Еларна қолфон нұсқасына ену

Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-12-071600666656 %44 %
2019-12-082923931263 %37 %
2019-12-091715700253 %47 %



Түрі: Ел-арна газеті, бұл арадан барлық мақалаларын оқисыз

Жолданған уақыты: 19:22 - 2017/01/16

Қосымша қайнары:http://www.elarna.net/oku_kk.php?tur=11&id=1693
Тоте жазу нұсқасы:http://www.elarna.net/oku.php?tur=11&id=1693

توتە جازۋ نۇسقاسى:http://www.elarna.net/oku.php?tur=11&id=1693

Мақала жолдаушы: Әлмәсбек төре
Мақала апторы: Толқын сәрсенғәзі ұлы
Аптордың мекен-жайі:

: PDF Download - Жұктеұ - Скачать - ءتۇسىرۋ


Қиял САБДАЛИН


Желтөқсән қаһармандары ерліктің 30
жылдығына орай баспадан жаңа жинақ
шығарды.Таяуда кітәптің түсәукесер
рәсімі өтпек. Ұсынып отырған мақала
аталмыш кітәптің «Америкә –
Хельсинки» тарауынан алынды.




ТЕМІР ШЫМЫЛДЫҚ, ЖЕЛТОҚСАН ЖӘНЕ АЗАТТЫҚ






Жас ұрпақтың ұранына айналған «Желтөқсән -1986» биыл орда бұзар отызға толып отыр. Жасымыз бар, жасамысымыз бар, арада отыз жылдың басына су құйыппыз. Уақыт тезіне салып айтқанда, бұл – аз ба, көп пе? Обьектіні ғарыштық өлшем аясында қарастырсақ, қас-қағым ғана сәт екен. Бірәқ, ол қандай сәт? Тұтас бір дәуірді сілкінткен, ғасырды шайқалтқан сәт емес пе! Желтөқсән – жетпіс пәленше жыл құдайсыз өмір кешкен алпауыт мемлекеттің мойын омыртқасын астына қайыруына мұрындық болды. Бұл фәкт.
Осы отыз жылдың айналасында желтөқсән жайлы аз айтылып, аз жазылған жоқ, жалпы. Желтөқсәндіқтәрғә арналған ән мен жырдан, поэма-дастаннан тартып, деректі кітәптәр, шежірелер, ғылыми зерттеулер алуан түрлі ақпарат құралдарында жарық көріп жатыпты. Ж-ө-н дейсің ғой. Сөйте түрғәніңмен де, қәйсібір сарапшылардың пайымдауынша, бұл әлі жәртікеш тарих екен. Желтөқсән жырының айтылғанынан да айтылары, жазылғанынан да жазылары мол болса керек. Е-е, ендеше, «кедір-бұдырын», кем-кетігін желтөқсәндіқтәр өздері жөндей жатар дейсің.
Менің желтөқсәнім...Желтөқсән 86-да мен көк ала мұзға таймадым. Көкәлә төбетке таланбадым. Шарасыздықтан қабырғасы қайысқан, бұған не амал десіп, жалғыз аллаға жалбарынысып, көкке алақан жайысқан көптің бірімін. Хәрбір пенде жігері құм болғанда, айналасынан қарманар тал-таяныш іздейді, жұбаныш іздейді. Таянышты адам құдайдан табары қақ. Ал, жұбаныш әркімге әрқәләй келмек. Желтөқсән тұсында өзімді аса шамырқандырған екі-үш жәйіттің басын шала кетейін. Осы орайда айта кеткен жөн, бұл мақалада хрөнөлөгияліқ тәртіп сақталмаған. Себебі, күнделік жүргізген емеспін...
Әнші-көмпөзитөр Әбиірбек Тінәлінің өзін көрместен бұрын, «Желтөқсән желі» әнінің әуені (мұқамы) келіп жеткенді құлаққа. Бұл жан азабы. Мұңлы да экспрессивті супер ән тыңдаушысын әлдебір әндерше тербетпейді – тебірентеді. Әсіресе, Жүніс Әлімбекпен дуэті сойқан. Шымырлап шыңырау тереңге, иірімге тартады. Жанышталған рухқа жан бітіреді.
Ақын Есенғәли Раушановтың астарлы жырларын кімнен және қай күндері естігенім есімде жоқ. Еске түссе, күні бүгін үсік шалған, сыйдиған жеміс ағаштары елестер көзіңізге. Жүдеу, әзиз жанары мұңға толы қәрәкөз қарындастар келер көз алдыңызға. Егілмей оқып шығуыңыз мүмкін емес.
Жұмаш Көкбөрінің (Кенебәй) «Зобалаң» дастанының алғашқы шумақтары жазыла бастағаннан жатқа білемін. Бұл жан айқайы. Диктөрғә тән үнімен ақын өзі дауыстап оқыған сәтте, қолқа-жүрегіңізді біреу суық қәнжәрмен осып-осып өткендей болады. Тән түршігіп, жон арқаңыз шымырлайды. Күні бүгін солай. Желтөқсәнғә байланысты «Зобалаңға» астар боларлық туынды әлі туған жоқ...
Жә, енді осы тақырыптың екінші бір қырына ойысайын. Баяғыдай емес, қәзір ғой радио дегеніңізден ит сүрініп, күшік батпақтайды. Жақсы мағынасында айтқаным. Таяуда солардың қәйсібірінен естілгенін парықтап үлгірмесем де: «Кезінде Кеңес өкіметін кімдер көбірек іштен ірітіп-шірітті» дегендейін, сауалнама сияқты ма, сөз тіркестерін құлағым шалып қалды. «Япырай, ә» деп, ойланып қалдым. Тосын сөз екен. Бұған не деуге болады? «О-о, іріткендер к-ө-п, шіріткендер одан да м-о-л» деп соғып жіберсек, күпірлік болмас па?
Күпірлік пе, жоқ па, көммунистік құрылыстың өздігінен ыдырауына әкеліп соғар соқпақты АҚШ-тың «Азаттық–Азат Еуропа» радиосы салды. Бұл да фәкт. Ол бөльшевиктік іргетәстің астын шаңын шығармай, қырық жыл үңгіді. Үңги-үңги, нәтижесінде – «жау үні» үй-үйде, қыл аяғы саябағыңызда сыбырлап тұратын болды. Екі зубрдың айқасы міне, солай басталғанды. Қырғи-қабақ қырқыстың соңында бірінің мүйізі сөзсіз майырылуы тиіс еді. Мұндайда итжығыс деген болмайды ғой. Я сен, я мен. Қырық жыл қыран-топан психөлөгияліқ соғыстан соң, қызыл қамал бір оқ шығындалмай-ақ алынды, ақырында.
Жабық та алаң-ашық майданда «Азаттық–Азат Еуропа» радиосының «жаппай қырып-жоятын» жалғыз қаруы – Сөз еді. Сөз, сөз, тағы да сөз және афро-әмерикәндіқ джаз, әнглө-сәксөндіқ рөк музікә. Міне, бес қарудың түрі. Бес қүдірет. Сөвет үкіметі болса, өзінің дәрменсіздігін сол бір ұрымтал шақта-ақ танытып тастағанды. Ақиқатты жұртшылыққа естірпес үшін, радионы тек техникәліқ жағынан тұншықтырудан (глушение) өзге айла-тәсіл таба алмады. Бұл енді таза бейшәрәліқ еді. Әрі-беріден соң, мәркстік, көммунистік идеянің жеңіліс табуы еді. Күл-топан күйреу деп міне, осыны айтса керек. Оны бірәқ, Сөветтік басшылық мойындамады. Мойындауға рухы жетпеді. Ол үшін қырық жылдан астам уақыт кетті. Бұл не деген сөз? Бұл Сөветті «ірітіп-шіріту» үшін, біреулер қырық жыл ғұмырын арнады деген сөз...
Алпысыншы жылдары «Азаттық» радиосының хабарларын қалаларда, мысалы Алматыда тыңдау оңайға соқпайтынды, бір қиямет болушы еді. Ысқырған дауыл дейсіз бе, бөтен шу – тосқауыл-бөгеттер көпті. Себебі, қаланың қақ іргесінде радио сигнәлдәрді тұншықтыратын ірі станция болыпты. Оны біз білмейтінбіз. Ал, шет жайлаған алыс аймақтарда естілуі аса сапалы демесеңіз де, жиырма бес метрден төменгі толқындарды ұстау аса бір қиындық туғыза қоймайтын. Ол үшін «Спидола» немесе ВЭФ сияқты ісі тәуірлеу қабылдағышыңыз болса, жетіп жатыр. Қазақша я орысша хабарлардан толықтай болмаса да, үзіп-жұлқып бірдеңе еститінбіз. Ал, радио шебері дегеніңіздің қаны жерге тамбайтын. Аса қат кәсіп еді. Өйткені, олар қысқа толқындарға қойылған кедергі-бөгеттерді азайтып, естілу сапасын арттыратын қитұрқы жолдарды жақсы білді ғой. Егер шеберлерден етене, сыралғы танысыңыз болмаса, онда әйтеуір, радио-ысрадио дегеннен мұрынына бірдеңенің иісі баратын бір пақырға жалынып, жартылығыңызды (пол бәнкә) құйып беріп дегендей, қиялап жол табасыз. Ия, фанат тыңдармандар сөйтіп те ілдәләйтін.
Идеөлөгияліқ соғыс тұсында одан-бұдан хабары бар, құлағы түрік, төбесі тесік пенде «Азаттықтан бірдеңе естідім» дегеннен етегін түре-мүре қашатын. Себебі, «үш әріп шыбын жанымды шырқыратып, жындыханаға тоғытып жіберуі кәдік» деп ойлайтын. Онысын енді аса теріс деп те айта алмайсыз. Өйткені, анау «үйге» кәлләсі түп-түзік итеріп тұрғанда кіріп, «емделген» соң, таза делқүлі, есәләң болып қайтқандар аз еместі ол уақытта. Бірәқ, ит – қорыған жерге өш қой қашанда...Мына мен пақырыңыз бала күннен бірдеңені бүлдіріп жүремін. «Азаттыққа», жалпы батыс радиосы атаулысына деген әсіре әуестігіме қәйсібір етжәқіндәрім үрке де үрейлене қарайтын. «Түптің-түбі мұның арты жақсылыққа соқпайды» деп күбірлесетін. Онысы енді «зияны өзгеге тиіп кетпей ме» дегендері. Олары жөн ғой. Сақтық қой. Құдайыңыз да «сақтансаң, сақтаймын» деген. Бірәқ, менікі де қай бір алып бара жатқан, асып-тасып бара жатқан әнтисөветтіктен болды дейсіз. Өзімнің ойымша, әльтернәтивті ақпаратқа деген құмарлықтан және батыстық рөк, поп музікәғә деген құштарлықтан туындаса керек бәрі...
Е-е-е, несін айтасыз, түптің-түбінде осындай «жау радиоға» барып қізмет жасаймын, республикә пәрләментінен елімізге егемендік берілуін масаттана хабарлаймын, сәл кейінірек тәуелсіздік алуымызды сүйіншілеймін, еліміздің әр түкпірінен тікелей репөртәждәр жүргіземін деп мен пақырыңыз ол кезде ойлады дейсіз бе. Үш ұйықтасам, түсіме кірді ме десеңізші! Ия, тағдыр айдап (сол әлгі «бүлдіріп» жүретін әдетімнің арқасында) , атышулы радиоға қалай барғаным, қәуіп-қәтерді қайдан күткенім жайлы сәл кейінірек баяндармын.
«Мәңгі көсем» Сталин көз жұмардың сәл алдында ғана ашылған «Азаттық–Азат Еуропа» (ол кезде «Бостандық») радиосының штаб-пәтері Батыс Гермәниянің Мюнхен қаласындағы қысы-жазы мөлдіреп ағатын Изар өзенінің сол жақ жағалауындағы ағылшын пәркінде орналасқанды. Екінші дүние жүзілік соғыс тұсында бұл үй гөспитәль болған екен. Радиода негізінен соғыстан қайтпай қалғандар және эмигрәнттәр жұмыс жасады. Қырғи-қабақ соғыс жылдарында «Азаттықта» қізметте жүрген КГБ-ның бірнеше жансызы әшкереленіпті. Олар штаб-пәтерге неше мәрте бомба қойып, жарып та көрген. Ажал құшқан журнәлистер де болды. Ең үлкен деген орыс редәкциясіндә бүкіл батыс барлауының тұмсығы астында КГБ-ның пөкөвнигі Олег Туманов бас редәктөр болып қізмет атқарған күндер де өтіпті радионың басынан. «Азаттық–Азат Еуропа» радиосының Желтөқсән ақиқатын әлемге паш етудегі атқарған рөлі аса орасан. Әлгінде айттық, желтөқсән оқиғасына отыз жыл. Қазақ елінің тәуелсіздігіне жиырма бес жыл. Бұл екі ұлы оқиға қатар келіп тұр. «Азаттықта» жүріп, елінің тәуелсіздігі үшін күресте бастарын бәйгеге тіккен арыстар мен шәйіт кеткен боздақтарды еске түсіру орайында, ең әлдімен, есімдері тарих тақтасына алтын әріппен жазылуы тиіс қазақстандықтар: Қарыс Қәнәтбәевтің, КГБ-ның қолынан ажал құшты десетін Мәулекеш (Асан Қайғы) Қәйіпбөлдиннің, Дәулет Тәғіберлиннің, Жәкен Бәпішевтің, Мәхмет Қүлмәғәмбетөвтің және Хәсен Оралтайдың аруақтарына тағзым еткен ләзім деп білемін.
Тарих, қоғам, замана жайлы ақиқатты жеткізуде, еркін де бейтәрәп ақпарат таратуда қаншама жылдар қазақ сервисінде Мұқабай Енгин, Талғат Қөсжігіт, Өмірхән Алтын, Әбдіуәқәп Қара, Нүркәмәл Пінәр, Әлихан Жаналтай, Абдұлқаюм Кесижи және басқалары бел жазбай еңбек етті. Өмірінен қәуіптенген қәйсібірі лақап аттарды пайдаланды. Өйтпесе болмайтынды. Өйткені, үнемі қәуіп-қәтердің жанында жүрді.
Бүкіл Сөветтік кеңістікті қамту үшін, басқа сервистерге қарағанда, орыс редәкциясінің хабарлары мәксимәл көлемде таратылып келді. Өйткені бүкіл империя орыс тілінде сөйледі. Сондықтан, оған эфирден көп уақыт берілді. Штаты да жеткілікті еді. Фатима Сәлкәзәнөвә, Сәвик Шустер, Тенгиз Гудава, Алексәндр Рар, Карэн Агәмирөв сияқты көкжәлдәрдің бірқәтәрімен мәскеулік әріптесім Мәрк Дэйч және өзіміздің Мәхмет Қүлмәғәмбетөв ағамыз арқылы таныс болдым. Басында мені орыс редәкциясі да пайдаланғысы келді. Алайда, соңынан қазақтарда ұлтшылдық сарын басым деген желеумен айнып қалысты...
Орыс сервисінің авторлары да сойқанды. Иосиф Брөдский, Сергей Довлатов, Василий Аксенөв, Владимир Вөйнөвичтер микрөфөн алдын бермейтін. Бұл қазақ қізметінің авторлары осал болды деген сөз емес, әрине. Бізде де қошқардай-қошқардай ақын-жазушылар, айтулы өнер шеберлері, ірі ғалымдар, сәясәткерлер, «Желтөқсән» қоғамдық ұйымының барлық мүшелері дерлік, оның ішінде Хәсен Қожа Ахмет, Аманжол Нәлібәев, Құрманғазы Рәхметөвтәр эфирге жиі-жиі шығып тұрды. Басында, Сөветтің қылышынан қан тамып тұрған шақта әрине, жүрегінің түгі бар біреу болмаса, жұрт «Азаттықтан» ат-тонын ала қашатын. Қәйсібірі менімен сәлемдесуден де қорқатын, сыртымнан АНБ-ның әгенті десіп. Күні бүгін билік маңында жүрген, аттан түспеген біреулер (аты-жөндерін атамай-ақ қояйын) «жау радиоға сұқбат бермейміз» десіп, өзіммен төбелесуге дейін барғанын қәйтіп ұмытайын. Сөвет өкіметі келмеске кеткесін ғой, әлгіндейлер сұқбат беруге өздері сұранып келетін болды ғой, ақырында. Ай, заман-ай, әй, қу ақша-ай!
Авторлардың ішінен өзіме Сөветқәзі Ақатай мен Асқар Тоқпанов ағам көбірек ұнайтын. Сөзге шешен еді екеуі де. Көсемсөздің қамшы салдырмас хас шеберлері еді. Қанша ескерткеніңмен, көсіле сөйлеп бір кеткендерінде, әрәкідік болса да, араласып отыру аса қиынға түсетін. Оларда мүдіріс-кідіріс деген болмайтын. Білімді де қарымды сәясәткер Жасарал Қуәнішәлі де соларға жетеқәбіл, жорға сөйлейтін...
«Азаттықты» тұншықтыру – радио атаулының ең соңынан (Гөрбәчев тарапынан) , 1988-ші жылдың аяғында ғана тоқтатылды. Сөйтіп, темір шымылдықтың етегі түрілді. Батыс елдерімен тікелей телефөн арқылы байланысуға мүмкіндік туды. Байланысуға бұрындары да әртүрлі әрекеттер жасап көргенімізбен, көбінесе онымыз сәтсіз аяқталушы еді. Енді бәрі басқаша. Ал, 1991-ші жылы Мәскеудегі тамыз бүлігінен соң, көп ұзамай, радионың сол кездегі бас директөрі Эндерс Уимбуш мырза Қазақстанға ұшып келді. Бірнеше адам президент Нұрсұлтан Нәзәрбәевтің қабылдауында болдық. Президент тарапынан «Азаттық» радиосы бюросының Қазақстанда ашылуына ресми рұқсат берілді. Бұл ірі тарихи оқиға еді. Бюроның ашылу салтанатына (сәл кейін) АҚШ-тың Қазақстандағы тұңғыш елшісі Уильям Кортни, қазақ сервисі жағынан Хәсен Оралтай келіп қатысты...
Жә, көп созбалақтатпайын, «Азаттық–Азат Еуропа» радиосына өзім тікелей желтөқсән мәселесіне байланысты ғана барғанымды қысқаша баяндап өтсем бе деймін. Себебі, бұл өзі көлемді тақырыпқа ұқсайды. Сәті түссе, өз алдына бір кітәпқә жүк болайын деп те тұрған сияқты ма...
Сөнімен, 1986-жылы Алматыдағы Брежнев атындағы алаңда ұсталып, ләгерьге айдалған азаматтар үш жылдан соң қайтып орала бастады. Олардың ішінде ескі танысым Аманжол Нәлібәев та бар еді. Ұзамай «Желтөқсән» қоғамдық қозғалысы құрылды. Мен мүшелікке өттім. Кейінірек қозғалыстың тең төрәғәсі болдым. Іле «Азаттықтан» шақырту алдым... Өйбиу, кешіріңіз, «Азаттық» байғұс қәйтіп шақыртсын, ондай іске ашықтан-ашық араласа алмайтынды. Сондықтан, Хәсен Оралтай ағам Майндағы Фрәнкфурттәғі «Түрік-ислам бірлігі» ұйымының халықаралық көнференциясін пайдаланып қалған көрінеді. Шінімен де, «Түрік-ислам бірлігі» көнференциясі өз жұмысын аталған уақытта бастағаны рас. Бастығы – зор түрікшіл азамат Мұса Сардар Челеби еді. Біз де осы мүмкіндікті жіберіп алмауға тырысып бақтық.
Мақсат – жазықсыз сотталған, әлі бостандыққа шыға алмай жатқан желтөқсәндіқтәрді азат ету, бұл жөнінде әлем жұртшылығын жан-жақты хабардар ету. Ол үшін, «Азаттыққа» мәтериәлдәр, түрлі құжаттар жеткізу керек. Оны үш әріптен қәйтіп жасырып өткізесің? «Қазақ ұлтшылдығы» деген желеу желбіреп тұрған кез. Орта жолда «абайсыз» басыңа кірпіш түсіп кетіп, жан тәсілім етпейсің бе? Міні, осы жағын Аманжол марқұм екеуіміз көп ойландық, қитұрқы жолдарын іздестірдік. Гөрбәчевтің жылымығы келгенімен, темір шымылдықтың арғы жағына өту әлі де зор қиындық туғызушы еді. Міне, осы тұста СССР Жоғарғы Сөветінің депутәті, ақын Мұқтар Шаханов ағамыз пәрмен берді. Ол Қазақ ССР-ің Сыртқы істер министрі Ақмарал Арістәнбекөвәғә хабарласып, бұл іске бел шешіп араласуын сұрады. Мәскеуде кездесер кедергі-кесәпәттәрдән сөйтіп құтылдық.
Ақырында, осыншама қиыншылықтардан соң «Азаттық–Азат Еуропа» радиосының босағасына...ия, табалдырығына келіп табан тірегенімді қәйтейін, сыртымнан өйб-и-у, «мына қу КГБ-ның пөлкөвнигі емес пе, бомба қойып, шаңырағымызды қақ ортасына түсіріп жүрмес пе» деcіп, жүректері күпті екен. Аузы күйген үріп ішеді. Секемшілдік жоғары басшылықтан сияқты. Оларға не сын? Мен пақыр өзім өле алмай жүргенімді қайдан білсін, түрлі тест-сынақтардан өткізіп шыр-пырлары шықты. Мен де ит өлген жерден келгендегі мақсатыма жетуім керек. Айдап отырып, көммунизм-бөльшевизм десе қаны қарайып отырған Батыс Укрәйнә ұлтшылдарының әнтибөльшевиктік ұйымына алып барысты. Степән Бәндерәнің жәқтәстәрімен, серіктерімен кездестірді. Олардың қатындарының қолын алдық, жабылып суретке түстік дегендей. Эсэсовшы-вләсөвшіләрмен қол қысыспады демесеңіз, сөвет өкіметіне қаны қас деген бірәз жүртшіліқпен төс қағыстырдық қой, қысқасы. Бұдан кейін е-е-е, еліңе қайту-қайтпауың, қатын-балаңды қайтып көру-көрмеуің өзі неғәйбіл еді, бәлкім...Не керек, әйтеуір (қәуіпсіздік қізметі ме) , бірәз қойыртпақтасып барып қойысты ғой, ақырында.
Мәскеудегі тамыз бүлігінен соң, бірәз созбалақталса да, Қазақстанда үш тілші ұстауға рұқсат берілді. «Қиял, сен наймандарыңды тықпыштай берме. Мен керейімді сүйрелемейін. Қазақтың үшке бөлінетіндігін тек сен екеуміз ғана емес, Вәшингтөндәғі дәу басшымыздың да қу іші сезіп отыр» деп қалжыңға басар еді Хәсекең марқұм. Не керек, сөйтіп, ескі танысым Батырхан Дәрімбетке және біртөғә Саясат Бейісбәйғә тоқтадық.
Жә, бұл енді өз алдына жеке әңгіме, айналайын...



Қиял Сабдалин


«Азаттық–Азат Еуропа» радиосының
Қазақстандағы тұңғыш тілшісі әрі бюро жетекшісі.
қосымша жүктелген суреттері:

كەلۋ قاينارى: http://www.elarna.net/oku_kk.php?tur=11&id=1693

Пікірлер:


Жазған лебізіңіз 300 еріптен аспасын!
tomendegi katekshege 99 dep jazingiz.
98 + 1 = ? sozsiz sifermen tolteringiz, aytpese pikir jaza almaymiz.

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар


Мемлекеттік саяси кеңес 2 min
Ирактан қайтарылған бал 2 min
Елордада «Дарын» жастар 2 min
中国哈萨克语广播网 2 min
Оралда полицей қатысы б 8 min
Бүгін елордада қар таза 12 min
Танымал қазақстандық ау 12 min
Что нужно учесть перед 17 min
Шинжяң гәзетінде‹‹сәнді 22 min
Алланың рақымына бөлейт 22 min
Осы араны басып көріңіз 22 min
10 желтоқсан күні Қазақ 23 min
中国哈萨克语广播网 1 sagt
Гонконгта ұсталған қаза 1 sagt
Алматыда жазушыларға қо 1 sagt
Осы араны басып көріңіз 1 sagt
Шинжяң гәзетінде ‹‹кәсі 1 sagt
Гонконгте ұсталған қаза 1 sagt
Жаңа Зеландияда жанарта 1 sagt
Қазақстан мен Оман арас 1 sagt
Солтүстік Қазақстанда ө 1 sagt
Алматыда дизайн-код бой 1 sagt
Қарағанды облысында жыл 1 sagt
Жамбылда қалың тұман ке 1 sagt
«Қазислам» порталының ә 1 sagt
Жоңғар-Алатау ұлттық са 1 sagt
Тілек Ырысбек. Айнадағы 1 sagt
Жоспар. Жыл сайын 100 ж 1 sagt
Ресей спортшылары 4 жыл 1 sagt
Алдыңғы 11 айда елімізд 1 sagt