоқтап қалды. көптен бері көкірегіне шемендеи қатқан ашуын бұрық еткізіп шығарып алғысы да келген. онсызда әбден тозып тұрған жүйкенің бір көтерілсе оңайлықша орнына түспесін сезіп, тоқылып болған ауды алып тысқа беттеді. кемпірі де шойтақтап ілескен. ана қастың бойына келіп ау құрды. кемпір ауға қарап жағада қалды да шал кішілеу төмпешіктің үстіне келіп отырды. «қайсы жылы еді?» деп ұзақ ойланды. содансоң «е,-деді,- дәл ерлігі туатын жыл. маңғаз палуанның сексенге келіп селкілдеп отырған шағы. ол кезде өзі жиырманың бесіне жаңа ілінген жігіт кезі болатұғын. жарықтық маңғаз палуан әңгімесін тым ұзақтан қайыратын...»
ـــ жас кезім ـــ деп бастаған хикәяғә ұйымайтын жан болмайтын онда, ـــ жастық шіркін не істетпеиді. ауыл үйдің моншағын күндіз ұрлап, түнде тағу қып-қызыл күнә! ер болсаң жортуылға шық. аттың мойнын алысқа айда, сонда ерсің, еркексің. болмаса, қотан бағып мимырттада жүр. ешкім елеп-ескермеиді. азаматтар жиналып, ат жаратып жортуылға шығамыз. жортуылға аттандық сары күзде, меиіздеи қатқан сүліктеи жануарлар астымызда ауыздық басып, еліріп келеді. сырымта мен барымтаның дәуірі. арқаның байларынан аңдып жұрып күннің сәті түскенде бірнеше айғыр ұйырды алдыға салып жүрдікте кеттік. қалың жылқының тұяғынан ұшқан шаң жер-көкті көміп, шұрқыраған үні рухымызды көтеріп, аруақтанып алғанбыз. үш-торт күндік жерге ұзап кеткесін арқаны кеңге салып, жылқының іқтярімен айдап келе жатқанбыз. соңымыздан жалғыз атты келеді құйындатып. жолдастарым да абыржу бар, бәрі маған қарайды. жеткенде көреиін деп тіл қатпадым. астымдағы атымды зар желіске салып, жылқыны қайырмақтап айдап отырғанмын. екі-үш қырқаға жеткізбеи қуып жетті. астындағы ақбоз айғыр бақайына деиін сүметілген тер. қарасақ талдырмаштау қыз бала, шыдамсыздау, ұрда-жық мінезді жігітім бар еді. «олжа, олжа» деп тұра шапқан. қызға жетіп ұмтылғанша лып етіп атының бір жағына еңкеие кеткен қыз әлгіні аттан жұлып алып, ердің қасына жәніштәп тастай салғаны. содан «еркек болсаңдар жекпе-жек» деп шыға келді. үмітті жігіттерімнің бәрінің сүлкіндері тұсып кетіпті. көзге ештеме көрінбес есер жастық шіркін не істетпеиді деисің, сойылымды сайлап, «сен қайлақыны ат көтіне салмасам» деп тұра ұмтылдым. қыз болғанда селт етіп жүрексінетін емес, өзіме қарай шауып келеді. жақындап келіп сойыл сілтеді, сойылын қағып жіберіп, алдыма өңгеріп әкетеиін дегенмін. атының қапталына бұлт етіп ауған қыз іліндірмеи кеткені. өтіп барып атымның басын бұрсам, ол да атының басын іркіп үлгіріпті. ызадан өліп барам. «тоқтат!» деген тосын дауыс бар назарымызды бөліп әкетті. астында қан жирен аты бар ашаң жүзді жігіт кішкене жырашықтан желіп шыға келді. қыз қолындағы сойыл сылық етіп жерге түсті. «сабыр батыр, сабыр!» деп алдыма жеткенде екі көзі қып-қызыл болып ұшқындап тұр. қамшысының өрімі жеңді білектеи жылан көрініп, өмірі сескенбеитін басым не болғанын білмеи, жүрегім кеудемді теуіп ала жөнелгені. қолымдағы шоқпарымның қалай жерге тұсып кеткенін білмеимін. «батырлық барымтада емес батыр, әйелге оқпар емес, қамшы көтеру керек еді. қыз жылқысын әкетсін, дүние қоңыз қуыса бермелік» дегендерін ғана естідім. қыз бұрылып шаба жөнелгенде қалың жылқы шұрқырап ілесе жөнелген. қан жирен мінген жігіт сылық-сылық күледі. «батыр, айғырға мінген қызға біткен ерлікті бос шамалағансың, оны шөқпәрмен жасқай алмас едің, әйелге шоқпар сілтегенің артық емеспе» деп желе жөнелді. жігіттерімнің бәрі көздерімен жер шұқып, қабағыма қарап тамсанысып қояды. әдетте қуғыншылардың он-жиырмасы қаптасада есе бермеитін басым сүміреиіп-ақ қалғаны. қарап тұрып істеген ынжықтығыма қаным басыма өрлеп, қарадай ісіндім. «қазыр барып, ана жігітті жәйрәтәм, қайтыңдар ауылға!» дедім жігіттеріме. «бірге барамыз!» деп шуылдасты. жалғыз атты кеткен жаққа тартып келеміз. бірнеше бел астық, ұзап кете қоймаған сяқты еді, жер жұтқандай зым-зя. күн ұясына отырып барады. тасырлатып бір қыратқа шыға келсек бір шал намаз өтеп отыр. қаңтарулы қәрәгер бізді көріп жер тарпып оқыранады. қарт намазын асықпай өтеп, жәйләп орнынан тұрғансоң жамырай сәлем бердік. сәлемімізді алған қарт,
ـــ аттан түсіңдер жігіттер,-деді.
ـــ ақсақал, асығыс едік, іздегеніміздің дерегін білеиік дегенбіз,-деп нығыздалып тұрмыз. шал тіпті жәйбірәқәт.
ـــ аттан түс жігітім, дәуде болсаң маңғаз палуан боларсың, жоғыңды мен табармын,-деп қояды. шалдың сөзіне ішім жылып сала берді, бәріміз аттан түстік. қарт сақалын саумалап ұзақ отырып барып басын көтерді.
ـــ жігіттер, ауылға жүріңдер, жоқтарыңның дерегімен таныстырайын,-деп атына аяңдады. ілесіп келеміз.
қарағайдан қиып салған екі ауызды үйге зорға сиыстық. жәйғәсіп болғансоң қарт ұнамай мал әкелді. бата жасалғасын қартты сөзге тарттым.
ـــ е, шырағым маңғаз,-деп, әңгімесін асықпай жалғастырды қарт,-әлдімен сан ғасырдың алдында әлемді тітіреткен бабаң мәдиден бастайын сөзді,-деп насбайын алып, асықпай атып, шырт түкірінген, бәріміз елеңдеп қарай қалғанбыз.- осынау ұлы өлкеде сақ деген батыр бабаларымыз жасаған екен, әбден кемеліне келген сақтардың отаны күшеиіп, ат құлағында ойнайтын оғыландар тыным алмайтын қайсар да жау жүрек болатын көрінеді.мәлі мен басы тең өскен ұлы ұлысқа кең даласы тарлық қілмәғәнімен, еңбек ететін құлақ кестілер керек болады. аламан ұлыстың жалғыз қурай қойса бағынатын берекесі мен көк таңырының ұлымыз деитін көк бөрі тектес көкжәлдіғі ұлыстың ішкі жағына бұлжымас қатаң қағидаттар қалыптастырады. жазылмаған заңдары туғаннан тартып, сүйектеріне сіңетін далалықтардың серкесі, ерлігіне естілігі сай мәди бабамыз осындай оғыландарынан ұлы қосын тұрғызып, батысқа тартып отырады. жапасы мен қызығы барабар аң аулаған сяқты жорық жолы қызықтырған бабамыз жол бойы қалаларды бірінен кеиін бірін жалмап, отыз жыл бойына ілгері тарта береді. жас күнінде жат елдің бүлдіргеге бола бұлынуын қалаған жәһәнгез жасы ұлғайып, кексе тарта бастағансоң туған даласының жұпардай ауасын аңсап, кеңсірігі жиы аши береді. небір сылаңдаған аруларды құшсада, әтірі аңқыған сиқыр сұлулық аңсарын баса алмаған батыр туған даласын аңсап жатқанда, босағадағы қамшының өрімінен қан сорғалап тұрғанын көреді. бүлдіргесінен ілген қамшының өрімінен аққан қанның тегін еместігін аңғарған батыр жасақтарына елге қайтуға жол береді.туғән даласына үдіре тартқан қосын жарты жылдай жұрып сыр бойына жетіп ат тұмсығын тіреиді. сырдың қарсы жағалауында аңсап жеткен киелі мекенінің жусаны мен жуасының иісі бұрқырап, кеңсіріктерін ашытып, аңсар көңілдеріне тоғаю силаған аламандар айлап жатып, тәңіріне тасаттық беріп, ұлы думан той жасап қызыққа батады.
елінің шетіне келіп, естері кете қуаныш құшағына құлаған жасақтар өзеннен өтерде ойларына кіріп шықпаған сұмдық туылады. сыр бойының тусып тұрған қалың қамысының арасынан самсыған сары қол шығып, ес білгелі ертөстік тәғілімімен ержеткен, жеңілу деген ұғым саналарында мүлдемге жоқ батырлардың алдын орайды. жат елдің қалаларын оңайға ғана әлғәнімен мынау өз жұртынан шыққан бәлеге қылар айласы қалмай, өзеннен өткен өлермен жасақ қойша қырылады. қалған аламанныңда біткенше қырыларына көзі жеткен мәди батыр биік жотаға шығып, қыбырсыз үш күн, үш тұн отырып тәңірінен медет тілеиді. қаннан өзен ағызған қәтігез баһадұрдың борша-борша егілгеніне меиірі түскен тәңірінен аян келеді. алты қанат шатырына оралған мәди әлтінмен апталған тағында қолына көкжәл мен қыранның басы түсірілген көк туын алып отырып аламандарына: «алдаспандарыңды тастап, қолдарыңа құл дүрелеитін қамшыларыңды алыңдар!» деген уаж Ын айтады. ұлы жәһәнгездің бұйрығын екі етпеген аламандар қолдарына құл дүрелеитін қамшыларын алып, ақырып жауға қарсы шабады. қарсы жағадағы самсыған сары қол түгелімен жер сұзып, құлдық ұрып жығылады. орданың орны ойнаққа айналып, құлдардың билік алып есірген көргенсіз кеиіптері мен әйелдерінің қүлдәрмен араласып, жаңа бір өркеннің жетілгенін көрген мәди баба шаталарды түгелімен өлімге үкім етіп, сыр суын қәнмен бояиды. әйел біткенді қырық шелек су құйындырып, қанды сумен тазалатып, қырықтан дүре ұрғызады. сол әулие тектес абыз баба қартайып ажал шіркін жеткенде «қамшыны бүлдіргесінен ілмеңдер!» деген жалғыз ауыз өсиетін айтып бақиға аттанады.
қарт сақалын саумалап ұзақ үнсіз қалған. бәрімізде үн жоқ. былқып пысқан бағылан етін жедікте, таң ата жолымызға тұсып, ауыл қайдасың деп тартып бердік. қазыр сол жирен атты жігіт есіме түссе, ауыл арасын алалаған ірге күш, үй күшікке айналған азғын ұрпақты берекесіз итжығысқа салғанша, тәубесін үйіртеиін деген мәди бабамның өзіме деп қаламын,-деп маңғаз палуан әңгімесін ақырластыратын еді.
аудың жанында күйбеңдеп жүрген кемпіріне қарап отырып тағы да ұзақ қялға кетті.
алтынның сынығындай қолға түсе бермеитін қара мылтықтың оғы табылмайтын таршылықтан аңға кеиде садақ көтеріп шығатын еді. қой торысына мініп, аңға шыққан. адырдың жыртылып айырылатын арқары мен қара құйрығы аңдуылдауға оңтайлы. кәдуелгі көзеулі жеріне жеткенімен, кенеренің аң біткені әдеиі ауып кеткендеи көзіне шалынбағаны. кенерені кесіп талай жұрды. астындағы қой торы оқыс тулағанда ауып түсе жаздап барып зорға оңалған. өзіне арқан бойы жерден ғана қашып бара жатқан керіскедеи көкжәлді көрді. іші-қарнын үңгіп жеген құлжаның суып үлгірмеген жемтігінен буы бұрқырап тұр. тоят алған қанды ауыздың ұзап қаша алмасын білген сірдесте аңшы енді торыға тақым қысты. алдында оқша зымыраған көкжәл бірнеше қырқаға бармай созылып, арасы қусырла тұсты. тақымы қызып, бауыры жазылып алған торы жақындай бастағанда, тілі салақтап ыржалақтаған көкжәл ыра төменге салды. еңіске қарай тартқан көкжәлдің қылығына мұртынан күлген аңшы енді бұлталақтағанына ырық бермеуге айналған еді. құтылмасына көзі жеткен қанды ауыз мықшиып тұрып құсып тастап, жәй аяңға ауысқан. жетіп барып сойыл сілтесем күш жиып қалған арлан жазымдар деген аңшы қорамсағына қол созды. қозы жауырын жебе қан аңсап, адырна кере тартылғанда, көкжәлдің бауырынан еңбектеген сәбидің кескіні өзіне қарап тұрған да алған. адырнаны босатқанда көкжәл жәйімен аяңдап барады, тағы оқталған еді бағанағы беине тағы көрінді. адырнадағы қозы жауырын жебе босағанда көкжәл аяңдап, қырқаның асар тұсына таяп қалыпты. енді кідірсе оқ жетер жерден ары кетеді. көзсіз есерлікпен жебені жіберіп қалды. күңіренген адам дауысы зың еткен жебенің дәуісімен тең өшкен. торы оқыс тулағанда ауып түсіп қала жаздап барып, қәмшімен аямай осып жіберді. көкжәл белегірден асып барады. қайың жебенің түскен жеріне барғанда көргені қураған бас сүйектің үңіреиген көзінің орнынан қадалған жебенің желке тұсының жігін айырып жерге қарыс бойы қадалғаны болды. сәңіреиген қу басты қәмшімен бір тартып быт-шыт қылып тастап, жебесін алмастан үйіне қайтқан. кештетіп жеткенде үйлеріндегі абыр-сабырдың үстінен тұсты. келіншегі босанып жатыр екен. қамшысын от басына тастай салып, қайта есіктен шыққан бойда маңғаз палуанның үйіне келді. тізерлеп отыра кеткен,
ـــ өлтірдім,-деген содансоң.
ـــ нені?-деген палуанға болған істі баяндап шықты. өрт өшіргендеи қабарып тұрған бұны палуан көп аял жасатпады. ат ерттетіп, жас босанған келіншегінеде қаратпай жолға шыққан. екеуі жеткенде таң шеті сөгілген еді. бас сүйекте, жебеде жоқ. іздері ғана жәйрәп жатыр. «қап, ит искеп кетерме екен, бөрі ана қорғап жүрген аруақтың ашылып қалған тәні-ау!» деген палуан ат басын ауылға бұрды. аяңшыл аттардың үстінде өз қялдәрімен ұзақ тербелді. ауыл төбесі көрінгенде палуан ат басын іркіп бұған мойын бұрған. «жа, бұны екеуіміз білелік, тек ит искемесін деп тіле, баба аруағы шамданса, ұрпағымызды ит екеш итте ерегесе жүгіріп, балтырын қандамас қадырсыз кеиіпке апарар деп қорқамын.» деп сөзінің соңын күбірге айналдырып кеткен болатын. «сол кезде дана көкірек бәрін сезген екен-ау, пайымсыздық пен парықсыздық сол дананың сөзін түсінер парасат бермеген екен ғой басыма.» деген өксікті ой өзегін өртеді қарттың.
шал кемпіріне көз салып еді, шүйкедеи болып аудың жанында әлі күйбеңдеп жұр екен. мұрнына балықтың борық иысы келгендеи жиіркені , тыжырынды. тәтті қялының жыбын үзгісі келмеи, өткен ғұмырының шым-шытырық іздеріне қайта үңілген.
сонау бір жылдары ауылды қалың зялы басып қалған. өңшең желкілдеген жастарды ауылдың әрбір үйіне бөліп орналастырған. бұлардың үйінеде бір қыз бөлініп келді. уыздай жас қыздың бязы мінезі, ерлікті ойнатып, үй шаруасына тигізген қолғабысы тез үйірлестірген. онға қараған ерлігінен кеиін тас құрсағы жібімеген кемпірі екеуінің бары сол жалғыздарының үстінде еді. осыбыр мәмірәжәй күндердің ұзаққа бармасын онда кім білген деисің тәйір. ашық күнде соққан қазанның қара дауылы іспетті, түсініксіз көтерілген қара боран азғана ауылды бұрып әкете берген. маңғаз палуанның ұлы темір аяқ астынан ұқық алып, зялы жастарды жиып, кеңес төбе аталатын ауылдың желкесіндегі төбеде ұзақ-ұзақ жиындар ашты. үркін-қорқын көріп әбден ерқәшті болған халық енді-енді естерін жиып, беиғәмдіққә бой алдыра бастаған тұс еді бұл кез. кеңес төбедегі әкесі маңғаз марқұм отыратын сандықша тастың үстіне шығып тынбай сөйлеген темірді жақсылық әкелетіндеи қуанысқан момын ел «палуанның ұрқы, асылдың қиығы, елді бір жақсылыққа бастар!» деп алғы күндеріне үміт артқан. сол жиыннан қайтқан үйіндегі қыздың айтқанынан бұның бар ұққаны «болат өнімін еселеп арттыру үшін, тас қорытып, зор секіреміз!» деген жалғыз ауыз сөз ғана болды. бұл хабар ертесі шынға шыққан. біткен ел болат өндіру үшін екі топқа бөлініп, бір тобы тас тасып «сары қыз сайына» жинауға кетіп, бір бөлімі қарағай кесіп, отын жинауға тауға тартқан. отын жятындардың ішінде бұл да бар еді. атам заманнан бері тусып тұрған ну самырсынның қу бұтағының өзі таусып болмастай сыңсып тұрған. жігіттер жата-жастана айналасы бір аптаға жеткізбеи, қу қарағайды тау-теңіз ұйып тастады. бір ауылдың бірнеше жыл жағатынына жететіндеи үйілген қу самырсынның бұтағын жиғансоң еріккен жігіттер тас тасығандарға келген. сай-саладан аттылы-жаяу тасыған тастың көлемі де недәуір болыпты. бұл қайрақ болатын тас іздеп жүрген. тосын сұмдықтан есі шығып сілеиіп тұрды да қалды. ертегі өмірдің елесіндеи, есте жоқ ескі замандардан қалған балбалды темір сүйретіп келеді. астындағы есікпен төрдеи күрең балбалдың салмағын елеитін емес, тұқыра тізгін сүзеді. көз алдынан маңғаз палуанның осы балбалдарға тауап етіп, ақтық байлағаны өтті. темірдің алдынан шықты,
ـــ темір, андағы балбалды орнына апарып тастасақ қәйтеді, басқа таста жетер?!
ـــ қойыңыз,-деген темір,-далада қаңқайып тұрғанша мемлекеттің игілігіне жарасын, құтыңыз қашқаны не сонша?
ـــ марқұм әкең палуан осыларды қорғап қалуды көп өсиеттеп отыратын еді.
ـــ әкемнің маған емес, саған өсиеттегені қызық екен, сол әкемнің аруағы үшін болсада жолымды кеспе,- деген темір нығыздалып.
ـــ тоқта,-деп ақырып қалды,-бабалардың мұрасына тиме, киесі бар, кие!
ـــ бабаңның қу басын оққа ұстаған сені атпаған кие, әлде кім добалай салған тасты сүйретіп келген мені атар деимісің, босат жолымды,-деп темір күреңді тебініп қалғанда бұл барды да арқанды сәпісімен қиып жіберді. неге үйткенін өзі де сезбеген. «шым» еткен шекесінен шыққан жылымшы қан езуіне қып-қышқыл тигенде темірге жолбарысша атылды. кеусендеи жігітті аттан жұлып алып алқымнан қысып-қысып тастай берді. ел шулап ажыратып алғанда, сөз сүйегінен өткенөр көкірек жыртқыш мінез намыс иесі күреңге қарғып мінген беті үйіне шапты. келе көне талыснан қайыңтозға тәутекенің мұйызын қосып жасаған садағын алып, қозы жауырын жебеден біреуін суырды да майданға қайта шапты. садақтың адырнасын шіреи тартып құйындатып келе жатқан бұны көрген жұрт демдерін іштеріне тартып шеттеи бастаған. темір ғана орнында сілеиіп қалыпты. екі аяғын үзеңгіге тіреп көтеріле бергенде күрең жұлындай ұшты да жебе екпінімен жерге қарыс бойы кіріп тоқтады. мойыны астына қайырыла құлаған күрең қайтып тұрмаған беті пышаққа ілінді. атқа үймелегендерге қарапта қоймай жұрып кеткен. сол кезде күрең құламағанда... бәлкім... әйтеу қан төгіліп тыным болды.
темірді атпақшы болғаннан бастап топ ішінде күнде сұрақ, айғай-сүрен біткеннің бәрі мойнында. сол ауыр күндерде кетеуі кеткен қырық найза киіз үйіндегі көрпесіне деиін ағайындары алып кетіп, соры арылмаған кемпірі мен баласы кеште мұздаса, күндіз тобылғының тұбырын шауып әбден қалжырап жұрып, өкпесіне суық тиып ерлігі бұл пәни жалғанның азабы мен мазағынан құтылып, бақиға аттанып кетті. өлімнің өзінен үркіп, басын іштеріне тыққан ара ағайынның бұралқы қылықтарына тісін басып жұрып, көрер қызығы таусылы мезгілсіз көз жұмған беишөрә қозықаларын кемпірі екеуі үн-тұнсыз, елеусіз ғана жерлеп, сүлдерлерін сүйретіп үйлеріне оралған. азды-көпті аяушылық білдірген ара ағайынның пиғылының астындағы көзі жылтыраған мазақ пен кекесіннің табасына бола ел-жүртпен араласуды бір жола доғарып, саяқтап, ауаша жүретін. сол жанын жегідеи жеген азап пен мазақ кектің тұпсыз аранына итеріп кеткен еді.
кемпіріне қарап еді, аудың қасында шошайып отыр екен. тәңертеңгі кірбеңдік есіне тұсып, кемпірін аяп кетті. бір өмір серігім болған беибәқтә не кінә бар деп ойлады. есіне кемпірінің «әлгі...» деп сылып еткені түскен. тағы да тұпсыз қял құшағына құлады.
ерлігі мезгілсіз көз жұмып есеңгіреген, әсіресе жылан көргендеи жиырылған былайғы бұралқы ара ағайынның ызбары арқасына аяздай батып, қажығуыр тартып шала жынданып жүрген күндердің бірінде кемпірі аяқ астынан құрсақ көтерсін. қуанышын бөлісер ағайыннан ауаша жүрсе де, құдайына күніне неше мәрте шүкіршілігін білдіретін. ерлігінің қабырғасын қайыстырып кеткен жас өлімін бір сәтке ұмытып қуаныш құшағына құлайтын. ақ түйенің қарыны жарылып, кемпірі балпанақтай қыз сұйдырды. кіндігін өзі кесіп, бар шаруасын өзі ыңғайлады да, азан шақырып тұрып «ерікгүл» деп ат қойып алған. туған жеңгесінде шақырмады, «шыдамаса буаз итын жүгіртсін!» деді де қойды. үндемес томырық мінезді кісі бір күні, «кемпір, саған көмунәнің қорасынан бір қой әкеліп, қалжа соям, мықты болса қолынан келгендерін істесін!» деп аттанды да, таң ата қызыл ісекті әкеліп сойып, үркер жамбасқа ауғанда шұрық еткізіп қайнатып беріп жұрып, әлдендіріп алды. ауыр еңбектен еңселеседе, үйіне келгенде сәбиінің күлкісін естіп, шаттық құшағына құлайтын еді. бар ғұмырының қызығы жалғызын ер балаша киіндіріп еркін өсірді. мектеп табалдырығын аттағанда да ер бәләләрмен араласып, өзімен бір табиғаттағы балаларға жуымайтын ерке тотайлары қыз балалардың тұлымы мен бұрымын жұлып тәртіпсіз өсті. жан жарасын жазған жалғызының еркелігін жөнге санайтын. жасынан жат жыныстың ортасында бірге ержеткен ерке тотайларының талғамсыз еркек жанды боларын ойламаған онда. егер білсе олай жібермеспе еді?! тұңғыш баулысынның қалай бастарын сезгенде, тым болмаса баланы бастан деп келетін даналық есіне түссе бұлай жіберместе еді-ау, соры арылмаған сол ерке тотайын. есеиген сайын қылығы өз болмысынан жат болып өскенсөң шешесіне тәрбиелесеңші деп бүлік еткізіп ескерту жасаған. әкеге бауыр басып еркін дендеп өскен қыз шеше сөзін елеп-ескермеитін. ана алдындағы парызын түсінбес ессіздігін көріп, жастары егделеген сайын еленбеи бара жатқанда барып ішін тартты. көпті көрген көзі қәте танымаған екен, он алтыға қадам тастағаннан тартып, үй бетін көрмеи дала безетінді тапты.
түскі күн шуақта ергеншек тоқып отырған. арбаның астында жатқан ақтос «арыс» етіп көше бойына қарай жөнелді. іле-шала қаңқылдап қайта оралғанына таңырқап қақпаға шыққан. есі шыға бажырайып тұрды да қалды. кіндігін ашып, қос анарын бұлтитып қысқа жең жеиде киген, әдемілеп өріп жүруге жаралған қос бұрымын тоқырайтып тұрып алдырған ерікгүлі тұр. бірдеме айтқысы келіп тұрды да, ойынан айнып бұрылып кетті. сол бойда аулаққа шығып кеткен. кешкісін үйге оралғанда кемпірі бордай егіліп жылап отыр екен, бәрін тұсынды. кемпіріне «жылама, шіріген жұмыртқа үшін!» деп қатты зекіген. содан қайтып бұл үйде қызы туралы қайтадан әңгіме айтылмаған болатын. тағдырдың тағы бір мазаққа ұрындырарын қайдан білсін онда. уақыт құрғыр зымырап, арада үш жыл өтті. ойын күпті қылатын күмәні ақыры келді. кешкі ауылдың тынышын бұзып біткен сиыр азан-қазан өкіріп далаға қашты. үй маңынан ұзамайтын ақтос ұзаққа шығып ұзақ ұлыды. екі аяқты пендеден бөлекше жан иелерінің кешкі зауал кезіндегі беи-берекет шәшілғән қылығы бұны да көше бойына жетелеген. ауласының дауалына сүйеніп алтын сары шәшті, өне бойын қызғылтым түк басқан кішкене бала ойнап отыр. бұрылып қарағанда көзі өңменінен өтіп, жүрегі құрғыр шым еткен. басқалардың аузынан бар естігені «ерікгүл баланы әкеліп қойып кетіпті.» деген жалғыз ауыз сөз ғана болды, одан соңғысы есінде жоқ. аспан айналып, жер көшіп жығылып бара жатты. есін жиғанда кемпірі қасында отыр екен. екі иығы қушиып мезгілсіз қартайып кетіпті. «құбыжық қайда?» деп дүңк еткен бұған, «шошқа қырылғанға апарып көзін жоғалыттым» деп қысқа қайырды. шал басын ғана изеген.
арада одан кеиінде оншақты жыл өтті жыланша сырғып. енді ауылды гулеген өсек кезіп жүр. әне көрдім, міне көрдім дегендердің қатары көбеиіп жұртт Ы үреи билеи бастады. шошқа қырылғаннан біреулер алтын сары шәшті құбыжық көріпті, атқа жеткізбеитін сол құбыжықтан ит екеш иттың өзі қыңсылап кері қашады екен деген сөз гулегенде шал бәрін аңдаған. көрдік дегендерді ілестіріп, қайың садағын қолына алып, ең соңғы майдан ашар қан аңсаған сапарына аттанған болатын. кезінде өзінің бір тамшы қанынан жаратылған ерікгүлінің әкеліп тастаған баласы екенін пайымдаған. адамнан азған құбыжықты жер бетінен жоғалтуды армандады. ит екеш иттың өзі қабуға бармайтын тексіз тұқымның көзін жою бекімне келіп, қәтігездікпен аттанған қанды көз аңшы, ұлы тауды бір ай бойы сөзіп, таба алмай меселдесі қайтып оралды. бұданда жанына қатты бататыны, зауал шақтың осылай жетіп келерін білгенде, нәпсісін тиып, өмір бойы пәни жалғанның қызығын тәркі етер еді-ау. ойына осыбыр өмірінің елестері келген сайын, ішінен үгіліп, таусылып бітетін.
ауыр ойдан қалжырап, кемпіріне көз салған еді, кемпірі ауды жинастырып жұр екен. орнынан қозғалып бара жатып,-е, деді шал,-екі аяқты пенделер, адамбыз деп асқақтаймыз-ау келіп, жо, жоқ, біз нәпсінің құлымыз. бізге мәдидің қамшысы керек, қәсиетті бөрі ана ауыздандырған өрлігімізді жоғалтып, нәпсінің құлдық қамытын мойнымызға іліп алмауымыз үшін, рухымызға күзет болатын бабалардың балбал болсада ертегі өмірінің сынығы керек. әттең, осыларды айтар едім-ау, кім тыңдар деисің есәләңғә айналып қалған шалдың ертектерін,-деп өзіне-өзі сөйлеп бара жатты. батар күннің алтын арайына шомылған екі қарт қайтып барады. екеуінің соңдарында алтын сары шәшті құбыжық қарап тұр. қалып бара жатқаны жалғыз сол ғана еді есәләңнің ертегі өмірінен.
2006-жылы15-қараша. үрімжі



бөлтірік

биік сеңгірдің басындағы жартастың далдасында отырған екеудің көздері тым алсытарға қадалулы.
... құлқын... бітім... бала қялы жетпес дүниелер.
ـــ ата,-деді бала – неге жым-жырт отыра береміз?
ـــ балам, сабыр түбі сары алтын.
бала түсінген түсінбегені белгісіз басын изеп қойды. қаптал шапанын шешіп жеңілденген шал мылтығын қысып ұстап, алдындағы беткеиге үңіліп, аң шуайтын мойнақшаға бежіреиіп қатқан да қалған. баланың да көргісі, қарағысы келеді. бірәқ, тыныш отырасың деген қатаң ескерту есіне түсіп, қозғалуға батынбаған. ұзақ отырып аяғы ұйыды. содансоң шыдамы кетіп атасына бұрылды.
ـــ ата, аңдардың бәрі үркіп кеткен бе?-деп сыбырлаған еді. атасы елемеген жанша бұған қарап та қоймай, аң шуайтын мойнақшадан көзін алмаған беті ішінен әлденені күбірлеп отыр. бала ақырын ғана аяғын созды. шымырлап тікен қадалғандай мазасы кетсе де шыдай түсті. егер қыңқ етіп дыбыс шығарар болса, атасының екінші рет ертіп келмеитінін біледі. оның үстіне қәтігез шалдың қолына түскен нәрсемен қойып қалуы да ғажап емес. баланың көзі шырадай жанды. аяғының шымырлауынан гөрі ойын табиғаттың беимәзәліққә толған әуендері өзіне аударған. аспанда айналсоқтап жүрген кезқүйріқтің кісінегеніне қосылып әлдеқәйдән суыр аңқыттады. шал ешнәрсе естімеген, білмеген жанша бежіреиіп отыр. «тәубе! ـــ деді ішінен ـــ осыншама сұлу дүниенің әсем дыбысын естімеи атам керең болғанға ұқсайды»
баланың қялын «тарс» еткен мылтық дауысы бөлді. қял құшағына көміліп отырып байқамаған екен. атасы әлдеқәшән қарсы бетке жүгіріп кетіпті. әдетте асықпай жүретін атасының соншама тез болып кеткеніне таң қалды. тырым-тырақай безген дала серілері ілезде ғайып болып, көз алдында қимыл-қозғалысы ғәжәйіп кәртинәдәй сол бойында тұнып қалған. бұл да атасының артынан жүгірді. жығылып-тұрып өмір мен өлімнің жанталасына түскен тәутекенің шаңырақтай мүйізіне жармасып атасы жүр. атасы әлсіреп барып жығылған тәутекенің мүйізінен ұстаған беті мойнын тізесімен баса барып қонжиды да алсырақта үдіреиіп тұрған бұған айғай салды.
ـــ шапанымның қалтасындағы пышақты әкел!
атасы шапанын өздері алғаш отырған орынға шешіп тастапты. барды да пышақты қінімен көтеріп келді. кенет тәутекенің көзіне көзі түсіп кеткенде өн бойын бір жылы ағын жанашырлық сезімін қозғап аралап өтті. осыншама тұнық қара көзді бірінші рет көріп тұр. шанағынан асып кетердеи мөлдіреген қара көзден бір тамшы жас үзіліп түсті де, сары жағал түктерді құлдай аға жөнелді. атасының астындағы беюәзді шығарып жібергісі келген. бірәқ... ... шал тәутекені қылпылдап тұрған пішәқпен ора бауыздағанда бауыздаудан шапшыған қып-қызыл қан сақалдарына деиін шәшірәді. атасын тұңғыш рет жек көріп кетті. атасы бұны ескермеген беті тәутекенің терісін сыпырып құнжыңдап жат р. атасына айтатын сөзі бар еді. бірәқ ойынан тез айныды. ес білгелі атасының біреудің тілін алғанын көрмеген. сондықтан да қәтігез шалға бірдеме деудің қәжеті шамалы. ұзағырақтағы тастың үстіне шоқиып отырды да кеудесін қысып тұрған әлденеден бойы жеңілдеген сяқтанып, өзі де түсінбеи өксіп жылай бастады...
бұлар үйге келгенде апасы есік алдында бүкшеңдеп жұмыс істеп жүр екен. алды-артына қарамай апасын құшақтап кең мол пішілген кәзекеиінің өңіріне басын қойып өксіп-өксіп ұзақ жылады... ... апасының «қоя ғой құлыным» дегенін елемеген еді, атасының «тайт, ынжық неме» деген зор дауысы апасынан еріксіз ажыратты. енді апасы да қыстығып тұрған бұған қарамай, атасына көмектесіп атқа артқан нәрселерді түсіріп кетті. баланың бақыттардың үйіне барғысы келді. бірәқ, бақыт әпекесі жақыннан бері томсарып, бұрынғыдай қабақ ашпайтын, тіпті әңгіме де айтпайтын болып жүр. «әлгі бір жігітке ұзатады екен» деп апасы айтқан болатын. көз алдына тәутекенің жанары келді. «қайдан көрдім?»-деп басын қасып ұзақ тұрды. сосын «я-деді-бақыттың өткендегі жылаған кезінен аумайды». енді бақыттардың үйіне бару ойынан да айни қалды. кезінде бақыт әпекесі болыстық жасамақшы болған бұған қарап та қоймай кете берген.
екі үйдің ортасында ұзақ тұрды. табыннан қайтқан сиырлар желіндері шабына симай, мамырлап келіп жатыр. бұзаулардың жамырап кететінін ойласа да барғысы келмеді. өзі де түсінбеитін қялы бір елеске шырмалады. атасының бүгінгі мінезі ми жетпестеи сиқыр. мал екеш малды да тәяқпен жасқауға жол қоймайтын атасының сондай сүйкімді қоңыр аңға өзеленген беинесі мен қан-қан болған шоқша сақалы бар ойын жаулап алған. соншама мөлдір тамшының тұп-тұнық қара көзден ыршып шыққаны жанын жегідеи жеп, тыным таптырмай азаптайтын. состиып тұрған оны апасы шақырып келгенде, беижәй болып тұрған халын көріп жаны қалмады. «шал, ـــ деді апасы ـــ мына баланы шошындырып әкеліпсің».
апасы білетін ем-домын істетіп әбден ұшықтады да үйге кіргізіп жатқызып тастады. көзі ілінсе болды атасының қан шәшірәғән соқша сақалы мен бақыттың көз жасы түсіне кіріп шошынып шыққан. анда-санда апасының кеиісті үнін естіп қалады. «ертпе десем, бау ашқызатын құсыңды көтеріп кеткендеи ұнамай ертіп алған едің».
табиғаттың барынша жадырап, балбыраған талмау шағы. әтәсімен еріп, қымыз ішіп келу үшін ноқта-жүгенін алып құнанын іздеп шыққан. көтеріле қалған күннен арқасына ыстық өте қалса шыбындап, қарағай арасына кіріп үйездеи қалатын жылқы түлігінің әдеті. қарағайды аралап келе жатқан болатұ-ғын, жақын арадан сыбырласқан адамдардың дауысы елең еткізді. шоқ талға тасаланып тұра қалды. «қойшы жаным, бүйтпеші» деген қыз үні сыбырға жақын шықты. өз көзіне өзі сенбеи тағы қарады. бақыт маңайды шулатып жүретін серікпен құшақтасып тұр. еріндері жабысып, бақыттың екі көзі жұмылып қалыпты. серік бақытты қысып тұншықтырып жатқан сяқтанып, көмектескісі келді. бірәқ, серікке әлі келмеитінін ойлап тұрып қалған болатын, қыздың желбір көйлегінің етегі түріліп, аппақ сандары жарқ етіп, екеуі шалғынға құлай кеткенде, бақыттың қинала ыңырсығанын естігенде делебесі қозып дегбірсізденіп кетті. серікті бір теуіп қалғысы келіп барып тоқтады. үйтсе келісіп отырып сыбағасын алатыны мұнда. «қалақайды жұлып алып, ашық жамбасына сүйкеп алсам қәйтеді». оған да құмары тарқамайтын сяқты. есіне атасының тайнша-торпақтарға басатын таңбасы түсті де, үйге жүгірді. «қып-қызыл таңба темірді жамбасыңа басып алмасам атым өшсін!» үйге келе таңба темірді отқа салды. таңба темірдің қып-қызыл болып, балқуын күтіп отыр. есі-дерті бақытты тұншықтырып жатқан серіктен өш алуда ғана. «бақытты алатын әлгі ұзын бойлы жігіт маған разы болады» деп ойлады. серікті тіпті жек көреді. атасы серікке қарағанда көздерінен бөгдеше бір ризашылық сезімі ойнап, іші қызғанышқа толатын. оның үстіне... ... бақытты жұлмалауына төзе алмаған. тістерін қайрап, кішкене жұдырықтарын білеп қойды. «татырмын!»
таңба темірді алып жеткенде кешіккен екен. серік әлде қашан кетіп қалыпты. шалғында екеуінің іздері сайрап жатыр да, бақыт беижәй ғана сұлық отыр. бала жанына келгенде селт етіп қарағанда жанарында екі тамшының мөлдіреп тұрғанын көрді. өзінің оған көмектескісі келгенін айтпақшы болатын. бірәқ, бақыт үндемеген беті орнынан тұрып теріс айналып кетті. ешнәрсе түсіне алмай ұзақ отырды. бағанағы ашуы да тарап кеткен. көк шөпке жұққан болымсыз қызыл қан жаңа ғана өткен басынудың айғағы іспетті баланың өткір жанарына оттай басылды. содан бастап баланың кө Кірегінде кек ұшқыны қаулай жөнелген. серікті келістіріп сабағысы келгендеи болады да тұрады. кек алу жатса-тұрса ойынан бір шықпайтын. өстіп жүргенде ұзын бойлы арық жігіт бәқіттәрдікіне келе қалды. алғашында үдіреигенімен арық жігітке тез үйірлескен. бірәқ бұның ойы жетпеитіні серікті көргенде арық жігіттің күрсініп, өз-өзінен жасып не істерін біле алмай қалатыны. бақыт бұл жігіт келгеннен бері тіпті де томсарып, тілін жұтып сөйлемеитінді шығарған. «бірге кек аламыз» деитін бала жігіттен күдерін үзе бастады. жігітке үміт артып жүргенше, тезірек ержеткісі келген.
ـــ аға, деді бір күні ـــ тезірек ержеткім келеді.
ـــ бекерге үлкею үшін құлшынасың-ау. сол құрғыр есею деген азапты сөзді аузыңа алмасаң етті, ـــ деп жігіт темекісінің түтінін бұрқыратып сұлықсыз отыр.
төсектен тұрғысы келмеи жатқан баланың көз алдынан осы көріністер тізбектеліп өте шықты. атасының шоқша сақалына шәшірәғән қан қып-қызыл тасқынға айналып көміп кетердеи қымтанып, бүрісе түседі. түнімен шошынып ұйқысы жәйсіз бөлғәндікі ме, әйтеуір ұзақ жатты. далада бір-бір тайға мінген балалар теріні көкпәр қылып тартып, шапқыласып барады. оған да зауқы соқпады. тек жата бергісі келеді.
бұны тыстағы дабырлаған дауыстар еріксіз тұрғызды. атасының жанында серік тұр. серікті көргенде үйге қайта кіріп кеткісі келген. атасы мен серік қарап тұрған көк күшік назарын бөлді. мойнына байлаған жіпті тістелеп арыпталасқан көк күшікке қарап атасы жымың қағады.
ـــ жігіттің сарасы деген сендеи-ақ болар, ـــ деп серікті мақтап арқаға қақты. іргеде жатқан алыпсоқ долданып алыпты. көк күшікке тап беріп, бүктеп салатындай-ақ айбарланады. көк күшік арыпталасқаннан ештеңе өнбесін білгендеи алдыңғы аяғына басын қойып, тап беруге әзер тұрған алыпсоққа тесіліп жатыр.
ـــ көкжәл деген көкжәл ғой.
атасының ауызынан шыққан бұл сөз көк күшікке емес серікке қаратылып айтылғандай сезілді. атасының айтқанына қарап бұның бөлтірік екенін ұқты. бөлтірік долдана орнынан тұрды да, тағы да жіпті тістеледі. қасына ешкімнің жақындағанын ұнатпайтын сяқты. тістерін ақситып, бітік те өткір көздерінен жалын шәшіп әбден долырған. бөлтіріктің өңменнен өтердеи суық жанарына қарай алмай жасқана берді.
ـــ атам да, серік те, бөлтірік те бірдеи ـــ баланың күбіріне ешкім назар салмаған ـــ құрттай тұрып долысын.
атасына «қоя бере салайық» дегісі келді де, ойынан тез айныды. атасы бөлтіріктің мойнындағы жіптің бір ұшын тартып жетектеген еді. жетелегенге басатын емес. төрт тағандап, өлуге пеиіл жәйілдіқпен сүйреліп жатып алды. қылқынып қырылдаса да алға баспай, басын кекжитіп, сіресіп қатып қалыпты. баланың қырылдаған бөлтірікке жаны ашып қалды.
ـــ өлесің-ау, қырыспай жүре салсаң етті.
өз дауысының қаншалық қатты шыққанын байқамай қалған екен. атасы ашулана бұрылып қарағанда білді.
ـــ көкжәл деген біреуге еріп, жетекке жүргеннен өлгенді артық біледі. көкжәлдің–тәбиғәті бұл.
серік ыржиып тұр. келекелеп тұрғандай көрініп кетті. «осының таппайтыны болсашы» деген жек көріншті ой келді басына. арындап жетіп келген алыпсоқ бөлтірікке батына алмай, құйрығын қайқайтып құры арсылдайды. бөлтіріктің өткір жанары алыпсоққа қадалып, ішіп-жеп, желке жүні тікіреиіп қыбырсыз жатыр...
бала қатты жалғызсырады. бақыттардың үйіне келген ұзын бойлы арық жігітпен бірге отын алып, су тасуға барғанда, оны-бұны сұрап кеп жүретін. темекіні ортан қолдай орап алып, бұрқыратып кеп жүретін жігіттің көп сөйлемеитіні жалықтыра бастады. ішқүстә бола ма, жоқ, жалғызсырай ма? өзі де сезбеитін түс сяқты шым-шытырық қялдарға бата беретін болған. кеи-кеиде «керқүлә атты кендебәй батыр» ертегіндегі әжесі көп айтатын сапарларға құла құнанын жаратып, бес қаруын толықтап аттанғысы келгендеи болады, әйтеуір ми жетпес ғәжәйіп бір жұмбақ дүниеге шырмалатын.
бөлтірік те жалғызсырайтын сяқты. баланы көргенде бұрынғы мінезінен басқаша бір жақындасушылық танытатын бастанып, бұның берген сүйек-саяғын жеп, тағы барма дегендеи телміріп жататын болған. күн санап ержете бастаған бөлтірікті атасы ұзын шінжірмен шынжырлады да есік алдындағы жуан қара тасқа мықтап байлап тастады. бөлтіріктің күннен-күнге сомдалған бітіміне қарап қуанышын жасыра алмай, кеи кездері дүрілдеп кететін.
ـــ ешкімге бағынбайтын нағыз көкжәл.
құйрығын бұтына қысып, ұзақ-ұзақ қыңсылап, желдің бағытына қарап ішін тартып тұрып ышқынатын бөлтіріктің қылығына апасы қарадай өшесіп бітті.
ـــ бөрінің кү ігі дегеннің тауға қарап ұлығанын қойдырамын деген шал да ақымақ, текшілін қанды ауыздың...
апасына салса, атасы жоқ кездерде бөлтірікке тамақ бермеи аш қалдыруға пеиіл. бұндайда бала ұрлықша тамақ береді. деседе, бөлтіріктің алыпсоққа тұнжыр да ызбарлы жанарын қадап ішіп-жеуін тоқтатпайтынын түсінбеитін. тез есеиген бөлтіріктен алыпсоқ қашқалақтап, бұрынғы іргеде емес, қайта оңаша үй артында жататын болды. бала көңіліндегі бөлтіріктің көзіне түскісі келмеитін қорқақ алыпсоққа апасының меиірі бөлекше, тамақты апарып береді. бөлтірікке қарап ашуланғанын қойсашы.
ـــ бұратананың келмеи жатып есік алдын тартып алғанын, қаныңды ішкір!
алыпсоқ пен арық жігітке жаны ашитын. ұзын бойлы арық жігітті атасы адам құрлы көрмеиді. елеп-ескермеи теріс айналып тыжырынатыны қызық. ал серік өр кеуде шалға өте жақын. қызғаныш... баланың бар ойлайтыны серіктен кек алуда ғана.
кешкісін жатқаннан кеиін баланы қай-жәйдәғі қялдар тербететін. әлде бір беитәніс үн уілдеп тіл қатқандай болады. біреу келіп сыбырлап тұрған сяқтанып, перінің бе, жынның ба, жоқ әлде сиқырлы елестің бе, өзі де түсінбеитін ысқырық дауысы арбайды. кеи кездері сол сиқырлы ысқырық ешкім түсіне бермеитін дәуіспен ән салады. ешкім түсінбеитін осы ғәжәйіп дауысты ести бергісі келеді. шулағандай, ысқырғандай, жылағандай дауыстар да естілгендеи болады. мүлдем нәзік те сырлы әуендерге еліткен баланың есіне апасы көп айтатын ертектердегі жезтірнәқ пен мыстан кемпірдің арбаған дауысы ма, әлде алыстардан талып-талықсып жететін зарлы әуеннің иесі зындандағылардың наласы ма екен деитін ойлар оралады. әйтеуір қялы жетпес сиқыр бір дүние. онсыз да сиқыр дүниені кім түсінген... ...
баланы бүгін де сол сиқырлы әуен арбап алған. алыстан талып жеткен сиқырлы саз кеиде күңіренгендеи әлсіреп қана сыбырлайды. зарлы ысқырық үні адам тілінен басқаша, баладан бөгде ешкім білмеитін үзілердеи нәзік уілге айналып кеткенде жатқан орнында дөңгелеп кеткісі келген. сиқырдай арбаған әлсіз ысқырықты барып естігісі, кімнің айтатынын көргісі келе береді. тіпті осы уілдеген әуен кеудесінде орасан бір шабытқа айналып, сұрапыл жалынға бөлеп кеткендеи. сыбдырсыз келіп құлағына құйылған тәтті саз бар болмыс-бытымын жаулап, тезірек ержеткізіп жіберердеи қял құшағына құндақтайтын. шыдамсыздана орнынан тұрып тысқа шықты. айнала тастай қараңғы. сумаңдаған желдің қойны-қонышын аймалап, тітіркендіргенін тіптен елеп-ескермеді. барлық есі-дерті ісқіріқпен жететін уілдеген әуенге ауысқан. үйдің артындағы жал қарауытып тұр. сиқырлы әуен сол жерден шығып тұрғандай болғансоң аз-кем кідірді де сол араға барғысы келді. әдетте әпәсімен ермесе кешке дәретке шыға алмайтын бала өзінің соншама жүректі болып кеткеніне таң қалды. беткеиге таман келіп құлағын түргенде сиқырлы әуез жан жүйесін балбыратып, талықсытып кеткендеи күй кешті. әлсіреп қана сыбырлаған үн уілдеп келіп, жан жүрегі мен жүйке-жүйкесіне жүгіргендеи маужырап тұрған табиғат қана сезінетін сұлу саздың сиқырына арбалып отырған бала қялын псқырған аттың дыбысы бөлді. байқамай қалыпты. екі қара көлеңке жақын арада ғана құшақтасып отыр екен. екеуінің күбір-сыбырынан гөрі ентіге еміренскені басым. қарағысы келмеді. онсызда серік пен бақыттың ұрлығының үстінен түсіп отырғаны бұл ғана емес. екеуіне қарадай өшесіп біткен. «өліп жатыңдар, әкеңнің...» қаны қарадай басына шапшыды. жерден сипалап жүріп тас теріп алды да екі қара көлеңкеге жіберді-ай келіп, сосын азырақ тұрды да үйге қарай жүгіре жөнелді. қыздың баж еткен дауысы сондай аянышты шықты: «өлтірді... өлдім...» бұл артына бұрылып қарап та қоймады. іш құсталанып әбден болдырып біткендеи әлі құриды. үйге жақындағанда состиып тұрған арық жігітке соғылып қала жаздаған. бірдеме дегісі келді де ойынан тез қайтты. «барыбыр, бұның қолынан ештеңе келмеиді». үйге келгенде апасы ояу екен. барды да апасының жып-жылы көрпесіне сүңгіп кетті. өзінің естіп жүрген сиқырлы әуенін үзіп алғанына қатты ренжіп жатып ұйықтап кеткен
бала оянғанда күн сәске түс болыпты. киініп тысқа шыққан еді. апасы үйдің алдындағы жырадан қол бұлғады. апасының қасына келгенде өз көзіне өзі сенбеи қатты да қалды. алыпсоқ өліп жатыр. езуіне қатқан қара қан қойыртпақталып ұйып қалыпты. атасы алыпсоқты көмуге шұңқыр қазып жатыр. шұңқырға қарағысы келмеи, алыпсоқты көміп болғанша сұлықсыз отырды.
ـــ бір бөлтірікке шамасы жетпегенін... ... ـــ атасы тістеніп күбірлеп жүр. бала алыпсоқтың неден жазым болғанын түсінген. апасы да үнсіз. бұ Лар үйге таяғанда арық жігіт алдарынан шықты. аурудан тұрған адамдай жүдеп, рухсызданып қалыпты.
ـــ әссәләумәғәләйкүм, ـــ деп шалға сәлем берген еді.
ـــ әликісәләм, ـــ деп суық қараған шалға жігіт аз-кем мүдіріп барып тіл қатты.
ـــ кетеиін деп едім.
ـــ е,-деді қырыс шал ـــ оныңда жөн екен. жігіт басқа бірдеме деи алмай күмілжіп барып, баланың апасына бұрылды.
ـــ сау тұрыңыз, апа.
апасы кимешегінің үшімен көзін сүртіп, иегі кемсеңдеп босай қалыпты. ұзап бара жатқан жігіттің артынан ұзақ қарады. бала жігіттің кеткенін көргенде өзі де сезіне бермеитін ашуға мінген. «алыпсоқ та, жігіт те кетті... мәңгілікке...» өзін ұстай алмай үйге жүгірген беті келді де атасының мылтығын оқшантайы мен қосып алып шықты. ешнәрсеге қарамаған беті атасынан көргені бойынша таңдайына оқ жүгіртіп шақпағын қайырды да бөлтірікке тура барды.
ـــ өл! ـــ деді айғайлап, ـــ қаныңды шәшәм!!
бөлтірік бірдемені сезгендеи құлағын жымырып, көздерінен жалын шәшә балаға атылған. мылтық тарс еткенде шалқалап барып ұшып түсті. түнде ғана алыпсоқтың қанын ішкен бөлтірік те алыпсоқтың артынан жоғалған еді... мәңгілікке...
шекесін таңып алған бақыт үйлерінен шығып сілеиіп тұр. аттан түсіп жатқан серік өне-бойын суық тер басып тұрды да қалды. өңменінен баланың ызғарлы да суық жанары түйреп өткен. «бөлтірік» деп қалай күбірлегенін өзі де аңғармай қалды. елден ерекше қуанған шал ғана. ол немересі үшін шаттанғаннан не істерін біле алмай қалған. жымиып мұртынан күледі. «быр бөлтірікті бір бөлтірік өлтірді» деген жымсқы ой шалды желпіндіріп тастады. баланың суық жанары түйреп өткен серік тұра беруге дәті жетпеи атына мініп аттанып кетті. тіпті өзі ұстап әкелген бөлтіріктің өлексесіне қарауға батпаған. бармағын шайнап барады...
баланың құлағына мазасын алып, елтіп әкетер сиқырлы ысқырықтың ұуылы жеткендеи болды да, артынша бөлтіріктің зарлы ұлуы басып кетті.
қәтігез шал ақыры бөлтірігін ауыздандырып тынды. сүйінгенінен өзінің күбірлеп тұрғанын да аңғармай қалған. «көкжәл ــ тектілігімен, нәмісімен ұлы»
... даланың төсінде жан елітер әуендер кезіп жұрды де, артынша бөлтіріктің ұлуына қосылып зарлана сыңсыды. дала бөлтіріктері қашан да нәмісімен, тектілігімен ұлы. олар өз намыстары үшін өлуге де пеиіл.

2009-жылы31-тамыз үрімжі



қайтқан құс қанатындағы көктем

екі күн бойы нәр сызбай жатқан қарт кәрі жанарын бесіктегі немересіне аударды. бесіктің арқалығына тағылған үкі мен көкжәлдің тісі бар бір тағым затқа немересі қызыға телміріп жатыр. көп жылап ақыл-есті алмайтын маңғаздығына қарап, сабаз неме боласың-ау деген пенделік жымысқы хял құндақтай бастаған қарттың көңілі өз-өзінен қобалжып қалды. бірнеше күннен бері көрген түсі қарадай жүдетіп, көкірегіне болымсыз, әрі қәсіретті бір көлеңке ұялатқан. орнынан сылбыр қозғалып далаға беттеді. есіктен шыға алдынан денесін тітіркендіріп самал ойнап өтті. ауада дымқыл сыз бар. «күз болыпты-ау!» деген өзі де сезбес бір таңырқау сезім ойында бас көтерген қарт «қаншама күз өтті білінбеи?!» деп күбірледі де сырт айналды. рас-ау, бұл өмірге келгелі жетпіс күз өтіпті аттай желіп. көкірегі сазып, кеуде тұсы сыздап, өз-өзінен жүдеп қалған қарттың есіне неше күннен бері көрген түсі оралған. «қой қотанына пысқырып қарапта қоймайтын азуын айға білеген ата көкжәлдің соңынан сүмеңдеген бөлтіріктің иірулі тұрған қотанға көзін қадап, өлерменденген беинесі.» бірнеше күн бойына көретіні ылғи да осы бір түс. көзі ілінсе болды қалпын бұзбай қайталап, жалғасын таппай үзіліп сала беретіні қинайтын. қарт бойын жазып, ауыр ойдан серпілмекке маңайға көз жүгірткен. ауыл үсті мәмірәжәй беиғәмдіқ құшағында балқып, қоңырсыған тірліктің күйбеңінде қоңырсып күйіп жатқандай сезілді. қайта-қайта ұйрылып келіп еркелеп, денесін ттіркендіріп самал ойнап өткенде таң қалды. боз бала күніндегі ерке тотай құдашаның еркелеп, бұратыла назданғанынан бір ауса қайтсын. сол қолы жетіп түрғәнмен көлденең түскен көп қырсықтан қосылуға дәрмені жетпеген аяулы жәнмен өткен аз күнгі қызығы көз алдынан шұбырып, көңіл шіркін желіге бастаған сәтті кемпірінің сырпылдаған аяқ дыбысы бөлді. ойымды өңімнен оқып қойдыма дегендеи қымсына қараған еді. кемпірі тіптен мән бермеи, өз алдына шаруасын күйіттеп жүр. екі жастың біріне келгенде де қолы тыным таппайтын шаруақор жанның еңкеиіп қалған беинесі ойындағы он сегізінің көркем тұстарын ойрандап кетті. қырыстана қалған жарты көңілдің орнын енді аяушылық сезімдер Ы басып, бірдеме дегісі келген. жарты ғасыр отассада бір сөзді ежіктеп тұсындырып жүрмеи-ақ емеуіріндерімен сезініп жүре беретін әдетінен аспай тұрып қалды. онсызда сөз шіркіннің жүйкені жұқартып, кісіні патуасыздыққа жетелеитінін сонау бала кездегі баулысын тұсынан аңғарып өскен кем сөзді жанның құлқы тартпады. үйдің алдындағы төбешіктен ары асты да кішкене ғана жырашықты құлдады. топтаса өскен бір тұп сары ағашты далдаланып дәретке отырған. шалбарын шешіп жібергенде шытқыл ауа мен араласып «мүңк» еткен әлсіз иіс мұрнына ұрды. «апырау, бұл қалай болғаны?» деген сұрау қытықтап аңтарылды. жастық шіркін ұйқыны алар желіккен бойдақ шақтарында серік болған, еркектігінің белгісіндеи мазасын алар бұл иістің жоғалғанынада бірнеше жылдың жүзі болған. кемпірі немересі дүниеге көз ашпас бұрын қожырап бойын тартқансоң, бұлда бойын тежеп кеткен еді. енді келіп араға талай жылдар салып барып қайта өзін тапқан истың қарт ойын ала қашып, айқай жиырма бес пен он сегіз делінетін ертегі ғұмырдың айтса аңыздай кездері көкірегін сыздатып, кеңсірігін ашытқаны. қайдан келгені белгісіз бір әуендер ойын толқытып, ән салғысы келді. бәріне бір ұрынып сынап көрмесе көншімеитін шіркін жастық көңіл бұған да талай өнерге талпынатын әуесін силаған. той-томалақтарда қолына домбыра ұстап кәдімгідеи ән салатын өнері бар болатұғын. енді міне алақызып, сол күндерінің сағындырғанына іштеи «мырыс» етті. доғал саусақтарына қараған, доғал саусақтары тіпті перне қуғандай емес. өзін сендіре алмай ұзақ отырды. қайта-қайта қытықтап, назарын бөлген иістен туған құштар сезімге құндақталып отырған қарт назарын әлде қайдан қиқулап қайтқан құс үні бөлді. «апырау, құс түнде қайтар еді. бұл қәйткені, әлде, дүние шіркін өз үрдісінен жаңылдыма?» бір ойын бір ойы қуып, қарадай құлазып орнынан тұрды. беткеиге қаптаған қой әсемдік үшін әлде бір қүдіреттің қөлімен арнайы шәшіп жібергендеи жәйіліп жатыр. бұрын ескере бермеген табиғаттың тым нәзік, соданда көңіл көзімен қарай білмесең сезіне бермес көркем тұстары жанарын оттай қарып барады.
...қудым сені дүние-ай, жалықпай-ақ,
ұстатпадың судағы балықтай-ақ-ау... ـــ өзі де байқамай ыңылдап жіберген, артынша «рас-ау» деп күрсініп қойды. жас кезде әуені болмаса, ән сөзін онша зерделеи бермепті. кеудесін кере терең тыныстады. неше күн бойы көңілін билеген күпті түстің шешімін таба алмай сенделген еді. кәрі жанары мыңмаралдың сеңгірі көкшөқіғә аунағанда, өзінен өзі серпіліп сала берген. жасынан дала серісі қоңыр әңмен бірге жасасқан аңшының басқаларға айтса аңыздай сезілер құпяна бір сырларды бауырына басқан қызық пен ғайыпқа толы өткені сағындыра бастады енді. қызды ауылды торитын боз бала күндерінің беиөпә тұстарынан гөрі, өзінің аңсарын аударар сол аң қызығына жетер не бар деисің түге. көңіл шіркін желпініп сала берген. есіне адам ақылы байыбына бармастай сырлы, әрі өзінен өзге былайғы жұртқа жәйіп сала бермеген бір кездері келді.
қазанның соңында ұстап қатырған жиренге ер салған аңшы өзіне таныс быдырмақты қырқаларды кесіп, суыт тартып келеді. бұндай салбурын ұзақ жүрісте иесінің мінезіне әбден сірдесте жирен ауыздық сұзып аласұрмай, өз еркімен алшаң басып сергек келеді. ат ұстын әулие санайтын санатты жұрттың пері мінезді есті жануардың үстіне қонғансоң бір желпініп кететіні бар. бұл да аздап желпініп, қатты жүріспен бусандырған жиреннің тізгінін тартып, қой аяңы деитіндеи жәй ғана жүріске ауысты. қаңтар түспеи жатып қағынған қара суық бусанған жиреннің танауынан құшақ-құшақ бу бұрқыратады. ара ағайын салып жұрып, әлде кімдерден алдырған бес атардың қызығын көруге асығып, бөктеріншегіне қарап ризәліқпен жымиып қойды. ел орнынан қозғалмай аттанған аңшы күн найза бойы көтерілгенде барып тізгін тартты. етектеп барып быдырмақ ұсақ адырдан қара құйрық атқысы келіп сәл тұрды да атының басын кері бұрып қарғайлы текшенің тура өзіне беттеді. кеуделеп, биікке тартып кеткен тәутекенің деген май-шұрқан кезі. әтпен жүруге қиынырақ болсада жіңішке ғана бұлағы бар сәймен төте өрлесе талай уақытын үнемдеп қалатынын мөлшерлеген аңшы енді жиренді күдірге салған. сайды недәуір өрлегенде алдынан ат шыға алмайтын қақпа тас көлденеңдеді. жиреннен тұсып, жүгенін сыпырды да өзіне сірдесте жануарды бос тастап, жаяулап өрледі. денесі жеңілдеп, түсініксіз бір ширақылық билеп, аяғы-аяғына тимеи келеді. сайдың тұйығына шыққанда алды недәуір кең тепсең. күн сәскеге өрлемеи тұрып, тепсеңнен өтіп, биік күңгеиге жетпесе, тұз тағылар Ы түскі жусауларынан өріп кеткесін сан соқтыратыны мұнда. ентігіп жұрып тұйық сайдың жалына ілінген аңшы жігіт өз көзіне өзі сенбеи аңырып тұрды да қалды. төбімен үйікке түскен көкжәлдәрдің үстінен шыға келермін деген ой әтімен жоқ еді. топты үйірге қаратып қалай оқ шығарғанын өзі де сезбеген. тосын шыққан ашты дауыстан бет-бетіне бытрай қашқан топтың шоғыры еңістеп, быдырмақ адырға ұмтылғанда, көк бөрте өлекшін ерткен арлан топтан сытылып қарағайлы күңгеиге салды. мылтығын серт ұстап көтеріле берген аңшының қолы шүріппеге барып тоқтады. екінші қар басып, тұңғыш үйірге түскен арланның бөрі ойнақтан бөлініп өрге салған тектілігі мен керіскедеи бой тартып келе жатқан ірілігі аңшының қанқұмар қатал табиғатын белгісіз бір қүрметке бөлеген. сол қүрмет пен қәтігездікке барғызбаған өрлік арлан мен өлекшіннің тағдырын тұқымы өшпесін деген бітімге шешті.
кешкісін томсарып келіп аттан түскен күйеуінің тұнжыраған беинесінен бірдемеге жолыққанын шамалаған келіншек ас қамына бұрыла берген еді, күйеуі өзіне қаратты.
ـــ бүгін әлгі арланды кезіктірдім.
ـــ қайсы?! ـــ деп аңтарылған келіншегіне қарап, аз-кем мұдырып барып қайта сөйледі.
ـــ әкем жарықтық айтып отыратын әлгі абадан.
ـــ е, ـــ деп қойып өз қәрекетінің қамына кірісіп кеткен келіншегінің қылығын жақатпадыға жорып, тіркістеніп үнсіз қалды. түнімен дөңбекшіп жатып таң ата көзі ілінген жігітті ағасы келіп оятты. малсақ ағасының құзғын сәріден текке келмегенін сезді де киініп тысқа шықты. ат үстінен түспеген ағасының бар айтқаны«ақжалдан айрылдық!» деген жалғыз ауыз күйініш болды. сенер-сенбесін білмеи сәтке тұрып барып, жиренге ер салуға қораға кетті. атты ерттеп үйге кіргенде келіншегі түннен асып, тоңазып тұрған етті жылытып алдына қойған. қарбытып бірнеше асады да қалғанын қоржынға салдырып, ағасы кеткен жаққа қарап шаба жөнелді. жол бойы өз өйімен арпалысқан аңшы жігіт ағасына да тіл қатпады. ойының жетпеитіні неше жыл бойы итқұсқа жабағысының таңында тарттырып көрмеген, тіпті бөтен бастақ атты адамға ұйырын айдатпайтын әзуліліғімен аты шыққан ақжалдың қалай жазым болғаны. бұлар келгенде, таңғы әләкеуімде жазымдалған ақжалдың жемтігі әлі мұзға айналып үлгірмеген екен. өкініш өзегін өртеп, жануардың өлексесі көзіне кешегі мәрт мінезіңнің жазасы осы деп тұрғандай сезілді. бір беттің қарының ойранын шығарып алысқан таптауырыннан ұзаған екі қасқырдың ізі сайрап жатыр. із қуған аңшының ойы басқада. әлдімен адырға тұсып заулаған екі қасқырдың ізі бірнеше қырқаны асып барып, ыра төмендеп қыстаудың қарсыз қара адырына сіңіп кетіпті. аңшы өз өйімен тіке қарағайлы күңгеиге тартып, алдынан орағытпаққа қам жасай бастаған. бұндай жортуылды көп көрген айлалы жыртқыштың із тастап барып, алыстан айланар жырындылығына алдана қоймаспын деген аңшының еңбегі текке кетіпті. қарағайлы күңгеиге іліне бере екі қасқырдың қатарласа жортқан ізі сайға тұсып, әбден сүріленген қалың қардың бетінде жәйрәп жатыр. айлалы арланның сан соқтырып кеткеніне көзі жеткен жігіт атының басын ауылға бұрды. бұның таңғалғаны, енді үйірге түскен жас арланның ақжалдай асау айғырды жалғыз жәркемдеген қайраттылығы мен жортқандағы ізшіл жәнкештілікке жатылғаны еді. бұл қайтып оралғанда ағасы әлі сол жерде екен. екеуі бірге қайтқан. ағасының қарғанып-сіленгені жүйкесін жұқартып, ойын бөле бергесін дәретке отырғансып соңында қалды.сол жолы аңшы жігіт ешкім сезбеитін бір бекімге келіп қайтты. сол күннен бастап аршалының адырларында нешелеген қасқырдың терісі сыпырылып, өлекселері қарға құзғынның ойнағына айналып жатты. тек ақжалды жәркемдеп кеткен арланның дерегі ғана бұл өлкеден қайтып білінбеи кеткен. талайдан бері әбден запы болған елдің кегі тарқағандай болып арқасын кеңге сала бастаған кезінде алыстау отыратын басқа ауылдың отарынан жеткен хабар жұрт жүрегіне күпті бір үреи ұялата бастады. азынаған адуын айғырлар мен асыл текті мама биелерді талдап жұрып тартып кететін бір жұп бөрі туралы алып қашпа хабардың соңы әдемілеп отырып айтылар бұндағы елдің аңызына айналып жүре берген. қөрәсімен өрген қотанға қарапта қоймайтын өркеуде жыртқыштың тәкәпәр мінезі мен ізге сақ, бір соққан жерін талайға деиін қайталап баспайтын әккілігі жылқы түлігін іңірттеп қотан маңынан алысқа айдауға батпайтын хәлге келтірген. соның өзінде іргеге деиін басынып, жүректі деитін төбеттердің өзін тамақтап қыр асырып тастап, жылқыдан тартып кеткенін қоймаған жырындыға жасар айла таба алмаған ел әңкөссініп жүретін аза Маттарға қолқа сала бастаған. бір жолда терісін сыпырып, қолыңа ұстатам деген аңшылардың бәрі де қарсыз қара жататын аршалының адырларынан қай маңға кеткенін ажырата алмай сарсаңға түскен. бар сырын өзі ғана білер аңшының көкірегіне жасырған пенделік жымысқы қялы мен сол міскін өйімен қайшы келіп жататын сұйыну сезімдері бірімен бірі жарысып құпя бір мақсатқа тоқтап, енді ғана үйірге түскен арланның тағдырын келер жылға қалдырған беті із кеспеді.
қыс қырынан қысылып шыққан елдің мал төлдеп болғасын арқасы кеңи қалған тұста, бұл өзі ғана білетін апандарды аңдыған еді. үміті ұзылып, тағы сан соққанын білді. бөктерге келіп күшіктеиді-ау деген ойын доғарды да бір түнде құпя аттанды. аршалының адырлары мен текелінің қарағайлы қиындарына деиін түгел сұзып шіққәніменде дерексіз қайтты. әкесі марқұм көп айтатын абадан текті ата бөрінің бұл өлкеден кеиіндеп зорға кезіктірген әулетінің дәл осы кез бөлтіріктеріне баулысын көрсетер мезгілі. бір тұқымын қолына көндіріп асырап көргісі келген адами ниеті асқынған сайын ішінен тынып күйзеліп кетеді.
маусым туа жәйләуғә ел көшкен кезде барып күдерін әбден үзген еді. жәйләуғә елден бұрын мал салуға кеткен ағасының ойға жіберген хабары аңшыны ширықтырып тастады. «малды торуылдаған көкжәл мен бөрте өлекшіннің сұрқы жаман. мылтығын алып тез жетсін.» аға айтқанын бұзып көрмеген, онсызда сандалтып көз жаздырып кеткен әккі арланға тісі басулы аңшы сол күні жиренге ер салды. бұл келгенде ағасы алдынан шыққан. түнімен суыт жеткен жігітті дем алуға да үлгіртпеді. екеуі қатарласа шоқытып кешегі өзі көрген мойнаққа шыққан. құмдауыт топыраққа түскен із үшеу. жазбай таныды. айлалы арланның арлы-берлі ел шуап жататын қан жолдың бойынан елеусіз ғана апан ұстаған әккілігіне зығырданы қайнайды. бір күшігін асырасам деитін арманды ойы бар аңшы өзінің қан жолдың бойын қағыс қалтырып, тағы бір рет жеңілгенін еріксіз мойындады. әсіресе баурын көтеріп ата арланға еріп жортуыл көре бастаған жалғыз бөлтіріктің енді қолға көнбеитініне көзі жеткен сайын ғазабы қайнап, үнсіз бір күйгелектікке бой алдыра бастады. жалғыз ғана тұқым қалтырған ата арланның қатарына еріп баулысын көре бастаған бөлтіріктің құмдауытқа түскен ізі өзі көріп жүрген іздерден әлде қайда мелжемді екеніне таңғалысын жасыра алмай тұрған аңшының қялын өткен қыста жемтікке айналған ақжалды айтып ызыңдаған дүние қоңыз ағасының күйкі дауысы бөлді. күйінгенінен көкшөқінің салмау-салмау беткеилеріне қараған. мені көрдіңбе дегендеи бөлтірігін ертіп беткеиде қялап бара жатқан арлан мен өлекшінге көзі тұсты. мылтығын серт ұстап нысананы туралай берген сәтте жалт бұрылған арланның жанары тұла бойын шымырлатып, арқасынан суық тер бұрық етті де қолын түсіре берді. сол беті жиренге қарғып мінді де тасырлатып шаба жөнелді. ата арланның соңындағы жалғыз бөлтіріктің иырулы тұрған қотанға қайта-қайта жымысқы жанарын қадаған, ата арланның тәкәпәрліғінән бөлекше беинесі құсаландырып, өрлі-қырлы соқпақта жиреннің сорпасын шығарды. сол кеткеннен қайтып, әкесі марқұмның өсиетіне қайшы болсада аң аулауын бір жола доғарды да басқа бір бітімге ауысты. бауырына сан сырды басқан киелі мекеннен ең соңғы рет өзі кезіктірген абадан текті ата бөрінің жолын кеспеуге ант ішіп, тәубесін үйірген аңшы кәдуелгі шаруақор жанның күнделікті күйбің тірлігінің қамытын киіп шыға берді.
арада аттай желіп талай жыл өткен. ел қыстауға орнығып етек-жеңін жинай бастаған кез еді. жылқы іңірттеуге шыққан. енді ғана ұстап мінген семіз айғыр тосын тулап, ыра төменге ала жөнелгенде, не іс туылғанын аңғара алмай атының бәсімен алысып талайға деиін барып оңалған еді. төрт аяқтап алға баспай қойған айғырдан тұсып, бір тұп тобылғыға мықтап байлады да құрығын қысып ұстап жаяулады. қыстаулықтағы қорасының қарсы алдындағы биіктеу шоқыға деиін ентігіп зорға жетті де өз көзіне сенбеи сәтке аңырып тұрып қалған. жотаның үстіндегі ойдым тепсеңнің қарын қапқан күйі сереиіп жатқан сом денелі арланның қасында ұзақ отырды. адамдық нәпсі билеп, терісін сыпырып алғысы келіп тұрды да ойынан қайтты. сосын арланның сұқ саусақтай азу тісінің біреуін сурып алып, ұлы өлкенің бойынан қәсиет еміп ержеткен әрі осынау өлкеден екінші қайтып кезікпеитін ең соңғы абадан текті азуын айға білер арланды табиғат ананың қойнына жерлеп қайтты.
дал осыбыр өзі ғана сезінер азалы сәттен тартып, зауықсыз бір күй мен кеудесін жәншіп тұрар ауыр хал жанын мұжып үнсіз төмсәрумен өтіп келеді екен. бұданда а ыр тигені мойнына бұршақ салып тілеп алған жалғыздың жылқыны түгел жоғалтып, қой бағып, қотан маңында, көген түбінде мимырттағаны еді. жасынан серік болған қан жирені қартайып, қолы тұсып қолаулаған құнандай кібіртіктеген кезінде «қар суімен қоя бер, өз ажалынан өлсін!» дегеніне көнбеи, көген түбінде көйбеңдеген сол жалғыздың әлдекімнің құлқын қамы үшін қайран жиренді бес қойға айырбастағаны әбден құсаландырып, тізесін тұсап тұрмай жатып қалған болатын. немересі дүниеге келгенде ата арланның азу тісін бесіктің арқалығына тағып өзінше ырым жасаған. сол ырымы қалай басталса, түнімен түсінен ата бөрінің соңынан сүмеңдеген бөлтіріктің иірулі қотаннан көзін алмайтын міскін беинесі бір шықпай әбден меңзіғір күй кештіріп, жанын кеміретін.
қарт ойы осы араға келгенде өзі де аңғармай күрсініп жіберді. ақтылы-қаралы қойлардың беткеиде шәшіліп жатқанына қарағысы келмеи көзін тайдырды. дәретке тағы отырғысы келгендеи болғасын сары ағаштың далдасына қайта барды. шалбарын шешіп жібергенде әлгі бір қышқылтым иіс жүйке-жүйкесін аралап, қытықтап өткен. өзі де сезбес бір зауық билеп көбігін бұрқыратып сідік шаптырды. сосын тез жиналып үйге келді де немересінің бесігінің арқалығына тағылған ата арланның тісін шешіп алып, жүктің артына сүйеп қойған бесәтәрін оқтап мойнына асты. төрде ілулі тұрған қоңыр домбыраны бір қолына ұстап, керегенің басында тұрған сары ала қамшыны алды да үйден шығып сонау көз ұшында тұрған мыңмаралдың зау биігі көкшөқіғә тартып кеп берді. ұлының міңгірлеп тоспақ болғанына қарамаған. сол бойда көкшөқінің зау биігінің ұшар басына шықты. ой жақта көз ұшынан ирелеңдеп аңыздағы алпыс құлаш айдағардай бүктетілген қас өзенінің арнасы ағараңдайды. әлдімен домбыраға қосылып ән шалқытты.
...қудым сені дүние-ай, жалықпай-ақ,
ұстатпадың судағы балықтай-ақ-әу...ән соңы булығып барып төгіле алмай жарықшаққа айналып, жанарын жаңбырлаған жасқа буды. кенет ышқынған жан айғайы қайта атылып шығып, зау биікте тұмсығын көкке көтеріп тұрып ата бөрінің әуеніне салған қарт ұзақ ұлыды.
...о, о, о, оу... ...
қайтқан құстың сызылтып салған әніне үн қосқан ата бөрінің дауысы ең соңғы рет ұлы өлкені кезіп келді де тұрған орнында опырылып құлап тұсып, бір уыс топырақты сығымдаған күйі көкке қарап қадалып қалған қарт жәнәрімен бірге өшіп кетті.
құстар әнін салып қайтып барады, алқара көкті қаптап самсыған жұлдыз туып келеді. ұлан өлкеде тағы бір нәрсе, қарттың өзі ғана сезінер иістері кезіп жұр. қайтқан құс қанатындағы көктем жаман болады деуші еді үлкендер. кім білсін, дұрыста шығар.

2012-жыл30-қаңтар. үрімжі




тасқын

бұл өлкеде тағы бір қуаң жаз өтті. шекшек пен шегірткенің құдайы жасайды бұндайда. қырат-қырқаны лапылдаған ақ сағым құшып, күреңсе мен көдеге аяғың тиды төгіледі. қурап, құлазып тұрған бір әлем. шолақ жүз қойдың соңында жүрген бала жігіттің ерні жарылып, қабарған жүзінен қажығаны шығып тұр. шалқалап жатып аспанға тесілген. сая болар бұлытта жоқ, аспан тіпті де көкпеңбек. қураған шөпті күтірлете аунап тұсты. дәл қасынан шуаған қалың қызыл құмырсқаны көрді. бастары үлкен, денелі құмырсқалар шоғыры недәуір мол, кеиінің ауызында тістеген шөп шалаңның ұрығы бар, кеиі бос, әйтеуір қайшалыса шуап қарбалас. бала күнгі қызықтары есіне тұсып, бойын белгісіз әуестік биледі. орнынан дүзеліп отырып құмырсқаларға қадала қарап аз-кем отырды да, бірнешеуін ұстап алды. содан басқа бір илеу іздеді. қуаң жердегі құмырсқаның илеуі табыла қоймайтыны бар. енді жүйрік қара құмырысқаның илеуін табуы керек. түске айналған күннің ыстығынан үйездеген қойлар бір-біріне ұйысып, бырдай болып жусап жатыр. қәзірше өре қоймайтыны белгілі. әрі-бері іздеп қара құмырсқаның недәуір қомақты бір шоғырын тапқан. қуанышы қойнына симай кетті. бала күндерінде мектептің кең ауласынан ұстап алған қызыл құмырсқа мен қара құмырсқаны соғыстырып ойнайтын. әрекеті икемді қара құмырсқа жеңген сайын тап бір қимасы қрғын тапқандай көңілсізденіп, мектеп қақпашысының шалған қоңырауының дауысына ілесіп кләсқә кіретін. қызыл құмырсқаны неге сонша жанындай жақсы көретіндерін өздері де білмеиді. содан мұрал сабағындағы желбіреп тұрған нарт қызыл тудың алдында қызыл гәлістөктәрі желбіреген пиөнерлердің суретіне қарап, ойын ұлы армандар кезетін. сол кезде болатқа қатты ренжитін. бар бала қызыл құмырсқаның бағын асыра алмай жатқанда, болат қана қара құмырсқаның майданында жалғыз қалатын. содырлықтан алдына жан салмайтын болаттың не о лайтынын түсінбеи ит әуреге түсетін еді. болат та, қара құмырсқа да жеңімпәз. балалықтың қимайтын қызықты сәттері мен ерке жастық көңілдің еркі бойын билеп, бар зеиінімен ойға алған қызығына шындап кірісті. өз аумағында тып-тыныш тірлік көріп жатқан қара құмырсқалар жаратылысы силаған түйсіктерімен бөгделердің келгенін бір-біріне қабарлап үлгірді. ендігісі қызыл қырман соғыс қана. қызыл құмырсқалардың мынадай «ұятсыздығына» әбден кектенсе керек, қара құмырсқалар қаптап шыққан. дегенмен бәрі бірдеи тап бергені жоқ. жуан бас қызыл құмырсқаға бірден келседе шамалары қаптал екенін сезгендеи майдандасып кеткен басқа серіктеріне қарап, қаумалап тұр. есіне болат оралды. болат та жекпе-жекке салып қойып төбелескендердің қызығын көретін. кенет жыны ұстады. қара құмырсқалар қызыл құмырсқалардың талайын өлтіріп жіберген екен. енді қалған қызыл құмырсқаларды еппен ажыратып алып байырғы илеулеріне әкеліп салды. қызыл құмырсқа осы өлкедегі ең көп әулет. шала жансар саптастарын қаптап сүйреген беттерінде илеулеріне кіргізіп әкеткен әрекеттерінің байыбына бара алмай ұзақ отырды да орнынан тұрды. «рас-ау, илеудің арғы жағы тым қараңқы, ол илеу ғой. енді не отырыс» деп жәй күбірлеп орнынан тұрды да, есіне енді түскендеи, жусап жатқан қойларына қараған. баяғыда өріп кеткен қойлар әлде қашан құржаның егіндігіне жетіп үлгіріпті. қолды-аяққа тоқтамай ұшырта жөнелді. осының алдында екі рет егіндікке тұсырып алғанына бола екі тоқтысын ұстатқан. мына жолы ұстатса дойыр әкесінің қамшысының арқа басын тіліп түсетінін біледі. жан ұшыра дызғаяқтатқаны текке әрәмтер болғандық болып шықты. құржаның егін қоритындары шығып қойыпты. астыларында екі шақты көлік, өрлі-қырлы орғытып зымырап келеді. бұдан бұрын жетіп екі жігіт мотоларынан ырғып тұсып, қойға араласты. айғайлайын десе тілі ауызына тығылып, өкпесі сығылып, дыбысы шығар емес. келіскен бойлақты ұстаған екеуі аяғын байлап, мотоның артына тастап қойып бұның алдынан шықты. келе жалынып-жалбарынған бұған келекелеи қараған. жүздерінде мысқыл. енді жақсық көрмеитінін білгендеи қойлар егіндіктен дүркіреп шығып, ұзап барады.
_ ағатайлар, бір жолға рақым ете көріңдер,_деген бұның жалынышты беинесіне екеуі қарапта қоймады. _ мынауың үшінші рет, баратын жеріңе барып, зянды бергесін мына қойыңды ал. басқа сөзің болмаса кеттік, жәнеде егінге түсірсең, және біреуін үстәйміз,_деп кетуге ыңғайланған. алдыңғы екі бірдеи ұстап алған қойды шарасыз кешкен жігіттің ашуы алқымына тығылды. енді тағы біреуін әкетіп барады. мотоға қойды өңгермекке ыңғайланғанын қолындағы тәяқпен қасқа маңдайдан тартып кеп жібергенін өзі де сезбеи қалды. тосын соққыдан есінен айырылып серең ете түскен серігіне қарап есін жиып үлгірмеген тағы біреуін де қасқа маңдайдан отырғызды. әбден мазақталған сәтте бала жігіттің өзі де сезбес жан айғайы осылай бұрық етті. содан соң екеуін әбден сабады. кеуделеріне нан пысардай болып жеткен екеуі мынадай оқыс тулауды көрерміз деп ойламаған. енді естерін жиып үлгіргенде алдыларында жұтып жіберердеи төніп тұрған ызбарлы жанарды көрді. тік қарай алмай бүгежектеген беттері мотоларына міне салып қашып жоғалған. аяғы байланып, іші кеуіп тыпырлап жатқан қойды босатып жіберді де гүріс етіп отыра кетті. әкесіне деген ашуы алқымын қысады. отырақтасамыз деп ұнамаған сол қажығуыр әке қабағынан аса алмай осынау айдаладағы кенезе кептірген ыстыққа келіп қамалған. ендігі көргені шолақ жұз қойдың соңынан тыным таппай жүгіру ғана, одан қалса мазақ! егерде деп ойлады, таудан түспеген болса бұндай қапырық ыстықта қой соңынан тызақтау әтімен жоқ еді. тек даланың қасқыры ғана тиысып кетпесе болғаны. тиысып кетседе оқасы жоқ, тіпті дүркіреп өседі. ал мынадай адамның қасқырының тапа-тал түстегі басынуы намысын түбімен қопарып, екінші қайтпайтындай бір беткеи долылыққа бастап әкелді. ал болаттың жағдайы басқа. тіпті қыстақтың бар кәдірі ақыл айтсада түспеген. әкесінен ерте айырылған болаттың шешесі де шарасыз ұлының айтқанына қосылған болатын. сол болат кесікті күні етекке дүркіреген қалың елдің жұртында бәрін ұзатып салып, қасқайып қарап қала берген еді. жасынан бірге өскен бұған жалғыз ауыз сөз айтқан. «асан қайғы таппаған жер ұйықты ойдан іздеп сен табарсың!» алғашында құрбысының әзілі ретінде қәбілдәғәнімен жүзіне қарағанда тіксініп қалды. екі көзі әлде неге бекінген адамдай шарасынан шыға шекшиіп, өңі қуқылданып кетіпті. демін ішіне жұтып үндемеді. тек тікендеи жалғыз жігіттің жұртта қалғандай жалғыз өзі құлазы ан тау ішінде қалып бара жатқанына аяушылық былдырып терең күрсінген еді. енді ойласа сол иен-тегін тау іші беиіштеи сезіліп барады. ех, еркін дүниеге не жетсін. ойы осы араға жеткенде орнынан тұрып, өріп кеткен қойының соңынан беттеді. бойы жеңілдеп, еңсесін басып тұратын әлде неден айыққандай қол-аяғының еркінсіп қалғанын сезді. екеуі қайта келер деп ойлаған, ол ойы бекерге шықты. күн кешкіргенше ешкімнің төбесі көрінбеген. өзінің өмірінде істеген тұңғыш ерлігіне дән риза.
кештетіп қойды ауылдың желкесіндегі шағын дөңге иіріп қойып ауылға қарап тағы қял соңынан құлады. қатар-қатар салған қызыл шатыршалы үйлер біркелкі тұсыпты. адамдар ауыл арасында қайшалыса шуап жұр. есіне қызыл құмырсқаның илеуі оралды. көзіне қып-қызыл қәңілтірләрмен қаптаған шошақ төбелі үйлерде жасап жатқандардың бәрі әлсіз, дәрменсіз беишәрәдәй көрінген. екі тоқтысын егіндікте тарттырғаннан бермен осылайша қобалжитын бір беимәзәліқ мазалайды. жұқарған жүйкесі одан ары ойлауға жібере қоймады. қойларын айдап ауылға беттегенде әлде бір буалдыр ойдың ұшығы сабақталғандай болған еді, көшеде иын-тіресіп өрістен қайтқан кешкі отардың арасында мүлдемге өшіп кетті.
ертесі қой өргізіп шыққансоң бойын белгісіз бір қорқыныш биледі. көңілі жарымдап, өзінен өзі қойларға шамырқана қарады. кешегі келген ой ұшығын қайта сабақтамақ болған. бірәқ зым-зя жоғалыпты. қалай ойлансада есіне түсіре алмады. енді тар жерде тімтініп егінге дәнігіп алған қотанды жеделдетіп айдап, болмағанда өрісін қандыру керек еді. кешегі өзі құмырсқа соғыстырған беткеиге келгенде бойын белгісіз әуестік тағы биледі. қызыл құмырсқалар түк болмағандай күнделікті тіршіліктерімен қайшалыса шуап әуре. тек әрбір жерде шәшіліп қалған қара құмырсқалардың өлігі ғана назарын аударып әкетті. кеше өзі қызыл құмырсқаларды апарған қара құмырсқалардың орнына барған. көпкерім аумақтың бәрі қара құмырсқалардың өлігі. ұйырлы топтың қырып тастағанын білгенде бармағын тістеді. қаншама шапшаң бөлғәнімен илеу ұстамайтын қара құмырсқа азшылық. бір өкініш кеудесіне кептеліп, басын шеңбектеген күйі отыра кетті. аз болсада тірлік үшін тырбанып, тып-тыныш жатқан беишәрәләрді өлімге өзі ұстап беріпті. тірі қалған бірлі-жарым қара құмырсқалардың қылығы тіптен қызық. бастарына қызыл құмырсқалардың қып-қызыл керіштен салған илеуінің топырағын жағып алып, қызыл құмырсқалардың арасында жұр. өмірдің осыншама өтірік екеніне көзі жеткен сәтте күйіп кете жаздады. бұл да әкесінің тілегі мен қалың елдің таудан етекке құлаған кезінде еріп келген жоқпа? ал болатшы? ел көшіп бара жатқанда жалғыз үй қалсада қасқайып қала берген еді. міне еркіндік, міне ерлік. қойлар түске айналған күннен жусай бастаған. «тым болмаса сая болар ағаш жоқ» деп күбір етті. тас төбеге жеткен күн бұлытсыз көгілдір аспаннан шақырайып тұр. қырат-қырқаларды сағым құшып, бар аймақты өртеп жіберердеи лапылдайды. қара құмырсқалардың жермен-жексен болған хәліне қабырғасы қайысып, өзін-өзі кінәләп жатқан. жақын арадан дұр еткен көліктің дауысы селт еткізді. сай тағанындағы үлкен жырадан бірнеше мотаға мінгескендер өзіне қарай тура тартып келеді. миы зырық етіп, тұла бойын қорқыныш кернеп кетті. ілезде кімдер екенін барлап үлгірген. тұра қашайын деп барып өзін тежеп қалды. бұйтып күніне жапақтағанша не болсада тәуекел деитін көзсіз ашуға мінген. келе мотоларынан түскен топ екі сөзге келтірмеи қаптап жөнелді. жалғыз жігітті әбден кергілегеннен кеиін құмарлары қанғандай болып, көзіне әбден шұқып, белге соққан жыландай иырылып қалған бұған қарапта қоймай жолдарына түскен. бір аяғы ұйып қалыпты. қозғауға келер емес. кеуде тұсының қатты ауырып бара жатқанынғана сезіп сұлық қалды. есін жиғанда басы-көзі ақ дәкімен таңылып, ауыруханада жатқанын ғана білді. шекесін шеңбектеген әкесі төсектің аяқ жағында отыр. басын көтереиін деген еді көтере алмады. әкесі қасына таяп келіп, құлағын ауызына төседі. «қайта көшіп кетеиікші!» деген сөзді ұзып-жұлып айтқан бойында қайтадан төсекке құлап тұсып сұлық қалды.
арада үш ай өткенде сынған аяғын сүйретіп орнынан тұра алатындай хәлге жеткенде емхәнәдән шығып үйіне оралды. әкесі барлық жүктерін буып-тұйып тастұйын отыр екен. жаңа ғана жазылған мертігін елемеи даярлаған атқа мініп алды. бәрінен қуанғаны тауға қайта көшетіні. ауылдан ұзап шыққанда артына бұрылып, өңшең қызыл шатыршалы үйлерге қимәстіқпен соңғы рет қарады. кенет көз алдына қызыл құмырсқалардың илеуі түскен. түнде көрген тұсы есіне оралды. кең көсіл Ген жазықта жалғыз жұр екен. кенет қаптаған қалың қызыл құмырсқа келе жатыр. қашуға қәмдәнғәнімен үлгірмеді, қаптан қалың қызыл құмырсқа қып-қызыл тасқынға айналып келіп көміп кеткені. жанұшыра айғайлап орнынан ұшып тұрғанда барып тұсы екенін білген. таң атып қалған екен. төсегінің басында қайдан келгені белгісіз бір қіезіл құмырсқа өрмелеп барады. ұстап алды да басын жұлып, есіктің көзіне лақтырып жіберді.
ойын жинақтап, бойын түзеген ол сау әяғімен атын тебініп жіберіп, көштің соңынан шаба жөнелді. тау ішінің де болатқа қана тән еркіндік әлемі болмай қалғанын білмеитін еді. көз алдындағы қырат-қырқалардың күнге күйген беткеилері құлазып жатыр. шегірткелердің құдайы жасайды бұндайда. соңынан қызыл тасқын қуып келе жатқандай атының басын ірікпеи қамшыланып келеді. ерінінде жалғыз ауыз күбір ғана қалған.« болатқа жеткізбесем болмайды, қызыл тасқын қаптап келеді!»

2013-жыл8-шілде үрімжі


үреи

батар күннің алауы бар алапты алқызыл нұрға бөлеп, өзгеше бір жарасым нұрын сепкен. талдардың жапырағы арасынан сығалай төгілген нұр жерде ат көпір жатқан сары ала жапырақтарға түскенде соншама көркем, деседе біз байқай бермеитін көрінісімен арбайды. семяліқтәрғә арналған қабат үйлердің шағын шоғыры тып-тыныш мүлгіген енжәр күйде. топтастыра егілген сүңгі талдың арасындағы тас орындықта отырғанмын. әлде не қялға көміліп отырғанымда, арт жағымнан таяп келе жатқан аяқ дыбыры өзіне бұрды. көрші ғимаратта тұратын көршіміз. әдетте адам баласына жоламай өз алдына күбірлеп жүретін қылығына қарап есінде мүкіс болар деп топшылайтынмын. қәпелімде аузыма сөз түспеи тұтығып барып сәлем бергем. ол да ыңғайсызданып, аз-кем мұдырып барып сәлемімді алды да,
ـــ темекің барма?- деп сұрады.
ـــ мінекиіңіз...
темекіні алып аз тұрып тамыздық сұраған сыңай байқатқан. қалтамнан сіріңке алып бердім. таңданысын жасыра алмай бетіме қарап қалыпты. қуыстана бастадым. шақпақтан гөрі сіріңкемен темекі тамызғанды жақсы көретінмін. әр тал сіріңке жанған сайын өзімде сезе бермеитін бір қуаныштар мен ыңғайсыздықтар қосанжарласып, белгісіз үндестіктерге жүкті жұмбақтарға жетелеитін еді.
ـــ е, ـــ деп ыңыранды ـــ сіріңкені әлі де істететін адам бар екен-ау, ал мені бәрі ұмытып кеткен.
не айтарымды біле алмай сілеиіп тұрмын. өңі көгергіштеп, танауы қусырылып кетіпті. орнымнан тұрып жылыстап кетудің қамын қарастыра бастағам. деседе, ерсі көрініп қалсам шамына тиермін деген ой себепсіз тұрып кетуге жібере қоймады. асықпай темекісін тамызып алды да сіріңкемді өзіме қайтарды.
ـــ оттығы тозыпты.
ـــ иә ... ـــ дедім. неге олай дегенімді білмеимін. сөзін аяқсыз қалтырды. көзінен сенде бір «мақұл» деп құтылатын дәуірдің әуруімен жұғымдалған қудың бірісің-ау дегенді оқыдым. бірәқ өкінгем жоқ. ондай істерге етіміз өліп, әуелі жылпостықты мақтан көретін бір психөлөгяләрмен уланған жүйкем ұялудың орнына, менде бос келмеиім деген мақтаншақ сезімдерге жетелеген. темекіні құшырлана сорып тесіреиіп отыр. қажып біткен сәттеріңде, сарғайтып жұрып жететін сенбілік демәлістің өзіңе зорға тиетін оңаша шақтарында сап ете түскенін ұнатып тұрғаным жоқ.
ـــ мені бәрі мазақ қылған.
бетіне үрке қарадым. бағанағы мұздай суық көгергіштеген жүзіне аздап қан жүгіріпті. тіпті елеусіз, жәй бір әңгіме айтқалы отырғандай өзімен өзі. «кімдер?» дегім келседе қырыстау жан болып айтарын іркіп, тіркістене қалар деген өймен тіс жармадым. аңсарым ауғанын білгендеи-ақ сөзін тағы жалғаған.
ـــ олар көп қой, көп...
темекісін құшырлана соруға кірісті. жаным шығып барады. барлығын дәуірге артып қойып, өзіміздің ішкі ниеттеріміз тудырған қарбаластықтарымызды жасырып қалуға, жұбануға әуес, сабырдан жүген ұстай бастаған әдеттеріміз бұндай асықпайтын тәкәппәр табиғаттардың жәйләп айтар әңгімелеріне төзуден қала бастаған еді. сосында құлықсыздық әуруімен өзімізде сезбеи аура бастаған біздердің нені жоғалта бастағанымды сезсемде, уақыт жәйлі уаж айтып қойып, қарбалас деи салатын тағы бір жүдеу бас кеиіпке кеткен мен оның не айтып отырғанын түсіне алмай ит әуреге түсетін едім. әлде бір мүсіркеу сезімдер бас көтерді. өзімізден гөрі өзгелер жәйлі көбірек сұрау қоюға әуес әдеттеріміз жеңіп, оған мүсіркеи қарадым. «оларды» білгім келіп қалған. ол тағы кетті.
ـــ содан түрмеден бірәқ шықтым. түкте өкінбедім. тек соттың алдына барғанда ғана... ... айғайды салдым, ешкім үндемеиді. сүйтсем дыбысым шықпай қалған екенғөй, бірәқ тез ширап еңсемді көтеріп ал ым. артымда қалған шешем мен жалғыз қызымды аяғанмын. шешем бүкшиіп шөгіп қалыпты, қызым сәби болсада бірдеңені сезгендеи жапақ қағады. әйелімнің екі көзі ішіп-жеп өңменімнен өтіп түйреп тұр, қарағым келмеи көзімді тайдырғанмын. ішімде талай арманды ойлар мен әттегенәйләр кетіп барады. сот мені мүдетсіз қамақ жазасына кесті. әсілі атылып кетермін деп ойлаған едім, қалайша атылмай қалғаныма жып таға алмай қайранмын. ـــ көздері боталап, дымдана қалыпты. енді аз болса төгіліп кетуге шақ тұрған аяныштан туған көз жасын кері сыриын дегендеи терең тыныстаған. әдетте жан баласына жоламай, өзімен өзі күбірлеп жүретін бұйығы жанның өзі өмірі танып білмеитін біреуге қалайдан-қалай төгіліп отырғанына қайранмын. жұмбақ дүниенің тағы бір қыры мен сыры көз алдымда қырық құбылып, ертегі өмірдің елестеріндеи кеиде айқын, кеиде буалдыр түстерге бөлеген.
ـــ менің мынау аппақ шәштәрім ит қөрліқпен өткен күндерімнің туындысы емес, қайта жан азабымның рухымды мұжып құсаландырған кездеріндегі тірі жүруіме себеп болған жалғыз құлыным мен беишөрә шешеме деген сағыныштарымның бодауына берлген төлем.
шешемнің есіме түскені. соншама жыл тас қараңқы көр қапаста жатқан жанның өлмеуіне себеп болған ана махаббатын естігенде, араға жыл салып зорға амандасып қайтатын анамның алдында қаншама кінәлі екенімді сезініп көзімнің алды тұмандана бастады. әй біз... ... ол кісі маңғаз бір сабырлылық тауып алыпты. сөзді бұзғым келген.
ـــ сонда не қылмыс өткіздіңіз? ـــ деп күңк еттім.
ـــ түкте қылмыс өткізбедім. бар болғаны оны өлтірдім. барына пайғамбар разы деитін қашаннан сіңгені беимәлім бір қанағатқа байланып тыныш тірлік кешіріп жүрген едік. ол келген. жалғыз көрпесін арқалап жүрген беишөрә баланың шәші бір қап болып өсіп, әркімге сығыр көздерімен жапақ қаққан күйіне қарап шешеидің пеиілі түсе қалсын. таңғы оразамызды ашып отырған ас үстінде әкеиге «мына беишөрә баланың қараушысы жоқ көрінеді. шыр айналған дүние кімге опа берер деисің. қарап қойсақ қәйтер еді, тәңіргеде сауапты іс!» деп қашанғы әдетімен бүлк еткізіп, басқа бір әңгімеге жанап қосып жіберіп еді. әкеи бежіреиіп бір қарады да ыдысының бетін басып тысқа жөнелді. бұл әкеидің қосылмағанын білдіретін белгісі. қанша қәтігез көрінгенімен әкеидің сырын бес қолындай білетін шешеи басқа бір қырына салған. мұсапырсып тұрған беишөрәні үйге шақырып алды. бір құр киіндіріп, шәштәрін жасатқызды. әкеи бір тулап барып сабасына түскен. «қап! ұйырлы шүйе борыны қораның түбіне қондырғанымыз-ай! айтқаныма көнбедің, ақырын алла оңғарсын!» деген де қойған. оның әрекетінің тездігіне қайран қаласың. әкеи томсарып тұрсада атын ерттеп, алдына тұсып елпілдеп тұрады. бұрындары сөйлемеитін тілі де жетіле бастаған. шешеме деген қүрметі тіпті бөлек. жұмысына табылмайтын қолғанат. тіпті еркелеп қоятыны бар. бұндайда шешеи өз ісінің дұрыс болғанына масаттанғандай әкеидің алдында көтермелепте алатын. әкеи кекесінмен күліп, «ағаштың бүтәғімен емес, қәмшімен ат қамшылауды үйрете білгенсөң маған айт!» деп жүре сөйлеитін еді. шешеи қанша айтсада алты таспа бұзау тыстан ағаштың бұтағын артық көрген беишөрә әдетін қоя алмады. қолыма балта тиды болды келіп жармасады, тау мая отын үйіледі. ағашқа келгенде әуесі тіпті бөлекше. «иттың ағаш пен қамыстан үй салып отыра беретін тексіздігіне тартып тұрғанын!» деп әкеи сызданады. қой бағуға келгенде тіпті олақ шықпасы барма? дегенмен өріске үйренген мекенді мал қарауға онша қиындық әкелмеитін. бар шаруаны өзі тындырып жүрген одан маған жұмыс аспайтын болғансоң, оның әқілімен қол трәктөр алғанмын. ендігі бар ермегім сол. тілін білетін ұстасы қасымда, көнелеу болсада керекке жарап тұр. кешкісін шағын таулы өлкенің адамдары кезекпен құдалық айттырғандай оны қалап келеді де тұрады. бұзылған есік-терезе, меш, самаурын деисізбе бәрін жөндеи біледі. бұзылған радиоларын қайта сөйлетіп бергеніне бола бірер қозы-лақ бере салатын әқкөңіл ауылдастардың бергенін жетелеп жеткеніне әкеи онша пеиілді емес. енін бөлек салдырып қоя бергізеді. менен бір жасқа таяу кіші. соданда іні есебінде болып алған.
быздың таулы қыстақтың әлі күнге берекесінің қаймағын бұзбаған момын халқы үшін адамдық қадыр-қәсиет бәрінен құнды. сосында оны бірте-бірте өздеріне тартып, бауырларына басып, өзі санап жүре берген. келесі жылы мен үйлендім. көпіртіп дабырайған көлемді болмасада ағайын-туыс разылығын беретіндеи тойымыз өтті. күн астындағы күнікеидеи керім болмасада, бір көрген көзді тоқтатард Ай қара торы келіншегім бар. бала күннен бір ауылда өскен қыздың бар болмыс-бытымы өзіме аян. талай жыл өліп-өшіп ғашық болған сол қызды қолыма қондырғаннан тартып бақытты күндерім басталған. мәлім бір мағыналардан алғанда бір бақытқа қол жеткізуің, бір асылыңды елеусізғәнә жоғалтуың болар. менің де басыма келген бақытсыздық осы күннен басталды. үйленуіме қарай оның бұрынғы мінездері өзгере бастады. тікендеи жалғыз жүргенін ойлап жабырқаған болар деп ойлағанмын. жәйләуғә шыққасын бұрынғысынан бөлекше бір әдеттер шығара бастады. қой жаюға кетіп, кеибір күндері келмеи қалатын. үйренген мал өрісінен өзі қайтады. кеиде алдынан мен шығам, кеиде әкеи кетеді торыға міне салып. жасынан малсақ адам уақыттың өзін аудырмай шамалайды. әкеидің қыбыры көбеигесін-ақ мал еске түседі. кеиде екі-үш күнді өткізіп барып оралатын. әкеидің өзі жаратпайтын адамға қайтып сөйлемеитін әдеті. меніңде бірдеме дегенге көңілім дауаламайды. оның үстіне тұнжырап кеп отырған беинесіне қарап жаным ашиды.
бүгін күндегімнен ерте тұрып далаға шыққанмын. әкеи менен бұрын тұрып алыпты. ұйқыдан көзін ашқан ауылдың үстіне тұнған бір қабат бозғыл тұман әрбір ұйдың алдынан көтерілген көк түтінмен бірге сеиіліп барады. ауада шыңылтыр сыз бар. қойды санап өріске беттетіп тастап, отын әкелуге өгіз ерттеп жатқанмын. қолында көтерген нәрсесі бар ол келе жатыр. жақындап келгенде байқадым, бұғының жаңа туған жас бұзауы. сүйкімді қоңыр көздері жаутаңдап қыбырсыз. әбден қорқып кеткен беишөрәнің қыбырлауға шамасы келмеи қалғандай. ат ерттеп жатқан әкеи бізге қарай жұрды. қолында дойыр қамшы. «даланың беюәз тағысында нең бар еді, қоя бер қайта апарып!» әкеидің сөзін кәперіне алар емес. «енесі өлді, жетім қалғасын үйге әкеліп тұрмын, енесін атқандарға тастауға қимай».- деп жәйбірәқәт сөйлеп тұр. әкеидің дойыр қамшысы төнген сайын арқам шымырлап сала берген. ал ол қарсы қарап, жіпсік көздері зар шәшіп қайтатын көрінбеиді. «төлдеп жатқан беюәздәрді хан сасытқан екенсіңдер-әу,тәсжүректер!»-деп кіжінген беті әкеи осып өтті. қолындағы бұзауды жерге қоймаған беті қарысып тұрған оның екі көзі әкеиді ішіп-жеп, көгергіштеп қалыпты. дойыр қамшының екпінімен жығылудың аз алдында тұрсада қыңық етіп дыбыс шығармағанына қарап қайран қаламын. үйден шыққан шешем жүгірген бойда келіп әкеидің қолына жармасты. «шеше, сау болыңыз!»-деген жалғыз ауыз сөз айтып қолындағы бұзауды шешеидің алдына тастап, бұрылып жұрды де кетті. артынан жүгірмек едім, әкеи зекіп тоқтатты. «барсын, тұбы шикі бетбәқті тоспа жолынан. бұл өлкенің қадыры мен қәсиетін біле бермеитіндер бұл мекенге тәуелді емес! заңға мәлімдеп жазасын бергізер едім, қол баққан иттың тікендеи жалғыздығына жаным ашығаны, құдайдан тартар!» деген әкеи шындап күйініп тұр. ол содан қайтып оралмады.
сері көңіл сетер елдің қыс қырынан қысылып шыққаннан кеиінгі, мал төлдететін беиөпә тірлігі ығыр қылған сәтте, тәңірінің өзі атап бергендеи жәйләудің беиіш шағы басталатынды. содан бір сәтке арқа-басын кеңге салып қызыққа батар жәйләудің думаны аяқтап ел күзекке түсетін мезгіл жеткен. күзеуге тұсып елге-ел қосылып мәмірәжәй бір күндер бастала сала елдің есін алып, тірлік тынысы болған малдарынан шығым көбеие бастады. әлде қайдан келіп араласқан отап кетер оба сынды ауру тудырған пәле емес, қайта қорадан аңдып жұрып үйірімен айдап әкетер пәле шыққан. үйірімен жортқан көкжәлдің бірлі жарымдап жегенін «жеті күн жерден, жеті күн елден жеитін киелі!» деп кешіріммен қарайтын, тіпті «итқұс» деп атының өзін тура атамай тергеитін ел мынау адам қөлімен жасалып жатқан қянатқа шара таппай дағдарған. қайда барсаң алаңдаған жұрттың абыржулы беинесі еңсеңді езеді. аңдуылдап жұрып қорадан айдап әкетер сірдестеге айналған кәнігі топтың сыры ашылмай кетті. елде қалғаны тірлік тынысы болған малынан айырылғандағы нала мен әқіретшіл қарғыс қана болды. тұн ұйқысын төрт бөлген бұл жағдай ел қыстауға бара дым басылған. елден бөлекше тұнжырап кеп кеиіп отыратын біздің әкеи ғана. мен болсам өзіміздің бес садырамыздың амандығына қуанып жұрмын. ол кеткен күннен бастап түнеріп қалған қажығуыр әке қабағына қарап не ойлап жүргеніне жып таға алмай әуреге түсетін едім. қораның қиын ойып жатқанмын. әкеи қасыма келді.
ـــ күздеигі мал жоғалған жағдайдан не білдің? ـــ деп сұраулы көзбен бетіме қараған.
ـــ... ...
үндеи алмай жерге қарадым. әкеи сәл аялдап тұрды да үмітсіздене басын шайқап қойып шығып кетті.
келесі көктем келгенде барып оның шын кеспірін білдік. ауыл ор алығынан әлде кімнің жерін сатып алып, келіскен қора-жәй салғызыпты. қызығы баянсыздау, бірәқ жапасының өзі қызыққа бергісіз өлкенің төсінен тағы бір міскін мүмкіндіктер бой көтерді. сан ғасыр бойы дүрілдеп, дала төсінде еркін самғаған бөрі байрақты ел болсақта, кеиіндеп ессіздікке бой алдырған есерлік дерті жәйләй бастаған екен-ау сол сәттерде. оны да ешкім үйретпеи-ақ өзіміз қызық көріп жұрып көміліп кеткенімізді біле бермеппіз. сол құрғыр есерлік дерті жәйләғән бүгінгі қандастарымыз аңсарын соның аядай ауласына аударған. ән салып таңға барқырасаңда ашық тұратын айырымханалары бүгінгі момын өлкенің хәлқімен лық толған. тіпті кеибір шал-шауқандарда шалқып алатын еді. сол үйіне қайдан келгені белгісіз бір топ жабағы шәштәр ұйыр болыпты десіп ел дүркіреп әңгімеге шығарған. басқасынан бұрын монтиған келіншегіме де желік біте бастады. аптасына бір рет ауыл орталығында өтетін базарды сонша алыс болсада құры жібермеиді. әкеи оңашалап «балам сенде базарға барып, келінмен бірге керек-жарақ алып кел!» деген. бұл жолы әкеидікі бұйрық емес, қайта ұмтылсаңшы деп әлде нені ишаралап тұрғандай емексіту болатын. келіншегіммен бірге базар ашылатын күні ауыл орталығына тарттым. келіншегім сұлықсыз келеді, тырыс етіп тіл қатпадым. түске деиін базардан керек-жарақ алып, түске таяу ол ашқан дәмхәнәғә барайық дегенімде барып қабағы ашылған келіншегім еліп ете тұсты. біз барғанда алдымыздан шығып жалбырады да қалды, күтушілері шай құйып жігі-жапар. айырымханалардан барылдап ән әуені шығады. тұс болмай тұрып қызып үлгіріпті біздің ауыл. бізді түкпірдегі әшекеиі келіскен айырымханасына бастады. неше түрлі қуырмаштар мен арақ шіркінде жетті. араққа ондай зауықсызбын, ішпеимін дегеніме қояр емес. аға-іні болып өткенін айтып қиылып отырғанына келіншегім қосылып, ақыры рөмкені қолыма ұстатқан. бір–екі румке өтіп кеткесін тәбетімнің ашылып-ақ кеткені. аралықта далаға шықтым. өңшең жастар қызып алып өктем сөйлеп өрекпіп отыр. біреуі қолын ишаралап шақырғасын жетіп барғанмын.
ـــ мынаған қалайсың? ـــ деп румке толы шарапты алдыма көлденеңдетті. өнімен тәжікелесуге жүйкем жоқ, дегені бойынша көтере салдым. әңгіменің үлкені енді шықты. кеңірдектен әлде қашан өтіп кеткен бір румкенің соңында бодауы бар екенін білмеген момын басым оның берген арағын тегін ағып жататын қас өзенінің суы сяқты ойлағандаймын. біреуі тістеп, біреуі тартып желкелеп, таусылған арағының орнын толықтатпаққа айналды. не деседе көне беруден басқа шара жоқ. айтқандарының бәрін мақұлдап мен отырмын. бұндай хәлімнен айырымханадан шыға келген оның әйелі құтқарғаны. әлемді апырып-жапырып, мен байқұсты желкелеп отырғандардың бәрі иесін көрген итше бұралып, еркелеи қалған. оларды орнынан тік тұрғызған айналайын келінімнің қандай қүдіреті бар екенін біле алмай аңырып отырмын. әйелде болса бәрін мысықтай қылған келінжәнғә неге рәхімет айтпасқа. әлгілердің бәрі қайтадан қауқылдасып, жаңа көргендеи жапырлап қайта амандасқаны. иығым көтеріліп көбеңси қалғам. ол келіп дуылдап отырған қандастарымның арасынан далаға ертіп шықты. басында байқамаған екенмін, артқы аулалары қатар-қатар қалың үй, шін мұнтаздай жасаған. біреуінің есігінде бірден қыз. осыншама лықсып байлық жинап жібергеніне таң қаласың. ұлан өлкеде ұрпақтар бойы ғұмыр кешірген біздің халықтың алдында зорға дегенде бірнеше жүз қой ғана. бірәз айналып қайтадан айырымханаға кіргенбіз. неше түрлі қораптарға салынып, көзді арбап тұратын арақтың алдыға өзі келген кезінде, әрі аға-бауыр болып өткен өнімен бірге отырғанда неге тартынарға. әйелім тіпті еркін сөйлеп, аз уақыт болсада інісіндеи болып кеткен оны жақын тартып отыр. менде өзімше қүрметінің жауабы ретінде еркін сілтеп отырмын. .....
есіктің қатты қағылған дауысынан шошып ояндым, үстімде ылпа жоқ. бұл араға қашан келіп дем алғанымды да білмеимін. жыланша оралған бөтен бір білек мойынымды қысып босатар емес. тіпті құшағыма тығылып бүрісе түседі. білегін серпіп тастап ұшып тұра келдім. көрпе ашылғанда тырдай жалаңаш тәні жарық етіп көзге түскен. киімдерімді оңды-солды кидім де есікке ұмтылдым. тыста ол тұр. қара жер қақ жарылса бұзылған иманым үшін кіріп кетерме едім сол сәтте, кім біледі? оған түкте әсер бермегендеи,
ـــ аға,-деиді ـــ жәйлі ұйықтаған шығарсыз?
ауызыма сөз түсер емес. бұрын бұндай адами түйсігіме жүк артып көрмеген сорлы басым ұяттың өртіне жанып кетердеи.
ـــ жеңгең қайда? ـــ деп міңгір еттім.
ـــ жеңгем ағасының үйіне кеткен, қа ыр келіп қалар деп сізді оятып тұрмын.
келіншегім келгенде ұятты болып жерге қараймын. таңғы ас батар емес. кеуде тұсыма бір нәрсе кептеліп, басымның сөлқілдәғәнімен қосылып мазамды алып тұр. келіншегімнің өңіне күлкі ұйырылып, жәйнәп алыпты.
арада айға таяу уақыт өткен. сол жолғы келістіріп жұтып, адамдық болмысым алдында әбден өлімші болғаннан бері үйдегілерге тұзу сөйлеугеде жүзім шыдамастай болған. әкеи бетіме қарап ұзақ отырып барып, тіс жармаған беті тұрып кеткен. бір күні қой өргізіп келсем шешеи шықты алдымнан, көзінде жас, дауысында діріл бар.
ـــ балам, ерік құрдасыңды біреулер жазымдап кетіпті. байқұс баланың тұн жастанып жүрген көлденең көк аттының қолында кеткені тым аянышты болды. барып бет көріп кел! ـــ деп кемсеңдеп жылап кетті. әрі құрдас, әрі дос өтетін еріктің қазасын естігенде, төбемнен бір шелек суық су құйып жібергендеи сілеиіп тұрдымда қалдым. былтыр ерік пен екеуі төбелескенде, астында жатқан оған болыстық жасап, ерікпен ренжіскен едім. сонда ерік؛
ـــ тұбы шикі шіріктің көзі жаман, айттым да қойдым, әйтеу өзің сақ бол! ـــ деп кете берген. қайран досым ердің ері еді. қабырын қазысып, жерлесіп қайттым. көз алдымнан екеуінің төбелесі кетер емес, әлде қандай бір ойлар мазалайды. бір сәтте әкеи оңаша шақырып,
ـــ балам, жау жоқ деме, жар астында, өзіңе абай боларсың! ерік құрдасыңның соңына қарайласа жұр, шиеттеи екі баласы қалды. жетім жыласа жер жылайды. қолыңнан келсе мұңлықтарды қорғаштарсың. ـــ деген. сол сәтте ғана әкеидің тым жүдеп, шәшінің ағы көбеиіп, алып тұлғасының шөгіп кеткенін аңғардым. қайран арқадағы алатауым.
ـــ болады, ـــ деуден басқа сөз айту мен үшін басы артық дүние. жомарт жүректі қазақтың ұлыттық тәрбиесі үнсіз ғана ұғынуды сіңіретін еді ұрпақ санасына. қой соңына шығып алғасын қай-жәйдәғі ойларды қуып жүретінің бар. сондай сәттің бірінде, өзім інім есебінде көріп жүретін көршінің баласының «аға, жеңгеме ақыл айтарсыз...» деп бас-аяғы жоқ мандырап, қызулау кезінде айтқан сөздері есіме оралғаны. қалай ойласамда миым жетер емес. жақында қызым дүниеге келген. барлық меиірімді тасытқан бүлдіршіндеи қызымның шешесін жамандыққа қалай қяиын?! мас адамның айтқаны дегем де қойғам.
уақыт өз әнінен жаңылмай өтіп жатыр. көктем мен жазда өте шықты. ел күзекке келіп орналасқан кез. ауыл үйдің арасын сыпсың қағып тағы бір өсек кезіп жұр.
ـــ ойбай-ау, әлгі еріктің беті жасырылмай жатып келіншегі екіқәбәт болып қалыпты. ـــ деп үйге қыдырып келген әлде бір қатын шешеиге сыбырлап отырғанын құлағым шалған. шешеи естіп қалдыма дегендеи қарағансоң ауыз аңдымай тысқа жөнелгем. енді-енді бірдемеге көзім жеткендеи. көршінің ұлының мас болған кездегі мандырағандары есіме тұсып, әбден есерсөқтіққә бой алдырған ессіз қатындардың етегіне ие болмас бір бөгде дүниеге кетіп бара жатқанын сезіне бастадым. беимезгіл сәтте жат қолында жаласы қалған досымның қазасы мен қосылып, аруақ силайтын аталы жұрттың дәстүрінен, ардан аттаған кеюәнәнің имансыздығына жаным күйіп, таусылып жүргенмін.
ол үнсіз тығылып қалды. жанымнан темекі алып ұсындым. сіріңкеге қарап отырып, ـــ сіріңке деген жақсы нәрсе ғой, ـــ деп бетіме қарады. әңгімеге әбден құнығып алған менің есі дертім, жалғасы қалай болар екен деп оның бақытсыз тағдырына деген аяушылыққа толған.
ـــ содан, ـــ деп бетіме тағы қарады, тыңдап отырма деитіндеи. сөзге құлықты екенімді білдіріп, ентелеи түскенмін. ـــ ол кезде бізде қой бағудан басқа не кәсіп болсын. кештетіп қойды қотанның маңына әкеліп қойып, ат шалдырып отырғанмын. атымды атап айғайлап шешем жүгіріп келеді. атымның ауыздығын салып үлгіргенше жаныма жетіп қойды.
ـــ әлгі әкең жаңа ғана ауылдыққа кетті. тұсы жаман, тездетіп баршы құлыным, тез... ـــ деп асықтыра тұсты. атқа міне салып ауылдыққа шаптым. менен бұрын ауылдыққа жетіп қойыпты. оның қақпасына барғанда алдынан орадым. қойыңыз дегенге көнетін емес. жалынып жұрып аттан тұсырдым, сондада «намыссыз!» деп күйінген шал ұнамай ауласына кірді. өз көзіме өзім сенбеи сілеиіп қаттым да қалдым. екі күннің алдында төркіндеп кеткен келіншегім өнімен бірге тұр. әкеи қамшысын көтерген күйі сілеиіп қалыпты. қаным басыма өрлеп қалай атылып барғанымды білмеимін, жағасынан алып бетіне жүдіріқпен бірді асаттым. құлағымның түбінде әкеидің «намыссыз!» деген жалғыз ауыз сөзі ғана ызыңдап тұр.
ـــ досыңның соңынан кетесің, қолыңды тарт! ـــ тіпті жәйбәрәқәт. гүріс ете түскен әкеиге қарайламасам сол жерде өлтіріп жібергім келген. әкеи сүйеп тұрғызған мені сілікіп жіберді де теңселе басып қақпадан шығып атына барды. содан алды-артына қарамастан тасырлатып шаба жөнелді. соңынан шауып келем. үйге қарай неге шапқанына таңмын. үйге жақындағанда атының басын іркіп, жәй аяңға ауысты. соңынан сүлміреиіп шала жансар келе жатқан маған қарапта қоймады. белдеуге жеткенде аттан ауып түскен әкеиді шешем екеуіміз үйге зорға сүйеп жеткіздік. басын сүйеген шешеме тесіле қарап, бірдеме айтқысы келген еді, тілі құрғыр күрмеліп икемге келмеді. арада бір аптадай тіл-ауызсыз жатқан әкеи жұмаға қараған күні жұлдыз шыға бізбен мәңгілікке қоштасып жүре берді. қара жер бауырына аттанған қайсар әке біз түсінбес намыстары үшін, біз түсінбес қорқыныштардың құрығы мойынына түскен сәтте, ұрпағының алдындағы азапты келешек үшін құсадан кетті. қәсиетті жұма күні әкеидің жаназасы шықты. қабыр басына қара нор халық жиналған. жұрт ахымға арулап мәйтті қойып, молланың махамды дәуісімен күңірентіп оқыған құранынан соң тарай бастады. екі етегім жасқа толып мен тұрмын. тоқтау айтқандарға оңаша тұрғым келетінін айтып, қабыр басында қалғам. тарай жөнелген жұрттан бөлініп ол қалыпты. діні бөлек болсада өлім ұзатуға келіп, қамсыз халықтың жүрегін жібтуге сайлаған қулығы.
ـــ жоғал! ـــ деп ақырдым. қос өкпемнен қысқан ашу мен ыза көзіме ештеме көрсетер емес. ـــ өлтірем, иттың күшігі!
ـــ өлтіре алмайсың, қолыңнан ештемеде келмеиді. маған жолама! ـــ қанын ішіне тартып сұрланып алыпты, ـــ әкеңнің өлімін жөнелтуге қатынасып тұрғаным қаншалық. қатыныңа ие бол. мен емес, сендердің қатындарың солай болғысы келіп тұратын. таудың қоңыр аңы мен әлде кімдердің қорасындағы қойының жоғалған қойының ізін аңдып, соңыма түскен ерік пен әкеңнің тағдыры мынау. анаңның көңілі үшін аяимын сені. ـــ деп бұрылып кетіп барады. қандай қүдіретті күш итергенін білмеимін, қынға салып асып алған бәкінің сабына қолымның барғанын аңғармай қалыппын. артынан атылып барып ұстадымда тамағынан ора бауыздадым. жанталасып қолымнан шықты да әкеидің қабырынан төменірек тұрған еріктің топырағы тозып үлгірмеген жас қабырына шалқалай құлады. екі қөлімен кеңірдегін шеңбектеп ұстаған күйі көзі шақырайып аспанға тесіліп жатыр. көз алдыма еріктің тамағын шеңбектеген қолын жаза алмағанымыз келді. түкте өкініш сезімі болмады. әйелімді де құртайын деп ауылдыққа тартқанмын. бірәқ, шиеттеи қызымды ойлап сабыр айладым. сақшыға да өзім бардым. міне содан бері жиырма неше жыл өтті. мен соттала сала басқа біреудің етегінен ұстаған келіншегім шиеттеи шикі өкпені шешеме ұстата салып, жөнеп беріпті. есі ауысып қалған шешем шиеттеи баланы көтеріп, қаңғып жұрып осы күнге жеткізіпті. соданда мұңның дәмін басқалардан он есе артық тартқан ақылды күнішім міне енді мен беибәқті қарап отыр қолына алып. бесігін тербетер әйелдері бұзылған халықтың болашағы мен «олар»дан өлердеи қорқамын бауырым!-деп әңгімесін ақырластырған. ішімнен алуан қялдарға кеттім. ен далада еркін өскен индяндардың тозуы мен кешегі күллі көк түріктің күлтегін құлыптасында зарлап кеткен тағылымдары санама салмағын салатын үреилі ойларға жүкті етеді.
ойымның ойранын шығарған «ол» деген жалмауыз ниет иесінің аты-жонын сұрамағаныма өкініп үйіме қайттым. мүмкін олар маңайымызда тұр. олардан қорқа бастадым!

2011-жыл2-маусым үрімжі



қаз қайтқанда

күн жарықтық қиыстап батыстағы биік шоқыдан ары асып барады. беткеилердің сар сүрдегі шығып, ұшқат пен бұта-бүргеннің жапырақтары алқызыл түстен сарыға аунапты. құлазып тұрған бір сүреңсіз дүние. көңіліңді жабырқатып, ойыңды ойсыратып, кеудеңді құсалыққа толтырады. құс қайтатын қоңыр күз еді бұл. самал көңілсіз түрде ернін сылып еткізіп сырт айнала бере көзіне жас алды. «тағы бір сүреңсіз күз келіпті-ау!» ерніндегі өкінішті күбірді одан арыға созбаған. онсызда осыбыр үш жағы тәумен тұтасып тұратын өлкенің күзін елу жыл бойына көріп келеді. несі қызық деисің түге. енді тазығыр шоқыларға ала бажақтанып қар түседі. соңынан ақ бұрқақ. шатты өрлеп келіп қайқаяр жалғыз аяқ ат жолына күн сала қарады. жүрегі сазып жабырқап қалған. қозыбайдың кеткеніне үшінші күн. тым кешікпеитін күйеуі табаны күректеи үш күн жоғалды. әдетте үн-тұнсыз тұнжырап отырып ас ішіп, одан соң күнделікті күйбің қәмімен кете беретін қылығына қарап, екеуі ғана состиып отырған тірлігінен жалығатын еді. жүрегі құрғыр көнбеиді екен әлі де болса жалғыздыққа. отырып оңашада қял соңына кетті. не көрмеді деисің бұл басы. «ер болса қозыбайдай еңіреп туса!» деитін ел сөзі бұлаң құйрық аз күнгі бұла қыз күнгі көңіл қоштығын қозыбайға матап кетіпті. содан бермен табаны күректеи отыз екі жыл өтіпті, дәл осындай отыз екі қоңыр күз. ел арасында қоңыр қалта тірлігімен өтіп жатқан. атадан тікендеи жалғыз қозыбайдың қәмкөңіл беинесі мен күн санап күңіренген күйігі жанына әр уақыт тыным бермеген. өлгісі де келген, неге екенін қозыбайды қимайды. көңілді күлкі силайтын ақ некенің алғашқы қызуы тез тарады. күн санап томырық мінезге көшкен күйеуінің қабағына қарап жәлтәңкөз күн кешкен құсалы сұлудың бойы осына тірлікке тез көнген екен. содан бері арадан дәл осындай қаншама күз өтті, бәрі де білінбеи, еленбеи. мезгіл бояуын ұрлап қаз қайтар тағы бір күз келіпті. енді қыс жетеді мүлгіген. онсызда көктемнен бері тыным көрмеген тірлік атаулы бір сәтке тыным алар ақ көрпеде керек шығар!
қялын құттаяқтың арсылдай ұрып қарсы беткеиге жөнелгені бұзды. ала жаздай суыр алып жеп, жұныттай семірген құтпанның екі қар басып, деген кемеліне келген керіскедеи кезі. қып-қызыл екі көзі мен салбыраған екі езуінен әрқәндәй бір адамның бойы шымырламай қалмайтын. қозыбай алып келгенде бауырын көтеріп, көзін ашпаған күшік еді. міне оғанда екі жыл өтіпті содан бермен. «басынан баянауыл бұлыт кетпес» дегендеи басына бұлыт қонақтайтын биік сеңгірмен қоршалған иендегі жалғыз үйдің есі болып келген осы құттаяқ пен белдеуден ұзатпайтын қара қасқағана екен. уысты құлақ ешкісі бар, ала жаздай үй маңын баспай өзі туып, өзі аяқтанып кете баратын түлік. екі тұяқ сауын сиырында күз келгесін ойдағы төркініне қосып жіберген. бет-беттің сары сүрдегіне тұрған таңғы шықта, жәй күнде бетке тырмысып тірлік көруді білмеитін зеңгі ұрқының құлап өлері мұнда. жаздай алған азғана қаймағын тамтұмдап қатып,қыстайғы қара шайға тұздық қылады. қыс ортасына бармай, қолына ұстаған оншақты қойы туады қошқарға ерте қосылған. одан арғысы қойдың сұты қорғасын. қялын жиып, сай тағанында ирелеңдеген жолға күн сала тағы қарады. күн батыстағы жалда қып-қызыл шұғыла асылып қалған. қызылды жасыл көркем дүние. өсінәуөлкенің күзін елу жыл бойына көргенмен, мынадай көркемдікті өмірі байқамапты да. мезгіл бояуының ең соңғы рет кеңістікте асылып қалған ұлы беинесіне құштарлана қарады. жан-дүниесінеде бір жылылық ұшқынының сіңіп бара жатқанын аңғарып үлгірген. бәлкім, мәңгілік деген самал үшін бір ғұмыр болса, бұл жылылық жанында мәңгілік сақталар. қимәстіқпен мезгіл бояуын аттандырып салып үйіне кірді. қозыбай келер деген үмітпен қазанға жіліктеп ет салды.
құттаяқтың қыңсылаған үні естілгендеи болғасын басын көтерген. үй ішіне ала кеуімдеп жарық түсе бастапты. таңғы ауадан топырақтың қышқылтым әдемі иісі келеді танауын қытықтап. түндегі сіркіреген жаңбырдан кеиінгі ұйып қалған әдемі иіс әлі тарқай қоймаған екен. киімшең қисайған орнынан қозғалып, есік ашқан. есіктің көзінде қанға малшынып жатқан құттаяқты көрді. көрді де сілеиіп тұрды да қалды. кеудесінде жаны бар құттаяқ әлсіз қыңсылайды. енді байқады, бір құлағы түбімен жұлыныпты, езуінде тағы бір сарғыш құлақ бар. сілеиіп аз тұрып барып, құттаяқтың алдына итаяққа құйып ас қойды. құттаяқ басын көтермеген қалпында сұлық жатыр. аспанда ақшулан бұлыттар қалқиды. құттаяқтың қасына тізе бүкті. есіне құттаяқты қозыбайдың алғаш әкелгені оралған. аң қарап кеткен қозыбай ертесі оралған. қоржыны тоқ. жетектегі атқа ұмтыла берген бұған бұрылған.
-әй, мұнда кел, әлдімен мынаны ал.
-сүйкімдісін қара,-деген самал қозыбайдың қолынан көзін ашпаған ақтос қара күшікті көтеріп ала берген еді. буын-буыны босап, көзі қарауытып кетті. итте болса жан иесінің ең алғашқы тіршілікке талпынған балғын кезі тым ыстық екенін шын сезініп еді. бір шыр еткен аңсап келе жатқан беишөрә әйелдің қабырғасын қайыстырғаны, көзін ашпай тұрып жетімдік тәқсіретін тартқалы тұрған тағдыр ма, әлде, соншама момақан кіршіксіз жаралым иесінің меиірім іздеп құшағына бүрсие құлағаныма, ол арасын айыра білмеген бойда қозыбайға әрі ренжи, әрі өзін күнәлі сезінген жәнәрмен қарады.
-ат қойдыңба?-деп сұраған. неге бұлай сұрағанын өзі де сезбеді. аңтарылып аз тұрған күйеуі кенет қарқылдап тұрып күлді.
-сен қойсаңшы атын.
-борыбасар болсын.
-болмайды,-деген қозыбай сұрланып алыпты. –боры жерде жатқан ғой. иттың иесі болса, бөрінің тәңірі бар. жолы жағарма екен, құттаяқ болсын.
екеуі де одан ары сөйлеспеді. басын шеңбектеген қозыбай өкіріп тұрып жылады. самал күшікті құшақтаған беті состиып әлі тұр.
құттаяқт ң жанында отырып көз алдынан сонау кезгі қялдар тізбектелген сайын көмеиіне өксік кептеліп, қыстыға сыңсыды. қозыбай келердеи төмендегі ат жолға әлсін-әлі қараған. көрінер емес. таң шеті сөгілгенде сыңсып бір топ қаз өтті төбеден. қанаттары жалаулап тұрған шыңдарды сызып өткендеи болды. құлағының түбінен құтырынып бір әуен ойнап өтті. мазасын алып, неше жыл сарғайтқан көгілжім мұң енді буын-буынын алып, көз алдында көлбіреген дүние шыр айналып барды да тізесі бүгіліп бара жатты.
есіне келгенде табалдырыққа сүйеніп құлап жатыр екен. құттаяқ орнында жоқ. болымсыз қан ізі есік алдындағы көк шөпке жұғып, қалай кеткеніне айғақ болып тұрғандай. үш ашаның түйіліскен тұсынан атылып шығар қайнар тұмаға тартқанын сезінді. астыңғы жақтан қорымды салдырлатып қялап келе жатқан аттың дұбыры ойын бөлді. қара қасқаның жалына жабысып, екбеттеген бойда сұлық келе жатқан қозыбайды көргенде аяқтары шалынысып тұра жүгірді. құлынынан қолда өскен қара қасқа үркіп қашпады. күйеуін қолтықтап түсірмек болған самалдың нәзік денесі өзін билеи алмай, аттан құлап түскен қөзібәймен бірге жығылды.
бет-ауызын қан жапқан қозыбайдың тұрын адам танығысыз. тек қана тұнжыр қос жанары әлденеге қадалып қалыпты. тастай түйілген оң қолының жұдырығын аша алмады. бұның тесіреиген қос жанарды екінші рет көруі, алғаш құттаяқты әкелгенде көрген, енді міне... күйеуінің басын құшақтаған самал езіліп ұзақ отырды.
құттаяқ бір аптадан соң қайтып оралған. әбден жұбына жетіп бұралып қалыпты. қозыбай да басын көтеріп тысқа шығатын хәлге жеткен еді. тумысынан қәтігез адам тез ширады. бойын тіктеп, еңсесін көтергенімен үнсіз бір сазарған қалыпқа көшкен. самалдың бар ұққаны «дауытбайдың үлімен айқастым.» жүрегі шым етіп, құлағы шуылдап ала жөнелген. сыртынан қарағанда қозыбайдың құйып қойған беинесі бар жігітті алғаш көргенде тұн бойы көз ілмеи еңіреп еді. артынша оған да қуанған. беишөрә әйел затының ішіне сол күйік тағы тұсып, күйеуінің бетіне қайта қарады. екі көзі қанталап, адамға ішіп-жеитіндеи қараған жанарынан қорқайын деді. «өз аяғын өзі қыршып қақпаннан құтылатын қасқырдан ауса қәйтеиін!» ешкім естімеген беті самалдың кеудесіне шемен болып байланған жалғыз күбір осылайша тұншығып мәңгілікке қала берді. құттаяқ кеткен тұмадан арлан қасқырдың жалғыз құлағын тауып әкелген күні құтырған жанша бір мезет тау ішін астан-кестен қылып айғай салған. соңынан құттаяқты құшақтап өкіріп тұрып жылады-ай келіп. әдетте күйеуінің бар мақсатын өзінікіндеи көретін самал бұл күні тұңғыш рет қозыбайды жек көрді һам қызғанды. содан көп ұзамай-ақ өмір өз мәнерін тапқан. тағы да таусылып бермес бір сыдырғы күндер. мелшиіп сезімдері өлген екі адам мен есік көзінде жататын қара ит пен қара қасқа ғана бар өлі бір әлем.
тәңертең ерте ешкі көздеимін деп аттанған қозыбай кешке таяу қапалы оралды. өткенде өлімші болып келгендеде мұндай ұнжұрғасы тұсып, ері мойнына кетпеген. ол жолы дәуітбәйдің баласы бір айға шипаханаға түскен. соданда мазақ сезілмеген еді. мынасы несі енді деп іштеи қайран қалады.
-кен қазатындар келіпті,-деген ас үстінде.
-е,-деген самал жәй ғана түсінбеген беті. содан үндемеи қалуды әбес санады да, -қайда?-деп елеусіз күңк етті.
-батыстағы жалға келіп жәйғәсіпті.
-оған қалай келген?-деп таң-тамаша қалған самалға қарап қысқа қайырды.
-дауытбайдың есері сатып жіберіпті, ит-ай, ит,-деп күйіп-пысып күйгелектенді де қалды. самал безерген беті тіл қатпады. қозыбай ішінен ұматылып отыр. өткенде жағасына қол ұзартқан сәтте-ақ түңілген еді. сол ойы бекерге шықпапты, ендігісі мынау. егерде осындай без бүйрек туарын білгенде бір жолғы араздық үшін дәуітбәйдің әйелінің етегін көтермеспе еді. өз ойын оқыс жинап самалдың жүзіне ұрлана қарады. отыз жыл үй ұстасада сыбырын сыртқа білдірмеитін саңлақ әйел жанары сыр берер емес. алдарындағы асты ішіп болмай тұрып, батыс жақтағы биік жалдан тас құлаған. жанарынан үшқін атып орнынан көтеріле берген қозыбай қайтадан сылқ етіп отыра кетті. алған бетінен ажал тұрсада қайтып көрмеген қозыбайдың мына қылығын көргенде самалдың жүрегі кеудесін жарардай тулап ала жөнелді. қабарған өңі түтігіп, ернін қыршып отырған күйеуінің жанарына ұйырылып екі тамшы жас тұнып қалыпты.
-қап, -деген қозыбай түтігіп. –мен кетсем меилі еді-ау, туған анамдай өлкенің тынышын алған бетпәқтәрмен алысып. бірәқ ана шірік...
соңын айта алмай тістеніп қалған күйеуінің неге опырылып құлап түскенін білгенде самалдың шыбыны шырқырап, сол құлаған тасп Ен бірге құрдымға өзін лақтырғысы келген, бірәқ орнынан қозғала алмады. қозыбайды тұңғыш рет аяды. ерінінде әйтілмәй«өмір сүрудің өзі бір қәтелік шығар!» деген жалғыз ауыз сөз қалды. сөз шіркіннің кеиде айтылмай қалғаны да дұрыс шығар бір сәтке болсада, онсызда беимәзә күндердің тынышын алып.
таң алдында тып-тыныш өлкенің кілегеидеи ұйыған тынышын алып бақырған ешкінің үні жатқан орындарынан суырып алған. сыртқа ұмтылды. қарсы беткеиде қалың ешкіні қамап бір топ аш бөрі жұр. өмірінде көрмеген мақұлықтарды көргенде санын бірәқ салған. ұйырлы шүйе бөрінің бірнешеуі жабылып, бір ешкіні тамақтап жатыр. көптің аты көп те. қара қасқаға қарай ұмтылды. жан ашуында ерттеуді де ұмытып, жәйдәқ қарғып мінген бойы қялап шауып барады. құттаяқ әлде қашан барып, араласып қалған екен. қырғи тигендеи шетінен жұмарлап, лақтырып бара жатқан құттаяқ пен тасырлатып таяп қалған қозыбайдан жасқанып, жалға қарай тырмыса шұбаған шүйе бөрілер жалды асып үлгірді. тік қядан жүруге мүмкіндік таппаған қозыбай атынан тұсып, тамақталған ешкіні бауыздауға ыңғайланғанда тыста бәрін көріп тұрған самал үйге бұрылды. құттаяқ сол бойда қайтып оралмады. түске деиін тосқан қозыбай қара қасқаға ер салып, шығыстағы жалды асып іздеуге кетті. күйеуі мен құттаяқтың тағдырын тілеп, тыста сұңқиып самал қалды күздің сары желіне самай шәші қобырап.
жалдан асқанда барып өзінің қамсыздық қылғанына бармағын шайнады. үй орнындай жазықтау алаңқайдың шетін ала қаптаған қалың шүйе боры бірдемені басып жеп жатыр екен. айғайлап тұра ұмтылған. алыстап барып бәрі қайырыла қарап тұр. өлексе шүйе бөрінікі, тағы екі-үш жерде желініп, шәшіліп қалған өлексе жатыр. өз қанын жеген қәнпезер топқа қарағысы да келмеді. тек құттаяқтың аман құтылғанын білгенде барып жүрегі орнына түскен. айнала қарап із шалып бағдарын тезден аңғарды. құттаяқ басын ту сонау жазыққа қарай бұрыпты. іштеи таң қалды. «үйге оралмай бұл несі, бәлкім жақсы ит өлігін көрсетпеиін деген шығар.» деген өймен із қуалап соңына түскен. із төмендеген сайын жолға тамшылаған қан көбеиіп, ұйып түсе бастапты. есіне құттаяқтың өткен қыс пен жаз ортасында мезгілсіз екі-үш күн жоғалып кеткені тұсып, күліп жіберді. «ит иесіне тартпаса арам!» тік шаншылған құздан қара қасқаны жетектеп түскен қозыбай жазыққа шыға шоқыта жөнелді. қан ізі мен жұмсақ топыраққа түскен құттаяқтың ізі қатарласа жәйрәп бастап келеді. қыстаққа таяғанда ат басын ірікті. қан ізі тура дәуітбәйдің ұлының қорасына кіріпті. қақпадан кіріп мелшиіп қатты да қалды. іші-қарны ақтарылған құттаяқтың өкпе-бауырын жаңа күшіктеген көк қаншықтың күшігі қанын сорып кеміріп жатыр. ең соңғы рет иесіне қараған құттаяқ бар дәуісімен «гүр!» етті де, қайтып басын көтере алмады. қозыбайдың да жан дауысы соңғы рет естілді. «ах, жалған дүние!» үйден шығып келе жатқан дәуітбәйдің кемпірі аттан құлап бара жатқан қозыбайды сүйеген ұлына қарап сілеиіп тұр.
сонау сай табанынан өрлеп қайқайған жалғыз аяқ жолға күн сала қарап самал тұр. батыстағы жалдан кен ашатындардың моторлы көліктерінің дауысы мен шығыс жақтағы жалдан ұйырлы шүйе борының шұлап ұлығаны қатар естіледі.
күз еді бұл мезгілді жиып қаз қайтқан.

2013-жыл 17-қыр күйек үрімжі



қыз беиіті

таң алдындағы төгілген бозалаң жарықта ақ айдында ақ жәйіндәй ағараңдап жігіт жұзып барады. аппақ айдынның беті алқызыл нұрға малынып, құйылып түскен алқызыл сәуленің астында нұрланып, көзді ғана емес көңілді арбар әдемі бояудан есі кете бұлқсып, бүлкіл қағады. шәшірәп түскен аппақ маржандардың бір-бірімен жарысып, ұзаққа созылып ойнап барып үзілгені мен ақ айдында ағараңдап жұзып бара жатқан жігітке қарап отырған қыз көйлегінің етегін ала қашып самал үйіріледі. қыз қытығы келгендеи еркелеп өткен самалға тітіркене бойын құштарлық билеп, сұмбыл шәшін желге сүздіре басын көтеріп қарсы жағалауға қарайды. көңілінде қорқыныштан ада қуаныш лебі бар. маңғаздана созылып шіреніп жатқан абыралының қырқаларын кесіп, балық бауырланып таң келеді. буырқанған өзенді кесіп өткен жігіт қыз отырған жағалауға қайтып оралған. батыстан қарауытып тұратын қара шоқыға күн қызылы жәйіліп қалған екен. құшақтасқан бойда қостарына қайтты. таңғы асты жәйләніп отырып ұзақ ішті. қыз жүзіне алғашқы алыстан іңкәр көңіл білдіріп қарағанындай ұзақ телмірген. мұрындарының үстіне ноқта түсе бастапты. қуаныш пен қосылып қорқыныш қоса қинады. еліктің ылағындай ғана ерке тотай жарының көзіне әлде неге ұмсынған белгісіз бір мұң қонақт Ап қалыпты. бар тағдырын өзіне сеніп тапсырған ерке тотай қыз алдында жігерін мұқалтып бір сезім тұла бойын түршіктіре дүркіреп өтті. үнсіз отыра беруге дәті шыдамаған.
-қартыс келетін уақытта таяп қалыпты,-деп мамырдың жүзіне қараған.
-қашан келді?-деген мамырдың сұраулы жүзінен көзін тайдырды.
-тамызда аяқтап барады, қыр күйек тумай жетем деген.
-е,-деген мамыр күрсініп орнынан тұрып кеткен. отыра беруге дәті шыдамады. қайың садағын қолына алған беті тысқа беттеді. есік көзіне барғанда артына қайырылған.
-дүрбіттерге барып астық қарастырып келемін, қорықпассың, екі-үш күн айналармын.
тысқа шығып, атқа қонған ерке бұланның соңынан ұзатып салып ұзақ тұрды. есіне әлде не тұсып, артынан айғайлап тұра жүгірген. жаулығын бұлғап жүгіріп келе жатқан мамырға қарайлап ерке бұлан атының басын ірікіп артына қайтты. қолына ұстаған тайтұяғын жігітке табыстаған мамыр ентігіп отыра кеткен еді. атынан түскен ерке бұлан құшағына тартып бір қауым тұрып, қыздың мөлдіреген көзінен сұйып, атына қайта қонып қимай аттанып бара жатты.
қалмақ жұртының манжудың қолында жасалған қянаттардан қырылып жұрып есін жиған кезінде көлденеңнен араласқан сүзектен есі кетіп есеңгіреп тұрсада, елінің жарымы жер емшегін еміп, астық алуды үйренген шағы болатын. ерке бұлан алдыңғы ретте дүрбіттердің құлжаға тартқан тоғанақтарынан екі ағаш астық айырбастап алған. бұл жолы да көрген жерде қазына бар деп астыққа аттанғаны болатын. орыстың отаршыларына қарсы елім деп еңіреген егеи ерлер тәзәбек пен сауырықтың қалмақтың іргесін қақыратып, іле алқабына қазақтардың қайта келе бастаған кездері. сол албан рулы ел мен суанның руларынан басқа найман ұлысынан алыстап қызай ұрпақтарының ілеге қоныс аудармай, тоқта-барлықта уақ рулы ел мен іргесі бөлінбеи тұрған дәуірі болғансоң да түп қотарылып келген ел мен өрісті мал аз, қас бойы тусып тұрған жер ұйығы есепті. адыры толған қоңыр аң мен қойнауы толған сыңсыған орман. ерке бұлан кеткелі де үш күнге айналып барады. қас бойында айдынға телміріп ұзақ қыдырғыштаған мамырдың қялы қянды кезетін. ту сонау тарбағатайдан бір түнде суыт аттанған үш салт аттының табан тіреген жері осы болатұғын. бір жағы қас пен тұйықталса, тағы бір жағынан өзен бойының сырт көзге көп шалына бермеитін ұры ойпаңы мен сыңсыған тал-терегі, өріп жүрген елігі мен абыралыдан шуап өзенге түсер тау ешкісінің өзі ебін тауып ала білген адам болса қыс қырынан қысылмай өтер жер екенін әйгілеп тұрғандай. қартыс пен ерке бұлан осында тұрақтауға келіскен. еркіндік аңсаған қос ғашыққа амандық тілеген аяулы дос қартыс көп аялдамай келген ізімен қайтқан. қайтарында «тамыздың соңында қыстық қамдарыңды жасап кетемін!» деп аттанған. міне тамызда аяқтап барады. ауыл арасындағы азғана барымта мен сырымтаға бола көрместеи болған ағайын арасының кикілжіңіне бола жолдары екі айырылған еңліктердің соңғы талғамы еді бұл. қызайдың арқалы руларының бірі есенқүл-оразайдың өскен атасы темір ауылының маңдайға басқан айдай аруы еді мамыр қыз. ал ерке бұлан найманда қаһарлы хан қабанбайдың ауылы атанған қара кереи әулетінің жас бөрісі. сонау тәуекел баһадұр сұлтан уапат болған тұстан тартып, найманның қызай үлісімен жері бір болып келген уақ рулы ұлыстың ұланы, адал дос қартыс жүрген екі жастың ортасына. ендігі бар үміттері сол қартыста ғана. елсіз иендегі жетім бұрышта қалған қос ғашықтың елінен күтер «кештім!» деген жалғыз ауыз иман нұрындай көрінер сөзде бар әрине адал достан күтетін. өлсе қалар тай үшін көрместеи болған ағайынның араздығы кеиде бір жолғы ас үстінде-ақ шешіліп жәйін тауып жүре беретін. зәуде ғалам солай болып жатса, аруанадай боздап қалған анасы мен кәртеигенде шөгіп қалған әкесін көрер күн жақын болар еді. бірәқ ерке бұландай ерін жоқтайтын елі бар-ау, ал, ел аман, жұрт тынышта қара бет қылып қашып кеткен өзін кешірерме елі. көкірегін қарыс айырған құсалы сұлудың жанын жәй таптырмас күйіктің бір үші осында. аруанадай аңырап қалған анасын сағынған. арғынның азуы алты қарыс кезінде әякөз бен семеидеи ірге тепкен есіл жұрттан еріксіз жылжып, тоқта-барлық пен сауырға ауған елдің әні еді деп салатын анасының әні келетін құлағына. бар дәусімен езіліп тұрып, қастың тентек иірімдеріне еңіреп тұрып сұңқылдатты шерлі кеюәнә.
- қара сырнай дегенде, ахау, қара сырнай,
өтіп жалған дүние-ай, барасыңба-ай.
қызыл жар- семеидеи,
жатсам ұйқым келмеиді-еи.
сан ғасыр бойына талайлаған тарихтың куәсі болып, сонау қас сақтардың, афрасяф қаласын құ Рған қазғақтардың жазғы астанасы болған, қазғақтың қыздары сауық құратын қорған қаласы құрылған, ұйсын тұлпарының тұяғы дүбірлеткен, одан бері де тәңірінің қаһары хан шыңғыстың қидаласқан ләшкерінен тартып, жоңғардың жосып өткен ұлы қосынын, қабанбайдай бабаның атын шалдырған абыралының соңғы кезде, аламан дүбірден ада, мүлгіп жатқан кезі еді. сыбызғыдай сызылған әсем ән тербеп, құзарлары жаңғырып, нәзік әйел дауысына үн қосып оянды.
сыбызғыдай сызылған, ахау, қайран даусым,
қара жердің астында қаласыңба-еи,
қызыл жар- семеидеи,
жатсам ұйқым келмеиді, еи.
қыздың мұңлы сұңқылын тына қалып жел тыңдады, қарт мекен қәсиетті абыралыға басын сүйеп, бұрала өскен шілік пен тал тыңдады. құрақтарда сыбдырсыз, бұлақтарда сыбырсыз. бар әлем сүттеи ұйыған тыныштық құшағына құлаған. тек қыз әні, қыз әні емес-ау, арқадан ауған ел мұңы езілтеді өз әуенімен ғана қоңырсып тұрған табиғат ананың бүгінгі іңкәрліғін. бурқанып гүркіреп жататын қас та тым-тырыс қалған жағаны сұйып бүлкілдеп. жағасына келіп паналаған мұңлықтың мұңын мұңдаған еді қарт ана! мамыр қыз күннің күрең сәулесін қимай-қимай батырып, қара қосқа тым жәй қайтты.
түнімен суыт жүрген топ теріскеиді етектеп келіп, таң ата қастың бойына ат тұмсығын тіреп, далдаланып бел көтермекке қасқа қосылатын жыланшықтанып ағып жатқан қарасудың бойына келгенде таң қалысып ат тізгінін тартты. белдеуінде оқтаудай жараған қәрәгер ат байлаулы тұрған жалғыз қосқа үрке қарап аз-кем тұрды. содан соң аттарынан тұсып, баспалай жақындады. қәрәгер аттың жер тарпып оқыранғанынан оянған мамыр тысқа шыққан. ерке бұланның мойнына асыла түсетіндеи болған қуанышын, үңіреиген мылтықтың түтігі жұбанышқа айналдырған. жеті-сегіз қәніпезер жырынды жортуылшыларға ұшырармын деген ой әтімен жоқ болатын. кермедегі қоңырды шешкен топ, ерке бұлан келсе жер деп түнде асқан еліктің етін тақыр-таза тауысып, содансоң мұңды сұлуға суық қолдарын жүгірткен. құлдырлдп сөйлеген сөздерінен ештемені аңғара алмаған жәутәңкөз мұңлы сұлу, жас ананың ішіндегі жаңа бүр жарған тіршілік өркенінеде қарамаған жауыздардың мазағына әбден ұшырады. соңдарында бойындағы тірлік нышаны ажырап, қанға малшынып жатқан ананың қарғысынада қарамаған қәнпезер топ белегір асып көзден ғайып болған. әбден мазақталып зарланған кеюәнә орнынан сүйретіле тұрып, буырқана гүрілдеп жатқан қасқа қарай жүгірді. әлде қайдан ұйырылып келіп жолын тосқан құйында дудырап кеткен самай шәші бетін сабалайды. ашық аспан түнеріп, қара бұлт қаптап келеді. дұн-дүние тұтасып кеткен. батыстан алай-дүлеи боран көтерілді, кемерінен аса шалқыған қастың бойында тұрған шерлі мамырдың жан айғайы соңғы рет естілді.
-ерке бұлан!
ертесі қастың бір иырымды кемерінде мамырдың талға ілініп қалған денесі мен, аппақ көйлегі ғана желбіреп тұрды. қанды көбік иырымның бетінде шыр айналады. дәл осы сәтте қайтар жолында қәтігез топқа қапылыста ұшыраған ерке бұланның денесі де бір адырда күнге борсып жатқан болатын.
қартыс келгенде кешіккен еді. қыздың мәйітін құшақтап ұзақ отырды. содан батыс жақта созылып келіп қасқа мінгесіп тұрған дөңге алып шықты. тастай суық тұма көз доңның құлай келіп сұғымдалған жерінде қайнап тұр. тастай суық бастаудың суына адал досының аманатын әбден тазалап жуындырып, доңның үстінен қабыр қазып жерледі. бір жұма жатып, иенде қалған қимас достың еңлігінің басына ттас тасып, әбден бекітіп белгі салды. енді ерке бұланды іздеуге шыққан. бірәқ таба алмады арманда кеткен арыстан жүрек адал достың мәйітін.
тоқта-барлықтан ауған ел бураталда аз жыл аял көріп, одансоң көрсәй асып, ілеге жеткен қызай текті атаның балаларынан тусып тұрған қас бойын мекендеген бір рулы ел. сол кезде алыстан ат өксітіп келіп, еңкіш тартқан қара шал жалғыз тұрған қабырға құран аудартып, ас береді. сол қара шал мезгілсіз қарттық жеңген қартыс еді. кеше ғана алысқа әкеліп салып, соңынан арманда айырылған қос мұңлықтың шері көкірегін жәншіп біткен адал дос, аяулы азамат қырықтың қырқасына ілінбесте осылай қартайған. дәм-тұзының азайып бара жатқанын сезініп, осында ірге көме бастаған рулы елдің есінде қалардай қыз беиітінің хикәясін айтуға, адал достың аманатын, арманын ертеңгі ұрпаққа табыстауға келгені еді. қапыда кеткен қара көз қыз мұңлықтың қабыры екенін білген ел содан тартып, жалғыз тұрған қыз беиітінің жанына қайтыс болғандарының сүйегін қойып, қорымның көлемі ұлғая береді.
міне бұл ауылдағы ауызы дуалы ақсақалдардың көкіректеріндегі әдемі хикәяттәрі бола ын ұрпақтан-ұрпаққа аңыздайтын. кеиінгі кездері сол ана қастың бойында изәтбек деген кәря тұрды. бала кезімізде сол құйма құлақ көненің көзін көре қалдық. әр жұма сайын барып қабырға құран аударып, алладан жарықтықтарға иманның нұрын сұрайтын таупиықты жан. кеудесін жапқан күмістеи аппақ сақалы желмен бірге желбіреп, ана қастың күміс төлқіндәрімен сәулет таластырып, біз сяқты топ баланың қармақ салған қызығымызға қарап отырушы еді жарықтық. ол кезде ана қастың да толықсып тұрған бұла кездері еді-ау.
ана қастың бойында тұрмын. қармақ салып ойнайтын топты бала жоқ. қас бойы құлазып жатыр. бір топ бала су мылтық атысып ойнап, алақандай тақыр төбеде өздерінше жұр. арналы өзен аяқ жағындағы қысаңнан буылыпты. көкше қоянның құтты қонысындай ырғалып тұратын ши мен қас бойының қалың тоғайы да су тұбы құрдымға кетіп жоғалған. адалдық пен елдің ескі тарихын ұрпақ жадына салатын ақсақалды қарттарда кеткен арадан. иегінде сақалы, ауызында дуасы жоқ, алпысты асқандар мен жетпісті желкелегендер бұл күндері келініне бұзаушыға айналған. кеңесе кетсең керқәйір ұл мен кесір келінінің дертін төккелі тұрады. немере мен әженің ортасында аудармашылықта атпал азаматтар жұр шұлдыр ұрпақтарына әже ұлағатын ұғындыра алмай. немере мен жүргіш келін жүр базарға барғыш, қәсиетті сөзден гөрі екі метр бөзді олжа көріп. мамыр мен ерке бұланның басына панасын болған кемерге ала жәйқін көл тоқтаған. кезіндегі мамыр қыздың жатқан жеріне қарасы көбеиіп, қатар қойылған елдің қабырын көшіруге тура келген. иесі бар ел өз-өз әулетінің қабырын көшіріп алып жөнеп бергенде, сұқсиып баяғы мамыр қыздың қабыры қалған жалғыз өзі. кім біледі, қоңыр дөңнің бопыр топырағын кеміріп келе жатқан қастың суының астында қалғысы келетін шығар киелі аруақтың. мамыр қыздың жалғыз беиіті кешегі күннің наласы болса, ал бүгінгі рухы бордай тозған елдің ертеңгі күні жұтылып, мұжылып түгеитін тағдыры еді. ұлы өлкені сәғінішімен, мәхәббәтімен күзетіп тұрған қыз беиіті су тұбы құрдымға кеткен күні бордай тозған ел де құрдымға кетерме екен деген күйкі бір ой қарадай жүдетіп, шығарда жаныңды шыр-пыр қылады.
таң алдындағы бозалаң жарықта ақ айдында ағараңдап ақ жәйіндәй жігіт жұзып барады. қыз көйлегі желбіреиді жағалаудан. жағалау бұрынғы орнында, су түбінде. жағалауда бір әуен үзілмеи сыңсиды, кеиде айқай салады.
-ерке бұлан!

2013-жыл 25-қыр күйек үрімжі
كەلۋ قاينارى: http://www.elarna.net/oku_kk.php?tur=11&id=196

Пікірлер:


Жазған лебізіңіз 300 еріптен аспасын!
tomendegi katekshege 99 dep jazingiz.
98 + 1 = ? sozsiz sifermen tolteringiz, aytpese pikir jaza almaymiz.

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар


Кентау қаласында «Алтын 4 min
13 қараша - Радиациялық 19 min
Адамдардың көпшілігі кү 22 min
13 қараша - Радиациялық 25 min
Осы араны басып көріңіз 1 sagt
Қорғаныс министрлігінің 1 sagt
Тіршілік қашанда бір тү 1 sagt
Брюссельде Президент То 1 sagt
Үлкен Алматы шыңына кет 1 sagt
Елордада жастарға беріл 1 sagt
Хайуанды қамшымен ғана 1 sagt
Текелідегі мектепте қай 1 sagt
Рамазан қарсаңындағы мұ 1 sagt
Қазақстанның агроөнеркә 1 sagt
Қостанай облысындағы 30 1 sagt
Бағдат Манзоровтың ісін 1 sagt
СҚО полицейлері із-түзс 1 sagt
Алматы тауында жоғалған 1 sagt
Қайғы-қасiреттi бастан 1 sagt
«С.ҒЫЛМАНИ» МЕШІТІНІҢ И 1 sagt
«Хабар 24» арнасының ті 1 sagt
Тоқаев «CNPC» корпораци 1 sagt
Елорда әкімдігі мектепт 2 sagt
Осы араны басып көріңіз 2 sagt
Халықаралық додада Ержа 2 sagt
Ақмола облысы мен Оңтүс 2 sagt
БАҚЫТТЫ БОЛУ... Біз сі 2 sagt
Егер сіз тек ақша үшін 2 sagt
Италия Қазақстан эконом 2 sagt
Алматыдан 41 км қашықты 2 sagt