Еларна қолфон нұсқасына ену

Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com




Түрі: Ел-арна газеті, бұл арадан барлық мақалаларын оқисыз

Жолданған уақыты: 04:32 - 2013/09/12

Қосымша қайнары:http://www.elarna.net/oku_kk.php?tur=11&id=189
Тоте жазу нұсқасы:http://www.elarna.net/oku.php?tur=11&id=189

توتە جازۋ نۇسقاسى:http://www.elarna.net/oku.php?tur=11&id=189

Мақала жолдаушы: Алғадай
Мақала апторы:    тәлдәубек әшімқәнөв
Аптордың мекен-жайі: Құлжа ауданы 3- орта мектеп
   тәлдәубек әшімқәнөв
   қазақ халқының аңшылық, саятшылық дәстүрінің қалыптасу барысы және ерекшеліктері
   аңшылық, саятшылық дәстүрі қазақ халқының тарихи әлеуметтік өміріндегі маңызды шаруашылығының бірі саналады. қазақ ұлтының аңшылық, саятшылық дәстүрінің қалыптасуы ұзақ тарихи дамуға ие. бұл жөнінде биқұмар кәмәләш ұлы «қазақтың дәстүрлі қүсбегілгі және әтбегілігі»① атты зерттеу кітәбіндә: «... осы бір дала тағысын ата- бабаларымыз қолға үйретіп аң аулауға баулығанының екі мың жылдық тарихы бар көрінеді» десе, қасымхан бегімәнөвтің жағда бабалық үлімен сыр- сұхбатында: «аңшылық дәстүрдің тарихы да тым тереңде. алғашында аңға шығу деп емес, қарын тойдыру, тамақ табу мақсатында аң аулаған. біздің аңшылық дәстүрімізге пәлен жыл, түген жыл толды деуге болмайды. ол сонау өте ерте кезде қалыптасқан» (1) ,- деп жазады. осыған қарағанда, аңшылық, саятшылық деитін киелі өнер қысқа бір мезгілде қалыптаса қалмаған, оның дәстүрлі шаруашылық салт болып қалыптасу тарихы тым арыдан басталады.
қазақтың қүсбегілігі мен әтбегілігі- қазақ халқын өзге халықтардан ерекшелендіріп тұратын сыры мол киелі өнері. адамзат алғаш пайда бола бастағаннан тартып, күн көріс қәрекетімен әуелден әртүрлі табиғаттағы жабайы жеміс- жидекті теріп жеи келе, аң-құс аулауға машықтана бастады. мұны дала мәдениетінде сақталып қалған көне жәдігерлер дәлелдеуде. айталық, көне жартас суреттеріндегі аңшылыққа қатысты беинелік суреттер соның айғағы сіпетті. қазақ ауыз әдебиетіндегі аңшылыққа қатысты аңыз- ертегілер («арық мерген», «құла мерген», «сұр мерген», т. б.) де аңшылық, саятшылық дәстүрінің қалыптасу барысының тарихи тым арыдан бастау алатындығын дәлелдеиді. аңшылық туралы аңыз- әңгімелердегі мергендер дүлеи тәбиғәтпен, түз тәғіләрімен алысатын батыр- балуандар ретінде бой көрсетеді. онда ежелгі аңшылардың, адамдардың табиғаттың күшіне қарсы күресіндегі арман- тілегі де белең береді. сөнімен бірге, мергендік өнері, ақыл- парасаты, ерлігі арқылы тек ата- анасына ғана емес, өзінің маңайындағы, ауылындағы жұртқа тұтқа болады. солардың бәріне аңшылық табысы арқылы қамқорлық жасайды. мұның өзі ежелгі тайпалардың өзге шаруашылықтары әлі де өргендеи қоймаған тұста аңшылықтың маңызды орында тұрғандығын көруге болады (2) (3) .
   аңшылық- адамзаттың ең көне және ең алғашқы күнкөріс қәрекетінің бірі бөлғәнімен, уақыт өте келе кәсіпке ұласып, орта ғасырдың соңына деиін шаруашылықтың негізгі бір түріне айналды. тарихи даму барысында табиғат ананың қорының, дәлірек айтсақ аң-құс қатарының сиреуі, адамзат баласының санының күрт өсіп, екөлөгяліқ апаттың қылаң беруі мен технөлөгянің, өркениеттің кең қанат жаюы аңшылықты тежеуге мәжбүрледі. әрі діни фәктөрдің күшеюі, адамдардың ақыл- парасатының арта тұсуы, өркениетті қоғам елементтерінің дамуы табиғатқа деген қамқорлықты арттырды. сондықтан аң-құстарды жөн- жосықсыз, шектен тыс аулауға, құртуға шек қойыла басталды. әсіресе, адамдардың санасындағы мифтік түсініктері мен байырғы дүние танымындағы табиғат ананы қәстерлеу,
   _______________________________
   ① биқұмар кәмәләш ұлы: «қазақтың дәстүрлі қүсбегілгі және әтбегілігі», 6- бет, алматы «өнер» баспасы, 2006- жыл؛
оның аң- құсын, әсіресе қазақтар «құдайдың малы», «қоңыр аң» деп қәстерлеген бұғы, қарақұйрық, тәуешкі, құлжа, елік қатарлы аңдарды және киелі құстарды шектен тыс аулауға, жөн-жосықсыз қыруға жол берілмеді. осы кезден аң аулаудың көптеген тәсілдерінің бірі алға шықты, ал қайсыбыры екінші қатарға сырылды. аңшылық тәсілдерінің аңды қыран қүспен алу, құмай тәзімен аулау, ату қәруләрімен (садақ, мілтіқпен) , түрлі жабдық-сәймәндәрмен (тұзақ, абақ, шаншу, қақпан, атқы) , әр алуан тәсілдермен (құм қақпан, орға жығу, қысаңға қамап, сөйілмен ұру) аулау деген негізгі түрлері бар. осылайша табиғи тәсілдермен аң аулаудың өрісі тарылып, оның кеибір түрі, айталық қүсбегілік пен тазы баптау кәсіптен гөрі, өнер сипатына ие болды. ұлы мұхтар әуезөв айтқандай: «аңшылықтың үміт, қуанышы көп. ыстық оттай қызулы минуты көп, мағыналы өмір. аңшылықта кісіні ақын күйіне жеткізетін сезім күйі көп. бұл- салқындап кеткен кәрі ақылдың өмірі емес, сүйген ғашығыңды сағынып келіп, күліп- ойнап өткізген күндіз- түніндеи ыстық сезімді өмір. өйткені бір минуттың ішінде қуантатын да, жүдететін де сәттерді басынан кешіреді. соның бәрін айтып жүргендіктен аңшының тілі шешен, қялы жүйрік. бүркіттің ұшқанына, түлкінің құтылмақ болған айласына, құсшының ебіне арналған талай шешен сөздер бар. аңшылық өмірінен ілгері-соңғыдан қалған талай қызықты, жанды, сұлу әңгімелер көп». шінімен- ақ қүсбегіліктің адамды ақындық деңгеиге жеткізетін «өнер», әрі халықтың көне дәстүрінің мәйегін сақтап, нәсихәттәйтін, ел арасының «еркелері»- салдар мен серілердің жан жолдасы, жұрттың ермегі ғана емес, кие тұтар құндылығы болып қалды.
   аңшылық, саятшылықтың өнер деңгеиіне көтеріліп, халықтың кие түтіп әспеттеуі оның кім- кімнің ермек етері емес, керісінше, сыры мол, бабы күрделі өнер екендігінде. аспан серісі атанған түз тағысын қолға үйретіп, тілін, мінез- құлқын, қәсиетін жетік игеріп, оны өз әміріңе бойсұндыру қазақтан өзге қайсы халықтың қолынан келер деисің?! тек, қыран құс қана емес, әр түрлі иттер мен жылқы түлігінің де теңдессіз бәпкері болған қазақ халқы бұларды салтанатты, өте қызықты өнерге балаған, әрі мұны серіліктің, бегзәттіліқтің белгісі деп те білген.
   1032-1083 жылдар аралығында жазылған кәйқәустің әйгілі шығармасы «қабуснаманың» он сегізінші тарауында саятшылық- аң аулау туралы жазылған мәлімет бар. онда әқсүйек, хандардың асыл тұқымды атқа мініп, қолына сұңқар ұстап, саятшылық құрып, аң аулауы туралы баяндалады. әрі падишалардың саят құруда көңіл бөлетін істерін де айтып өткен (4) . көз тойғысыз қызығы мол қүсбегілік өнер сол кездегі хан, патшалардың сән- салтанатына айналған еді. әлемді дұр сілкіндірген әмірші шыңғыс хан сұңқар салғандығы туралы парсы жылнамашысы ата мәлик жувеини жазады. оның тұстасы кереи тұғырыл хан, шыңғыс мүрәгерінің бірі құбылай хан, сондай-ақ әмір темір сяқты адамзат тарихындағы атақты тұлғалардың сүйікті ермегі, пыр тұтқан киесі құс салу болғандығын тарихи жазбаларда хатталған. шыңғыс ханның қүсбегілік өнерді жоғары бағалағаны соншалық, ол бұл өнерді мемлекет деңгеиіне деиін көтерген болатын. қызықты да тамаша қүсбегілік өнері моңғолдардың орта азяға жасаған шапқыншылығы кезінде әскери жаттығудың ең маңызды мәртебесіне ие болды. қағанға қыран құстар, соның ішінде ақсұңқарлар көбінесе сыи ретінде келіп отыратын болса, кеибір сұңқарлар салық ретінде алынатын. орта ғасырда қүсбегілік өнері көшпенділер арасында тоқтаусыз дами берді. себебі ең әлдімен, саятшылық көшпенділер үшін тіршіліктің өзекті бір саласы болып келген, сондай-ақ ол әскери жаттығудың, шынығып- шыңдалудың да тамаша үлгісі болған.
   қүсбегілік хан, би, төре, батыр, сал- серілер саятының сәні, саяхатының ермегі, құмарлық түрі болса, орташалар мен жарлылар үшін күнкөріс көзі болған. кішірек қыран қүстәрмен аққу, қоңыр қаз, сары ала қаз, үйрек, ұлар, бұлдырық, шыл, кекілік, ақ құр, қоян сяқты еті адал аң-құстарды аулап, ауыл болып кәсіп еткен. бұлардың қатарында ұлар, ақ құр, шыл тектестерді «хан тамағы» ретінде қүрметтеген. жәугершілік, аштық- жұт жылдары кішірек қыран қүстәрмен дұйым елді асыраған қүсбегілердің болғанын тарихи деректер айқындайды. қян- кескі соғыс кездерінде әскерлердің азық қорын аң- құс етімен толықтырып отырған. аңшы қүсбегілерден елінің қамын жеп, сәяткерлікпен «алпыс үйлі арығын, тоқсан үйлі тобырын» құс етін беріп асыраған, еліне жау тисе еңіреп шығып, елін, жерін қорғаған қамбар батыр баршаға белгілі. ерте кездерде қазақ даласына саяхаттап немесе елшілік қізметін атқарып келген адамдарға әрқәшән қөнәқжәйліліқ көрсетіп, иығына шапан жауып, қолына қыран құс қондырып, астына жүйрік ат мінгізіп еліне сыи- сіяпәтпен қайтарып отырған. XV ғасырдың соңында қазақ мемлекетінің саяси құрылымында, басқару жүйесінде болған үлкен рефөрмәләр барысында дүниеге келген, ұлттық мүддеге үйлесетін жаңаша заңдар ережесі- әйгілі «жеті жарғыда» қазақтың аңшылығына ерекше ден қойып, оны бұзғандарды жазаға тарту туралы арнайы тарау енгізген. «жеті жарғының» 19-тарауында «аңға салатын итты, құсты (бүркітті) өлтірген адамнан олардың иесі бір құл немесе бір күң беруді талап ете алады» (5) ,- делінген. халқымыз ұзақ уақыт бойы «төренің иты бір күңдік» деп төренің итын де қүрметтеген. көкке самғаған тұз тағысын қолға үйретіп, өз кәдесіне жарату- аң аулауға бағыттау, адамзатқа ортақ құбылыс бөлғәнімен, оның тамаша үлгісі далалық көшпенділердің арасында, әсіресе қазақтарда жақсы сақталған. тек сақталып қана қоймай оның нақты үлгісі аз да болса табиғи түрде өмір сұрды, ең бастысы қүсбегілікке қатысты таным - ырым, тыиым, беинелі сөз, пөетикәліқ метәфөрә, теңеу қазақтардың санасында берік орын алғандығы сонша. мысалы, қазақта ештеңеден қорықпайтын ержүр Ек батыр адамды «жүрек жұтқан» деп жатады. иесі бүркітке алған аңының жүрегін жұтқызады, оның аты- «тоят». тоят алған бүркіт көңілді ұшады (6) . «бүркіт аңды жем үшін алады, тазы иесінің көңілі үшін алады» деген нақыл сөз де бар. жаңадан үйленген жігітке «құсың құтты болсын!» деп тілек айтылады. демек, «жүрек жұтқан», «құсың құтты болсын» сөз тіркестері тікелеи саятшылықтан шыққанын көреміз.
   қүсбегіліктегі кең тараған түр- қірәнмен аң аулау, бүркіт баптауды бүгінгі әлем қазақтарының төл мұрасы деп түсінетіндігі ұлт үшін мақтаныш. қүсбегілік түркі текті бірәз халықтарда бар. бірәқ, біздің, қазақ халқының саятшылық дәстүрінде теңдессіз кереметтілік, көп қырлы ерекшеліктер сақталған. қүсбегілер қыран болар құсты балапан күнінен танып, оны нағыз қанды көз қыранға айналдыра білген. әрі қүсбегілердің құсты тануы, оны баптап аңға салуы, қырандарды өнер сайысына салуы, тіпті, бәпкерлердің өнер көрсетуі туралы ел ішінде аңыз боп тараған әңгімелер баршылық.
   төле, қәзібек, әйтеке билер мәсілихәт құрып отырғанда үстеріне соғып алған түлкіге таласып екі жігіт кіреді. бірі: «мен түлкінің жүні жетілсін деп, алты ай жаз сыртынан бағып жүр едім»,- деиді. екіншісі: «мен кешегі қансонарда ізімен келіп індеттім»,- деиді. төле бұған билік айтуды әйтекеге ұсынады. сонда әйтеке еш ойланбастан: «түлкі арлан болса- ізімен келгендікі, ұрғашы болса- жүні жетілсін деп ін бәққәндікі, үйткені ұрғашы түлкі ін сақтайды, еркек түлкі түз сақтайды»,- депті (7) .
   халқымыздың қүсбегілік өнері туралы жазылған зерттеулерде бүркіт салу, әрәкідік ителгі, қаршыға, тұйғын, т. б. жыртқыш қүстәрмен аң, құс аулау әңгіме болады. шын мәнінде қазақ қүсбегілері жыртқыш құстардан басқа кез келген құстарды да үйрете берген. жалайыр шора туралы айтылатын:
    «аспанға ұшсам қанатым талады,
    жерге түссем жалайыр шора алады»,- дегенінде әйгілі қүсбегінің құс ұстаудың, үйретудің хас шебері екені көрінеді.
   шора: «баптай білсе балапан қыран болады»,-деиді екен. шораның замандасы шопабай батыр бүркітін алып келіп, шораға сынатады. сонда қүсбегі: «бұл түлкі ала алмаған, алатын да құс емес, оны босатып жөніне жібер»,- деген. осы тәріздес құстарын сынатушылар көп болған (8) .
   бәпкерлік туралы мынадай қызықты әңгімені де айта кетеиін. құстың тілін білетін екі атақты қүсбегі бәстесіпті. біреуі қарғаға қаз ілдіремін деп мақтанғанда, екіншісі мен шөже торғайға қарақұйрық алдырамын депті. бәске куә болғандар таңғалысыпты, қазды қарқылдаған қарға алса, жас қыздың жұдырығындай шөже торғай қарақұйрыққа түссе, онда заман не болған десіп күңкілдеседі. ол кезде құс сынау күзде, құс қайтар кезде болады екен. қара қарғаға қаз ілдіремін деген қүсбегі көктемде қара қарғаның екі балапанын ұядан алып бағады. қазды атып алып, оның терісінің ішіне жүн тығып, тірі қазға ұқсатып кептіреді. қарғаның балапандарына жемді соның басынан жегізеді. балапандар өсе келе қаздың кепкен тұлыбын көрсе тап беріп басып, жем іздеитін болады.
   екінші қүсбегі қарақұйрықтың біреуін ұстап алып, бағып өсіреді де, бір ұя шөже торғайдың балапанын қолға үйретіп, жүгерінің, тарының дәнін қарақұйрықтың басына сеуіп беріп жегізеді. соған дағдыланған шөже торғайлар қарақұйрық көрсе болды соған ұмтылатын болады. шөже торғайларды тордың ішінде ұстап, тек дән себер кезде ғана шығарады. өстіп бәстескен екі қүсбегі де жаз бойы дайындық жасап, торғай мен қарғасын үйрете береді. күзде бәстескен қүсбегілердің өнерін көруге көп адам жиналады. қарғаның баптаушысы: «жеке қазға ғана қарғаларымды жіберемін»,- деп оңаша қаз іздеп әуіреленеді. ақыры сәті түсіп, жеке ұшып келе жатқан қаз кездесіп, соған үйретілген екі қарғасын қосып жібереді. бір күннен бері жем жемеген аш қарғалар қазды көргенде ұмтыла ұшады, қазға жетіп, оның басынан жем іздеп түяқтәрімен түйіп, жібермеи есінен тандырады. ел қүсбегінің өнеріне дән риза болады.
   бұдан соң ел екінші қүсбегінің өнерін көруге келеді. ол торға қамап ұстап отырған шөже торғайларын алып шығып, жеке қашқан қарақұйрыққа қоя береді. бір топ торғай қарақұйрықтың басына үймелеп, жем іздеп шүпірлеп қарақұйрықты жүргізбеиді. сол кезде аңшының тазысы барып қарақұйрықты ұстайды. екеуінің өнерін тамашалап, риза болған жұрт, тең түстіңдер деп жарялап алғыс айтыпты (9) .
   қыс айларында жаңа жауған жұқа қарда жүгірген аңның ізі анық байқалады, таң алдында жауғанын қансонарға байлайды. қүсбегілердің қансонар десе ауызының Суы құрып, аспаннан қар тілеитін кездері де болады. ертеде саят десе ішкен асын жерге қоятын бір қүсбегі сол күні қайтыс болған атасы мен өлген атан түйесіне де қарамай:
            «атам өлсе қойылар,
            атан өлсе сойылар.
            бүгінгідеи қансонар,
    іздесем қайдан табылар»,- деп аттанып кетіпті деп қазақ аңыз қылған (10) .
   қазақ аңшыларының топ- төбімен басын қосатын кезі- салбурын. салбурын сөзінің мағынасын қасымхан бегімәнөвтің жағда бабалық үлімен сыр- сұхбатында: «салбурын- соғыста қолданылатын тәсіл. ‹сал бұрын›, ‹бұрын ұрып жібер› деген сөзден туып келіп, аңшылыққа қолданылып, түбірі жоғалып кеткен. ертеде ‹салбуырынға шықтық› деп өзәрә найзаласып, қылыштасып, өздерінің деңгеиін сынайтын әскери тәрбиенің бір түрі» (1) ,- деп түсіндіреді. сөнімен бірге салбуырынның түп негізін шыңғысхан заманында мұңғұлдарда кең етек алған ұжымдық аң аулау-«жырғадан» іздестіру қәжет. қазақтарда аңның терісін сүйретіп бүркітті үйретуді- «шырға тарту» деиді. мұңғұлдарда мұндай аң аулауға қатысу үлкен абырой, әрі міндет саналған. осы деректерге қарағанда салбурын сөзінің келіп шығуы ерте заманда бір жағынан әскерлердің көңілін көтеріп, енді бір жағынан олардың ерлігін, ептілігін сынау мақсатында алып барылған да, кеиіннен бұл құбылыс алғашқы мәнінен айырылып, саятшылықтың бір түріне айналған.
   қысқасы, аңшылық- саятшылық ең әлдімен көшпенділер үшін күнкөріс- тіршілігінің өзекті бір саласы болған. екіншіден, әскери жаттығудың, шынығып- шыңдалудың, мергендік пен алғырлық- төзімділікті сынаудың тамаша үлгісі болған. үшіншіден, әсем табиғат аясындағы ең көңілді демәлісі, әсерлі қызығы саналған (11) .
   
   пайдаланылған әдебиеттер:
    (1) қасымхан бегімәнөв: «халқы мықтының- салты мықты», 355- бет, алматы «өлке» баспасы- 2010؛
    (2) мұхтар әуезөв: «ертегілер» (мақала) , «қазақ халық әдебиеті», 1-том, 14-, 17- беттер, алматы «жазушы» баспасы-1988؛
    (3) «қазақ с с р тарихы» (бес томдық) , 1-том, 88-, 89- беттер, алматы- 1974؛
    (4) кәйқәус: «қабуснама», 106-, 107- беттер, шинжяң жастар- өрендер баспасы- 2006؛
   (5) салиқ зиманов: «қазақтың ата заңы», алматы-1998؛
    (6) сәбит мұқанов: «халық мұрасы», 98- бет, алматы- 1974؛
    (7) м. исыламғали ұлы: «әйтеке би», 82- бет, алматы- 1998؛
    (8) р. төлқінбек ұлы: «жалайыр он екі ата», 687- бет, алматы- 2000؛
    (9) е. өмірбекөв: «шежірелі өлке», 151- бет, алматы- 2002؛
    (10) т. сауыржан ұлы: «саятшылық», 97- бет, «өлгеи» баспасы- 1974؛
    (11) әқселеу сеидімбекөв: «қазақ әлемі», 303- бет, алматы «санат» баспасы- 1997؛

  
  
  
  
  
  
  автордың әдірісі: құлжа ауданы 3- орта мектеп
  аты- жөні: тәлдәубек әшімқәнөв塔力道别克塔· 阿西木汗 ) )
кәсібі: қазақ тіл- әдебиеті (мәгистір)
телефөн: 18099418483
електрөнді хат сандық: taldaobieke@163.com
كەلۋ قاينارى: http://www.elarna.net/oku_kk.php?tur=11&id=189

Пікірлер:


Жазған лебізіңіз 300 еріптен аспасын!
tomendegi katekshege 99 dep jazingiz.
98 + 1 = ? sozsiz sifermen tolteringiz, aytpese pikir jaza almaymiz.

Көрші сілтемелер