Еларна қолфон нұсқасына ену

Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-12-071600666656 %44 %
2019-12-082923931263 %37 %
2019-12-091715700253 %47 %



Түрі: Ел-арна газеті, бұл арадан барлық мақалаларын оқисыз

Жолданған уақыты: 17:00 - 2016/12/06

Қосымша қайнары:http://www.elarna.net/oku_kk.php?tur=11&id=1679
Тоте жазу нұсқасы:http://www.elarna.net/oku.php?tur=11&id=1679

توتە جازۋ نۇسقاسى:http://www.elarna.net/oku.php?tur=11&id=1679

Мақала жолдаушы: Жұмаш Кенебәй
Мақала апторы: Жұмаш кенебәй
Аптордың мекен-жайі: Алматы

: PDF Download - Жұктеұ - Скачать - ءتۇسىرۋ


07.12.2016 жыл,
Сәрсенбі

Жұмаш Кенебәй


«АҢЫЗ БЕН АҚИҚАТ» топтамасынан 5 жыр:



1.БІР ТАМШЫ ЖАС КӨРМЕСЕМ ДЕП...



«Қалың елім, Қазағым...» - жырым едің,
Жүректегі ең асыл сырым едің,
Әр күнінен, әр таңнан үміт күткен
Қазақ деген Текті Ұлттың бір ұлы едім.



Төгілердей бір бақыт балағынан,
Шырқау көкте жүр ме ұшып бала қыран?
Сәтте көгім бұлттанып, күн күркірер,
Қазағымның мұң көрсем қабағынан...


Жамандыққа қандай бір сенбесем деп,
Күшім барда, не іске де селбесем деп,
Қайран Ұлттың тілеуін тілеп келем,
Бір тамшы жас көзінен көрмесем деп...


Жұмаш Кенебәй,
07.12.2016 жыл.


Жұмаш Кенебәй




2.ТЕКТІ ҰЛТЫММЕН САНАСАР...




Жерім тозып, неліктен ел азыпты?
Қайдан алған ана ұры, мол азықты?
Қайран Ұлттың кетеуін кетірердей,
Тексіздерге бұл Қазақ не жазыпты?



Қаңтарулы Қазақтың Көші неден?
Ана малғұн, кім өзі есінеген?
Қорлайтындай соншама біздің Қазақ,
Болып қапты кінәлі несіменен?


Қайран жүрек, басылар бұлқынар да,
Қадамдары тексіздің қырқылар ма?
Бұлар қашан Қазақты адам көріп,
Текті Ұлтіммен санасар күн туар ма?..



Жұмаш Кенебәй,
07.12.2016 жыл.


Жұмаш Кенебәй




3.АҢЫЗ БЕН АҚИҚАТ...



Үміт құрып, тозбасын,
Және ұзаққа созбасын,
Көп жылаған Ұлтымның,
Көрер Тәңірім көз жасын!



Әсер қосар әсерге,
Таңдар атар әсем де,
Күні туып Қазақтың,
Домалайды тас өрге!



Біздің Қазақ от еді,
Бір-бірінен өтеді.

Онда ана тексіздер,
Қоңыз теріп кетеді...


Күн аймалап сүйеді,
Төбем көкке тиеді!..
Ен байлығы Қазақтың,
Қайта өзіне тиеді.


Ойлама да ондайды,
Енді Қазақ тоңбайды...
Ұры-қары жоғалып,
Әділ заман орнайды!


Ел ырысы толады,
Тек молшылық болады!
Діні, Тілі Қазақтың,
Тұғырына қонады!



Бір жауым жоқ табалар,
Бір жауым жоқ жан алар,
Әлемдегі барлық ұлт,
Қазағымды бағалар!..


Жұмаш Кенебәй,
07.12.2016 жыл.



Жұмаш Кенебәй



4.ЖЫЛАМАСЫН, ЕНДІ ҰЛТЫМ!...



...Қайыршылық, жөқтіқпен,
Ұмытылар кек біткен,
Арман болмай бұл күндер,
Болшы Ақиқат, көп күткем!


Бақыт болып байланшы,
Күпті көңіл жайланшы,
Қазағымның арманы,
Ақиқатқа айналшы!



Батыр болсын, батыры,
Ақын болсын, ақыны!
Жыламасын енді Ұлтым,
Ол Бақытқа қақылы!..


Жұмаш Кенебәй,
07.12.2016 жыл.




Жұмаш Кенебәй



5.АҚИҚАТ ПА, АҢЫЗ БА?..



Ұлы Қазақ даласы,
Үлкен, кіші, баласы,
Жайраң қаққан қайғысыз,
Жүздеріне қарашы?!.



Көкбөрі ұзақ ұлыпты,
Ауа қандай тұнық-ты!
Тексіз, дінсіз, тілсіздер -
Бірі қалмай құрыпты.


Қыдыр Ата жолықты,
Басқа Бақыт қоныпты!
Біздің Қазақ, алаңсыз,
Күн кешетін болыпты...



Жұмаш Кенебәй,
07.12.2016 жыл.
كەلۋ قاينارى: http://www.elarna.net/oku_kk.php?tur=11&id=1679

Пікірлер:


Жазған лебізіңіз 300 еріптен аспасын!
tomendegi katekshege 99 dep jazingiz.
98 + 1 = ? sozsiz sifermen tolteringiz, aytpese pikir jaza almaymiz.

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар


Мемлекеттік саяси кеңес 2 min
Ирактан қайтарылған бал 2 min
Елордада «Дарын» жастар 2 min
中国哈萨克语广播网 2 min
Оралда полицей қатысы б 8 min
Бүгін елордада қар таза 12 min
Танымал қазақстандық ау 12 min
Что нужно учесть перед 17 min
Шинжяң гәзетінде‹‹сәнді 22 min
Алланың рақымына бөлейт 22 min
Осы араны басып көріңіз 22 min
10 желтоқсан күні Қазақ 23 min
中国哈萨克语广播网 1 sagt
Гонконгта ұсталған қаза 1 sagt
Алматыда жазушыларға қо 1 sagt
Осы араны басып көріңіз 1 sagt
Шинжяң гәзетінде ‹‹кәсі 1 sagt
Гонконгте ұсталған қаза 1 sagt
Жаңа Зеландияда жанарта 1 sagt
Қазақстан мен Оман арас 1 sagt
Солтүстік Қазақстанда ө 1 sagt
Алматыда дизайн-код бой 1 sagt
Қарағанды облысында жыл 1 sagt
Жамбылда қалың тұман ке 1 sagt
«Қазислам» порталының ә 1 sagt
Жоңғар-Алатау ұлттық са 1 sagt
Тілек Ырысбек. Айнадағы 1 sagt
Жоспар. Жыл сайын 100 ж 1 sagt
Ресей спортшылары 4 жыл 1 sagt
Алдыңғы 11 айда елімізд 1 sagt